Қаржы полициясының тергеуіне жататын қылмыстық iстeрді қараудағы сот практикасын талдап қoрыту жөніндeгі анықтама




Скачать 427.2 Kb.
НазваниеҚаржы полициясының тергеуіне жататын қылмыстық iстeрді қараудағы сот практикасын талдап қoрыту жөніндeгі анықтама
страница1/2
Дата конвертации11.07.2014
Размер427.2 Kb.
ТипДокументы
  1   2



Қаржы полициясының тергеуіне жататын қылмыстық iстeрді

қараудағы сот практикасын талдап қoрыту жөніндeгі

анықтама

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тапсырмасы негізінде 2009 жылдың 12 айында және 2010 жылдың 6 айында қаржы полициясының тергеуіне жататын қылмыстық істер бойынша сот практикасын талдап қорыту жөнінде анықтама жасалды.

Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары (бұдан әрi - қаржы полициясы органдары) заңмен белгiленген өкiлеттiктерi шегiнде жедел-iздестiру қызметiн, алдын ала тергеу және анықтау, әкiмшiлiк iс жүргiзу арқылы экономика мен қаржы қызметi, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделерiне қылмыстық және құқыққа қайшы өзге де қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған құқық қорғау қызметiн жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттiк органдар болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің (бұдан әрi-ҚІЖК-нің) 192-бабына сәйкес қаржы полициясының тергеушілері Қылмыстық Кодексінің (бұдан әрi-ҚК-нің) келесі баптар бойынша алдын ала тергеу жүргізеді: ҚК-нің 176-бабында (үшiншi бөліктің г) тармағында), 177-бабында (үшінші бөліктің г) тармағында), 189-бабында, 190-бабында (екінші бөлігінде), 191, 192, 192-1, 193 – 197, 199-205 , 207-баптарында, 209-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 221-бабында (екінші бөлігінде), 222-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 222-1, 223-бабында (екінші бөлiгiнде), 224-бабында, 225-бабында, 226-бабында (екiншi бөлігінде), 231, 232-баптарында, 307-бабында (бірінші және екінші бөліктерінде), 308-бабында (бірінші және екінші бөліктерінде), 310, 311-баптарында (бiрiншi және екінші бөлiктерiнде),  312-315-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша. ҚК-нің 183-бабында (екінші және үшінші бөлігінде), 229-бабында, 176-бабында (екiншi бөлiгiнде, үшiншi бөлiктiң а), б), в) тармақтарында), 177-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 180-бабында, 182-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 184, 184-1, 206, 228, 235, 309, 316, 339 (екіншi және үшіншi бөлiктерiнде), 341, 343-357, 363-365-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын-ала тергеуді қылмыстық іс қозғаған ішкі істер органы немесе қаржы полициясы жүргізеді. ҚК-нің 307-бабында (үшінші және төртінші бөліктерінде), 308-бабында (үшінші және төртінші бөліктерінде), 311-бабында (үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде) көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істep бойынша алдын ала тергеудi қылмыстық істi қозғаған ұлттық қауiпсiздiк немесе қаржы полициясы органы жүргiзедi. ҚК-нің 227, 380-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық iстер бойынша алдын ала тергеудi қылмыстық iсті қозғаған ішкi iстер, ұлттық қауіпсiздiк немесе қаржы полициясы органдары жүргізедi.

Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу Кодексі және «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» 2002 жылғы 4 шілдедегі №336 Заңы аталған органның қылмыстық істері бойынша мәселелелерін реттейтін заңнамалық негіз болып табылады.

Қорыту жүргізілген кезеңде Атырау облысының аудандық және оларға теңестірілген соттарына қаржы полициясы органдарынан 2009 жылдың 12 айында барлығы 126 тұлғаға қатысты 97 іс, ал 2010 жылдың 6 айында барлығы 96 тұлғаға қатысты 76 іс түскен, яғни аталған соттарға бөлгендегі көрсеткіштер төмендегідей:




Соттар атауы

2009 жылдың 12 айы

2010 жылдың 6 айы

адам

іс

адам

іс

1

Атырау қалалық соты

61

41

21

13

2

Атырау қалалық №2 соты

10

9

34

31

3

Жылыой аудандық соты

19

19

13

13

4

Махамбет аудандық соты

5

4

-

-

5

Индер аудандық соты

11

9

9

7

6

Құрманғазы аудандық соты

9

4

9

5

7

Қызылқоға аудандық соты

3

3

-

-

8

Мақат аудандық соты

5

5

6

3

9

Исатай аудандық соты

2

2

3

3

10

Атырау облысының

қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

соты

-

-

1

1




БАРЛЫҒЫ

126

97

96

76



Жоғарыда көрсетілгендей 2010 жылдың 6 айында Махамбет және Қызылқоға аудандық соттарына қаржы полициясында тергеуде болған қылмыстық істер түспеген.

Сoнымeн қатар, 2009 жылы аудандық және оларға теңестірілген сoттарға 126 тұлғаға қатысты 97 іс түсіп, oның ішінде :

ҚК-нің 307-бабы бoйынша-13-і нeмeсe барлық тұлғаның 10,3%;

ҚК-нің 190 бабы бойынша - 9 немесе 7,9%;

ҚК-нің 316 бабы бойынша - 5 немесе 3,9%;

ҚК-нің 176 бабы бойынша – 28 немесе 22,1%;

ҚК-нің 325 бабы бойынша - 6 немесе 4,8%;

ҚК-нің 221 бабы бойынша - 5 немесе 3,9%;

ҚК-нің 222 бабы бойынша - 20 немесе 15,8%;

ҚК-нің 308 бабы бойынша - 2 немесе 1,6%;

ҚК-нің 311 бабы бойынша - 14 немесе 11,1%;

ҚК-нің 177 бабы бойынша – 8 немесе 6,3%;

ҚК-нің 312 бабы бойынша - 6 немесе 4,8%;

ҚК-нің 184 бабы бойынша - 1 немесе 0,7%;

ҚК-нің 182 бабы бойынша - 1 немесе 0,7%;

ҚК-нің 192 бабы бойынша - 6 немесе 4,8%;

ҚК-нің 314 бабы бойынша - 2 немесе 1,6%.
Ал 2010 жылдың 6 айында барлығы соттарға 96 тұлғаға қатысты 76 іс түсіп, oның: 19-ы нeмeсe барлық тұлғаның 19,8%-ы ҚК-нің 190-бабы бoйынша;

ҚК-нің 222 бабы бойынша - 13 немесе 13,6%;

ҚК-нің 192 бабы бойынша - 6 немесе 6,1%;

ҚК-нің 308 бабы бойынша - 4 немесе 4,1%;

ҚК-нің 315 бабы бойынша - 1 немесе 1,05%;

ҚК-нің 312 бабы бойынша - 9 немесе 9,3%;

ҚК-нің 221 бабы бойынша - 2 немесе 2,09%;

ҚК-нің 176 бабы бойынша – 14 немесе 14,6%;

ҚК-нің 316 бабы бойынша - 5 немесе 5,2%;

ҚК-нің 177 бабы бойынша – 7 немесе 7,2%;

ҚК-нің 184 бабы бойынша - 8 немесе 8,3%;

ҚК-нің 311 бабы бойынша - 6 немесе 6,1%;

ҚК-нің 307 бабы бойынша - 2 немесе 2,09%.
Қорыту барысында қылмыстық жауаптылыққа 2009 жылы 103 тұлға тартылғаны, олардың 64-і ер адам және 39-ы әйел адам екендігі анықталды.

2009 жылы соттардың үкімдері бойынша:

- 35 адам (33,6%) бас бостандығынан айырылды;

- 40 адам (38,8%) шартты түрде сотталды;

- 2 адам (1,9%) қоғамдық жұмыстарына кесілді;

- 1 (0,9%) адам белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылған;

- 23 адамға (22,1%) айыппұл төлету нысанында жаза тағайындалды

- 2 (1,9%) адам Рақымшылық Заңына сәйкес жазадан босатылды.
Ал 2010 жылдың 6 айында қылмыстық жауаптылыққа 77 тұлға, олардың 58-і ер адам болса, 19-ы әйел адам.

2010 жылдың 6 айында облыс соттарының үкімдерімен:

- 28 адам (36,4%) бас бостандығынан айырылды;

- 23 адам (29,9%) шартты түрде сотталды;

- 2 адам (2,5%) қоғамдық жұмыстарына кесілді;

- 2 адам (2,5%) белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылған;

- 22 адамға (28,6%) айыппұл төлету нысанында жаза тағайындалды.
2009 жылдың 12 айында қаржы полициясынан түскен істер бойынша соттармен 13 тұлғаға қатысты іс өндірістен қысқартылып, 5 тұлға ҚК-тің 69 бабына сай қылмыстық жауаптылықтан және 2 тұлға «Ракымшылык жасау туралы» Заңға сай қылмыстық жауаптылықтан босатылып, 1 тұлғаға қатысты 1 іс прокурордың сұрату хаты бойынша және 1 тұлғаға қатысты 1 қылмыстық іс қосымша тергеуге жолданған.

2010 жылдың 6 айында зерделенген істер бойынша 11 тұлғаға қатысты іс қысқартылғаны, 5 тұлға ҚК-тің 69 бабына сай қылмыстық жауаптылықтан босатылып, 1 тұлғаға қатысты 1 іс прокурордың сұрату хаты бойынша және 1 қылмыстық іс қосымша тергеуге жолданған.

Қорыту кезеңінде қаржы полиция органдарынан түскен істер бойынша соттармен ақтау үкімі қабылданбаған.

Сондай-ақ, қорыту барысында қылмыстық істерді жүргізу заңдарының бұзылуына байланысты соттардың дәлелдерді қабылдамау фактілері орын алмағандығы анықталды.

Түскен істерге жасалған қорыту алдын ала тергеу барысында қаржы полиция органдарымен және аудандық және оларға теңестірілген соттарының заңнама талаптарын негізінен сақтайтынын көрсетті. Яғни алдын ала тергеумен дұрыс дәрежеленіп, соттармен тиісті шешім қабылданған.

Мысалы, Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маман-есепшісі болып қызмет атқарған С.Шамбилованың бөлімнің қызметкерлеріне еңбек ақыларынан тыс заңсыз артық ақша аударып, бюджеттің қаражатын талаң-таражға салу фактісі бойынша өзіне қатысты жүріп жатырған тергеу алды тексеріс амалдарын өз пайдасына шешу үшін бірнеше рет Атырау облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Департаментінің Солтүстік аймағы бойынша ауданаралық қаржы полициясы бөлімінің инспекторы А.Аманкуловқа пара ұсынған.

2009 жылдың 14 желтоқсанында 16 сағат 17 минөтте Атырау облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Департаментінің қызметкерлерімен жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында Департаменттің Солтүстік аймағы бойынша ауданаралық қаржы полициясы бөлімінің инспекторы А.Аманкуловтың қызметтік бөлмесінде Атырау облысы Индербор поселкесінің тұрғыны Шамбилова Салтанат Жубандыковна өзіне қатысты жинақталған іс-құжаттар бойынша тексеруді, заңсыз іс-әрекет жасап, өзінің пайдасына шешу үшін 60 000 (алпыс мың) теңге пара беру үстінде ұсталған.

Атап айтқанда, сотта түсінік берген куә, яғни тергеуші Аманкулов Аслан, өзінің өндірісінде Солтүстік аймағы бойынша ауданаралық қаржы полициясы бөлімінің қылмыстар тіркеу журналына 20 қараша 2009 жылы №60/14 санымен тіркелген Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Т.Досымовтың жазған арызы түскенін, осы арыз бойынша тексеріс жүргізу барысында осы бөлімде есепші – бас маман қызметінде жұмыс жасаған Салтанат Шамбилова лауазымды тұлға бола тұра бөлім қызметкерлерінің есеп-шоттарына еңбек ақыларынан артық ақша аударып отырғандығы белгілі болғанын анықтағанын. Тексеріс жүргізу барысында С.Шамбилованың тарапынан осы тергеу алды тексеріс амалдарын қысқарту үшін өзіне қайта-қайта пара ұсыну фактілері орын алып, ол жас маман ретінде заңсыз әрекет жасауға қорқып және өзінің қызметтік мүдделеріне қарсы келетінін ескере отырып, өзінің бастығына баянат арқылы мәлімдегенін. С.Шамбилованы түсініктеме алу үшін келесі бір шақыруында, яғни 14 желтоқсан 2009 жылы ол баянат жазып, Атырау облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Департаментіне телефакс арқылы жолдағанын. Содан кейін Атырау қаласынан қаржы полициясының жедел іздестіру қызметкерлері келіп, жағдайды сұрап, оның қызметтік бөліміне бейнекамера орнатқанын, сол күні шамамен сағат 16:00-де С.Шамбилова келіп, түсініктеме бергеннен кейін, оның жұмыс үстелінің үстіне қол орамалының арасынан ақшаны шығарып қойғанын, өз тарапынан С.Шамбиловаға бұл әрекеті заңсыз екенін түсіндіргенін, қылмыстық жауапкершілік туралы ескерткенін. Сол кезде Атырау облысының қаржы полициясының қызметкерлері келіп, айғақтардың қатысуымен С.Шамбилованы лауазымды адамға пара бергені үшін ұстап алғанын айтып көрсеткен.

Істегі 14 желтоқсан 2009 жылғы оқиға болған жерді қарау хаттамасы және айғақ заттарды алу хаттамасынан сотталушы С.Шамбилованың пара ретінде берген 10 000 (он мың) тенгесі 6 дана, БА 3165867 санды, БГ 2349024 санды, ББ 495907 санды, АА 8567878 санды, АГ 4142945 санды, АГ 3626249 санды екені анықталған.

Бұдан басқа, С.Шамбилованың қылмыстық іс-әрекеті пара беру кезінде тергеуші А.Аманкуловтың арасындағы болған әңгіме «Panasonic» бейнекамерасымен жазылған.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексiнiң 312 бабының 2 бөлігімен айыпталып, Индер аудандық сотының 26 ақпан 2010 жылы Шамбилова Салтанат Жубандыковна аталған бап бойынша кінәлі деп танылып, ҚК-нің 55 бабын қолдану арқылы 250 (екі жүз елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 353 250 (үш жүз елу үш мың екі жүз елу) теңге айыппұл салу жазасын тағайындалып, бұл қаржыны мемлекет пайдасына кірістеуге үкім шығарылған (судья Е.К.Аманғалиев).

Қаржы полиция органдарымен істі дәрежелеу барысында кейбір айыптар артық тағайындалып, соттармен алынып тасталынған.

Қорыту кезеңінде 43 тұлғаға қатысты 26 іс бойынша қаржы полиция органымен ҚК-нің баптары немесе тармақтары артық дәрежеленгендігі анықталды:

2 тұлғаға қатысты 1 іс бойынша ҚК-тің 235 бабының 1 бөлімі;

1 тұлғаға қатысты 1 іс бойынша ҚК-тің 307 бабының 2 бөлімі, 314 бабының 2 бөлімі;

4 тұлғаға қатысты 2 іс бойынша ҚК-тің 218 бабы;

3 тұлғаға қатысты 2 іс бойынша ҚК-тің 314 бабының 2 бөлімі;

7 тұлғаға қатысты 5 іс бойынша ҚК-тің 222 бабының 1 бөлімі;

3 тұлғаға қатысты 1 іс бойынша ҚК-тің 192 бабының 2 бөлімі;

4 тұлғаға қатысты 3 іс бойынша ҚК-тің 177 бабының 3 бөлімінің «б» тармағы;

7 тұлғаға қатысты 3 іс бойынша ҚК-тің 176 бабының 3 бөлімінің «б,г» тармақтары;

2 тұлғаға қатысты 2 іс бойынша ҚК-тің 177 бабының 3 бөлімінің «в» тармағы;

5 тұлғаға қатысты 3 іс бойынша ҚК-тің 325 бабының 2 және 3 бөлімі;

4 тұлғаға қатысты 2 іс бойынша ҚК-тің 314 бабы;

1 тұлғаға қатысты 1 іс бойынша ҚК-тің 308 бабы.

Мысалы, ҚК-нің 176 бабының 3 бөлімінің «б,г» тармақтары,307 бабының 1 бөлімі және 314 бабының 1 бөлімімен Т.Кусаиновты айыптаудағы қылмыстық іс Мақат аудандық сотына жіберілген

Сотпен Т.Кусаинов 1998 жылдың 27-ші тамызындағы Макат ауданы білім бөлімі меңгерушісінің №180 санды бұйрығы негізінде Макат ауданы, Доссор поселкесіндегі С.Шарипов атындағы мектеп-интернатының директоры болып тағайындалғаны, Кусаинов Т. мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамға теңестірілген адам бола тұра осы мектеп-интернаттының ғимаратына жылу орталығы мен екі жылу қазандығын сатып алып,оны газға қосу жұмыстарын жүргізу кезінде қызметтік өкілеттілігін өзі және басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында қызымет мүделеріне кереғар теріс пайдаланғаны анықталған.
  1   2

Похожие:

Қаржы полициясының тергеуіне жататын қылмыстық iстeрді қараудағы сот практикасын талдап қoрыту жөніндeгі анықтама iconЖeкe айыптау қылмыстық iстeрiн қараудағы сот тәжірибесін талдап қoрыту
Атырау облыстық сотының 2010 жылдың eкінші жартыжылдығындағы жұмыс жoспарына сәйкeс, осы жылдың бірінші жартыжылдығында жeкe айыптау...
Қаржы полициясының тергеуіне жататын қылмыстық iстeрді қараудағы сот практикасын талдап қoрыту жөніндeгі анықтама icon673 қылмыстық іс 875 адамға қатысты қаралған, олардың ішінде: ҚР ҚК-нің 175 бабымен – 368/486
Республикасының Қылмыстық кодексінің 175-179, 181 баптарымен көзделген меншікке қарсы қылмыстар туралы қылмыстық істерді қараудағы...
Қаржы полициясының тергеуіне жататын қылмыстық iстeрді қараудағы сот практикасын талдап қoрыту жөніндeгі анықтама iconАтырау облысы соттарымен 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыстық істерді қараудағы сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі ақпарат
Атырау облысы соттарымен 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыстық істерді қараудағы сот төрелігін жүзеге
Қаржы полициясының тергеуіне жататын қылмыстық iстeрді қараудағы сот практикасын талдап қoрыту жөніндeгі анықтама icon2010 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қаралған қылмыстық істер бойынша сот практикасын шолу
Сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмыстық істерді қорытындылаудың көкейтестілігі, ол қазіргі кезде барлық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ...
Қаржы полициясының тергеуіне жататын қылмыстық iстeрді қараудағы сот практикасын талдап қoрыту жөніндeгі анықтама icon2011 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қаралған қылмыстық істер бойынша сот практикасын шолу
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмыстық істерді қорытындылаудың көкейтестілігі, ол қазіргі кезде барлық мемлекеттік...
Қаржы полициясының тергеуіне жататын қылмыстық iстeрді қараудағы сот практикасын талдап қoрыту жөніндeгі анықтама iconЭтил спирті немесе алкогольді өнім айналымы
БтК-нің 163 б./ және таңбалау тәртібі мен ережелерін бұзу жөніндегі /ӘҚБтК-нің 214 б./ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараудағы...
Қаржы полициясының тергеуіне жататын қылмыстық iстeрді қараудағы сот практикасын талдап қoрыту жөніндeгі анықтама iconСоттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолданудағы сот тәжірибесіне шолу туралы анықтама
Осылардан айыптау үкімін шығарумен 1260 адам жөнінде 1009 қылмыстық ісі қаралған
Қаржы полициясының тергеуіне жататын қылмыстық iстeрді қараудағы сот практикасын талдап қoрыту жөніндeгі анықтама iconКалиев аскар москалович қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу қылмыстық сот өндірісінің тиімділігі ретінде
Жұмыс Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Академиясының қылмыстарды тергеуді ұйымдастыру және қылмыстық іс жүргізу кафедрасында...
Қаржы полициясының тергеуіне жататын қылмыстық iстeрді қараудағы сот практикасын талдап қoрыту жөніндeгі анықтама iconҚазақстан республикасының сот жүйесі мен судьяларының МӘртебесі туралы
Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған...
Қаржы полициясының тергеуіне жататын қылмыстық iстeрді қараудағы сот практикасын талдап қoрыту жөніндeгі анықтама iconҚазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы
Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница