Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназия Өткізген: Нұғманова Н. М. Астана 2010




Скачать 81.06 Kb.
НазваниеҒали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназия Өткізген: Нұғманова Н. М. Астана 2010
Дата конвертации03.03.2013
Размер81.06 Kb.
ТипДокументы
Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназия



Өткізген: Нұғманова Н. М.


Астана 2010

Сабақтың тақырыбы: «Ұлы жеңіс ұрпақ есінде»

С
Ұлы Отан соғысының мұрасын тереңдей оқытып, үйрету. Кеңес Одағының батырлары Әлия Молдағұлованың, Мәншүк Мәметованың, Бауыржан Момышұлының өмірлері мен ерлігі туралы мағлұмат бере отырып, оқушылардың Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Әлия, Мәншүк, Бауыржан аталырының батылдығы мен батырлығын шәкірттердің бойына сіңіру.
абақтың мақсаты
:


Д
Оқушылардың Қазақстандықтардың ерлік істері мен таныстыра отырып, Жеңіс оңайлықпен келмегенін, Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп, миллиондаған асыл азаматтар мерт болғанын, жаумен жан аямай шақасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсеткенін анықтау.
амытушылық:


Т
Оқушыларды адамгершілікке Отанын сүюге, оны қорғауға, өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілікке, Отанының патриоты болуға тәрбиелеу.
әрбиелік мақсаты:



К
Ұлы Отан соғысы туралы альбомдар, буклеттер, Әлия Молдағұлованың, Мәншүк Мәметованың, Бауыржан Момышұлының суңреттері, Отан, туған жер туралы нақыл сөздер, үнтаспа, музыкалық аспаптар, слайд.
өрнекілігі:


.

Сабақ барысы:


Жүргізуші: Мақсат 6ғ: Қайырлы күн құрметті қонақтар, қадірлі ұстаздар мен оқушылар. Бүгін сіздердің назарларыңызға «Ұлы жеңіс ұрпақ есінде» атты тарихи сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші: Ақнұр 5 ж: Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?

Түрікке адамзат атты ел жеткен бе?

Кең ақыл отты қайрат, жүрек қиял

Тұранның жерлеріне жер жеткен бе?

деп Мағжан ағамыз жырлағандай, бүгінгі күн қазақ елінің мәртебесін жоғары көтеріп, шоқтығын биіктетер айтулы бейбіт заманда, біз естен кетпес екінші дүние жүзілік соғысты бастаған әділетсіз соғысына қарсы, жан қиарлықпен күрескен ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа үлгі болар, жыр болар мәңгі есте сақталар ерліктері туралы әңгімелейміз.

Гаухар 5ә: Адамзат тарихындағы ең қанқұйлы соғыстың аяқталғанына 65 жыл болды. Сол бір отты жылдар бізден қаншалықты алыстаған сайын отанымызды қорғаушылардың ерлігі одан сайын маңызды бола түсті. 1941 жылы 22 маусым күні таң сәріде елімізге қауіп төнді. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.

Бұлт түнеріп аспаннан,

Талай көзден жас тамған.

Тұтқиылдан жау тиіп,

Қырғын соғыс басталды.

Тансу 5Ә: Ұлы Отан соғысы басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды.

Отаным, еркелеймін енді кімге,

Өзіңмен нені болса көрем бірге.

Қалайша қабырғама батпас менің

Басыңа қатер бұлты төнген күнде.

Гаухар 5 Ә: Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп, миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Ана, жарын жоғалтып жесір, бала әкесінен, анасынан айырылап жетім атанды. Фашистердің тұтқын лагерінде қанша ана мен бала айуандықпен азаптап өлтірілді. Ал тылда қалған қарттар, аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар, соғыстың қайғы-қасіретін арқалай жүріп, бірде аш, бірде тоқ тынбай жұмыс істеді. Бірақ ешкімнің сағы сынбады. Жігері жасымады.
Елнұр : Сұм соғыста қанша боздақ мерт болды

Ыза кернеп, көкірекке дерт толды,

«Отан үшін жаным пида!» - серт болды.

Күңіреніп, құлазыды құба бел,
Тансу : Сұм соғыста қанша боздақ мерт болды

Зарлы аналар, мұң басқан жас пен кәрің

Арысыңнан айырылдың боздап бәрің...

Гаухар: Қазақстанда соғыстын алдында 6,2 миллион халық тұратын. Республикамыздан 1 миллион 196 мың 164 адам қару асынып, майданға аттанды. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Майданға солардың бірі болып, Мәншүк пен Әлия да аттанды. Әлия 2 жасында жетім қалып Ленинградта тұратын Әубәкір деген ағасының тәрбиесінде болды. Әлия Ленинградта оқиды. Ол ерекше ұстамды, зерек болып өседі. Соғыс басталғанда небәрі 17 жаста болады. Майданға өзі сұранып, атқыштар даярлайтын бөлімді бітіреді. Әлия Казачиха деревнясы үшін болған ұрыста оққа ұшады. Ол кезде Әлия әлі 17 жасқа да толмаған кезі еді. Әлияның денесі осы батыр жауынгерлер зиратына жерленеді.
Лаура 5 ж: Тверьдің орманы жас, жері кәрі

Ата – қоныс санайды елдің бәрі

Сол жерде Әлияның қаны сіңді

Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі

Бұл жерден сонау заман Пушкин өткен

Желдіртіп, қоңыраулатып атын жеккен.

Сол жерді жаудан сақтап қаламын деп

Қазақтың Әлия қызы қанын төккен

Шаттансаң қыз тудым деп қазақ шаттан

Әлия- Отанына болған мақтан.

Казачиха дөңіне тұлғасы тұр

Дегендей, ерлікке аттан, жеңіске аттан!
Ән «Әлия»
Динара 5Ә: Мәншүк 1922 жылы дүниеге келген. Шын аты Мәнсия анасы еркелетіп Мошақ деп атаған. Соғысқа өз еркімен аттанғанда 19-ға жаңа шыққан, талдырмаш, пысық, жігерлі қыз еді. Мәншүк пулеметші болды. Ол берілген тапсырманы дәл орындайтын, қауіптен сескенбейтін, жүректі батыл жауынгер қыз болған.

Көрініс

Мәншүк Невель қаласын қорғау кезінде ақырғы оғы қалғанша жауды қырды. 3 пулеметті қатарлап қойып жауды 3 сағат бойы жалғыз бөгеп тұрып өзі қаза табады.

Әділ: Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін

Оқ борап снарядтар қақанда ызың.

Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған

Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.

Қолында пулеметі «Максим» оның,

Бойында күш жігері тасқын оның

Ерлермен тізе қосып шабуылда,

Оғымен қырғын майдан ашты жолын.

Елнұр Пулеметті сөйлетіп

Қорғады алтын бесігін.

Ұмытпаймыз өрлетіп

Мәншүк апай есімін.
Меруерт 5ғ: Ару қыздар-алаулатып от кешкендер,

Сыздап тұр-ау әлі күн оқ тескен жер.

Қаласыңдар мәңгілік ел есінде

Ару қыздар-алаулап от кешкендер.
Айнагул 5ғ: Біріктіріп үміті мен тілегін

Біріктіріп барлық күшін, жігерін.

Ана үшін бала үшін жар үшін

Жасқанбастан тосты оққа жүрегін.
Айзада 5ғ: Сол бір қиын тым сұрапыл шақта олар

Кеудесіне ерлік отын жақты олар.

Отан үшін опат болған арулар

Есімдері мәңгі бақи сақталар.
Жансая 5ғ: Мәскеу үшін болған шайқастарда белгілі болған қазақ батыры, аға лейтенант Бауыржан Момышұлы басқарған батальон жауынгерлері үлкен ерлік көрсетті. Кеңес әскері Мәскеуге 20-30 шақырым таяп қалды. Бұл 1941 жылдың қараша айы болатын. Мәскеуді жауға беру бүкіл елді жауға берумен тең еді. Мәскеуді қорғауға Қазақстанда құрылған генерал Панфилов басқарған 316 атқыштар дивизиясы қатысты. Бауыржан Момышұлының «Қанмен жазылған кітап» жинағынан үзінді.

Көрініс

Тансу 5Ә: Ұлы Отан соғысында Белорусияда Әди Шариповтың, Украинада Қасым Қайсеновтың партизан отрядтары ерлік күрес жүргізді. Қасым Қайсенов шағын отрядқа да, жүздеген адамы бар партизан бөліміне де басшылық етті.
Қасым ата туралы естелік.
Қасым ата сол маңда дұшпанның қару-жарақ сақтаған ірі зауыты бар екенін естиді, бірақ заводты жаудың қалың қолы күзетіп тұратын.

Қасым ата партизандардан біраз адам жинап алып, жаудың қару-жарақ сақтаған заводына күндіз тапатал түсте шабуыл жасайды. Ал жау жағы болса күндіз заводтқа жау шабады деп ойламайды. Заводтың тас-талқанын шығарып паризандар шабуылы сәтті аяқталады.
Томирис 5Ә: Отты жылдар басты да жер үстін мұң,

Сан боздағым көрмеді-ау Жеңіс күнін...

Құрысын соғыс! Ұрпақ оны көрмесін,

Амандығын тілеймін жер үстінің.
Ақнұр 5ғ: Құрметті ата, Жеңіс күні құтты болсын дей отыра сөз кезегін берсек дейміз.
Жүргізуші: 1.Соғысқа неше жасыңызда аттандыңыз?

2.Бірінші рет қай майданда шайқастыңыз?

3.Осы соғыс жылдарындағы ең ауыр кезең туралы әңгімелеп беріңіз.

4.Майдангер достарыңыз болды ма, олар кімдер?

5.Қашан елге оралдыңыз?
Жүргізуші: Осындай қымбатқа түскен Жеңіс біздер үшін әрдайым патриотизмнің үлгісі, Қазақстандықтардың жоғары борышы іспеттес болып қала береді.
Жансая : Біз Отан үшін от кешіп, Жеңіс үшін жанын қиған ерлер аруағы алдында басымызды иіп тәжім етеміз! Ерлік істері мәңгі ұмытылмайды. Соғыстың сұрапыл жолдарында қаза тапқан ерлерді еске алып 1 минут үнсіздік жариялаймыз. (1 минут үнсіздік)

Отан үшін от кешкен боздақтар-ай,

Өртедіңдер жүректі қозғап қалай.

«Ескерткіш кітап» мынау, бүгін тағы

Өшкен отты үргілеп қоздыртқан-ай.
Мадина 5ж: Боздақтар-ай, боздақтар қыршын кеткен,

Ғұмырларың қысқа еді, шіркін неткен.

Қаза болған сендерді қан майданда,

Шығармайды, туған ел, жұртың естен.
Жансая : Ұлы Жеңіс оңайлықпен келмеген,

Ешкім оны сыйлап бізге бермеген.

Жеңіс деген сәбилердің күлкісі ол

Зеңбіректің үнін естіп көрмеген.

Жеңіс деген, дара батыр қол бастар,

Жеңіс деген – керзі етікті солдаттар.

Жеңіс деген майданда өлген жастық шақ,

Жеңіс деген оралмаған боздақтар.
Меруерт 5ғ: Соғыс жылдары ерлігі үшін орден және медальдармен наградталғандардың ішінде 96 мың 938 қазақ жауынгері бар, 497 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атағын алған. Олардың 97-сі қазақ, 142 жауынгер «Даңқ» орденінің толық иегері болды. Соғыс бітті. Ауыр жылдар артта қалды.

65 жыл-бейбіт көктем таң атқалы,

65 жыл шуақты күн таратты әнін.

Есімде сонан бері 62 рет,

Ашылды жеңіс күннің парақтары.

Талай құс содан бері қайта оралды,

Талай бақ әлеміне қайта оранды.

Соғыста өлгендер тек оралмайды,

Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.

65 жыл-үзілмеді құстар әні,

Кетті енді сұм соғыстың қыспағы әрі.

Біздің ел үстіменен ұшпалы.
Мұғалім: Балалар, Отанымызды сүйіп, қастерлей білейік. Ата-баба дәстүрін, әдет-ғұрпын берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болайық. Оңайлықпен келмеген жеңісіміз құтты болып ел жұртымыз аман, берекелі заман болсын.

Барша халық жеңіс күнін тойлайды

Жас сәбилер думандатып ойнайды

Ардагерлер көздеріне жас алып,

Ұрпақтардың амандығын ойлайды.

Елге қауіп төнбесін

Егестен адам өлмесін!

Есен-аман болайық,

Енді соғыс болмасын.

Өртенбесін туған жер,

Өркендесін туған ел!

Шайқалмасын асқар бел

Шайқалмасын шалқар көл!

Похожие:

Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназия Өткізген: Нұғманова Н. М. Астана 2010 iconҒали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназия Ашық сабақ «Геометрия әлеміне саяхат» Өткізген: Сейілханова Ж. С. Астана 2010
Мұғалім: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлайды. Бүгінгі сабақ жарыс түрінде өтіледі
Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназия Өткізген: Нұғманова Н. М. Астана 2010 iconҒали Орманов атындағы №7 мектеп гимназиясының 6 «А» сынып оқушыларының тізімі 2009-2010 оқу жылы

Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназия Өткізген: Нұғманова Н. М. Астана 2010 iconАстана қаласы Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясы 2 «Ғ» сыныбы Сынып жетекші: Мамырбекова Ғалия Асанқызы Тақырыбы
Мақсаты:ұлттық салт-дәстүрді үлгі ету,мадақтау,оған деген оқушылардың сүйіспеншілік сезімін ояту
Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназия Өткізген: Нұғманова Н. М. Астана 2010 icon№7, Ғали Орманов атындағы орта мектеп Қаралды: келісемін: бекітемін
Білімділік: оқушыларға алған білімдерін ары қарай жетілдіру мақсатында мәтіндегі ұлы тұлғалар жайында мағлұмат беру, сөйлем мүшелерін...
Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназия Өткізген: Нұғманова Н. М. Астана 2010 iconҒали Орманов атындағы №7 мектем – гимназиясы Тақырыбы : Көксерек – табиғаттың тағы перзенті Сынып : 7ғ
Шығарманың мазмұнын талдай отырып Көксеректің түз тағысы екенін мысалдар келтіру арқылы дәлелдеу
Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназия Өткізген: Нұғманова Н. М. Астана 2010 iconҒ. Орманов атындағы №7 мектеп- гимназияда ақпанның 7 күні Қр парламент Мәжілісінің депутаты, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, Қр- ның қайраткері, ұлт жанашыры Бекболат Қанайұлы Тілеуханмен кездесу өтті
Орманов атындағы №7 мектеп- гимназияда ақпанның 7 күні Қр парламент Мәжілісінің депутаты, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты,...
Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназия Өткізген: Нұғманова Н. М. Астана 2010 iconСырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Ж.Қ. Утебаеваның 3 «Б» сынып оқушыларымен өткізген тәрбие сағыты

Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназия Өткізген: Нұғманова Н. М. Астана 2010 iconҰлыстың ұлы күні-әз Наурыз! Мұғалімнің сөзі
...
Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназия Өткізген: Нұғманова Н. М. Астана 2010 icon«Ғали ғибраты» Ғали ақынның шығармашылығына арналған әдеби кеш. Мерзімі: 24-ақпан 2010 жыл Мақсаты
Оқушыларды Отансүйгіш, елжанды, өз елін, жерін сүйетін, жан-жақты, рухы биік тұлға қалыптастыру
Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназия Өткізген: Нұғманова Н. М. Астана 2010 iconАстана қаласы №57 орта мектеп. 7- сынып Тақырыбы: Өткізген: Биология пәнінің мұғалімі
Білімділік: Экологиялық мәдениеттілікті қалыптастырып, табиғатты қорғауға, аялауға шақыру
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница