Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы




Скачать 249.48 Kb.
НазваниеПп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы
Дата конвертации28.02.2013
Размер249.48 Kb.
ТипДокументы


Ф КГМА 4/3-07/02

ПП КГМА 4/02



ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ
МИКРОБИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИММУНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысының әдістемелік нұсқауы


Тақырыбы: Бруцеллез, сібір түйнемесі, оба, туляремияның микробиологиялық диагностикасы. Бөртпелі және қайталама сүзектер, мерез, лептоспироздың микробиологиялық диагностикасы.
Микробиология пәні
051101 «Мейірбике ісі»

Курс II
Құрастырғандар: доц. Филатова Л.Г.

оқытушылар: Николаева А.Б., Қабдуова Ә.Қ.




Қарағанды 2009 ж




Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

«24» 03. 2009 ж. № 9 Хаттама


Кафедра меңгерушісі, доцент м.а. ________________ Ахметова С.Б.
Тақырыбы: Бруцеллез, сібір түйнемесі, оба, туляремияның микробиологиялық диагностикасы. Бөртпелі және қайталама сүзектер, мерез, лептоспироздың микробиологиялық диагностикасы.

Мақсаты: Зоонозды және жыныс жолдары арқылы жұғатын инфекциялар қазіргі кезде кең таралып, негізгі өзекті тақырыбына айналды. Соңғы он жылда Қазақстанда мерез, соз (ірінді қабыну) және басқа да инфекциялық аурулар, сонымен қатар жыныс жолдарымен жұғатын, яғни урогенитальді хламидиоз бен микоплазмоз ауруының таралуы өсіп келеді.

Қоздырғыштың сипатын, патогенезін және клиникасын, инфекция тудыратын диагностикалық әдісін білу болашақ дәрігерге оның профилактикасын және емдеу тәсілін анықтау үшін көмегін тигізеді.

Сабақ мақсаты:

Студент білуге тиіс:

-сібір түйнемесі, оба, туляремия, бруцеллез, спирохета, хламидия, риккетсия,боррелий,

лептоспира қоздырғыштарының биологиялық қасиеті;

-зоонозды инфекция,мерез, риккетсиоздардың микробиологиялық диагностикалық принциптері;

- арнайы алдын-алуы және емі.

Студент істей алуға тиіс:

- оба бактерияларының, сібір түйнемесі бацилласының морфологиялық қасиеттерін анықтау;

- бруцеллездің серологиялық диагностикалық әдісін есептеу. (Райт пен Хедельсон реакциясы), сібір түйнемесі (термокольцепреципитация реакциясы).

- трепонема, риккетсия, боррелий, лептоспираның морфологиялық қасиетін анықтау;

-мерездің диагностикасы үшін КБР-ң (РСК) нәтижесін ескере отырып, нақты қорытындылау керек.
Лабораторлық жұмысты орындау түрі

Тақырып бойынша сұрақтар:

1.Зоонозды инфекциялардың , спирохета, риккетсия, боррелий, лептоспира қоздырғыштарының биологиялық қасиеттері (демонстрация препаратов, таблиц).

2.Зоонозды инфекциялар, патогенді спирохета, риккетсия, боррелий, лептоспира қоздырғыштары шақыратын инфекциялардың зертханалық диагностика әдістерін талдау (демонстрация, кесте).

3.Бруцеллездің экспресс-диагностикасы үшін Хеддельсон реакциясын қою.

4. Мерездің диагностикасы үшін микропреципитация реакциясын қойып, нәтижесін бағалау.

5.Спирохетоз, хламидиоздың емі және алдын-алуы диагностикасында қолданылатын диагностикалық, емдеу-профилактикалық препараттарды қарастыру.
Тарату материалы

Мерездің микробиологиялық диагностикасы.

Зерттеуге алынатын материал: шанкр бөліндісі (І кезең); аспират, жергілікті лимфа түйіндерінің пунктаты (II кезең); қан (II,III, IV кезең); жұлын сұйықтығы (аурудың IV кезеңі).

Бактериоскопиялық зерттеу: Аурудың I мен II кезеңінде қоздырғышты шанкрдан, аспираттан, қаранғы аймақтағы лимфа түйіндерінен препаратты микроскопиялау (езілген тамшы). Оң нәтиже кезіңде жіңішке бұралған жіпшелер, ұзындығы 6-14мкм 10-12 бірдей иірімдерден тұрады. Қозғалысы маятник тәріздес. Процесс ауыз қуысында таралса бозғылт трепонеманы сапрофитті трепонемамен -қалыпты микрофлора өкілі салыстыру керек. Бактериологиялық зерттеу.Трепонемаларды дақылдандыру күрделі болғандықтан қолданылмайды.

ПТР-ң экспресс-диагностикасы.

Серологиялық диагностика: Өте тиімді, ең негізгі диагностикалық әдіс ретінде қолданылады. Комплексті реакция қолданылады: Вассерман реакциясы КБР(РСК), микропреципитация реак-циясы, трепонемаларды иммобилизациялау реакциясы(РИФ), тура емес иммунофлюоресцентті реакциясы (РИФ) және т.б. Мерездің бірінші кезеңі серонегативті болады, антиденелер қатты шанкр пайда болғаннан кейін 2-3 аптадан кейін пайда болады.

Мерез диагностикасы үшін КБР нәтижелерін бағалау және қою.

Мерез диагностикасы үшін КБР қою тәсілі ( Вассерман реакциясы):


Зерттелетін ингридиенттер

Шұңқырдағы ингридиенттер саны, мл

1

2

3

1.1:5 араластырылған зерттелетін сарысу
2. Титрі бойынша араластырылған антиген:

Трепонемалы ультрадыбысты

Кардиолипидті
3 Физ. ерітінді
4.Жұмыс дозасында ерітілген комплемент

0.25

0.25


-
0.25

0.25

-
0.25
-
0.25

0.25

-


0.25
0.25

Сілкіп, 37 град 45 мин. термостаттқа қою

5.Гемолитикалық жүйе

0.5

0.5

0.5

Сілкіп, 37 град. 45-60 мин. термостаттқа қою ( бақылау пробиркасында гемолиз пайда болғанша)

Жүйе бойынша нәтижесін бағалау:

++++- бірден-оң реакция – толық гемолиздің тежелуі

+++ - оң реакция - біркелкі гемолиздің тежелуі

++ - әлсіз оң реакция - бөліктік гемолиздің тежелуі

+ - күдікті реакция - біркелкі гемолиздің тежелуі

Теріс нәтижесінде барлық пробиркаларда эритроцит гемолизі пайда болады,

Мерездің бірінші кезеңі серогенативті және теріс нәтижелі Вассерман реакциясы болып табылады. 50% ауру адамда реакция қатты шанкр пайда болғаннан кейін 2-3аптадан соң реакция оң болып табылады. Ал II мен III кезеңде мерездің оң нәтиже беруі 75-90% -ке жетеді. Толық емдеу курсынан кейін Вассерман реакциясы теріс болады.

Мерездің соңғы және латентті кезеңінде Вассерман реакциясы қойылады, оған жұлын сұйықтығын қосады, науқас сарысуындағы реакциядағы антигендермен.

ИФР- тура емес ИФР - мерез диагностикасы кезінде арнайы болып табылады. Антиген ретінде трепонема тінін қолданады. Реакция қоюдың әртүрлі әдістері анықталған: негізінен ИФР-200 әдісі қолданады. Науқас сары суын Вассерман реакциясындағыдай активсіздендіреді, 1:200 қатынасында араластырады. Шынының бетіне антигеннің бір тамшысын тамызады, ацетонда 5 минут кептіреді және бекітеді. Содан кейін препаратқа сары суды тамызады, 30 минуттан кейін шаяды және кептіреді. Келесі сатыда препаратты адам иммуноглобулиніне қарсы флюоресцентті сарысумен өңдейді. Препаратты люминесцентті микроскоппен қарап трепонемалардың жарықтануын бағалайды.

Трепонемаларды иммобилизациялау реакциясы да спецификалық болып табылады. Реакцияның негізгі принципі - пациент қанындағы сарысудың антидене арқылы трепонеманың қозғалысын тежеу. Трепонеманың тірі дақылын қоянның жұмыртқасын дақылдандыру арқылы алады. Зақымдалған жануардың жұмыртқасын арнайы ортада бөлшектейді, мұнда трепонемалар қозғалғыштығын сақтайды. Реакцияны келесі әдіс бойынша қояды: трепонема тіні зерттелетін сарысумен пробиркада араластырылады да жаңа комплемент қосылады. Осы зерттеліп қосылған сарысудағы пробиркаға дені сау адамның сары суын қосады, ал басқасына жаңа комплементтің орнына инактивирленген комплемент қосады. 350С инкубациядан кейін анаэробты жағдайда (анаэростат) барлық пробиркадан «езілген тамшы» препаратын жасайды да,қараңғы аймақта қозғалатын және қозғалмайтын трепонемалардың санын анықтайды. Медициналық практикада ауру және сау адамды тексеруден өткізгенде Вассерман реакциясын және микропреципитация реакциясы, РИТ, РИФ және т.б. арнайы реакцияларды нақты диагноз қою үшін қолданылады және арнайы лабораторияда жүргізіледі.

Обаның микробиологиялық диогностикасы.

Зерттелетін материал: бубоннан алынған ірің, лимфатикалық түйіннің пунктаты, қақырық, асқазанның жуынды суы, қан, патолого--анатомиялық материал.

Диогностикалық әдісі.

Бактериоскопиялық зерттеу: Зерттелетін материалдан жұғын дайындайды, оны Грам әдісі және метилен көгінің сулы ерітіндісімен бояйды. Y.pestis грам теріс сопақша пішінді таяқшалар. (0,5х1,7мкм). Метилен көкпен боялған жұғында, биполярлы боялдғаны жақсы көрінеді.

Бактериологиялық зертеу:

Зерттелетін материалды қоректік агары бар ыдысқа егеміз. Оны 25-280С термостатқа қоямыз. Бірінші зерттеу 10-12 сағаттан кейін болады. Бұл уақытқа дейін батис орамалға ұқсас колониялар вирулентті R- формамен түзілген. Аз және авирулентті бактериялар S-формада колониялар түзеді. Таза дақылдың идентификациясын жүргізеді бактериальді клеткалардың морфологиясы бойынша, өсу сипаты антигенді және биохимиялық қасиеттері, молекулярлы- биологиялық әдіс бойынша спецификалық фагтарға сезімталдықтарын анықтайды. Ал кейде биосынама қолданады.

Y.pestis сорпада сталактидті еске түсіретін жіпшелері бар қабықша түзеді. Көптеген қанттарды қышқылға дейін ферменттейді, индол түзбейді, желатинді ыдыратпайды. Y.pestis құрамында топтық термостабильді соматикалық антиген және спецификалық термостабильді капсулалы антигендері болады, тек қана вирулентті штаммдарда ғана болады. Өлген кеміргіштен алынған материалды зерттеуді псевдотуберкулез қоздырғышымен дифференциальді диагностикасын (Yersinia pseudotuberculosis) арнайы орталарда өсу сипатын, биохимиялық құрамын ( рамноза, адонитті ферментацияайды) және басқа белгілерімен жүргізеді.

Биосынама. Басқа микрофлорамен ластанған материалдан таза дақылды алу үшін жүргізеді. Бұл лабораториялық сынамада көбіне сезімтал жануар теңіз шошқасы. Материалды тері астына немесе құрсақ астына егеді, егерде ол бөтен бактериялармен ластанбаған жағдайда. Басқа микрофлорамен контаминациясында материалды теңіз шошқасының іш аймағының қырылған бөліміне сүртеді. Жануар өлген соң (3-7 күні материалды еңгізген әдісіне байланысты) ашып, мүшелердің патологиялық өзгерісін байқап және бактериологиялық зерттеулер жүргізеді.

Экспресс-диагностика әдістері:иммунохимиялық, биохимиялық және молекулярлы-биологиялық зерттеулер. Иммунохимиялық зерттеулер. Иммунофлюоресценттік әдіс арқылы патогенді материалда антиген қоздырғышын табуға болады, сонымен қатар қоршаған ортада (топырақта, суда), сонымен бірге тағамдық өнімдерді және эктопаразиттерде. Бұл мақсатта люминесцентті түрспецификалық обаға қарсы, люминесцентті капсулаға қарсы және соматикалық қарсы сарысулар қолданады.

Биохимиялық және молекулярлы - биологиялық зерттеулер. Зерттелетін материал инфекция ошағынан алынған, ДНҚ қоздырғышын анықтау үшін ПТР қолданады. Сәйкес молекулалар табылған жағдайда алдын-ала диагноз қоюға болады.

Туляремияның микробиологиялық диагностикасы

Зерттелетін материал: бубон ішіндегі ірің, лимфа түйінінің пунктаты, қақырық, қан, патолого анатомиялық материал.

Диагностика әдістері:

Бактериоскопиялық зерттеу. Зерттелетін материалдан жұғын алып, Грам бойынша және метилен көкпен бояйды. Ғ.tularensis-ге айқын полиморфизм тән. Таза дақылда олар ұсақ кокктар түрінде болады (0,3-0,5мкм). Мүшелерден алынған жұғындарда таяқшалы түрлері кең таралған. Спора түзбейді, грам теріс, кейде биполярлы боялады. Ұлпа биотоптарында және жұғында Ғ.tularensis клетка ішінде, әрі сыртында орналасуы мүмкін. Бактериялар Грам әдісі бойынша әлсіз боялады, әрі қарапайым микроскопия әдістері арқылы материалда нашар анықталады. Анықтау үшін негізінен иммунофлюоресценция әдісі қолданылады.

Бактериологиялық зерттеу. F.tularensis таза дақылын анықтау үшін қолданылады. Бактериологиялық зерттеуді арнайы зертханаларда жүргізеді. Қоздырғышты анықтау жұмыртқаның-сарыуызды ортасында, глюкозацистинді қанды агарда және басқа да күрделі құрамды байытылған қоректік орталарда өсіреді. Қосалқы микрофлораның өсімін тежеу үшін орталарға пенициллин қосылады. Вирулентті штаммдар S-тәрізді колониялар -ұсақ, теріс, көгілдір реңі бар ақ түсті болады. Таза дақыл идентификациясы бактериялық клетканың морфологиясына, өсу сипатына, биохимиялық, антигендік қасиеттері және молекулярлы-биологиялық әдістер көмегімен жүргізіледі. F.tularensis, биохимиялық қасиеттерін арнайы тығыз белоктық құрамы шектелген ортада анықтайды. Бактерияда қабаттық (оболоченый) антигені; ол иммуногенді және вирулентті қасиеттері және О-соматикалық антигені байланысады. Антигендік қасиеттері бойынша бруцеллаларға ұқсас.

Биосынама. Ең сезімтал жануарларға ақ тышқандар және теңіз шошқалары жатады, олар тері астына жеке бактерияларды еңгізгенде өледі.

Экспресс-диагностика әдісі: иммунохимиялық, биохимиялық және молекулярлы- биологиялық зерттеулер. Иммунохимиялық зерттеулер. ИФ әдісі патологиялық материалда бактериялар антигендерінің бар болуын анықтайды. Люминесцентті тулеремияға қарсы сарысу қолданылады. Оң нәтиже кезінде препаратта жарқыраған микроорганизмдер анықталады. Науқастан алынған материалды қоздырғыш антигендерін ИФА көмегімен анықтауға болады.

Биохимиялық және молекулярлы-биологиялық зерттеу. Инфекция ошағынан алынған зерттелетін материалды ПТР көмегімен қоздырғыш ДНҚ-н анықтау үшін қолданылады. Сәйкес келетін молекулалар анықталғанда алдын ала диагноз қоюға болады.

Серодиогностика. Туляремиялық диагностикум мен агглютинация реакциясы қойылады. Қанда антидене-агглютининдердің салыстырмалы кеш пайда болуы бұл реакцияны ерте диагностика ретінде қолдануын қиындатады, бірақ олардың ұзақ сақталуы ретроспективті диагностиканы жүргізуді мүмкін етеді. Реакцияның диагностикалық титрі 1:100. Агглютинация титрінің үнемі өсуі байқалады (жұп сарысуларда). Туляремияның серодиогностикасының ең сезімтал әдісі ТПГР (тікелей емес гемагглютинация), ол аурудың бір апта соңында -2 апта басында оң нәтиже көрсетеді. Аурудың өршуі кезінде сарысудағы антиденелер титрі 1:1280-1:2560 және одан жоғары көрсеткіштерге жетеді. ИФА да қолданылады.

Жылдамдатылған диагностикада қан-тамшылы реакция қолданылады. Науқас саусағынан алынған қанды майсызданған шыны бетіне жұқтырады, дистиллденген су тамшысын қосады (эритроциттер лизисі үшін), диагностикум тамызып, шыны таяқшамен араластырады. Қанда диагностикалық маңызы бар агглютининді титрі (1:100 және жоғары) болса,онда диагностикум агглютинациясы бірден өтеді, ал агглютинин төмен болса, агглютинация 2-3 минуттан кейін жүреді. Оң нәтижелер егілген және ауырып шыққан адамдарда да тіркеледі, сондықтан реакцияны бағалау аса ұқыптылықпен жүргізілуі тиіс.
Бруцеллездің микробиологиялық диагностикасы.

Зерттелетін материал: қан.

Зерттеу әдісі:

Бактериологиялық зерттеу: Қанды дақылды алу үшін науқастың шынтақ көктамырынан алынған 5 -10мл қанды 50 -100мл бауыр сорпасы бар екі флаконға себеді. Олардың біреуін (B.melitensis дақылын бөліп алу үшін) аэробтық жағдайда, ал екіншісін (B.abortus біріншілік дақылын бөліп алу мақсатында) 10% CO2 бар атмосферада инкубациялайды. Алғашқы генерацияларда бруцеллалар өте баяу өседі, сондықтан оларды термостатта 1 айдан кем емес ұстайды. Сол уақытта зертханалық дақылдарда 1-2 тәуліктен соң өсу байқалады. Агарда бруцеллалар перламутр жылтыры бар түссіз колониялар, ал сорпада-лайлану мен кілегейлі тұнба түзеді. Грам бойынша боялған жұғындыда ұсақ (0,3-0,5 тен 1,5-ге дейін мкм) грам теріс кокк тәріздес немесе сопақша пішінді болады. Олар қозғалмайды, спора түзбейді.

Тез идентификациялау үшін бруцеллаларды арнайы агглютинациялаушы сарысулары бар АР-ны шыныға қойып, спецификалық фагтарға сезімталдылықты анықтаймыз. Бруцеллалардың барлық түрлері көмірсуларды ферменттемейді. Оларды H2S түзілуі, CO2 --ге сезімталдылық бойынша, анилин бояуларымен (негізді фуксин мен тионин) боялу қабілеті және т.б қасиеттері бойынша дифференциациялайды. Соған қоса молекулалық- биологиялық әдістерді қолданады.

Биосынама. Аз мөлшерде бруцеллалары бар немесе бөгде микрофлорамен ластанған материалдан таза дақылды бөліп алу үшін қолданады. Зерттелетін материалды теңіз шошқалары мен ақ тышқандардың шап аймағына тері астына енгізеді. Ауырғаннан кейін 20 тәулік өткен соң тышқандардың ішін жарады, оң серологиялық реакциялардың (АР, РИГА, РСК ) пайызы төмендей бастайды да, тері-аллергиялық сынама мен күміс реакциясы көбірек диагностикалық маңызға ие болады, сондықтан комплексті сероаллергиялық әдіс бруцеллез диагностикасында ең қолайлы болып табылады.

Тері-аллергиялық сынамасы (Бюрне реакциясы). Алақанның беткейіне теріішіне 0,1мл бруцеллинді еңгізеді. ГБТ болған жағдайда 6-8 сағаттан соң тері гиперемиясы мен ауырсыну, ісінулер пайда болады. Реакцияны санау 24 сағаттан соң жүргізіледі. Реакция жоғары сезімталдыққа ие және науқастар мен ауырып шыққандарда ғана емес, егілгендерде де байқалады, сондықтан оны диагностикалық бағалағанда ұқыпты болу қажет.
Сібір түйнемесінің микробиологиялық диагностикасы.

Зерттелетін материал: зақымдалу ошағынан алынған экссудат (сібір түйнемесінің карбункулы), қақырық, нәжіс, қан.

Диагностика әдістері:

Бактериоскопиялық зерттеулер. Патологиялық материалдан алынған (экссудат, қақырық) Грам бойынша боялған жұғындыны оқу қоздырғышты анықтауға көмектеседі, ірі грам оң қозғалмайтын (1-2 х 6-10 мкм) стрептобациллалар. Микроорганизмдер науқастың ағзасында және ақуызды қоректік ортада капсуланы, ал қолайсыз жағдайда спораларды түзеді.

Бактериологиялық зерттеулер: Зерттелетін материалды қоректік және қанды агары бар табақшаға, сонымен қоса қоректік сорпасы бар пробиркаға себеді. Еккен дақылдарды 370С температурада 18-20 сағат бойы инкубациялайды. B.anthracis дақылды сорпада мақта тәріздес тұнбаны түзеді; агарда вирулентті штаммдар R-формалы, микроскоп арқылы қарағанда арыстан жаны немесе медузаның басы сияқты колонияларды түзеді. Авирулентті немесе әлсіз вирулентті бактериялар S-формалы колониялар түзеді.

Қоздырғышты идентификациялау үшін оның биохимиялық қасиеттері мен бір қатар басқа қасиеттерін (гемолитикалық белсенділік, L-формаларды түзу қабілеттілігі және т.б) зерттейді. B.anthracis сахаролитикалық қасиетке ие, желатинді баяу сұйылтады (сабағы төменге қараған шырша тәріздес), гемолитикалық белсенділіктен ажыраған. Пенициллиннің әсерінен маржанға ұқсас сферопласты түзеді. Бұл құбылыс B.anthracis-ті патогенді емес бациллалардан дифференциациялау үшін қолданады. Сонымен қатар идентификацияның молекулярлы-биологиялық әдісін қолданады.

Биосынама. Зерттелетін материалды ақтышқандарға, теңіз шошқаларына немесе қояндарға тері астына еңгізеді. Құлаған жануарды жарып, ішкі мүшелер мен қаннан жұғынды дайындап, қоздырғыштың таза дақылын алу үшін егу жасайды. Иммунофлюоресцентті әдіс арқылы жануарға жұқтыру жасағаннан кейін B.anthracis-тік экссудаттағы капсулалы түрін алуға болады.

Экспресс-диагностика әдісі: иммунохимиялық, биохимиялық және молекулярлы-биологиялық зерттеулер. Иммунохимиялық зерттеулер. Экссудаттан алынған жұғындыны капсулаға қарсы сібір түйнемелі антисарысумен өндейміз, содан кейін флюоресцирлеуші қоянға қарсы сарысумен,белгіленген родаминмен. Капсулалы бацилласы бар препаратта, сары-жасыл қоздырғыш байқалады. Инфекция ошағынан алынып зерттелетін материалдағы B.anthracis антигені (белоктар синтездейтін- "протективті антиген" және токсиндер) сезімтал серологиялық ИФ және т.б реакция арқылы табылуы мүмкін. Термосақиналы преципитация Асколи реакциясын мәйіттік материал зерттеуінде өлген жануарларда сібір түйнемесі диагностикасында немесе сібір түйнемесінің висцеральді формаларына ұқсас ауруымен өлген адамдарға қояды және де шикі заттық (тері, жүн) зақымдануын анықтау үшін. Зерттелетін материалдарды ұсақтап және 5-10 минут бойы изотоникалық NaCl ерітіндісімен пробиркада қайнатады, одан кейін толық мөлдірленуге дейін сүзеді (фильтрлейді). Преципитирленген сібір түйнемелі сарысуларды гипериммунизация жолымен B.anthracis дақылымен жылқыны өлтіре отырып алады. Тексерілетін термоэкстракт преципитациялық пробиркадағы сарысу бетіне ақырын тамызылады оң нәтиже жағдайда жанасу орнында 1-2 минуттан кейін ақ сақиналы преципитат пайда болады, яғни зерттелетін материалда қоздырғыш антигендері бар екенің білдіреді. Бақылау термоэкстрактісін сау жануарлардан алынған материалдан дайындалады.

Биохимиялық және молекулярлы-биологиялық зерттеу. Инфекция ошағынан алынған зерттелетін материалды ПТР көмегімен қоздырғыш ДНҚ-н анықтау үшін қолданылады. Сәйкес келетін молекулалар анықталғанда алдын ала диагноз қоюға болады.

Тері - аллергиялық сынама. Білектің ішкі бетіне тері ішілік 0,1мл антраксин еңгізіледі. Оң реакция нәтижесінде 24сағат ішінде гиперимия және инфильтрат пайда болады. Оң нәтиже 90% науқастарда тіркеледі. Ол аурудың 2-ші аптасынан бастап, ауырғандарда өмір бойы сақталады, диагностикалық бағалағанда ұқыпты болу қажет.

Диагностикалық- профилактикалық және емдік препараттар.

Бруцелллездік бірегей диагностикум. Өлген бруцеллалардың қоспасы, метилен көкпен боялған, өлген бруцеллаларды бруцелллездік серодиогностикасы үшін қолданылады. Райт және Хеддельсон агглютинация реакциясы бруцеллездің серодиагностикасы үшін қолданылады.

Туляремиялық диагностикум. F.tularensis-ң бактериясының өлі қоспасы қолданылады туляремияның серодиагностикасында агглютинация реакциясын қою үшін.

Сібір түйнемесінің преципитирлеуші сарысуы. Жылқының сарысуынан алынған, B.anthracis гипериммунизацияланған дақылы. Асколи бойынша термопреципитация реакциясын қою үшін қолданады.

Обалық бактериофаг. Y.pestis-ң идентификациясы үшін қолданады.

Сібір түйнемесінің бактерифагы. B.anthracis-ң идентификациясы үшін қолданады.

Бруцеллин.Бюрненің тері-аллергиялық сынамасын қою үшін, қыздырылған өлі В.melitensis, B.abortus, B.suis 3-апталық сорпалық дақылының фильтраты қолданылады.

Тулярин: Тері-аллергиялық сынамасын қою үшін, қыздырылған өлі F.tularensis қоспасы (вакциналық штаммы) қолданылады.

Антраксин: Белокты-полисахаридті нуклеинді комплекс, B.anthracis гидролиздеуде, тері-аллергиялық сынамасын қою үшін қолданылады.

Обалық тірі құрғақ вакцина. Кептірілген тірі Y.pestis дақылының вакциналық штаммы EV активті арнайы оба профилактикасы үшін қолданылады (активті иммунитетті қалыптастыру).

Бруцеллездің тірі құрғақ тері үстілік вакцинасы. Кептірілген тірі B.abortus дақылының вакциналық штаммы активті бруцеллездің арнайы профилактикасы үшін қолданылады.

Бруцеллездік емдік вакцина. Қыздыру арқылы өлтірілген бруцеллалар емдік мақсатта, организм десенсибилизация үшін қолданылады.

Сібір түйнемесінің тірі вакцинасы СТИ. Санитарлы-техникалық институттың атымен аталған, ең алғаш рет сол жерде алынған. Кептірілген тірі авирулентті капсуласыз B.anthracis штаммы. Сібір түйнемесінің алдын-алуы ретінде қолданылады.

Сібір түйнемесіне қарсы иммуноглобулин. Жылқы қанының сарысуының гамма-глобулинді фракциясы, гипериммунизирленген тірі сібір түйнемесінің вакцинасы және B.antracis вирулентті штаммы.Емдік және алдын-алу мақсаттарында қолданылады.

Туляремиялық тірі құрғақ тері үстілік вакцинасы. Кептірілген тірі F.tularensis дақылының вакциналық штаммы активті туляремияның арнайы профилактикасы үшін қолданылады.

Лептоспирозды антиген. Тірі 7-10 күндік негізгі лептоспира сероварларының дақылы.

Антибиотиктер: аминоглюкозидтер, тетрациклиндер, хлорамфеникол, пенициллиндер және цефалоспириндер, фторхинолондар және т.б.

Brucella spp: тетрациклиндер, аминокликозидтер.

Yersinia pestis: тетрациклиндер, аминогликозидтер.

Yersinia pseudotuberculosis: ампициллин, цефалоспориндер, аминогикозидтер, тетрациклиндер, хлорамфеникол.

Francisella tularensis: аминогликозидтер, тетрациклиндер, хлорамфеникол.

Bacillus anthracis: пенициллиндер, тетрациклиндер, цефолоспориндер, аминогликозидтер, хлорамфеникол, фторхинолондар.
Әдебиеттер

  1. Тец В.В. Руководство к практическим занятиям по медицинской микробиологии, вирусологии и иммунологии – М.:Медицина, 2002. - 352 с.

  2. Медицинская микробиология под ред. Покровского В.И. //М. ГЭОТАР МЕДИЦИНА, 1998, 1184 С.

  3. Коротяев А.И., Бабичев С.А. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология // С-Петербург: Специальная литература, 1998. – С.159-176.

  4. Борисов Л.Б., Смирнова Л.Н. Микробиология // М: Медицина, 1996, уч.пособие., 192с.

  5. Поздеев О.К. Медицинская микробиология: Учеб.для вузов /О.К.Поздеев; под ред. В.И. Покровского.-2-е изд.испр.-М.:ГЭОТАР-МЕД, 2004.-768 с

  6. Лабинская А.С. Микробиология с техникой микробиологических методов исследования // М: Медицина, 1968, 466с.

  7. Справочник по микробиологическим и вирусологическим методам исследования / под. ред. М.О.Биргера // М: Медицина, 1973., 456с.

  8. Красильников А.П., Романовская Т.Р. Микробиологический словарь –справочник // Минск: Асар, 1999. – 399с.

  9. Стейнер Р., Эдельберг Э., Ингрэм Дж. Мир микробов // М: Мир. - 1979, Т.1. - 317с.

  10. Определитель бактерии по Берджи (в 2-х томах)// М: Мир, 1997.


Бақылау

Сұрақтар:

1. Оба қоздырғышының микробиологиялық диагностика әдісі. Арнайы алдын-алуы мен емі.

2. Сібір түйнемесінің микробиологиялық диагностика әдісі. Арнайы алдын-алуы мен емі.

3. Аса қауіпті қоздырғыштармен жұмыс жасау ерекшелігі.

4. Бруцеллездің микробиологиялық диагностикасы.

5. Туляремия қоздырғышы. Морфологиясы, физиологиялық қасиеті.

6. Туляремияның микробиологиялық, диагностикалық әдісі. Арнайы алдын-алуы мен емі.

7. Мерез қоздырғышының биологиялық құрылысы, дақылдандыру ерекшелігі.

8. Мерездің микробиологиялық диагностикасы. Вассерман реакциясы.

9. Патогенді риккетсиялар. Морфологиялық, физиологиялық қасиетері, дақылдандыруы.

10.Риккетсиоздың микробиологиялық диагностикасы.

11.Боррелиоздың микробиологиялық диагностикасы.

12.Лептоспироздың микробиологиялық диагностикасы.

Тесттер:

1.Бозғылт спирохета тудыратын ауру:

А) соз

Б) көкжөтел

В) мерез

Г) тұмау

Д) күл

2.Мерез қоздырғышының морфологиялық қасиеті:

А) иілген таяқша, 5-6 біркелкі емес орамдары бар

Б) S торша, пішіні С-тәрізді

В) біркелкі спираль 8 – 12 орамды

Г) ірі спора түзетін таяқшалар

Д) кокктар,тізбектеліп орналасқан

3.Екіншілік мерез көрінісі сипатталады:

А) торшалық типті аллергиялық реакция

Б) құсулар

В) жүйке жүйесінің зақымдалу симптомдары

Г) теріде және шырыштарда бөртпелердің болуы

Д) қатты шанкрдың түзілуі

4.Орнитоз қоздырғышы болып табылады:

А) Legionella pneumophila

Б) Mycoplasma pneumoniae

В) Staphуlococcus aureus

Г) Candida albicans

Д) Chlamуdia psittaci

5. Хламидияның негізгі патогенді факторы:

А) торша қабырғасының липополисахариді

Б) қышқылға тұрақтылығы

В) антифагоцитарлы белсенділігі

Г) мембрананы зақымдаушы әсері бар токсин

Д) энтеротоксин

6.Муcoplasma pneumoniae тудыратын аурудың көзі болып не табылады:

А) құстар

Б) кеміргіштер

В) бауырмен жорғалаушылар

Г) науқас адам

Д) үй жануарлары

7.Хламидияның жұқпалылығын қандай құрылым атқарады:

А) қосындылар денешігі

Б) гликогенді денешік

В) элементарлы денешік

Г) агрегирленген денешік

Д) инициальді денешік

8.Урогенитальді хламидиоздың арнайы алдын-алуы:

А) иммуноглобулиндердің енгізуін қадағалайды

Б) анықталмаған

В) науқасты оңашалауға негізделген

Г) эффективті

Д) тұрақты иммунитет қалыптасады

9.Мерез диагностикасының серологиялық әдісі:

А) Хеддельсонның агглютинация реакциясы

Б) Асколидің термосақиналыпреципит реакциясы

В) Видалдің айналмалы агглютинация реакциясы

Г) комплементті байланыстыру реакциясы

Д) реакция арнайы бактериофагтармен

10. C.trachomatis-ң торша ішін зақымдағанын қандай қасиеті бойынша анықтаймыз:

А) Грам бойынша жақсы боялады

Б) гликогеннің белгілі мөлшерін синтездеу қабілеті

В) АҮФ түзу қабілетінің болмауы

Г) элементарлы денешіктердің агрегациясы

Д) нативті препараттарда торша қабырғасының қалың болуы

11.Bacillus antrasis-ң морфологиясы :

А) ұзын бұтақталған қышқылға төзімді таяқшалар

Б) ұсақ грам теріс таяқшалар

В) спиральді-имектелген торшалар

Г) ірі грам оң таяқшалар

Д) тізбектеліп орналасқан грам оң кокктар

12.Yersinia pestis-ң тығыз қоректік ортада өсу ерекшелігі:

А) температуралық оптимумы 43°С

Б) ЕПА өспейді

В) 10% тұз қосылған ортада өседі

Г) температуралық оптимумы 25-28°С, ЕПА өседі

Д) глицериннің қосылғанын қажет етеді

13.Yersinia pestis-ң биохимиялық белсенділігінің ерекшелігі:

А) уреаза ферменті бар

Б) күкірт сутегін түзеді

В) лактозадан қышқыл мен газ түзеді

Г) индол түзеді

Д) глюкоза және арабинозадан қышқылсыз газ түзеді

14. Бруцелла антигені:

А) Vi-антиген

Б) протективті

В) Н-антиген

Г) К-антиген

Д) Пептидогликан

15. Бруцеллезбен алиментарлы жолмен зақымданғанда қауіпті болып табылады:

А) су

Б) сүт, брынза

В) көкөністер

Г) балық өнімдері

Д) құстар

16.Сібір түйнемесінің диагностикалық әдісі:

А) бактериоскопиялық

Б) бактериологиялық

В) молекулярлы-генетикалық

Г) серологиялық (Аг анықтау)

Д) аталғандардың барлығы

17.Сібір түйнемесінің арнайы алдын –алуы үшін қолданылады:

А) өлі вакцина

Б) тірі вакцина

В) химиялық вакцина

Г) антибиотиктер

Д) бактериофагтар

18.Адамға патогенді бруцелланың түрі:

А)В.bovis

Б)В.melitensis

В)В.ovis

Г)В.canis

Д)В.neotomae

19. Сібір түйнемесінің қоздырғышы сипатталады:

А) грам теріс таяқшалар

Б) спора түзбейді

В) полипептидті капсула түзеді

Г) қоректік ортада бөлінбейді

Д) облигатты анаэроб болып табылады

20.Оба қоздырғышының негізгі патогенді факторы болып табылады:

А) эндотоксин

Б) адгезия

В) экзотоксин, тышқан токсині

Г) микроколонизация

Д) инвазия
Жауап кілттері: 1.В, 2 В, 3.Г,4.Д, 5.А, 6.Г,7.В,8.Б, 9.Г, 10. Б,11.Г, 12.Г,13.Д ,14.А,15.Б ,16.Д 17.Б ,18.Б ,19.В,20. В
Жағдайлық есептер

1.Ауыз қуысында жайылған қатты шанкрдың бөліндісінен жасалынған препаратта иілген бактериялар табылды.Ауыз қуысының шырышында болатын сапрофитті трепонеманы бозғылт трепонемадан қандай белгілері бойынша ажыратамыз?

2.Мерезге жоспарлы тексеру кезінде тексерілгендерден кардиолипидті антигенмен микропреципитация реакциясы оң нәтиже берді. Осы қорытындыға қарап, диагноз қоя аламыз ба? Диагнозды тұжырымдау үшін қосымша қандай зерттеулер жүргізуге болады?

3.Мерезбен ауырған әйел бала туды. Жаңа туған нәрестеде осы инфекцияны анықтау үшін қандай диагностикалық әдістер қолданады?

4.Урогенитальді хламидиозға күдіктенгенде зерттеуге қырынды алынды. Диагнозды болжау үшін қандай әдістер қоолдануға болады. Хламидияны анықтау үшін қандай бояу әдісін қолданады ?

5.Жатыр мойнының шырышының эпителиальді торшаларынан алынған қырынды препараттады цитологиялық зерттеу барысында цитоплазматикалық қосындылар– микроколониялар анықталды. Микроскопия нәтижесін қалай тұжырымдауға болады?

6.Науқас мынандай шағымдарымен қызба және жалпы әлсіреу, дәрігерге қаралды, мамандығы малшы, шағымдары қызба және жалпы әлсіреу. Теріні қарау барысында білек аймағында карбункул табылды.

а) науқасқа қандай препараттар тағайындауға болады?

7.Науқас мынандай шағымдарымен қызба, басының және бұлшықеттерінң ауыруымен дәрігерге қаралды. Мал шаруашылығында жұмыс істеген және сүт өнімдерін шикі күйінде ішкен.

а) Бұл ауруды қандай микроорганизмдер шақыруы мүмкін?

б) Қорытынды диагноз қою үшін қандай микробиологиялық зерттеулер жүргізу керек?

в) Бұл аурудың емі мен алдын-алуы үшін қандай препараттар тағайындауға болады?

8. Аңшы аңнан келгеннен соң бірден дене қызуы 390 С дейін көтеріліп, басының ауыруы пайда болған, сонымен бірге қолтық асты лимфа түйіндерінің ісінуі байқалған ( бубон).

а) Бұл ауруды қандай микроорганизмдер шақыруы мүмкін?

б) Қорытынды диагноз қою үшін және инфекция көзін табу үшін қандай микробиологиялық зерттеулер жүргізу керек?

9. Бруцеллезбен ұзақ уақыт ауырған науқаста әр кезекті рецидиві организмнің айқын арнайы сенсибилизациялық симптомдарымен өтеді.

а) Организмнің арнайы сенсибилизациясын қандай диагностикалық әдіспен анықтауға болады.?

б) Бұндай жағдайда қандай терапия әдісін қолдануға болады?



Похожие:

Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconПп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы
Тақырыбы: Вакциналар. Жіктелуі, дайындау жолдары, әсер ету механизмдері. Иммундық сарысулар
Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconПп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы
Коллоквиумды өткізу түрі – тәжірибелік дағдыларды бағалау, тесттер, ауызша сұрау, жағдайлық есептер
Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconПп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы
Коллоквиумды өткізу түрі – тәжірибелік дағдыларды бағалау, тесттер, ауызша сұрау, жағдайлық есептер
Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconПп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы
Тақырыбы: Микробиологиялық зерттеу әдістері. Микроскопиялық әдіс. Жұғынды дайындау және оны микроскоптан қарау техникасы. Қарапайым...
Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconПп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы
Тақырыбы: Дезинфекция, стерилизация, асептика, антисептиканың микробиологиялық негіздері. Дезинфекция және стерилизация әффективтілігін...
Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconПп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы
Тақырыбы: Іріңді-қабыну ауруларының микробиологиялық диагностикасы. Зерттеу кезеңдері. Патогенді және шартты-патогенді кокктар. Көкіріңді...
Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconПп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы
Тақырыбы: жрви вирусологиялық зерттеу әдістері. Аденовирусты инфекция. Вирустық гепатиттер. Құтыру, герпесвирусты инфекциялардың...
Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconФ кгма 4/3-08/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
Реаниматологиямен лор, көз аурулар кафедрасының мәжiлiсiнде талқыланған және бекітілген
Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconФ кгма 4/3-06/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
Тақырыбы: Жүйке жүйесінің патофизиологиясы: сезімталдықтың нейрогендік бұзылыстары, олардың түрлері және механизмдері
Пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология және иммунология кафедрасы iconФ кгма 4/3-06/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
Мақсаты: Асқазан-ішек трактысының секреторлық, моторлық және сіңіргіш қызметтерінің типтік бұзылыстарын игеру
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница