Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы




Скачать 37.71 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы
Дата конвертации28.02.2013
Размер37.71 Kb.
ТипДокументы


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

қ а у л ы с ы

Алматы қ.

2012 жылғы «___» ____________

№ ___



Қор биржасы мүшелерінің

қор биржасына қаржылық

есептілікті және өзге ақпаратты

ұсыну тізбесі мен мерзімдері туралы

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 86-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Екінші деңгейдегі банктер болып табылмайтын қор биржасының мүшелері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2011 жылғы 25 ақпандағы № 11 қаулысымен бекітілген Қаржы ұйымдарының және «Қазақстан Даму Банкi» акционерлiк қоғамының қаржылық есептiлiгiнiң тiзбесi, нысандары және ұсыну мерзiмдерi туралы нұсқаулықтың 7 және 8-қосымшаларында белгіленген нысандар бойынша тоқсан сайынғы қаржылық есептiлiктi (еншiлес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда – шоғырландырылған және жеке қаржылық есептiлiктердi) қор биржасына тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейiнгi айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6890 тіркелген), ол мыналарды қамтиды:

1) бухгалтерлік балансын;

2) пайдалар мен шығындары туралы есепті.

2. Екінші деңгейдегі банктер болып табылатын қор биржасының мүшелері Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар жөніндегі есеп нысандарын бекіту туралы» 2005 жылғы 25 маусымдағы № 224 қаулысының қосымшасына сәйкес баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есепті қор биржасына тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейiнгi айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

3. Қор биржасының мүшелері жыл сайын есепті, жылдан кейінгі жылдың 30 маусымына дейінгі мерзімде қор биржасына аудиторлық ұйыммен расталған жылдық қаржылық есептілікті (еншiлес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда – шоғырландырылған және жеке қаржылық есептiлiктердi), сонымен қатар:

1) бухгалтерлік баланс;

2) Кірістері мен шығыстары туралы есептілік;

3) Ақша қаражатының қозғалысы туралы есептілік;

4) Капиталдағы өзгерістер туралы есептілік;

5) Түсіндірме жазба.

Еншілес ұйымы(ұйымдары) бар қор биржасы мүшесінің жеке жылдық есептілігінің аудиторлық ұйыммен расталу талабы 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін таралады.

4. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап және 2012 жылғы 1 шілдеге дейін қаржылық есептілік қор биржасына «Microsoft Excel» электрондық форматта ұсынылады.

2012 жылғы 1 шілдеден бастап қаржылық есептiлiк қор биржасының ережелерімен айқындалатын форматта ұсынылатын деректердiң конфиденциалдылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар ақпаратты кепiлдiк бере отырып жеткiзудiң тасымалдау жүйесін пайдалана отырып, электрондық түрде қор биржасына ұсынылады.

Аудиторлық есеп қор биржасына «Acrobat Reader» электрондық форматта ұсынылады (аудиторлық ұйымы қол қойған және оның мөрімен расталған қағаз нұсқасының сканирленген көшірмесі)

5. Қор биржасының мүшелері қор биржасына:

  1. Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 2 шілдесінен «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңының 102 бабының 2 тармағында қарастырылғандай, егер қор биржасы мүшесі бағалы қағазы қор биржасы тізіміне енбеген, яғни эмитент болмаған жағдайда қызметтің өзгерісі туралы ақпаратты.

  2. қор биржасы қор биржасының сауда жүйесінде айналысатын бағалы қағаздар және өзге қаржы құралдары бойынша сауда-саттыққа қатысуға рұқсат берген, қор биржасы мүшесінің трейдерлері құрамында өзгерістері туралы ақпаратты осындай өзгерістердің негіздемелері туралы мәліметтерді көрсете отырып олар туындаған күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде;

  3. қор биржасының қағидаларында белгіленген көлемде есепті күнгі жағдай бойынша брокерлік қызметтер көрсету шеңберінде қор биржасы мүшесінің комиссия шарттарын жасағаны туралы мәліметтерді, есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмейтін мезімде.

6. Қор биржасының мүшесі және оның басшы қызметкерлері осы қаулының және қор биржасы қағидаларының талаптарына сәйкес қор биржасына ұсынылатын қаржылық есептіліктің және ақпараттың уақтылығы мен шынайылығын қамтамасыз етеді.

7. Қор биржасы 2012 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде өз қызметінде пайдаланатын бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуді, қор биржасының қағидаларын осы қаулының талаптарына сәйкес келтіреді.

8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Ұлттық Банк

Төрағасы Г. Марченко



Похожие:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында заңды және жеке тұлғалармен кассалық...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қ аулыс ы алматы қаласы 2007 жылғы 24 қыркүйек №111 Қазақстан Республикасының
Республикасының Заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы
Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы
Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру тәртібін жетілдіру мақсатында...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2012 жылғы № Қазақстан Республикасының
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2012 жылғы № Қазақстан Республикасының
Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы
Басқармасының Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы
Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін ақша төлемдері мен аударымдарын...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2011 жылғы № Жаппай электрондық төлемдер
Республикасының Заңына сәйкес және қолма-қол жасалмайтын бөлшек төлемдерді одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница