Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы




Скачать 101.14 Kb.
НазваниеҰйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы
Дата конвертации24.02.2013
Размер101.14 Kb.
ТипДокументы
Бесқарағай аудандық қазынашылық басқармасының ғимараттарын дезинфекциялау қызметтерді баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу.
Ұйымдастырушы:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі.

070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көш., 87/2

Тапсырыс беруші:

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті

070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көш., 87/2

Жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алудың атауы: Бесқарағай аудандық қазынашылық басқармасының ғимараттарын дезинфекциялау қызметтерді баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу.

Атауы: Бесқарағай аудандық қазынашылық басқармасының ғимараттарын дезинфекциялау (дәрілеу және дератизациялау). Қызмет көрсету орны: ҚР, ШҚО, Бесқарағай ауданы, Бесқарағай а., Сейфуллин көш., 146, Бесқарағай аудандық қазынашылық басқармасы.

Бөлінген сома – 6 300 теңге.


№ р/н

Қызметтердің атауы

Қызмет көрсету орны

Өлшем бірлігі

Көрсетілетін қызметтерді ң көлемі

1

Дератизация (зиянды кеміргіштерді құрту)


1. Сейфуллин көш., 146

ғимараты

Шаршы метр

400,0




Жиыны:







400,00
















2

Дәрілеу (зиянды жәндіктерді құрту)


1. Сейфуллин көш., 146

ғимараты

Шаршы метр

400,0




Жиыны:







400,00


Қызметтердің көрсетілу мерзімі тараптардың келісуімен 2009 жылдың 31 желтоқсанына дейін.

Баға ұсыныстарын қабылдауды бастау күні 22.05.2009ж. 17 сағ.00 мин.

Баға ұсыныстарын қабылдауды тоқтату күні 28.05.2009ж. 17 сағ. 00 мин.

Баға ұсыныстары мөр басылған конверттерде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: Өскемен қаласы, Қазақстан көш., 87/2, 213 кабинет, тел. 26-45-29.

Төлемақы Тапсырыс беруші шот-фактура мен көрсетілген қызметтерді қабылдау актісін алған күннен бастап 10 операциялық күн ішінде Жабдықтаушының есеп айырысу шотына ақша аудару арқылы жүргізіледі.

Әлеуетті Жабдықтаушының баға ұсынысына қызметтерді көрсетуге байланысты барлық шығындар енгізілуі тиіс.

Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қою мерзімі: мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шарт жобасын ұсынған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде.

Бесқарағай аудандық қазынашылық басқармасының ғимараттарын дезинфекциялау қызметтерін мемлекеттік сатып алу туралы

_______ шарт

Өскемен қ. «___» ___________ 2009ж.
Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті» мемлекеттік мекемесі атынан, Ереженің негізінде әрекет ететін бастық Нұрпеисов Ілияс Нұрсейітович бір тараптан және бұдан әрі Орындаушы деп аталатын ________________ атынан ________ негізінде әрекет ететін __________________ екінші тараптан, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) және 2009 жылдың «___» _________ өткізілген баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы негізінде, мемлекеттік сатып алу туралы осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді:

1. Осы Шарт талаптарына сәйкес 2009 жылдың 31 желтоқсанына дейін, Орындаушы ұсынған жоспарына сәйкес Орындаушы Тапсырыс берушіге мына мекенжайда: Бесқарағай ауданы, Бесқарағай а., Сейфуллин көш., 146, Бесқарағай аудандық қазынашылық басқармасынында орналасқан үй-жайларды дезинсекциялау және дератизациялау қызметтерін көрсетуге, ал Тапсырыс беруші көрсетілген қызметтер үшін төлемақы төлеуге міндеттенеді. Шарт бағасы _____ (_______________) теңгені құрайды. Қызметтер атауы, қызмет көрсетілетін жердің физикалық ауданы, 1 шаршы метр үшін бағасы, қызметтер бағасы Осы Шарттың ажырамайтын бөлігі болып табылатын 1-қосымшада көрсетілген.

2. Осы Шартта төмендегі ұғымдар мына мағыналарды білдіреді:

«Шарт» - Қазақстан Республикасының Заңына және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Тапсырыс беруші мен Орындаушы арасында жазбаша түрде жасасқан, барлық қосымшалар мен толықтыруларға, сондай-ақ Шартта сілтемесі бар барлық құжаттамасына тараптардың қолдары қойылған азаматтық-құқықтық акт;

«Шарт бағасы» - Тапсырыс берушінің Шарт шеңберінде Орындаушыға шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін төлейтін төлемақы сомасы;

«Форс-мажор» - бұл Орындаушының тарапынан бақылауға жатпайтын, Орындаушының жаңсақтығы мен салақтығынан туындамайтын және алдын ала көзделмейтін жағдай. Бұл жағдайлар мыналар: әскери қимылдар, табиғат апаттары, індет, карантин және тауарды жеткізуге тыйым салу, бірақ бұл әрекеттермен шектелмеуі мүмкін.

3. Орындаушы:

- профилактикалық дезинфекциялау қызметтерін, яғни үй-жайларды дезинсекциялау мен дератизациялау жөніндегі іс-шараларды сапалы және уақтылы жүргізуге;

-үй-жайларды дезинфекциялау мен дератизациялау жөніндегі шаралардың сақталуына санитарлық қадағалау жасауға, көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер ететін кемшіліктерді жою жөнінде Тапсырыс берушіге кеңес беруге және ұсыныс айтуға міндеттенеді;

4.Тапсырыс беруші:

-қызметті көрсету кезінде қатысуға міндетті жауапты тұлғаны белгілеуге және көрсетілген қызметтерді қабылдау актісін қол қойып, мөрмен растауға;

- осы Шарт талаптары бойынша Орындаушының қызметтерін уақтылы төлеуге;

-Орындаушының жұмыс істеуі үшін барлық үй-жайларға қолжетімдікті қамтамасыз етуге міндеттенеді.

5.Орындаушы құрастырған Қызмет көрсету жоспары осы Шарттың ажырамайтын бөлігі болып табылады.

6.Қызмет көрсетуге қажетті материалдарды Орындаушы сатып алады және бұл шығындар қызметтер құнына енгізілген.

7.Осы шарт бойынша төлемақы тоқсан сайын сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 20 күнінен кешіктірмей Орындаушының есеп айырысу шотына ақша аудару арқылы жүргізіледі.

Шарт бойынша шығындар Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшеліктері құрылымының «Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын және атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету» 217001 республикалық бюджет бағдарламасы, 000 кіші бағдарламасы, «Өзге де қызметтер жұмыстар» 149 ерекшелігі бойынша жасалады.

8. Төлемақы жүргізуге дейінгі қажетті құжаттар: шот-фактура, көрсетілген қызметтерді қабылдау актісі.

9. Орындаушыны таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермейтін талабы жағдайында, мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізуге жол беріледі:

1) Мемлекеттік сатып алу туралы шартта көрсетілген қызмет бірлігі үшін бағаның өзгермейтін талабы жағдайында, сатып алынатын қызметтердің көлеміндегі қажеттіліктің азаюына не артуына байланысты Шарттың сомасын азайту не арттыру бөлігіне өзгерістер енгізуге жол беріледі. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген соманың шегінде аталған қызметтерді сатып алу үшін Шарттың осылай өзгертілуіне жол беріледі;

2) егер мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалу процесінде осыған ұқсас сатып алынатын қызметтердің бағалары азаю жағына өзгерсе, көрсетілетін қызметтерге берілетін бағаны және тиісінше шарттың бағасын азайту бөлігіне тараптардың өзара келісуі бойынша өзгерістер енгізуге жол беріледі.

Мемлекеттік сатып алу жөніндегі шарт жобасына немесе жасасқан шартқа осы тармақта көзделмеген негіздер бойынша өткізілген мемлекеттік сатып алу шарттарының және (немесе) орындаушыны таңдап алуға негіз болған ұсыныстарының мазмұнын өзгертетін өзгерістерді енгізуге жол берілмейді.

10. Орындаушы Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарттағы қандай да бір ақпаратты Шартты іске асырудан басқа мақсатта пайдаланбауы тиіс.

11. Орындаушы осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз біреуге толық не жартылай бермеуі тиіс.

12. Шартты орындау барысында қызметтерді уақтылы көрсетуге бөгет болатын жағдайларға кез келген уақытта тап болса, Орындаушы көрсетілетін қызметтердің кешігу фактісі, оның болжамды ұзақтығы мен себебі (тері) туралы тез арада Тапсырыс берушіге жазбаша хабарламаны жолдауы тиіс. Орындаушының хабарламасын алғаннан кейін, Тапсырыс беруші жағдайды талдауы тиіс, әрі өз шешімі бойынша Орындаушымен шарттың орындалу мерзімін ұзарта алады; бұл жағдайда мұндай ұзартылу Шарт мәтініне түзету енгізе отырып, тараптардың қол қоюы арқылы іске асырылады.

13. Егер Орындаушы форс-мажор жағдайлардан басқа жағдайларда Шартта көзделген мерзімде қызметтерді көрсете алмаса, Тапсырыс беруші Шарт шегінде өзінің басқа құқықтарына зиян келтірмей өткен мерзімнің әр күні үшін Шарт бағасынан 0,1% сома тұрақсыздықты ұстап қалады.

14. Тапсырыс беруші Шарт талаптарының бұзылғаны үшін басқа санкцияларға зиян келтірмей, Орындаушыға міндеттемелерді орындамағаны жөнінде жазбаша хабарламаны алдын ала жолдай отырып, осы Шартты бұза алады.

15.Егер Шартты орындау мерзімінің кешігуі форс-мажор жағдайларының нәтижесі болып табылса, Орындаушы тұрақсыздықты төлеу немесе шарт талаптарын орындамағандықтан Шартты бұзғаны үшін жауапты болмайды.

16. Форс-мажор жағдайлары туындаған кезде, Орындаушы Тапсырыс берушіге мұндай жағдайлар мен себептер жөнінде тез арада жазбаша хабарлама жолдауы тиіс. Егер Тапсырыс берушіден басқа жазбаша нұсқаулық түспесе, Шарт бойынша Орындаушы өз міндеттемелерін ары қарай орындай отырып, форс-мажор жағдайлардан басқа балама тәсілдерді іздестіреді.

17. Егер Орындаушы банкротқа ұшыраса не төлем төлеу қабілетінен айырылса, Тапсырыс беруші тиісті жазбаша хабарламаны Орындаушыға жолдай отырып, Шартты кез келген уақытта біржақты тәртіппен бұза алады. Бұл жағдайда Шарт кешіктірілмей бұзылады әрі егер Шарттың бұзылуы Тапсырыс берушіге көрсетілген немесе кейін көрсетілетін санкцияларды қолдануына немесе іс-әрекет етуде қандай да бір құқығына залал келтірмесе, Тапсырыс беруші Орындаушының алдында ешқандай қаржылық жауапкершілікте болмайды.

18. Тапсырыс беруші Шартты ары қарай орындау жөнсіз болғанда, Орындаушыға тиісті жазбаша хабарламаны жолдай отырып, Шартты кез келген уақытта бұза алады. Хабарламада Шарттың бұзылу себебі көрсетілуі және жойылған шарт міндеттемелерінің көлемі айтылуы тиіс..

19.Шарт жоғарыда көрсетілген жағдайларға байланысты бұзылса, Орындаушы Шарттың бұзылған күніне қарасты бұзылуына байланысты нақты шығындарды ғана төлеттіруді талап етуге құқылы.

20. Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы анықталған жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Орындаушыға Заңда көзделмеген көмек көрсеткен жағдайда, мемлекеттік сатып алу туралы шарт кез келген сатыда бұзылуы мүмкін. Орындаушы Шарттың осы негіздер бойынша бұзылуына байланысты шығындарды төлеттіруді талап етуге құқығы жоқ.

21. Шарт бойынша не оған байланысты туындайтын келіспеушіліктер мен дауларды Тапсырыс беруші мен Орындаушы барлық күштерін сала отырып, тікелей келіссөздер арқылы шешулері тиіс.

22. Егер осындай келіссөздер басталған күннен кейінгі 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен Орындаушы Шарт бойынша дауды шеше алмаса, тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.

23. Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде құрастырылады.

24. Шартқа сәйкес бір тарап басқа тарапқа жолдайтын хат, жеделхат, телекс не факс түріндегі кез келген хабарламаның кейін түпнұсқасы жіберіледі.

25. Хабарлама мына күндердің қайсысы кейін келгеніне қарай: не жеткізілгеннен кейін, не күшіне енген күні көрсетілген (хабарламада көрсетілген жағдайда) күні күшіне енеді.

26. Салықтар мен бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төленуі тиіс.

27. Осы Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркелген сәттен бастап күшіне енеді және 2009 жылдың 31 желтоқсанына дейін күші бар.

28. Тараптардың мекенжайы мен деректемелері:
ТАПСЫРЫС БЕРУШІ ОРЫНДАУШЫ

«ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің

Шығыс Қазақстан облысы бойынша

Қазынашылық департаменті» ММ

Өскемен қ.

Қазақстан к., 87/2 Т.26-36-04

СТН 181700000873

ЖСК 000120200

БСК 195301070

«ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті» ММ

Астана қ.

Бастық ____________

І.Нұрпеисов
2009 жылғы «__»___________

№___шартқа

1-қосымша

Көрсетілетін қызметтер тізбесі




Жұмыс атауы

Қызмет көрсету орны

Физикалық ауданы

(шаршы метр)


Өлшем бірлігі үшін баға

(теңге)

Сомасы

(теңге)

1

Дератизация (зиянды кеміргіштерді құрту)


1. Сейфуллин көш., 146

ғимараты

400,0










Жиыны:




400,00

























2

Дәрілеу (зиянды жәндіктерді құрту)


1. Сейфуллин көш., 146

ғимараты

400,0










Жиыны:




400,00










Барлығы:














ТАПСЫРЫС БЕРУШІ ОРЫНДАУШЫ

Бастық ____________

І.Нұрпеисов






Похожие:

Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы iconҰйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы
Бензин және өзге тауарларды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу
Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы iconҰйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы
Бензин және өзге тауарларды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары
Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы iconҰйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы
Хаттар, бұйрықтар және алғыс бланкілерін дайындау жөніндегі қызметтерді баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу
Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы iconҰйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен
...
Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы iconҰйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы
Мемлекеттік Туды, еден үстілік темір тутұғырды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу
Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы iconҰйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен
ШҚО бойынша қазынашылық департаментіның жылу желісің ағымдағы жөндеу жұмыстарын баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып...
Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы iconҰйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаментінің қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы
Мемлекеттік сатып алудың атауы: Шаруашылық тауарларын баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу
Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы iconҰйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен
Автокөлікті жөндеу үшін қосалқы бөлшектерді баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу
Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы iconҰйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен
Автомәшинелерді жөндеу үшін қосалқы бөлшектерді баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу
Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы iconҰйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен
ШҚО бойынша қазынашылық департаментіның сумен жабдықтау жүйесін ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстарын баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница