Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының 2012 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары жөніндегі




Скачать 102.11 Kb.
НазваниеШымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының 2012 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары жөніндегі
Дата конвертации24.02.2013
Размер102.11 Kb.
ТипДокументы
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының

2012 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары жөніндегі

МӘЛІМЕТ
Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратында жұмыс 2012 жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүргізілуде. 2012 жылдың қаңтар-маусым айларында аудан аумағын көріктендіру және санитарлық тазалау бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды.

Әл-Фараби ауданы бойынша, жыл басынан елді мекендерді санитарлық қалыппен қамтамасыз ету жұмыстарына қалалық бюджеттен 80,0 млн. теңге бөлінген.

Аудан аумағында санитарлық тазалау жұмыстарын мердігер «Су Сіңген» ЖШС атқарады. Аудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің санитарлық тазалық жұмыстарын, аула, ішкі орам жолдарын тазалау, өсік шөптерді ору, шағынаудандардағы кенеттен пайда болған қоқыс қалдықтарын тазалау жұмыстарын жүргізеді. Аталған мекемеде 4 мобилді топтарда 40 жұмысшы жұмыс атқаруда. Жалпы 50,391 мың теңгеге санитарлық тазалау жұмыстары атқарылды. (слайд №1, 2)

Контейнер алаңшаларындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды қалалық күл-қоқыс орнына шығарып тастау жұмыстарын «ОрионНовТех» ЖШС, көше бойындағы ирригациялық жүйелерін тазалау жұмыстарын «LTD Тұрмыс» ЖШС, «Югдорсервис» ЖШС, аудан аумағындағы қураған ағаштарды бұтау, түптерін әктеу және бұталған ағаштарды шығару жұмыстарын «Бәйтерек Л.Б.» ЖШС мекемелері атқарды. (слайд №3, 4, 5)

Аудан көлемін санитарлық тазалау және көріктендіру, көгалдандыру жөнінде көктем айларында іс-шаралар ұйымдастырылып, мекеме қызметкерлері, жоғарғы оқу орындарының студенттері және аудандағы орам, көше, үй басқарушыларымен 13 рет сенбілік жұмыстары өткізілді.

Аудан әкімінің аппаратының мамандары қалалық ветеринария бөлімімен бірлесіп аудан бойынша КҚҚБ болдырмау, алдын алу жөнінде іс-шараларды уақытында және сапалы жүргізілуіне қатаң бақылау жасалды. 2012 жылдың көктемгі айларында КҚҚБ ауруының алдын алу үшін аудандағы 2670 ірі қара мал бүркілді, 4047 қой-ешкі тоғытылды, 57770м² яғни барлығы 100% қора жайлар дезинфекцияланды.

Аудан бойынша жылу қабылдайтын 778 көпқабатты тұрғынүй тіркелген. 2012-2013ж.ж. жылу маусымында ауданның солтүстік аймағында «3-Энергоорталық» акционерлік қоғамы арқылы 248 үй, осы көп қабатты тұрғын үйлердің ішкі жылу жүйесіне қызмет көрсету үшін «3-Энергорталық» АҚ-мен келісім-шартқа тұрғызу жұмыстары жүргізілуде. Ал оңтүстік аймағында «Қуатжылуорталық-3» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны арқылы 530 үй жылу алады.

248 көп қабатты тұрғын үйлердің ішкі жылу жүйесіне қызмет көрсету үшін «3-Энергорталық» АҚ-мен қайта келісім-шартқа тұрғызу жұмыстары жүргізілуде.

530 көпқабатты тұрғын үй тұрғындарының өз күшімен сығымдау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 70 көпқабатты тұрғын үйде сығымдау жұмыстары жүргізілді. (слайд №6)

Аудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің келбетін, тазалығын және жылуын сақтау мақсатында тұрғындардың өз күштерімен кіреберіс алаңдарының есік-терезелерін бүтіндеу, жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 61 есіктер тұрғындардың өз күшімен орнатылды.

Дәстүрлі түрде әр айдың бірінші сәрсенбісінде үй, орам және көше басқарушыларымен «Үй басқарушылар күні» өткізіліп тұрады, онда тұрғындардың ұсыныстары талқыланып және алдағы уақытқа қойылатын тапсырмалар анықталып, жұмыстар атқарылды. Бұл кездесулер тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізу үшін өте қажет, өйткені осы кездесуде санитарлық тазалық, тұрғын үйлерді қысқы жылу мерзіміне дайындау, учаскелік полиция қызметкерлерінің жұмыстарын талқылау және өзге де коммуналдық мекемелер бойынша мәселелер өз шешімін табады. (слайд №7)

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан Республикасы халқына жолдауында берілген тапсырмасына сәйкес қабылданған «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, ауданымызда 2012 жылы 20 көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоспарлап, тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылды. Бірінші және екінші хаттамалары түзіліп қалалық ТҮКШ,ЖК және АЖ бөліміне тапсырылды.

Қазіргі таңда Қонаев даңғылы №13 және Иляев көшесі №37 көпқабатты тұрғын үйлерде 4 хаттама толтырылып, күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

Қосымша тағы 15 көпқабатты тұрғын үйлердің тізімі дайындалуда.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында «Оңтүстік Жарық Транзит» АҚ, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, №9 Ө.Жолдасбеков атындағы орта мектебі, Қазақстан халықтар Достығы университеті, Қаз Тұтыну Одағы ШЭК осы аталмыш 5 жерде жұмыстар жүргізілді. (слайд №8)

2012 жылдың ақпан айында аудан әкімінің тұрғындар алдында есеп беру кездесулері 5 жерде өткізілді. Кездесу барысында тұрғындардан 72 сұрақтар мен ұсыныстар түсті, олардың 35-не кездесу барысында жауабы берілді, 37-бойынша іс-шара түзіліп, құзырлы мекемелермен бірлесе жауаптары жолданды. (слайд №9, 10)

Аппарат қызметкерлеріне құқықтық оқытудың оқу тақырыптық жоспары бойынша ҚР «Жер кодексі бойынша», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік қызметшілерінің Ар-Намыс кодексі бойынша», «Еңбек кодексі бойынша», «Тіл туралы Заңы бойынша», «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодесксі бойынша және ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдары бойынша құқықтық сабақтар өткізілді.

«Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012ж. арналған іс-шара жоспарын» жүзеге асыру мақсатында түзілген іс-шараларға сәйкес оқу орындарында аудан әкімі аппараты аудандық полиция бөлімімен бірлесіп 6 дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізілді.

Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2009 жылғы 15 қазандағы №06-2-2-17/4495 хатына сәйкес аудан бойынша «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапаттауға ұсынудың тәртібін түсіндіру жөніндегі жұмыс тобы құрылып, тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстары күнделікті жүргізілуде. 68 көп балалы аналардың құжаттары қабылданды.оның ішінде 27 анаға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілері табыс етілді. (слайд 11, 12)

2012 жылға мемлекеттік әлеуметтік көмекке 8,0 млн.теңге, балалар жәрдемақысына 41,0 млн.теңге қаржыландыру болжамы ұсынылды. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету және балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі орталық және учаскелік комиссия құрамын бекіту туралы» аудан әкімінің өкімімен бекітілген комиссия, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жолдаған тізімдерге сәйкес, 2012 жылдың 6 айында 1489 отбасынан 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы алу жөнінде өтініш түсіп, 1388 отбасыға мұқтаж деп, 101 отбасы мұқтаж емес деп табылды. 279 отбасынан мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмек беру жөнінде өтініш түсіп, 259 отбасы мұқтаж деп, 20 отбасы мұқтаж емес деп табылды.

Осыған орай отбасылардың материалдық тұрмыстық жағдайына байланысты көмектің қажеттілігін қарап қорытындылары жолданды.

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмыссыздық пен кедейшілікке қарсы күрес бағдарламасына сәйкес, 20 адам қоғамдық ақылы жұмысқа жіберілді. Бұл азаматтар ауданның санитарлық тазалық жұмыстарымен айналысуда.

Жыл басынан қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйіне 2 адам жіберілді.

Қазақстан Республикасы «Тіл туралы» Заңының орындалу бойынша, мемлекеттік тілді енгізуге және дамыту мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Аудан аумағында коммерциялық нысандардың жарнамалары мен тақтайшадағы атауларын ОҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 15.01.2008ж. №3-ө «Шымкент қаласының мейрамханалары мен кафелерінде, асханаларында маңдайша, жарнама жазулары мен көрнекі ақпарат мәтіндерінің және ас мәзірлерінің Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» заңына сәйкестілігін тексеру туралы бұйрығына және ҚР «Тіл туралы» Заңының 19 және 21 баптарының талабына сәйкес болуына байланысты рейдтер жүргізіліп, түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

Аудан әкімі аппараты демеушілермен бірлесе отырып мерекелерге арналған іс-шаралар өткізді.

5 наурыз күні «Халықаралық әйелдер күніне» орай әкімшілік ғимаратында салтанатты жиналыс ұйымдастырылды. Аудан әкімі ауданымызға белсенді үлес қосқан 18 әйел қауымын мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыс етті. (слайд 13)

Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мерекесіне орай «Қамар» қайырымдылық мекемесінің директоры Амангелді Есей Шораұлының демеушілігімен ипподромда киіз үй тігіліп, дастархан жайылып, мерекелік концерт ұйымдастырылды. Тәуелсіздік саябағында қалалық мәслихат депутаты Султанова Төреайм Жолдыбайқызының демеушілігімен киіз үй тігіп, алтыбақан құрылды, мерекелік дастархан жайылып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Кең баба» саябағында көпшілік серуені, қайырымдылық акциялар, қазақтың ұлттық салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын көрсететін көрмелер, қолөнер бұйымдары көрмелері, байқаулар, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. (слайд №14, 15, 16)

1 мамыр-Қазақстан халықтары бірлігі күні мерекесіне орай Тәуелсіздік саябағында көпшілік серуендеу, мектеп оқушылары және студенттердің қатысуымен мерекелік концерттік бағдарламалар өткізілді.

9 мамыр - «Жеңіс күні» мерекесіне арналып аудандағы «9 мамыр-Жеңіс күні» мерекесіне орай «Камшат» кафесінде 60-қа жуық соғыс ардагерлеріне концерттік бағдарламалармен бірге мерекелік дастархан ұйымдастырылып, сыйлықтар табыс етілді. «Тәуелсіздік» саябағында көпшілік серуен, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды.

Жастар мен жасөспірімдер арасында патриотизмді қалыптастыру, жастардың ізгілікті әрі рухани дамуы, ұлттық дәстүр мен ұлтаралық татулық идеоогиясын дамыту мақсатында аудан аумағындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті және Отырар университеті студенттері арасында «Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, Ел бірлігін сақтаған татулықты айт»-атты семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізілді. Жастар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту барысында аудан аумағында орналасқан Отырар және Болашақ колледжі студенттері арасында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша «Спорт біздің досымыз»-атты жарыстар өткізілді.

1 маусым - «Балаларды қорғау күніне» (МАИ автокөлігі және балаларға арналған көлік қамтамасыз етіліп, Мемлекеттік Зообақ мекемесінің демеушілігімен жартылай жетім және тұрмыс жағдайы төмен 200 балаға хайуанаттар саябағында серуен ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Кең баба» этносаябағының демеушілігімен 200 бала ойын атрактциондарында тегін ойнап, серуендеп қайтты. Сондай-ақ, қалалық мәслихаттың депутаты Д.Усенов және «Визит» АҚ, директоры В.Злавдиновтің демеушілігімен тәтті тағамдар ұсынылды.

4 маусым - Мемлекеттік Рәміздерді насихаттау мақсатында академиялық инновациялық университеті және Отырар университеті студенттерінің арасында саясаттанушы және тарихшы мамандарының қатысумен «Рәміздерім ұлттық құндылығым» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Ауданда атқарылған барлық іс-шаралар БАҚ беттерінде жарияланып, теледидар арқылы арнайы бағдарламаларда көрсетілді.

Аудан әкімінің аппаратына 2012 жылдың алты айында жеке және заңды тұлғалардан 124 өтініштер түсті. Аудан тұрғындарынан түскен арыздарға сараптама жүргізіліп, оларды шешу жолдары қарастырылды. Барлық өтініштер мен арыздар Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес қаралды. Сонымен қатар 683 құжат түсіп, 747 құжат жіберілді.

Аудан әкімінің

орынбасары Е.Шардарбеков

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы бойынша шешімін күткен өзекті мәселелер жөніндегі

МӘЛІМЕТ




Мекен-жайы

Өзекті мәселе атауы

Мәселені шешу жолдары

Аумақтық орган



«Ордабасы» алаңы

«Қошқар ата» өзенінің арнасын механикалық тазарту, бетондау және абаттандыру.

ЖСҚ құжаттарын дайындау.

Қаражат бөлу

қалалық ТҮКШ,ЖКжәнеАЖ бөлімі, қалалық құрылыс бөлімі



Байтұрсынов көшесі

«Жаңа-шек» каналын механикалық тазарту, бетондау және абаттандыру.

ЖСҚ құжаттарын дайындау.

Қаражат бөлу

қалалық ТҮКШ,ЖКжәнеАЖ бөлімі, қалалық құрылыс бөлімі



«Спорт» ш/а.

«Шымкент» каналын механикалық тазарту, бетондау және абаттандыру.

ЖСҚ құжаттарын дайындау.

Қаражат бөлу

қалалық ТҮКШ,ЖКжәнеАЖ бөлімі, қалалық құрылыс бөлімі



Бейбітшілік көшесі №8 үй

Сейсмикалық тұрақтылықты күшейтуді талап етеді.

ЖСҚ құжаттары дайындалған.

Қаражат бөлу

қалалық ТҮКШ,ЖКжәнеАЖ бөлімі, қалалық құрылыс бөлімі



«Забадам» елдімекені

Әл-Фараби ауданы аумағына қарасты - 3500 м. «БозСауыр ата» каналының арнасын бетондау.

ЖСҚ құжаттарын дайындау.

Қаражат бөлу

Құрылыс жұмыстарын жүргізу.


қалалық ТҮКШ,ЖКжәнеАЖ бөлімі, қалалық құрылыс бөлімі



«Тұран» ш/а

1. газ құбырын жүргізу.

2. су құбырын жүргізу.


ЖСҚ құжаттарын дайындау.

Қаражат бөлу

Құрылыс жұмыстарын жүргізу.

қалалық ТҮКШ,ЖКжәнеАЖ бөлімі, қалалық құрылыс бөлімі



Аудан әкімінің

орынбасары Е.Шардарбеков

Әл-Фараби ауданы бойынша шешімін күтен өзекті мәселелер

ТІЗІМІ




Өзекті мәселе атауы

Мәселені шешу жолдары

1

«Бозарық» ш/а, Бозарық-1,2,3 саяжайлары.

1. газ құбырын жүргізу.

2. су құбырын жүргізу.

3. жаңа дәрігерлік пункт құрылысын салу.

4. мектеп құрылысын салу.

5. бала-бақша құрылысын салу.

ЖСҚ құжаттарын дайындау.

Қаражат бөлу

Құрылыс жұмыстарын жүргізу.


2

«Тұран» ш/а

1. газ құбырын жүргізу.

2. су құбырын жүргізу.

3. дәрігерлік пункт құрылысын салу.

4. мектеп құрылысын салу.

5. бала-бақша құрылысын салу.

ЖСҚ құжаттарын дайындау.

Қаражат бөлу

Құрылыс жұмыстарын жүргізу.



Әл-Фараби

ауданының әкімі Н.Иманқұлов

Похожие:

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының 2012 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары жөніндегі iconАтбасар ауданы әкімі аппаратының жұмыстарының 2012 жылдың ақпан айына Жоспары
Аудан әкімі орынбасарлары мен аудан әкімі аппаратының жетекшілерімен жедел кеңестер
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының 2012 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары жөніндегі iconАтбасар ауданы әкімі аппаратының жұмыстарының 2012 жылдың 1-ші жарты жылдық Жоспары
Аудан әкімі орынбасарлары мен аудан әкімі аппаратының жетекшілерімен жедел кеңестер
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының 2012 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары жөніндегі iconАқмола облысы әкімі аппаратының жетекшісі Б. З. Жұпыновке Атбасар ауданы әкімі аппаратының жұмыстарының 2012 жылдың сәуір айына Жоспары
Атбасар ауданының аумағында көктемгі ветеринарлық алдын алу шараларын жүргізуді ұйымдастыру туралы
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының 2012 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары жөніндегі iconҚарабұлақ ауылдық округ әкімі аумағында 2009 жылдың наурыз айында атқарылған жұмыстары жөніндеаны қ тама
Онда әлемді шарпыған дағдарыстан Қазақстан халқының жасап отырған іс-қимыл жоспарлары кеңінен талқыланды. Елбасымыз үлкен қалаларды...
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының 2012 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары жөніндегі iconҚызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының 2012 жылдың 9 айындағы атқарылған жұмыстары
Облыста өткізілетін бұқаралық-спорттық және дене шынықтыру сауықтыру іс-шараларынының саны артып келеді, 2011 жылы 1440 іс-шараға...
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының 2012 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары жөніндегі iconАудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадр жұмыстары бөлімінің 2012 жылдың II жарты жылдығына арналған
Аудан әкімдігі мәжілістерінің II жартыжылдыққа бектілген мәселелері бойынша құжаттарын жинақтап ұсыну
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының 2012 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары жөніндегі iconҚызылорда облысының тілдерді дамыту басқармасының 2012 жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі атқарған жұмыстары жайлы
Атап айтқанда, басқармада 2012 жылдың 10 қаңтарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» заңнамасын орындау бағытындағы мекеменің іс-шаралар...
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының 2012 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары жөніндегі iconБекітемін ақсу ауданының әкімі Ә. Дүйсембаев
Ақсу ауданының поселкелік, ауылдық округ әкімдерінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы 2012 жылдың ақпан айында округ елді мекндердің...
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының 2012 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары жөніндегі iconДайыр ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар
Дайыр ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында 2012 жылға арналған бағдарлама бойынша бірталай жұмыстар атқарылды
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының 2012 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары жөніндегі iconҚызылорда облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы атқарылған жұмыстары мен 2012 жылдың екінші жартыжылдығындағы міндеттері
Республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігі арқылы мақсатты трансферт...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница