Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы




НазваниеСолтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы
страница2/10
Дата конвертации01.03.2013
Размер0.96 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2. Кiрiспе



Денсаулық сақтау жүйесiнiң жай-күйi елдiң экономикалық даму деңгейiне байланысты және мемлекеттiң өз азаматтарының алдындағы жауапкершiлiк дәрежесiн сипаттайтын қоғамның әлеуметтiк кепiлдiктерiнiң интегралды көрсеткiшi болып табылады.

Қазiргi уақытта әлеуметтiк-экономикалық ахуалдың тұрақтануы жағдайында денсаулық сақтау саласының дамуында оң беталыс байқалады, денсаулық сақтау жүйесi әлеуметтiк-бағдарлы болу үшiн күш жұмсалып жатыр.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 13 қыркүйектегi № 1438 Жарлығымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы» 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысына сәйкес, «Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау және дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы» әзiрлендi.

Бағдарлама денсаулық сақтау iсiнiң көкейкестi мәселелерiн және басымдарын есепке ала отырып, халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған, олардың негiзгiлерi мыналар:

бастапқы медициналық-санитарлық көмек қызметiн дамыту және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету;

ана мен бала денсаулығын нығайту;

көрсетiлетiн медициналық қызметтер сапасын жақсарту, әлеуметтiк жағынан елеулi аурулардың алдын алу, оларды диагностикалау және емдеу;

денсаулық сақтау жүйесiнiң менеджерлерiн даярлау, саланың ресурстарын және қаржылануын басқару;

денсаулық сақтау объектiлерiн жоғары және орта буын кадрларымен толықтандыру;

денсаулық сақтау объектiлерiнiң материалдық-техникалық базасын нығайту;

қатарға жаңа медициналық ұйымдарды енгiзу.

Бағдарламада Президенттiң «Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн» атты 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында қойылған негiзгi мiндеттерден туындаған облысымызда сапалы, қолжетiмдi және әлеуметтiк бағдар ұстанған денсаулық сақтау жүйесiн дамытуға бағытталған экономикалық, әлеуметтiк, ұйымдастырушылық және басқа да шаралардың жиынтығы белгiленген.

3. Халық денсаулығының және денсаулық сақтау жүйесiнiң

жай-күйiн талдау



Облыс халқының денсаулығының жай-күйi, санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы және денсаулық сақтау саласының дамуы соңғы онжылдықта оң және сол үрдiстермен де сипатталады.

Мемлекетiмiздiң тәуелсiздiгi мен егемендiк кезеңiнiң басталуы денсаулық сақтау жүйесiнде реформалау және оңтайландырумен, жеке сектордың құрылуымен және кейiн мiндеттi медициналық сақтандыруды, басқарудың экономикалық әдiстерiн енгiзумен байланысты.

Мiндеттi медициналық сақтандырудың қызмет еткен уақытында денсаулық сақтау ұйымдарының қаржыландырылуы өзгердi, медициналық ұйымдардың қызметiн бақылайтын тәуелсiз жүйе қолданысқа енгiзiлдi.

Соңынан бұл медицина қызметкерлерiнiң еңбегiн қарқындатуға, еңбекке деген ынтаны өзгертуге және медициналық қызметтiң нарықтылығын айқындауға мүмкiндiк бердi. Медициналық және фармацевтiк қызметтердiң жеке секторын құру және бөлу халыққа медициналық және дәрiлiк көмектiң қолжетiмдiлiгiн арттырды.

Қазiргi уақытта медицинада нарықтық қатынастар қалыптасқан, стоматологиялық, офтальмологиялық, неврологиялық және бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету салаларында бәсекелестiк орын алады. Қазiргi қызмет көрсететiн стационарлар төсек-орын айналымын ұлғайту, ауруханада болудың орташа мерзiмiн төмендету, сауықтандырылған науқастардың санын көбейту есебiнен қарқынды емдеуге бағытталған.

Медициналық көмек сапасын көтеру, тұрғындар денсаулығының көрсеткiшiн жақсарту және денсаулық сақтау iсiн әлемдiк стандарттарға жақындау мақсатында денсаулық сақтау органдары ДДҰ-ның басым бағыты - әйелдер мен балалар денсаулығын қорғау, DOTS стратегиясы – туберкулезбен күрес жөнiндегi бағдарламалар қолданысқа енгiзiледi.

Облысымызда саланың қалыпты қызмет етуiне және нығайуына бағытталған, оны реформалауға, азаматтардың ақысыз медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемiн алу құқығын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылданып жатыр.

Соңғы жылдар iшiнде жүргiзiлген реформалар нәтижесiнде медициналық қызметтi көрсетушiлер заңды және қаржылай дербестiк алды. Емдеу-алдын алу ұйымдары өз статусын мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорын және мемлекеттiк мекемеге ауыстырды. Денсаулық сақтау ұйымдарының аз нәтижелi, қайталайтын құрылымдарын болдырмайтын оңтайлы жүйесi құрылды.

Амбулаториялық-емханалық буынды әр жанға шаққандағы нормативтерi бойынша, стационарларды - клиникалық-шығын топтары бойынша, мемлекеттiк медициналық ұйымдарды – шығындар сметалары бойынша қаржыландыру әдiстерi мен принциптерi жетiлдiрiлiп жатыр. Соңғы 5 жылда облыстың әрбiр тұрғынының денсаулығын сақтау мен емдеуге бөлiнетiн қаржы 3039 теңгеден 7322 теңгеге ұлғайды. Халыққа көрсетiлетiн бастапқы медициналық-санитарлық көмектi басымды дамыту мақсатында, әр жанға шаққандағы қаржыландырудың нормативi әр тұрғынға айына 33 теңгеден 111 теңгеге дейiн ұлғайтылды.

Сонымен қоса, денсаулық сақтау саласын басқаруда, денсаулық сақтау объектiлерiнiң материалдық-техникалық базасын нығайтуда, оларды бiлiктi медициналық кадрлармен толықтыруда және қаржыландыру сұрақтарында мәселелер бар.

Елбасының 2005 жылға Жолдауында денсаулық сақтау ұйымдарына қойылған жетi алдыңғы қатардағы мiндеттердi шешу және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 13 қыркүйектегi № 1438 Жарлығымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру денсаулық сақтау жүйесiндегi бар мәселелердi жоюға көмектеседi.
Медициналық-демографиялық ахуал және науқастанушылық
Соңғы 10 жыл бойы (1993 жылдан 2003 жылғы дейiн) облыста бала туудың жалпы көрсеткiшiнiң 10%-ға төмендегенi байқалып отыр, ең қарқынды төмендеу 1993 жылдан 1999 жылға дейiнгi кезеңде байқалды, 25%-ға 1000 тұрғынға шаққанда 14,1-ден 10,6-ға дейiн, одан кейiн оның қарқыны баяулады.

2002 жылдан бастап көрсеткiштiң тұрақтануы және бала туу алдыңғы жылмен салыстырғанда 5%-ға өсуi байқалады. 2003 жылы бала туу 1000 тұрғынға шаққанда 12,7 –нi құрады (2003 ж. ҚР –17,2), бұл 1990 жылғы деңгейге 69,4% сәйкес (18,4) және туғандардың саны 2002 жылғы 7801 –ден 2003 жылы 8716-ға дейiн көбейдi.

Облыстағы демографиялық жағдайдың ойдағыдай еместiгi жалпы өлiмнiң жоғары деңгейiнен байқалады. 1993 жылдан басталған жалпы өлiмнiң өсуi, 2002-2003 жылдары ең жоғары қарқын алды. 1995 жылдан бастап өлiм көрсеткiшi бала туудан аса бастады (тиiсiнше 12,1 және 11,8) және 2003 жылы 1000 адамға шаққанда 14,0-ге жеттi, 2002 жылғы 13,2-ге қарағанда (ҚР 2003ж. – 10,5).

100 мың тұрғынға шаққанда жалпы өлiмнiң себептерi құрылымында өткен жылдардағы сияқты бiрiншi орында қан айналым жүйелерiнiң аурулары – 695,8 (ҚР – 539,0), екiншi орында - қатерлi iсiк туындылары – 181,8 (ҚР – 126,6), үшiншi орында – жарақаттану мен уланулар –162,9 (ҚР – 125,0).

1994 жылға дейiн облыста халық санының табиғи өсуi байқалған. 1995 жылы өлгендер санының туғандар санынан көбеюi алғаш рет тiркелдi (-0,3) және осы уақытқа дейiн халықтың табиғи азаюы байқалады.

1997 жылмен 2001 жыл аралығында табиғи азаюдың өсуi байқалған, тек 2002 жылдан бастап табиғи азаюдың тұңғыш (-1,5)-тен 2003 жылы (-1,2) дейiн төмендегенi байқалды.

Осылайша, облыстағы демографиялық жағдай туудың төмен деңгейiмен, жалпы өлiмнiң жоғары көрсеткiштерiмен және терiс табиғи өсiммен сипатталады.

2003 жылдан басталған бала туғанда мезгiлдiк мемлекеттiк жәрдемақы төлеу түрiндегi отбасына материалдық қолдау туушылықтың бiршама артуына әкелдi, бiрақ оның деңгейi облыста республикалықтан 40% төмен болып қалуда және халық санынның өсуiн қамтамасыз етпейдi, 2004 жылдың қорытындысы бойынша табиғи өсу көрсеткiшi тек Солтүстiк Қазақстан облысында төмен болып отыр. Қалыптасқан жағдай жергiлiктi деңгейде тууды арттыруға бағытталған қосымша шаралар қабылдауды қажет етедi.

Елiмiздегiдей облыста да әлеуметтiк-экономикалық жағдайдың тұрақтануының арқасында, жергiлiктi атқарушы органдар мен денсаулық сақтау ұйымдарының қолданған шараларының нәтижесiнде, соңғы жылдары ана мен сәби өлiмi көрсеткiштерiнiң төмендеуiнiң, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруының нақты беталыстары байқалды.

Облыстағы бала өлiмiнiң деңгейi 1998 жылдан бастап 1000 тiрi туғандарға шаққанда 22,1-ден 13,0-ге нақты төмендеу беталысы бар, 2003 жылғы 15,3 республикалық көрсеткiшiне қарағанда.

2003 жылы облыста ана өлiмiнiң бiр жағдайы тiркелiп, көрсеткiш 42,1 – республикалық көрсеткiшке қарағанда, 1000 тiрi туғандарға шаққанда 13,2 дейiн төмендедi.

Жалпы науқастанушылық көрсеткiшi 2003 жылы халықтың 100 мың адамына шаққанда 8% өстi 38400,1-ден 41365,0-ге дейiн, бiрақ республикалықтан (56413,9) төмен болып қалуда.

Науқастану құрылымында – 100 мың адамға шаққанда бiрiншi орынды – тыныс алу ағзаларының аурулары (15219,6), екiншi орынды – ас қорыту ағзаларының аурулары (3232,8), үшiншi орынды – жарақаттар мен уланулар (3197,8), төртiншi – терi және терi асты клеткаларының аурулары (2931,9),одан соң несеп-жыныс жүйелерiнiң аурулары (2824,4), жұқпалы және паразиттiк аурулар (2158,6), көз және онымен байланысты аурулар (1946,1), қан айналымы жүйесiнiң аурулары (1575,6) алады.

2002 жылы – «Денсаулық жылы» және 2003 жылы ауыл және бала тұрғындарын тексеру бойынша жүргiзiлген жұмыс халық денсаулығының жағдайы жалпы ауыр болып сипатталатынын көрсеттi, жүрек-қан тамыры, тыныс алу, сезiм, ас қорыту, сүйек-бұлшық ет және нерв жүйесiнiң ауруларынан жоғары науқастанушылық орын алады. Ауыл тұрғындарының тексерiлген 1000 ересек адамы арасында науқастанушылық көрсеткiшi 2002 жылы – 575,7 және 2003 жылы 769,9 (ҚР – 611,8), мектеп жасындағы балалар арасында тиiсiнше 545,2 және 425,0 (ҚР – 399,2) құрады. Талдау ересек тұрғындардың 76%-ы және әрбiр екiншi баланың ауру екендiгiн көрсетедi. Осының бәрi диспансерлiк есепте тұрған науқастарға дәрiлiк заттарды тегiн бөлiнуiмен амбулаториялық-емханалық деңгейде алдын алу жұмыстарын, сәйкес сауықтыру және оңалту iс-шараларын ұйымдастыруды қажет етедi.

Халықтың қант диабетi және басқа да эндокриндiк аурулармен ауруы елеулi проблема болып қалуда. Облыстық ауруханада диабеттiк ақпараттық талдау орталығы, диабеттiк аяқ басы кабинетi жұмыс iстейдi, барлық қалалық емханаларда, облыстық және облыстық балалар ауруханасында қант диабетiмен ауыратын аурулар үшiн мектептер ашылған. Диспансерлiк есепте қант диабетiмен ауыратын 6479 ауру тұр, оның iшiнде I түрiмен –929-ы, II түрiмен - 5546-сы ауырады.

Туберкулез, нашақорлық, АҚТҚ/ЖҚТБ, психикалық аурулар, қатерлi iсiк туындылары, жүрек-қан тамыры аурулары, бронхиалды демiкпе сияқты әлеуметтiк жағынан елеулi аурулардың мәселесi өзектi болып қалуда.

160,4 - республикалық көрсеткiшке қарағанда туберкулезбен науқастанушылық 100 тұрғынға шаққанда 5%-ға өстi, 1999 жылғы 127,0-ден 2003 жылы 134,1-ге дейiн.

Диспансерлiк есепке алынған аурулардың арасында туберкулездiң деструктивтi түрiнiң үлес салмағы жоғары деңгейде болып отыр 2003 жылы – 61,5%, ал республикалық көрсеткiш – 41%. Туберкулезден өлiм-жiтiм 100 мың тұрғынға шаққандағы 22,3 - республикалық көрсеткiштен, 1999 жылы 29,0-ден 2003 жылы 26,5-ке дейiн 9 %-ға төмендеуiне қарамастан, жоғары болып қалуда.

Онкологиялық науқастанушылық бойынша облыс 10 жыл бойы Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарынан кейiнгi III орында тұр, 2003 жылы (1999 ж.-218,9) 100 мың тұрғынға шаққанда көрсеткiш 253,4 құрады, республикалық көрсеткiш - 193,4. Қатерлi iсiк туындыларынан өлiм-жiтiм көрсеткiшi 1999 жылмен салыстырғанда 172,2-ден 2003 жылы 167,5-ке дейiн 3%-ға төмендедi, бiрақ республикалық көрсеткiштен жоғары болып қалуда - 124,4.

Облыс халқының денсаулығының жай-күйiнiң қанағаттанарсыз болуының негiзгi себептерi денсаулық сақтау органдары өткiзетiн алдын алу жұмыстарының әлсiздiгi, халық тарапынан өзiнiң денсаулығына жауапкершiлiгiнiң жеткiлiксiздiгi, сондай-ақ өтпелi кезеңнiң әлеуметтiк-экономикалық проблемалары болып табылады.
Денсаулық сақтау жүйесi

Қазiргi кезде облыстың денсаулық сақтау жүйесi 46 ауруханалық және 89 амбулаторлық-емханалық ұйымдардан тұратын емдеу-алдын алу ұйымдары желiнен құралған.

Ауылдық жерлерде халыққа емдеу-алдын алу көмегiн 13 орталық аудандық және 13 ауылдық аурухана, 9 туберкулезге қарсы мекеме, 82 селолық дәрiгерлiк амбулатория, 579 фельдшерлiк және фельдшерлiк-акушерлiк пукттерi көрсетедi.

Солтүстiк Қазақстан облысы республикадағы ауыл тұрғындары көп (62%) төрт облыстың бiрi және тұрғындары аз елдi мекендердiң санының көптiгiмен ерекшеленедi, 774 селоның 593-де (76%) тұрғындар саны 800 адамға дейiн, соның iшiнде 335-де – 300 адамға дейiн. Осының бәрi ауылда бастапқы медициналық-санитарлық көмек жүйелерiн дамытуға жеке тәсiлiн табуды талап еттi.

1999 жылдан бастап ең аз мемлекеттiк стандарттан артық 100-ден 300-ге дейiнгi тұрғындары бар, бұрын медициналық қызметкерлер үйде жұмыс iстеген 95 елдi мекенде фельдшерлiк пункттер ашылды. Барлығы 146 фельдшерлiк пункт, 11 отбасылық дәрiгерлiк амбулатория ашылды. Осылайша, қазiргi кезде фельдшерлiк пункттердiң саны 357-ден 443-ке дейiн 20%-ға өстi. Нәтижесiнде ауыл тұрғындарының бастапқы медициналық-санитарлық көмекке қолжетiмдiлiгi жақсарды.

Амбулаториялық-емханалық мекемелердiң дәрiгерлерiне 1 тұрғынның баруы соңғы 5 жылда 4,8-ден 5,6-ға дейiн көбейдi, республикалық көрсеткiш – 6,3.

Облыстың стационарлық ұйымдарында 5143 төсек-орын қызмет етедi, оның iшiнде 2288-i ауылдық жерлерде. 10 мың адамға шаққандағы төсек-орынмен қамтамасыз ету республикалық көрсеткiштен 11% жоғары және 76,1 құрайды (ҚР бойынша 2003 жылы - 67,7). Облыстың емдеу-алдын алу ұйымдарында амбулаториялық-емханалық ұйымдар жанынан 44 күндiзгi стационар қызмет етедi.

Сонымен бiрге бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары мен мекемелерi, стационар ауыстыру тетiктерi жеткiлiксiз жұмыс iстейдi, стационарлық ұйымдардың төсек-орындары шамадан артық толтырылған, бұл негiзгi екпiндi БМСК-ге, стационарлық емдеуден амбулаториялық емдеуге көшiру және медицина кадрларын дайындау және қайта даярлау жүйесiнiң сапасын жақсартуды қажет етедi.

Медицина ұйымдарының материалдық-техникалық және ақпараттық қайта жарақтандыру проблемаларына баса назар аударуды қажет етедi.

Денсаулық сақтау объектiлерiнiң материалдық-техникалық және емдеу-диагностикалық базаларын нығайту бойынша қолданылып жатқан шараларға қарамастан, ол әлi әлсiз болып қалуда, әсiресе ауылдық жерлерде.

Қазiргi уақытта тек қана 94 фельдшерлiк пункт (22%) және 63 фельдшерлiк-акушерлiк пункт (46%) үлгi жобалы жайларда, ал қалғандары бейiмделген үй-жайларда орналасқан. 745 денсаулық сақтау объектiсiнде 1160,8 млн.теңге сомасына күрделi жөндеу жүргiзiлетiн болады, соның iшiнде 12 облыстық, 5 қалалық, 5 аудандық туберкулезге қарсы мекемеде, 12 орталық аудандық және 13 ауылдық ауруханада, 82 отбасылық дәрiгерлiк амбулаторияда, 579 фельдшерлiк-акушерлiк және фельдшерлiк пункттерде.

Қазiргi заманғы диагностикалық және емдеу жабдықтарының, медициналық саймандардың және санитарлық автокөлiктiң жетiспеушiлiгi сезiледi.

БМСК объектiлерiнiң санитарлық автокөлiкпен жарақтандырылуы 67%, медициналық жабдықтармен және медициналық бұйымдармен жарақтандырылуы: қалалық емханалар бойынша –74%, орталық аудандық ауруханалар бойынша – 62%, ауылдық ауруханалар бойынша – 57%, селолық дәрiгерлiк амбулаториялар бойынша - 29%, фельдшерлiк-акушерлiк пункттер бойынша – 16%, фельдшерлiк пункттер бойынша – 9%, құрайды.

Облыста барлық 82 отбасылық дәрiгерлiк амбулатория, 136 фельдшерлiк-акушерлiк пунктiнiң 101-i (74%), 443 фельдшерлiк пунктiнiң 66-ы (15%) телефондандырылды. 2004 жылы 6 отбасылық дәрiгерлiк амбулатория, 36 фельдерлiк-акушерлiк пункт, 40 фельдшерлiк пункт телефондандырылды.

Соңғы 12 жылда 2003 жылы алғаш рет республикалық бюджеттен облыстық психиатриялық аурухананың емдеу корпусының құрылысын аяқтауға 65,0 млн. теңге бөлiндi және желтоқсан айында iске қосылды, ол 21,9 млн. теңге сомасына медициналық және технологиялық жабдықтармен жабдықталды.

2004 жылы республикалық бюджет қаражаты есебiнен Петропавл қаласында жалпы сметалық құны 446,9 млн.теңге 100 төсек-орындық облыстық туберкулезге қарсы диспансердiң емдеу корпусының құрылысы басталды, Қызылжар ауданының Бескөл селосында 155,3 млн. теңгеге емхана құрылысы, Жамбыл ауданының Благовещенка селосында аудандық аурухана ғимараты 350 төсек-орындық мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемесiне – 75,0 млн.теңгеге қайта жаңартылды және жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен 120,0 млн. теңгеге облыстық онкологиялық диспансердiң емдеу корпусы қайта жаңартылды.

2004 жылы денсаулық сақтау объектiлерiнiң материалдық-техникалық базасын нығайтуға жергiлiктi бюджет есебiнен 434,7 млн. теңге ақша бөлiнген, бұл былтырғы жылдың деңгейiнен 58%-ға жоғары (254,5 млн. теңге). Сонымен бiрге, ауылдық денсаулық сақтаудың материалдық-техникалық базасын нығайтуға 164,6 млн. теңге, бұл 2003 жылғы деңгейден 25%-ға жоғары (124,0 млн. теңге).

Соңғы үш жылда 48 денсаулық сақтау объектiлерiнде ғимараттарды жылыту, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау жүйелерiн күрделi жөндеу бойынша жұмыстар жүргiзiлдi. Осы мақсаттарға жергiлiктi бюджет шығыстары 420,0 млн. теңгенi құрады. Ағымды жөндеумен бастапқы медициналық-санитарлық көмек объектiлерiнiң барлығы қамтылды.

451,2 млн. теңгеге медициналық жабдықтар және 19,9 млн. теңгеге 24 санитарлық автокөлiк сатып алынды.

Халыққа сапалы дәрi-дәрмектiң қолға жетiмдiлiгiне байланысты шаралар қолданылып жатыр, әсiресе ауылдық жерлерде. Қазiргi уақытта облыста 458 дәрiханалық ұйым, соның iшiнде 47 мемлекеттiк және 411 жеке меншiк нысанды. «Емдеу препараттарын дайындау және таратумен байланысты қызметтi лицензиялаудың Ережелерiн бекiту туралы» ҚР Үкiметiнiң 2002 жылғы 28 қазандағы № 1624 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 маусымындағы қаулысын жүзеге асыру мақсатында, соңғы 3 жылда бастапқы медициналық-санитарлық көмектiң 282 объектiсiнде дәрiлер сату пунктiлерi ұйымдастырыды. Сонымен бiрге, қазiргi уақытта 303 бастапқы медициналық-санитарлық көмек объектiсiнде дәрi-дәрмек сату пункттерi жоқ, бұл тұрғындарға негiзгi (өмiрге қажеттi) дәрi-дәрмектердiң қолға жетiмдiгiн төмендетедi. Елдi мекендердiң дәрiханалық ұйымдармен қамтамасыз етiлуi 10 мың адамға шаққанда 5,9-дан 6,3-ке көбейдi, республикалық көрсеткiш 2003 жылы – 4,6.

Әлеуметтiк жағынан елеулi аурулармен және аса көп таралған аурулармен ауыратын амбулаторлық ауруларды тегiн/жеңiлдiкпен қамтамасыз ету үшiн дәрi-дәрмектердiң тiзбесiнiң жеткiлiксiздiгi азаматтардың стационарлық емдеуге ұмтылуының себебiнiң бiрi болып табылады.

Жеке меншiк медициналық қызметтi дамыту бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. Қазiргi уақытта медициналық қызметпен айналысатын 90 жеке меншiк құрылым қызмет көрсетедi, оның iшiнде 70 жеке тұлға және 20 заңды тұлға (2003ж.01.01. – 81 жеке құрылым, оның iшiнде 66 жеке тұлға және 15 заңды тұлға.) Жеке меншiк құрылымдары 18 сала бойынша көмек көрсетедi. Жеке тұлғалардың көпшiлiгi стоматологиялық көмек көрсетедi – 52 (57,7%). Медициналық қызметпен айналысатын жеке меншiк құрылымдарында 510 адам жұмыс iстейдi (мемлекеттiк медициналық мекемелерде жұмыс iстейтiн 10728 адамның - 4,7%)

Мемлекеттiк медициналық ұйымдарда 1428 дәрiгер және 4951 орта медицина қызметкерi жұмыс iстейдi. Дәрiгерлермен қамсыздандыру 2003 жылы 10 мың адамға шаққанда 21,2-нi құрады, республикалық көрсеткiш – 29,9, орта медициналық қызметкерлермен – 73,6, ал республикалық көрсеткiш –67,4.

Соңғы жылдары дәрiгерлер кадрларымен толықтандыру мақсатында денсаулық сақтау департаментi Астана, Алматы, Семей, Қарағанды қалаларының медицициналық академияларымен мақсатты жұмыс жүргiзiлiп келедi. 2004 жылы облыстың аудан әкiмдерi жас мамандарды орнықтыру мақсатында 25 пәтер, 8 жеке меншiк үй, жатақханадан 3 бөлме бөлдi, 100-150 мың теңге көлемiнде көтерме ақы төленiп жатыр. 2004 жылдың қараша айында Петропавл қаласында тұрғын үйдi пайдалануға беру кезiнде жас мамандар үшiн 5 пәтер бөлiндi.

Нәтижесiнде 2004 жылы облысқа 58 жас маман келдi, оның iшiнде 28-i ауылдық жерге бөлiндi; Петропавл медицина колледжiнiң 104 түлегi медициналық ұйымдарда жұмысқа кiрiстi, олардың 43-i ауылдық денсаулық сақтаудың БМСК объектiлерiнде.

Сонымен бiрге денсаулық сақтау объектiлерiн дәрiгерлер кадрларымен қамтамасыз ету мәселесi өткiр мәселе болып қалуда және облыста дәрiгер кадрларының тапшылығы 194-тi құрайды, оның iшiнде село бойынша 88. 23 отбасылық дәрiгерлiк амбулатория дәрiгерлермен және 22 фельдшерлiк пункт орта медицина қызметкерлерiмен толықтандырылмаған.

Қазiргi уақытта келесi арнайы мамандарда қажеттiлiк бар: 16 нарколог, 13 дәрiгер-зертханашы, 12 рентгенолог, 11 психиатр, анестезиолог-реаниматолог, жұқпалы аурулар дәрiгерi және отоларинголог дәрiгерi 9-дан, 5 офтальмолог, 4 невропатолог пен 4 фтизиатр, 3 травматолог пен 3 эндоскопист, 2 онколог пен 2 терiвенеролог, 1 эндокринолог, 1 аллерголог, 1 патологоанатом және 1 гинетик.
Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай
Облыста жұқпалы және паразиттiк аурулардың азаюы, қадағалаудағы объектiлердiң санитарлық-эпидемиологиялық заңнамалар талаптарына сәйкестiгiнiң көрсеткiштерi сапалы жақсарғаны байқалады.

Соңғы бес жылда вакцинамен басқарылатын жұқпалар тобында полиемилитпен, сiреспемен, күл ауруымен, ал соңғы үш жылда қызылшамен науқастанушылық тiркелген жоқ. Эпидемиологиялық паротитпен науқастанушылық 2,5 есе төмендедi. Iшек жұқпалары тобында iш сүзегiмен ауыру тiркелген жоқ, сальмонеллезбен науқастанушылық 10%, жiтi iшек жұқпалары 1,9 есе және «А» вирусты гипатитi 6 есе төмендедi. Аса қауiптi жұқпалар тiркелген жоқ. Бұл халықты жоспарлы иммундау жұмысының жақсаруы нәтижесiнде мүмкiн болды. Облыс тұрғындарының жыныстық жолмен берiлетiн аурулармен науқастанушылығының тұрақты төмендеуi байқалады, соңғы бес жылда мерезбен науқастанушылық көрсеткiшi 100 мың адамға шаққанда 2,7 есе 334,0-ден 125,9-ға дейiн төмендедi, 2003 жылғы республикалық көрсеткiш – 92,1.

Облыс халқының қышымамен ауыруы 4,9 есе төмендедi, педикулезбен ауыруы 2,1 есе азайды.

Адам қорғанышының тапшылығы вирусын тасу бойынша оңтайлы жағдайға қарамастан, жыл сайын АҚТҚ-жұқпаларын тасушылардың жаңа жағдайлары тiркелуде, тiркелу шыңы 2001 және 2002 жылдар болды, 23 және 27 жағдай тiркелген, 100 мың адамға шаққанда 3,24 және 3,92. 2003 жылы 13 жағдай тiркелген, 100 мың адамға шаққанда – 1,92, республикалық көрсеткiш – 5,0.

Аса қауiптi жұқпалы аурулардың, соның iшiнде тулеремия (облыстың 9 ауданының аумағы), күйдiргi бойынша көп мөлшердегi стационарлық қолайсыз елдi мекендердiң (151) табиғи ошақтарының едәуiр алаңдарының болуы елеулi мәселе болып табылады.

Облыста Ресей Федерациясының шекарасында 6 автобекет бар, бiрде-бiр қанағаттанарлық санитарлық-карантиндiк пункт жоқ. Бар 2 пункт шектелген штатына және қаржыландыруға байланысты облыс аумағына жұқпаларды, соның iшiнде аса қауiптi жұқпаларды кiргiзу мен шығарудың алдын алу бойынша толық тәулiктiк жұмысты қамтамасыз етпейдi.

Соңғы үш жылда санитарлық талаптарға жауап бермейтiн объектiлердiң үлес салмағы азайды: тамақ өнеркәсiбiнiң кәсiпорындары – 8,5%-дан 5%-ға дейiн, қоғамдық тамақтану кәсiпорындары – 7,2%-тан 4,7%-ға дейiн, саудада – 6,8%-дан 3,7%-ға дейiн.

Бактериологиялық көрсеткiштерi бойынша қанағаттанарлықсыз сынамалар қоғамдық тамақтану жүйесiнде - 2,9%-дан 2,6 %-ға дейiн, ет өндiрушi кәсiпорындарда – 4,3%-дан 3,5%-ға едәуiр азайғаны байқалады. Бiрақ та объектiлердiң санитарлық-техникалық және санитарлық-гигиеналық жағдайларын жақсарту жөнiнде шешiлмеген мәселелер қалуда, сонымен бiрге технологиялық сауда жабдықтарын ауыстыру, үй-жайларды жөндеу, тоңазытқыш қуаттарын көбейту мәселелерi де қосылады.

Облыста халыққа йод тапшылығы жағдайын тудыратын табиғи бұрыстық топырақта йодтың жетiспеушiлiгi болып табылады. Сонымен бiрге, ауыз судың жоғары табиғи радиобелсендiлiгi, әсiресе, альфа-белсендiлiгi (85 %-дан астам) бойынша, бұл халықтың онкологиялық науқастанушылығына әсер ететiн қауiп ретiнде ол қосымша зерделеудi қажет етедi.

Облыс халқын сумен қамтамасыз етудi жақсарту, облыстық бағдарламаны орындау, республикалық және облыстық бюджеттерден бөлiнетiн қаражатты игеру бойынша қабылданған шараларға қарамастан халықты кепiлдендiрiлген сапалы ауыз сумен жеткiлiктi мөлшерде қамтамасыз ету проблема болып қалуда. Облыс тұрғындарының құбыр суымен қамтамасыз етiлуi 55,5% құрайды. Құбыр суының бактериологиялық көрсеткiштерi нормативтiк талаптарға жауап бермейдi, соңғы 5 жылда 5,8%-1,8% шегiнде, химиялық көрсеткiштерi 13,0%-6,8% нормативтiктен төмен болды. Жер асты суы көздерiнiң суының бактериологиялық көрсеткiштерi талаптарға соңғы 5 жылда таңдалған сынамалардың 12,9%-3,6% шегiнде, химиялық көрсеткiштерi бойынша 36,2%-14,7% жауап бермедi.

Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелерiнде әлi де шешiлмеген көп мәселелер бар. Жалпы бiлiм беру мектептерiнiң 42 пайызы жобасыз жайларда орналасқан, мектептердiң 13 пайызы орталық сумен жабдықталған, мектептердiң тек 19% пешпен жылытылады. Ыстық тамақпен қамсыздандырылмаған мектеп оқушылар пайызы жеткiлiксiз (46%), емдеу-алдын алу мекемелерiнiң, әлеуметтiк-тұрмыс саласы объектiлерiнiң материалдық-техникалық базасы нашар.
Қаржыландыру

Облыстың денсаулық сақтау бюджетi соңғы бес жылда 1999 жылғы 2206,2 млн теңгеден 2004 жылы 5013,2 млн.теңгеге 2,3 есе өстi.

Денсаулық сақтауға кететiн шығын 1 тұрғынға 1999 жылғы 3039 теңгеден 2004 жылы 7322 теңгеге 143% ға өстi.


Халыққа бастапқы медициналық-санитарлық көмектiң басым дамуы мақсатында қаржыландырудың айына 1 тұрғынға жеке басының нормативi 1999 жылғы 33 теңгеден 2004 жылғы 111 теңгеге дейiн көбейдi.

Тегiн медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемiне 2003 жылдағы 377,3 млн.теңге қарағанда 2004 жылы 939,4 млн.теңге бөлiнген, өсiмi 148,2%.

Тегiн медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемiн түзеуге республикалық трансферттердiң бөлiнуi есебiнен дәрi-дәрмектiк қамтамасыз ету деңгейi 3,5 есеге, сонымен бiрге ауылдық жерлерде 10 есе өстi. 2004 жылы амбулаториялық-емханалық қызмет, орталық аудандық ауруханалар, ауыл ауруханалары, мамандандырылған ауруханалар және туберкулезге қарсы, психиатриялық, наркологиялық және терi-венерологиялық диспансерлерi дәрi-дәрмектермен 100% қамтамасыз етiлдi.

Сонымен бiрге, тегiн медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемiмен қамтамасыз ету үшiн облыстық ауруханаға, №2 және №3 қалалық ауруханаларға қаражат жеткiлiктi көлемде бөлiнбеген, соның нәтижесiнде аурулардың кейбiр дәрiлердi сатып алу фактiлерi бар.

2004 жылы денсаулық сақтауды дамыту бюджетi 2003 жылғы 65,0 млн.теңгеге қарағанда 451,8 млн.теңгенi құрады, оның iшiнде республикалық бюджеттен 330,3 млн.теңге, жергiлiктi бюджет есебiнен 121,5 млн.теңге бөлiндi.

2004 жылы денсаулық сақтау объектiлерiнiң материалдық-техникалық базасын нығайтуға 434,7 млн.теңге сомасында қаржы бөлiнген, бұл 2003 жылдың деңгейiнен 2 есе асады (254,5 млн.теңге).

Осылайша, облыстың денсаулық сақтау саласында басқарушылық шешiмдердi талап ететiн бiрқатар шешiлмеген мәселелердi белгiлеуге болады:

денсаулық сақтау объектiлерiнiң материалдық-техникалық базасының әлсiздiгiнен және емдеу-алдын алу ұйымдарының медицина кадрларымен жеткiлiксiз толықтырылуынан халыққа БМСК қолжетiмдiгi қажеттi деңгейiнде қамтамасыз етiлмеген;

облыстың аудандары арасында көрсетiлетiн медициналық көмектiң көлемi мен сапасында, жалпы денсаулық сақтау iсiнiң даму көрсеткiштерiнде теңсiздiктер байқалады;

денсаулық сақтауды басқару ұйымдарының еңбек және әлеуметтiк қорғау, экология, бiлiм, мәдениет органдарымен және басқа мемлекеттiк басқару субъектiлермен қызмет үйлестiруi әлсiз;

тегiн медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемiне қаражаттың жеткiлiксiз бөлiнуi, амбулаториялық-емханалық жағдайларда 14 жасқа дейiнгi балаларды және жүктi әйелдердi, сонымен бiрге диспансерлiк есепте тұрған ауруларды емдеу үшiн дәрi-дәрмектермен жеткiлiктi қамтамасыз етiлмейдi;

басқаруды және бөлiнетiн қаржыны тиiмдi қолдануды көтеру үшiн салада дайындалған бiлiктi менеждерлердiң жоқтығы;

медицина қызметкерлерiнiң жалақыларының аздығы еңбек етуге ынталандырмайды;

қадағалаудағы объектiлердiң санитарлық-гигиеналық жағдайының жақсару қарқыны төмен, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету қанағатсыз.
Мықты жақтары:

  • БМСК жүйесi нормативтiкке дейiн жеткiзiлген;

  • БМСК объектiлерiн қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативiнiң жыл сайын ұлғаюы;

  • сәби және ана өлiмiнiң тұрақты төмендеуi;

  • вакцинамен басқарылатын жұқпалармен науқастанушылық көрсеткiштерiнiң төмендеуi, аса қауiптi жұқпалардың тiркелмеуi;

  • ауылдағы БМСК объектiлерiнiң дәрiлердi сатумен қамтылуының жоғары пайызы.

Әлсiз жақтары:

  • туудың азайуы;

  • жалпы өлiм –жiтiмнiң жоғары көрсеткiшi;

  • табиғи өсiмнiң жоқтығы;

  • онкологиялық науқастанушылықтың жоғары деңгейi;

  • БМСК объектiлерiнiң материалдық-техникалық қамсыздандырылуының төмен деңгейi;

  • дәрiгерлiк кадрлармен толықтандырылуының төмендiгi.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Похожие:

Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы icon1 -бөлім. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын дамыту болжамы Тұжырымдама Қазақстан Републикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
Денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы iconҰлттық медицина қауымдастығыың президенті Айжан Бегайдарқызы Садықованың Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасына пікірі
Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламаның жобасы ( бұдан әрі Мембағдарлама) бүгінгі...
Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы iconЗайсан ауданы агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуының 2006-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы паспорт
Рақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы Қазақстан Республикасы...
Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2007-2009 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы
Азақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң...
Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы iconМаңғыстау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының орталығының «Денсаулық сақтау нығайту мектептері мен колледждер» және «Денсаулық университеттері» 2012 жылғы І тоқсанның есебі
Еспубликасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламсының негізгі...
Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы iconЖастарға жанашырлық Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында өткен...
Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы iconШығыс Қазақстан облысының «электрондық әкімдігін» қалыптастырудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы
Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарын ақпараттандыру жөніндегі осы үлгі бағдарлама Қазақстан Республикасында «Электрондық...
Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы icon2005 – 2014 жылдарға арналған Қарағанды облысы бойынша құрылыс материалдары, бұйымдар және құрастырмалары өнеркәсібін дамытудың аймақТЫҚ бағдарламасы
Облыс мәслихатының 2004 жылғы 1 шілдедегі VIII сессиясында бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған Қарағанды облысы бойынша тұрғын...
Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы iconДенсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
Азақстан Республикасы Президентінің «2020 жылға дейін Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялық жоспары туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы...
Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған
Бағдарламаны іске асыру мақсаты, міндеттері мен нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница