Жылғы № қаулысымен




Скачать 55.66 Kb.
НазваниеЖылғы № қаулысымен
Дата конвертации27.02.2013
Размер55.66 Kb.
ТипДокументы


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы « »

қаулысымен

бекітілген

Теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қажетті материалдар мен заттарға қойылатын нормативтер және талаптар

1. Жалпы ережелер
1. Осы нормативтер және талаптар теңіздегі мұнай операцияларын жүргізу кезінде теңізді тазарту жұмыстарын жүргізуге қажетті материалдар мен заттарға міндетті болып табылады және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 34) тармақшасына және 95-бабының 5-тармағына сәйкес жер қойнауын пайдаланушының немесе оның операциялық компаниясының теңіз акваториясында мұнайдың төгілуіне жедел ден қою және оның зардаптарын жою үшін жағдай жасау мақсатында әзірленді.

2. Мұнайдың төгілуіне байланысты авариялық жағдайлар градациясын ескере отырып, нормативтер үш деңгейде белгіленеді:

1-деңгей – өндіріс жұмыстары кезінде теңіз құрылыстарында бар материалдар және заттардың, құрылыс қызметкерлерінің көмегімен жойылатын елеусіз төгілулер (мұнайдың 10 тоннасынан аспайтын);

2-деңгей – зардаптарын жою үшін теңіз объектісіндегі өндіріс орнының ресурстары, сондай-ақ, қосымша жергілікті жағалау қызметтерінің қызметкерлері мен материалдар, заттар қажет болатын орташа (орта) төгілулер (мұнайдың 10 тоннасынан 250 тоннасына дейінгі);

3-деңгей мұнай төгілулерін жоюға арналған халықаралық ұйымдарды қоса алғанда әр түрлі ұйымдардың қызметкерлері мен материалдар, заттар қажет болатын мұнайдың ірі төгілулері (250 тоннадан бастап).

3. 2-деңгейлі апатты жағдайларда ағу:

отын сақтау резервуарынан немесе бөлу жүйесінен;

отындық резервуардан немесе баржадан;

отын тасуға арналған автоцистернадан;

теңіз құрылғысындағы ұңғыманы бұрғылау немесе сынау кезінде уақытша немесе ішінара бақылауды жоғалтқан жағдайда орын алады.

Мұнай төгілу зардаптарын жою кезінде жағалау объектілерінен мұнай төгілуін оқшалау мен мұнай жинау үшін қосымша ресурстарды тартуға міндетті (материалдар, заттар).

4. 3-деңгейлі апаттық жағдайларға төмендегі ағу:

ұңғыма бақылауын ұзақ мерзімді жоғалту әсерінен;

жүзетін отынды резервуардан немесе баржадан;

отын сақтау резервуарынан немесе бөлу жүйесінен орын алады.

3-деңгейлі мұнай төгілуін жою отандық және халықаралық ресурстармен жарақтанған кез келген нүктеден материалдар мен заттарды дереу жұмылдыруды талап етеді.

2. Теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қажетті материалдар мен заттарға қойылатын талаптар
5. Талаптар Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде мына мәселелерді ескерген, жұмыстар жүргізудің есептік табиғат жағдайларына негізделген:

теңіз деңгейінің ұзақ мерзімді әлеуетті құбылуы;

теңіз деңгейіне әсер ететін қысқа мерзімді дауылды көтерілу мен қайтулар;

таязсулық ортадағы қарашадан сәуірге дейінгі қалыпты (орташа) табиғат жағдайындағы қысқы мұз жабыны;

мұздың әлеуетті қауіпті қозғалысы және теңіз құрылыстарының жаны;

жаз және қыс кезеңінде температураның экстремальды өзгеруі;

жоғары биологиялық өнімділік учаскелері, әсіресе Орал өзенінің атырабы маңындағы қамыс-қопалы солтүстік жағалаулық сызықтар мен кең көлемді жағалаулық таяз сулы учаскелер.

6. Талаптар:

1) мұнай операцияларын жүргізуге байланысты теңіз құрылыстарында жұмыс істейтін адамдарды жедел құтқаруды;

2) жобалау құжаттарына сәйкес теңізде мұнай операцияларын жүргізу нәтижесінде оның ластануы жағдайында жер қойнауын пайдаланушылардың теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды тиімді жүргізуді ескереді.

7. Әр теңіз құрылысындағы немесе абсорбенттің көмекші кемесінде 10 тонна мұнай төгілуін жоятын, ал әсер етудің жақын базасында екінші деңгейлі төгілуді бейтараптандыруға жеткілікті мөлшерде абсорбент сақтайтын жабық, құрғақ сақтау орнының бар болуы.

8. Алдын ала сақтандыру шаралары ретінде теңіз құрылысында ұңғымаларды сынау кезінде құрлықтағы жер қойнауын пайдаланушының жабдықтау базасынан қосымша материалдар мен заттар жеткізіледі, сынау кезеңінде мүмкін болатын төгілуді оқшаулау мен теңіз бетінен мұнайды алу үшін бондық қоршаулар немесе мұнайжинағыштар орнатылады.

9. Жер қойнауын пайдалану үшін әр теңіз құрылысы уақытша қоймада мұнайды жинауға мүмкіндік беретін мұнай жиналымы үшін материалдармен жабдықталады, егер оның төгілетін бөлігі абсорбент мүмкіндігінен асса.

3. Теңізді тазарту жұмыстарын жүргізуге қажетті материалдар мен заттарға қойылатын нормативтер
10. Теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізуге байланысты міндетті нормативтер, оның ішінде мұнай төгілуін жою жөнінде тиімді:

1) бекітілген жобалық шешімдерге сәйкес төгілген мұнайды оқшаулау үшін жеткілікті мөлшердегі (теңіз объектісінің өлшемі бойынша) бондардың болуы.

2) төгілудің 2-деңгей және 3-деңгей кезінде мұнайды су бетіне оқшаулау мен жинау үшін жұмыстар жүргізіліп жатқан орындарға барынша жақындатылған, жағалаулық базалардағы тіркелген теңіз кемелерінде мобильді жүйелердің бар болуы, ерекше қорғалатын аймақтағы жағалау мен айлақтың сезімталдығын төгілген мұнайдан қорғау үшін мұнайды ұстап қалатын бондық қоршауларды немесе сорғыш материалдардан жасалған жүзбелі маттардың бар болуы.

3) радиолокациялық бейнелегіш немесе түрлі табиғат жағдайларында кемелердің теңіз құрылысын табуды қамтамасыз ету үшін басқа да материалдардың болуы.

4) теңіз объектісіндегі жұмыстар барысының мерзіміне байланысты жайылтпау жұмыстары кеме борттарынан қолданылуы, нақты өнімділігі сағатына 20 тонна мұнай жинауы, су бетінен мұнайды жинауға арналған қосымша жүйелермен қамтамасыз етіледі, және төгілудің 2-деңгей және 3-деңгейлері үшін жобалық шешімдермен көзделуі тиіс.

5) 3-деңгейлі төгілулер үшін жер қойнауын пайдаланушыда шұғыл әсер ету шегінде бір мезетте әрқайсысы 30 мың тонналық екі төгілуді жинай алатын материалдар және заттардың кең көлемді диапазоны бар болуы міндетті.

6) теңіз объектісі немесе абсорбенттің көмекші кемесінде 10 тонна мұнай төгілуін жоятын, ал жақын жердегі ден қою базасында 2-деңгейлі және 3-деңгейлі төгілуді бейтараптандыруға жеткілікті мөлшерде абсорбент сақтайтын жабық, құрғақ сақтау орнының бар болуы.

______________________


Похожие:

Жылғы № қаулысымен icon№55 қаулысымен бұр ред
Р Үкіметінің 20. 01. 03 ж. №55 қаулысымен (бұр ред. қара); 17. 03. 04 ж. №322 қаулысымен (бұр ред. қара) қаулысымен; ҚР Үкіметінің...
Жылғы № қаулысымен icon2012 жылғы 17 қаңтардағы №83 қаулысымен
Стандарт жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 2012. 10. 08 №1268 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа...
Жылғы № қаулысымен icon2010 жылғы 31 желтоқсандағы
Р Үкіметінің 13. 04. 2012 жылғы №460 қаулысымен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар ескерілген
Жылғы № қаулысымен icon«Premier Сақтандыру» АҚ-ның клиенттеріне арналған ақпарат Агенттік Басқармасының 2009 жылғы 04 желтоқсандағы №249 қаулысымен «Premier Сақтандыру»
Агенттік Басқармасының 2009 жылғы 04 желтоқсандағы №249 қаулысымен «Premier Сақтандыру» АҚ-ға «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру...
Жылғы № қаулысымен icon2008 жылғы № қаулысымен
Осы мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 8 бабының негізінде...
Жылғы № қаулысымен iconАудан әкімдігінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережелеріне...
Жылғы № қаулысымен iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 11 наурыздағы №20 қаулысымен мақұлданған
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 11 наурыздағы №20 қаулысымен мақұлданған
Жылғы № қаулысымен iconЖоба ордабасы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі №4/2
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі №394 қаулысымен бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж...
Жылғы № қаулысымен icon2020 ЖҰмыспен қамту бағдарламасы қазақстан Республикасында 2011 жылғы 31наурыздағы №316 ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамту-2020»
Республикасында 2011 жылғы 31наурыздағы №316 ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге...
Жылғы № қаулысымен icon2011 жылғы 28 шілде №28-2/430 Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі 2011 жылғы 28 шілде
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі №817 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница