МҚК «Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры». Театр 1975 жылы «Қозы көрпеш – Баян сұлу» (авторы Ғ. Мүсірепов) спектаклімен ашылған. 2000 жылы 31 тамызда театрға Қазақстанның халық артисі




Скачать 178.15 Kb.
НазваниеМҚК «Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры». Театр 1975 жылы «Қозы көрпеш – Баян сұлу» (авторы Ғ. Мүсірепов) спектаклімен ашылған. 2000 жылы 31 тамызда театрға Қазақстанның халық артисі
Дата конвертации03.11.2012
Размер178.15 Kb.
ТипДокументы

МҚК «Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры».

Театр 1975 жылы «Қозы көрпеш – Баян сұлу» (авторы Ғ.Мүсірепов) спектаклімен ашылған. 2000 жылы 31 тамызда театрға Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бикен Римованың аты берілген.
Драма театры жұмысының басты бағыты: Әдебиет және өнер туындыларының сахналық көрсетілімдерін: драмалық, музыкалық – драмалық, сатира және юмор, балалар мен жасөспірімдерге арналған және эксперименттік қойылымдарды жүзеге асыру.
Бикен Римова

(1923-2000)

Бикен Римова 1923 жылы Талдықорған облысының Қаратал ауданында дүниеге келген. Бөрлітөбе орта мектебінде оқыған. Аудан байқауларының жүлдегері атанып, 1938 жылы Алматыдағы республикалық өнер жарысына қатысқан. Театр көркемсурет училищесінде оқи жүріп, «Абай» қойылымындағы көпшілік сахнада ойнаған.

1843 жылы 3 курста оқып жүрген кезінде актер шеберлігінен сабақ беретін А.Тоқпанов оған «Еңлік-Кебек» пьесасындағы Еңлік рөлін ұсынған. Театр сахнасындағы алғашқы қадамы сәтті болып, Б.Римова академиялық драма театрына қабылданған.Осы театр сахнасында қазақ және шетел драматургиясының 170-тен астам кейіпкерін кескіндеген.

Б.Римова кино өнерін дамытуға да елеулі үлес қосқан. Драматургия саласында оның «Абай-Әйгерім», «Қос мұңлық» пьесалары бар.

Өнердегі ерен еңбегі үшін Б.Римоваға Қазақстанның халық артисі атағы берілген. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерімен және Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Театр тарихынан қысқаша мәлімет
Алматы облысында Бикен Римова атындағы драма театрынан басқа мұндай өнер ошағы жоқ. Біреу де болса – бірегей. Республикалық бәйгелерде ылғи алдыңғы лектен көрінеді. 2000 жылы Павлодар қаласында өткен Иса Байзақовтың туғанына 100 жыл толуына арналған ІХ Республикалық театр фестивалінде М.Әуезовтің «Мен бір партия, сен бір...» драмасымен, 2003 жылы Орал қаласында Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына орай ЮНЕСКО көлемінде өткізілген фестивальде Т.Әлімқұловтың «Қош бол,Қараой» қойылымымен құрметті үшінші орындарды иеленген. 2004 жылы қыркүйек-қазан айларында Египет астанасы Каир қаласында өткен ХҮІ Халықаралық экспериментальді қойылымдар фестиваліне қатысса, осы жылдың қараша-желтоқсан айларында Түркияның Анталия қаласында өткен Алматы облысының мәдениет күндері бағдарламасы аясында өз өнерлерін көрсеткен.

2005 жылы Қызылорда қаласында Қ.Байсейітов пен Қ.Жандарбековтің туғанына 100 жыл толу құрметіне арналған Республикалық ХІІІ театр фестивалінде министрлік тағайындаған Қ.Байсейітов атындағы Бас жүлдені жеңіп алуы – театр тарихындағы шығармашылық үлкен жемісті белес болды.

2006 жылы Астана қаласында Қазақстан тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналып өткізілген ХІҮ театр фестиваліне «Кенесары, Наурызбай» атты тарихи трагедиямен қатысып, «қойылым режиссерлік шешімнің сонылығымен, актерлердің тапқырлығымен, сценографиясының аса тартымдылығымен ерекшеленеді» деген («Каз.Правда», 27.06,06.) жоғары бағасымен және арнайы дипломмен оралды.

Талдықорған театры қазақ халқының сонау көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі күрес тарихын жүйелі түрде көрсетіп келе жатқан республикамыздағы бірден – бір ұлттық патриоттық театр. «Қанды ғасыр», «О, Атилла, Атилла!», «Алтын бесік», «Кенесары, Наурызбай» т.б.

Театр репертуары тақырыптық және жанрлық жағынан жылдан-жылға жаңарып, байып келеді. 2006 және 2007 жылдың басында режиссер М.Ахманов қойған «Бір түп алма ағашы» (авторы Ә.Оразбеков), «Алдардың айласы» (авторы М.Ахманов) спектакльдерін көрермен қызыға қабылдады. Қазір Т..Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының ұстазы, режиссер И.Әбілмәжінов дайындаған А.Томаның «Әйел сегіз – ол жалғыз», режиссер М.Ахманов дайындаған О.Әбділмановтың «Раушан», Ө.Ахметтің «Бағдаршам» спектакльдері театрдың күздегі жаңа маусымының ашылуына орай тұсаукесер салтанатты сәттерін күтуде. Кезекте И.Сапарбайдың «Сыған серенадасын», Ә.Әмзеевтің «Қор болған, Қодар-ай» шығармаларын сахналау тұр.
Театрдың директоры қызметін атқарғандар:

1. Бейсенбиев Қалмахан (1975-1978)

2. Берімбетов Өмірсейіт (1978-1979)

3. Рақышев Сағынбек (1979-1981, 1990-1991)

4. Нұрғалиева Дина (1981-1986)

5. Омаров Бәйтен (1986-1989)

6. Шалғабаев Алдабек (1989-1990)

7. Жазықбаев Секербек (1991-1996)

8.Жұмаділ Сағындық (1996-2003)

9. Сүгірбеков Қайрат (2003-2005)

10. Ахманов Мұрат (2005)
Бас режиссер қызметін атқарғандар:

1. Қамбаров Мұхтар (1975-1981)

2. Құлданов Әскербек (1982-1983)

3. Омаров Бәйтен (1983-1988)

4. Асылханов Сәулебек (1988-1992)

5. Әмір-Темір Хұсейін (1992-2003)

6. Тоқымтаев Базарбек (2005-2007)

Тезекбаев Базарбек

2003 жылдан театрдың әкімшілік директоры. 2010 жылдың шілде айынан бастап театр директоры. 1952 жылы 6 сәуірде Алматы облысының Кербұлақ ауданында туған. Жалпы мәдениет саласында еңбек еткеніне отыз жылдан асқан. 1974 жылы Жамбыл (Тараз) қаласындағы мәдени ағарту училищесін бітірген. Кейінірек республикалық Еңбек және әлеуметтік қорғау академиясын сырттай оқып тәмамдаған. 1986 жылы «Еңбек озаты» медалімен марапатталған. 2000 жылы Кербұлақ ауданының «Құрметті азаматы» атағын алған. ҚР Мәдениет министрлігінің арнайы «Құрмет» грамотасының иегері. ҚР мәдениет қайраткері.




Темірғалиев Бауыржан
1993 жылдан театрда директордың орынбасары.1947 жылы 13 сәуірде Алматы облысы Ақсу ауданының Бақалы ауылында туған. 1978 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітірген.

Шаврина Галина Николаевна

Театрда 1987 жылдан бас есепші.1951 жылы 9 қарашада Ресейдің Алтай өлкесінде туған. 1968 жылы Алтай өлкесіндегі Тальмин есеп училищесін, 1987 жылы Талдықорған есеп мектебін және Барнаул есеп-кредит институтын бітірген.
Қайырбаев Қамза Кәденұлы

Бас суретші.1950 жылы 3 қаңтарда Қостанай облысында туған. Театрдың бас суретшiсi.I.Жансүгiровтің «Исатай – Махамбет», К.Әбдiрахманның «Қаракерей Қабанбай», К.Гольдонидiң «Екi қожаға бiр қызметшi», А.Фадеевтiң «Жас гвардия», Б.Римованың «Абай - Әйгерiм», Ө.Ахметтің «Бағдаршам» - барлығы 60 – тан астам спектакльдiң сценографиясын жасаған. ҚР мәдениет қайраткері.
Шалабаева Қарлығаш Есенқызы

Қоюшы – суретші. 1962 жылы 25 шiлдеде Ресейдің Орынбор облысында туған. Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының иегерi. М.Задорнов «Күйеуiңiздi сатыңызшы», Б.Тоқымтаев «Керқұла атты Кендебай» - басқа да бiрсыпыра спектакльдiң декорациясын жасаған.


Ахмет Өтен

2005 жылдан әдебиет бөлімінің меңгерушісі.1938 жылы 7 қарашада Қызылорда облысы Қорқыт стансасында туған. Театрдың әдебиет бөлiмiнiң меңгерушiсi. Жазушы – драматург. Театр сыншысы. Сахналанған «Темiрқазық», «Студенттер». «Желтоқсан ызғары», «Бағдаршам» пьесаларының, «Қоңыр үй», «Заңғар», «Қыз-көктем» романдарының авторы.
Зейнелғапов Әуелхан Құмашұлы

2006 жылдан қойылым бөлімінің меңгерушісі.1952 жылы 10 наурызда Шығыс-Қазақстан облысының Таңба ауылында туған. 1975 жылы Алматы ауылшаруашылығы институтының механика факультетін бітірген. 1998 жылдан Талдықорған драма театрында сахна жұмысшысы, қою бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

Абданова Нұрсара

2002 жылдан режиссердің көмекшісі.1950 жылы Кербұлақ ауданының Доланалы аулында туған. 1973 жылы Алматының бухгалтерлік есеп мектебін бітірген. 176-1990 жылдары Талдықорған драма театрында бухгалтер болған.
Театрдың актерлық шығармашылық құрамы
Қалиұлы Өмiрсерiк

1947 жылы 1 – мамырда Ақсу ауданында туған. Қазақстанның еңбек сiңірген артисi, «Парасат» орденiнiң иегерi. 80 – нен астам алуан түрлi бейнелер жасаған. М.Әуезов «Абай» - Абай, «Қаракөз» - Асан, «Түнгi сарын» - Тәнеке, «Мен бiр партия, сен бiр...» - Есiмбек, «Еңлiк – Кебек» - Еспенбет. Ғ.Мүсiрепов «Ақан серi – Ақтоқты» - Балуан, «Қыз Жiбек» - Бекежан, «Ұлпан» - Артықбай, Б.Майлин «Шұға» - Есiмбек, I.Жансүгiров «Исатай –Махамбет» - Малдыбай, Б.Тоғысбаев «Ақын Сара» - Арай болыс, Д.Исабеков «Кiшкентай ауыл» - Ормантай, т.б.
Кенжебекова Алмахан Нұрпейiсқызы

1950 жылы 16 қаңтарда Алматы облысы Райымбек ауданы Қайнар ауылында туған. Қазақстанның халық артисi, Алматы облысының Құрметтi азаматы.Театрды алғаш құрған ардагерлердiң бiрi. М.Әуезов «Қаракөз» - Мөржан, «Абай» - Әйгерiм, «Түнгi сарын» - Жантастың шешесi, «Хан Кене» - Бопай, «Бәйбiше – Тоқал» - Ғайша, Ғ.Мүсiрепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» - Мақпал, Б.Майлин, Ж.Аймауытов «Аласапыран» - Қалипа, I.Жансүгiров «Исатай – Махамбет» - Балды, Н.Хикмет «Елеусiз қалған есiл ер» - Әйел, Т.Ахтанов «Күшiк күйеу» - Гүлжамал, Б.Тоғысбаев «Ақын Сара» - Сара, Ш.Айтматов «Жәмилә» -Жәмилә, Д.Исабеков «Әпке» - Қамажай, Иран-Ғайып «Ана аманаты» - Ана т.б. «Күйшi», «Абай туралы аңыз» инсценировкаларының авторы. «Көшпендiлер» көркем фильмiнде қалмақ батыры Шарыштың шешесi боп ойнаған.
Нұғманова Хазима Мұлханқызы

ҚР еңбек сіңірген қайраткері.1958 жылы Ресейдің Волгоград облысында туған. «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» - Ғазиза, «Ай тұтылған түн» - Зүбәржат, «Еңлiк – Кебек» - Еңлiк, «Сталинге хат» - Әзиза, «Аласапыран» - Шәрбану, «Қарагөз» - Қарагөз, «Ең әдемi келiншек» - Гүлбаршын, «Ант» - Бәтима, «Құрманғазы» - Айжан, «Қорқыт сарыны» - Ару, «Бiр түп алма ағашы» - Әлия, «Бiр түнгi оқиға» - Ақлима, «Көтерiлген күмбез» - Махаббат, «Кенесары, Наурызбай» - Бопай, т.б.
Базаркелдi Азат Оразайұлы

1954 жылы 1 қаңтарда Қытайда туған. Актер.Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткерi. «Ерен еңбегi үшiн» медалiнiң иегерi.Театр шаңырағын көтергендердiң бiрi. Б.Соқбақбаев «Қожанасыр» - Қожанасыр, Ш.Құсайынов «Алдар көсе» - Алдар көсе, Қ.Мұхаметжанов «Қайдасың, Хайдарбек» - Хайдарбек, Т.Ахтанов «Күшiк күйеу» - Бекболат, С.Жүнiсов «Қысылғаннан қыз болдық» -Жұмат, М.Әуезов «Хан Кене» - Кәрiбоз, А. Кенжебекова «Абай туралы аңыз» - Баймағанбет т.б.
Ыдырышева Әлихан Оразғалиқызы

1950 жылы 9 желтоқсанда Қытайда туған. Театр шаңырағын көтерiскен ардагер артистердiң бiрi. А,Кенжебекова «Абай туралы аңыз» - Тоғжан, К.Әбдiрахман «Қаракерей Қабанбай» - Назым, Ғ.Мүсiрепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» - Баян, Ф.Шиллер «Зұлымдық пен махаббат» - Луиза, Т.Әлiпбай «Қанды ғасыр» - Гүншу, Т.Әлiмқұлов «Қош бол, Қараой» - Әуес, Т.Ахтанов «Шырағың сөнбесiн» - Света, Ш.Құсайынов «Алдар көсе» - Қарашаш, М.Әуезов «Бәйбiше – Тоқал» - Дәмеш т.б. ҚР еңбек сіңірген қайраткері.
Қожабеков Аман Төлебайұлы

1945 жылы 5 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысында туған. 1975 жылы театрдың алғаш iргетасын қаласқан актер. М.Әуезов «Абай» - Әзiмхан, Т.Ахтанов «Күшiк күйеу» -Кубик, Ғ.Мүсiрепов «Ақан серi – Ақтоқты» -Тула, Б.Тоғысбаев «Ақын Сара» - Жиенқұл, Т.Есiмжанов «Жолда қалған жолаушы» -Битарап, Қ.Мұқашев «Дала дастаны» -Жабақ, Р.Рақымбеков «Шаған хикаясы» -Қақатұяқ, Ш.Айтматов «Арманым - Әселiм» - Амнжолов т.б. ҚР мәдениет қайраткері.
.Нұрхалық Серiк Сақбайұлы

1951 жылы 15 қаңтарда Қапал ауданында туған. М.Әуезов «Абай» - Долгов, «Еңлiк – Кебек» - Абыз, «Түнгi сарын» -Казанцев, С.Жүнiсов «Өлiара» - Дзержинский, С.Мұқанов «Шоқан» -ІІ Александр, А.Чехов «Ваня ағай» - Астров, Т.Қалилаханов «Алтын Бесiк» - Төле би. І.Жансүгiров «Исатай – Махамбет» - Баймағанбет. т.б. Режиссер ретiнде Д.Исабековтың «Ескi үйдегi екi кездесу», Ф.Буляковтың «Ұзатылмақ кемпiрлер», М.Задорновтың «Күйеуiңiздi сатыңызшы» т.б. шығармаларды сахналаған. «Құрмет» орденінің иегері.
Темiрбаева Ғалия Әмiрқамқызы

1959 жылы 26 қыркүйекте Кербұлақ ауданында туған. К.Гольдони «Екi қожаға бiр қызметшi» - Глоричи, С.Балғабаев «Қыз жиырмаға толғанда» -Гауһар, А.Кенжебекова «Абай туралы аңыз» - Қаныкей, Т.Есiмжанов «Жолда қалған жолаушы» -Ұлтуар, С.Жүнiсов «Қысылғаннан қыз болдық» -Айгүл, В.Шекспир «Король Лир» - Регена, Л.Егембердиева «Қалталы күйеу, қайдасың?» -Анар, т.б. ҚР мәдениет қайраткері.
Темiрбайұлы Кендебай

1951 жылы 5 қазанда Өзбекстанда туған. «Ерен еңбегi үшiн» медалiнiң иегерi. М.Әуезов «Қаракөз» - Сырым, Ғ.Мүсiрепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» - Қозы Көрпеш, Ш.Айтматов «Жәмила» - Данияр, Ш.Құсайынов «Алдар көсе» - Алдар көсе, Т.Ахтанов «Күшiк күйеу» -Бекболат, Сондай-ақ ол батырлар Қабанбай, Барақ сұлтан, Жәпек, ақындар Махамбет, Әрiп, Ақтанбердi, Нысанбай жырау бейнелерiн жасаған. ҚР мәдениет қайраткері.
Нұрмұханбетова Мәкен Дүбекқызы

1955 жылы 2 қазанда Қапал ауданында туған. ҚР Мәдениет қайраткерi белгiсiнiң иегерi. А.Вампилов «Үлкен ұл» - Макарская, Ш.Айтматов «Арманым -Әселiм» - Әсел, Б.Майлин «Шұға» - Шұға, Ф.Шиллер «Зұлымдық пен махаббат» -леди Мильфорд, Т.Ахтанов «Шырағың сөнбесiн» - Нәзира, т.б.

Мұңайтпасова Сандуғаш Баққалиқызы

1976 жылы 10 қазанда Ақсу ауданында туған. ҚР Мәдениет қайраткерi белгiсiнiң иегерi. «Қалталы күйеу, қайдасың?», «Әрiптестер», «Зұлымдық пен махаббат», «Дүние – думан», «Қош бол, Қараой», «Қозы Көрпеш –Баян сұлу», «Келiндер көтерiлiсi», «Көтерiлген күмбез», «Күйеуiңiздi сатыңызшы» спектакльдерiнде басты рөлдерде ойнаған.

Нұғманов Абай Мұлханұлы

1971 жылы 20 маусымда Ресейдің Волгоград облысында туған.Батыс Қазақстан облыстық драма театрында еңбек еткен.Қазiр Талдықорған драма театрының артисi. «Шүкiр бауырым, шүкiр» - Шүкiр, «Абай трагедиясы» - Мағауия, «Қыз жиырмаға толғанда» - Тәукен, «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» - Бекзат, «Махамбет, Исатай» - Исатай, «Калигула» - Патриция, «Әйел махаббаты» - Төлеген, «Еңлiк – Кебек» - Би. «Қияндағы жалғыз үй» - Әлiбек, «Бір түп алма ағашы»- Мақсат, «Алдардың айласы»,-- Түлен, «Бағдаршам» -Әділ т.б. ҚР Мәдениет қайраткерi белгiсiнiң иегерi.
Әжiбеков Мұса Ержұмаұлы

1955 жылы 15 наурызда Қытайда туған. «Көтерiлген күмбез», «Күйеуiңiздi сатыңызшы», «Шынар басындағы шыңырау», «Кенесары, Наурызбай», «Бағдаршам» спектаклдерiнде ойнаған. Киноларға түскен.

Төлеуова Ақмарал Тұрсынқызы

1979 жылы 22 қаңтарда Қаратал ауданында туған. «Қалталы күйеу, қайдасың?», «Жетiсу әзiлдерi», «Қозы көрпем –Баян сұлу» «О,Аттила, Аттила» спектакльдерiнде ойнаған.

Әлбосынов Нұрлан Рахметұлы
1950 жылы 3 мамырда Қытайда туған. «Қазақстанның 10 жылдығы» мерекелiк медалiмен марапатталған. «Қайдасың, Хайдарбек?» - Хайдарбек, «Волоколам тас жолы» - Панфилов, «Ақан серi – Ақтоқты» - Сердәлi, «Қаракөз» - Нарша, «Аюбайдың ажалы» - Тельман, «Шұга» - Қарасай, «Алдардың айласы» - Алдар, «Кәдiмгi Қожанасыр» - Қожа, «Еңлiк – Кебек» - Жапал, «Аласапыран» - Ораз, «Зұлымдық пен махаббат»- Фон Бок, «Король Лир» - Глостре, «Кенесары, Наурызбай» - жыршы, «Бағдаршам» - Жарқынбек т.б. Н.Әлбосынов – режиссер. С.Жүнiсовтың «Жаралы гүлдер», С.Маршактың «Мен де» деген шығармаларын сахналаған.
Қожбанова Аян Әлмисақызы

1969 жылы 11 қазанда туған. Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегерi. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қалталы күйеу, қайдасың?», «Қош бол, ардағым», «Әрiптестер», «Кенесары, Наурызбай» спектакльдерiнде ойнаған.


Жолдыбаев Жеңiс Хамитұлы

1980 жылы 10 мамырда Ақсу ауданында туған. Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының иегерi. «О Аттила, Аттила», «Зұлымдық пен махаббат», «Әрiптестер», «Дүние – думан», «Ана аманаты», «Бір түп алма ағашы», «Кенесары, Наурызбай», «Бағдаршам» спектакльдерiнде ойнаған.


Махмет Динара

1981 жылы 15 қаңтарда Алматы облысының Кербұлақ ауданында туған. 2002 жылы Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясын бітірген. Сол жылдан Талдықорған театрының артисі. «Әйел сегіз – ол жалғыз» спектаклінде Катрина рөлінде жақсы ойнымен көзге түскен.


Мерсимова Жаңыл

1983 жылы 8 ақпанда Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Сүмбе ауылында туған.2004 жылы Алматы қаласындағы Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжін бітірген. Еңбек жолын Павлодар облыстық Ж.Аймауытов атындағы қазақ сазды-драма театрында актер болып бастаған. Т.Ахтановтың «Күшік күйеуінде» Алма, Д.Исабековтің «Әпкесінде» Гаухар, С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісінде» Мухайе, О.Әбділмановтың «Раушанында» Раушан рөлдерінде ойнаған. 2006 жылдан Талдықорған драма театрында еңбек етуде.
Көмекші буындардағы қызметкерлер:




Серипова Светлана

1959 жылы 1 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысында туған. 1982 жылы Ә.Кастеев атындағы көркемсурет училищесін бітірген. Сол жылдан театрда грим салу бөлімінің меңгерушісі.




Нұрғалықова Бейбітнұр

1959 жылы 18 қыркүйекте Қапал ауданында туған. 1980 жылы кәсіптік-техникалық училище бітірген. 1993 жылдан театрда тігін цехының меңгерушісі.
Ахметжанова Ләйла
1965 жылы 15 желтоқсанда Алакөл ауданында туған. 1985 жылы Алматыда орта-кәсіптік училищесін бітірген. 1995 жылдан театрда костюм цехының меңгерушісі.



Нұрмұханбетова Майгүл

1961 жылы 27 тамызда Қапал ауданында туған. 1982 жылы Талғар ауылшаруашылығы техникумын бітірген. 1996 жылдан театрда реквизитор.




Ерденбеков Аманбек

1969 жылы 24 наурызда Ақсу ауданында туған. 1986 жылы кәсіптік-техникалық училище бітірген. 1991 жылы Сарқант Мәдени ағарту училищесін бітірген. 2007 жылдан театрда сахнаны жарықпен безендіруші.


Театрға жаңадан келген артистер
Бекманова Айнұр Амангелдіқызы, 1987 жылы 11 шілдеде Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданына қарасты Жұлдыз аулында дүниеге келген. Орта мектеп бітіргеннен кейін, 2003 жылы Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы саз колледжіне оқуға түсіп, «Актер өнері» мамандығы бойынша оны 2007 жылы аяқтап шыққан. Театрда 2008 жылдан актер болып жұмыс істейді.
Қырбасов Ғазиз Сұлтанұлы, 1989 жылы 14 тамызда Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында туған. Осында орта мектеп бітірген. Театрда 2009 жылдан актер.
Заманбеков Жасұлан Ертайұлы 1990 жылы 18 шілдеде Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында дүниеге келген. Осында орта мектеп бітіріп, Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада – цирк колледжінде түсіп, 2009 жылы драма артисі мамандығын алған. Театрда 2009 жылдан жұмыс істейді.
Мұңайтпасов Бахтияр Баққалиұлы 1990 жылы 3 наурызда Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында туған. Осында орта мектеп бітірген. Ж.Елебеков атындағы эстрада – цирк колледжін тәмәмдаған. Театрда 2009 жылдан бері актер.

Тлепбергенова Гүлжазира Елеусінқызы 1987 жылы 29 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында туған. Осында орталау мектеп бітірген соң, Құрманғазы атындағы Орал саз колледжіне 2003 жылы оқуға түсіп, оны 2007 жылы драма актеры мамандығы бойынша тәмәмдаған. Театрда 2007 жылдан бері еңбек етеді. Қырғызстанның Өнер институтында сырттай оқиды.
Тұрлыбеков Нұрлан Бақытжанұлы 1987 жылы 24 желтоқсанда Кербұлақ ауданының Сарыөзек аулында дүниеге келген. Көксу ауданында орталау мектеп бітірген. Сол – 2003 жылы Талдықорған қаласындағы Қ.Байсейітов атындағы саз колледжіне түсіп, 2007 жылы қобызшы мамандығын алып шыққан. Театрда 2008 жылдан актер.
Пышанов Дастан Маханұлы Алматы облысы Көксу ауданының Амангелді аулында 1979 жылы 7 қазанда дүниеге келген. 1999 жылы Ж.Елебеков атындағы республикалық цирк – эстрада колледжін бітірген. Театрға 2001 жылы алынып, өз еркімен жұмыстан кетіп, 2010 жылы қайтып оралды..
Қапашева Роза Тоқтарбекқызы 1984 жылы 22 мамырда Ақсу ауданының Кеңжыра аулында дүниеге келген. Орта мектеп бітірген соң, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясына оқуға түсіп, оны 2004 жылы тәмәмдаған. Театрда 2007 жылдан актер.
Махмұт Мұратжан 1980 жылы 5 шілдеде Қытай Халық Республикасында дүниеге келген. Мектепте, сосын Күйтін қаласындағы саз колледжінде оқыған. 2002 жылы Қазақстанға келіп, 2003 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясына музыкалық драма мамандығы бойынша оқуға түскен. Оны ойдағыдай тәмәмдап, 2007 жылдан театрда актер.
Саурықов Арман Ахмадиұлы 1986 жылы 2 мамырда Жаркент қаласында дүниеге келген. Осында мектеп бітірісімен, 2003 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясына түсіп, актер мамандығын алған. Театрда 2007 жылдан актер.
Тілеуғабыл Гүлмайра 1986 жылы 17 маусымда Монғол Республикасында дүниеге келген. Қазақстанға 1991 жылы оралған. Осында орта мектеп бітірген. Абылай хан атындағы шет тілдер институтында оқыған, бірақ аяқтамаған. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясын «Актер өнері» мамандығы бойынша 2009 жылы бітірген. Театрда 2010 жылдан еңбек етеді


Театрдың бүгінгі таңдағы репертуары:
1. Ә.Тәжібаев «Көтерілген күмбез», ( реж.М.Ахманов)

2. Т.Әлімқұлов «Қош бол,Қараой», (реж.Қ. Сүгірбеков)

3. Иран-Ғайып «Ана аманаты», (реж.М.Ахманов)

4. С.Ахмад «Келіндер көтерілісі», (реж.М.Ахманов)

5. М.Задорнов «Күйеуіңізді сатыңызшы», (реж.С.Нұрғалық)

6. Ф.Буляков «Ұзатылмақ кемпірлер», (реж.С.Нұрғалық)

7. Л.Егембердиева «Қалталы күйеу, қайдасың?» (реж.Т.Көбеков)

8. Ә.Ақпанбет «Дүние-думан», (реж.Қ.Сүгірбеков)

9. Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы», (реж.М.Ахманов)

10. Б.Мұқай «Өмірзая», (реж.Б.Тоқымтаев)

11. А.Веселов «Қар балалар», (реж.С.Нұрғалық)

12. М.Ахманов «Алдардың айласы» (реж.М.Ахманов)

13. М.Әуезов, І.Есенбеолин.Инсценировкасын жасаған Ө.Ахмет.

(реж.М.Ахманов)

14. А.Тома «Әйел сегіз, ол жалғыз», (реж.И.Әбілмәжінов)

15. О.Әбділманов «Раушан», (реж.М.Ахманов)

16. Ө.Ахмет «Бағдаршам», (реж.М.Ахманов)

Негізгі қойылымдары:


  1. С.Ахмад «Келіндер көтерілісі», комедия (реж. М.Ахманов).

Рөлдер мен орындаушылар:

Формон бибі - А.Кенжебекова, ҚР халық артисі

Соттыхан - Ә.Ыдырышева

Ұста Бақи - Ө.Қалиұлы, ҚР еңбек сіңірген артисі,

«Парасат» орденінің иегері

-С.Нұрғалық

Тілші - А.Қожабеков

Орынбай - К.Темірбайұлы, ҚР мәдениет қайраткері

Нигора - С.Мұңайтпасова, ҚР мәдениет қайраткері

Башорот - М.Нұрмұханбетова, ҚР мәдениет қайраткері

Кахим - Е.Рамазанов

Мамор - Ж.Жолдыбаев, Қазақстан Жастар Одағы

«Серпер» сыйлығының иегері

Асқар - А.Нұғманов

Тоқтасын - Е.Шәймерденов

Мекемтас - Н.Әлбосынов

Пювти - Ж.Мерсимова

Мейіргүл - Ғ.Темербаева

Д.Малайсаринова

Бустон - А.Қожбанова, ҚР Жастар Одағы

Сыйлығының лауреаты


  1. Иран-Ғайып «Ана аманаты», драма (реж.М.Ахманов).

Рөлдер мен орындаушылар:

Ана - А.Кенжебекова, ҚР халық артисі

Ә.Ыдырышева

Байжан - А.Базаркелді, ҚР мәдениет қайраткері

Н.Әлбосынов

Бекжан - М.Әжібеков

Ғалижан - Ж.Жолдыбаев, Қазақстан Жастар Одағы

«Серпер» сыйлығының иегері

Ақын - С.Нұрғалық

Е.Рамазанов

Диуана - М.Әжібеков

Е.Шәймерденов


  1. Ә.Тәжібаев «Көтерілген күмбез», драма (реж. М.Ахманов).

Рөлдер мен орындаушылар:

Замана - М.Әжібеков

Ана - М.Нұрмұханбетова, ҚР мәдениет қайраткері

А.Қожбанова, Қазақстан Жастар Одағы

ыйлығының лауреаты

Арман - Е.Шәймерденов

А.Нұғманов

Махаббат - С.Мұңайтпасова, ҚР мәдениет қайраткері

Ж.Асанова, Қазақстан Жастар Одағы

«Серпер» сыйлығының иегері

Тұран - С.Нұрғалық

Қыран - Ж.Жолдыбаев, Қазақстан Жастар одағы

«Серпер» сыйлығының иегері

Хан - К.Темірбайұлы, Қр мәдениет қызметкері

Шүкәйт - Е.Рамазанов


  1. М,Әуезов, І.Есенберлин (инсценировкасын жасаған Ө.Ахмет) «Кенесары, Наурызбай», трагедия (реж.М.Ахманов).

Рөлдер мен орындаушылар:

Кенесары хан - Б.Тоқымтаев

Наурызбай - Е.Рамазанов

Нысанбай жырау - К.Темірбайұлы, ҚР мәдениет қайраткері

Бұғыбай қолбасшы – С.Жұмаділ

Бопай ханша - Х.Нұғыманова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Ғ.Темербаева

Қарашаш - Ж.Асанова

С.Мұңайтпасова, ҚР мәдениет қайраткері

Күнімжан - А.Қожбанова

Құдаймендин - Ө.Қалиұлы, ҚР еңбек сіңірген артисі

Мұса - М.Әжібеков

Горчаков - С.Нұрғалық,

Кәрібоз - А.Базаркелді, ҚР мәдениет қайраткері

Орман - А.Қожабеков

Е.Шәймерденов

Боранбай - Н.Әлбосынов,

Ж.Жолдыбаев, Қазақстан Жастар Одағы

«Серпер» сыйлығының иегері

Қараүлек - М.Әбділманов

Сыдық - Жалғас Асқаров

Жыраулар - А.Базаркелді, К.Темірбайұлы,

Н.Әлбосынлв, Ж.Жолдыбаев
5.Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы», мелодрама (реж.М.Ахманов).

Рөлдер мен орындаушылар:

Дәметкен - Ә.Ыдырышева

Ғ.Темербаева

Әлия - Х.Нұғманова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Ерғали - Е.Рамазанов

Ләйла- С.Мұңайтпасова, ҚР мәдениет қайраткері

Ж.Мерсимова

Мақсат - А.Нұғманов

Тұрсын - Е.Шәймерденов

А.Базаркелді,ҚР мәдениет қайраткері

Зарқынбек - Ж.Жолдыбаев, Қазақстан Жастар Одағы

«Серпер» сыйлығының иегері

М.Әжібеков

Көрші әйел - Ғ.Темербаева

Ә.Ыдырышева


  1. О.Әбділманов «Раушан», драма (реж.М.Ахманов).

Рөлдер мен орындаушылар:

Раушан - Ж.Мерсимова

Ж.Асанова, Қазақстан Жастар Одағы

«Серпер» сыйлығының иегері

Тоқан - А.Қожабеков

Мақсұм - М.Әжібеков

Ө.Қалиұлы, ҚР еңбек сіңірген артисі

Төкен - Е.Рамазанов

К.Темірбайұлы, ҚР мәдениет қайраткері

Өтеген - А.НұғмаЕ.Шәймерденов

Сейіт - Ж.Жолдыбаев, Қазақстан Жастар Одағы

«Серпер» сыйлығының иегері

Жамал - Г.Айниязова

Д.Малайсаринова

Тоқтарбек - Н.Әлбосынов

Нәсіп - М.Нұрмұханбетова, ҚР мәдениет қайраткері

Бекмұрат - К.Темірбайұлы, ҚР мәдениет қайраткері

С.Нұрғалық

Сәлима - А.Кенжебекова, ҚР халық артисі

Қытайлар - А.Базаркелді, ҚР мәдениет қайраткері

С.Нұрғалық

С.Мұңайтпасова, ҚР мәдениет қайраткері

Ж.Асанова

Ж.Мерсимова
7. А.Тома «Әйел сегіз, ол жалғыз», (қазақшаға аударған және реж.И.Әбілмәжінов).

Рөлдер мен орындаушылар:

Шанель- А.Ахметқалиева, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері

Луиза - Ж.Мерсимова

Әже - Ғ.Темербаева

Сюзен - Ж.Асанова

Габи - Х.Нұғыманова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Огюстина - Г.Айниязова

Катрин - Д.Малайсаринова

Пьеретта - С.Мұңайтпасова, ҚР мәдениет қайраткері

Марсель - С.Нұрғалық, ҚР мәдениет қайраткері

8.Ө.Ахмет «Бағдаршам», драма (реж. М.Ахманов).

Рөлдер мен орындаушылар:

Әділ - А.Нұғманов

Дәурен - Е.Шәймерденов

Дәулет - Ж.Жолдыбаев, Қазақстан Жастар Одағы

«Серпер» сыйлығының иегері

Сұлтан - Е.Рамазанов

Бекет - Сұлтанның әкесі С.Нұрғалық,

ҚР мәдениет қайраткері

Жарқынбек - Дәулеттің әкесі Н.Әлбосынов

Айша - Әділдің шешесі М.Нұрмұханбетова

ҚР мәдениет қайраткері

Момын - Дәуреннің әкесі М:Әжібеков

Театрдың директоры Б.Тезекбаев

Похожие:

МҚК «Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры». Театр 1975 жылы «Қозы көрпеш – Баян сұлу» (авторы Ғ. Мүсірепов) спектаклімен ашылған. 2000 жылы 31 тамызда театрға Қазақстанның халық артисі iconАстана ақшамы. – 2012. №38. – 7 сәуір Сайлауқызы Н. Ғашықтар күнін тойлайық! 15 – сәуір – ғашықтар күні. «Қозы көрпеш – Баян сұлу күні»
«Қозы көрпеш – Баян сұлу күні» деп аталатын бұл мереке елімізде соңғы он жылдан бері бейресми түрде тойланып келеді. Бұл күнді Астана...
МҚК «Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры». Театр 1975 жылы «Қозы көрпеш – Баян сұлу» (авторы Ғ. Мүсірепов) спектаклімен ашылған. 2000 жылы 31 тамызда театрға Қазақстанның халық артисі iconШөже Қаржаубайұлы
Абаймен кездесіп, халық эпостарын, әндері мен аңыздарын білетіндігімен оған зор ықпал жасаған. Ш. Уәлиханов 1864 ж. 5 наурызда өзінің...
МҚК «Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры». Театр 1975 жылы «Қозы көрпеш – Баян сұлу» (авторы Ғ. Мүсірепов) спектаклімен ашылған. 2000 жылы 31 тамызда театрға Қазақстанның халық артисі icon2. Балалардың тілін дамыту үшін не айтылады ? а мақал в жұмбақ д жаңылтпаш б ертегі г аңыз «Қаңбақ шал»
«Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Айман – Шолпан» жырлары ауыз әдебиетінің қай түріне жатады ?
МҚК «Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры». Театр 1975 жылы «Қозы көрпеш – Баян сұлу» (авторы Ғ. Мүсірепов) спектаклімен ашылған. 2000 жылы 31 тамызда театрға Қазақстанның халық артисі iconАлматы облыстық мәдениет басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары ағымдағы жағдайға талдау
Б. Римова атындағы драма театры, облыстық Сүйінбай атындағы филармония, облыстық халық шығармашылығы орталығы, тарихи-мәдени мұраны...
МҚК «Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры». Театр 1975 жылы «Қозы көрпеш – Баян сұлу» (авторы Ғ. Мүсірепов) спектаклімен ашылған. 2000 жылы 31 тамызда театрға Қазақстанның халық артисі iconҚазақстанның театрлары астана қ аласы
М. Горький атындағы мемлекеттік орыс драма театры Хусаинова Априза Хусаиновна ин
МҚК «Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры». Театр 1975 жылы «Қозы көрпеш – Баян сұлу» (авторы Ғ. Мүсірепов) спектаклімен ашылған. 2000 жылы 31 тамызда театрға Қазақстанның халық артисі iconҚұрметті талапкерлер!
Кейінірек, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институты деген атпен танылды. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік көркемсурет...
МҚК «Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры». Театр 1975 жылы «Қозы көрпеш – Баян сұлу» (авторы Ғ. Мүсірепов) спектаклімен ашылған. 2000 жылы 31 тамызда театрға Қазақстанның халық артисі iconҚұрметті талапкерлер!
Кейінірек, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институты деген атпен танылды. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік көркемсурет...
МҚК «Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры». Театр 1975 жылы «Қозы көрпеш – Баян сұлу» (авторы Ғ. Мүсірепов) спектаклімен ашылған. 2000 жылы 31 тамызда театрға Қазақстанның халық артисі iconШӘкен айманов
Осы кезден бастап театр өнерімен әуестеніп, 1933 жылы Қазақ драма театрының құрамына алынады. Осы театр сахнасында жиырма жылдай...
МҚК «Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры». Театр 1975 жылы «Қозы көрпеш – Баян сұлу» (авторы Ғ. Мүсірепов) спектаклімен ашылған. 2000 жылы 31 тамызда театрға Қазақстанның халық артисі iconТалдыкорганский казахский драматический театр им. Б. Римовой создан в 1975 году. Открылся 4 ноября 1975 году спектаклем «Козы Корпеш- баян Сулу»
Талдыкорганский казахский драматический театр им. Б. Римовой создан в 1975 году. Открылся 4 ноября 1975 году спектаклем «Козы Корпеш-...
МҚК «Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры». Театр 1975 жылы «Қозы көрпеш – Баян сұлу» (авторы Ғ. Мүсірепов) спектаклімен ашылған. 2000 жылы 31 тамызда театрға Қазақстанның халық артисі iconПәні: Информатика Сынып: 10 Сағат саны: 34
Оқулық, аты, авторы, жылы: Информатика 10- класс, Н. Т. Ермеков, В. А. Криворучко, С. Ж. Ноғайбаланова, Жазушы, 2006 жылы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница