Жамбыл ауданы әкімінің 2011 жылғы 29 қарашадағы




Скачать 412.2 Kb.
НазваниеЖамбыл ауданы әкімінің 2011 жылғы 29 қарашадағы
страница1/4
Дата конвертации24.02.2013
Размер412.2 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4


Жамбыл ауданы әкімінің

2011 жылғы 29 қарашадағы

512 қаулысымен Бекітілген

ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ 2012-2016 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ БОЛЖАМЫ

Аса ауылы 2011 жыл

ҚҰРЫЛЫМ



п/п

Атауы

бет




Кіріспе

3

1.

2010-2011 жылдардағы ауданның экономикалық дамуының беталысы

3 - 6


2.

2012–2016 жылдардағы ішкі даму жағдайлары

6

4.

Жамбыл ауданының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы

7-8

5.

Жамбыл ауданының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары

9-10

5.

Бюджеттік параметрлердің болжамы

11




Жамбыл ауданының 2011-2015 жылдарға арналған

әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы

12-15




2011–2013 жылдарға арналған бюджет көрсеткіштерінің болжамы

16




2011-2013 жылдарға арналған жергілікті бюджет

17



Жамбыл ауданының 2012-2016 жылдарға арналған

әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
Кіріспе

Жамбыл ауданының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – әлеуметтік-экономикалық даму болжамы) Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» №827 Жарлығына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу Ережесін бекіту туралы» №1251 Қаулысына сәйкес әзірленді.

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы макроэкономикалық көрсеткіштердің және әлеуметтік параметрлердің болжамдарын, Жамбыл ауданының бесжылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму беталыстарын және басымдықтарын, салық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын, облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері бойынша шығындар көлемін болжамдайтын аудандық бюджеттің болжамдарын құрайды.

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жергілікті атқарушы органдардың Стратегиялық даму жоспары мен 3 жылдық кезеңге арналған жергілікті бюджетті әзірлеу үшін негіз болып табылады.


  1. 2010 -2011 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық

дамудың беталысы
Экономикалық өсім

2010 жылы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде ауданның жергілікті атқарушы органдары дағдарыстан кейінгі кезеңде тұрақты дамудың негізін қалау үшін қабылданған дағдарысқа қарсы бағдарламаларды іске асыруды жалғастырды. Нәтижесінде жалпы аудан экономикасы дамуының жеткілікті оң динамикасы сақталды.

2010 жылы ауданда өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемі 2103,6 млн. теңгені құрап, 2009 жылдың деңгейімен салыстырғанда нақты көлем индексі 112,7%-ды құрады.

Өнеркәсіп көлемдерінің өсіміне өндіріс кәсіпорындарының көлемдерін ұлғайтуы, Индустриаландыру картасына енгізілген жаңа өндірістерді іске қосу мен химия өнеркәсібінің өнімдеріне сыртқы сұраныстың тұрақтануы және қазақстандық үлесті дамыту себеп болды.

2010 жылы 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жалпы құны 3,0 млрд. теңгені құрайтын 1 жоба іске асырылған.

2010 жылы жалпы ауыл шаруашылық өнімін (қызметті) өндіру 7349,4 млн. теңгені құраған және өсімдік шаруашылығында өнім өндіру көлемінің 4,1%-ға (3819,1 млн. теңге) төмендеуінің нәтижесінде 2009 жылдың деңгейімен салыстырғанда 2,2%-ға төмендеген.

2010 жылы құрылыс жұмыстарының (қызметтің) көлемі қосымша бағалауды есептегенде 1161,9 млн. теңгені немесе 2009 жылға тиісінше 130,6% құрады. ҮИИД бағдарламасының шеңберіндегі өндірістік мәндегі нысандар құрылысында құрылыс жұмыстарының өсуі, әлеуметтік салада және тіршілік жағдайларын қамтамасыз ететін инфрақұрылымдарда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесінде мердігерлік жұмыс көлемінің едәуір төмендеуі болған жоқ.

Тұрғын-үйлердің 20338 шаршы метрі немесе 2009 жылдың деңгейіне 90,9%-ы пайдалануға берілген, бұл жекеменшік тұрғын үйлер құрылысының 39,0%-ға (33341 шаршы м) қыcқаруына байланысты.

Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің мәліметі бойынша 2010 жылдың қаңтар - желтоқсанында белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2663 бірлік (2009 жылдың деңгейіне 100,7%), онда жұмыс істейтіндер саны – 7584 адам (100,8%), өндірілген өнім көлемі – 2333,9 млн. теңгені (102,0%) құрады.

2010 жылы ауданда тұтыну сұранысының жандануы байқалып, бұл сауданың өсіміне ықпал етті. 2010 жылдың қорытындысы бойынша бөлшек сауда айналымының көлемі 1003,7 млн. теңгені құрады және 2009 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 94,9 пайызды(2009ж-926,4 млн теңге), көтерме сауда айналымы 21984 млн.теңге болып, 2009 жылдың деңгейінен 65,4% (2009ж-63377 мың теңге) кеміген.

Нақты ақшалай табыс пен еңбек ақының жоғарылауы есебінен халықтың төлем қабілеті сұранысының артуы сауда өсіміне әсер еткен факторлардың бірі болып табылады. Сонымен, халықтың атаулы ақшалай табысы 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 43,2%-ға, бір қызметкердің орташа атаулы еңбек ақысы 2010 жылы 19,6%-ға өскен.

2010 жылы ауданда бюджетінде қарастырылған зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақы және бюджет саласындағы қызметкерлердің еңбекақысы өз уақтысында және толық көлемде қаржыландырылған.

Инфляциялық үдерістер

2010 жылы облыс бойынша инфляция деңгейі болжамдық деңгейде ұстап қалынды. 2010 жылдың ішінде инфляция деңгейі бірқалыпты болып маусымдық үрдістерді сақтады.

2010 жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейі жылдық мәнде (2010 жылдың желтоқсаны 2009 жылдың желтоқсанына) 7,9% құрады, бұл 2009 жылдың деңгейінен 1,7% жоғары.

Инфляцияның өсуіне ең жоғары үлесті 2010 жылы азық – түлік тауарлар бағалары қамтамасыз етті, олар 10,2%-ға көтерілді. Азық – түлік емес тауарларға бағалардың өсуі - 5,3%-ды, ақылы қызметтерге – 7,2% -ды құрады.

Бюджет

2010 жылы бюджеттің кіріс бөлігі өткен жылмен салыстырғанда 33,5%-ға өсіп 3725,8 млн. теңгені құрады.

Бюджеттің негізгі бөлігін (60%) субвенция құрайды, ол өз кезегінде бюджет саласындағы қызметкерлерге жалақыны толық көлемде уақтылы төлеуді және бюджеттік ұйымдардың ағымдағы шығыстарын қаражаттандыруды қамтамасыз етеді. Бюджет түсімдерінің жалпы көлеміндегі өз кірістерінің үлесі 14,5% -ды құрайды.

Бюджет шығындары 2010 жылы 3759,5 млн. теңгені құрады және негізінен дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға және әлеуметтік төлемдерді ұлғайту арқылы тұтыну сұранысын ынталандыруға бағытталды. Аудан бюджетінің шығындары 2009 жылмен салыстырғанда 13,3%-ға, оның ішінде білім беру саласында -27,2%-ға өсті.

Жұмыспен қамту.

Экономикалық белсенді халық саны 2010 жылы 43448 адамды құрады және 2009 жылмен салыстырғанда 192 адамға өсті. Аудан экономикасында 41505 адам жұмыспен қамтылды немесе 2009 жылдан 505 адамға артық. Жалдамалы жұмысшылардың жұмыспен қамтылғандар санындағы үлесі 38%-ды немесе 15743 адамды, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар - 62%-ды немесе 15743 адамды құрайды.

Экономиканың өсімі еңбек рыногындағы жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 2009 жылғы 5,2%-ға қарағанда 2010 жылы 4,5%-ға дейін төмендеді (ҚР – 5,8%).

Негізгі капиталға инвестиция

2010 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 5 млрд 684 млн. теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты индекс көлемі 29,9 пайызды құрап, 12 млрд. 425 млн теңгеге кеміген. Оның ішінде: республикалық бюджет 293,5 пайызға, жергілікті бюджет 245,8 пайызға, кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаражаты 225,3 пайызға артып отырғанымен, шетел инвестициясы керісінше өткен жылғыдан бар болғаны 2,9 пайызды құрады. Төмендеуінің басты себебі өткен жылы аудан арқылы «Қазақстан-Қытай» транзитті газ құбырының өтуіне байланысты инвестиция салымы артқан болатын. Сол себепті биылғы жылы бұл деңгейге жету мүмкіндігі болмады.

2011 жыл

2011 жылдың басынан аудан экономикасында әлеуметтік-экономикалық дамудың оң динамикасы сақталды, бұл мемлекеттік және жеке меншік секторлардың тұтынуының өсуі есебінен тұтыну нарығындағы тұтыну сұранысының ұлғаюымен байланысты. Үстіміздегі жылдың қаңтар – қыркүйегінде бюджет шығыстары 5720,8 млн. теңгені құрап, 2010 жылдың кезеңімен салыстырғанда 52,1%-ға өсті.

Өнеркәсіп өнімінің өсімі қамтамасыз етілген. 2011 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 2010 жылдың қаңтар-кыркүйегіне ауданның өнеркәсіп өнімін өндірудің нақты көлем индексі 178,3%-ды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінің салаларында: мұнай өнімдерін – 3,7 есеге өсуіне қол жеткізген, бетоннан жасалған құрама құрылыс конструкцияларынан 3349 тонна өндірілген. Ал, өзге де металл емес минералды өнімдерін – 46,8% кеміген.

Өнеркәсіп өнімінің өсімі көліктік-коммуникациялық саламен көрсетілетін қызмет көлемінің өсімін қамтамасыз етті. Көлік саласында автомобиль көліктерімен жүк тасымалдау 2011 жылдың қаңтар-қыркүйегінде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 32,6%-ға өсіп, 1459,2 мың. тоннаны құрады. Жолаушыларды тасымалдау 37,0%-ға (21612,6 мың. адам) өсті.

Есепті кезеңде тұтынушылық сұраныстың ұлғаюы байқалуда, мұны бөлшек саудадағы тауар айналымының өсімі айғақтайды. 2011 жылдың қаңтар-қыркүйегінде бөлшек тауар айналымы өткен жылдың тиісті кезеңіне нақты тұлғалауда 0,2%-ға өсті (611,6 млн. теңге).

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемінің өсімі үстіміздегі жылдың есепті кезеңінде 2010 жылдың тиісті кезеңіне 4,6%-ды құрады. Барлығы 6343 млн. теңгенің ауыл шаруашылық өнімі өндірілген.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 2011 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 2072,7 млн. теңгені немесе 2010 жылдың тиісті кезеңіне 51,9%-ды құрады. Шаруашылық субъектілерінің негізгі қорларын жаңартуға өз қаражаты есебінен салымдарының 48,1 пайызға қысқаруынан және шетел инвестицияларының мүлдем түспеуінен төмендеген.

Ағымдағы жылы тұрғын үй құрылысының кезекті үш жылдық бағдарламасының іске асырылуы басталды, мұнда 2011 жылы қаржыландырудың барлық көздері арқылы 20 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделген. Оның ішінде қаңтар-қыркүйегінде 18,1 мың шаршы метр пайдалануға берілді, бұл 2010 жылдың тиісті кезеңінен 67,6%-ға артық.

2011 жылдың қаңтар-тамызында құрылыс жұмысының (қызметінің) көлемі, қосымша бағалау есебімен, 947,2 млн.теңгені құрады немесе 2010 жылдың тиісті кезеңінен 2,3 есеге артық.

Үстіміздегі жылдың 9-айында мемлекеттік бюджетке 1245,0 млн. теңге салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жиналды (болжамға 116,4%), оның ішінде республикалық бюджетке – 233,1 млн. теңге (135%), жергілікті бюджетке – 1011,8 млн. теңге (112,9%).

Әлеуметтік салада «100 аурухана» бағдарламасы шеңберінде үстіміздегі жылы Жамбыл ауданы Аса ауылындағы 250 келушіге арналған аудандық емхана құрылысы аудандық орталық аурухана құрылысы аяқталады. Сонымен қатар өткен жылы Өрнек ауылында бір мезетте 40 адам қабылдайтын емдеу амбулаториясының құрылысы аяқаталып, пайдалануға берілді.

«Балапан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 1 бала-бақша мен білім беру мекемесінің ішінен ашылған 17 шағын орталықта 850 бала қамтылып, тәлім тәрбие алуда. Балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 39,4%-ды құрады, 2011 жылдың соңына дейін 1 мектепке дейінгі ұйымды ашу жоспарлануда.


  1. 2011-2015 жылдардағы ішкі даму жағдайлары

Өңірде экономиканың сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдардың күш-жігері:

  • инвестициялық жобаларды іске асыруға;

  • шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыруға;

  • білім және денсаулық сақтау салаларының қызметтерінің сапасын жақсартуға;

  • жұмыссыздар өсімін болдырмауға;

  • жаңа жұмыс орнын ашуға;

- инфляциялық үрдістерге бақылауды қамтамасыз етуге;

- қолайлы инвестициялық климатты сақтауға бағытталатын болады.

  1. Ауданның 2012-2016 жылдарға арналған

әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
2012-2016 жылдары экономиканың нақты өсімінің параметрлері

(өткен жылға %-бен)



Көрсеткіштері

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

1

ЖӨӨ

109,9

106,3

106,5

106,6

106,6

2

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі

104,0

106,1

106,3

106,5

106,5

3

Өнеркәсіп өнімнің көлемі

125,7

107,0

107,0

107,0

107,0

4

Құрылыс

105,0

102,1

101,2

100,8

104,7

5

Жүк айналымы

102,1

102,5

102,5

101,6

101,5

6

Жолаушылар айналымы

101,0

101,2

101,0

101,2

101,2

7
  1   2   3   4

Похожие:

Жамбыл ауданы әкімінің 2011 жылғы 29 қарашадағы iconЖуалы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 27 желтоқсандағы
...
Жамбыл ауданы әкімінің 2011 жылғы 29 қарашадағы iconМақтарал ауданы әкімінің 2011 жылғы «17» қарашадағы
Мақтарал ауданы аумағында сайлау учаскелерімен, олардың орталықтарын және шекаралары
Жамбыл ауданы әкімінің 2011 жылғы 29 қарашадағы icon«Жамбыл ауданының құрметті азаматы» атағына ие болған өнегелі адамдар тізім І «Жамбыл ауданының құрметті азаматы»
«Жамбыл ауданының құрметті азаматы» атағы Жамбыл ауданы Әкімінің 1995 жылғы сәуірдің 27-дегі №4-97 қаулысымен бекітілген
Жамбыл ауданы әкімінің 2011 жылғы 29 қарашадағы iconЖуалы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 12 қаңтардағы
Жуалы ауданы Тоғызтарау ауылдық округі әкімінің аппаратының миссиясы және пайымдау
Жамбыл ауданы әкімінің 2011 жылғы 29 қарашадағы iconДолон ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы есебі мен 2011 жылғы міндеттері
Бесқарағай ауданы әкімінің бекітілген кестесіне сәйкес «2010 жылда округтың әлеуметтік –экономикалық дамуының қортындысы туралы»...
Жамбыл ауданы әкімінің 2011 жылғы 29 қарашадағы iconСеменовка ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы есебі мен 2011 жылғы міндеттері
Аудан әкімінің тапсырмасы бойынша 2011 жылғы 13 қаңтарда округ халықтардың алдында округтің 2010 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуының...
Жамбыл ауданы әкімінің 2011 жылғы 29 қарашадағы iconСолтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің 2011 жылғы 1 тоқсанда қабылданған шешімдерінің тізімдемесі

Жамбыл ауданы әкімінің 2011 жылғы 29 қарашадағы iconЗайсан ауданы әкімдігінің 11 қаңтар 2010 жылғы
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің, Зайсан ауданы әкімдігінің актілерінің орындалуын және аудан әкімінің берген тапсырмаларының орындалуын...
Жамбыл ауданы әкімінің 2011 жылғы 29 қарашадағы iconСайлау учаскелерiн құру туралы
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкiмiнiң 2011 жылғы 23 қарашадағы n 20 шешiмi. Шығыс Қазақстан облысы Әдiлет департаментiнiң...
Жамбыл ауданы әкімінің 2011 жылғы 29 қарашадағы iconКүршім ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген 2011 жылы №
«Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің аппараты» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница