Материалдық айналым құралдары қорларының өзгеруін есепке алу әдістемесі

Скачать 280.09 Kb.
НазваниеМатериалдық айналым құралдары қорларының өзгеруін есепке алу әдістемесі
страница1/2
Дата конвертации27.02.2013
Размер280.09 Kb.
ТипДокументы
  1   2

Қазақстан Республикасы

Статистика агенттігі төрағасының

2012 жылғы «9»қараша

№ 313 бұйрығымен бекітілді

Материалдық айналым құралдары қорларының

өзгеруін есепке алу әдістемесі

Астана 2012

  1. Жалпы қағидалар

  1. Материалдық айналым құралдары қорларының өзгеруін есепке алу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) статистикалық әдіснамада халықаралық стандарттарды енгізу бөлігінде Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын іске асыру аясында «Ұлттық шоттар жүйесіне» (бұдан әрі – ҰШЖ-2008) және Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі жауапты хатшысының 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 240 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Операциялық жоспарының 1. «Ұсынылатын ақпарат сапасын жақсарту» стратегиялық бағытының 1.1 «Экономиканың барлық аяларын, салаларын сапалы көрсеткіштермен қамтамасыз ету және статистикалық деректерді түзуді оңтайландыру» мақсаты 1.1.1 «Статистикалық әдіснаманы және құралдарды жетілдіру» міндеті 1. «ҰЖШ-де және сапалық статистика бойынша жаңа әдістемелерді әзірлеу және қолданыстағыларды қайта қарау тармағының 1.1.3 тармақшасына сәйкес әзірленді.

  1. Осы әдістеменің мақсаты материалдық айналым құралдары қорларының өзгеруін сипаттайтын көрсеткіштерді есептеу тәсілдерін анықтау, сондай-ақ ҰЖШ 2008 енгізу аясында макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеу сапасын арттыру болып табылды.

  1. Әдістемеде ҰЖШ-2008 сәйкес тиісті анықтамалары бар негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) материалдық айналым құралдары – бұл ағымдағы кезеңде немесе бұдан ерте кезеңде пайда болған және сатуға, өндірісте пайдалануға немесе кейінірек басқа пайдалану түрлеріне арналған тауарлар мен қызметтерден тұратын өндірілген активтер;
2) шикiзат және материалдар - кәсiпорынның материалдық айналым құралдарының қорларында болатын және өндiрiсте аралық тұтыну ретінде қолданылатын өнiмдер;
3) аяқталмаған өндiрiс - кәсіпорын өндiрген өзге институционалдық бiрлiктерге жеткізілуі тиіс жағдайда болатындай әлі жеткілікті түрде өңделмеген өнім шығарылымы. Аяқталмаған өндiрiс өсірілетін биологиялық ресурстардың аяқталмаған өндірісіне және басқа аяқталмаған өндіріске бөлінеді;
4) өсірілетін биологиялық ресурстардың аяқталмаған өндiрiсi – бұл ресурстардың басқа институционалдық бiрлiктерге әдетте жеткізілетiн өнiмдi күйіне әлi де жетпеген ресурстардың шығарылымы;
5) басқа аяқталмаған өнiм - басқа институционалдық бiрлiктерге әдетте жеткізілетін өнімді күйіне әлi де жетпеген жеткіліксіз өңделген (өсірінді алынатын биологиялық қорлардан басқа) өнiм шығарылымы;
6) дайын өнiмдер – оларды басқа институционалдық бiрлiктерге жеткізуден бұрын өндiрушi ары қарай өңдеу жүргізуге оқталмайтын өндірілген тауарлар;
7) әскери мақсаттағы материалдық айналым құралдары - қарумен немесе қару-жарақ жүйесімен жеткізілетін оқ-дәрiлер, снарядтар, зымырандар, бомбалар сияқты бiр реттiк қолданылатын объектілер;
8) қайта сатуға арналған тауарлар - бұл көтерме немесе бөлшек сауда кәсіпорындарының клиенттерге қайта сату үшін сатып алатын тауарлары.

  1. ҰШЖ-2008 сәйкес материалдық айналым құралдары

қорларының өзгерісін есепке алу тәртібі

  1. Материалдық айналым құралдары қорларының өзгерісі қорлардың шығып қалудағы құнын шегергендегі және есепті кезең ішінде материалдық айналым құралдары қорларында болған тауарлардың кез-келген ағымдағы шығасыларының құнын шегергендегі материалдық айналым құралдары қорларындағы түсімдердің құны ретінде анықталады. Мұның өзінде олар тиісінше түскен немесе алынған сәтінде болған қолданыстағы, нарықтағы бағалармен бағаланады. Сатып алынған материалдық айналым құралдарының қорлары сатып алушының бағалары бойынша бағаланады. Меншікті өндірістің материалдық айналым құралдарының қорлары негізгі бағалар бойынша бағаланады.

5. Материалдық айналым құралдары қорларының өзгерісі шикізат пен материалдардың, аяқталмаған өндірістің, өсірілетін биологиялық ресурстардың аяқталмаған өндірісінің, басқа да аяталмаған өндірістің, дайын өнімдердің, әскери мақсаттағы материалдық айналым құралдары қорларының және қайта сатуға арналған тауарлардың жиынтығы ретінде анықталады.

  1. Шикізат пен материалдар.

Кәсіпорынның қорында шикізат пен материалдар деп аталған тауарлардың алуан түрлері болады. Олардың ішінде барынша кең таралғандары: отын, өнеркәсіптік және ауылшаруашылық шикізат пен материалдар, жартылай дайын өнімдер, құрастыруға арналған құрамдас бөліктер, орау материалдары, азық-түлік тауарлары, кеңсе тауарлары болып табылады.

Шикізат пен материалдарға кәсіпорынның құндылықтар ретінде сатып алған өнер шығармалары немесе қымбат бағалы металдар немесе тастар жатпайды. Алайда, басқа тауарлар мен қызметтердің өндірісінде аралық тұтыну ретінде алмас, алтынды пайдаланатын кейбір өндірушілер, мысалы, зергерлер немесе тіс дәрігерлері бар. Өндірісте пайдалануға арналған алтын, алмастың қорлары шоттарда шикізат пен материал ретінде сипатталады.

  1. Аяқталмаған өндіріс.

Аяқталмаған өндірістің көптеген әр түрлі нысандары бар: өсіп жетілмеген ауылшаруашылық дақылдарынан бастап аяқталмаған фильмдер мен компьютерлік бағдарламаларға дейін. Алайда, аяқталмаған өндіріс – бұл басқа бірліктерге берілетіндей жағдайға жеткізілмеген шығарылым, бірақ, оған меншік құқығы қажет болған жағдайда берілуге жатады. Мысалы, кәсіпорынның таратылуы сияқты ерекше жағдайлардың кезінде берілген.

Аяқталмаған құрылыс және аяқталмаған күрделі жөндеу де егер олар тапсырыс берушімен келісімшартсыз жүргізілсе және олар үшін төлем түспесе аяқталмаған өндіріске жатады. Құрылысқа арналған келісімшарт болғанда, сондай-ақ шаруашылық әдіспен орындау кезінде аяқталмаған құрылыс және аяқталмаған кұрделі жөндеу негізгі капиталға жатқызылады.

  1. Өсірілетін биологиялық ресурстардың аяқталмаған өндірісі.

Өсірілетін биологиялық ресурстардың аяқталмаған өндірісінде бір рет қолданылатын, өнімді бір-ақ рет беретін өсімдіктерді, ағаш пен малды (өсімдіктерді қырқып тастайды, ағашты кеседі, малды сояды), және ағаштар (жүзім дестелері мен түптері) және жемістер, жаңғақтар, шайыр, сүт, жүн, энергия, көлік қызметтері және көңіл көтерулер сияқты өнім өндіру үшін бірнеше рет қолданылатын немесе бір жылдан астам үздіксіз пайдаланылатын үй малын ажырату қажет.

«Ауыл, орман және балық шаруашылығы» саласы бойынша өсірілетін биологиялық ресурстардың аяқталмаған өндірісін есептеу кезінде «Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп» (индексі 1-ӨҚ, кезеңділігі – жылдық) және «Шағын кәсіпорындар қызметі туралы есеп» (индексі 2-ШК, кезеңділігі – жылдық) статистикалық нысандарының деректері пайдаланылады.

  1. Басқа да аяқталмаған өндіріс.

Басқа да аяқталмаған өндіріс (өсірілетін биологиялық ресурстардын басқа) басқа институционалдық бірліктерге жеткізілетін жағдайда болуы үшін әлі жеткіліксіз өңделе қоймаған өнім шығарудан тұрады.

«Өнеркәсіп» саласы бойынша басқа аяқталмаған өндірісті есептеу барысында «Өнім (тауарлар, қызметтер) өндіру және жөнелту жөніндегі кәсіпорынның есебі» статистикалық нысанының деректері қолданылады. «Құрылыс» саласы бойынша «Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есебі» (индексі 1-ӨҚ, кезеңділігі – жылдық) және «Шағын кәсіпорындар қызметі туралы есеп» » (индексі 2-ШК, кезеңділігі – жылдық) статистикалық нысанының деректері пайдаланылады.

  1. Дайын өнімдер.

Өндіруші өнімді өндірістің басқа да үдерістерінде аралық тұтыну үшін пайдалану мүмкін болған жағдайда белгіленген өндіріс үдерісін аяқтаған кезінде дайын өнім деп саналады.

Дайын өнімнің қорлары оларды өндіретін кәсіпорында ғана болуы мүмкін. Материалдық айналым құралдары қорларының бөлігі болып табылатын дайын өнімдер, қорларға түскен кезінде сол уақытта қолда бар тауарлардың негізгі бағаларымен бағаланады, материалдық айналым құралдары қорларынан шыққан дайын өнімдер, олардың шығуы кезіндегі уақытта қолданыста болған негізгі бағалармен бағаланады.
6) Әскери мақсаттағы материалдық айналым құралдары..

Бір рет қолданылатын әскери мақсаттағы объектілердің көпшілігі шоттарда материалдық айналым құралдары ретінде сипатталады, бірақ жарылғыш қабілеті жоғары зымырандардың кейбір типтерін агрессорларды тежеу бойынша ұзақ уақыт қызмет көрсете алу мүмкіндіктері себебінен негізгі капитал ретінде қарауға болады.
7) Қайта сатуға арналған тауарлар.

Кәсіпорындардың материалдық айналым құралдары қорларына түсетін, қайта сатуға арналған тауарлар нақты немесе шартты түрде сатып алушылардың бағаларымен бағаланады. Бұл бағалар кәсіпорын төлеген кез-келген қосымша көліктік шығыстарды (тауарларды жеткізуші кәсіпорындардан басқа) қамтиды, бірақ тауарларды жеткізуді қабылдаған кәсіпорынның меншікті көлігімен жүргізілген көлік қызметтерінің шығыстары кірмейді. Қайта сатуға арналған тауарлар оларды сатып алатын кәсіпорындардың одан әрі өңдеуіне тартылмайды.
6. Материалдық айналым құралдары қорларының экономика секторлары бойынша өзгерісі.

  1. Қаржылық емес сектор.

Қорлардың өзгеруі кәсіпорынның қаржылық ахуалы туралы есептіліктің немесе басқа есептердің деректері бойынша кезеңнің соңына немесе басына қорлар құнының арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі. Егер кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде қорлар өнімдердің қорға келіп түскен кезіндегі бағаларымен бағаланса, бұл жағдайда көрсетілген нысан деректері негізінде есептелген қорлар өзгерісінің шамасы оның қорда болған уақыттағы баға өзгерісі нәтижесінде өнім құнының өзгеруін көрсетеді.

2) Қаржылық сектор.

Қаржы мекемелеріне материалдық айналым құралдары қорының барлық түрлерінің бар болуы тән емес. Олардың қорларында негізгі қорларға жатпайтын кеңсе керек-жарақтары, жабдық, автокөліктерге, компьютерлерге, ұйымдастыру техникасына арналған қосалқы бөлшектер, түрлі шаруашылық материалдары, аз құнды және тез тозатын заттар болады.

3) Мемлекеттік басқару секторы.

Мемлекеттік басқару секторындағы материалдық айналым құралдары қорының түрлеріне ерекше мемлекеттік маңызы бар және мемлекет болжауға болмайтын жағдайларда (табиғат апаттары, техногенді апаттар, соғыстар) пайдаланатын мемлекеттік резервтер - стратегиялық материалдар, бидай, тамақ өнімдері және басқа да тауарлар қорлары тән.

Мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепте ағымдағы шығыстардың құрамында тауарларды сатып алуға жұмсалған шығыстар көрсетіледі, яғни қорларға түсімдер, бюджеттік мекемелердің кірістері мен шығыстарының сметасын атқару теңгерімінің деректері, онда тауарлық-материалдың құндылықтардың есепті кезеңнің басына және соңына қалдықтары көрсетіледі.

4)Үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар секторы (бұдан әрі - ҮШҚККЕҰ).

Аяқталмаған өндіріс, дайын өнім және қайта сатуға арналған тауарлар қорларға тән емес түрлер болып табылады, алайда олар кәсіпкерлік қызмет ретінде тауар өндірісі және саудамен айналысатын осы сектордың бірлігінде бола алады.

Бухгалтерлік теңгерімдерде материалдық айналым құралдарының қорлары сатып алу сәтіндегі бағалармен есепке алынады, сондықтан, осы деректер негізінде есептелген қорлар өзгерісінің шамасына олардың қорда болған кездегі баға өзгерісі нәтижесіндегі (холдингілік пайда немесе залал) тауарлық-материалдық құндылықтар құнының өзгеруі жатады.

5)Үй шаруашылықтары секторы .

Үй шаруашылықтарының секторында материалдық айналым құралдары қорының өзгерісі өнімнің қорға түсуі және олардан алып қою арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі. Бұл ретте сәйкесінше түсу және алып қою кезіндегі қолданыстағы нарықтық бағаларда бағаланады.

Баға өзгерісінің ықпалын жою үшін есепті кезеңнің басындағы және соңындағы қорларды бағалау осы кезеңнің орташа бағаларында жүргізілетін қарапайымдалған әдіс қолданылуы мүмкін.

  1. ҰШЖ-2008 сәйкес материалдық айналым құралдары қорларының өзгеруін есептеу

7. Есепті кезеңдегі қорлардың орташа бағалардағы құнының өзгерістерін анықтау үшін келесі кезеңдерді қамтитын арнайы есептеу жүргізіледі:

а) бухгалтерлік есептердің деректері бойынша есепті кезеңнің басына және соңына қорлар құнын анықтау;

б) базистік кезең бағаларында есепті кезеңнің басына және соңына қорлар құнын анықтау;

в) есепті кезеңнің орташа бағаларында есепті кезеңнің басына және соңына қорлар құнын есептеу;

г) есепті кезеңнің орташа бағаларында есепті кезең үшін қорлар құнының өзгерістерін анықтау.
Төменде бұл есептеудің барлық кезеңдері көрсетілетін есепті кезеңнің орташа бағаларында қорлар құнының өзгерістерін есептеудің жалпы формуласы келтірілген:

мұнда:

S – есепті кезеңнің орташа бағаларындағы есепті кезең үшін қорлар құнының өзгерісі;

So – бухгалтерлік есептердің деректері бойынша есепті кезең басына қорлар құны;

Sn - бухгалтерлік есептердің деректері бойынша есепті кезең соңына қорлар құны;

Iро – базалық кезең бағаларына есепті кезең басында қорларда бар, өнім сақталған кезең ішіндегі бағалардың орташа индексі;

Ipn – кезең соңына қорларда болған,өнім сақталған кезең үшін базистік кезең бағаларына кезең үшін орташа баға индексі.

Iр – базистік кезең бағаларына есепті кезеңдегі орташа баға индексі.
Барлық индекстер сол бір базистік кезеңге есептелу қажет екендігіне назар аудару қажет.
8. Қорлар мен бағалардың өзгерісі жыл ішінде біркелкі өзгермейтіндіктен, мұндай есептеудің дәлдік деңгейі қорлар мен бағалар индексі туралы қаншалықты жете ақпарат бар болуына байланысты. Негізінде ай сайынғы қорлар құрамының салалық шығу тегі бойынша және өнімдердің сол бір шеңбері бойынша өндірушілердің немесе сатып алушылардың бағалар индекстері жөнінде ақпарат қажет. Бірақ қорлар туралы мұндай ақпаратты кәсіпорындардан алудың қиындығын есепке ала отыра, төменде:

  1. жыл басына және соңына қорлар туралы жылдық есептердің мәліметтерін қолданғанда;

  2. тоқсан басына және соңына қорлар туралы тоқсандық есептердің мәліметтерін қолданғанда материалдық айналым құралдары қорларының өзгерістерін есептеудің екі нұсқасы қарастырылады.

9. Экономикалық қызмет түрлері бойынша материалдық айналым құралдары қорының өзгерісін есептеу кезінде төменде көрсетілген бағалар индекстері қолданылады.

Экономикалық қызмет түрлерінің атауы

Ақпараттың дереккөзі

Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер ұсыну

Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы өнімін өткізу бағасының индексі

Орман шаруашылығы және ағаш дайындау

Қазақстан Республикасында өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасының индексі

Балық шаруашылығы және аквадақыл

Қазақстан Республикасында балық аулау және аквадақыл өнімдері мен қызметтері бағасының индексі

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу/Көмір және лигнит өндіру

Қазақстан Республикасында өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасының индексі

Металл кендерін өндіру

Қазақстан Республикасында өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасының индексі

Кен өндіру өнеркәсібінің басқа салалары

Қазақстан Республикасында өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасының индексі

Тамақ өнімдерін өндіру

Қазақстан Республикасында өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасының индексі

Сусындарды өндіру

Қазақстан Республикасында өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасының индексі

Темекі өнімдерін өндіру

Қазақстан Республикасында өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасының индексі

Тоқыма бұйымдарын өндіру

Қазақстан Республикасында өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасының индексі

Киім өндіру

Қазақстан Республикасында өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасының индексі

Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

Қазақстан Республикасында өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасының индексі

Жиһаздан басқа ағаштан және тоздан жасалған бұйымдарды өндіру; сабаннан және өруге арналған материалдан жасалған бұйымдар өндіру

Қазақстан Республикасында өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасының индексі

Қағаз және қағаздан жасалған өнімдер өндіру

Қазақстан Республикасында өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасының индексі

Жазылған материалдарды басып шығару және жаңғырту

Қазақстан Республикасында өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасының индексі

Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру

Қазақстан Республикасында өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасының индексі

Негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндіру

Қазақстан Республикасында өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасының индексі

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру

Қазақстан Республикасында өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасының индексі

Өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру

Қазақстан Республикасында өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасының индексі

Металлургия өнеркәсібі

Қазақстан Республикасында өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасының индексі

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын жасау

Қазақстан Республикасында өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасының индексі

Компьютерлер, электронды және оптикалық бұйымдарды жасау

Қазақстан Республикасында өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасының индексі

Электр жабдығын өндіру

Қазақстан Республикасында өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасының индексі

Басқа санаттарға кіргізілмеген машиналар мен жабдықтар жасау

Қазақстан Республикасында өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасының индексі

Автокөлік құралдарын, трейлерлер және жартылай тіркемелер жасау

Қазақстан Республикасында өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасының индексі

Өзге де көлік құралдарын жасау

Қазақстан Республикасында өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасының индексі

Жиһаз шығару

Қазақстан Республикасында өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасының индексі

Өзге дайын бұйымдарды жасау

Қазақстан Республикасында өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасының индексі

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

Қазақстан Республикасында өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасының индексі

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау

Қазақстан Республикасында өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасының индексі

Суды жинау, өңдеу және бөлу

Қазақстан Республикасында өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасының индексі

Кәріз жүйесі

Қазақстан Республикасында ақылы қызметтерге бағалар мен тарифтер индексі

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, қалдықтарды кәдеге жарату

Қазақстан Республикасында өнеркәсіп өнімін өндіруші -кәсіпорындар бағасының индексі

Топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және қалдықтарды жою саласындағы өзге де қызметтер

Қазақстан Республикасында өнеркәсіп өнімін өндіруші -кәсіпорындар бағасының индексі

Құрылыс

Қазақстан Республикасы құрылысындағы баға индексі

Автомобильдер мен мотоциклдер көтерме және бөлшек саудада және

оларды жөндеу

Қазақстан Республикасында бөлшек сауда бағасының индексі

Автомобильдер мен мотоциклдер саудасынан басқа, көтерме сауда

Қазақстан Республикасында көтерме сауда бағасының индексі

Автомобильдер мен мотоциклдерді саудан басқа, бөлшек сауда

Қазақстан Республикасында бөлшек сауда бағасының индексі

Құрлық көлігі және құбырмен тасымалдау

Қазақстан Республикасында көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау тарифтерінің индексі

Су көлігі

Қазақстан Республикасында көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау тарифтерінің индексі

Әуе көлігі

Қазақстан Республикасында көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау тарифтерінің индексі

Қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі

Қазақстан Республикасында көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау тарифтерінің индексі

Почталық және курьерлік қызмет

Қазақстан Республикасында ақылы қызметтерге бағалар мен тарифтер индексі

Тұруды ұйымдастыру бойынша қызметтер

Қазақстан Республикасында ақылы қызметтерге бағалар мен тарифтер индексі

Тамақ өнімдері және сусындар ұсыну бойынша қызметтер

Қазақстан Республикасында ақылы қызметтерге бағалар мен тарифтер индексі

Ақпарат және байланыс

Қазақстан Республикасында ақылы қызметтерге бағалар мен тарифтер индексі

Қаржы қызметтері, сақтандыру және зейнетақы қорлары қызметтерін қоспағанда

Қазақстан Республикасында ақылы қызметтерге бағалар мен тарифтер индексі

Қаржыландыру және сақтандыру қызметтерін ұсыну бойынша қосалқы қызмет

Қазақстан Республикасында ақылы қызметтерге бағалар мен тарифтер индексі

Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

Қазақстан Республикасында коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасының индексі

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

Қазақстан Республикасында ақылы қызметтерге бағалар мен тарифтер индексі

Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

Қазақстан Республикасында өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасының индексі

Өнер, ойын-сауық және демалыс

Қазақстан Республикасында ақылы қызметтерге бағалар мен тарифтер индексі

Өзге де қызметтер түрлерін ұсыну

Қазақстан Республикасында ақылы қызметтерге бағалар мен тарифтер индексі

  1   2

Похожие:

Материалдық айналым құралдары қорларының өзгеруін есепке алу әдістемесі iconМКӨЖ өлшеу құралдары ауытқаған және тоқтап қалған кезде мұнайды есепке алу тәртібі
МКӨЖ құрамына кіретін өлшеу құралдары мен жабдықтары ажыратылған немесе тоқтап қалған кезде мұнайды есепке алу тәртібі төмендегі...
Материалдық айналым құралдары қорларының өзгеруін есепке алу әдістемесі iconКөрсету. Көз талғанда жасалатын жаттығулар. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналы. Программалық дидактикалық қамтылуы
Программалық дидактикалық қамтылуы: Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналы. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау алуды тіркеу...
Материалдық айналым құралдары қорларының өзгеруін есепке алу әдістемесі icon«Көкшетау» ұлттық паркіндегі есепке алу жұмыстары
Жануарлардың саны туралы нақты деректер алу үшін жыл сайын есепке алу жұмыстарын жүргізу қажет
Материалдық айналым құралдары қорларының өзгеруін есепке алу әдістемесі iconСақтандыру қызметтерін есепке алу әдістемесі Астана 2011 Кіріспе
Республикасы Статистика агенттігінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының статистикалық әдіснамаға халықаралық стандарттарды...
Материалдық айналым құралдары қорларының өзгеруін есепке алу әдістемесі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ Фитосанитариялық есепке алу нысандарын табыс ету...
Материалдық айналым құралдары қорларының өзгеруін есепке алу әдістемесі iconҚаржылық делдалдық қызметтерінің шығарылымын есепке алу әдістемесі Астана 2011 Кіріспе
Республикасы Статистика агенттігінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын статистикалық әдіснамада халықаралық стандарттарды...

Материалдық айналым құралдары қорларының өзгеруін есепке алу әдістемесі icon2009 жылғы киіктерді авиациямен есепке алу қорытындысы
Бюджеттік бағдарлама шеңберінде 2009 жылы сәуірдің 1 мен 30 аралығында киіктер санын көктемгі авиациямен есепке алу ан-2 ұшағымен...
Материалдық айналым құралдары қорларының өзгеруін есепке алу әдістемесі iconЕкінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметтерін есепке алу әдістемесі Астана 2011 Кіріспе
Республикасы Статистика агенттігінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының статистикалық әдіснамаға халықаралық стандарттарды...
Материалдық айналым құралдары қорларының өзгеруін есепке алу әдістемесі icon«Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу» мемлекеттiк қызмет стандарты Жалпы ережелер Осы «Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу»
Республикасының ақпараттық кеңiстiгiнiң жай-күйiн дұрыс және уақтылы талдау мақсатында Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org

База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница