10-сынып Сабақтың тақырыбы: ҚР ҚК-нің Гарнизондық және қарауылдық қызметтерінің жарғысы. Сабақтың мақсаты




Скачать 53.91 Kb.
Название10-сынып Сабақтың тақырыбы: ҚР ҚК-нің Гарнизондық және қарауылдық қызметтерінің жарғысы. Сабақтың мақсаты
Дата конвертации27.02.2013
Размер53.91 Kb.
ТипДокументы
«Атбұлақ» жалпы орта мектебі жанында

интернаты бар мемлекеттік мекемесінің

алғашқы әскери дайындықты ұйымдастырушы

оқытушысы Ормаш Әсілхан Ерманұлы

10-сынып
Сабақтың тақырыбы: ҚР ҚК-нің Гарнизондық және қарауылдық қызметтерінің жарғысы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қарауылдық қызметті міндеттері мен қарауылдық қызметті ұйымдастыруды ұғындыру.

Уақыт: 45 мин.

Өткізілген орны: 10-сынып, АӘД бөлмесі.

Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, әскери жарғы.

Сабақтың барысы:

А) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

Ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 17 мин.

- Взвод командирі. Саптық жүріспен жүріп өтеді.

- Саптық жүрісте әндету.

- Әскери АНТ-ты жатқа айту.

- Әскери тәртіп әскери қызметшіге нені міндеттейді?

- Көтермелеу мен жазалардың қандай түрлері болады?

- Жауынгерлерге (матростарға) көтермелеу қолданудың реті қандай?

- Тәртіптік жазаны орындау мен белгілеудің реті қандай?

Б) Негізгі бөлім – 15 мин.

ҚР ҚК-нің Гарнизондық және қарауылдық қызметтерінің жарғысы.

В) Қорытынды бөлім – 10 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Қарауыл дегеніміз не?

  • Қарауылдың қандай түрлерін білесіңдер?

  • Қарауыл құрамына кімдер кіреді?

  • Сақшы дегеніміз не?

ӘЖ. Т 5. ҚР ҚК-нің гарнизондық және қарауылдық қызметтерінің жарғысы. Тәуліктік наряд - әскери даярлық пен ішкі тәртіпті сақтауға, әскери бөлімнің жеке құрамын, қару жарағын, әскери техникасы мен оқ-дәрілерін, материалдық қорларын, үй-жайлары мен мүліктерін күзетуге, бөлімшелердегі істің жай-күйін бақылауға және құқық бұзудың алдын алу жөнінде дер кезінде шаралар қабылдауға, сондай-ақ осы жарғыда белгіленген тәуліктік наряд қызметі бойынша басқа да міндеттерді орындауға арналған.

Тәуліктік нарядтың құрамы:

  • бөлім бойынша кезекші;

  • бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі;

  • қарауыл;

  • кезекші бөлімше;

  • парк бойынша кезекші және тәуліктік кезекшілер;

  • кезекші фельдшер және медициналық пункт бойынша тәуліктік кезекшілер;

  • бақылау-өткізу пункті бойынша кезекші және оның көмекшілері;

  • асхана бойынша кезекші және оның жұмысшылары;

  • бөлім штабы бойынша кезекші;

  • кезекші белгі беруші-барабаншы;

  • шабармандар;

  • өрт наряды.

Бөлім бойынша бұйрықпен күнделікті тағайындалатындар: бөлім бойынша кезекші; бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі; қарауылдың бастығы; парк бойынша кезекші; кезекші бөлімше; тәуліктік наряд пен жұмыстарға нарядқа бөлінетін бөлімшелер.

Ротаның тәуліктік нарядына:

  • рота бойынша кезекші; (сержанттар)

  • рота бойынша тәуліктік кезекшілер (жауынгерлер) тағайындалады.

Рота бойынша кезекшінің міндеттері:

Рота бойынша тәуліктік кезекші жауынгерлерден тағайындалады. Ол өзінің қол астында күзетуде тұрған қару-жарақтың, оқ-дәрі салынған жәшіктердің, рота мүліктерінің және жауынгерлер мен сержанттардың жеке заттарының сақталуы үшін жауап береді. Рота бойынша тәуліктік кезекші рота бойынша кезекшіге бағынады.

Рота бойынша тәуліктік кезекші казармалық үй-жайдың ішінде кіре беріс есіктің жанында, қару-жарақты сақтауға арналған бөлменің жанында қызметін өткереді.

Рота бойынша тәуліктік кезекшінің міндеттері:

- рота бойынша кезекшінің рұқсатынсыз үй-жайдан шықпауға, қару-жарақ сақтауға арналған бөлмені үнемі қадағалауға;

- бөтен адамдарды осы үй-жайларға кіргізбеуге, рота бойынша кезекшінің рұқсатынсыз казармадан қару-жарақты, оқ-дәрілерді, мүліктер мен заттарды алып шығуға жол бермеуге;

- ротадағы барлық оқиғалар туралы, жарғыларда белгіленген рота әскери қызметшілері арасындағы өзара қарым-қатынас ережелерін бұзушылық, байқалған ақаулар және өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылғандығы туралы дереу рота бойынша кезекшіге баяндауға, оларды жою жөнінде шаралар қабылдауға;

- жеке құрамды таңертеңгі тұру уақыты кезінде, дабыл немесе өрт болған жағдайда оятуға, күн тәртібіне сәйкес өз уақытында пәрмен беруге;

- үй-жайлардағы тазалық пен тәртіпті қадағалауға және әскери қызметшілердің оларды сақтауын талап, етуге;

- әскери қызметшілердің салқын кезде, әсіресе түнгі уақытта киінбей үй-жайдан шығуына жол бермеуге;

- әскери қызметшілердің темекі шегуді, аяқ киім мен киімдерін тазалауды осыларға арналған орындарда жүзеге асыруына бақылау жасауға;

- ротаға тікелей бастықтары келген кезде «Тіктел!» деп пәрмен беруге, ротаға басқа ротаның әскери қызметшілері келгенде «Рота бойынша кезекші, мұнда кел!» деп шақыруға;

Тәуліктік кезекші рота бойынша кезекшінің қайда жүргенін әрқашанда білуге және әскери қызметшілердің қоғамдық тәртіп пен әскери нысандағы киім кию ережелерін сақтауын қадағалауға міндетті.

Кезекті тәуліктік кезекшіге отыруға, жарақтарын алып қоюға, киімінің түймесін ағытуға тыйым салынады.

Рота бойынша кезекші мен тәуліктік кезекшінің қызмет өткеруіне арналған орынның жабдыкталуы:

  • белгі қабылдайтын және бөлімшелерге хабарлайтын техникалық құралдар;

  • байланыс құралдары (сымтетік, селектор);

  • сағаттар;

  • жарықтандырудың резервтік көздері;

  • тәуліктік күзет кұжаттамасы жазылған стенд болуы тиіс.

Тәуліктік күзет құжаттамасы жазылған стендте мынадай құжаттар болуы тиіс:

  • кезекшіге және оның көмекшісіне қарсыластың ядролық, химиялық және биологиялық қару қолдану қаупі төнген жағдайдағы нұсқаулар;

  • күн тәртібі;

  • телефон станцияларының және лауазымды адамдарды шақыру белгілерінің кестесі;

  • өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша нұсқау;

  • құжаттар мен мүліктердің тізбесі;

  • кезекшілікті қабылдап алу және тапсыру кітабы;

  • ҚР ҚК-нің жарғылар жиынтығы;

Рота бойынша кезекшіде:

  • кезекші беретін үлгілік пәрмендер мен белгілердің тізбесі;

  • ротаның казармадан тыс тұратын әскери қызметшілерінің мекен-жайлары, сымтетіктері мен шақыру тәсілдері және шабармандар жазылған тізім;

  • таңертеңгі дене шынықтыру жаттығуларына арналған киім нысандарының үлгілері;

  • аумақты тазарту үшін ротаға бекітілген учаскенің сызбасы;

  • қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді беру, науқастарды, сейілдемеге шыққандарды тіркеу кітабы;

  • дабыл бола қалған жағдайдағы жолдама қағаздарымен бірге ұрыс машиналарының от алдыру құлыптары мен люктерінің мөрленген жәшіктегі кілттерінің жиынтығы болуы тиіс.



Похожие:

10-сынып Сабақтың тақырыбы: ҚР ҚК-нің Гарнизондық және қарауылдық қызметтерінің жарғысы. Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы: ҚР ҚК-нің Тәртіптік жарғысы. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ҚР ҚК-нде әскери қызметшілерге қолданылатын көтермелеулер мен оларға берілетін тәртіптік жазалар туралы...
10-сынып Сабақтың тақырыбы: ҚР ҚК-нің Гарнизондық және қарауылдық қызметтерінің жарғысы. Сабақтың мақсаты icon19 орта мектеп 11 сынып Тасқұлова А.Қ Сабақтың тақырыбы: Менің Қазақстаным Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: а Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Ел тарихын білу
10-сынып Сабақтың тақырыбы: ҚР ҚК-нің Гарнизондық және қарауылдық қызметтерінің жарғысы. Сабақтың мақсаты iconҚазақ тілі 2-сынып Сабақтың тақырыбы: ю әрпінің жазылуы. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ю әрпінің жазылуы және дыбысталу ерекшелігі туралы түсінік беру
10-сынып Сабақтың тақырыбы: ҚР ҚК-нің Гарнизондық және қарауылдық қызметтерінің жарғысы. Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы: Қазақстанда әскери кадрларды даярлау. Сабақтың мақсаты
...
10-сынып Сабақтың тақырыбы: ҚР ҚК-нің Гарнизондық және қарауылдық қызметтерінің жарғысы. Сабақтың мақсаты icon2-сынып Сабақтың тақырыбы: бала абай. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазақтың классик ақыны Абай Құнанбаевтың өмірімен толығырақ таныстыру
10-сынып Сабақтың тақырыбы: ҚР ҚК-нің Гарнизондық және қарауылдық қызметтерінің жарғысы. Сабақтың мақсаты iconБастауыш сынып мұғалімі Алдешова Гүлмира Белдибекқызы Сабақтың тақырыбы: Ұялы телефон және компьютер Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: ұялы телефон мен компьютердің пайдасы мен зияны туралы түсіндіру
10-сынып Сабақтың тақырыбы: ҚР ҚК-нің Гарнизондық және қарауылдық қызметтерінің жарғысы. Сабақтың мақсаты iconӘдебиет. 11-сынып Сабақтың тақырыбы: С. Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасының композициясы, образдар жүйесі. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға поэманың композициялық құрылымын меңгерте отырып, образдар жүйесіне назар аударту
10-сынып Сабақтың тақырыбы: ҚР ҚК-нің Гарнизондық және қарауылдық қызметтерінің жарғысы. Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы: н дыбысы және әрпі. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Әріптер тізбегіндегі Нн дыбысының құрылымымен таныстыру. Сауатты оқуды жетілдіру
10-сынып Сабақтың тақырыбы: ҚР ҚК-нің Гарнизондық және қарауылдық қызметтерінің жарғысы. Сабақтың мақсаты icon7-сынып 12. 2008. Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторы. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету. Графикалық ақпаратты жасау туралы түсінік беру. Сурет салу дағдыларын...
10-сынып Сабақтың тақырыбы: ҚР ҚК-нің Гарнизондық және қарауылдық қызметтерінің жарғысы. Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы: Үй-жайлардың күтімі. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды үй-жайларға қойылатын талаптармен, рота мүлкінің және әскери қызметшілердің жеке заттарының сақталуымен...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница