Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы




НазваниеСолтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы
страница3/10
Дата конвертации01.03.2013
Размер0.96 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi



Осы бағдарлама азаматтардың денсаулығын сақтауда конституциялық құқығын iске асыруға бағытталған.

Бағдарламаның мақсаты бастапқы медициналық санитарлық көмектi басым дамыту арқылы және азаматтарға медициналық көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесi арқылы облыс халқының денсаулығын жақсарту болып табылады.

Бағдарламаның негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:

  1. Бастапқы медициналық санитарлық көмек қызметiн дамыту және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету.

  2. Ана мен бала денсаулығын нығайту.

  3. Әлеуметтiк жағынан елеулi аурулардың алдын алуды, диагностикалауды және емдеудi жетiлдiру, халыққа медициналық және дәрiлiк көмектiң қолжетiмдiгiнiң сапасын жақсарту және қамтамасыз ету.

  4. Кадрлармен қамтамасыз ету және облыстың денсаулық сақтау жүйесiн басқаруды жетiлдiру.

  5. Денсаулық сақтау объектiлерiнiң материалдық-техникалық базасын нығайту.

Бағдарлама аясында шешiлетiн мәселелер жергiлiктi және республикалық бюджеттердiң мүмкiндiктерiн ескере отырып 2005-2007 жылдар бойы iске асыруды болжайды.

5. Бағдарламаның негiзгi бағыттары мен оны iске асырудың тетiктерi




5.1. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек қызметiн дамыту және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету




5.1.1. БМСК қызметiн дамыту



Облыстағы медициналық көмектi ұйымдастыруды жетiлдiрудiң негiзгi бағыты болып екпiндi шығынды стационарлық көмектен амбулаторлық-емханалық көмекке ауыстыру болып табылады. Облыстағы БМСК-ны реформалау облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуын ескере отырып, кезең-кезеңiмен iске асырылатын болады.

2005-2007 жылдары облыста БМСК қызметiнiң дамуы, жалпы Қазақстан Республикасы сияқты, жергiлiктi денсаулық сақтауды басқару органдарынан мемлекеттiк тапсырыс алатын және жалпы дәрiгерлiк практиканың принциптерiмен жұмыс iстейтiн амбулаторлық-емханалық қызмет көрсетудiң қазiргi желiсi сақталатын болады деп болжанады.

БМСК қызметiн дамыту үшiн облыста келесi ұйымдастыру және емдеу-алдын алу iс-шаралары жүргiзiледi:

2006 жылдан бастап бастапқы медициналық-санитарлық көмек қызметiн стационарлардан қаржылық-әкiмшiлiк жағынан бөлу;

бекiтiлген халықтың ауру құрылымын зерделеу, оны азайту мен алдын алу жөнiнде шаралар әзiрлеу және оны iске асыру;

азаматтардың жекелеген санаттарын алдын ала тексеру, 2005 жылы - ұрпақты болу жасындағы 20 жастан 34 жасқа дейiнгi әйелдердi тексеру, 2006-2007 жылдары - ұрпақты болу жасындағы 49 жасқа дейiнгi әйелдердi және 18 жасқа дейiнгi балаларды тексеру;

иммундық алдын алу;

диспансерлiк есепте тұратындардың, сондай-ақ әлеуметтiк жағынан елеулi аурулардың алдын алу, емдеу-диагностикалық және оңалту шараларының көлемiн кеңейту;

тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiнiң шеңберiнде дәрiлермен қамтамасыз ету арқылы стационарды алмастыратын технологиялар енгiзу және дамыту;

жедел-диагностика әдiстерiн енгiзудi қоса, зертханалық қызметтердi одан әрi нығайту;

БМСК көрсетiлетiн қызметтер сапасын арттыру жүйесiн енгiзу;

дәрiгердi еркiн таңдау принципiнiң негiзiнде халықтың БМСК ұйымдарының қызметiне қатысуы;

медициналық ұйымдарды, ең алдымен БМСК-ны штаттық нормативтерге сәйкес медициналық кадрлармен толықтандыру, келiп жатқан және қызмет етiп жүрген мамандарға жергiлiктi атқару органдарының қажеттi жағдайларды туғызуы (тұрмыстық, әлеуметтiк, тұрғын үй берумен қоса көтерме ақша төлеу);

Петропавл медицина колледжiнде орта медицина қызметкерлерiн дайындау сапасын жақсарту, колледж түлектерiнiң бастапқы медициналық-санитарлық көмек объектiлерiне жету мониторингiн жүргiзу және лайықты жұмыс пен тұрғын үй жағдайларын жасау;

дәрiгерлер мен орта медицина қызметкерлерiнiң, ең алдымен, жалпы практикалық қызметкерлердiң бiлiктiлiктерiн арттыру бағдарламасын жетiлдiру;

әлеуметтiк жағынан елеулi және аса көп тараған аурулармен ауыратын амбулаторлық науқастарды тегiн/жеңiлдiктi дәрiлермен қамтамасыз ету тiзбесiн кеңейту; балаларды, жүктi әйелдердi, жекелеген аурумен ауыратындарды, әлеуметтiк жағынан елеулi және ауруханаға жатқызудың өсуiне әсер ететiндердi тегiн дәрiлiк қамтамасыз ету;

2006 жылдан бастап амбулаторлық-емханалық деңгейде диагностикалау және емдеудiң кезеңдiк медициналық-экономикалық хаттамаларын қолданысқа енгiзу;

негiзсiз шақырулардың санын азайту және шұғыл көмекке мұқтаж сырқаттарды емханаларға қайта жiберiп, амбулаториялық буынды ұйымдастыру есебiнен, сондай-ақ бастапқы деңгей қызметi мен оның қолжетiмдiлiгiнiң ауқымын кеңейту арқылы жедел медициналық көмектiң көлемiн азайту;

денсаулық сақтау объектiлерiн, әсiресе орталық аудандық және ауылдық ауруханаларды, отбасылық дәрiгерлiк амбулаторияларды, фельдшерлiк және фельдшерлiк-акушерлiк пункттердi күрделi жөндеуден өткiзу;

Қазақстан Республикасының ауыл аумақтарын дамыту мемлекеттiк бағдарламасы аясында ауылдық денсаулық сақтау iсiнiң емдеу-алдын алу ұйымдарының материалдық-техникалық базасы денсаулық сақтау объектiлерiн салу және жаңарту есебiнен жақсартылады, соның iшiнде туберкулезге қарсы аудандық ауруханалар және отбасылық дәрiгерлiк амбулаториялар, сонымен қатар БМСК объектiлерiн медициналық құрал-жабдықтармен және саймандармен, санитарлық автокөлiкпен жарақтандыру;

жыныстық жолмен берiлетiн жұқпалы аурулар, наркологиялық аурулар және АҚТҚ жұқпасы аурушаңдығының алдын алуды қамтамасыз ету және әрi қарай төмендету жөнiнде мүдделi ведомстволармен өзара қарым-қатынас жасау;

мүдделi құрылымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, үкiметтiк емес ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейту және тиiмдi үйлестiру арқылы салауатты өмiр салтын қалыптастыру, азаматтардың өз денсаулығына көзқарасын өзгерту;

әлеуметтiк қорғау органдарымен және басқа да мүдделi қызметтермен, сондай-ақ үкiметтiк емес ұйымдармен сектораралық өзара iс-қимыл жасау;

бастапқы медициналық көмек көрсетуге өмiр тiршiлiгiн қамтамасыз ету қызметтерi жұмыскерлерiнiң (полиция, жол полициясы, өрт қызметi) және көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң iс-қимылдарын үйлестiру.

5.1.2. Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты

қамтамасыз ету



Санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды жақсарту, соның iшiнде жұқпалы және кәсiби аурулардың алдын алу және оларды азайту, халықтың және келешек ұрпақтың денсаулығына тiршiлiк ету ортасының қолайсыз факторларының зиянды әсерлерiн азайту мақсатында мынадай мiндеттер кезең-кезеңмен шешiлетiн болады:

мемлекеттiк санитарлық-эпидемиялогиялық қызметтi БМСК-мен, әсiресе халық арасында санитарлық-алдын алу жұмысына бағытталған шараларды күшейту бөлiгiнде бiрiгу;

жұқпалы ауруларды, соның iшiнде туберкулездi, жыныстық жолмен берiлетiн жұқпалы ауруларды және АҚТҚ/ЖҚТБ-ны азайту жөнiнде iс-шаралардың жалпы үйлестiрiлуiн қамтамасыз ету;

ауруханаiшiлiк жұқпаларды бақылау үшiн жұқпаларды бақылау жүйесiн кезең-кезеңмен қолданысқа енгiзу;

мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметiн әрi қарай жетiлдiру;

санитарлық-эпидемияға қарсы мекемелердiң материалдық-техникалық базасын нығайту;

ОМСЭҚД-iн жоғары сапалы деңгейде және қысқа мерзiмде қажеттi зерттеулер жүргiзуге мүмкiндiк беретiн осы заманғы зертханалық құрал-жабдықтармен жарақтандыру;

халықтың онкологиялық науқастанушылығының зерделеу, сауықтыру шараларын әзiрлеу;

йодтың жетiспеушiлiгiн жоюға бағытталған iс-шараларды өткiзу;

жұқпалы аурулардың зертханалық диагностикасын өткiзуге мүмкiндiк беретiн оңтайлы жағдайлар туғызу;

халықтың жұқпалы және паразиттiк аурушаңдығын алдын алу және төмендетуге бағытталған iс-шаралардың тиiмдiлiгiн арттыру;

екпемен басқарылатын жұқпалармен ауыруды төмендету бойынша iс-шараларды iске асыру;

балалар мен жасөспiрiмдердi «В» вирусты гепатитке қарсы екпелермен толық қамту.

жұқпалы ауруларға қарсы күрес, аумақтарды санитарлық қорғау және биологиялық лаңкестiктiң зардаптарын жою жөнiнде жүргiзiлетiн санитарлық-эпидемияларға қарсы (алдын алу) iс-шараларын одан әрi жетiлдiру;

табиғи және техногендiк апаттардың медициналық зардаптарын жою жөнiндегi iс-шараларға мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесе қатысу;

Аса қауiптi жұқпалы ауруларға қарсы күрес, аумақтарды санитарлық қорғау және биологиялық лаңкестiктiң зардаптарын жою халықтың аса қауiптi жұқпалы ауруларға шалдығуының алдын алуға және оларға жол бермеуге бағытталатын болады.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Похожие:

Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы icon1 -бөлім. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын дамыту болжамы Тұжырымдама Қазақстан Републикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
Денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы iconҰлттық медицина қауымдастығыың президенті Айжан Бегайдарқызы Садықованың Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасына пікірі
Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламаның жобасы ( бұдан әрі Мембағдарлама) бүгінгі...
Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы iconЗайсан ауданы агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуының 2006-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы паспорт
Рақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы Қазақстан Республикасы...
Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2007-2009 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы
Азақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң...
Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы iconМаңғыстау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының орталығының «Денсаулық сақтау нығайту мектептері мен колледждер» және «Денсаулық университеттері» 2012 жылғы І тоқсанның есебі
Еспубликасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламсының негізгі...
Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы iconЖастарға жанашырлық Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында өткен...
Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы iconШығыс Қазақстан облысының «электрондық әкімдігін» қалыптастырудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы
Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарын ақпараттандыру жөніндегі осы үлгі бағдарлама Қазақстан Республикасында «Электрондық...
Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы icon2005 – 2014 жылдарға арналған Қарағанды облысы бойынша құрылыс материалдары, бұйымдар және құрастырмалары өнеркәсібін дамытудың аймақТЫҚ бағдарламасы
Облыс мәслихатының 2004 жылғы 1 шілдедегі VIII сессиясында бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған Қарағанды облысы бойынша тұрғын...
Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы iconДенсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
Азақстан Республикасы Президентінің «2020 жылға дейін Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялық жоспары туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы...
Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған
Бағдарламаны іске асыру мақсаты, міндеттері мен нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница