Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы




НазваниеСолтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы
страница4/10
Дата конвертации01.03.2013
Размер0.96 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

5.2. Ана мен бала денсаулығын нығайту



Ана мен бала денсаулығын қорғау (бұдан әрi АБДҚ) қызметiнiң негiзгi бағыттары ана мен баланың репродуктивтiк денсаулығын, оны сақтау мен нығайтуды, науқастанушылық, ана, сәби және бала өлiм-жiтiмiнiң деңгейiн төмендетудi қамтамасыз ететiн тиiмдi iс-қимыл жүйесiн құру болып табылады.

Осы бағытты жетiлдiру мақсатында келесi басым мiндеттердi шешу қажет:

2006 жылға қарай балалар мен жүктi әйелдердi емдейтiн емдеу-алдын алу ұйымдарын қажеттi мамандармен толықтыруды аяқтау, әсiресе ауылдық елдi мекендерде;

алғашқы кезекте балалар мен жүктi әйелдерге жәрдемдесетiн емдеу-алдын алу ұйымдарын қазiргi заманғы медициналық жабдықтармен жарақтандыру;

алдын алу бағыттылығын күшейту, оның iшiнде отбасын жоспарлау, жүктiлердi емдеу, қазiргi заманғы технологияларды қолдана отырып, туа бiткен және ұрықтың ұрпақ қуалайтын ауруларының босанғанға дейiнгi диагностикасының скринингтiк бағдарламаларын қолданысқа енгiзу мәселесiне аса көңiл бөлу;

неонаталдық қызметтi жетiлдiру;

ауылдық жерлердiң әйелдерi мен балаларының жылжымалы әйелдер мен балалар консультациясының көшпелi жұмысын жүргiзу арқылы мамандандырылған медициналық көмекке қолдарын жеткiзу;

балалар мен ұрпақты болу жасындағы әйелдердi жыл сайын диспансерлеу, медициналық тексерулерден, сауықтырудан өткiзу;

әйелдер мен барлық жастағы балаларды сауықтыру және оңалту шараларын әрi қарай дамыту;

2005 жылдан бастап ұрпақ әкелу денсаулығы мен бала денсаулығына әсер ететiн ауруларды емдеу үшiн жүктi әйелдердi, сондай-ақ амбулаториялық емдеудегi балалардың жекелеген санаттарын (5 жасқа дейiнгi балаларды – 2005 жылдан, диспансерлiк есепте тұратын балалар мен жасөспiрiмдердi 2006 жылдан бастап) дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету;

2007 жылға қарай жүктi әйелдердi халықаралық стандарттарға сәйкес ерте диспансерлiк бақылауға алуды қамтамасыз ету;

бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, балалар, жасөспiрiмдер мен әйелдер арасындағы маскүнемдiктiң, нашақорлықтың, темекi тартудың алдын алу бойынша салауатты өмiр салтын қалыптастыру жөнiндегi насихаттау iс-шараларын түрлендiру;

ДДҰ ұсыным жасаған, мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған оқыту бағдарламаларын жалпы бiлiм беру мектептерiне енгiзу жөнiндегi жұмыстарды жандандыру;

облыстың 173 мектептерiнiң жанында медициналық пункттер ашу;

Түмен облыстық клиникалық ауруханасы мен Солтүстiк Қазақстан облысының облыстық балалар ауруханасы арасындағы туа бiткен жүрек кемiстiгi бар балаларға кардиохирургиялық көмек көрсету жөнiндегi келiсiм аясында Түмен облысымен ынтымақтастықты жалғастыру;

медициналық-генетикалық қызметтiң әрi қарай дамуы, туа бiткен және ұрпақ қуалайтын аурулардың алдын алу және диагностикалау әдiстерiн қолданысқа енгiзу;

босанатын әйелдер бөлiмшелерiне, реанимациялық және операциялық блоктарға бүгiнгi күнгi дезинфектанттар, бiр рет пайдалынылатын iш киiмдер мен саймандарды сатып алу;

бала туғанда әлеуметтiк көмек ретiнде жәрдемақы төлеудi жүргiзу.

2007 жылға қарай қабылданған шаралар ана мен бала денсаулығын қорғау жүйесiн нығайтуға, ана өлiмiнiң көрсеткiшiн 100 мың тiрi туғанға шаққандағы 13,0 деңгейiнде тұрақтандыруға және нәресте өлiмiнiң көрсеткiшiн 1000 тiрi туғанға шаққанда 12,0 дейiн төмендетуге, халықтың демографиялық көрсеткiштерiн жақсартуға, бала және жүктi әйелдердi емдеу-алдын алу мекемелерiнiң материалдық-техникалық базасын нығайтуға мүмкiндiк бередi.


5.3. Әлеуметтiк жағынан елеулi аурулардың алдын алуды, диагностикалауды және емдеудi жетiлдiру, халыққа медициналық және дәрiлiк көмектiң қолжетiмдiгiнiң сапасын жақсарту және қамтамасыз ету



Халық өмiрiнiң сапасы мен ұзақтығын көтеру мақсатында әлеуметтiк жағынан елеулi аурулардың алдын алу, ерте бастан анықтау және тиiмдi емдеу шараларын iске асыру жалғастырылады. Осы бағытта iске асырылады :

айғақтау медицинасы принциптерiне негiзделген клиникалық хаттамаларды енгiзу, дәрiгерлердi айғақтау медицинасының әдiстемесiне оқыту;

медициналық ұйымдарды қазiргi заманғы емдеу-анықтау жабдықтарымен жарақтандыру;

медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту диагностикалау мен емдеу мүмкiндiктерiн жақсартады, медициналық ұйымдардың беделiн көтередi және медициналық қызметкерлердiң сапалы қызмет етуiне моральдық ынта туғызады;

сапаның ауруханаiшiлiк және тәуелсiз сараптамасының тетiктерiн енгiзу;

денсаулық сақтау саласындағы орталық уәкiлеттi атқарушы органдарымен бекiтiлген амбулаторлық емдеу кезiнде тегiн және жеңiлдiк негiзiнде берiлетiн дәрiлiк заттар және арнайы балалар тағамы және емдiк тағамдар тiзбесiнде халықтың жекелеген санаттарын және ауру түрлерiн кеңейту;

негiзгi (өмiр сүруге аса қажеттi) дәрiлiк заттарға баға мониторингiн жүргiзу;

бюджеттiк қаражат есебiнен сатып алынған дәрiлiк заттарды сақтау үшiн жағдай жасау;

айналымда және сатып алушы медициналық ұйымдардағы сапалы дәрi-дәрмектердiң қолға жетiмдiгiн жақсарту;

тек сертификацияланған дәрiлiк заттарды сатып алуға бақылауды, медициналық ұйымдар басшыларының нормативтiк құжаттарды, рецептуралық бланкiлердi және рецепт жазуды дұрыс ресiмдеу бөлiгiнде жауапкершiлiктерiн арттыру;

DOTS- қосу стратегиясы одан әрi жалғастырылады және туберкулездiң мультирезистенттiк түрiнiң бактерияға қарсы терапиясының тиiмдi кестесi енгiзiледi;

облыстың ересек тұрғындарын алдын алу флюорографиялық тексерiспен қамтуды көбейту, соның iшiнде қауiп тобын 75% дейiн, балаларға туберкулинодиагностиканы - 80% дейiн көбейту;

халықты туберкулезге алдын ала тексерiстер көлемiн көбейту және сапасын жақсарту арқылы туберкулездiң деструктивтiк түрiнiң үлес салмағын 40% дейiн төмендету;

АҚТҚ жұқпалары мен ЖҚТБ аурулары вирустарына қарсы емдеудiң халықаралық стандарттарын енгiзу;

психикасы мен мiнез-құлқы бұзылған ауруларды емдеу мен сауықтырудың кешендi бағдарламалары әзiрленiп және енгiзiледi;

онкологиялық науқастанушылықтың қоршаған орта факторларымен себеп-салдар байланысын зерделеу;

онкологиялық науқастарды аурудың ерте сатысында айқындауды 40% дейiн ұлғайту және онкологиялық дерттердiң асқынған түрлерiнiң үлес салмағын 18% дейiн төмендету;

облыстың аудандарында эндокриндiк аурулармен, оның iшiнде бiрiншi кезекте қант диабетiмен ауыратын науқастарды диспансерлеудiң тиiмдiлiгiн арттыру үшiн 2006 жылдан бастап дәрiгер-эндокринолог лауазымын енгiзу;

наркологиялық тәуелдiлердi медициналық-әлеуметтiк оңалту жүргiзу үшiн облыстық наркологиялық орталықтың төсек-орындық қуатын 30 төсек-орынға ұлғайту;

мүдделi ведомстволар, халықаралық және үкiметтiк емес ұйымдардың өзара белсендi iс-қимылымен АҚТҚ жұқпасымен, жыныстық жолмен берiлетiн жұқпалы аурулармен аурудың алдын алу және одан әрi төмендету бойынша мақсатты шараларды жүзеге асыру;

Ресей Федерациясының шекаралас облыстарымен, Мәскеумен әлеуметтiк жағынан елеулi ауруларды диагностикалау және емдеуге бағытталған қабылданған мақсатты бағдарлама аясында ынтымақтастықты жалғастыру;

2005 жылы облыстық туберкулезге қарсы диспансердiң 100 төсек-орындық емдеу корпусын iске қосу, М.Жұмабаев ауданының Булаево қаласында жалпы сомасы 373,9 млн. теңгенiң бiр сменада 90 келiп-кетуге арналған емханамен бiрге 50 орындық туберкулезге қарсы диспансердiң құрылысын бастау.

Одан әрi туберкулезбен ауыратындарды және туберкулезге қарсы қызметтiң медицина қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдауды кеңейту жөнiндегi шаралар жүзеге асырылмақ.

«Жұқпалы емес эпидемиялармен» күресу мақсатында қан тамыры гипертониясы және жүректiң ишемиялық ауруы, бронхиалды демiкпе, қант диабетi ауруларының алдын алу мен төмендету жөнiнде iс-шаралар күшейтiлетiн болады. Аталған iс-шаралар мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмектiң сапасын және қолжетiмдiлiгiн өсiредi.

Медициналық көмек сапасына бақылау жасау өткiзiлген тексеру мен емдеудiң анықтау мен емдеудiң кезеңдiк хаттамасымен сәйкестiгiн, диагностикалық зерттеулер мен емдеулердiң негiзделуi мен уақытында тағайындалуын талдауға негiзделедi.

Үкiметтiк емес ұйымдарды қолдау бойынша iс-шаралар жүргiзiлетiн болады және олар қажеттiлiк туғанда, медициналық қызметтерге тәуелсiз сараптама жасауға, аккредитацияға, мамандарды аттестациялауға тартылады.

Қабылданған шаралар жағдайды тұрақтандыруға, әлеуметтiк жағынан елеулi аурулардың таралу деңгейiн төмендетуге және оның облыс тұрғындарының денсаулығы мен экономикасына тигiзетiн зиян мөлшерiн төмендетуге мүмкiндiк бередi.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Похожие:

Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы icon1 -бөлім. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын дамыту болжамы Тұжырымдама Қазақстан Републикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
Денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы iconҰлттық медицина қауымдастығыың президенті Айжан Бегайдарқызы Садықованың Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасына пікірі
Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламаның жобасы ( бұдан әрі Мембағдарлама) бүгінгі...
Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы iconЗайсан ауданы агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуының 2006-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы паспорт
Рақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы Қазақстан Республикасы...
Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2007-2009 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы
Азақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң...
Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы iconМаңғыстау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының орталығының «Денсаулық сақтау нығайту мектептері мен колледждер» және «Денсаулық университеттері» 2012 жылғы І тоқсанның есебі
Еспубликасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламсының негізгі...
Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы iconЖастарға жанашырлық Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында өткен...
Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы iconШығыс Қазақстан облысының «электрондық әкімдігін» қалыптастырудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы
Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарын ақпараттандыру жөніндегі осы үлгі бағдарлама Қазақстан Республикасында «Электрондық...
Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы icon2005 – 2014 жылдарға арналған Қарағанды облысы бойынша құрылыс материалдары, бұйымдар және құрастырмалары өнеркәсібін дамытудың аймақТЫҚ бағдарламасы
Облыс мәслихатының 2004 жылғы 1 шілдедегі VIII сессиясында бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған Қарағанды облысы бойынша тұрғын...
Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы iconДенсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
Азақстан Республикасы Президентінің «2020 жылға дейін Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялық жоспары туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы...
Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған
Бағдарламаны іске асыру мақсаты, міндеттері мен нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница