Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы




НазваниеСолтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы
страница5/10
Дата конвертации01.03.2013
Размер0.96 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

5.4. Кадрлық қамтамасыз ету

және денсаулық сақтау жүйесiн басқаруды жетiлдiру

5.4.1. Кадрлық қамтамасыз ету


Емдеу алдын алу ұйымдарын медициналық кадрлармен әрi қарай толықтыру, оларды орындарға тұрақтандыру, сонымен бiрге кәсiптiк деңгейлерiн жоғарылату мақсатында қаралады:

Астана, Алматы, Қарағанды, Семей қалаларының медицина академияларымен облысымыздың медициналық ұйымдарына түлектерiн жiберу жөнiнде келiсiм жасау;

кадрларды медициналық ұйымдарға тұрақтандыру үшiн тұрғын үй беру, көтермеақы беру және басқа әлеуметтiк жағдайлар жасау;

жалпы бiлiм беру мектептерiнiң 10-11 сынып оқушыларымен кәсiптiк бағдар бойынша насихаттау жұмыстарын жүргiзу;

Петропавл қаласының медицина колледжiнiң түлектерiн орта медицина қызметкерлерiмен толықтырылмаған отбасылық дәрiгерлiк амбулаторияларға, фельдшерлiк-акушерлiк және фельдшерлiк пункттерге жiберу;

Петропавл қаласының медицина колледжiнде орта медицина қызметкерлерiн оқытуға мемлекеттiк тапсырысты көбейту;

медицина кадрларының тұрақтамаушылығын төмендету бойынша қажеттi және әлеуметтiк жағдай туғызумен сәйкес келетiн шаралар қабылдау;

медициналық колледжде орта медицина қызметкерлерiнiң дипломнан кейiнгi дайындығының сапасын жақсарту, бiлiктiлiк көтерудiң көшпелi циклдерiн аудандарда әрi қарай жүргiзу;

медициналық кадрларды республикалық дәрiгерлер бiлiмiн жетiлдiру институттары базаларында бiлiктiлiгiн жоғарылату және қайта даярлау үшiн жергiлiктi бюджеттен қаржы бөлу;

денсаулық сақтау iсiн ақпараттандыру бағдарламасы аясында оқытудың дистанциондық формасы;

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi мен Түмен, Омбы, Қорған облыстарының және Мәскеу қаласы губернаторлары арасындағы Келiсiм негiзiнде мамандарды тәжiрибе алмасу және бiлiктiлiктерiн арттыру жөнiндегi циклдарға Ресейдiң ең жақсы клиникаларына жiберу;

2005 жылдан бастап денсаулық сақтау iсiнiң менеджерлерiн даярлау;

медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң жеке меншiк нысандары мен бiлiктiлiк санатына байланысты атқарып жүрген лауазымына сәйкестiгiне аттестация өткiзу;

денсаулық сақтаудың көкейкестi мәселелерi бойынша семинарлар мен конференциялар өткiзу;

Қойылған мақсаттарды iске асыру емдеу-алдын алу ұйымдарын дәрiгер кадрлармен және орта медицина қызметкерлерiмен толықтыруға, оларды жер-жерлерде тұрақтандыруға, бiлiктiлiк деңгейiн жоғарылату, медициналық көмек сапасын жақсартуға қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi.

5.4.2. Денсаулық сақтау жүйесiн басқаруды жетiлдiру



Денсаулық сақтаудың негiзгi принциптерiн iске асыру, денсаулық жағдайына және денсаулық сақтау жүйесiнiң қызметiне қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында облыстық әкiмшiлiк жанында халықтың денсаулығын қорғау жөнiнде Үйлестiру Кеңесiн құру көзделiп отыр.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 10 ақпандағы №147 қаулысымен бекiтiлген өкiлеттiктi айыру жөнiндегi Тұжырымдамаға және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi №548 Бюджеттiк кодексiне сәйкес, 2005 жылы денсаулық сақтау саласында орталық уәкiлеттi органның қызметi мен шығындарының орталыққа тәуелдiлiгiн жою жүргiзiледi, бұл денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органының уәкiлеттiгiн кеңейтедi деп болжанады.
Денсаулық сақтау департаментi:

медициналық және дәрiгерлiк қызметтi лицензиялау рәсiмдерiн;

лицензиялау өткiзу үшiн лицензияланатын қызметтiң барлық түрлерi бойынша лицензианттар мәлiметтерiнiң бiрыңғай базасын құруды;

денсаулық сақтау ұйымдарымен бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi жетiлдiру бойынша жұмысты, компьютерлермен қамтамасыз етiлуiн;

2006 жылдан бастап медициналық ақпараттық-талдау орталығын құруды;

2006 жылы БМСК қызметтерiн стационарлардан ұйымдастырушылық және қаржылай бөлудi, бұл бюджет ағымдарын тәртiпке келтiруге және негiзсiз ауруханаға жатқызуды көп азайтуға мүмкiндiк бередi;

көрсетiлетiн медициналық көмек сапасын жақсарту, қолданысқа енгiзiлген диагностикалау мен емдеудiң кезеңдiк хаттамаларына сәйкес медициналық сараптаманы жетiлдiру бойынша қойылған мiндеттердi iске асыру үшiн медициналық қызметтер сапасын бақылау жөнiндегi Комитет филиалымен бiрлескен жұмыс жүргiзудi;

мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларына денсаулық сақтау қызметкерлерiн еңбек етуге ынталандыру мақсатында, денсаулық сақтау менеджерiнiң мiндеттi бiлiктiлiгi болуы керек бөлiгiнде бiлiктiлiк талаптары қарастырылған бiлiктiлiкке, орындалған жұмыстың сапасы мен көлемiне сәйкес соңғы нәтижесi бойынша жеке төлем принципiн енгiзудi;

кәсiби ассоциациялар мен одақтар дамытуға жәрдемдесу, оларды медицина кадрларын аттестациялауға, медициналық қызметтердiң сапасын сараптауға тартуды жүзеге асырады.

Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментi:

алдын алу және эпидемиологияға қарсы iс-шаралардың стратегиясын әзiрлеу және оны iске асыруды;

жұқпа ауруларының ошақтарын жою бойынша жұмысты ұйымдастыру және үйлестiрудi;

қоршаған ортаның қолайсыз факторларының халық денсаулығының жағдайына зиянды әсерiн алдын алу, айқындау және жоюды;

санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларға бақылау жасау және мекемелердiң, ұйымдардың, жеке тұлғалардың адам денсаулығын сақтау жөнiндегi ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтердi, Қазақстан Республикасының санитарлық заңнамалар мен Заңдарды орындауын бақылау арқылы жұқпалы және кәсiби аурулардың алдын алуды;

облыс халқының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзудi;

мемлекеттiк органдар мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының жұмысын үйлестiрудi жүзеге асырады.

Қойылған мақсаттарды iске асыру аса маңызды әкiмшiлiктiк әдiстерден кетуге және медициналық көмектi жақсартуға, бюджет қаражатын тиiмдi пайдалануға және медицина қызметкерлерiнiң атқарған қызметi үшiн жауапкершiлiгiн арттыруға бағытталған сапаны басқарудың кешендi жүйесiн құруға мүмкiндiк бередi.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Похожие:

Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы icon1 -бөлім. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын дамыту болжамы Тұжырымдама Қазақстан Републикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
Денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы iconҰлттық медицина қауымдастығыың президенті Айжан Бегайдарқызы Садықованың Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасына пікірі
Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламаның жобасы ( бұдан әрі Мембағдарлама) бүгінгі...
Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы iconЗайсан ауданы агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуының 2006-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы паспорт
Рақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы Қазақстан Республикасы...
Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2007-2009 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы
Азақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң...
Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы iconМаңғыстау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының орталығының «Денсаулық сақтау нығайту мектептері мен колледждер» және «Денсаулық университеттері» 2012 жылғы І тоқсанның есебі
Еспубликасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламсының негізгі...
Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы iconЖастарға жанашырлық Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында өткен...
Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы iconШығыс Қазақстан облысының «электрондық әкімдігін» қалыптастырудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы
Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарын ақпараттандыру жөніндегі осы үлгі бағдарлама Қазақстан Республикасында «Электрондық...
Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы icon2005 – 2014 жылдарға арналған Қарағанды облысы бойынша құрылыс материалдары, бұйымдар және құрастырмалары өнеркәсібін дамытудың аймақТЫҚ бағдарламасы
Облыс мәслихатының 2004 жылғы 1 шілдедегі VIII сессиясында бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған Қарағанды облысы бойынша тұрғын...
Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы iconДенсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
Азақстан Республикасы Президентінің «2020 жылға дейін Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялық жоспары туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы...
Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған
Бағдарламаны іске асыру мақсаты, міндеттері мен нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница