Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы




НазваниеСолтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы
страница7/10
Дата конвертации01.03.2013
Размер0.96 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер




Бағдарламаны жергiлiктi атқарушы органдар қызметiнiң басым бағыты ретiнде орындау, барлық деңгейде халықтың қатысуымен салааралық ынтымақтастық және iс-әрекеттi үйлестiру негiзiнде облыс халқының денсаулығында оң ағымды сақтап қалуға, сонымен қатар елдiң қалың көпшiлiгiне сапалы медициналық көмек, қолжетiмдiлiк деңгейiн көтеру арқылы азаматтардың денсаулық жағдайын жақсартуды қамтамасыз ететiн денсаулық сақтаудың тиiмдi жүйесiн құруға мүмкiндiк бередi.

Денсаулық сақтау саласын реформалау барысында алдағы жылдары халыққа амбулаторлық-емханалық көмек көрсетуге назар аударылады.

Төсек-орын қорын ұлғайту науқастанушылықтың және халықтың ауыруының жыныс және жас мөлшерiнiң ерекшелiктерiн есепке алу арқылы талдауына сәйкес жүргiзiледi. Негiзсiз ауруханаға жатқызудың саны ең кем деңгейге дейiн жеткiзiледi.

Медицина кадрларын даярлау мен қайта даярлауды, кадрларды тұрақтандыру тетiктерiн жақсарту, республиканың медицина академияларымен облысқа жас мамандарды жiберу жөнiнде келiсiм жасау, Петропавл медицина колледжiне қабылдауды көбейту облыстың денсаулық сақтау жүйесiн кадрлармен қамтамасыз ету проблемасын шешедi.

2007 жылға қарай медициналық ұйымдар, әсiресе бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету объектiлерi бiлiктi дәрiгерлермен және орта медицина қызметкерлерiмен қамтамасыз етiледi, табельдiк жабдықтармен жарақтандырылады.

Алғашқы кезекте БМСК және ауылдық денсаулық сақтау объектiлерiнiң құрылысы және қайта жаңартудың инвестициялық жобалары жүзеге асырылатын болады. Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсарту күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзу және оларды қазiргi заманғы медициналық жабдықтармен, құрал-саймандармен және санитарлық автокөлiкпен жабдықтау есебiнен жүргiзiледi деп болжанады.

Облыстың денсаулық сақтау iсiнiң материалдық-техникалық базасын нығайту және қазiргi заманғы технологияларды қолданысқа енгiзу денсаулық сақтауды қамтамасыздандыру және денсаулық сақтау қызметтерiнiң сапасының деңгейiн көтеруге мүмкiндiк бередi. Денсаулық сақтау қызметкерлерiне медициналық көмектiң сапасы мен көлемiн жоғарылатуға жағдайлар жасалады.

Айналымда жүрген және медициналық ұйымдармен сатып алынатын сапалы дәрiлiк заттарға қолжетiмдiлiгi жақсартылады.

БМСК деңгейiнде сауықтыру iс-шараларының көлемi ұлғаяды, ауру адамдарды диспансерлеудiң тиiмдiлiгi мен сапасы артады, аурушаңдық және мүгедектiк деңгейi төмендейдi, ауруларды ерте анықтау жақсартылады.

БМСК деңгейiнде көмек көлемiн ұлғайту шұғыл шақыртуларды 5-7% -ға төмендетедi және жедел медициналық көмек көрсету сапасын жоғарылатады. Сәйкестi дәрiлiк қамтамасыз етумен стационарларды ауыстыратын технологияларды дамыту және кең көлемде пайдалану есебiнен негiзгi екпiн стационарлық сектордан амбулаториялық емдеуге көшiрiледi. 70 пайызға дейiнгi науқастар амбулаторлық жағдайда емдеу алады.

Жүргiзiлетiн алдын алу шаралары есебiнен халықтың аурулардың негiзгi түрлерiмен аурушаңдығы төмендейдi және ауруханаға жатқызудың 10-15 пайызға төмендеуiне әкеледi.

Жоғарыда аталған iс-шараларды жүзеге асыру барысында 2007 жылға қарай ұрпақты болу жасындағы әйелдер денсаулығының индексiн арттыруға, ана өлiм-жiтiмiнiң 100 мың тiрi туған сәбиге шаққанда 13,0 көрсеткiшiнде тұрақтандыруға және нәрестенiң шетiнеуi 1000 тiрi туған сәбиге шаққанда 13,0-ден 12,0-ге дейiн төмендетуге мүмкiндiк бередi.

Әлеуметтiк жағынан елеулi аурулардың алдын алу және емдеу саласында iлгерiшiлдiкке жететiн болады. Туберкулезбен ауыру қарқынының өсуi 2007 жылға қарай тоқтатылады (100 мың тұрғынға шаққанда 134,0 дейiн) Облыстың ересек тұрғындарын алдын алу флюорографиялық тексерiстермен қамту ұлғайтылады, соның iшiнде қауiп тобы – 75% дейiн, балалардың туберкулинодиагностикасы – 80% дейiн. Халықты туберкулезге алдын ала тексерулердiң сапасын жақсарту және көлемiн көбейту арқылы туберкулездiң деструктивтiк түрiнiң үлес салмағы 40% төмендейдi.

Жыныстық жолмен берiлетiн жұқпалы аурулар жоспарланған беталыс барысында алдағы 3 жылда орташа жыл сайын 3 пайызға төмендейдi.

Онкологиялық ауруларды аурудың ерте сатысында айқындау 40% дейiн жоғарылайды және онкологиялық дерттердiң асқынған түрлерiнiң үлес салмағы 18% дейiн төмендейдi.

Медициналық сараптаманың тиiмдi жүйесiн енгiзу көрсетiлетiн медициналық көмектiң сапасын жоғарылатуға, бiр үлгiге келтiруге және медициналық оңалтудың тиiмдiлiгiн көтередi.

Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық саласында халықтың екпемен басқарылатын аурулармен аурушаңдықтың әрi қарай азаюы, 2007 жылға қарай күл, көкжөтел, сiреспе ауруларымен науқастану кейбiр жағдайларға дейiн төмендету, эпидемиялық паротит пен «В» вирусты гепатитiмен науқастанушылықты төмендету күтiледi. АҚТҚ/ЖҚТБ алдын алу мен емдеудiң халықаралық стандарттарын енгiзу нәтижесiнде осы жұқпаға қажеттi қадағалау қамтамасыз етiледi.

Мониторинг өткiзiлуiмен бiрге ауыз судың, азық-түлiктiң сапасы мен қауiпсiздiгiне бақылау жақсарады, бұл халықтың жұқпалы және паразитарлық науқастанушылығын төмендетедi.

2005 жылдан бастап аумақ деңгейiнде бiрыңғай төлемшi жүйесiн енгiзу азаматтардың медициналық көмекке тең қолжетiмдiгiн қамтамасыз етедi. Халық ақысыз медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемiмен қамтамасыз етiледi.

Диагностикалау мен емдеудiң кезеңдiк медициналық-экономикалық хаттамаларына сәйкес белгiленген, нақты тарифтер бойынша медициналық көмекке кеткен шығындарды өтеу бюджеттiк қаражатты тиiмдi пайдалануды қамтамасыз етедi.

2005 жылы денсаулық сақтауға кететiн шығындар 1 тұрғынға есептегенде – 9572 теңгеге дейiн, БМСК-тi қаржыландырудың айына 1 тұрғынға шаққандағы нормативi – 133 теңгеге дейiн көбейедi.

Қаржыландыруды жетiлдiру есебiнен бюджеттiк қаржыны пайдаланудың тиiмдiлiгi артады. Азаматтардың медициналық көмекке тең қолжетiмдiгi қамтамасыз етiлетiн және денсаулықты қорғауда азаматтардың бiрлескен жауапкершiлiгi принциптерi iске асырылатын болады.

______________________________________________________________
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Похожие:

Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы icon1 -бөлім. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын дамыту болжамы Тұжырымдама Қазақстан Републикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
Денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы iconҰлттық медицина қауымдастығыың президенті Айжан Бегайдарқызы Садықованың Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасына пікірі
Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламаның жобасы ( бұдан әрі Мембағдарлама) бүгінгі...
Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы iconЗайсан ауданы агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуының 2006-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы паспорт
Рақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы Қазақстан Республикасы...
Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2007-2009 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы
Азақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң...
Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы iconМаңғыстау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының орталығының «Денсаулық сақтау нығайту мектептері мен колледждер» және «Денсаулық университеттері» 2012 жылғы І тоқсанның есебі
Еспубликасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламсының негізгі...
Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы iconЖастарға жанашырлық Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында өткен...
Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы iconШығыс Қазақстан облысының «электрондық әкімдігін» қалыптастырудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы
Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарын ақпараттандыру жөніндегі осы үлгі бағдарлама Қазақстан Республикасында «Электрондық...
Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы icon2005 – 2014 жылдарға арналған Қарағанды облысы бойынша құрылыс материалдары, бұйымдар және құрастырмалары өнеркәсібін дамытудың аймақТЫҚ бағдарламасы
Облыс мәслихатының 2004 жылғы 1 шілдедегі VIII сессиясында бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған Қарағанды облысы бойынша тұрғын...
Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы iconДенсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
Азақстан Республикасы Президентінің «2020 жылға дейін Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялық жоспары туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы...
Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған
Бағдарламаны іске асыру мақсаты, міндеттері мен нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница