Қаржы полициясының тергеуіне жататын қылмыстық iстeрді қараудағы сот практикасын талдап қoрыту жөніндeгі анықтама




Скачать 427.2 Kb.
НазваниеҚаржы полициясының тергеуіне жататын қылмыстық iстeрді қараудағы сот практикасын талдап қoрыту жөніндeгі анықтама
страница2/2
Дата конвертации11.07.2014
Размер427.2 Kb.
ТипДокументы
1   2

Басты сот талқылауында сотталушы Т.Кусаинов өзінің алдын ала тергеумен тағылған айыпты мойындамай, 2007 жылдың 2 қыркүйегі күні Макат аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі оның өтініші бойынша бөлінген 5 000 000 тенгеге мектеп-интернатына жылу орталығы мен екі жылу қазандығын сатып алып,оны газ жүйесіне қосу үшін конкурс жарияланып “Алтын Тек Құрылыс” ЖШС мекемесі конкурс жеңімпазы атанған. 2007 жылдың қыркүйек айында өзі және жеңімпаз “Алтын Тек Құрылыс” ЖШС мекемесімен араларында келісім шарты жасақталып,сол жылдың қыркүйек айында жылу орталығымен екі жылу қазандығын сатып алу үшін алғашқы 2 500 000 тенгені мектеп есеп шотынан мекеме есеп шотына аударған. “Алтын Тек Құрылыс” ЖШС мекемесі алғашқы ақша аударылғанан соң жылу орталығын және екі жылу қазандығын әкеліп орнатқан. Осы барлық жұмыстар атқарылғанан соң ол мектеп есеп шотынан “Алтын Тек Құрылыс” ЖШС мекемесінің есеп шотына қалған ақша 2 500 000 тенгені аударғанын, мекеме директоры Мехмет Кахараман жылу орталығын іске қосу үшін 5 000 000 тенге ақша жетпейді, жылу орталығын орталық газ жүйесіне құбыр тарту арқылы іске қосу үшін қосымша ақша керек дегеннен соң,сол кезде қыс мезгілінің келіп күннің салқындап жатырғандығынан мектепке жылу берілмей қалып балалар тоңып қалады деген оймен не істерін білмей қайтадан аудан әкімшілігінен ақша сұрап өтініш берген. Аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі өтінішін қарап сұраған ақша 1 890 000 тенгені бөліп мектеп-интернат есеп шотына аударған.Осы аударылған ақшаға жылу орталығын газ жүйесіне қосымша құбырлар тартып қосу үшін жұмсалып, жұмыс жасалып біткенен соң 1 890 000 тенге ақшаны мекеменің есеп шотына өзінің есеп шотынан аударып,жылу орталығын іске қосып алғанын, аталған жұмыстар үшін алғаш бөлінген 5 000 000 тенгені және қосымша бөлінген 1 890 000 тенгені мектептің ғимаратын жылыту үшін жұмсаған. Өзінің тарпынан сол ақшадан бірде-бір тиын алмаған. Аталған ақшалар орынды кетіп жатыр деп ойлаған,себебі бұрын соңды ондай көп ақшаны жұмсалатын арнайы бағдарламалар арқылы жұмсалу керектігін білмегендіктен басқа бағдарламалар арқылы жұмсағандығын айтып көрсеткен.

Сотталушы берген жауаптарында өзінің кінәсін мойындамай қаншама бұлтарғанымен, сот оның бұл жауаптарын оның қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кету мақсатында беріп отырған жауаптары –деп санап, төмендегідей зерттеліп айқындалған мән жайлармен дәлелін тауып отыр деген тұжырымға келген.

Сот сотталушының әрекеттеріне жан жақты баға бере отырып, оның жасаған қылмыстық әрекеттеріндегі кінәсі алдын ала тергеу органдарымен ҚК-нің 176 бабының 3 бөлімінің “б,г” тармақтары және ҚК-нің 314 бабының 1 бөлімімен артық дәрежеленген деген тұжырымға келеді, яғни оның әрекеттерінде қызметтік жалғандық жасау және адамдар тобымен алдын ала сөз байласып,өз қызымет бабын пайдаланып, өзіне сеніп тапсырылған мүлікті ірі мөлшерде иеленіп,ысырап қылу белгісінің жоқтығы басты сот талқылауында анықталып отыр,сондықты осы тергеумен артық дәрежеленіп тағылған баптар айыптан алынып тасталуға жатады дген тұжырымға келген.

Бұл қалыптасқан жағдайда, сотталушы Т.Кусайновтың кінәсі алдын ала тергеу органымен ҚК-нің 307 бабының 1 бөлімімен тағылған айып дұрыс дәрежеленген, яғни ол мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамға теңестірілген адам болып,өз қызымет өкілеттілігін кереғар теріс пайдаланып мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соққан.

Мақат аудандық сотының 02 ақпан 2009 жылғы үкімімен Т.Кусаиновты ҚК-нің 307 бабының 1 бөлімімен айыпты деп танып, оған 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 127 300 (жүз жиырма жеті мың үш жүз) тенге айыппұл жазасын тағайындап, 1 (бір) жыл мерзімге мемлекеттік қыз-меттер атқаруға уәкілетті лауазымды атқару құқығынан айырған (судьясы Б.М.Кадыргалиев).

Осы тектес қаржы полиция органдарымен Д.Алтаеваға 176 бабының 3 бөлімінің “г” тармағы (Мақат аудандық соты), Г.Айтуароваға 325 баптың 3 бөлімі, З.Дюсекешовға 177 баптың 1 бөлімі (Жылыой аудандық соты), Ж.Ареновке 222 бабының 2 бөлігі (Атырау қаласының №2 соты) және Е.Сариевке 308 баптың 4 бөлімінің «в» тармағы (Исатай аудандық соты) артық тағайындалған.

Қорыту қылмыстық істер бойынша қаржы полиция органдарымен айыптар дұрыс дәрежеленбейтіндігін көрсетті.

Яғни, аталған кезеңде 19 тұлғаға қатысты 15 іс бойынша қаржы полициясымен дәрежеленіп түскен қылмыстық істер соттармен қайта дәрежеленген, яғни:

1 адамға қатысты 1 іс бойынша ҚК-тің 176 бабының 3 бөлімінен 307 бабының 1 бөліміне;

1 адамға қатысты 1 іс бойынша ҚК-тің 176 бабының 3 бөлімінің «г» тармағынан 316 бабының 1 бөліміне;

1 тұлғаға қатысты 1 іс бойынша ҚК-тің 176 бабының 3 бөлімінің «б,г» тармақтарынан 307 бабының 2 бөлімі және 314 бабының 2 бөліміне;

1 тұлғаға қатысты 1 іс бойынша ҚК-тің 176 бабының 3 бөлімі және 307 бабының 1 бөлімінен 316 бабының 1 бөліміне;
1 тұлғаға қатысты 1 іс бойынша ҚК-тің 311 бабының 4 бөлімінен 311 бабының 1 бөліміне;

2 тұлғаға қатысты 1 іс бойынша ҚК-тің 308 бабының 4 бөлімінен 308 бабының 2 бөліміне;

3 тұлғаға қатысты 1 іс бойынша ҚК-тің 325 бабының 1 бөлімінен 325 бабының 2 бөліміне;

7 тұлғаға қатысты 6 іс бойынша ҚК-тің 190 бабының 2 бөлімінен 190 бабының 1 бөліміне;

2 тұлғаға қатысты 2 іс бойынша ҚК-тің 311 бабының 2 бөлімімен 177 бабының 2 бөлімінің «в» тармағына.
Мысалы, Т.Басыгариев ҚР ҚК-нің 311-бабының 2-бөлімімен және ҚР ҚК-нің 311-бабының 4-бөлімінің «г» тармағымен айыпталған.

Сотпен Т.Басыгариев 2009 жылғы 3 маусымда, сағат 15-30 шамасында Жылыой аудандық аумақтық инспекциясының техникалық қадағалау бас маманы жұмысын атқарып жүріп, мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам бола тура, өзіне қызмет бабы бойынша кең берілген құзырын, соның ішінде тракторист-машинистердің куәліктерін беруді пайдалана отырып, ал берілетін тракторист-машинист куәліктеріне мөр мен қолды өзінің ғана қоятының, яғни бұл өкілеттіліктің өз құзырында екендігін ескеріп қылмыстық жолына түсіп өзінің қызмет кабинетінде азамат М.Жумановтан сериясы АВ, №058882 нөмерлі «А», «В» категориялы ескі тракторист-машинист куәлігінің орнына сериясы ТМ, 0092306 нөмерлі «А», «В», «Д» категориялы жаңа тракторист – машинист куәлігіне ауыстырып бергендігі үшін өз қолымен 7000 (жеті мың) теңге ақшаны пара ретінде алғандығы анықталған.

Сөйтіп, Т.Басыгариев ҚК-нің 311-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмысты жасаған немесе қылмыстық дәрежесі бойынша – мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның өзi пара берушiнiң пайдасына жасаған iс-әрекетi үшiн ақша, пара алуы.

Сот отырысында Т.Басыгариев тағылған кінәні жартылай мойындап, ол 2009 жылғы 3 маусымда сағат 15-30 шамасында азамат М.Жумановтан, ескі тракторист-машинист куәлігін жаңа куәлікке «Д» категориясын қосып бергендігін үшін 7000 теңге ақша өз кабинетінде алғандығын мойындайтынын, ал С.Ідірбаевтан ол ешқандай ақша алмағанын, сол себепті С.Ідірбаевтың құжаттары өзіне қашан келіп түскендігі есінде жоқтығын, алдын ала тергеуде алғашқы берген жауаптарында пара алғандығын уайымдап жүріп сондықтан азамат С.Ідірбаевтан да 5 000 теңге ақша алдым деп жауап бергендігін, осы жауабын С.Ідірбаевпен беттестіру барысында растап бекіткенін, алайда ол қазіргі кезде, азамат С.Ідірбаевтан пара ретінде ешқандай ақша алмағанын, өзінің жұмыс орындағы жәшік тартпасынан табылған 5000 теңге ақша өзінің ақшасы екенін, айтып көркеткен.

Сотталушы Т.Басыгариевтың қылмыстық әрекеттері тергеу органымен ҚК-нің 311-бабының 2-бөлімімен және ҚР ҚК-нің 311-бабының 4-бөлімінің «г» тармағымен қате дәрежеленген себебі сотталушының қылмыстық әрекеттерінде бұл өз дәлелін таппаған.

Сотталушы Т.Басыгариев тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкiлеттiк бойынша өкiметтiң өкiлi қызметiн жүзеге асырушы не мемлекеттiк органдарда, ұйымдастырушылық-әкiмшiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық қызметтердi орындаушы адамдар лауазымды адамдарға жатпайды.

«Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңының 1-тармағына сай лауазымды адам – ұдайы, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша өкімет өкілінің міндеттерін жүйеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық-өкім берушілік немесе әкімшілік–шаруашылық қызметтерді орындайтын адам.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Атырау облысындағы тәртіптік кеңесінің басқарма бастығы тәртіптік кеңес төрағасының сотқа жолдаған хатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы №501 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізіліміне «Жылыой аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас маманы С-R-4 санаты бойынша мемлекеттік әкімшілік қызметшілер санатына жатқызылатынын көрсетілген.

Бұл негізінде сот іс бойынша Т.Басыгариев лауазымды адам санатына жатпайды деп есептеген.

Алдын ала тергеумен сотталшы Т.Басыгариев М.Жумановтан пара алған фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бірақ Т.Басыгариевке қатысты ол Ідірбаевтан пара алған жөнінде қылмыстық іс қозғалмай 2009 жылғы 5 маусымда Атырау облысы бойынша ЭСЖҚК Департаментінің Тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі қаржы полициясының подполковнигі Б.Акылбековтың сотталушы Басыгариевке қатысты ол М.Жуманов пен С.Ідірбаевтен пара алғаны фактісі бойынша ҚК-нің 311 бабының 4 бөлімі «г» тармағымен қылмыстық іс қозғалған. ҚК-нің 311 бабының 4 бөлімі «г» тармағында көзделген іс-әрекетінің дәрежеленуі  осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер олар: әлденеше рет жасалса. Бірақ алдын ала тергеуде немесе сот тергеуде Т.Басыгариев азамат Ідірбаевтан тракторист-машинист куәлігін ауыстыру үшін 5000 теңге пара алғандығы дәлелденбеген.

Т.Басыгариев ол жөнінде бірінші тағылған кінәні мойындап содан кейін іс қозғалғаннан кейін /ҚК-нің 311 бабының 4 бөлімі «г» тармағында көзделген/ тағылған кінәсін толық мойындамаған. Бұл жерде С.Ідірбаевтың ол Т.Басыгариевке 5000 теңге пара берген жөнінде жауабынан басқа дәлелдемелер жоқ.

ҚР Жоғарғы Сотының 1995 жылғы 22 желтоқсандағы «Парақорлық үшін жауапкершілік жөніндегі заңнаманы соттардың қолдану тәжірибесі туралы» № 9 нормативтік қаулысының 7-тармағына сәйкес параны алу қылмыстары кемі рет екі рет жасалынса, онда аталған қылмыстар әлденеше рет жасалған деп есептелінеді.

Бірақ Т.Басыгариев іс бойынша параны екі рет алғаны жөнінде өз дәлелін таппаған.

Сонымен қатар, ҚІЖК-нің 119-бабының 4-бөліміне сәйкес айыпталушының қылмыс жасаудағы өзінің кінәсін мойындауы оның кінәлілігі бар дәлелдемелердің жиынтығымен расталған кезде ғана айыптау негізіне жатқызылуы мүмкін деп көрсетілген. Бірақ Т.Басыгариев ол С.Ідірбаевтен пара алған жөнінде айып тағылмағанда айтқан, содан бұл іс-әрекетін мойындамаған. Сот іс-бойынша сотталушы Басыргалиев пара алғанын куә С.Ідірбаев қана көрсеткен, жиналған дәлелдемелер жиынтығын жеткіліктісіз деп есептеген.

Бұл негізінде сот Т.Басыгариевтің қылмыстық әрекеттерін ҚК-тің 311-бабының 1-бөлімімен дәрежеленуге жатады деп есептейді, яғни ол мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның өзi пара берушiнiң пайдасына жасаған iс-әрекетi үшiн ақша, пара алған деген тұжырымға келіп, Жылыой аудандық сотының 25 тамыз 2009 жылғы үкімімен Т.Басыгариевты ҚК-нің 311-бабының 1-бөлімімен айыпты деп танып,оны осы баппен 3 (үш) жыл мерзімге техникалық қадағалау бас маманы қызметпен айналысу құқығынан айырып, мүлкiн тәркiлеп 1 (бір) жыл мерзімге бас бостандығынан айырған (судья Е.А.Майпасов).

Сондай-ақ, С.Ерекенов, Г.Нурсафиева, А.Утемисов (Исатай аудандық соты) және А.Төлеген (Индер аудандық соты) қылмыстық істері бойынша қаржы полиция органдарымен ҚК-тің 190 бабының 2 бөлімінің «б» тармағымен айыпталып сотқа түсіп, соттармен 190 бабының 1 бөліміне қайта дәрежеленген.

2009 жылдың 12 айында қаржы полициясынан түскен істер бойынша соттармен 1 тұлғаға қатысты 1 іс прокурордың сұрату хаты бойынша және 1 тұлғаға қатысты 1 іс қосымша тергеуге, ал 2010 жылдың 6 айында зерделенген істер бойынша 1 тұлғаға қатысты 1 іс прокурордың сұрату хаты бойынша және 1 тұлғаға қатысты 1 қылмыстық іс қосымша тергеуге жолданған.

Атап айтқанда, Жылыой аудандық сотымен 2009 жылы ҚК-нің 307 бабының 1 бөлімімен, 314 бабының 1 бөлімімен айыпталған К.Умирзакованың және 2010 жылы ҚК-нің 222 бабының 1 бөлімімен айыпталған К.Торемуратовтың қылмыстық істері прокурордың сұрату хаты бойынша кері жолданған.

Ал, ҚК-тің 312 бабының 2 бөлімімен айыпталған Н.Балгинбаевқа қатысты қылмыстық іс Жылыой аудандық сотының 10 шілде 2009 жылғы қаулысымен қосымша тергеуге жолданған (судья Е.А.Майпасов).

Яғни, алдын ала тергеу органымен тағылған айыпталушы Н.Балгинбаев Жылыой ауданы, Жем селолық округінің әкімі қызметін атқарып жүріп округтегі қоқыс қалдықтары тазалау жұмыстарын атқару үшін «Жылыой тазалық» ЖШС-нің директоры Б.Абдрахмановпен құны 749 550 теңгеге келісім шартқа отырып, бұл жұмыстары орындалмасада, 2007 жылдың 10-19 желтоқсан аралықтарында форма №2, форма №3 актілерге орындалғандығы жөнінде жалған мәліметтер енгізу арқылы, қолдарын қойып, мемлекеттік бюджеттен бөлінген 749 550 теңге қаражатты ысырап еткенін, тергеу алды тексеріс барысында Н.Балгинбаев Н.С. Оңтүстік аймағы бойынша АҚПБ-ның АМІЖ аға инспекторы Ә.Бисенкуловқа бұрын берген түсініктемесін және 2007 жылдын 10-19 желтоқсан аралықтарына жаған қол қойылған форма №2, форма №3 актілерінің мерзімін өзгертіп, өзіне қатысты жинақталған 2009 жылғы 7 мамырда №37 санымен тіркелген тексеру құжаттарын өз пайдасына шешу мақсатында, яғни көрінеу заңсыз іс-әрекет жасау үшін, лауазымды адамға, Ә.Бисенкуловқа 2009 жылғы 14 мамырда сағат 17.00 шамасында Құлсары қаласында орналасқан Оңтүстік аймағы бойынша АҚПБ-ның ғимаратында, Ә.Бисенкуловтың қызметтік бөлмесіне келіп, лауазымды адам,Ә.Бисенкуловқа 250 000 теңге ақшаны пара ретінде бергені көрсетілген.

Оңтүстік аймағы бойынша АҚПБ-ның АМІЖ аға инспекторы Ә.Бисенкуловтың мәлімдемесі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Н.Балгинбаев қылмыстық жауаптылыққа тартылып Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 312 бабының 2 бөлігімен сотқа берілген.

Сотталушы Н.Балгинбаев пен оның қорғаушысы И.Енсепов басты сот талқылауын сот отырысында қылмыстық істі қосымша тергеу үшін қайтару жөнінде жазбаша өтінішінде алдын-ала тергеу істі жүргізген уақытта қаралып отырған қылмыстық іске байланысты басқа қылмыстық жауапкершілікке тартуға болатын қылмыстық әрекет болғанын айтып көрсеткен.

Сотталушы ретінде жауапталған Н.Балгинбаев аталған қылмыстық іс бойынша тағылған кінәсін мойындамай, 2002 жылдан бері Құлсары қаласы, Жем селолық округінің әкімі болып қызмет атқаратынын, міндетіне ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайларын жақсарту және ұйымдастыру, әлеуметтік сала мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру, басшылық жасау, ауылдың әлеуметтік экономикалық дамуын ұйымдастыру, жоғарғы органдардан келген тапсырмаларды шешу, тұрғындардың арыз-шағымдарын шешу және тағы басқалар кіретіндігін, 10 желтоқсан 2007 жылы елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша «Жылыой тазалық» ЖШС-нің директоры Б.Абдрахмановпен құны 749 550 теңгеге келісім шартқа отырғандығын, 2007 жылдың 19-24 желтоқсан аралығында тазалық жұмыстары «Жылыой тазалық» ЖШС-мен жүргізілгендігін, форма №2,3 актілері негізінде 24 желтоқсан 2007 жылы 749 550 теңге келісім шарт бойынша аударылғандығын, қазіргі кезде зайыбының өтін, қарынын алдыртып тастағандығын, төсек тартып ауырып жатқандығын, өзінің ауыр психикалық күйде жүргендігін, сондықтан зайыбын емдету үшін 2009 жылдың 05 мамырынан бастап кезекті еңбек демалысында жүрген кезде оның ұялы телефонына қаржы полиция қызметкері өзін А.Бисенкуловпын деп таныстырып, «Жылыой-тазалық» ЖШС-мен жасалған жұмыс бойынша актілер дұрыс жасақталмағандығы туралы бірнеше рет телефон соғып шақыртқандығын, қоймай телефон соға бергесін барғанын, сол уақытта қаржы полиция қызметкері А.Бисенкулов тазалық жұмыстары бойынша жасалмаған жұмысқа актіге қол қойғандығын, төлем тапсырысы бойынша 10-19 желтоқсан 2007 жылы ақша аударғандығын, айтқан кезде, ол оған шын мәнісінде жұмыстың желтоқсан айының 19-24-да аралығында жасалғандығын айтқандығын, сол актіні өзгерту үшін ол А.Бисенкуловқа сеніп қалып оған 250 000 теңге ақша бергенін, сол кезде қаржы полиция қызметкерлерімен ұсталғандығын, өзінің іс-әрекетіне өкінетіндігін айтып көрсетті.

Сот іс-материалдарды зерттеп, Н.Балгинбаев пен оның қорғаушысы И.Енсеповтың өтінішін, іске қатысушы адамдардың пікірін, куәлердің жауаптарын тыңдап, алдын ала тергеу органымен тағылған айыпта Н.Балгинбаев Оңтүстік аймағы бойынша АҚПБ-ның АМІЖ аға инспекторы Ә.Бисенкуловқа бұрын берген түсініктемесін және 2007 жылдын 10-19 желтоқсан аралықтарына оған қол қойылған форма №2, форма №3 актілерінің мерзімін өзгертіп, өзіне қатысты жинақталған 2009 жылғы 7 мамырда №37 санымен тіркелген тексеру құжаттарын өз пайдасына шешу мақсатында, яғни көрінеу заңсыз іс-әрекет жасау үшін пара бергенін көрсетілген. Бірақ алдын ала тергеумен Б:Балгинбаевтың Жем селолық округінің әкімі қызметін атқара жүріп, округтегі қоқыс қалдықтары тазалау жұмыстарын атқару үшін «Жылыой тазалық» ЖШС-нің директоры Б.Абдрахмановпен құны 749 550 теңгеге келісім шартқа отырып аталған жұмыстарды жасамай мемлекеттік бюджеттен бөлінген 749 550 теңге қаражатты ысырап еткенін жөнінде дәлелденген жоқ. Себебі қазіргі кезде Оңтүстік аймағы бойынша АҚПБ-ның АМІЖ-нің қызметкерлерімен бұл жөнінде тексеріс жүргізіліп, осы күнге дейін процессуалдық шешім алынбағандығын ескеріп, қылмыстық істі қосымша тергеу үшін қайтаруға жатады деп есептеген.

Сондай-ақ, Атырау қалалық № 2 сотымен ҚК-тің 176 бабының 3 бөлімінің «б» тармағы, 325 бабының 1-ші және 3- ші бөлімдерімен Н.Садыковаға қатысты қылмыстық ісі бойынша сот отырысында алдын ала тергеу кезінде тергеушімен ұсынылған құжаттарға дұрыс баға берілмей, оларды сот сараптамасына ұсынылмағандықтан сот қосымша тергеуге жолдаған (Судья Даулешова Г.Г.).

Алайда, аталған іс бойынша шығарылған қаулы апелляциялық сот алқасында апелляциялық наразылықпен түсіп, қаралып, қаулының күші жойылып, істі басқа құрамда қарауға жолдаған.

Соттармен 2009 жылы соттармен қаржы полициясы органдарының істері бойынша 12 жеке қаулы қабылданған, олар: 1- «Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейіндік инспекциясы» мемлекетік мекемесіне, 6-прокуратура органына, 4- Атырау облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне, 1- Атырау облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментіне шығарылған.

Ал 2010 жылдың 6 айында Жылыой ауданы бойынша Жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығына 1 жеке қаулы шығарылған.

Аталған кезеңде Атырау облыстық сотының апелляциялық сот алқасымен 3 жеке қаулы шығарылған, олар: прокуратураға-1, әділет министрлігіне-1, судьяға-1.

Қорыту кезеңіндегі Қылмыстық іс жүргізу заң нормаларын сақталмауынан қаржы полиция органы мен прокуратураға 10 жеке қаулы шығарылған.

Мысалы, ҚК-нің 190 бабының 2 бөлімі, “б” тармағымен айыптаған Ж.Ахметовке қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысында қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу амалдары орыс тілінде жүргізілгендігі, сот талқылауында сотталушы Ахметов Ж.Ж., өзі қазақ және орыс тілін жетік меңгергенімен, өзінің ана тілі қазақ тілі болғаны себепті осы тілде өз ойын толығырақ жеткізе алатынын көрсетіп, іс бойынша өндірісті қазақ тілінде жүргізуді сұраған.

Сонымен қатар сотталушы сотқа берген түсінігінде, алдын ала тергеуде оған орыс тілінде сұрақ қойылған соң ол орыс тілінде жауап бергенін, іс жүргізуді орыс тілінде жүзеге асыруды сұрамағанын көрсеткен.

Іс құжаттарында (і.б.104) сотталушы Ж.Ж.Ахметовтың орыс тілінде жазылған арызы тіркелгендігі, арызында Ахметов Ж.Ж., өзі орыс және қазақ тілін жақсы білетінін көрсетіп, тілмәш қызметін қажет етпейтінін көрсеткен, және оған сезіктінің ҚІЖК-нің 68 бабында көрсетілген құқықтары түсіндірілгенін мәлімдеген.

ҚІЖК-нің 30 бабының 1 тармағы негізінде, Қазақстан Республикасында қылмыстық сот ісін жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда сот ісінде мемлекеттік тілмен бірдей орыс тілі немесе басқа да тілдер қолданылады.

ҚР Конституциясының 7 бабының 1 тармағында Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл болып қазақ тілі бекітілген.

Осы қылмыстық іс бойынша айыпталушы, сондай-ақ куәлар мен жәбірленуші өкілдері қазақ ұлтты, мемлекеттік тілді жетік меңгерген, айыпталушы мен жәбірленуші іс бойынша өндірісті орыс тілінде жүргізуді өтінбеген, яғни сот өндірісін орыс тілінде жүзеге асыру қажеттілігі іс бойынша туындамаған.

Бұндай жағдайда сот, алдын ала тергеу орны – Қазақстан Республикасы экономикалық қылмыстар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаментінің тергеу басқармасы ҚР Конституциясының 7 бабының 1 тармағының талаптарын орындамай, ҚІЖК-нің 30 бабының 1 бөлігін өрескел бұзған деген қорытындыға келіп, алдағы уақытта бұндай мән-жайларды болдырмау мақсатында Департамент бастығының назарына беру қажет деп табады (судья Е.М.Жапаров).

Осы тектес, Атырау қалалық сотының 02 ақпан 2009 жылғы үкімімен Н.Гапуов ҚК-тің 311 бабының 2 бөлімімен айыпты деп танылып, ҚК-тің 55 бабын қолданып, 1 жыл бас бостандығынан және 3 жыл мерзімее мемлекеттік қызметтегі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылған.

Осы үкіммен Н.Гапуов ҚК-тің 307 бабының 2 бөлімі бойынша ақталған.

Басты сот талқылау кезінде алдын ала тергеу кезінде Қылмыстық іс жүргізу заң нормаларын сақталмағандығы, яғни, ҚІЖК-нің 198 бабында қылмыстық iс бойынша алдын ала тергеу ол күрделi немесе оның көлемi үлкен болған жағдайда тергеушiлер тобына (тергеу тобына) тапсырылуы мүмкiн, бұл туралы қылмыстық iс қозғау туралы қаулыда көрсетiледi немесе жеке қаулы шығарылады. Бұл туралы шешiмдi тергеу бөлiмiнiң бастығы қабылдауға құқылы. Қаулыда тергеу жүргiзу тапсырылған барлық тергеушiлер, оның iшiнде топ жетекшiсi - тергеушi көрсетiлуге тиiс. Сезiктi, айыпталушы, жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер мен олардың өкiлдерi iстi тергеушiлер тобының тергейтiнi туралы қаулымен таныстырылуға тиiс және оларға тергеу тобының жетекшісінен, сондай-ақ топ құрамындағы кез келген тергеушiден бас тарту құқығы түсiндiрiледi, ал 199 бабында Тергеу тобының жетекшiсi қылмыстық iстi өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдайды, тергеу тобының жұмысын ұйымдастырады, басқа тергеушiлердiң iс-әрекеттерiне басшылық жасайды делінген.

Н.Гапуовтың қылмыстық ісі бойынша 19 мамыр 2007 жылы Атырау облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің тергеу біөлімінің бастығымен алдын ала тергеу жүргізу үшін топ басшысы Е.Аубекеров болып, полиция инстпекторлары мен тергеу тобы құрылған.

Алайда, топ басшысы Е.Аубекеровпен қылмыстық істі өзінің өндірісіне алу жөнінде қаулы қабылданбаған.

ҚІЖК-нің 203 бабына сәйкес, тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасы тергеу iс-әрекетiн жүргiзу барысында немесе ол аяқталғаннан кейiн бiрден жасалады. Хаттамада iс жүргiзу әрекеттерi олардың болған ретiмен, оларды жүргiзу барысында iс үшiн мәнi бар анықталған жағдайлар, сондай-ақ тергеу iс-әрекетiн жүргiзуге қатысқан адамдардың мәлiмдемелерi жазылады.

Сот отырысында зерттелген 2007 жылдың 18 мамырындағы оқиға болған жерді қарау хаттамасында куәлар Тажибаев пен Жубаназаровтың қатысуымен Н.Гапуов қолындағы 4 дана Өзбекістан Республикаының азаматтырының паспорттарын ұсынды, оның біреуінің ішінде 6 дана 500 теңге теңге және 5 дана 200 теңге , яғни 4000 теңге болған.

Хаттамада маман Н.Шакибаевпен оқиға болған жерді қарау «JVC» бейнекамерасынмен түсірілетіндігі көрсетіліп, сот отырысында бейнетаспаны қарау кезінде Н.Гапуовтан бір қаржы полиция қызметкерінің талабы бойынша Г.Ережепова, У.Абатова, Г.Калмуратова және Г.Бутаевтың паспорттары алынған..

Аталған факт оқиға болған жерді қарау хаттамасында көрсетілмеген.

Сонымен қатар, алдын ала тергеу барысында ҚІЖК-тің 212 бабы талаптары бұзылған.

ҚІЖК-нің 212 бабының 2 бөлімінде жауап алу кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайлардан басқасында күндiзгi уақытта жүргiзiледi делінген.

18 мамыр 2007 жылы тергеуші Е.Аубекеровпен сағат 22.50-де Н.Гапуов пен А.Сатканбаеваны беттестіру әрекеті жүргізіліп, содан кейін Н.Гапуов аталған беттестіру хаттамасына қол қоюдан бас тартқан.

Түнгі мезгілде тергеушімен беттестіру әрекетін жасау себебі хаттамада көрсетілмеген.

Одан басқа, 30 маусым 2008 жылы беттестіру А.Сатканбаева мен А.Байшыгашев арасында тергеуші К.Ахметкуловпен өткізіліп, хаттамаға А.Байшыгашевтың қолы қойылмаған, ол жөнінде ҚІЖК-нің 220 бабының талабы бойынша себебі жазылмаған.

ҚІЖК-нің 24 бабына сай қылмыстық iзге түсу органдары нақты деректердi анықтайды, солардың негiзiнде iс үшiн мәні бар мән-жайлар белгiленедi.

07 тамыз 2008 жылы Атырау облысының прокурорының орынбасарының қаулысымен Атырау облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің тергеу бөліміне қосымша тергеу үшін қайта жолданады.

Қаулыда басқа тұлғаларға немесе ұйымдарға Н.Гапуовпен келтірілген зиян анықталмағандығы, қосымша беттестіру және куәларды жауаптау қажеттілігі көрсетілген.

ҚІЖК-нің 197 бабының 2 бөлімінде прокурордың тергеушiге, тергеу бөлiмiнiң бастығына, анықтау органына, анықтау органының бастығына және анықтаушыға осы Кодексте көзделген тәртiппен берген нұсқаулары мiндеттi болып табылады делінген.

Тергеушімен қосымша беттестіру және куәларды жауаптау жасақталып, басқа тұлғаларға немесе ұйымдарға Н.Гапуовпен келтірілген зиян анықтау туралы Атырау облысының прокурорының орынбасарының қаулыда көрсетілген талабын орындамай, істі Атырау қалалық прокурорға, одан сотқа жолданған.

ҚІЖК-нің 387 бабының 2 бөліміне сай анықтау, алдын ала тергеу жүргiзу кезiнде немесе iстi төменгi сот қараған кезде жiберiлген, азаматтардың құқықтарын бұзу және заңның басқа да бұзылуы байқалып, сотпен жеке қаулы шығарылған.

Сотпен аталған іс бойынша 3 жеке қаулы шығарылған.

Алдағы уақытта осындай кемшіліктерді болдырмау мақсатында тергеуші Е.Аубекеровтың жіберген кемшіліктері үшін Атырау облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығының назарын аударуға-1, Атырау қалалық прокурорының жіберген кемішілктері үшін Атырау облысы прокурорының назарын аударуға-1 және сот отырысында куә А.Сатканбаеваның жалған жауап беруіне байланысты Атырау қалалық прокурорынын назарын аударуға -1 (судья Рахимджанова Г.Ә.).

Сонымен қатар, 2009 жылы апелляциялық сот алқасына 31 үкімге шағымдар мен наразылықтар келтіріліп, 24 үкім өзеріссіз қалдырылып, 4 үкім өзгертіліп, 3 үкімнің күші жойылған, қадағалау алқасына 7 үкім мен қаулығы шағым мен наразылық келтіріп, 2 үкім өзгертіліп, 5 шағым бойынша қадағалау өндірісін қозғаудан бас тартылған.

2010 жылдың 6 айында апелляциялық сот алқасына 21 үкім мен қаулыға шағымдар мен наразылықтар келтіріліп, 19 үкім өзгеріссіз қалдырылып, 1 үкім өзгертіліп, 1 кейіннен 1 наразылық кері қайтарылып алынған, ал қадағалау алқасына 6 үкім мен қаулығы шағым келтіріп, 4 қадағалау өндірісін қозғаудан бас тартылып, 1 үкімнің күші жойылып, 1 өзгеріссіз қалдырылған.

2010 жылдың 6 айында кассациялық сот алқасына шағымдар мен наразылықтар келтірілмеген.

Үкімдердің күші жойылуына сот тергеуінің біржақты қаралып, дәлелдемелердің толық зерттелмеуі, үкімде көрсетілген соттың қорытындыларының шын мән-жайларға сәйкес келмеуі себеп болған.

Атап айтқанда, Индер аудандық сотының 11 маусым 2009 жылғы үкімімен Ш.Кабиев ҚК-нің 176 бабының 3 бөлімінің «б» тармағымен кінәлі деп танып, оған осы баппен 6 (алты) жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға, мүлкін тәркілеуге, бір жылға дейін кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айыруға, ҚК-нің 325 бабының 2 бөлімімен Ш.Кабиевті кінәлі деп танып, оған осы баппен 2 (екі ) жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға, ҚК-нің 325 бабының 3 бөлімімен Ш.Кабиевті кінәлі деп танып, оған осы баппен 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 127.300 теңге айыппұл салуға және ҚК-нің 58 бабының 3 бөлімі негізінде сіңіру жолымен түпкілікті 6 (алты) жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға, мүлкін тәркілеуге, бір жылға дейін кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылған.

А.Куангалиев ҚК-нің 316 бабының 1 бөлімімен кінәлі деп танып, оған осы баппен бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 190.950 теңге айыппұл және К.Хамидуллинге ҚК-нің 316 бабының 1 бөлімімен кінәлі деп танып, оған осы баппен екі айға дейінгі кезеңдегі жалақысы мөлшерінде, яғни 166.360 теңге айыппұл салынған.

Сотпен 2007 жылдың маусым айының 27 жұлдызында Атырау қаласында мемлекеттік сатып алу конкурс хаттамасы негізінде, Индер ауданы, Бөдене ауылындағы су тазарту қондырғысын өзге қызметтері мен жұмыстарын қалпына келтіруді жүргізуге «Дербес Құрлыс» ЖШС жеңімпаз болып танылған. Осы конкурс хаттамасы негізінде, 2007 жылдың шілде айының 17 жұлдызында Бөдене ауылдық округі әкімі аппараты және «Дербес Құрлыс» ЖШС-нің директоры Ш.Кабиев № 11 санды келісім-шартқа отырған. Бұл жұмыстарды орындауға мемлекеттен 3.003.000 теңге бөлінген. Келісім-шарт бойынша «Дербес Құрлыс» ЖШС-гі бұл жұмыстарды 75 күн ішінде орындауды қамтамасыз етуге міндеттенген. Жұмысты тапсырушы Бөдене ауылдық округі әкімшілігі 30 пайыз төлемді алдын-ала төлеп, ал қалған сомалар жұмыстардың орындалу фактісі бойынша жұмыстардың орындалысын қабылдау туралы актісі /форма 2/ бойынша жүзеге асырып, осыны негізге алып Бөдене ауылдық округінің әкімі К.Хамидуллин 2007 жылдың тамыз және желтоқсан айлары аралығында «Дербес Құрлыс» ЖШС-не жалпы 3.003.000 теңге аударған. «Дербес Құрлыс» ЖШС-нің директоры Кабиев Ш. қызмет бабын пайдаланып, 2007 жылдың тамыз және қыркүйек айлары аралығында Бөдене ауылындағы су тазарту қондырғысы , өзге қызметтері мен жұмыстарын қалпына келтіру бойынша жұмыстарын толығымен атқармаса да, өзі алдын-ала жасақтап әкелінген 2007 жылдың тамыз және қыркүйек /күндері көрсетілмеген/ айлары аралығында нақты жасалынған жұмыстың көлемі туралы актісі және жасалынған жұмыстың сомасы жөніндегі анықтамасына, құқықтар беретін немесе міндеттерден босататын құжаттарға 1.762.665 теңгенің жұмыстары толығымен жасалды деп қол қойып, көрінеу жалған құжатты пайдаланып, Бөдене ауылдық округ әкімі К.Хамидуллинге тапсырып өткізген, ал К.Хамидуллин бұл жұмыстардың көлемін тексерместен оған қол қойып, қызмет өкілеттігін теріс пайдаланған. Бұл 2007 жылдың тамыз және қыркүйек айлары аралығында нақты жасалынған жұмыстың көлемі туралы актісінде ұзындығы 2750 м. полипропиленнен жасалған су жүйесіне арналған трубасы жүргізілді деп көрсетіп, ал тексеру кезінде бұл жұмыстар толығымен қондырылмағаны және ұзындыңғы 10 м. болатын темір трубасы жүргізілді деп көрсетіп, ал негізінде бұл жұмыстар толығымен атқарылмағаны анықталған. Сонымен қатар, Кабиев Ш. Бөдене ауылындағы су тазарту қондырғысы,өзге қызметтері мен жұмыстарын қалпына келтіру бойынша жөндеу жұмыстарын толығымен атқармаса да, өзі алдын-ала жасақталып әкелінген 2007 жылдың қазан және қараша айлары аралығындағы нақты жасалынған жұмыстың көлемі туралы актісі және жасалынған жұмыстың сомасы жөніндегі анықтамасына біренеше рет құқықтар беретін немесе міндеттерден босататын құжаттарға 1.240.335 теңгенің жұмыстары толығымен жасалды деп, қол қойып, көрінеу жалған құжатты пайдаланып, Бөдене ауылдық округ әкімі К.Хамидуллинге тапсырып, өткізген, ал, Хамидуллин К. бұл жұмыстардың көлемін тексерместен оған қол қойып, қызмет өкілеттігін теріс пайдаланған. Сондай-ақ, 2007 жылдың қазан айының 03 жұлдызында Индер ауданы әкімінің № 73 санды шешімімен Бөдене ауылындағы су тазарту қондырғысы және өзге де қызметтерін қабылдауға комиссия құрылып, осы комиссияның төрағасы етіп Бөдене ауылдық округінің әкімі К.Хамидуллин тағайындалған. «Дербес Құрлыс» ЖШС-нің директоры Ш.Кабиев бұл жұмыстарды атқармаса да, толығымен атқарылып, аяқталды деп, құқықтар беретін немесе міндеттерден, босататын құжаттарға қабылдау комиссиясының актісіне жалған мәліметтер енгізіп қол қойып, көрінеу жалған құқжаттарды пайдаланып, ал, К.Хамидуллин бұл жасалған жұмыс көлемін тексерместен, бұл қабылдап алу актісіне комсиссия төрағасы ретінде қызмет өкілеттігін теріс пайдаланып қол қойған.

23.12.2008 ж. № 1387 санды сот құрылыс сараптамасымен «Дербес Құрылыс» ЖШС-ның Индер ауданы, Бөдене ауылындағы су тазарту қондырғысы өзге қызметтері мен жұмыстары бойынша атқарылмаған жұмыс сомасының құны 992.859 теңге екендігі анықталған. «Дербес Құрылыс» ЖШС-ның директоры Ш.Кабиев қызмет бабын пайдаланып, 2007 жылдың тамыз және желтоқсан айлары аралығында Бөдене ауылындағы су тазарту қондырғысы, өзге қызметтері мен жұмыстарын қалпына келтіру жұмыстарын атқармай, мемлекетпен оған сеніп тапсырылған ірі мөлшердегі 992.859 теңгесін иеленіп алу арқылы ұрлаған.

К.Хамидуллин мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті лауазымды адам бола-тұра, 2007 жылдың тамыз және желтоқсан айлары аралығында, қызмет өкілеттігін теріс пайдаланып, Атырау облысы, Индер ауданы, Бөдене ауылындағы су тазарту қондырғысын, өзге қызметтері мен жұмыстарын атқаруға міндетіне алған «Дербес Құрлыс» ЖШС-мен бұл жұмыстар атқарылмаса да, атқарылды деп, нақты жасалынған жұмыстың көлемі және жасалынған жұмыстың сомасы туралы арнаулы құжаттарына жалған мәліметтер енгізіп, қызметтік жалғандық жасап, жұмыстар толығымен атқарылмағанын біле-тұра, жұмыстарды қабылдамай тұра, 2007 жылдың желтоқсан айының 25 жұлдызында 10 пайыз төлемді, 225.880 теңгені «Дербес Құрлыс» ЖШС-нің есеп шотына аударып, осыдан кейін, 2007 жылдың желтоқсан айының 28 жұлдызында жұмысты қабылдап алу туралы комиссияның төрағасы болған кезде қызмет өкілеттігін теріс пайдаланып, қызметтік жалғандық жасау арқылы қызмет бөлмесінде отырып, бұл ресми құжатқа қол қойып, мемлекеттің заңмен қорғалатын мүддесін елеулі түрде бұзған.

Сонымен қатар, Ш.Кабиев 2007 жылдың маусым айының 28 жұлдызында Атырау қаласында мемлекеттік сатып алу конкурс хаттамасы негізінде, Индер ауданы, Индербор поселкесі бойынша су жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстаны жүргізуге ол директор болып қызмет атқаратын «Дербес Құрылыс» ЖШС жеңімпаз болып танылған. Осы конкурс хаттамасы негізінде, 2007 жылдың шілде айының 17 жұлдызында Индербор поселкелік округі әкімі аппараты, Индербор поселкелік округінің әкімі А.Куангалиев және «Дербес Құрылыс» ЖШС-ның директоры Ш. Кабиев № 22 санды келісім-шартқа отырған. Бұл жұмыстарды орындауға мемлекеттен 22.078.080 теңге бөлінген. Келісім-шарт бойынша «Дербес Құрылыс» ЖШС-гі /орындаушы/ бұл жұмыстарды 120 күн ішінде орындауды қамтамасыз етуге міндеттенген. Жұмысты тапсырушы, яғни Индербор поселкелік әкімшілігі 30 пайыз төлемді алдын-ала төлеп, ал қалған сомалар жұмыстардың орындалу фактісі бойынша жұмыстардың орындалысын қабылдау актісі /форма 2/ бойынша жүзеге асатындығын көрсеткен. Осы негізде Индербор поселкелік округінің әкімі А.Куангалиев 2007 жылдың тамыз және желтогқсан айлары аралығында төлем құжаттары негізінде «Дербес Құрылыс» ЖШС-не мемлекеттен жалпы 18.141.123 теңгені аударған.

Алайда, «Дербес Құрылыс» ЖШС-нің директоры Ш.Кабиев өз қызмет бабын пайдаланып Индербор поселкесі бойынша су жүйесіне жөндеу жұмыстарын толығымен атқармаса да, өзімен алдын-ала жасақтап әкелінген 2007 жылдың тамыз және қыркүйек /күндері көрсетілмеген/айлары аралығындағы нақты жасалынған жұмыстың көлемі туралы актісі және жасалынған жұмыстың сомасы жөніндегі анықтамасына бірнеше рет құқықтар беретін немесе міндеттерден босататын құжаттарға 14.900.000 теңгенің жұмысы атқарылды деп жалған мәліметтер енгізіп, қол қойып, көрінеу жалған құжатты пайдаланып, Индербор поселкелік округ әкімі А.Куангалиевқа тапсырып өткізген, ал А.Куангалиев бұл жұмыстардың көлемін тексерместен, оған қол қойып, қызмет өкілеттігін теріс пайдаланған. 2007 жылдың тамыз және қыркүйек айлары аралығында нақты жасалынған жұмыстың көлемі туралы актісінде полиэтилен трубалары өлшемі 160 мм, ұзындығы 116 м. жүргізілді деп көрсетіп, ал тексеру кезінде тек қана ұзындығы 65 м.полиэтилен трубалары қондырылып ұзындығы 51 м. полиэтилен трубалары қондырылмағаны және осы айларда жасақталған акті бойынша өлшемі д.110 мм, ұзындығы 300 м. полиэтилен трубалары орнатылды деп көрсетіп, ал тексеру кезінде тек қана ұзындығы 134 м полиэтилен трубалары қондырылып, ұзындығы 166 м.полиэтилен трубалары қондырылмағаны белгілі болған. Бұдан басқа Ш.Кабиев Индербор поселкесі бойынша су жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстарын толығымен атқармаса да,онымен алдын-ала жасақталып әкелінген 2007 жылдың қараша және желтоқсан айлары аралығындағы нақты жасалынған жұмыстың көлемі туралы актісі және жасылғанған жұмыстың сомасы жөніндегі анықтамасына бірнеше рет құқықтар немесе міндеттерден босататын арнаулы құжаттарға 1.440.168 теңгенің жұмысы атқарылды деп көрсетіп қол қойып, көрінеу жалған құжатты пайдаланып, Индербор поселкелік округінің әкімі А.Куангалиевқа тапсырып, өткізген, ал А.Куангалиев бұл жұмыстардың көлемін тексерместен, оған қол қойып, қызмет өкілеттігін теріс пайдаланған. Ш.Кабиев Индербор поселкесі бойынша су жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстарын толығымен атқармаса да, өзімен алдын-ала жасақталып әкелінген 2007 жылдың желтоқсан айына нақты жасалынған жұмыстың көлемі туралы актісі және жасалынған жұмыстың сомасы жөніндегі анықтамасына, яғни бірнеше рет құқықтар беретін немесе міндеттерден босататын арнаулы құжаттарға 1.800.955 теңгенің жұмысы атқарылды деп көрсетіп, қол қойып, көрінеу жалған құжатты пайдаланып, Индербор поселкелік округінің әкімі А.Куангалиевке тапсырып өткізген, ал, А.Куангалиев бұл жұмыстардың көлемін тексерместен оған қол қойып, қызмет өкілеттігін теріс пайдаланған. 2007 жылдың желтоқсан айындағы нақты жасалынған жұмыстың көлемі туралы актісінде полиэтилендік материалдан жасақталған қосу қондырғысының политилэндік фитнингілердің 32 данасы қондырылды деп көрсетіп, ал тексеру кезінде тек қана 16 дана плиэтилендік қосу қондырғысы қондырылып, 16 дана полиэтилендік қосу қондырғысы қондырылмағаны анықталған, осы айда жасақталған актісі бойынша өлшемі 1,9 х 1,9 х 0,2 құны 10.000 теңгенің 16 дана темір бетоннан жасалған су құдығының бетіне жабуға арналған тікелей формалы қақпақ орнатылды деп көрсетіп, ал тексеру кезінде бетоннан жасалған су құдығының қондырылмағаны анықталған және осы айдың актісі бойынша өлшемі 1,9 х 1,9 х 0,2, құны 8453 теңгенің 32 дана темір бетоннан жасалған су құдығының бетіне жабуға арналған тіке формалы қақпақ орнатылды деп көрсетіп, ал тексеру кезінде тек қана 15 дана темір бетоннан жасалған су құдығының қақпақтары қондырылып, 15 дана су құдығының қақпақтары орнатылмағаны, ал 32 дана темір бетоннан жасалған жабу қондлырғысы орнатылды деп көрсетіп, тексеру кезінде тек қана 2 дана темір бетоннан жасалған жабу қондырғысы қондырылып, 30 дана жабу қондырғысы қондырылмағаны белгілі болған, 3.02.2009 жылғы № 1721 санды сарапшы қорытындысы бойынша «Дербес Құрлыс» ЖШС-ның Индер ауданы, Индербор поселкесінің су жүйелерін күрджелі жөндеу жұмыстары бойынша атқарылмаған жұмыс сомасының құны 2.500.421 теңге екендігі анықталған.

А.Куангалиев мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті, лауазымды адам бола-тұра, 2007 жылдың тамыз және желтоқсан айлары аралығында қызмет өкілеттігін теріс пайдаланып, Атырау облысы, Индер ауданы, Индер поселкесіндегі су жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын атқаруға міндетіне алған «Дербес Құрлыс» ЖШС-мен бұл жұмыстар атқарылмаса да, атқарылды деп, нақты жасалынған жұмыстың көлемі және жасалынған жұмыстың сомасы туралы арнаулы құжаттарына көрінеу жалған мәліметтер енгізіп, қызметтік жалғандық жасаған, А.Куангалиев «Дербес Құрылыс» ЖШС-мен күрделі жөндеу жұмыстары толығымен атқарылмаса да, атқарылды деп қол қойып, қызметтік жалғандық жасап, мемлекеттің ақша қаражатын жасалмаған жұмыс үшін «Дербес Құрылыс» ЖШС-не аударып, қызмет өкілеттігін теріс пайдаланып, басқа адамдарға артықшылық алу мақсатында, қызмет мүдделеріне кереғар пайдаланып, мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзған.

Сонымен «Дербес Құрылыс» ЖШС-ның директоры Ш.М.Кабиев Индер ауданының Индербор поселкесі бойынша су жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстарын атқармай 2.500.421 теңге және Бөдене ауылы бойынша су жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстарын атқармай 918.439 теңге, жалпы мемлекеттің 3.418.860 теңге ақшасын иеленіп алу арқылы ұрлағандығы анықталған (судья Ғ.Т.Ибрагимов).

Сотта үш сотталушы да кінәларын мойындамай, үкімге апелляциялық шағым келтіріп, апелляциялық сотымен сот сараптамасы тағайындалып, сот сараптамаларының сәйкес келмейтін ереулі қайшылықтарының бар екендігі анықталып, Индер аудандық сотының 3 тұлғаға қатысты үкімінің күші жойылып, қылмыстық істі сол сотқа басқа құрамда жаңадан қарауға жолданған.
Сондай-ақ, Құрманғазы аудандық сотының 17 қыркүйек 2009 жылғы үкімімен Ж.Бисенов ҚК-нің 316 бабы 1 бөлімінде көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағандығы үшін айыпты деп танылып, оған осы бап бойынша 150 (бір жүз елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 194 400 (бір жүз тоқсан төрт мың төрт жүз) теңге құрайтын айыппұл салу жазасын тағайындалған, Ж.Хасанов ҚК-нің 316 бабы 1 бөлімінде көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағандығы үшін айыпты деп танылып, оған осы бап бойынша 150 (бір жүз елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 194 400 (бір жүз тоқсан төрт мың төрт жүз) теңге құрайтын айыппұл салу жазасын тағайындалған, М.Имангалиев ҚК-нің 190 бабының 2 бөлігінің «б» тармағымен және ҚК-нің 325 бабының 1,2 және 3 бөлімдерімен көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағандығы үшін айыпты деп танып, оған: ҚК-нің 190 бабының 2 бөлігінің «б» тармағымен 2 (екі) жылға бас бостандығынан айыруға, мүлкін тәркілемеуге, ҚК-нің 325 бабының 1 бөлігімен 1 (бір) жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 325 бабының 2 бөлігімен 1 (бір) жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 325 бабының 3 бөлігімен 100 АЕК мөлшерінде айыппұл жазасын тағайындауға, ҚК-нің 58 бабының 2 бөлігі негізінде, қатандығы жеңілірек жазаны неғұрлым қатан жазаға сіңіру жолымен түпкілікті жазасын 2 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.

А.Жубатыров ҚК-нің 176 бабының 3 бөлігінің «б» тармағымен, 325 бабының 1,2 және 3 бөлімдерімен көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағандығы үшін айыпты деп танып, оған: ҚК-нің 176 бабының 3 бөлімінің «б» тармағымен, ҚК-нің 55 бабын қолдану арқылы, 2 (екі) жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып, 3 (үш) жылға бас бостандығынан айыруға, мүлкін тәркілеуге; ҚК-нің 325 бабының 1 бөлігімен 1 (бір) жылға бас бостандығынан айыруға; ҚК-нің 325 бабының 2 бөлігімен 1 (бір) жылға бас бостандығынан айыруға. ҚК-нің 325 бабының 3 бөлігімен 100 АЕК мөлшерінде айыппұл жазасын тағайындауға. ҚК-нің 58 бабының 3 бөлігі негізінде, қатандығы жеңілірек жазаны неғұрлым қатан жазаға сіңіру жолымен түпкілікті жазасын 3 (үш) жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.

Д.Бекбусинов ҚК-нің 308 бабының 4 бөлімінің «в» тармағымен және ҚК-нің 314 бабының 2 бөлімімен көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағандығы үшін айыпты деп танып, оған: ҚК-нің 308 бабының 4 бөлімінің «в» тармағымен, ҚК-нің 55 бабын қолдану арқылы 3 (үш) жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып, 3 (үш) жылға бас бостандығынан айыруға; ҚК-нің 314 бабының 2 бөлімімен 2 (екі) жылға бас бостандығынан айыруға. ҚК-нің 58 бабының 3 бөлімі негізінде, қатандығы жеңілірек жазаны неғұрлым қатан жазаға сіңіру жолымен Д.Бекбусиновтың түпкілікті жазасын 3 (үш) жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып, 3 (үш) жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.

Сотпен алдын-ала тергеу органымен, сотталушылар Д.Бекбусиновке ҚК-нің 308 бабының 4 бөлімінің «в» тармағымен, 314 бабының 2 бөлімімен, Ж.Бисеновке ҚК-нің 176 бабының 3 бөлімінің «б, г» тармақтарымен, 314 бабының 2 бөлімімен, Ж.Хасановке ҚК-нің 307 бабының 2 бөлімімен, 314 бабының 2 бөлімімен, А.Жубатыровке ҚК-нің 176 бабының 3 бөлімінің «б» тармағымен, 325 бабының 1, 2, 3 тармақтарымен, М.Имангалиевке ҚК-нің 190 бабының 2 бөлімінің «б» тармағымен, 176 бабының 3 бөлімінің «б» тармағымен айып тағылған.

Атап айтқанда, алдын-ала тергеу органымен анықталғаны, 2007 жылы 21 тамызда Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосында Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратын салу жұмыстарын жүргізу үшін өткізілген ашық «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес конкурс жарияланып, конкурстық комиссия құрамының №13/2 санды шешімімен «Металл Строй Сервис» ЖШС жеңімпаз болып танылған.

2007 жылы 24 тамызда Құрманғазы аудандық құрылыс бөлімінің меңгерушісі Ж. Бисенов, (тапсырыс беруші) және «Металл Строй Сервис» ЖШС-нің директоры А.Жубатыров, (мердігер) ретінде Ганюшкин селосында Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратын салу үшін №4/2007/ОБ санды жалпы құны 15 400 000 теңге тұратын келісім шартқа қол қойған. Құрылыс жұмыстарын 90 күнде бітіруге міндеттеліп, 2007 жылдың 24 желтоқсанына дейін аяқтау белгіленген.

2007 жылы 26 тамызда Ж.Бисенов, «Металл Строй Сервис» ЖШС-нің есеп- шотына, шарт ережесіне сәйкес 30 пайыз мөлшерінде алдын-ала төлемдерді 4581253\05 санды төлем тапсырысы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратын салуға 4 620 000 теңге аудартқан.

24 тамыз 2007 жылы М.Имангалиев, «Букей Султан» ЖШС-нің құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін арнайы рұқсаты (лицензия) жоқ болса да, ҚР-ның 2007 жылғы 11 қаңтардағы №214 «Лицензиялау туралы» және 2001 жылғы 16 шілдедегі №242-11 санды ҚР «Сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметі туралы» Заңдарының талаптарын өрескел бұзып, заңсыз аса ірі мөлшердегі табыс табу мақсатында «Металл Строй Сервис» ЖШС-нің директоры А.Жубатыровпен «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ғимаратын салу туралы 2007 жылы 17 қыркүйекте №13 санды жалпы құны 13 860 000 теңге болатын қосалқы мердігерлік шартқа отырған.

2007 жылы 17 қыркүйектегі №13 санды келісім шарт ережесі бойынша А.Жубатыров, «Букей Султан» ЖШС-нің есеп-шотына құрылыс жұмыстарын бастау үшін 30% пайыз қаражатты алдын-ала аударуы тиіс болғанмен, оны толық сақтамай, 1 қазан 2007 жылы № 30 санды төлем тапсырыс негізінде 1 500 000 теңге, 12.10.2007 жылы №33 санды төлем негізінде 1 000 000 теңге, барлығы 2 500 000 теңге аударған.

Содан кейін, А.Жубатыров, «Букей Султан» ЖШС-і тарапынан алдын-ала төлем ретінде аударылған 2 500 000 теңгеге жасалуы тиіс жұмыстарды қабылдап алмастан және олардың толық орындалмағанын біле тұра, өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде ұрлау мақсатында, «Металл Строй Сервис» ЖШС-і 2007 жылы қазан айында Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратында жалпы құны 7 063 797 теңге болатын құрылыс жұмыстары жүргізілді деп, жасалған жұмыстар және оның құны туралы 2В және 3 нысанды актілер, яғни құқықтар беретін және міндеттерден босататын ресми құжаттарды жасақтап, жұмыстар толығымен жасалмағанын біле тұра, оған көрінеу жалған мәліметтер енгізіп қол қойып, осы көрінеу жалған құжаттарды өз мекемесіне ақша аударту үшін Құрманғазы аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы Ж.Хасановқа берген, яғни көрінеу жалған құжатты пайдаланған.

Құрманғазы аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы Ж.Хасанов, «Металл Строй Сервис» ЖШС-і тарапынан алдын-ала төлем ретінде бөлінген ақшаға жасалуы тиіс жұмыстардың толық жасалмағанын біле тұра, келісім- шарттың 3.3 тармағында көрсетілгендей, аралық төлемақы мердігермен жасалған жұмысы көлемінде төленуге тиіс деп көрсетіле тұрса да, оны өрескел бұзып, мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті теңестірілген адам бола тұра, басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылық алу не ұйымдарға зиян келтіру мақсатында қызмет мүдделерін кереғар пайдаланып, 2007 жылдың қазан айында Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратын салу үшін жасалған жұмыстар және оның құны туралы ф2 нысанды актісіне, яғни ресми құжаттарға жалпы құны 7 063 797 теңге болатын құрылыс жұмыстары жүргізілді деп көрінеу жалған мәліметтерді енгізіп, оған қол қойып, Құрманғазы аудандық құрылыс бөлімінің бастығы Ж.Бисеновке берген.

Өз тарапынан, Ж.Бисенов, тапсырыс беруші ретінде жасалған жұмыстар туралы ф2 нысанды актісінде көрсетілген жұмыстардың толық орындамалғанын біле тұра, өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде ысырап етіп ұрлау мақсатында, атқарылған жұмыстардың құны туралы Ф.3 нысанды актісін толтырып, оны Құрманғазы аудандық қазынашылық бөліміне ақша аударту үшін өткізген. Осы көрінеу жалған ф2 және 3 нысанды актілердің негізінде «Металл Строй Сервис» ЖШС-нің есеп-шотына 2007 жылдың қазан айының 30 жұлдызында №4671258/07-248 санды төлем тапсырысы негізінде заңсыз 7 063 797 теңге аудартқан.

Бұдан кейін, А.Жубатыров өзінің қылмыстық іс- әрекетін одан әрі жалғастыра отырып, 8 қараша 2007 жылы № 40 санды төлем тапсырысы негізінде 1 000 000 теңге және 21 қараша 2007 жылы №46 санды төлем тапсырысы негізінде 500 000 тенге, барлығы 1 500 000 теңге ақшаны «Букей Султан» ЖШС-нің есеп-шотына нақтылы жасалынған жұмыстарды қабылдап алмай, жұмыстардың толық орындалмағанын біле тұра аударып жіберген.

А.Жубатыров және М.Имангалиев, Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратын салуға бөлінген 11 683 797 теңгені алып, жасаған қылмыстарының ізін жасыру мақсатында, алдын-ала қылмыстық сөз байласып, 2007 жылдың желтоқсан айында аталған ғимаратты салу үшін жасалған жұмыстар және оның құны туралы ф2 және 3 нысанды актілер, яғни құқықтар беретін және міндеттерден босататын ресми құжаттарды жасақтап, тек 13 327 912 теңгенің жұмысы жасалғанын біле тұра, оған көрінеу жалған мәліметтерді, яғни жалпы құны 2 072 088 теңге тұратын орындалмаған жұмыс түрлерін, дәлірек айтқанда: 2007 жылдың қазан айында жалпы сомасы 173 458 тенгенің күрделі жөндеу жұмыстары бойынша көлемі 271 48 м2 болатын ғимараттың ішкі сылағы, 174 913 тенгенің отмосткасы, 56 282 тенгенің щебень тас төсеу жұмыстары 116 88 м2; құны 45 671 тенгенің бетон құю жұмыстары 116 88 м2; құны 72 960 тенгенің бетон құю жұмыстары 1636,32 м2, 2007 жылдың желтоқсан айында 1 дана әжетхана құны 99 293 тенге; ғимараттың сыртқы электр жарығы 90 056 тенге; темір шарбақ қоршауы 422 503 тенге; плита жаппасы 97 370 тенге енгізіп, оған қол қойып, осы көрінеу жалған құжаттарды мемлекет ақшасын алу үшін пайдаланып, өздеріне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде иелену арқылы ұрлаған.

2007 жылы 24 желтоқсандағы Құрманғазы ауданы Әкімінің №380-ө санды өкімімен Құрманғазы ауданы Ганюшкин селосында Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратын қабылдау комиссиясысы төрағасы болып Құрманғазы аудандық Әділет басқармасының бастығы Д.Бекбусинов, ал -мүшесі ретінде Ж.Бисенов тағайындалған.

2007 жылы 25 желтоқсанда Ж.Бисенов мемлекеттік қабылдау комиссиясының мүшесі ретінде Ганюшкин селосында Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратын қабылдау барысында, құрылыс жұмыстарының толықтай жасалмағанын, яғни қабылдауға әзір емес екенін біле тұра, 2001 жылы 16 шілдедегі №242-11 санды ҚР-ның «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 73-79 баптарының және 2001 жылы 15 қазандағы №1328 санды ҚР Үкіметі Қаулысының талаптарын өрескел бұзып, өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде ысырап етіп ұрлау мақсатында, пайдалануға жарамды және құрылыс жұмыстары толық орындалған деп көрінеу жалған мәліметтерді қабылдау актісіне заңсыз енгізіп қол қойған.

Осы акті негізінде Ж. Бисенов, жасалған жұмыстар үшін қалған 10% пайыз 3 716 203 теңге қаржыны 2007 жылы 27 желтоқсанда №07-299 санды төлем құжаты негізінде «Металл Строй Сервис» ЖШС-нің есеп-шотына заңсыз түрде аудартып, А.Жубатыровпен алдын-ала қылмыстық сөз байласып, өздеріне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде иелену және ысырап ету арқылы ұрлаған.

Атырау облыстық ғылыми-өндірістік сот құрылыс-экономикалық сараптама қорытындысы мен Атырау облысы бойынша қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасының мамандарының қорытындылары бойынша Ганюшкин селосындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратын салу жұмыстары кезінде 2 072 088 теңгенің құрылыс жұмыстарының атқарылмағандығы анықталған.

Сөйтіп, сотталушылар Ж.Бисенов, Ж.Хасанов, Д.Бекбусинов, А.Жубатыров және М.Имангалиев өздерінің қылмыстық іс-әрекеттерімен мемлекетке ірі мөлшерде залал келтіргендігі анықталған (судья М.М.Тулегенов).

Үкімге апелляциялық шағым келтіріліп, апелляциялық сотпен бірінші сатыдағы сот аталған іс бойынша айыптау үкімін шығара тұрып, сотталушылармен жасалған қылмыстың орны, уақыты, оның жасалу тәсілі, кінә нысаны, қылмыстың себептері мен салдарларын анықтамай, яғни сотталушылардың жасаған қылмыстарына сипаттама бермей, үкімнің сипаттамалы бөлігінде алдын ала тергеу органымен қандай айып тағылғанын ғана көрсетумен шектелгендігі, яғни соттың үкімінің сипаттамалы бөлігінде сотталушылардың кінәлілігі немесе кінәсіздігі жөнінде бірінші саты соттың өзінің тұжырымдары бекітілмегендігі, бірінші сатыдағы сот үкімнің дәлелді бөлігінде сотталушылар Бисенов, Имангалиевтердің мемлекет мүлкін ірі мөлшерде иемденгені дәлелін таппаған деп көрсете тұрып, аталған айып бойынша нақты шешім қабылдамай, аталған сотталушыларға ҚК-ның 176 бабының 3 бөлімі «б» тармағымен тағылған айыптың тағдырын ашық қалдырғандығы анықталып, жоғарыда көрсетілген заң бұзушылықтар істің дұрыс, заңды шешілуіне ықпал еткен, өйткені бірінші сатыдағы сот кінәлі деп таныған айыптар бойынша да, кінәсіз деп таныған мән-жәйлар бойынша да нақты тұжырымдарын үкімнің сипаттамалы бөлігінде бекітпей, сотталушылардың қандай айып бойынша кінәлі немесе кінәсіз екенін білуге құқықтарын бұзып, қылмыстық іс бойынша сот әділдігін жүргізу міндетін орындамаған деген тұжырымға келіп Құрманғазы аудандық сотының 5 тұлғаға қатысты үкімінің күшін жойып, істі сол сотқа басқа құрамда жаңадан қарауға жолданған.

Сонымен қатар, үкімде сотталушыларға тағылған айып бойынша соттың анықтаған мән-жәйлары бекітілмегендіктен, сотталушылар М.Имангалиев, Ж.Бисенов бөтен мүлкін иемденген деген айып бойынша кінәсіз деп таныла тұрып, нақты шешім қабылдамағандықтан апеляциялық алқамен судья тарапынан жіберілген кемшіліктер үшін жеке қаулы қабылданған.


Қорытынды:
Тұтастай алғанда қаржы полиция органдарының қылмыстық істeрі және ол істерді қарауда сoт практикасын зерделеу, қаржы полиция органдары мен сoттардың қылмыстық жәнe қылмыстық іс жүргізу заңдарының талаптары сақталатындарын көрсeтті.

Сонымен қатар, каржы полициясының қылмыстық іс жүргізу заңдарының нoрмаларын қoлдануда қатeліктeр жібeрeтіні байқалды.
Ұсыныстар.
1. Қорытуды аудандық жәнe oған тeңeстірілгeн сoттарға назарға алу үшін жібeруді.

2. Соттарға осы санаттағы қылмыстық істeрін қарау кезінде іс жүргізу заңының нoрмаларын қатаң сақтауды ұсынуды.


Атырау облыстық сотының

апелляциялық сот алқасы


1   2

Похожие:

Қаржы полициясының тергеуіне жататын қылмыстық iстeрді қараудағы сот практикасын талдап қoрыту жөніндeгі анықтама iconЖeкe айыптау қылмыстық iстeрiн қараудағы сот тәжірибесін талдап қoрыту
Атырау облыстық сотының 2010 жылдың eкінші жартыжылдығындағы жұмыс жoспарына сәйкeс, осы жылдың бірінші жартыжылдығында жeкe айыптау...
Қаржы полициясының тергеуіне жататын қылмыстық iстeрді қараудағы сот практикасын талдап қoрыту жөніндeгі анықтама icon673 қылмыстық іс 875 адамға қатысты қаралған, олардың ішінде: ҚР ҚК-нің 175 бабымен – 368/486
Республикасының Қылмыстық кодексінің 175-179, 181 баптарымен көзделген меншікке қарсы қылмыстар туралы қылмыстық істерді қараудағы...
Қаржы полициясының тергеуіне жататын қылмыстық iстeрді қараудағы сот практикасын талдап қoрыту жөніндeгі анықтама iconАтырау облысы соттарымен 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыстық істерді қараудағы сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі ақпарат
Атырау облысы соттарымен 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыстық істерді қараудағы сот төрелігін жүзеге
Қаржы полициясының тергеуіне жататын қылмыстық iстeрді қараудағы сот практикасын талдап қoрыту жөніндeгі анықтама icon2010 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қаралған қылмыстық істер бойынша сот практикасын шолу
Сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмыстық істерді қорытындылаудың көкейтестілігі, ол қазіргі кезде барлық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ...
Қаржы полициясының тергеуіне жататын қылмыстық iстeрді қараудағы сот практикасын талдап қoрыту жөніндeгі анықтама icon2011 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қаралған қылмыстық істер бойынша сот практикасын шолу
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмыстық істерді қорытындылаудың көкейтестілігі, ол қазіргі кезде барлық мемлекеттік...
Қаржы полициясының тергеуіне жататын қылмыстық iстeрді қараудағы сот практикасын талдап қoрыту жөніндeгі анықтама iconЭтил спирті немесе алкогольді өнім айналымы
БтК-нің 163 б./ және таңбалау тәртібі мен ережелерін бұзу жөніндегі /ӘҚБтК-нің 214 б./ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараудағы...
Қаржы полициясының тергеуіне жататын қылмыстық iстeрді қараудағы сот практикасын талдап қoрыту жөніндeгі анықтама iconСоттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолданудағы сот тәжірибесіне шолу туралы анықтама
Осылардан айыптау үкімін шығарумен 1260 адам жөнінде 1009 қылмыстық ісі қаралған
Қаржы полициясының тергеуіне жататын қылмыстық iстeрді қараудағы сот практикасын талдап қoрыту жөніндeгі анықтама iconКалиев аскар москалович қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу қылмыстық сот өндірісінің тиімділігі ретінде
Жұмыс Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Академиясының қылмыстарды тергеуді ұйымдастыру және қылмыстық іс жүргізу кафедрасында...
Қаржы полициясының тергеуіне жататын қылмыстық iстeрді қараудағы сот практикасын талдап қoрыту жөніндeгі анықтама iconҚазақстан республикасының сот жүйесі мен судьяларының МӘртебесі туралы
Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған...
Қаржы полициясының тергеуіне жататын қылмыстық iстeрді қараудағы сот практикасын талдап қoрыту жөніндeгі анықтама iconҚазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы
Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница