Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы n 214 Заңы




НазваниеҚазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы n 214 Заңы
страница1/6
Дата конвертации04.03.2013
Размер0.6 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6
Лицензиялау туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы N 214 Заңы
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., N 2, 10-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 26 қаңтар N 20-21; "РЕСМИ ГАЗЕТ" 2007 ж., наурыз, N 9
Қолданушылар назарына!

Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшiн РҚАО мазмұнды жасады.
МАЗМҰНЫ
РҚАО-ның ескертпесi!

Осы Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 52-баптың 1-тармағынан қараңыз.
РҚАО-ның ескертпесi!

2013 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР 2011.12.28 N 524-IV Заңына сәйкес Заңның бүкiл мәтiнi бойынша «бiрыңғай тiркеушi», «бiрыңғай тiркеушiнiң» деген сөздер «тiркеушi», «тiркеушiнiң» деген сөздер деп есептелсiн.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда реттелетiн қатынастар
1. Осы Заңда қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялауға байланысты қатынастар реттеледi.

2. Осы Заңда жеке және (немесе) заңды тұлғалар арасында жасалған лицензиялық шарт шеңберiнде лицензиялар беруге байланысты қатынастар реттелмейдi.
2-бап. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) бiлiктiлiк талаптары - өтiнiш берушiнiң жекелеген лицензияланатын қызмет түрiмен және (немесе) лицензияланатын қызмет түрiнiң кiшi түрiмен айналысу қабiлетiн сипаттайтын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткiштердiң жиынтығы;

2) бiрыңғай технологиялық процесс - лицензияланатын бiр қызмет түрiнiң шеңберiнде өндiрiс процесiнде орындалатын технологиялық өзара байланысты және дәйектi iс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы;

3) жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау - лицензия беру мониторингтеу мақсатында белгiленген шара;

3-1) құзыреттi (салалық) орган – мемлекеттiк басқарудың лицензияланатын қызмет түрiне жататын тиiстi саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

4) лицензиар - осы Заңға сәйкес лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

4-1) лицензиардың электрондық тiзiлiмi – берiлген, қайта ресiмделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы лицензиар енгiзген мәлiметтердi қамтитын лицензиялардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiнiң ажырамас бөлiмi;

5) лицензиат - лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;

6) лицензия - тиiстi лицензиардың жеке немесе заңды тұлғаға қызметтiң жекелеген түрiмен айналысуға беретiн рұқсаты;

7) лицензияланатын қызмет түрi (бұдан әрi - қызмет түрi) - айналысу үшiн осы Заңға сәйкес лицензия алу талап етiлетiн қызмет түрi (белгiлi бiр iс-әрекет (операция, сақтандыру сыныптары);

8) лицензияланатын қызмет түрiнiң кiшi түрi (бұдан әрi - қызметтiң кiшi түрi) - тиiстi қызмет түрiн бiр лицензия шеңберiнде нақтылау;

8-1) лицензиялар тiзiлiмi - берiлген, қайта ресiмделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданысы тоқтатылған лицензиялар, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрiн (кiшi түрiн) жүзеге асыратын лицензиаттың филиалдары, өкiлдiктерi (объектiлерi, пункттерi, учаскелерi) туралы мәлiметтердi қамтитын дерекқор базасы;

9) (алып тасталды - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен);

9-1) лицензиялардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмi – берiлген, қайта ресiмделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрiн (кiшi түрiн) жүзеге асыратын лицензиаттың филиалдары, өкiлдiктерi (объектiлерi, пункттерi, учаскелерi) туралы мәлiметтердi қамтитын, лицензиарлар беретiн лицензиялардың сәйкестендiру нөмiрiн орталықтандырып қалыптастыратын ақпараттық жүйе;

9-2) лицензиялардың сәйкестендiру нөмiрi – лицензиялардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiнде генерацияланатын бiрегей код;

10) лицензиялау - лицензияларды беруге және қайта ресiмдеуге, лицензиаттардың тиiстi талаптарды сақтауын лицензиарлардың бақылауды жүзеге асыруына, лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұруға және қайта бастауға, лицензиялардан айыруға байланысты iс-шаралар кешенi;

11) лицензиялық бақылау - лицензиардың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын лицензиаттардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметi;

12) өтiнiш берушi - лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру туралы тиiстi лицензиарға өтiнiш жасаған жеке немесе заңды тұлға;

13) уәкiлеттi орган - мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен жүргiзудi жүзеге асыратын және лицензиялау саласындағы басқа да мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiретiн мемлекеттiк орган;

14) электрондық лицензия – қағаз жеткiзгiштегi лицензияға тең, ақпараттық технологиялар пайдаланыла отырып ресiмделетiн және берiлетiн электрондық құжат нысанындағы лицензия.

Ескерту. 3-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
4-бап. Лицензиялаудың негiзгi принциптерi
1. Лицензиялар беру белгiлi бiр қызмет түрi үшiн белгiленген талаптарға сай барлық тұлғалар үшiн тең негiздерде және тең жағдайларда жүзеге асырылады.

2. Қызметтiң жекелеген түрлерi бойынша лицензиялық тәртiп енгiзу ұлттық қауiпсiздiк, құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету, қоршаған ортаны, азаматтардың меншiгiн, өмiрi мен денсаулығын қорғау мақсатында белгiленедi.

3. Осы Заңда қызмет түрлерiнiң және қызметтiң кiшi түрлерiнiң егжей-тегжейлi тiзбесi белгiленедi.

4. Осы Заңға жаңа қызмет түрлерi және (немесе) қызметтiң кiшi түрлерi енгiзiлген кезде оларды лицензиялау жекелеген қызмет түрлерiне (кiшi түрлерiне) қойылатын бiлiктiлiк талаптары белгiленетiн тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер қабылданғаннан кейiн жүзеге асырылады.

Жекелеген қызмет түрлерiне (кiшi түрлерiне) қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және экспорты мен импорты лицензиялануға жататын жекелеген тауарлар тiзбесiн бекiтетiн нормативтiк құқықтық актiлердi осы актiлер ресми жарияланғаннан кейiн жиырма бiр күндiк мерзiм өткенге дейiн қолданысқа енгiзуге болмайды.

Осы қызметтi жүзеге асыратын субъектiлер үшiн осы Заңға жаңа қызмет түрлерi және (немесе) қызметтiң кiшi түрлерi енгiзiлген жағдайда, осы Заңда белгiленген тәртiппен лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге арналған құжаттарды тапсырған кезде қызметтi тиiстi лицензиясы болмаса да оны алғанға дейiн, бiрақ осы қызмет түрiне және (немесе) қызметтiң кiшi түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары қолданысқа енгiзiлген күннен бастап қырық бес жұмыс күнiнен асырмай, жүзеге асыруға жол берiледi.

5. Қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өнiмге қойылатын талаптар, жекелеген өнiм түрлерiнiң, процестердiң сәйкестiгiн мiндеттi түрде растау жөнiндегi талаптар мемлекеттiк әкiмшiлiк ету мақсаттарына жету үшiн жеткiлiксiз болған жағдайларда белгiленедi.

6. Лицензия иелiктен шығарылмайды және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды.

7. Лицензияның күшi, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.

8. Бiрыңғай технологиялық процеске кiретiн және (немесе) қызмет түрiн жүзеге асырудың қажеттi элементi болып табылатын қызмет түрлерi лицензиялануға жатпайды.

Қызмет түрiнiң бiрыңғай технологиялық процеске кiретiнi және (немесе) оны қызмет түрiн жүзеге асырудың қажеттi элементiне жатқызу туралы қорытындыны өтiнiш берушiнiң өтiнiшi негiзiнде лицензиардың сұрауы бойынша құзыреттi (салалық) орган бередi.

9. Мемлекеттiк органдар, дербес бiлiм беру ұйымдары және олардың ұйымдары, оның iшiнде аталған ұйымдарда бiлiм беру бағдарламаларын енгiзетiн және (немесе) iске асыратын шетелдiк заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өкiлеттiктер шегiнде жүзеге асыратын қызметтi қоспағанда, лицензиялау талап етiлетiн қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға немесе белгiлi бiр iс-әрекеттер (операциялар) жасауға лицензия болған жағдайда ғана жол берiледi.

Кредиттiк серiктестiктер, орталық депозитарий, бiрыңғай тiркеушi, мемлекет қатысатын кредиттiк бюро, өзара сақтандыру қоғамдары, «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзiнiң операторы, сондай-ақ Ұлттық почта операторы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өкiлеттiктер шегiнде жүргiзетiн қызметтi қоспағанда, қаржы саласындағы қызметтiң жекелеген түрлерiн және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтi жүзеге асыруға лицензия болған жағдайда ғана жол берiледi.

Ескерту. 4-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.01.19 N 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ЛИЦЕНЗИЯЛАУ ЖҮЙЕСI
5-бап. Мемлекеттiк лицензиялау жүйесiнiң құрылымы
Мемлекеттiк лицензиялау жүйесi:

1) Қазақстан Республикасының Үкiметiнен;

2) уәкiлеттi органнан;

3) лицензиарлардан тұрады.
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiне:

1) лицензиялау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды әзiрлеу;

2) лицензиарлар тiзбесiн айқындау;

3) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бекiтетiн бiлiктiлiк талаптарын, сондай-ақ ойын бизнесi саласындағы қызмет түрлерiне бiлiктiлiк талаптарын қоспағанда, бiлiктiлiк талаптарын бекiту;

4) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

5) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бекiтетiн өтiнiш нысанын қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiш нысанын бекiту;

6) өндiрiлуi, өңделуi, тасымалдануы, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы, пайдаланылуы және жойылуы лицензиялануға тиiс улардың тiзбесiн бекiту;

7) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

8) өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгi бөлiгiнде лицензия беруге келiсудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың тiзбесiн бекiту;

9) лицензиялардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiн жүргiзу қағидасын бекiту;

10) өзiне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.

Ескерту. 6-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
Уәкiлеттi органның құзыретiне:

1) лицензиялау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру;

2) лицензиялардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiне қол жеткiзу құқықтарын дамыту, белгiлеу процесiн, оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз етудi басқару;

3) лицензиялардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiн жүргiзу қағидасын әзiрлеу;

4) қаржы саласындағы қызметтi және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиялардың нысандарын қоспағанда, лицензиялардың және лицензиялардың қосымшаларының нысандарын әзiрлеу;

5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.

Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
8-бап. Мемлекеттiк органдардың құзыретi
Лицензиарлардың құзыретiне:

1) жекелеген қызмет түрлерiне (кiшi түрлерiне) қойылатын бiлiктiлiк талаптарының жобаларын әзiрлеу және оларды уәкiлеттi органмен келiсу.

Жекелеген қызмет түрлерiне (кiшi түрлерiне) қойылатын бiлiктiлiк талаптарының жобаларын әзiрлеудi, егер жергiлiктi атқарушы орган лицензиар болып табылған жағдайда, орталық мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады;

2) өтiнiш берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн белгiлеу;

3) лицензиялау;

4) лицензиялық бақылауды жүзеге асыру;

РҚАО-ның ескертпесi!

5) тармақшаға өзгерiс енгiзу көзделген - ҚР 2012.01.12 № 538-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

5) азаматтық және қызметтiк атыс қаруы мен оның патрондарын, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға арналған лицензияларды қоспағанда, лицензиялар тiзiлiмiн жүргiзу және оны ай сайын өзiнiң интернет-ресурсында орналастыру жатады.

Лицензиардың электрондық тiзiлiмiнде және лицензиялардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiнде мынадай мәлiметтер:

лицензиардың атауы;

лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның берiлген күнi және нөмiрi;

дара кәсiпкер үшiн - жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), сондай-ақ жеке тұлға дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелген жағдайда куәлiктiң нөмiрi және оның берiлген күнi;

заңды тұлға үшiн – заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi, оны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң нөмiрi және берiлген күнi;

қызмет түрi және (немесе) қызметтiң кiшi түрлерi;

лицензияның қолданылу мерзiмi;

салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;

төлем тапсырмасының нөмiрi және лицензиялық алым төленген күн;

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу негiздерi және күнi;

лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, жаңарту негiздерi және күнi;

лицензияның қолданылуын тоқтату негiздерi және күнi;

лицензиаттың лицензияланатын қызмет түрiн (кiшi түрiн) жүзеге асыратын филиалдары, өкiлдiктерi, объектiлерi, пункттерi, учаскелерi (болған жағдайда) туралы деректер көрсетiлуге тиiс;

6) өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасы заңнамасының бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi бөлiгiнде лицензия берудi келiсу туралы мемлекеттiк органдарға сауал жiберу;

7) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып электрондық қызмет көрсету;

8) берiлген, қайта ресiмделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы ақпаратты өз интернет-ресурсында орналастыру жатады.

Лицензиат филиалын (өкiлдiгiн, объектiсiн, пунктiн, учаскесiн) құрған, оның орналасқан жерiн өзгерткен жағдайда он жұмыс күнi iшiнде – лицензиардың мекен-жайына, егер жергiлiктi атқарушы орган лицензиар болған жағдайда - филиалдың (өкiлдiктiң, объектiнiң, пункттiң, учаскесiнiң) орналасқан жерi бойынша оның бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн қоса хат жолдауға мiндеттi. Лицензиар лицензиаттың хатын (хабарламасын) алған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң тиiстi қызмет түрiне (кiшi түрiне) қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн белгiлейдi. Ол бiлiктiлiк талаптарына сәйкес болған жағдайда тиiстi деректердi лицензиялар тiзiлiмiне енгiзедi.
  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы n 214 Заңы iconҚазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы n 214 Заңы
Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., n 2, 10-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 26 қаңтар n 20-21; "ресми газет" 2007 ж.,...
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы n 214 Заңы iconҚазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы n 214 Заңы
Р 2011. 12. 28 N 524-iv заңына сәйкес Заңның бүкіл мәтіні бойынша «бірыңғай тіркеуші», «бірыңғай тіркеушінің» деген сөздер «тіркеуші»,...
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы n 214 Заңы iconҚазақстан Республикасының Заңы
Р 2012 жылғы 13 қаңтардағы №542-iv заңы қара (2015 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы n 214 Заңы iconҚазақстан Республикасының Заңы
Р 2012 жылғы 13 қаңтардағы №542-iv заңы қара (2015 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы n 214 Заңы iconБiлiм туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi n 319 Заңы
Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., n 20, 151-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 15 тамыз n 254-256
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы n 214 Заңы iconБiлiм туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi n 319 Заңы
Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., n 20, 151-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 15 тамыз n 254-256
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы n 214 Заңы iconБiлiм туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi n 319 Заңы
Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., n 20, 151-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 15 тамыз n 254-256
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы n 214 Заңы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы №1112 Қаулысы
«Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңы 6-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы n 214 Заңы iconҚазақстан Республикасының Заңы
Р 2012 жылғы 13 қаңтардағы №542-iv заңы қара (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледі)
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы n 214 Заңы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 маусымдағы №457 Қаулысы «Лицензиялау туралы»
...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница