«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының инновациялық жобалары конкурсын өткізу ережесі Жалпы ережелер




Скачать 50.55 Kb.
Название«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының инновациялық жобалары конкурсын өткізу ережесі Жалпы ережелер
Дата конвертации04.03.2013
Размер50.55 Kb.
ТипКонкурс
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президентінің

2011 жылғы «___»________

№ ____ бұйрығымен бекітілген
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының инновациялық жобалары конкурсын өткізу ережесі


  1. Жалпы ережелер


1. Осы «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының инновациялық жобалары конкурсын өткізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының инновациялық жобалары конкурсын ұйымдастыру және өткізу тәртібін (бұдан әрі – Конкурс) анықтайды.

2. Конкурсты ұйымдастыруды және өткізуді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) жүзеге асырады.

3. Конкурсқа «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары (бұдан әрі – Қатысушы) жасаған жобалар қатыса алады.

4. Конкурсқа қатысуға тапсырысты қабылдау мына кезеңдерде жүргізіледі:

1 қыркүйектен 10 қазанға дейін ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Инновациялық форумға (бұдан әрі – Инновациялық форум) қатысамын деушілерге 2011 жылғы 21-22 қараша Астана қаласында;

2011 жылғы 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін. Конкурс жеңімпаздары 2011 жылғы желтоқсанның басында анықталады. Жеңімпаздарды марапаттау «Болашақ» бағдарламасының үздіктері мен түлектерінің форумында (бұдан әрі – Форум) 2011 жылғы желтоқсанда Астана қаласында өтеді.

5. Конкурс инновациялық зерттеу міндеттерін шешуге қабілетті, білімді және практикалық дағдыларды шығармашылық игеруге қызығушылық танытқан «Болашақ» бағдарламасының неғұрлым дарында стипендиаттарын анықтау, олардың мансаптық бастауларына және кәсіптік өсулеріне ықпал жасау, және сонымен Қазақстанның болашақ интеллектуалды элитасын қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

6. Конкурс міндеттері мыналар болып табылады:

1) Қазақстанның бәсекелестік саясатын қалыптастыру және дамытуда «Болашақ» бағдарламасының неғұрлым дарынды стипендиаттарын ынталандыру және марапаттау арқылы экономикаға және әлеуметтік өмірге қатысу;

2) түрлі салалар мен бағыттар бойынша «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының ғылыми және шығармашылық жұмыстарының банкін (бұдан әрі – Банк) құру.

7. Конкурс мына бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы (экономика, білім, денсаулық сақтау, қаржы, мемлекеттік басқару, халықаралық қатынастар, әлеуметтік ғылымдар, журналистика, құқық);

2) автомобиль жасау;

3) тау-кентас өнеркәсібі;

4) информатика және есептеу техникасы;

5) ақпараттық және желілік технологиялар;

6) жеңіл өнеркәсіп;

7) орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі;

8) материалдар және заттар;

9) машина жасау және металл өңдеу;

10) медицина, фармакология, генетика;

11) металлургия;

12) құрал жасау;

13) баспа қызметі және полиграфия;

14) энергетика;

15) энергияны үнемдеу;

16) мұнай газ ісі;

17) телекоммуникация, байланыс;

18) ауыл шаруашылығы, агрокультура және агротехнология;

19) құрылыс;

20) экология;

21) электроника және электротехника.


  1. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу


8. Конкурс екі кезеңнен тұрады:

1) I кезең: конкурстық құжаттамаларды, қатысушылардың жобаларын қабылдау;

2) II кезең: конкурстық құжаттаманы қарау және қорытынды шығару.

9. Қатысушылар 2011 жылғы 10 қазанға дейін (Инновациялық форумға қатысамын деушілерге) немесе 2011 жылғы 01 қарашаға дейін seitkazin@edu-cip.kz e-mail-іне Конкурсқа қатысу үшін тапсырысты және қолда бар құжаттарды жібереді. Хат тақырыбы: «Инновациялық жобалар конкурсы 1 кезең және тапсырыс».

10. Конкурстық құжаттама құрамына мына құжаттар кіреді:

1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тапсырыс;

2) қажетті құжатты және қажет болған жағдайда электрондық тасымалдағышта жоба демонстрациясын қамтитын инновациялық жобаның сипаты.

11. Инновациялық жобаның сипаты еркін нысанда жасалады, барынша объективті, нақты, қысқа болып, көздеріне сілтемені қамтуы тиіс. Инновациялық жобаның сипатына фотосурет, эскиздер, құжаттардың, көрсету материалдарының, тәжірибелі-конструкторлық үлгінің, патентті құжаттың (ол бар болса) көшірмелері қосымша беріледі.

12. Конкурстық құжаттаманы қарауды құрамына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Қоғамның, «Ұлттық инновациялық қоры» АҚ және «Болашақ» бағдарламасының түлектері қауымдастығының өкілдері кіретін конкурстық комиссия жүзеге асырады.

Конкурстық комиссияның құрамы 5 адамнан кем болмауы тиіс.

13. Конкурстық комиссияның құзыретіне Конкурс жеңімпаздарын анықтау, сондай-ақ конкурс қатысушыларын ұсынылған конкурстық құжаттарда көрсетілген нақты емес мәліметтер анықталған жағдайда оны өткізудің кез келген кезеңінде конкурсқа қатысудан аластату жатады.

14. Инновациялық жобаның күрделі құрылымы болған жағдайда, оны мамандардың бағалауы қажет болса, сараптамалық бағалауға ғылым мен экономиканың тиісті салаларындағы жекелеген сарапшылары тартылуы мүмкін.

15. Конкурстық комиссия І кезең аяқталғаннан кейін 15 күнтізбелік күн ішінде осы ереженің 2-қосымшасына сәйкес инновациялық жобаларды бағалау жүйесіне сәйкес тапсырыстарды бағалауды және іріктеуді аяқтайды.

16. Басымдылық дайын жобаларға және тәжірибелік-конструкторлық үлгісі және/немесе патенттік құжаты бар, дайындықтың жоғары деңгейіндегі жобаларға беріледі.

17. Инновациялық жобалар жиналған балдардың жалпы сомасына қарай сараланады.

18. Форум өткізілгенге дейін кемінде 2 апта бұрын бағалау нәтижелері бойынша Конкурс жеңімпазы анықталатын Конкурстық комиссия отырысы өткізіледі.

19. Конкурстық комиссияның отырысы, егер онда оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып есептеледі.

20. Конкурстық комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді.

21. Конкурс нәтижелері туралы ақпарат Қоғамның ресми сайтында жарияланады.

22. Конкурс аяқталғаннан кейін конкурстық құжат, конкурстық комиссия отырысының хаттамалары Қоғамда сақталады.

23. Барлық жобалау жұмыстары Конкурс өткізілгеннен кейін Қоғам құратын Банкке түседі.



  1. Жеңімпаздарды марапаттау


25. Конкурс жеңімпаздары дипломдармен марапатталады. Конкурс жеңімпаздары Форумның инновациялық жобаларының көрмесіне қатысу үшін ұсынылады.

26. Конкурстық комиссия Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті мемлекеттік органдары енгізу және практикалық пайдалану үшін үздік инновациялық жобаларды ұсынуға құқылы.



  1. Қорытынды ережелер


27. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған жобалар, қосымшалар мен электрондық тасымалдағыштар қайтарылмайды.

28. Қоғам қажет болған жағдайда ақпараттық баспаларда конкурстық жұмыс фрагменттерін пайдалануға, сондай-ақ оларды авторын немесе авторлық ұжымды міндетті түрде көрсете отырып оларды жариялау құқығын өзіне қалдырады.

Похожие:

«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының инновациялық жобалары конкурсын өткізу ережесі Жалпы ережелер icon«Үздік сынып жетекшісі 2010» Қалалық конкурсын өткізу ережесі
«Үздік сынып жетекшісі» қалалық конкурсын ( бұдан әрі Конкурс) қазіргі қоғамдағы тәрбиенің рөлін арттыру, жалпы орта білім беру жүйесіндегі...
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының инновациялық жобалары конкурсын өткізу ережесі Жалпы ережелер iconКонкурсын дайындау және өткізу қағидасы Жалпы ережелер
Астана қаласында ІІІ халықаралық балет әртістерінің конкурсы (бұдан әрі Конкурс) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006...
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының инновациялық жобалары конкурсын өткізу ережесі Жалпы ережелер icon5. 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы ауқымында іске асырылған жобалары
Жүргізілген актуалдандыру қорытындысы бойынша Қазақстанның Индустрияландыру картасына жалпы сомасы 450,2 млрд теңгеге облыстың 33...
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының инновациялық жобалары конкурсын өткізу ережесі Жалпы ережелер iconДенсаулық сақтау саласында аттестаттауды өткізу ережесi Жалпы ережелер Осы Денсаулық сақтау саласында аттестаттауды өткізу ережесі (бұдан әрі Ереже) «Денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Осы Денсаулық сақтау саласында аттестаттауды өткізу ережесі (бұдан әрі Ереже) «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының...
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының инновациялық жобалары конкурсын өткізу ережесі Жалпы ережелер iconҚазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында қазақ тілінен өтетін katev халықаралық қоғамдық қорының V «Жарқын болашақ» олимпиадасын өткізу ережелері
Осы ережелер Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында қазақ тілінен өтетін katev халықаралық...
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының инновациялық жобалары конкурсын өткізу ережесі Жалпы ережелер iconКонкурсын өткізу туралы > Алматы
«Алматы қаласындағы шағын бизнесті көріктендіру жөніндегі үздік аумақ» конкурсын өткізу туралы
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының инновациялық жобалары конкурсын өткізу ережесі Жалпы ережелер icon38 бұйрығына 1-қосымша «Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласында халықты оқыту бойынша үздік маман» республикалық конкурсын өткізу ережесі
Осы Ереже «Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласында халықты оқыту бойынша үздік маман» республикалық конкурсын (бұдан...
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының инновациялық жобалары конкурсын өткізу ережесі Жалпы ережелер iconИнновациялық комитеті туралы ереже жалпы ережелер
Инновациялық комитеті (бұдан әрі Комитет) «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Орталық аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып...
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының инновациялық жобалары конкурсын өткізу ережесі Жалпы ережелер iconРеспубликалық «Тәуелсіздік толғауы» конкурсын өткізудің қағидасы Жалпы ережелер
Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» конкурсын өткізудің қағидасы (бұдан әрі Қағида) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының инновациялық жобалары конкурсын өткізу ережесі Жалпы ережелер icon«Университеттің үздік тобы» байқауының Ережесі Жалпы ережелер

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница