Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ереже Жалпы ережелер




Скачать 156.86 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ереже Жалпы ережелер
Дата конвертации24.02.2013
Размер156.86 Kb.
ТипДокументы
Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2008 жылғы «24» сәуірдегі

204 бұйрығымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы

ереже
 1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі-Комитет) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне бекітілген мүлікті қоспағанда, орталық атқарушы органның құзіреті шегінде республикалық мүлік саласында басқару, республикалық мүлікке мемлекет құқығын, стратегиялық маңызы, сондай-ақ стратегиялық объектісі бар экономика саласындағы меншікке жекешелендіру және мемлекеттік мониторингті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады.

2.Комитет өзқызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы 

мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің органдарында шоттары болады.

4. Комитеттің заңды тұлға болып табылатын, мемлекеттік мекеме нысанындағы және Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын және тарататын аумақтық бөлімшелері бар, оларға Комитеттің бақылауындағы және есеп беретін департаменттері жатқызылады.

Жұмысты тиімді ұйымдастыру мақсатында Комитет республикалық меншік объектілерін басқару, жекешелендіру және экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі салаларында қызметті жүзеге асыру мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді, Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларын сақтау мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелерге тексеру жүргізеді, сондай-ақ белгіленген тәртіппен жүктелген функцияларды аумақтық бөлімшелердің тиісінше орындауына бақылауды жүзеге асырады.

5. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының немесе оның міндеттерін атқаратын тұлғаның бұйрықтарымен ресімделетін, жеке қолданылатын құқықтық актілерді шығарады.

7. Комитеттің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы Қаржы министрімен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы бекітеді.

8. Комитеттің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11.

9. Комитеттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Комитетке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Комитеттің функциялары және құқықтары

13. Комитет Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі құзыретінің шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) меншіктің мемлекеттік мониторингінің электрондық деректер қорын жүргізу және оған мемлекеттік органдардың қол жетімділігін қамтамасыз ету;

2) қажет болған жағдайда орталық атқарушы органдармен және меншігінде немесе басқаруында мониторинг объектілері бар тұлғалармен бірлесіп кәсіпорындардың экономикалық тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды әзірлеу;

3) республикалық заңды тұлғаларға қатысты жою, тарату кезінде жою және аралық жою, бөлу тенгерімдерін, және де беріліс актлерін бекіту;

4) республикалық мемлекеттік меншікке жататын концессия объектілері бойынша жасалған концессия шарттарының тізілімін жүргізу;

5) Қазақтан Республикасының атынан республикалық заңды тұлғаларға қатысты республикалық меншік құқығының субъектісі болып табылады;

6)тиісті саланың уәкілетті органының ұсынымы бойынша республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсатын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорын түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) анықтайды және республикалық мемлекеттік кәсіпорын жарғысын, оған өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді бекітеді;

7) республикалық мемлекеттік кәсіпорынға алынған мүлікті кейіннен теңгерімінен шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілеу;

8) таратылған республикалық заңды тұлғалардың несие берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейінгі қалған мүлкін қайта бөлу;

9) шаруашылық жүргізу құқығында қызметін жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынға «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 145-бабында көзделген мәселелерді келісу;

10) республикалық мемлеттік кәсіпорын «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 153-бабында көзделген жағдайларда мүлікті иеліктен айыру немесе өзге тәсілмен билік ету жөніндегі мәселелерді келісу;

11) сәйкес өкілетті органның республикалық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыруын жүзеге асыру;

12) республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген негізгі құралдарды қабылдап алу-беру және істен шығару мәселесін келісу;

13) республикалық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілер меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе ақысыз негізде беру құқығымен мүліктік жалға беруге (жалдауға), сенімді басқаруға беру;

14) мемлекеттік материалдық резервті басқару жөніндегі уәкілетті органды жекешелендіру объектісінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары болған жағдайда олардың осы материалдық құндылықтарды объектіні жекешелендіргенге дейін одан әрі орналастыру туралы шешім қабылдауы үшін алдағы жекешелендіру туралы хабардар ету;

15) жекешелендіру шарттары, түрі мен нысанын анықтау, оларды жүргізуге дайындауды жүзеге асыру;

16) сатып алушының талап етуі бойынша жекешелендіру объектілерінің ауыртпалықтары туралы, сондай-ақ кредиторлық және дебиторлық берешектің сомасы, егер кәсіпорын мүліктік кешен ретінде жекешелендіру объектісі болып табылса, жекешелендірілетін кәспорынның жасалған келісім-шарттары мен шарттары туралы ақпаратты дайындайды және береді;

17) республикалық мүлікті жекешелендіру, оның іщінде республикалық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асыру, республикалық мүлікті жекешелендіруге дайындау үрдісінде объектіні сақтауды қамтамасыз ету, жекешелендіру үрдісін ұйымдастыру үшін делдалдарды тарту, жекешелендіру объектілеріне сауда-саттықты ұйымдастыру және жүргізу, алу-сату шарттарын дайындау және жасасу;

18) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтайшысы ретінде әрекет ету;

19) Қазақстан Республикасы Үкіметі атынан мемлекет құқығы акционер (қатысушы) ретінде акционерлік қоғамды (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) басқаруға қатысуға әрекет;

20) Қазақстан Республикасының қатысуымен республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жұмыс істеуі мен басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыру және жүргізу;

21) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша сәйкес саланың өкілетті органының республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакетін (үлесін) иелену және пайдалану құқықтарын беру;

22) өңірлердің және тұтастай алғанда республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына қолайсыз әсер ететін факторларды анықтау мақсатында мемлекеттік меншік мониторингінің мәні жөніндегі ақпараттарды қорытындылау және ұсыныстарды әзірлеу;

23) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып электрондық қызметтер көрсету;

24) меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізудің жоспары мен бағдарламасын бекіту;

25) республикалық меншікке жататын және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген объектілер бойынша тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары ұсынатын объектілер бойынша ұсыныстарды олар ұсынылған сәттен бастап отыз жұмыс күні ішінде тізбеге енгізу үшін келісу;

26) Қазақстан Республикасына тиесілі республикалық меншік мәселелері жөніндегі мемлекеттік мүдделерін білдіру және олардың мүлікті құқықтарын қорғау;

27) стратегиялық маңызы бар экономика салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес стратегиялық маңызы бар экономика салаларында меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру;

28) негізгі өндірістік-техникалық, технологиялық, қаржылық-экономикалық, құқықтық және өзге де параметрлері бойынша мониторинг объектілерін қадағалау;

29) акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттеріне дивидендтердің уақтылы және толық есептелуіне бақылауды жүзеге асыру;

30) меншіктің мемлекеттік мониторингі мәні бойынша ақпаратты жинауды талдауды жүзеге асыра отырып, мониторинг объектілеріне жүйелі зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру;

31) республикалық мемлекеттік меншік объектілерін сенімгерлік басқару шарттарына сәйкес сенімгерлік басқарушылардың міндеттемелерін орындауы мәселесі бойынша бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде сенімгерлік басқарушыларды тыңдауды жүргізу;

31-1) шаруашылық жүргізуқұқығында қызметін жжүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының филиалдарын, өкілдектері мен еншілес кәсіпорындарын құруына келісу;

31-2) өз құзыреті шегінде республикалық меншіктегі концессия объектілері бойынша концессия шарттарының орындалуына мониторингті жүзеге асырады;

31-3) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына көзделген жағдайда, концессиялық жобаларды келіседі;

31-4) концессия шарттары негізінде құрылған (салынған) объектілерді республикалық меншікке қабылдайды;

31-5) Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мүлік Тізіліміне жүргізу, және мемлекеттік мүлік Тізілімінің пайдаланушыларына ақпарат ұсыну;

31-6) мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуына бақылауды және республикалық мүлікке қатысты артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмай тұрған мүлікті алып қоюды үш жылда кемінде бір рет жүзеге асыру;

31-7) мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың сыйға тарту шарты бойынша мүлікке құқықтарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы;

31-8) мемлекеттік мүлік тізіліміне мәліметтерді енгізу жолымен сыйға тарту шарты бойынша құқықтарын мемлекет сатып алған мүліктің есебін жүргізу;

31-9) Ресей Федерациясы жалға алған «Байқоңыр» кешенінің республикалық меншік объектілерінің тиімді және мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;

31-10) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 177-бабында белгіленген мәселелер тізбесі бойынша мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) акционерлерінің (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушылардың) жалпы жиналыстарында қабылдауға ұсынылатын шешімдердің жобаларын келісу;

31-11) мүдделі ортақ және жергілікті атқарушы органдардың ұсынымдары бойынша экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілері тізбесін өзгерту және немесе толықтыру жөнінде ұш жылда кемінде бір рет Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныствар әзірлеу;

31-12) тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша республикалық заңды тұлғаға берілген немесе оның жеке шаруашылық қызметі нәтижесінде сатып алған мүлкін алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асыру;

31-13) мемлекеттік мүлікті мақсатты пайдалануға бақылау жүргізу нәтижелері бойынша анықталған артық, пайдаланылмаған не мақсаты бойынша пайдаланылмаған республикалық заңды тұлғалардың мүлкін тиісті саланың уәкілетті органының келісімінсіз бақылау жүргізген сәттен бастап алты ай өткен соң алып қоюды жүзеге асыру;

31-14) республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті мүліктік жалға беруге (жалдауға) талдау жүргізу;

31-15) сатып алу-сату, оның ішінде өз қолданысын тоқтатқан шарттың орындалуына байланысты бақылауды жүзеге асыру кезінде жұмысқа сарапшыларды, сондай-ақ консультациялық, бағалау, аудиторлық және өзге де ұйымдарды тарту;

31-16) Қазақстан Республикасына тиесілі акцияларына дивидендтерді есептеудің және оларды төлеудің уақтылығы мен толықтығына, сондай-ақ жарғылық капиталға қатысу үлесі Қазақстан Республикасына тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысушылары арасындағы таза кірісті бөлуге бақылауды жүзеге асыру;

31-17) акционерлік қоғамдар орналастырған акцияларды төлеуді және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақшаны енгізу арқылы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына, сондай-ақ республикалық мүлікті салымды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жарғылық капиталындағы акцияларды, қатысу үлестерін енгізуді жүзеге асыру;

31-18) республикалық мүлікті мақсатты және тиімді пайдалануға бақылауды жүзеге асыру;

31-19) Қазақстан Республикасы жалғыз акционері (қатысушысы) болып табылатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестердің) директорларының тиісті кеңесі (бақылау кеңесі) құрамына өз өкілін тағайындау, ал өзге Қазақстан Республикасы қатысатын акционерлік қоғамдарда және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде акционерлердің немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер қатысушыларының жалпы жиналысында директорлар кеңесіне немесе бақылау кеңесіне кандидатураны бекітуге ұсыну;

31-20) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 5-тарауында қарастырылған мемлекет меншігіне алынған мүлікке орнын төлеуді жүзеге асыру;

31-21) мемлекеттік мүлік тізілімінде мемлекеттік мүліктің бірыңғай есебін қамтамасыз ету бойынша үйлестіру және ұйымдастыру жұмысын жүзеге асыру;

31-22) республикалық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық жүргізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарын айқындау жөніндегі конкурсты «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өткізу;

31-23) мемлекеттік мүлік жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларын және даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды мониторингтеу және іске асырылуын бағалау тәртібін әзірлеу;

31-24) мемлекеттік мүлік жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындарды даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды мониторингтеу және іске асырылуын бағалау тәртібін әзірлеу;

31-25) мемлекеттік мүлік жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларының және даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу мен ұсыну тәртібін әзірлеу;

31-26) мемлекеттік мүлік жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу мен ұсыну тәртібін әзірлеу;

31-27) республикалық мүлікті пайдалануға беру бойынша өкілеттікті жүзеге асыру;

32) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

14. Комитеттің:

1) республикалық меншік объектілерін иеленуге, пайдалануға және билік етуге;

2) заңнамаға сәйкес оларға берілген республикалық меншікті мемлекеттік органдардың және оларға бағынысты ұйымдардың пайдалануын бақылауды жүзеге асыруға;

3) мемлекет қатысатын ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, сондай-ақ тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;

4) республикалық меншікті иелену, пайдалану және билік ету, сондай-ақ экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізу, республикалық меншік объектілерін басқаруды талдау және бақылау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарауға;

5) орталық және жергілікті атқарушы және өкілетті органдардан, мемлекет қатысатын заңды тұлғалардан бухгалтерлік құжаттарды және өзге құжаттарды, сондай-ақ республикалық меншікті пайдалануға байланысты мәселелер бойынша қаржылық және өзге де ақпаратты сұрауға және алуға;

6) заңнамаға сәйкес республикалық меншікті жекешелендіру жөнінде сауда-саттық жүргізуге;

7) жеке және заңды тұлғалармен республикалық меншік объектілерін сатып алу-сату, сенімгерлік басқаруға, жалға, уақытша өтеусіз пайдалануға беру шарттарын жасасуға;

8) сатып алу-сату, мүліктік жалдау (жалға бepу), сенімгерлік басқару шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын тексеруге;

9) меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізу жоспарларын және бағдарламаларын әзірлеуге және оларға қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын экономиканың стратегиялық маңызы бар салалары объектілерінің тізбесін қалыптастыруға;

10) Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарынан, сондай-ақ мониторинг объектілерінен меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұрауға және алуға;

11) мониторинг объектілерін зерттеуге, меншіктің мемлекеттік мониторингінің нысанасына жатқызылатын ақпаратты жинау және талдауға қатысу үшін Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының өкілдерін тікелей тартуға;

12) меншіктің мемлекеттік мониторингі жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін мемлекеттік бюджеттік қаржы бөлу көлемін негіздеуге;

13) зерттеу жүргізу тапсырылған тұлғаларды және танысу үшін ұсынылуға тиіс ақпараттар тізбесін көрсете отырып, мониторинг объектісінің басшыларын зерттеу жүргізілетіні туралы хабардар етуге;

14) меншігінде немесе басқаруында осы объектілер бар тұлғаларды мониторинг объектілерін зерттеу нәтижелерімен таныстыруға;

15) меншіктің мемлекеттік мониторингінің нысанасы бойынша анық және объективті талдау үшін қажетті ақпаратты сұрауға және алуға;

16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мониторинг объектілерін зерттеу, ақпарат жинау және талдау, ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу, сатып алу-сату, сенімгерлік басқару және мүліктік жалға (жалдауға) беру шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын бағалау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін тәуелсіз сарапшылар мен консультанттарды тартуға;

17) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес тәуелсіз сарапшылардың, аудиторлардың және консультанттардың қызметтерін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу;

18) Қазақстан Республикасының соттарында республикалық меншікті иелену, пайдалану және билік ету мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіруге;

19) тексеру органдарына айқындалған бұзушылықтар, республикалық меншікті ұрлау және оның пайдаланылуына байланысты өзге де құқық бұзушылық фактілері бойынша материалдарды жіберуге құқығы бар.
3. Комитеттің мүлкі

15. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауландырылған мүлкі бар.

Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады, мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай ақ Комитеттің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.

16. Комитеттің өзіне берілген мүлікті өз бетінше иелігінен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

17. Комитетке заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.
4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

18. Комитет аумақтық органдарға басшылықты жүзеге асырады.

19. Комитетті Қазақстан Республикасы Қаржы министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.

Комитет төрағасының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысымен келісілген Комитет төрағасының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екі орынбасары болады.

20. Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің басшыларын Комитет төрағасының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

21. Төраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етеді және Комитетке жүктелген функциялардың орындалуына дербес жауап береді.

22. Төраға:

1) өз орынбасарларының, Комитеттің аумақтық және құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттерін анықтайды;

2) заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы бекіткен лауазымдар номенклатурасына сәйкес Комитеттің және аумақтық бөлімшелердің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жазалар қолданады;

4) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері мен оның аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

5) Комитетің лимиті шегінде Комитеттің штат санының штат кестесін бекітеді;

6) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитеттің қызметкерлерін және Комитеттің аумақтық және құрылымдық бөлімшелері басшыларының іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақылар беру мәселелерін шешеді;

7) Комитеттің бұйрықтарына қол қояды;

8) заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитетті білдіреді;

8-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербесжауаптыболады;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

23. Төраға болмаған кезде оның міндеттерін Қазақстан Республикасы Қаржы министрі айқындайтын орынбасарларының бірі атқарады.

24. Комитеттің консультациялық-кеңесші орган болып табылатын алқасы бар. Алқаның сандық және дербес құрамын төраға орынбасарларының және Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшыларының арасынан төраға бекітеді.
 5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

25. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
________________________

Похожие:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ереже Жалпы ережелер iconӘкімшілік ғимараттың ағымдық жөндеу бойынша жұмыстарды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «Сарыарқа»
Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «Сарыарқа» өңіраралық...
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ереже Жалпы ережелер iconЖылу жүйені ағымдық жөндеу бойынша жұмыстарды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «Сарыарқа»
Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «Сарыарқа» өңіраралық...
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ереже Жалпы ережелер iconҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы»
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабы 6-тармағына және «Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ереже Жалпы ережелер icon«Баға ұсыныстарын сұрау тәсілімен газ 31105 автомашинасының қосалқы бөлшектерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлау Тапсырыс беруші және ұйымдастырушы
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «Тобыл» өңіраралық мемлекеттік мүлік және...
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ереже Жалпы ережелер iconӘкімшілік ғимаратты дезинсекциялау мен дератизациялау қызметтері бойынша баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу Тапсырыс беруші
Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «Сарыарқа» өңіраралық...
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ереже Жалпы ережелер iconБір негізден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу нәтижесі туралы хаттама Атырау қ., Абай к., 10а мекен-жайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Каспий»
Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Каспий» өңіраралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру...
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ереже Жалпы ережелер iconӘкімшілк ғимарат шатырының ағаш конструкцияларын өрттен қорғайтын құрамымен өндеу бойынша қызметтерін баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу Тапсырыс беруші
Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «Сарыарқа» өңіраралық...
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ереже Жалпы ережелер iconШЖұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысу өтінінімдерімен конверттерді ашу хаттамасы Ашық конкурс тәсілімен Атырау қ., Абай к
Асқан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Каспий» өңіраралық мемлекеттік мүлік...
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ереже Жалпы ережелер iconҚұрылыс атауы құжыраны күрделі жөндеу бойынша мердігерлік жұмыстар
Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Каспий» өңіраралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру...
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ереже Жалпы ережелер iconҚоғамдық қол жеткізу орындарын республикалық меншікке беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі № кгип-7/1257 хатының...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница