Бұқар жырау ауданының әкімдігінің 2009 жылғы желтоқсандағы № қаулысының негізінде




НазваниеБұқар жырау ауданының әкімдігінің 2009 жылғы желтоқсандағы № қаулысының негізінде
страница1/7
Дата конвертации04.03.2013
Размер0.56 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7
Бұқар жырау ауданының

әкімдігінің 2009 жылғы

желтоқсандағы №

қаулысының негізінде

Бұқар жырау ауданының қаржы бөлімінің

2010 – 2014 жылдарға арналған

Стратегиялық жоспары

Мазмұны





Міндет және кіріспе


3



Ағымдағы жағдайды талдау


3



Стратегиялық бағыттар, қызмет мақсаттары мен міндеттері


5



Функционалдық мүмкіндіктер мен мүмкін болатын тәуекелдер


12



Нормативтік құқықтық актілер


13



Бюджеттік бағдарламалар


15


1. Тарау

Миссия және көкжиек
Тікелей және соңғы нәтижелерге жетуге бағытталған бюджетті атқарудың ашықтығын қамтамасыз ету және коммуаналдық меншікті тиімді басқару.

Қазақстан Республикасының тұрақты және прогрессивті дамушы аймағы ретінде Бұқар жырау ауданының бюджетті атқару, коммуналдық активтерді басқару саласындағы мемлекет саясатын іске асыру бойынша тиімді қызмет ететін жүйе.
2. Тарау

Ағымдағы жағдайды талдау
Ел Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында қазақстандықтардың өмірінің сапасын арттыруға, бәсекеге қабілетті мемлекет құруға бағытталған маңызды стратегиялық міндеттер қатары белгіленген. Мұның өзінде, Қазақстанның әлемдегі мейлінше серпінді дамушы елдер қатарына өту басымдықтарының бірінің шеңберінде қаржыны және мемлекеттік активтерді басқарудың ашық және айқын жүйесін құру қажеттілігі анықталған.

Ел экономикасы өсімнің сапалы сипатын, дағдарыс жағдайындағы тұрақтылықты, өндіру салаларындағыдай, өңдеу салаларында да теңестірілген дамуды, тиімді қызмет ететін инфрақұрылымды және соның нәтижесі ретінде әрбір адамның өмір сүру сапасын арттыруды талап ететін дамудың түбегейлі жаңа кезеңіне қадам басты.

Бірқатар жылдардағы бюджетті атқарудың оң серпіні байқалады.



2005 (101,8%), 2006 (101,2%), 2007 (102,7%), 2008 (101,8%) ылдары облыс бюджеттің болжамды түсімдерін асыра орындау қамтамасыз етілді.

Бюджеттік қаражаттарды игеру 2005 жылы 96,1% болса, 2008 жылы 100%. Бұл кезеңде игеру қарқыны 3,9 пунктке, соның ішінде республикалық бюжеттен алынған нысаналы трансферттер 0,4 пунктке артты.


2006 жылы мемлекет активтерін басқарудың ашық та айқын жүйесін құру бойынша қойылған міндетке байланысты коммуналдық меншікті түгендеу жүргізілді.

Есепке алу жүйесінің толықтығы мен тұтастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін Мемлекеттік кәсіпорындардың және мекемелердің, жарғылық капиталына мемлекеттік қатысы бар заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу жүйесінде коммуналдық заңды тұлғаларды есепке алу жөніндегі база қалыптасты.




Мемлекеттік активтерді басқару саясатына сәйкес мемлекеттік қатысы бар ұйымдарды басқарудың жүйесі оңтайландырылды: басқару функцияларын осы ұйымдардың қызмет салаларына сәйкес салалық мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңы негізінде мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттікті шектеуге байланысты аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) коммуналдық меншігін басқару жөніндегі функциялар аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдіктерінің құзыретінде.

Облыстың мемлекеттік коммуналдық активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан келесі мәселелер өзекті болып қалады:

-коммуналдық меншікті есепке алу жүйесін әрі қарай жетілдіру, оны дер кезінде және сапалы толықтыру;

-шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың, облыстық коммуналдық меншікте тұрған, мемлекеттік қатысы бар ұйымдардың қызметінің тиімділігін арттыру.
3. Тарау

Стратегиялық бағыттар, қызмет мақсаттары мен міндеттері
3.1. Стратегиялық бағыттар

1. Бюджеттің тиімді атқарылуын қамтамасыз ету
Қаржы басқармасының өзекті функциясы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджетті тиімді атқаруын қамтамасыз ету бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіруден тұрады.

Осы стратегиялық бағыттың мақсаты:

түсімдер мен шығыстар бойынша бюджеттік мониторингті жүргізу;

бюджетті атқару мониторингі процесінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен және бюджетке салықтық және өзге де түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті органмен тиімді өзара әрекет ету;

мемлекеттік сатып алу процесін оңтайландыру және тиімділігін арттыру жолымен бюджетті атқару көрсеткіштерін жақсарту.

Конкурстық ортаның жоқтығынан конкурстық рәсімдерді қайталап өткізу жағдайларында бюджетті атқару процесінде міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес міндеттемелер қабылдау бойынша проблемалар туындайды, ол есептік кезеңдегі бюджетті атқаруда кері әсерін тигізеді.

2007-2008 жылдардың 1 тоқсанында қайталама конкурстарды жариялау қажеттілігіне себеп болған (конкурстық ортаның жоқтығы, біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына өтінімдердің сәйкес келмеуі және т. б.) мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастырудың және өткізудің жеткіліксіз деңгейінің себебінен игеру сомасынан үлес салмағы 2 проценттен 70 процентке дейін.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жеңілдету, конкурстық алаңды кеңейту, сыбайластықты төмендету, 2010 жылы бюджеттік қаражаттарды үнемдеу және оларды пайдалануды оңтайландыру мақсатында:

мемлекеттік сатып алу субъектілерінің электрондық сауда-саттық жүйесіне көшуін дайындау;

электрондық форматта баға ұсыныстарын сұрата отырып сатып алу тәсілімен 100 проценттен кем болмайтын сатып алуды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Көрсетілген деңгейге қол жеткізу үшін қажет:

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алымдар» Web –порталында мемлекеттік сатып алымдар туралы мәліметтерді тізімге алу және орналастыру бойынша, облыстық маңыздағы аудандар мен қалалардың атқарушы органдарымен қарым-қатынас

3.2. Стратегиялық бағыт

2. Көрсетілетін қызметтердің сапасын және

қолжетімділігін арттыру
Түсімдер болжамының орындалмау немесе асыра орындалу, уақытылы міндеттемелердің қабылданбау, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдердің жүргізілмеу себептерін анықтау, бюджет түсімдері мен шығыстарының атқарылу болжамдарын жасау мақсатында жүзеге асырылатын бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің стратегиялық жоспарларында айқындалған нәтиженің көрсеткіштері бойынша деректерді тұрақты және жүйелі жинау, бақылап отыру және талдау сапаны арттырудың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігінің негізі болып табылады.

Бұл стратегиялық бағыттың мақсаты – бюджетті атқару, нысаналы трансферттерді іске асыру және бюджеттік кредиттерді игеру процесінің мониторингін жүргізу арқылы бюджетті атқару бөлігінде қызметтердің сапасын арттыру.


3.3. Стратегиялық бағыт.

3. Аудандық коммуналдық меншікті басқару

жүйесінің тиімділігін арттыру
Аудандық коммуналдық меншікті басқару жүйесінің тиімділігін арттыру тиісті есепті болжайды.

Коммуналдық меншік мүлігінің құрамы, оның нақты болуы және жай-күйі жайындағы ақпаратты жаңарту мақсатында аудандық коммуналдық ұйымдардың мүлігін түгендеу бойынша жұмысты жалғастыру қажет.

Түгендеу нәтижесі тиімсіз пайдаланылатын мүлікті өзге де пайдаланушылар арасында қайта бөлу, объектілерді жалға және/немесе бәсекелі ортаға беру жөнінде аудан әкімдігіне кейіннен ұсыныстар енгізе отырып жылжымайтын мүлік объектілерін пайдаланудың тиімділігін талдауға мүмкіндік береді.

Бұқар жырау ауданының қаржы бөлімі қызметінің

стратегиялық бағыттары, мақсаты, міндеттері және көрсеткіштері


Атауы

Өлшем бірлігі

Есептік кезең

Жоспарлы кезең

2008 жыл (есеп)

2009 жыл

(ү.ж. жоспар)

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1. Стратегиялық бағыт Бюджетті тиімді атқаруды қамтамасыз ету

1.1. Мақсаты Бюджеттік қаражаттарды игеру көлемдерін ұлғайту

1.1.1. Нысаналы индикатор Қаражаттарды 100%-тік игерумен бюджеттік бағдарламалардың үлесін ұлғайту

1.1.1.1. Міндеті Жергілікті бюджетті атқару және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мониторингі

Ұзақ мерзімді үрдістердің есебімен жергілікті бюджеттің кіріс бөлігіне түсетін түсімдердің болжамдарын әзірлеу

есеп

12

12

12

12

12

12

12

1.1.1.2. Міндеті Бюджетті атқару мониторингі процесінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен және бюджетке салықтық және өзге де түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті органмен тиімді өзара әрекет ету

Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер бойынша нәтижелерге қол жеткізу

%

99,9

99,9

99,9

99,9

99,9

99,9

99,9

1.1.2. Нысаналы индикатор Игерілген бюджеттік кредиттердің үлес салмағының ұлғаюы

1.1.2.1. Міндеті Бюджеттік кредиттерді пайдалануға жауапты бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен тиімді әрекет ету

Игерілген бюджеттік кредиттердің үлес салмағы

%

100

100

-

-

-

-

-

1.1.3. Нысаналы индикатор Өтелген бюджеттік кредиттердің үлес салмағының 2008 жылы – 0%, 2009 жылы – 100%, 2010 жылы – 100%, 2011 жылы – 100%, 2012 жылы – 100%, 2013 жылы – 100%, 2014 жылы – 100% ұлғаюы

1.1.3.1. Міндеті Бюджеттік кредиттерді қайтару мониторингі

Бұрын республикалық бюджеттен алынған кредиттердің жалпы көлемінен қайтарылған бюджеттік кредиттердің үлесі

%

0

100

100

100

100

100

100

1.2. Мақсаты Бюджетті атқару бойынша заңнамалық актілердің сақталуын қамтамасыз ету

1.2.1. Нысаналы индикатор 2008 жылы – 0%, 2009 жылы – 50%, 2010 жылы – 100%, 2011 жылы – 100%, 2012 жылы – 100%, 2013 жылы – 100%, 2014 жылы – 100%

1.2.1.1. Міндеті Мемлекеттік сатып алудың жалпы көлеміне қарағанда электрондық мемлекеттік сатып алу үлесін арттыру

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жалпы көлемінен электрондық форматта баға сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу көлемі

%

0

50

100

100

100

100

100

2. Стратегиялық бағыт Қызмет көрсетудің сапасын және қолжетімділігін арттыру

2.1. Мақсаты Бюджетті атқару бөлігінде қызмет көрсету сапасын арттыру

2.1.1. Нысаналы индикатор Бюджетті атқару процесін уақытылы және сапалы қамтамасыз ету

2.1.1.1. Міндеті Ұсынылатын қызмет көрсетулердің сапасын жақсарту

Бюджетті атқару, нысаналы трансферттерді іске асыру және бюджеттік кредиттерді игеру процесінің мониторингін жүргізу

есеп

12

12

12

12

12

12

12

3. Стратегиялық бағыт Аудандық коммуналдық меншікті басқару жүйесінің тиімділігін арттыру

3.1. Мақсаты Аудандық коммуналдық меншік мүлігін оңтайлы пайдалану
  1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Бұқар жырау ауданының әкімдігінің 2009 жылғы желтоқсандағы № қаулысының негізінде iconБұқар жырау аудандық Мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы
«Бұқар жырау ауданының селолық округтері мен кенттері бойынша митингілерді, жиналыстарды өткізу үшін орындар белгілеу туралы» №9...
Бұқар жырау ауданының әкімдігінің 2009 жылғы желтоқсандағы № қаулысының негізінде iconБекітемін бұқар жырау ауданының әкімі Е. Нашаров бұқар жырау ауданының әкімі аппаратының
АӨК, селолық аймақтардың дамуы бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша кеңес (В. П. Лавриков)
Бұқар жырау ауданының әкімдігінің 2009 жылғы желтоқсандағы № қаулысының негізінде icon2008 ж. 2008 ж. «БҰҚар жырау ауданының жастары – 2008-2010 Ж. Ж.»
Бұқар жырау ауданының әкімі Аудандық мәслихаттың хатшысы Е. Нашаров А. Жүніспеков
Бұқар жырау ауданының әкімдігінің 2009 жылғы желтоқсандағы № қаулысының негізінде iconБҰҚар жырау ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
...
Бұқар жырау ауданының әкімдігінің 2009 жылғы желтоқсандағы № қаулысының негізінде icon341 кітапхана, 254 клуб үлгісіндегі ұйымдар, 21
Ақтоғай ауданының Жидебай, Бұқар жырау ауданының Алғабас, Жаңаарқа ауданының Атасу станциясында, Қарқаралы ауданының Абыз, Бастал,...
Бұқар жырау ауданының әкімдігінің 2009 жылғы желтоқсандағы № қаулысының негізінде iconҚарағанды облысы 2009 жылдың жартыжылдығы
Ақтөбе, Қаражал, Берлағаш; Шет ауданының Киікті, Ақжал ауылдарының клубтары мемлекеттік жүйеге берілді;Ақтоғай ауданының Жижебай,...
Бұқар жырау ауданының әкімдігінің 2009 жылғы желтоқсандағы № қаулысының негізінде iconБұқар жырау ауданының селолық округтері мен кенттері бойынша митингілерді, жиналыстарды
Республикасы Заңының 10 бабын басшылыққа ала отырып, аудан әкімінің Бұқар жырау ауданы бойынша митингілерді, жиналыстарды өткізу...
Бұқар жырау ауданының әкімдігінің 2009 жылғы желтоқсандағы № қаулысының негізінде iconБұқар жырау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 5 наурыздағы №05/01
Департаментте 2012 жылғы 04 маусымда нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізіліміне 8-11-136 нөмерімен енгізілген
Бұқар жырау ауданының әкімдігінің 2009 жылғы желтоқсандағы № қаулысының негізінде iconБҰҚар жырау ауданының 2012-2016 жылдарғА Әлеуметтік – экономикалық дамуының болжамы ботақара к. – 2011ж. Мазм ұ н ы
Бұқар жырау ауданының 2012-2016 жылдарға әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштер болжамы
Бұқар жырау ауданының әкімдігінің 2009 жылғы желтоқсандағы № қаулысының негізінде iconБұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе
Ауданның 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы «27» тамыздағы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница