Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы




НазваниеҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы
страница1/7
Дата конвертации28.02.2013
Размер0.75 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7


Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ



Алматы қ.

2011 жылғы «____» ____________

№ _____



Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 17 тамыздағы № 86 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы






«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы
30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 17 тамыздағы № 86 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4417 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінің 2006 жылғы қарашадағы № 16 санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесінде:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Ереженің мақсаттары үшін сондай-ақ мынадай терминдер және ұғымдар пайдаланылады:

1) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) – сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде заңды тұлғаға (филиал мен өкілдікке) және бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;

2) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы – Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының негізгі сессиясында қалыптасқан және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп белгілейтін тәртіппен айқындалған теңгенің шетел валютасына қатысты орташа алынған биржалық бағамы, сондай-ақ теңгенің Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында сауда-саттық жүргізілмейтін шетел валютасына қатысты, Ұлттық Банк бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп белгілейтін тәртіппен кросс-бағамдар пайдаланыла отырып есептелетін бағамы;

3) валюталық бақылау құжаттары:

келісімшарт, оның ішінде келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімдерінің, талаптарының, сондай-ақ тараптардың өзгеруін растайтын құжаттар;

келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалуын растайтын құжаттар, оның ішінде шетелдік банктердегі шоттар бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірмелер, келісімшарттар шеңберінде шетелдік банктердегі шоттардан төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын растайтын және сәйкестендіретін төлем және өзге де құжаттар, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізген кезде тауарларға арналған декларацияның көшірмесі, жұмыстардың орындалуын, қызметтердің көрсетілуін растайтын құжаттар, экспорт немесе импорт үшін Кеден одағының кедендік аумағы ішінде тауарлардың қозғалысын растайтын құжаттар;

лицензия, тіркеу куәлігі, хабарлама туралы куәлік;

мәміле паспорты, мәміле паспортына қосымша парақ;

мәміле паспорты бойынша салыстырып тексеру актісі;

4) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) – сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде жеке тұлға, оның ішінде өзіндік кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;

5) кәсіпорындардың және ұйымдардың жалпы жіктеуіші бойынша код (бұдан әрі – КҰЖЖ коды) – статистика жөніндегі уәкілетті орган кәсіпорындардың және ұйымдардың жалпы жіктеуішіне сәйкес заңды тұлғаларға, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне тағайындайтын сәйкестендіру коды;

6) келісімшарт – тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты немесе импорты көзделген валюталық шарт;

7) Қазақстан Республикасының кеден органдары (бұдан әрі – кеден органдары) – кеден ісі саласындағы уәкілетті органның (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша) аумақтық бөлімшелері, Қазақстан Республикасының кедендері және кеден бекеттері;

8) лицензия – резиденттің резидент емеске 180 күннен (Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тауарлардың жеке тізбесі бойынша
365 күннен) астам мерзімге коммерциялық кредит беруіне Ұлттық Банк
2006 жылғы 31 желтоқсанға дейін берген лицензия;

9) мәміле паспорты банкі – мәміле паспортын ресімдеген және мәміле бойынша бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті банк (оның филиалы), Ұлттық Банктің аумақтық филиалы (бұдан әрі – филиал);

10) мәміле паспорты бойынша салыстырып тексеру актісі – мәміле паспорты банкі мен кеден органы арасында мәміле паспорты бойынша тауарлар қозғалысы бойынша жүргізілген салыстырып тексеру нәтижелері бойынша ресімделген акт;

11) мәміле паспорттарын тіркеу журналы – мәміле паспорттарын тіркеу үшін мәміле паспорты банкі жүргізетін журнал;

12) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі – СТН) – салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеу кезінде жеке тұлғаға тағайындалған нөмір;

13) тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) экспортының немесе импортының күні болып:

тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізген кезде – сыртқы сауданың кедендік статистикасында экспорт немесе импорт ретінде есепке алынатын кедендік рәсіммен тауарды орналастыруды растайтын тауарға арналған декларацияда көрсетілген тауар шығарылған күн;

басқа жағдайларда:

тауарлар беруді, жұмыстар орындауды (қызметтер көрсетуді) растайтын құжаттарға қол қойылған (қабылданған) күн;

нақты берілген тауарлар, орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) үшін шот-фактура, инвойс ұсынылған күн;

тауарлар беруді, жұмыстар орындауды (қызметтер көрсетуді) растайтын құжаттарға қол қоюды (қабылдауды) және нақты берілген тауарлар, орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) үшін шот-фактура, инвойс ұсынуды көздемейтін шарттың талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындаудың басталған күні;

экспорт немесе импорт үшін Кеден одағының ішінде тауарлардың қозғалысын растайтын құжаттарда резидент емес келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындаған күн туралы ақпарат болмаған жағдайда экспортер немесе импортер жазбаша растаған, резидент емес келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындаған күн саналады;

14) экспортер немесе импортер – келісімшарт жасаған не келісімшарт бойынша резидент емеске қойылатын талап ету құқығы өткен Қазақстан Республикасының резиденті (заңды тұлға, оның филиалы, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген дара кәсіпкер).»;

мынадай мазмұндағы 2-2 және 2-3-тармақтармен толықтырылсын:

«2-2. Ереженің мақсаттары үшін – экспорт немесе импорт үшін Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы тауарларды өткізу деп:

өзара сауда статистикасында экспорт немесе импорт ретінде есепке алынатын, тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан (аумағына) Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына (аумағынан) өткізу;

сыртқы сауданың кедендік статистикасында экспорт немесе импорт ретінде есепке алынатын кедендік рәсімдердің біреуімен орналастырылған тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу түсініледі.

2-3. Экспорт немесе импорт үшін Кеден одағының кедендік аумағы ішінде тауарлар өткізуді растайтын құжаттар мыналар:

тауарларды қабылдау-тапсыру акті;

Кеден одағына мүше мемлекеттің біреуінің аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды өткізуді растайтын және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 276-7-бабының 3-тармағында айқындалған тауарлардың ілеспе құжаттары;

тауарларды жеткізушінің және алушының, келісімшарттың деректемелері, тауарларды өткізу бойынша айналым жасалған күн және олардың құны көрсетілген нақты тапсырылған тауарлар үшін шот-фактура;

Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына тауардың экспортын растау үшін тауарды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (аумағына тауарлар импортталған Кеден одағына мүше мемлекеттің салық органының жанама салықтардың төленгені туралы белгісі бар қағаз тасымалдауышта);

Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың импортын растау үшін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (Қазақстан Республикасының салық органының жанама салықтардың төленгені туралы белгісі бар қағаз тасымалдауышта) болып табылады.

Уәкілетті банк экспорт немесе импорт үшін Кеден одағының кедендік аумағы ішінде тауарлардың қозғалысын растау ретінде осы тармақта аталған кез келген құжатты қабылдайды. Егер бірнеше құжат ұсынылса, резидент еместің келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындау күні экспортер немесе импортер көрсеткен құжаттың негізінде есепке алынады.»;

3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Егер келісімшарт АҚШ долларынан өзгеше валютада көрсетілсе, резидент еместің орындалмаған міндеттемелерінің сомасы келісімшарт валютасында оны кейіннен келісімшарт бойынша репатриациялау мерзімі аяқталатын айдың соңғы күніндегі валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып АҚШ долларымен қайта санау арқылы есептеледі. Мәміле паспортын жабу мақсаттары үшін резиденттің орындалмаған міндеттемелері сомасын АҚШ долларымен қайта санау – мәміле паспортын жабу күніндегі валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып жүзеге асырылады.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Мәміле паспортын ресімдеуді талап ететін келісімшарттар бойынша тауарлардың кедендік тазартуын жасайтын кеден органының лауазымды тұлғасы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезеңінде:

1) мәміле паспортының, ал Ереженің 47 және 49-тармақтарында көрсетілген жағдайларда мәміле паспортына қосымша парақтың болуын тексеруді;

2) мәміле паспортындағы ақпараттың, тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтердің және Ұлттық Банк Ереженің 41-тармағында белгіленген тәртіппен жіберген ақпараттың сәйкес келуін тексеруді жүзеге асырады.

Ұлттық Банк Ереженің 41-тармағында белгіленген тәртіппен жіберетін мәмілелер паспорттары жөніндегі ақпарат болмаған немесе мәміле паспортындағы ақпаратпен сәйкес келмеген кезде, кедендік тазалау экспортер немесе импортер ұсынған мәміле паспортының негізінде жүргізіледі.»;

9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Мәміле паспорты экспортер немесе импортер келісімшарт бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруды бастағанға дейін және (немесе) экспорт немесе импорт үшін тауарларды Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткізгенге дейін ашылуы тиіс.»;

10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Мәміле паспорты келісімшартты жасаған күні жеткізілетін тауарлар құнының баламасы елу мың АҚШ долларынан асқан әрбір келісімшарт бойынша мынадай жағдайларда:

1) экспорт немесе импорт үшін Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы, оның ішінде жұмыстар орындау, қызметтер көрсетуге арналған келісімшарт шеңберінде тауарларды өткізгенде;

2) бұрын басқа кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларға қатысты, осы тауарларға меншік құқығы резиденттен резидент емеске (резидент еместен резидентке) өтуіне байланысты кедендік рәсім экспорт (ішкі тұтыну үшін шығарудың) кедендік рәсіміне өзгергенде;

3) мәміле паспорты банкінің банктік және өзге операцияларды жүргізуге берілген лицензиясы тоқтатыла тұрған не одан айырылған және мәміле паспортын жабу үшін негіз болмаған жағдайда, мәміле паспорты банкі болып табылмайтын уәкілетті банкке қызмет көрсетуге өткенде;

4) Ереженің 35-тармағында белгіленген жағдайда ашылуы тиіс.

11. Экспортер немесе импортер мәміле паспортын ресімдеу үшін:

1) Ережеге 1 және 2-қосымшаларда белгіленген нысан бойынша толтырылған мәміле паспортының екі данасын;

2) келісімшарттың түпнұсқасын немесе оның нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.

Резидент емеспен құжаттар жіберудің электрондық құралдарын пайдалана отырып келісімшарт жасаған жағдайда, экспортер немесе импортер уәкілетті банкке оның техникалық құралдар арқылы жасалған көшірмесін келісімшарттың барлық тараптарының қолдары мен мөрлері болған кезде ұсынады. Келісімшарттың түпнұсқасын не нотариат куәландырған көшірмесін экспортер немесе импортер мәміле паспорты ресімделген күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде ұсынады.»;

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Мәміле паспорты банкі мәмілелер паспорттары бойынша әрбір экспортер немесе импортер бойынша валюталық бақылау құжаттарынан келіп түсуіне қарай қалыптастырылатын іс қағазын жүргізеді. Іс қағаздарын электрондық нысанда жүргізуге жол беріледі.»;

мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:

«17-1. Егер экспорт немесе импорт үшін Кеден одағының кедендік аумағы ішінде тауарлардың қозғалысын растайтын құжаттарда келісімшарт бойынша жіберілген немесе келіп түскен тауарларды есепке алу үшін қажетті ақпарат болмаса, экспортер немесе импортер мәміле паспорты банкіне келісімшарттың және мәміле паспортының деректемелерін және, қажет болған жағдайда, резидент еместің келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындау күнін жазбаша растайды.

Дұрыс емес ақпаратты бергені үшін жауаптылық экспортерге немесе импортерге жүктеледі.»;

20-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) уәкілетті банктер Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы қолма-қол ақшаны өткізген кезде;»;

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) резидент еместермен жасалған және экспорт немесе импорт үшін тауарларды Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткізуді көздемейтін келісімшарттар бойынша;»;

32-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

«Есеп айырысудың вексельдік нысанын көздейтін мәміле паспорты бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы ақпаратты мәміле паспорты банкі Ереженің 43-тармағына сәйкес Ереженің осы тармағының 1)–3) тармақшаларында көрсетілген жағдайдың бірі басталған кезде жібереді.»;

33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«33. Ақпарат жазылған ақпарат тасымалдауыштарды (магнитті дискілерді, магнитті таспаларды, компакт-дискілерді, флоппи-дискілерді және басқаларын) экспорт немесе импорт үшін Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткізген кезде мәміле паспорты, мәміле мәні көрсетілген тасымалдауыштарда жазылған ақпарат болып табылған жағдайларды қоспағанда, осы ақпаратты тасымалдауыштың құнына ресімделеді. Мәміле мәні көрсетілген тасымалдауыштарда жазылған ақпарат болып табылған жағдайда, мәміле паспорты келісімшарттың бүкіл сомасына ресімделеді.»;

35-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Келісімшарт бойынша одан әрі бақылауды резидент емеске қойылатын талап ету құқығы көшкен резидентке қызмет көрсететін уәкілетті банк ақша және тауарлар қозғалысы туралы ақпаратты, сондай-ақ егер резидент емеске қойылатын талап ету құқығы көшкен резиденттің алдында резидент еместің міндеттемелерін орындау мерзімі талап ету құқығын беру туралы келісімшартта көзделмеген болса, алдыңғы мәміле паспортының репатриациялау мерзімдерін ескере отырып жүзеге асырады.»;

35-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«35-1. Кедендік аумақта (аумақтан тыс), сондай-ақ ішкі тұтыну үшін кедендік қайта өңдеу рәсімімен орналастырылған тауарды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуді көздейтін, жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) келісімшарты бойынша мәміле паспорты, егер келісімшартта жұмыстардың (қызмет көрсетулердің) экспорты көзделсе, экспорт бойынша не егер келісімшартта жұмыстардың (қызмет көрсетулердің) импорты көзделсе, импорт бойынша ресімделеді.»;

35-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«35-3. Мәміле паспорты банкіне экспортердің немесе импортердің тиісті жазбаша өтініші негізінде экспортердің немесе импортердің таңдауы бойынша бұрын жабылған мәмілелер паспорттары жаңартылады не жабылған мәміле паспортының деректемелерін «Мәміле паспорты банкінің ерекше белгілері» бөлімінде көрсете отырып, жаңа мәмілелер паспорттары ашылады.»;

36-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«36. Келісімшарт бойынша мәміле паспортын жабуды мәміле паспортының банкі мәміле паспортын жабу үшін Ереженің 37-тармағында көрсетілген қажетті негіздемелер бар болған жағдайда, экспортердің немесе импортердің мәміле паспортын жабу туралы өтініш жасаған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде не Ереженің 26-тармағында көрсетілген мерзімде жүзеге асырады. Ереженің 37-тармағының 5)-8), 15), 16), 18)-20) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда, мәміле паспортын экспортердің немесе импортердің тиісті өтінішінсіз жабуға жол беріледі.»;

37, 38 және 39-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«37. Мәміле паспортын жабу үшін мыналар негіз болып табылады:

1) келісімшарт бойынша тараптардың міндеттемелерін толық орындауы не резидент еместің не резиденттің баламасы елу мың АҚШ долларынан аспайтын берешек қалдығының болуы, оның ішінде бас тарту төлемін беру, есепке алу арқылы, борышқор мен кредитор бір тұлға болған, орындау мүмкін емес жағдайда, мемлекеттік орган актісінің шығарылуы салдарынан міндеттемелердің тоқтатылуы, растайтын құжаттар және келісімшарт бойынша тараптардың міндеттемелерінің тоқтатылғаны туралы экспортердің немесе импортердің жазбаша растауы болған жағдайда;

2) импортердің осы келісімшарттың қолданылуын тоқтату туралы жазбаша растауы болған жағдайда, резидент емеске бұрын алынған тауарларды не импортерге пайдаланылмаған авансты қайтару;

3) экспортердің осы келісімшарттың қолданылуын тоқтату туралы жазбаша растауы болған жағдайда, резидент емес тауарға ақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда бұрын тиеп жөнелтілген тауарлардың экспортерге қайтарылуы не экспортер тауарды жеткізу бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда экспорт бойынша келісімшарттың ақысына экспортер алған валютаның резидент емеске қайтарылуы;

4) экспортер немесе импортер резидент еместің алдында міндеттемелерін орындамаған жағдайда, экспортердің немесе импортердің алдында өз міндеттемелерін толық көлемде орындаған резидент еместің тарапынан наразылықтардың жоқтығын растайтын құжаттардың ұсынылуы;

5) дара кәсіпкер ретінде тіркелген экспортердің немесе импортердің Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру орнына кетуі туралы уәкілетті органның растауы;

6) келісімшарт мерзімінің аяқталуы және тараптар міндеттемелерін орындаған соңғы күннен бастап бір жыл ішінде, тараптар міндеттемелерді балама орындаған немесе резидент еместің не резиденттің баламасы елу мың АҚШ долларынан аспайтын берешек қалдығы болған жағдайда, мәміле паспорты бойынша ақша және тауарлар қозғалысының болмауы;

7) резидент еместі тарату туралы немесе банкрот деп тану туралы сот шешімінің не шет мемлекеттің өзге уәкілетті мемлекеттік органы құжатының болуы;

8) экспортердің немесе импортердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен таратылуы, құқықтық мұрагері болмаған жағдайда;

9) резидент еместің міндеттемелерін орындамау тәуекелін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайы басталған жағдайда, экспортердің немесе импортердің сақтандыру төлемін алуы;

10) экспортердің немесе импортердің банктік шотына ақшалай талапты басқаға беруді қаржыландыру (факторинг) шарты шеңберінде ақшаның түсуі;

11) мәміле паспорты банкінің банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиясын тоқтата тұру не одан айыру;

12) тараптар келісімшарт бойынша міндеттемелерін толық көлемде орындаған не резидент еместің баламасы елу мың АҚШ долларынан аспайтын берешек қалдығы болған жағдайда уәкілетті банктің келісімшарт бойынша есеп айырысу үшін импортер шығарған, резидент емес ұсынған вексельді есепке алуы;

13) экспортердің немесе импортердің келісімшарт бойынша резидент еместің алдындағы өз борышын басқа тұлғаға, резидент еместің келісімін растайтын құжаттар негізінде және экспортердің немесе импортердің мәміле паспортының банкіне ұсынылған осы келісімшарттың қолданылуы тоқтатылғаны туралы жазбаша өтініші болған жағдайда, аударуы;

14) растайтын құжаттар (талап ету құқықтарын басқаға беру шарты, өзара міндеттемелер бойынша салыстырып тексеру актісі, тауарларды қабылдау-өткізу актісі, тауардың ілеспе құжаттары және т.б.) және экспортердің немесе импортердің осы келісімшарттың қолданылуы тоқтатылғаны туралы жазбаша өтініші болған жағдайда, Ереженің 35-тармағын ескере отырып, экспортердің немесе импортердің резидент емеске қойылатын талап ету құқығын басқа тұлғаға беруі немесе аударуы;

15) дара кәсіпкер ретінде тіркелген экспортердің немесе импортердің қайтыс болуы, құқықтық мұрагері жоқ болған жағдайда;

16) мәміле паспорты жеке есепке жатқызылған күннен бастап үш жылдың өтуі;

17) экспортердің немесе импортердің Ереженің 26-тармағын ескере отырып, мәміле паспорты ресімделген келісімшартқа қызмет көрсететін мәміле паспорты банкін өзгертуі;

18) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 4417 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 17 тамыздағы № 86 қаулысының
4-тармағында көзделген жағдайлар;

19) мәміле паспорты ресімделген күннен бастап бір жыл ішінде келісімшарт бойынша ақша және тауарлар қозғалысының болмауы.

Ақша және тауарлар қозғалысы болмаған мәміле паспортын, ол ресімделген күннен бастап бір жыл өткенге дейін экспортердің немесе импортердің мәміле паспортын жабу туралы жазбаша өтініші болған жағдайда, жабуға жол беріледі;

20) Ереженің 4-1-тармағында көрсетілген мерзімді ескере отырып, соттың немесе өзге мемлекеттік органның, төреліктің резиденттің пайдасына шығарылған резидент еместің резиденттің алдындағы келісімшарт бойынша берешегінің бүкіл сомасын өтеу жөніндегі шешімінің болуы;

21) араларында болған бастапқы міндеттеменің сол тұлғалардың арасында өзге мәнді немесе орындау тәсілін көздейтін міндеттемемен ауыстырылуы арқылы резидент еместің келісімшарт бойынша міндеттемелерінің тоқтатылуы;

22) экспорт және импорт үшін Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы тауар өткізуді болдырмайтын өзгерістер мен толықтырулардың келісімшартқа енгізілуі.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 7) немесе 20) тармақшасы негізінде жабылған мәміле паспорты бойынша ақша қайтарылған жағдайда мәміле паспортын қайта ашу талап етілмейді.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5), 7), 8), 15), 16), 20) тармақшаларында көзделген жағдайларда мәміле паспортының жабылу мүмкіндігі туралы шешімді Ережеге сәйкес алынған ақпарат негізінде мәміле паспорты банкіне хабарлай отырып, экспортердің немесе импортердің мемлекеттік тіркеу орны бойынша Ұлттық Банктің филиалы қабылдайды. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 20) тармақшасы негізінде мәміле паспортының жабылу мүмкіндігі туралы шешім, Ереженің 4-1-тармағын ескере отырып белгіленген репатриациялау мерзімі аяқталғаннан кейін, қабылданады.

38. Мәмілелер паспорттары, оның ішінде уәкілетті банктер ресімдеген, экспортердің немесе импортердің мемлекеттік тіркеу орны бойынша Ұлттық Банктің филиалында келесі жағдайларда:

1) мәміле паспорты банкі тарапынан одан әрі бақылауға жататын мәміле паспорты бойынша операциялар болмаған жағдайда келісімшарт бойынша жүргізілген операция бойынша репатриациялау талабын бұзғаны үшін қылмыстық немесе әкімшілік іс жүргізу шеңберінде шешім қабылданғанда;

2) экспортер немесе импортер мемлекеттік тіркеу орны бойынша болмағанда жеке есепке алынуы тиіс.

Ұлттық Банктің филиалы мәміле паспорты банкіне мәміле паспортының жеке есепке жатқызылғаны туралы хабарлайды.

Ұлттық Банктің филиалы жеке есепке жатқызылған мәміле паспорттары бойынша жыл сайын экспортерден немесе импортерден репатриациялау талабын орындау үшін қабылданған шаралар туралы ақпарат сұратады, ал егер экспортердің немесе импортердің орналасқан орны анықталмаса, Ұлттық Банктің филиалы уәкілетті банктерге, салық және өзге де мемлекеттік органдарға олардың құзыретіне сәйкес экспортердің немесе импортердің жұмыс істеуі және (немесе) оның орналасқан орны туралы сұрату жібереді.

Келісімшарт бойынша, оның мәміле паспорты жеке есепке жатқызылған күннен бастап үш жыл өткенге дейін, операциялар қайта жаңғыртылған жағдайда, мәміле паспорты жеке есептен шығарылады.

Мәміле паспорты жеке есепке жатқызылған күннен бастап үш жыл өткен жағдайда, Ұлттық Банктің филиалы мәміле паспорты банкіне Ереженің
37-тармағының 16) тармақшасына сәйкес мәміле паспортының жабылу мүмкіндігі туралы хабарлайды.

39. Уәкілетті банктер, Ұлттық Банк және кеден ісі саласындағы уәкілетті орган арасында ақпарат алмасу Ереженің 40-45-тармақтарына сәйкес электрондық түрде Ұлттық Банк кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен және уәкілетті банктермен келіскен форматта жүзеге асырылады. Уәкілетті банктер Ұлттық Банкке бұрын Ереженің 40 және 43-тармақтарына сәйкес жіберген ақпаратқа ақпарат жіберілген күннен бастап алты ай ішінде Ұлттық Банк уәкілетті банктермен келіскен форматқа сәйкес электрондық түрде түзетулер енгізе алады.»;

41, 42, 43, 44 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«41. Ұлттық Банк уәкілетті банктерден Ережеге 5-қосымшада белгіленген нысанда алынған мәмілелер паспорттары бойынша ақпаратты күн сайын кеден ісі саласындағы уәкілетті органға жібереді.

Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган күн сайын Ұлттық Банктен мәміле паспорттары бойынша алынған ақпаратты тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтердің мәміле паспортындағы ақпаратқа сәйкестігін тексеру үшін кеден органдарына жібереді.

42. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың он біріне дейінгі мерзімде, Ұлттық Банкке Ережеге 6-қосымшада белгіленген нысанда мәмілелер паспорттары бойынша есепті айдағы тауарлар қозғалысы туралы ақпаратты жібереді.

Ұлттық Банк кеден ісі саласындағы уәкілетті органнан мәмілелер паспорттары бойынша тауарлар қозғалысы туралы ақпаратты алғаннан кейін, келесі жұмыс күнінен кешіктірмей осы ақпаратты мәмілелер паспорттарының банктеріне жібереді.

43. Уәкілетті банктер Ұлттық Банкке мәмілелер паспорттары бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы ақпаратты Ережеге 4-қосымшада белгіленген нысанда мына мерзімдерде жібереді:

мәмілелер паспорттары бойынша міндеттемелер есепті айда экспортердің немесе импортердің уәкілетті банктегі банк шоттары арқылы, төлем карточкаларын қолданбай, төлемдер мен (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру арқылы орындалған жағдайда – есепті айдан кейінгі айдың он бесіне дейінгі мерзімде;

мәмілелер паспорттары бойынша міндеттемелер төлемдер мен (немесе) ақша аударымдарын төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асыру арқылы және (немесе) мәмілелер паспорттары бойынша міндеттемелерді орындаудың басқа тәсілімен орындалған жағдайда – растайтын ақпаратты және (немесе) құжаттарды экспортер немесе импортер не мәміле паспортының банкі болып табылмайтын банк ұсынған айдан кейінгі айдың он бесіне дейінгі мерзімде.

Импорт жөніндегі келісімшарт бойынша есеп айырысудың аккредитивті нысаны не банктік кепілдеменің орындалуы жағдайында деректер шетелдік жеткізушінің пайдасына төлем мен (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылған кезде көрсетіледі.

Егер аккредитив немесе кепілдік беру мәміле паспортының банкінде ресімделмесе, аккредитивті немесе кепілдік беруді ресімдеген уәкілетті банк мәміле паспортының банкіне төлем мен (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылғанын растайтын төлем құжатының көшірмесін:

егер орындаушы банк болып табылса, төлем мен (немесе) ақша аударымы күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде;

егер орындаушы банк шетелдік банк болып табылса, төлем мен (немесе) ақша аударымы туралы мәліметтер алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жібереді.

44. Уәкілетті банктер есепті айдан кейінгі айдың соңғы күніне дейінгі мерзімде Ұлттық Банкке Ережеге 7-қосымшада белгіленген нысан бойынша келесі ақпаратты жібереді:

1) резидент еместің репатриациялау мерзімдерінде келісімшарт бойынша экспортер немесе импортер алдындағы есепті айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша баламасы елу мың АҚШ долларынан асатын сомадағы міндеттемелерін орындамауы;

2) Ереженің 49-тармағында көрсетілген жағдайлар.

45. Уәкілетті банк баламасы он мың АҚШ долларынан елу мың АҚШ долларына (қоса алғанда) дейінгі сомада жасалған және экспорт немесе импорт үшін Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы тауарлар өткізуді көздейтін келісімшарттар шеңберінде жүзеге асырылатын төлемдер мен (немесе) ақша аударымдарының мониторингін жүзеге асырады (Ереженің 20-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Егер есепті айда осындай келісімшарттар бойынша экспортер немесе импортер алған (жіберген) ақшаның жалпы сомасы баламасы бір жүз мың АҚШ долларынан асып кетсе, уәкілетті банк есепті айдан кейінгі айдың он бесіне дейін Ұлттық Банкке Ережеге
8-қосымшада белгіленген нысан бойынша ақпарат ұсынады.»;

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7-қосымшалар тиісінше осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;

осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес 8-қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

  1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы 2012 жылғы 30 қаңтар №8 Алматы қаласы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының және «Қазақстан Даму Банкі»
Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының қаржылық есептілігінің...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы 2011 жылғы 26 желтоқсан №202 Алматы қаласы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында заңды және жеке тұлғалармен кассалық...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық банкі Басқармасының қаулысы
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қолма-қол жасалмайтын төлемдер мен ақша аударымдары тәсілдері бойынша төлем айналымын...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы
Р Ұлттық Банкi Басқармасының 2006. 24. 01. №2 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр ред.қара)
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы
Республикасының төлем жүйесінің жұмысын қамтамасыз ететін нормативтік базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарға...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы
Республикасының банк жүйесін дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница