Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ инженерлік – техникалық Академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы




НазваниеҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ инженерлік – техникалық Академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
страница3/10
Дата конвертации04.03.2013
Размер1.73 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Басқарушы есеп – шаруашылық қызметтерінің нәтижелері бойынша басқарылатын әрбір объектілердің есептік жүйесі, жоспарлауы, бақылауы мен шығындары туралы мәліметтерді талдауы болып көрінуі, осының негізінде ұзақ және қысқа мерзімді перспективада кәсіпорынның қаржылық қызметінің нәтижесін оптималдандыру мақсатында әр түрлі басқарушылық шешімдері жедел қабылдау.

Барлық жоғарыда келтірілген «басқарушы есептің» анықтамалары таза «есеп» тұрғысынан қарауды негіз етіп санайды, «басқару» термині емес, сондықтан мұнда анық және маңызды ажыратуды жүргізу қажет. Осындай ажыратулар өндірістік пен басқарушы есепке де керек.

Қазіргі кезде басқарушы есеп пәнінің анық анықтамасы жоқ. Бұл мәселені шешу мүлдем қазіргі есеп жүйесін бөлшектеу және оның батыстық үйлестікке ауыстыруды білдірмейді. Ол теориялық та, практикалық та тұрғыда мүмкін емес. Мәселе есеп объектісінің аясын табиғи ұлғайтумен байланысты күрделі өзгерістер төңірегінде өрбиді, қолданыстарға икемділік беру және жаңа есеп әдістемесін енгізу, шаруашылық процестерін басқаруда бухгалтрдің алатын орнын өзгерту.

Басқарушы есеп іс-жүзінде басқару процесін есеп процесімен байланыстырады, өйткені олармен бірдей объектілері бар:

  • субъектінің шаруашылық қызметінің процесінде адамдардың мақсатқа сәйкес еңбегін қамтамасыз ететін өндірістік ресурстар;

  • шаруашылық субъектілердің өндірістік қызметінің жиынтығын құрайтын, шаруашылық процестері және олардың нәтижелері;

Қазіргі кездегі өндірістік есептің негізгі тараулары болып мыналар табылады:

  • Шығындардың түрлері бойынша есебі;

  • Шығындардың шығу орындарына байланысты есебі;

  • Шығындардың иеленушісі (тасымалдаушысы) бойынша есебі.

Шығындардың түрлері бойынша есебі есепті кезеңде өнімді өндіру (жұмыс жасау, қызмет көрсету) процесінде шаруашылық субъектіде қандай шығындар топтарының орын алғанын көрсетеді.

Олардың шығу орындарына байланысты шығындар есебі, қажетіне жұмсалған шығындардың мөлешерін арасында, оларды бөлуге мүмкінді береді.

Тұрақты иеленушілер (тасымалдаушылар) бойынша шығындар есебі қандай да бір нақты өнім бірлігін өндіру немесе белгілі бір тапсырысты орындаумен байланысты барлық шығындарды анықтауды жорамалдайды.

Сөйтіп, тек қана өндірістік есептің аясында өнім бірілігінің өзіндік құнын, оған келетін табыс пен рентабельділік деңгейін есептеудің түседі.

Шаруашылық қызметті басқарудың күрделі және кешенді процесс болып табылатындығына тоқтала жөн.

Басқару талаптарына жауап беретін есеп жүйесі өте күрделі (қиын) және де көптеген процедуралардан тұрады. Оған қоса басқарушы есеп жүйесінің элементтерінің құрамы басқару мақсаттарына тәуелді болып келеді. Бұл арада, жалпы қабылданған қағидаларға, шаруашылық субъектісінде ұйымдастырылған кез келген есептің жүйесі, (оның ішінде басқарушы есепте) жауап керек.

Басқарушы есептің қағидаларының қатарына мыналар жатады: шаруашылық субъектінің үздіәксіз қызметі; жоспарлау мен есептеуде (жоспарлы-есептік) біртұтас өлшем бірлікті пайдалану; шаруашылық бөлімшелерінің қызметінің нәтижесін бағалау; басқару мақсатында алғашқы және аралық ақпараттардың сабақтастығын сақтап және бірнеше рет қайталап пайдалану; басқару деңгейілерінің арасында коммуникациялық байланыстың негізі ретінде ішкі есеп беру көрсеткіштерін қалыптастыру; шығындарды, қаржыны, коммерциялық қызметтерді басқарудың бюджеттік (сметалық) әдісін қолдану; есептің объектілері жнінде толық ақпараттарды камтитын толықтылық пен аналитикалығын арттыру; есептік саясатта белгіленген шаруашылық субъектілердің ндірстік және коммерциялық циклдарын көрсететін мерзімділігі және т.б. осы сияқтылар. Аталған қағидалар жиынтығы басқарушы есеп жүйесінің әрекеттілігін қамтиды, бірақ ол оның есептік процесін үйлестірмейді.

Қаржы мен басқарушы есептері бухгалтерлік есептің өзара тәуелді және өзара уәделескен біртұтас компоненттерін білдіреді. Есептің екі түрін біріктіретін маңызды ерекшелігі болып, олардың ақпараттарды негізінген шешім қабылдау үшін пайдаланады.
Басқарушылық және қаржылық есеп жүиесінің салыстырмалы сипаты.
Нарықтық қатынастар жағдайында қазақстан республикасында шаруашылық жүргізуші субъектілер заңды және экономикалық дербестік алды. Бұл олардың өзіндік және әлеументтік дамыу бағдарламалары мен жоспарын құрыу әрекеттерінен, баға белгілеудегі стратегияны анықтаудан, субъект басшыларының басқарушылық шешімді қабылдауға асқан жауапкершілікпен қарауынан байқалады. Өндірістік қызіметті тиімді басқару үшін жеклеген бөлімшелер мен қызіметтерді белгілі бір ақпараттарымен қамтамасыз ету аса қажет.

Тәжірибе көрсеткендей, күрделі өндірістік құрылымға ие субэект өзінің қызыметіндегі қажылық нәтижелер мен шығындарды оңтайландыруға және орнықты экономикалық және қажылық ақпараттарды жедел алыуға мүқтажАлайда, өндірістік-шаруашылық қызымет дамытыу мен ұиымдастыру бойынша басшылық қабылдаған шешім әрдайым орнықты сспатта жағымсыз нәтижелерге жиі ұрындырады.

Оперативті басқаруға қажетті ақпарат бухалтерлік есептің бірден бір келешегші зор бағытына жататын басқарушылық есеп жүйесінен табылады. Әйтсе де бұл отандық есеп дамуының тіпті де жаңа бағыты емес.ХХ ғасырдың басында бухалтерлік қызметтің фукциясы одан кейінгі жылдарға қарағанда әлде қайда ауқымды болды- бухалтер тек есеппен айналысып қана қойған жоқ, ол, сонымен бірге, жоспарлы-талдамалы жұмыстармен де шұғылданды. Алайда, социалйстік жүйедегі шаруашылықта жоспар және қаржы бөлімдері бөлініп, нәтижесінде бухалтердің қызыметі шаруашылық процесіндегі фактілерді есептік тіркеуге алып отырумен шектеліп қалды.

Қазақстан халықаралық есеп жүйесіне көшкеннен кейін жағдай жақсы жағына өзгеріп, бухгалтерлік- басқарушылық есептің біртүтас жүйесіндегі әдістерді итеграциялауға мүмкіндік алды. Әр түрлі оперативті экономикалық шешімдерді қабылдау үшін менеджерлер мен басшыларға кәсіпорынның өндірістік әрі қаржылық жағдайы туралы шындыққа жанасымды мәліметтер керек.

Бұл бухгалтерлік есеп жүйесінен басқарушылық есепті элемент ретінде бөліп қрастыруға мүмкіндік тудырды.

Америкалық бухгалтер ассоциациясының берген анықтамасы бойынша, бухгалтерлік есеп- бұл ақпараттарды, есептеулерді және көрсеткіштер бағасын сәйкестендіру процесі, бұл ақпараттар көрсеткіштерін өңдеу, негіздеу және шешім қабылдау пайдаланыу. Ал, бақарушылық есеп- бұл басқаруда шешім қабылдауға, жоспарлауға, бақылауға және қызыметті реттеуге көмектесетін ақпарттармен қамтамасыз етіу жүйесі. Оған басқарушылық қызыметкердің өз қызыметін орындауына аса қажетті анықтау, өлшеу, жинау, талдау, әзірлеу, түсіндіру, ақпаратты тапсыру және қабылдау жатады. Ол реттеудің жүйесі мен және саласы болып табылады.

Есеп беруді жасау және оның сыртқы көрсеткіштерін ұсыныу қаржылық есептің айырықша құқы болып табылады.

Бухгалтерлік есеп қаржылық ақпараттың сипаты және көлеміне байланысты. Субъект оны әр түрлі категорриядағы адамдарға, мысалы, кредит беретін инвестицияны жүзеге асырушыға немесе қызметті бірігіп жүргізуге пайдалануға береді.
Шешімдер қабылдаудағы басқару есебінің ролі.

Нарық жағдайында кәсіпорынның шаруашылқ механизмін талдау өндірістің экономикалық тиімділігіне, оның зиянсыздығына, талдау өндірістің экономикалық тиімділігіне, оның зиянсыздығына, табыстылығына, яғни оған: баға мен сұраныс; өндіру көлемі мен өнімді өткізу; кәсіпорынның тұрақты шығындары; өнім бірлігіне есептелген айнымалы шығындардың үлесі шешуші әсер ететінін көрсетеді. Бұл кезде кәсіпорынның тұрақты шығындары мен өнімнің бірлігіне шаққан айнымалы шығындар кәсіпорынның экономикалық тиімділігіен мүлде әр түрлі әсер етуі мүмкін. Сондықтан кәсіпорынды тиімді және ұтымды басқару шаруашылық субъектілерінде жүргізілетін есептің жүйесіне тәуелді болып келеді.

Басқарушы есепті бүгінде бизнестің бір бөлігі ретінде қабылдауға болады, бірақ осы жөнінде бухгалтерияның бухгалтерлері мен қызметкерлері шексіз шарасыздықты танытып отыр. Үкімет пен орталық жоспарлаушы органдар үнемі бухгалетрлік есепті жүргізудің тәртібін белгілеп отырды.

Бухгалетер ақпарат беретін бірыңғай апараттың қызметкері ретінде қарастырылды. Олар басқару шешімдерін қабылдауға өте сирек қатыстырылды. Бірақ, бизнестің нарыққа бағытталған тұсында бухгалтерлер өздерінің жауапкершілігінің аймағының өскенін сезді және басқарушы есеп оған өте жақын қызмет етушіжүйе ретінде танылды.

Бәрімізге белгілі, бақарушы есеп қолданыстағы тұжырымдамаға сәйкес – бұл сапалы жаңа құбылыс, ол бухгалетрлік есептің бір бөлігі ретінде (бірақ, бұл арада қаржы есебінің жетекші ролі сақаталады,) жедел-экономикалық талдау элементтерін, сондай-ақ болашақ оқиғаларды болжау сияқты ресурстарды бақалаудың синтездік нәтижесін қамтиды.

Нарықтық қатынастардың құрылымында, сондай-ақ оларды реттеу механизмінде басқарушы есеп маңызды ролт атқарады. Ол – нарықты қатынатардың ажырамас бөлігі және бір мезгілде экономикалық саясатты жүзеге асырудың маңызды құралы. Міне, сондықтан, бүгінгі таңда бақсарушы есептің табиғатын, тереңірек олардың функционалдық ерекшеліктерін түсінуді, олардың ішінен кәсіпорынды тиімді бақсару мүддесіне толық сай укелетін әдістерін көре білу қажет.

Осыдан келіп, біздің пайымдалыуымызша, өндірісті бақару жүйесінде басқарушы есептің атқаратын ролі ең алдымен «бақарушылық шешімдері жаау» мәселесін шешумен анықталады,, бірақта бұл үшін бір мезгілде, өндірісті басқаруда жақсы жағдайы болу үшін, екі бапты бірден түсіну керек:

Бірінші бабы мынадай бақсару элементтерінен тұрады:

а) мәселесінің қойылуы (ақпарат жинау, басқарудың синтездеу, жоспар құру шешім қабылдау, яғни бақаша айтқанда бұлардың барлығы инновациялық жәрдем беруді білдіреді);

б) қойылған мәселелерді жүзеге асыруға басшылық ету (ұйымдастыру, мәліметтер алмасу, дәйектеу, шаруашылық субъектінің бағыты бойынша кеңестер беру, яғни басқаша айтқанда бұл, біріншеден, бірінші бағыттың бастапқы екі элементін бір тұтас біүгінге үйлестіруді, екіншіден, қол астындағылардың оқыту және оларды даярлауды білдіреді);

в) нәтижелерді өлшеу (бақылау, бағалау).

Екінші бабы басқарушы есептің техникалық жақтарымен байланысты, ал егер дәлірек айтсақ, күрделі (капиталдық) жұмсалымдардың сметаларын жасау және олардың өтелімін анықтау, смета-жоспарларын, (нормаларын) құру, запастарды бақару және т.б.

Демек, бақарушы есептің ролі – бұл екі бапты үйлестіру немесе өндірісті басқарудың барлық шешуші элементтерін, бизнесті ірі жетістікке жетуге бағышталған бір бүтінге айналдыру.

Сонымен қатар, шаруашылық субъектіні тиімді басқаруда, яғни жоғарыда баяндалған мәселелерді жету үшін, басқарушы есептің өзіндік проблемалары да жеткілікті. Сондықтан бұл параграфта басқарушы есептің роліне басты назарды аударамыз, өйткені бұл дұрыс шешім қабылдау үшін, жалпы және жедел бақшылықты жүзеге асыратын менеджерлердің қажеттіліктеріне сай келеді, ал қаржылық менеджменттегі қаржының қызметі, сондай-ақ қаржылық есепте өз бетінше дербес зерттеуді қажет етеді.

Яғни, болашақта кәсіпорынды тиімді басқару мақсатында, оның қаржылық жадайын талдау, есеп беруді жасау және ағымдағы есепті қамту қызметтерін біріктіретін бухгалтерияның ролін түбегейлі өзгертуге тура келеді. Бұл, біріншіден, нарық жағдайында меншік құрылымының өзгерісін түсіндіреді және мемлекеттік меншік сол меншіктің бір ғана түрі; шаруашылық субъектісінің қызметінің нәтижесіне көптеген мүдделі жаңа меншік иелері пайда болады, өйткені оған олар өз қаржысын жұмсайды. Екіншіден, шаруашлықы субъектісіне қажетті қарджылы және бәсекелестік күресте жеңіске жету үшін басқарушылық шешімдерін іздеуге мәжбүр болады. Осы мақсатта нарықтық коньюктураны зерттейді, өзінің қызметін өз бетінше дербес жоспарлайды, жабдықтаушылар мен сатып алушыларды табады, бағаны белгілейді және т.б. Үшіншіден, бюджеттік қаржыландыру мен мемелекеттік несиелендіру көп жағдайда шаруашылық субъектісінің қаржыландыру көзі болып табыла бермейді. Олар қаржылдандырудың басқа да көздерін іздестіреді. Сондықтан шаруашылық субъектісі бәсекелестік күреске тек сатып алушылар мен өткізу нарығы үшін ғана енбейді, сонымен қатар коммерциялық банктердің несиелері үшін, басқа да потенциалды инвесторлардың қаражаттарын тарату үшін де енеді.
Өзін тексеру сұрақтары:

  1. Басқару есебінің мағынасы, оның мәні, мақсаттары және міндеттері.

  2. Бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушылар.

  3. Басқару және қаржылық есеп жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы: қойылатын талаптар, ақпараттардың анықтылығы, есеп көлемі, қорытынды есепті тапсыру жиілігі.

  4. Басқарудағы өндірістік есеп және оның маңызы. Өндірістік есептің мәні, мақсаттары және міндеттері.



2

2-Тақырып Басқару есебіндегі шығындардың жіктелуі

1. Шығындар және шығыстар жайлы түсінік

2. Қорды бағалау үшін шығындардың жіктелуі

3. Шешім қабылдау үшін шығындардың жіктелуі

4. Бақылау мен жоспарлау үшін шығындардың жіктелуі





Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру

Кәсіпорын — түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан (негізгі, көмекші, қосымша, косалқы және эксперименттік) тұратын күрделі механизм.

Кәсіпорынның жекелеген өндірістік буындары бойынша жоспарлау және шығындарды есепке алу мақсатында өндірілетін өнімнің атқаратын қызметіне қарай барлық өндірістер негізгі және қосымша өндірістер болып екіге бөлінеді.

Негізгі өндіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай-ақ өнімді сатуға және зауыт ішінде тұтынуға (желілік, ұсталық, престеу — машина жасау зауыттарында) арналған шалафабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады.

Көмекші өндіріс негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді (жөндеу-механикалық және аспаптық цехтар, электр-көліктік, сумен жабдықтау және т.б.).

Қосымша цехтар (макта қалдықтарынан тазартылған мақта өндіру жөніндегі цехтар) негізгі өндіріс қалдықтарын кәдеге жаратуға септігін тигізеді.

Қосалқы цехтар (ыдыстар мен буып-түю материалдарын дайындаумен айналысатын цехтар) негізгі материалдардан емес, бірақ негізгі және көмекші өндірістерде пайдаланатын материалдардан өнім өндіреді.

Эксперименттік (тәжірибелік) цехтар тәжірибелік үлгілерді дайындайды және түрлі эксперименттік жұмыстарды атқарады.

Бұдан басқа кәсіпорында қызмет көрсететін өндірістер мен кәсіпорын ұжымының тұрмыстық қажеттілігін канағаттандыратын шаруашылықтар (тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, моншалар, кір жуатын орындар) болады. Бұл кәсіпорындар өнімді дайындауға, сондай-ақ басқа да тарапта жұмыстарды атқаруға немесе қызмет көрсетуге өз септігін тигізеді.

Өндірістік есепті дүрыс ұйымдастырдың кез-келген кәсіпорын үшін маңызы зор.

Өндірістің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру көбіне өндірістің тұрпатына (типіне) байланысты болады. Өндіріс жеке-дара, сериялық және жаппай өндіріс болып үш топқа (тұрпатқа) бөлінеді.

Жеке-дара (жекелеген) өндіріс — өнім жекелеген даналарымен немесе қайталанып отыратын шағын тапсырыстарымен дайындалатын өндіріс. Бұл ауыр машина жасауға, кеме жасауға, бірегей станоктар мен турбиналарды өндіруге тән. Оның мынадай ерекшеліктері бар: ондағы цехтар нақты бір салаға мамандандырылмайды; субъект пен цехтардың өндіріс бағдарламасында бұйымдар мен олардың бөлімдерінің көп мөлшерде болуымен ерекшелінеді; дайындық-қорытындылау жұмыстарына кететін шығындардың деңгейі салыстырмалы жағдайда алғанда біршама үлкен болады; өндірістің басқа да тұрпаттарына қарағанда өндірістік цикл ұзақ болып келеді. Жеке-дара өндірісте, әдетте, шығындарды есепке алу үшін және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін тапсырыстық әдіс колданылады, бұл орайда шығындар әрбір бұйым (тапсырыс) бойынша есепке алынады.

Сериялық өндіріс біркелкі бұйымдарды дайындап шығарудың оқтын-оқтын қайталанып отыруымен сипатталады және оған мынадай ерекшеліктер тән: шығарылатын өнім номенклатурасынын шектеулілігі; жұмыс орындарының салыстырмалы түрде алғанда кең мамандануы; мамандандырылған машиналардың, аспаптар мен қондырғыларының қолданылуының шектеулілігі. Сериялық өндіріс машина жасау өнеркәсібінде және металл өңдеуде неғұрлым кең тараған. Бұл кәсіпорындарда өнімнің шығарылуын есепке алу сериялы бұйымдарға тән етіп қолданылады, бірақ ол бұйымдарды кұрастыратын партияларға қолданылмайды.

Сериялардың көлеміне қарай өндірістер мынадай үш түрге бөлінеді: ірі сериялық өндіріс (өнім жыл бойы үздіксіз дайындалады), сериялык, (мамандану анағұрлым тар, ал өндірістік желілер мен цехтар бойынша және технологиялық жағынан мамандырылған), ұсақ сериялық өндіріс (жекелеген өндірістен ұсақ сериямен өнім шығаруға арналған).

Сериялық өндірісте шығынды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік немесе қайта жасау әдістерін қолданады.

Жаппай өндіріс ұзак уақыт бойы бірдей өнімді үздіксіз шығаратын өндіріс тұрпаты (типі). Шығарылатын өнімдердің ассортименті (түрлері) көп болмағанымен олардың шығарылатын мөлшері айтарлықтай көп болуы мүмкін, белгілі бір салаға ынғайланған жабдыктардың жоғары деңгейі және өндірістің жұмыс ырғағының жоғары болуы өндірістің осы тұрпатына тән белгілер болып табылады. Бұл арада әдеттегідей өнімнің және оның негізгі элементтерінің өзіндік құнын есепке алудың және калькуляциялаудың нормативтік әдісі қолданылады.

Өндірісті ұйымдастыру типі (тұрпаты) тек шығындарды есепке алуға және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауға ғана әсер етіп қоймайды, сонымен бірге бастапқы есепті ұйымдастыруға, талдамалық есепке де әсер етеді. Мәселен, ірі сериялық және жаппай өндірістерде шығарылатын өнім мен жалақы ауысым (смена) ішінде өндірілген өнім рапорттарына, ал жеке-дара және ұсақ сериялық өндірістерде - жасалған жұмыстар нарядтарымен үйлесімде көбіне маршруттық парақтарына жазылады.

Кез келген өнімді өндіру, жұмыстарды атқару және қызмет көрсету белгілі бір шығындармен байланысты, ондай есеп мынаны қамтамасыз етуі керек: жалпы өнім көлемін, әрбір өнім түрлерінің нақты өзіндік құнын есептеу (калькуляциялау), қызмет көрсету, жұмысты орындау, өндірілген өнімнің нақты шығысын толық, дер кезінде және шынайы көрсету, сондай-ақ жалпы бизнесті ұйымдастыру және басқарушылық шешімді қабылдау мен жоспарлау үшін ақпараттарды жинау және бақылауды көздейді.

Шешімді қабылдау үшін ақпараттарды жинаған кезде белгілі бір шешім типтерін қабылдау үшін белгілі бір шығын түрлері маңызды болуы, ал кейбіреулері үшін сол шығындар ескерілмеуі мүмкін. Шын мәнінде, өндірістік шығындар көптеген белгілері бойынша жіктелуі мүмкін:

  • шығындардың туындайтын (пайда болатын) орындары (өндірістер,цехтар,учаскелер) бойынша; өндіріс тізбесі (соның ішінде өңдеуі) бойынша, ал олар шығындарды есепке алу мен жоспарлау кезінде субъектінің есеп саясатында анықталғандай етіп бөлінеді;

  • қызметтер, жұмыстар және өнім түрлері бойынша; өндіріс шығындары жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнына немесе біртектес өнім топтарына енеді;

  • шығыңдар өнімнің өзіндік құнына ену тәсілі бойынша; тікелей - өнімнің өзіндік кұнына тікелей жатқызылатын, яғни жекелеген өнім түрлерін өндірумен байланысты болып; жанама - өнімнің өзіндік құнына таратылып бөлінетін, яғни бірнеше өнім түрлерін өндірумен байланысты болып бөлінеді;

  • өндіріс шығындары өнімнің көлеміне қатысты екіге бөлінеді: айнымалы-шығарылған өнімнің көлемі өзгеруімен шығынның да өсуі немесе азаюы мүмкін (негізгі материалдар мен шикі заттың шығысы, технологиялық энергия мен отын, өндіріс жұмысшыларының жалақысы және т.б.); тұрақты - өнімнің шығару көлемі өзгерген кезде, деңгейі өзгермейтін шығындар (өндіріс ғимараттарын жарықтандыру мен жылытуға кеткен шығыстар, негізгі құралдардың амортизациясы);

  • шығыстар түрі бойынша (баптары және элементтері бойынша); экономикалық элементтер бойынша шығындарға: материалдық шығындар; еңбек ақы шығындары; еңбек ақыдан аударылатын аударымдар; негізгі құралдардың амортизациясы (тозуы); басқа да шығыстар кіреді.

Шығындар басқару қызметі (функциясы) бойынша:

  • өндірістік (өндіріс процесінің барысында пайда болады);
    - коммерциялық (сатумен байланысты);

  • әкімшілік (басқару процесімен байланысты).

Коммерциялық және әкімшілік шығыстар кезең шығыстарына жатады, ал олар өндірістік калькуляциялауды есептеудің негізі болып табылады.

Өндіріс шығындарын есепке алу үшін шоттардың кешенді жүйесі пайдаланады, оған "Негізгі өндіріс", "Көмекші өндіріс", "Үстеме шығындар" бөлімшелерінің шоттары кіреді.

Шығындарды және өнімнің шығарылуын есепке алу мен бақылау жасауды қамтамасыз ету үшін мынадай есеп регистрлері пайдаланылады:

Ай соңында бухгалтерия өндіріс шығындарын жинақтауды жүзеге асырады.

"Цехтар бойынша шығындар" ведомосына жазу үшін мыналар негіз болып табылады:

  • "Материалдар (жалақы) шығындарын бөлу (тарату)" кестесін әзірлеу, онда шикізат, материалдар, сатып алынған шалафабрикаттар және өндірістің басқа да материалдық запастары көрсетіледі ("Материалдар" бөлімшесі шоттарының кредиті); өндіріс персоналдарына төленген еңбек ақы шығыстары ("Персоналдармен еңбек ақы бойынша есеп айырысу" шотының кредиті); еңбек ақыдан аударылатын аударымдар;

  • "Негізгі құрал-жабдықтар амортизациясының (тозуының) есебі" кестесін әзірлеу, онда өндіріс шығындарына енгізілуге тиісті негізгі құрал-жабдықтар амортизациясының сомасы көрсетіледі ("Негізгі құрал- жабдықтардың тозуы" бөлімшесі шоттарының кредиті);

-"Материалдық емес активтер амортизациясының есебінің" кестесін әзірлеу, онда өндіріс шығындарына енгізілуге жататын амортизацияның сомасы көрсетіледі ("Материалдық емес активтердің амортизациясы" бөлімшесі шоттарының кредиті);

- "Көмекші (қызмет көрсетуші) өндірістер мен шаруашылықтардың көрсеткен қызметтерін бөлу" кестесін әзірлеу, онда өндірістер мен шаруашылықтардың өнім өндіруге, жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге жұмсалған шығындары көрсетіледі.

Өндіріс шығындарының талдамалык (аналитикалық) есебі калькуляция (есеп) объектілерінің және цехтар мен өндірістер бойынша шығын баптарының белгіленген номенклатурасы бойынша калькуляциялық (көпжазбалык) карточкаларда немесе ведомостарда жүргізіледі.

Өндіріске жұмсалған шығындарды олардың құжаттары бойынша қандай калькуляциялау объектісіне жататындығын белгілеу үшін, есеп объектілерін, шығын баптарын кодтайды және үстеме шығыстарьн ажыратады. Ал бұл үстеме шығыстарды баптары бойынша және шығындарды калькуляциялау объектілері бойынша дұрыс топтастыруға мүмкіндік береді.

Орташа және ірі кәсіпорындарда өндіріс шығындарын есепке алу және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін кәсіпорынның бухгалтериясы құрамында, біртұтас болып келетін екі бухгалтерия, яғни каржылық және басқару бухгалтериясы болуы мүмкін.

Қаржылық бухгалтерия шоттардың бас жоспарының 10-70-бөлімшелеріне енетін шоттарын жүргізіп, есептің Бас кітабын, кәсіпорынның балансын және қаржылық есеп беруін жасайды.

Басқару бухгалтериясы шоттардың Бас жоспарының 80-бөлімшелеріне енетін шоттарды пайдаланады. Ол өндіріс шығындары туралы ақпаратты қорытып, өзіндік құнды калькуляциялайды, өндіріс шығындарының нормалары мен нормативтерін талдап және олардың орындалуын бақылайды, өндірістегі шалафабрикаттардың қозғалысын есепке алады, есептің бүкіл көлемінің нормативтік, жоспарлық және талдамалық жұмыстарын атқарады. Басқару бухгалтериясы жабық (кұпия) болып келеді. Бұл өз билігінде қандайда болмасын бір "ноу-хауды" және өндірісті басқарудың озық деңгейін ұйымдастыруды, "жаңалықтарды" өз бәсекелестері өздерінен бұрын пайдаланып кетпеуін қамтамасыз етеді. Сондықтан басқару бухгалтериясы ақпаратының сыртқы тұтынушылар үшін ғана емес, сонымен бірге осы кәсіпорынның қызметкерлері үшін де "жабық" болуы мүмкін.

Кәсіпорынның қаржылық бухгалтериясында аяқталмаған өндірісті есептеу үшін "Негізгі өндіріс", "Өз өндірісінің шалафабрикаттары", "Көмекші өндіріс", "Басқа да" шоттары пайдаланылады.Бұл шоттардағы топтастыру транзиттік болып табылады, онда бір-екі күнде аяқталмаған өндіріс қалдығы есептеліп, яғни есептік кезеңнің соңында өндірістік бухгалтериядан қаржылық бухгалтерияға беріледі, содан соң келесі жылдың басында қайтадан каржылық бухгалтериядан өндіріс бухгалтериясына беріледі.

Өндіріске кеткен шығындарды есептеуге арналған шоттардың бөлімшесі бір шолушы және бірнеше "транзиттік" шоттардан тұрады, онда олардың мазмұны, пайда болған орындары және басқа да белгілері бойынша шығындар топтастырылады.

"Транзиттік" шоттарда көрсетілген ақпараттар накты жасалған шығындар туралы белгілі бір ақпараттардың бөлігін көрсетеді, оны шолып (белгіленген қағидалар мен ережелерді пайдалана отырып), шығарылған өнімнің нақты өндірістік өндірістік құны туралы мәліметтерді алуға болады, сондай-ақ өнім бірлігі де есептелінеді. Әрбір бөлімше өз кезегі бойынша үш категорияға бөлінеді:

  • шығындарға кеткен тікелей материалдар;

  • шығындарға кеткен тікелей жұмыс кұші;

  • үстеме шығыстар.

Тікелей шығыстарға кеткен материалдар соңғы өнімнің құрамына (яғни, оның кұнына) басқа да шығындарымен қатар қосылады, Мысалға, автомобиль өндірісі үшін болат немесе жиһаз өндірісі үшін ағаш негізгі материалдар болып табылады.

Жұмыс күшіне жұмсалған тікелей шығындар - бұл өнімді әзірлеуге тікелей катысқан өндіріс жұмысшыларына есептелген еңбек ақысы (еңбек ақыдан аударылатын аударымдарды қоса есептегенде) болып табылады.

Мысалы, толассыз өндірісте жұмыс істейтін оператордың немесе металл өндеуші станокта істейтін жұмысшының еңбек ақысы т.б. осы сияқты тікелей еңбек ақылары жатады.

Қызмет көрсететін цех жұмысшыларының еңбек ақысы тікелей еңбек ақы болып табылмайды, ал олар үстеме шығысқа жатқызылады.

Үстеме шығыстар өндіріске кеткен барлық шығындардан тікелей шығындарды (тікелей материалдар шығындары мен өндіріс жұмысшыларының еңбек акысы) шегеріп тастағаннан шығады. Одан баска, үстеме шығыстардың қатарына: амортизация шығыстары, жал ақысы, сақтандыру жарнасы, тұрғын-үй кызметі, жарықтандыру және басқа да себептердің салдарынан өндірістің уакытша тоқтап қалуының шығыстары т.б. жатады.

Жалпы алғанда, өндіріс есебін төрт негізгі кезеңге бөлуге болады.

  • өндіріс түрлері бойынша "транзиттік" шоттарда субъекттің есепті кезеңнің барысында тікелей шығыстар туралы ақпараттарға шолу жасалады (негізгі, көмекші т.б- өндірістері бойынша).

  • "Үстеме шығыстардын" шоттары бойынша субъекттің үстеме шығыстары жинақталып, олардың жалпы деңгейі туралы ақпараттар беріледі;

- үстеме шығыстарын белгіленген тәсіл (шаруашылык жүргізуші субъекттің есептік саясатында қаралған әдісі) бойынша негізгі, көмекші өндірістерге таратады;

-"Транзиттік" шоттардағы жинақталған шығыстарды дайын өнім шотына есептен шығарып, дайын өнімнің нақты өзіндік құны қалыптасады, сондай-ақ аяқталмаған өндірістің де үлесі анықталып, тиесілі саласына жатқызылады.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Похожие:

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ инженерлік – техникалық Академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
ОӘК Қазақ инженерлік- техникалық академиясының оқу- әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ инженерлік – техникалық Академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
ОӘК Қазақ инженерлік- техникалық академиясының оқу- әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ инженерлік – техникалық Академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
ОӘК Қазақ инженерлік- техникалық академиясының оқу- әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ инженерлік – техникалық Академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
ОӘК Қазақ инженерлік- техникалық академиясының оқу- әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ инженерлік – техникалық Академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
ОӘК Қазақ инженерлік- техникалық академиясының оқу- әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ инженерлік – техникалық Академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік-техникалық академиясы «БАҒалау және бизнес» кафедрасы
«050908 Бағалау» мамандықтарына Мемлекеттік Білім Стандарттарына сәйкес және Білім және Ғылым Министрлігі жанындағы 06. 06. 2006...
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ инженерлік – техникалық Академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ инженерлік – техникалық Академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
Жуматаева Бақытжамал Әшімқызы, аға оқытушы, «Құрылыстағы бухгалтерлік есеп» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ инженерлік – техникалық Академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ инженерлік – техникалық Академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
«Жерді бағалау және жер кадастры» оқу-әдістемелік кешен оқу жоспары мен пәннің талаптарына сәйкес құрастырылған және пәнді оқып білуге...
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ инженерлік – техникалық Академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
Бұл бағдарлама «Маркетинг» пәнін оқитын экономикалық мамандықтардың студенттері үшін бастапқы бастауышы болып табылады
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ инженерлік – техникалық Академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
СОӨЖ және сож тапсырмалар жүйесінің мақсаты, білімді жетілдіру және нақты талдау жасау, тариха және қазіргі кездегі жағдайларды,...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница