Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ инженерлік – техникалық Академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы




НазваниеҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ инженерлік – техникалық Академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
страница5/10
Дата конвертации04.03.2013
Размер1.73 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Өнімнің өзіндік құн есебі мен калькуляциялаудың нормативтік әдісі
Нормативтік әдісті өңдеу өнеркәсіптері әр түрлі және күрделі өнімдерді жаппай және сериямен өндіретін кәсіпорындар қолданады.

Нормативтік әдістің міндеттеріне мыналар жатады:

• шаруашылықтагы материал, еңбек, қаржы ресурстарының ұтымсыз шығындалуын уақтылы ескерту;

• өндірістегі резервтер мен нәтижелерді анықтауға жәрдемдесу.

Әдістің негізінде өнім, жұмыс, қызмет бірлігіне жұмыс уақыты, материалдық және ақша ресурстары шығынының есептік көлемін техникалық жағынан негіздеу жатады.

Нормативтік есеп әдісі операциялар, процестер, объектілер бойынша нормативтік шығынды өндіріс негізінде олардың ауытқуын шамалаумен алдын ала анықтауды ұйғарады.

Бухгалтер бұл әдісті қолдана отырып, нормативтік өзіндік құн мен одан ауытқуды анықтау ісімен шұғылданады. Нормативтік есеп әдісінің негізгі принциптері мыналар:

1. Кәсіпорын қолданысындағы норма мен сметаның негізінде әр бұйым бойынша өзіндік құнның нормативтік калькуляциясын алдын ала жасау.

Бұл принцип бастапқы технологиялық, конструкторлық, қаржылық және әкімшілік құжаттары негізінде есептелетін нормативтік, сметалық (бюджеттік) көрсеткіштерін қамтитын нормативтік базасы бар кәсіпорында ғана жүзеге асырылуы және басқарудың әр түрлі қажеттіліктеріне пайдаланылуы мүмкін: өндірістік және коммерциялық процеске кететін шығынның нормативтік сомасын анықтау, өндірістегі және шаруашылық мақсаттарына материалдық, отын-энергия ресурстарын босатуды, еңбекақы қорының есеп айырысуын, қызметкерлердін санын, басқару аппаратының шығын сметасын, бағаны босату жобаларын және т.б. шектеу.

2. Нормативтік өзіндік құнды түзетуге арналған бір ай ішіндегі норма есебі, норманың өзгеруіне себепші болған бұл өзгерістердің өнімнің өзіндік құнына және шаралардың тиімділігіне әсерін анықтау.

3. Норма және нормадан ауытқу бойынша шығындарға бөлетін бір ай ішіндегі нақты шығын есебі.

4. Сондай-ақ олардың пайда болған орны бойынша нормадан ауытқу себептерін талдау.

5. Нормадан ауытқуды және норманың өзгеруін, нормативтік өзіндік құнның сомасы ретінде шығарылған өнімнің нақты өзіндік құнын анықтау.

Нормативтік шығын есебінің жүйесі кеңінен қолданылады, сондықтан ол әр түрлі мақсаттардың нағыз өзіне арналған шығындар туралы деректермен қамтамасыз етеді. Нормативтік шығын есебі жүйесінің негізгі мақсаттары мыналар:

• сметаны жасауда және басқару тиімділігін бағалауда көмектесу;

• жоспармен үйлеспейтін (келіспейтін) операцияларды анықтауға бағытталған бақылау сызбасын яғни схемасын жасау. Бұл схема менеджерлерге түзетудің мүмкін шараларын керек ететін ұнамсыз ахуалдардың пайда болғаны туралы ескертуі қажет;

• шешім қабылдауға пайдаланылатын болашақта болатын шығынды болжау;

• тауарлы-материалдық құндылықтар қорын бағалау мақсатында түпкілікті өнімге шығынды көшіру міндетін оңайлату;

• қол жеткізуге аса қажетті мақсаттарды белгілеу.

Әрбір тармаққа жеке тоқталайық.

Нормативтік әдіс бойынша жұмысты ұйымдастыру табыс табумен байланысты материал, еңбекақы және басқа "шығындарды анықтау мақсатындағы технологиялық және нормативтік картаны жасаудан басталады. Нормативтік картаның негізінде өнім бірлігінің нормативтік өзіндік құны көрсетілген нормативтік калькуляция жасалады. Ол қолданыстағы өндіріс технологиясынан, уақыт нормасынан, еңбекақыны бағалаудан, жөнелтпе құжат шығындарының тоқсандық сметасында бекітілген материалдар мен сатымдық жартылай дайындалған өнімнің қолданыстағы бағасына ықпал ететін бастаулық жиынды (черновой массы), таза жиыны (чистый массы) мен қалдықтарын қоса көрсететін материалдар мен сатымдық жартылай дайындалған өнім шығындарының нормасынан жасалады.

Үдемелі нормалар мен нормативтер - шығынға қарсы механизмнің маңызды элементі, өндіріс тиімділігін арттырудың өнімнің өзіндік құнын жоспарлауды, есебі және калькуляциялауды жетілдірудің бірден-бір шарты.

Норма - бұл нақты еңбек пәні шығынының және технологиялық процестін, әр түрлі операцияларына кететін жұмыс уақыты шығынының немесе өнім дайындаумен байланысты еңбек құралын функциялау шығынының белгілі бір шекке дейін болатын абсолютті шамасы.

Нормативтер, мысалы, металды пайдалану коэффициентін, жабдық жұмысының тәртіптемесін сипаттайтын салыстырмалы шама.

Техникалық-экономикалық норманы және нормативті әзірлеу өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың құрамдас бөлігі болып табылады.

Нормативтік шығын дегеніміз, әдетте дайын өнім бірлігі есебінде көрініс табатын алдын ала мұқиат анықталған нақты іс жүзіндегі шығынды білдіреді. Оған өндірістік шығынның барлық үш элементі кіреді - тікелей материалдық шығын, тікелей еңбек шығыны және жалпы өндірістік шығын.

Өндіріске өнім материалы белгіленген қатаң шектеумен беріледі. Материалды босатуды шектеу материалдық қолданыстағы үдемелі шығын нормасы, айдың басында цех шығындамаған материал қалдықтары қоса есептелетін өндірістік бағдарлама көлемі негізінде мақсатты тәртіппен жүзеге асырылады. Белгіленген шектеуден тыс материал босатуды құжаттау мұндай материал босатуға қажеттілік туғызған, яғни мәжбүрлігі себепті талдауды және оперативті бақылауды қамтамасыз етуі керек.

Шығын есебі айдың басындағы қолданыстағы норманы және осы нормадан ауытқуды жеке жүргізуде себептер мен кінәлілер бойынша қолданыстағы нормадан ауытқудың пайда болу сәтін ескеруге мүмкіндік береді, бұл үшін арнайы код әзірленеді. Нормадан нақты шығынның ауытқуы өнім түрлері мен шығын баптары бойынша ескеріледі, ал олардың иесіздік есебі барысында (а при их обезличенном учете) ауытқу сомасы калькуляция баптары бойынша нормативтік шығындарға жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құндарын үйлесімділікпен (пропорционал) бөлуді білдіреді.

Әр түрлі себептерден болатын нормадан ауытқуды оған себепші болған кінәлілерді және оның себебі қоса көрсетіліп ең бастапқы құжаттармен (сигнальными документами) ресімделеді.

Нормадан ауытқу есебі жабдықтың, шикізаттың, материалдық техникалық ерекшеліктеріне, олардың шығынын және өндірістің технологиялык процесін нормалауға қарай ұйымдастырылады. Нормадан ауытқуға материалдарды ауыстыру, оларды пайдалану сапасы, толық құнды материалдың орнына қалдықтарды қолдану және т.б. факторлар әсер етеді.

Оның үстіне материал, еңбек, энергия және басқа да шығындарды ауыстыру, кеміту немесе артгыру салдарынан болатын өзгерістерге байланысты нормадан ауытқулар орын алып тұрады. Барлық норма өзгерісі әдетте келесі есептік кезеңнің бірінші күніне орайластырылады және олар норманы енгізу сәтінен қолданылатын нормативтік калькуляцияда көрсетілуі керек.

Өндірістің жиынтық шығын есебі жиынтық шығын есебінің тізімдемесінде жүргізіледі. Калькуляция объектісі біртекті бұйымдардың жекелеген түрлері немесе тобы болып табылатындықтан тізімдемедегі аналитикалық шоты біртекті өнімнің бір немесе бірнеше түрлерін дайындау бойынша шығын есебін ашады.

Бұйымның бір түрін өндірудің шығын есебінде өндірістің есеп тізімдемесіндегі шығарылымның нормативтік өзіндік құны есептік ай (кезең) үшін норма бойынша есебі нақты шығарылған өнімнің санына шығынның әр бабы бойынша нормативті көбейту жолымен алынады. Ал біртекті өнім өндірісіндегі топтастырылған шығын есебінде шығарылған өнімнің нормативтік құнын табу үшін осы топқа кіретін әр өнім түрінің нормативтік құндарының мәліметі жасалады және бұл мәлімет қорытындысы калькуляция баптары бойынша өндірістің есеп тізімдемесіне жазылады.

Нормативтік шығын бойынша өзіндік құнды калькуляциялау жүйесі онымен анықталатын нормативтік нақты шығынның ауытқуын бөлшектеп талдауға мүмкіндік береді. Мысалы, әр жауапты орталықтардың ауытқуы әрбір элемент бойынша анықталуы керек және ресурстардың бағасы мен санына сәйкес талдануы қажет. Бухгалтер менеджерлерге ауытқудың қай жерде болғанын дәл көрсетіп көмектессе, ал жауапты басшылар ауытқудың себебін табу үшін аса қажетті зерттеу жүргізеді (бухгалтер жекелеген процестегі нақты материалдың өтуі барысында негізгі материал бойынша ауытқуды анықтауына болады, бірақ жауапты орталықтардың басшылары бұл процесті зерттеп, артық шығынның себебін табуы керек). Мұндай зерттеудің нәтижесі тиісті түзетуші болуы керек, ал, егер ауытқу норманың ұдайы өзгеруінен болатыны анықталса, онда оны өзгерту қажет. Нормативтік шығын есебінің жүйесі ауытқуды бөлшектеп талдауға мүмкіндік тудырады. Мәселен, әрбір жауапты орталықтардың ауытқуын шығын элементі бойынша анықтауға болады (материал, еңбек, үстеме шығындар).

Тиімді бақылауға әр жауапты орталықтардың кезендегі нормативті шығындарын жалпы нақты шығындармен салыстыру арқылы қол жеткізуге болады. Өнім бірлігіне нормативтік және нақты шығындарды салыстыру өндірістің қай кезеңінде ауытқу жіберілгенін анықтай алмайды. Өнім бірлігін өндірудегі шығынның ауытқуын талдауда шығын тиімді бақылауға келмейді.

Өнім бірлігінің нақты өзіндік құны шығын баптары бойынша нормативтерді калькуляция нормативтерінен жазатын өнім бірлігінің өзіндік құн есебінің тізімдемесінде есептеледі, ал норманың өзгеру және нормадан ауытқу сомалары өндірістің есеп тізімдемесінде көрсетілген индекстердің негізінде анықталады.

Тігін, аяқ киім, тоқыма, резина кәсіпорындарында және жоспарлы нормалары әрекетке жақын басқа өнеркәсіп салалары нормативінің орнына өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін жоспарлы калькуляция қолданылуы мүмкін. Нормативті, жоспарлы және есептік калькуляцияны жасауда шығын баптарының бірыңғай номенкалатурасын қолдану аса қажет.

Өнімнің нақты өзіндік құны нормативті өзіндік құнға қосу жолымен немесе одан есептік кезеңде анықталған нормадан ауытқуды және норманың өзгеруін шегеру арқылы есептеледі.

Нормативті есеп әдісінің артықшылығы - оперативтілігінде. Өнімнің нормативтік өзіндік құны оны өндіру басталғанға шейін есептеледі. Нақты өзіндік құн - өндіру аяқталғанда есептеледі. Нақты өзіндік құн есебінің екі алгоритмі болуы мүмкін. Бірінші жолы - нақты өзіндік құнды нормадан ауытқуға және норманың өзгерісіне қарай түзелетін нормативтік өзіндік құн ретінде санау (қосу немесе алу). Норманың ауытқуы мен өзгеруі бір айда, яғни есептік кезеңнің ішінде оперативті (жылдам) анықталатындықтан идеалда нақты өзіндік құн өнімді дайындау процесінің аяқталуынан кейін қалағаныңызша дереу алуыңыз мүмкін. Екінші жолы - нақты өзіндік құнды дәстүрлі әдіспен есептеу, содан соң нақты өзіндік құнды оның нормативті (жоспарлы) шамасымен салыстыру арқылы анықтау. Бұл жағдайда есеп айырысу есептік кезең біткеннен кейін орындалуы мүмкін, яғни оперативті шығын есебі оның одан кейін болатын есебімен ауыстырылуы мүмкін, демек, нормативтік әдіс мұндай орындауда барлық мағынасынан айырылады.

Нормативтік шығын есебінін әдісі мен калькуляциясын пайдалану барысындағы бухгалтерлік жазудың схемасында 221 «Дайын өнім» шоты қолданысқа енеді. Шот дебеті бойынша өткізілген жұмыстың және көрсетілген қызметтің, өндірістен шығарылған өнімнің нақты өзіндік құны (корреспонденциясында 900 «Негізгі өндіріс» шотымен) көрініс табады. Кредит бойынша өткізіліп тапсырылған жұмыс, қызметтің, өндірілген өнімнің нормативтік өзіндік құны (801 «Өткізілген дайын өнімдердің (тауарлар, жұмыс, қызмет) корреспонденциясында өзіндік құны» шотымен) көрініс табады.

Шығын есебі аталып көрсетілгендей белгіленген нормативтер бойынша жүргізіледі, нақты шығынның нормативтен ауытқуы аналитикалық есепте жеке тіркеледі.


5

5-Тақырып. Бюджеттеу және негізгі бюджетті құру

1. Шығындарды жоспарлау мен бақылау

2. Сату бюджеті

3. Өндіріс бюджеті

4. Материалдар бюджеті





Шығын туралы деректер көптеген басқару шешімдерінде шешуші мәнге ие. Бұрын шығынның мінез-құлық проблемалары мен басқару есебінің негізіне аса кажетті «шығын - мөлшер – пайда» моделі бойынша талдау қарастырылып келген болса, ендігі жерде бұл жинақталған білімді шамамен аса көп емес уақыт аралығында да, есептелген айтарлықтай кезеңде де ұтымды басқару бойынша шешім қабылдауда пайдалануға болады.

Жоспарлау - бұл тек бір жағдайды ғана емес, барлық кәсіпорынның қызметін тұтастай қамтитын шешім қабылдау процесінің срекше тұрпаты. Ол қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Алдағы кезеңге құрылған жоспар төрт-бес жылдың ішіндегі, тіпті одан да ұзақ кезендегі келешектегі оқиғалардың дамуына қатысты әкімшіліктің ұйғарымдарын жиынтықтайды. Ұзақ мерзімді жоспарлаудың міндеті - бүгінгі танда немссс жақын арада арнайы шараларды қабылдауды талап ететін кажеттіліктер мен сұрау салуларды қарастырады (мысалы, қуаттылықты арттыру немесе жаңатауар шығару немесе жаңа өткізу нарығын ұйымдастыру мақсатындағы жаңа кәсіпорынға күрделі қаржы жұмсау). Кәсіпорын ұзақ жылдардың ішінде қандай да бір оқиғаның дамуына аяқ астынан ұрылып қалмауы керек. Кәсіпорын басшылығы болашаққа қам жасауы керек, өйткені кәсіпорынның негізгі өнім түрі, айталық он жылдың ішінде жеткілікті дәрежеде пайда әкеледі деп кесіп айту қиын. Жоспарлау процесінде мына сауалдарға жауаптар әзір болуы керек: кәсіпорын неге ұмтылады; алдына койған міндеттерін қашан және қалай шешеді? Егер басшылық бұл мәселелерде бір келісімге келетін болса, онда ұзақ мерзімді және қыска мерзімді жоспардан тұратын қолданысқа енгізетін бағдарламаны әзірлеуге кірісуі керек. Қысқа мерзімді жоспар рет-ретімен жасалатын жылдық бюджетті білдіреді (яғни, кәсіпорынның ұзақ мерзімді жоспарын жақын келешектегі қажеттіліктерге колданып, нақтылай түседі).

Жоспарлау мен бақылау кәсіпорынды басқарудың аса қажетті шарты болып табылады - бұл процесс кәсіпорынның белгіленген жоспарға сәйкес мақсатқа кол жеткізуін білдіреді. Жоспарлау процесі бақылау процесімен ажырағысыз байланыста болады. Жоспарлау мен бақылаудын негіздерінде көбінесе бухгалтерлік есеп жүйесі мен статистикалық есеп беруде жиналатын қаржылық және өндірістік ақпараттардың өткен шақтағы талдауы жатады.

Бақылау және реттеу - ауытқуларды анықтау және алшақтықтарды түзету мақсаттарында жоспарлы көрсеткіштер мен нақты нәтижені салыстыруды білдіреді. Бұл келтірілген нақты нәтижелердің жоспарлануына сәйкес бағытталған немесе одан әрі жүзеге асыруға жарамайтыны анықталса, жоспарды қайтадан қарастыратын әрекет түрінде де көрінуі мүмкін. Бакылау және реттеу процесі ұзақ мерзімді жоспардың жүзеге асатынын немесе аспайтынын бағалауға мүмкіндік береді; күрделі проблемаларды шешеді; келешекте зиянды болдырмау үшін мақсаттар мен міндеттемелерді өзгерту шараларын қабылдайды. Егер алдыға койған мақсатқа қол жетпейтіні анықталатын болса, онда бақылау мен реттеу процесінде алынған мәліметтерді компанияның мақсаттары мен ұзақ мерзімді жоспарын қайтадан қарастыруда қолданады.

Ұйымдастыру жұмысы. Ұйымдастыру жұмысының міндеті - алдыға қойған мақсатка қол жеткізуге бағытталған қызметтің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін құрылымды жасау және орындаушыларға (атқарушыларға) өз міндеттерін бөліп беру. Оған қоса, ұйымдастыру принципі менеджердің міндеті мен оның кұзіреттілігінің шекарасын дәл анықтауды талап етеді.

Ұйымдастырушылық процестің ажырамас бөлігіне кәсіпорынды топтарға, бөлімдерге, секцияларға, бөлімшелерге және т.б. бөлу жатады. Мұндай бөлімшелерді құру ұйымдастырушылық сипатында пайда болатын міндеттерді мынадай жолмен - басшылық өз шешімдерін басқаруы үшін оңтайлы жағдай тудыруды қамтамасыз ететіндей жүйелеуге мүмкіндік береді.

Бухгалтерлік басқару есебіндегі бюджеттеуді жоспарлау процесі деп ұғуға болады. Осыған орай бюджет (немесе смета) -бұл жоспар. Жоспарлаудың нағыз нақтыланған деңгейіне жататын - бюджеттік жоспарлау - құрылымдық бөлімшелер немесе ұйымның қызмет салалары бойынша жекелеген бюджеттерді әзірлеу процесін білдіреді.

Бюджет үғымына тоқталмастан бұрын терминология проблемасын қолға аламыз. Әдеттегі "бюджет" ұғымын біз санамызда "бюджет тапшылығы" дейтін сөз тіркесі әбден сіңісті болған отбасылық, жергілікті. федералдық, мемлекеттік тәрізді анықтамалармен байланыстырып қарауға үйренгенбіз. Басқару есебінде дербес есеп түріндегі "бюджет" термині батыс елдерінде смета (кірістер мен шығыстардың сметасы) ретінде біздің ұғымға жақын басқаша мағынада қолданылады.

Бюджет дегенде, әдетте жоспарлы табысты және немесе шығынды көрсететін, белгілі бір уақыт мерзіміне дейін әзірленіп, қабылданған ақша түріндегі сандық жоспарды ұғамыз.

Бюджет жауапты орталықтардың жоспарды қалай орындағанын бағалаудың негізі болып табылады.
Мекеменің қызметін жоспарлау және бақылау

Өндіріс процесін басқару бірнеше қызметті қамтиды, олардың ішінде - жоспарлау мен болжау, ұйымдастыру, реттеу, есептеу, бақылау, талдау және ынталандыру бар.:

Бұл—бөлімде жоспарлау басқару қызметінің маңызды-бір-саласы ретінде қарастырылады, әрі басқарушылық бақылау процесінің бір бөлігі болып табылатын жоспарлау бойынша негізгі екі қызмет түрін бөліп қарастырады. Оның біріншісі - бағдарламаны әзірлеу - бұл қызметтің негізгі бағыты бойынша шешім қабылдау процесі, ол қабылданған стратегияны жүзеге асыру үшін орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарларды әзірлеуді білдіреді. Екіншісі - бюджетті әзірлеу, тұтас кезеңдерге, әдетте бір жылға созылатын барлық ұйымдардың, оның жекелеген бөлімшелерінің қызметін жоспарлау процесі.

Жоспарлау кәсіпорынға белгілі бір кезеңде кол жеткізуге міндетті немесе мүдделі сандық және сапалы көрсеткіштер түріндегі қызметтің алдына мақсат қоюын ұйғарады.

Жоспарлау кезеңдеріне қарай (жоспарлау кезеңі - жоспар жасалатын және оның жүзеге асырылатын уақыт аралығы) ерекшеленеді:

  • оперативті (ағымдағы) жоспарлау - бір жылға дейінгі кезеңге жасалады;

  • тактикалық (орта мерзімді) жоспарлау - бір жылдан үш жылға дейінгі кезеңді қамтиды;

  • стратегиялық (ұзақ мерзімді) жоспарлау - үш жылдан аса көп кезеңге арналған.

Кәсіпорынға жоспарлау жүйесін енгізу мына міндеттерді шешуге тиісті:

  • кәсіпорын ресурстарын тиімді пайдалануды арттыру;

  • тұтас кәсіпорын мен оның жекелеген бөлімшелерінің мүдделерін ұштастыру және қызметтерді үйлестіруді қамтамасыз ету;

  • шаруашылық кызметтің әр түрлі нұсқаларына болжам жасау, талдау, бағалау және қабылданатын басқарушылық шешімнің негізділігін арттыру;

  • қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету және кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту.

Жоспар былайша жіктелуі мүмкін:

Оперативті жоспар - ұйымның өз мақсатына қол жеткізумен тікелей байланысты тактикалық жоспар. Оған мысал ретінде жылдық немесе тоқсандық бюджеттер түрінде қалыптасатын қысқа мерзімді өндіріс жоспарын айтуға болады.

Оперативті-күнтізбе жоспары кәсіпорын мен оның құрылымдық бөлімшелерінің күнделікті жоспарға сай, ырғақты жұмысын ұйымдастыру максаты мен тактикалық жоспардын, көрсеткіштерін нақтылай түседі. Ол өндірістің техникалык әзірлігін, оның материалдық-техникалық камтамасыз етілуін, аса қажетті материалдық ресурстардың қорын құруды және қолдауды, өнім өткізуді және т.б. осылардың бәрін қосып, біртұтас өндіріс организміндегі ұйымның барлық элементтерін бір-біріне байланыстырады.

Әкімшілік (тактикалық) жоспары - ұйымдык құрылымды дамытудың және қолдаудың тактикалык жоспары. Оның мақсаты - орындаудың қалаулы деңгейіне жететін ұйым құру. Ол жыл сайын қарастырылатын орта мерзімді жоспарлар болып табылады.

Бірқатар кәсіпорындарда орта мерзімді жоспарлау жеңілдетілген түрмен біріктіріледі. Бұл жағдайда бірінші жылы оперативті жоспар деңгейіне дейін нақтыланатын сырғымалы деп аталатын үш жылдық жоспар жасалады.

Стратегиялык жоспар - бизнестің негізгі даму жоспары және ұйымдардың ұзақ мерзімді құрылымдык жоспары. Кәсіпорын стратегиясы жүйелі түрде қаралмайды, тек кажет болған жағдайда ғана қарастырылады. Мысалы, жаңа технология енгізілгенде, тұтынушылардың талғамы өзгергенде, жаңа бәсекелес пайда болғанда, міне осындай жағдайларда қарастырылады. Ол үш жылдан да ұзак мерзімге (үш жылдық, бес жылдық және он жылдық жоспарлар) әзірленеді, ал кен өндіру және электр энергиясы өнеркәсіптерінде жоспар 20 жылға немесе одан да ұзақ уақытқа жасалады.

Стратегиялық жоспарлау арқылы бизнес саласындағы қызметті қалай кеңейту туралы шешім қабылданады, бизнестің жаңа саласын қалыптастырады, тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру процесін ынталандырады, нарықтық сұранысты қанағаттандыру үшін кәсіпорын қандай шарттарды орындауы керектігін, қандай нарықта әрекет етуді, бизнесті қандай серіктестікпен жүргізуді анықтайды. Стратегиялык жоспарлаудың нәтижесінде кәсіпорын алдағы кезеңнің мақсаттарын айқындап, оларға қол жеткізетін құралды жасайды.

Оперативті, әкімшілік және стратегиялық жоспарлар кәсіпорын қызметін ұйымдастырудың, қызметкерлер санын ынталандырудың (мотивирования), нәтижелерді бақылаудың және олардың шаруашылық тұрғысынан да, қаржылық тұрғысынан да бағалаудың негіздері болып табылады.

Жоспарлау - ресурстарды пайдалану және табыс табу үшін болашақта орындалуы қажет әрекеттерді анықтау процесін білдіретін басқарудың аса маңызды бір функциясы. Бүгінгі таңда кәсіпорын қызметін жоспарлау мыналарға байланысты күрделі мәселе күйінде қалып отыр:

  • жоспар және қаражат бұрынғыдай "жоғарыдан" түспейді, кәсіпорын нарық жағдайына өздігінен бағдарлануы (бейімделуі) керек;

  • жоспарлау процесі уақытты созатындықтан (яғни оның жасалуына уақыт кететіндіктен) ол оперативті басқарушылық шешім қабылдауға жарамсыз болады;

  • көптеген кәсіпорындарда нарық конъюктурасы туралы, ағымдағы ресурстарға қажеттілікпен оны қаржыландыратын көздер туралы шындыққа жанасымды және уақтылы ақпараттар жоқ;

  • жоспарлау барысында баға белгілеудің шығын механизі тән; бағалар нарықтық жағдайларды ескермей, толық өзіндік құндар мен пайдалылық нормативімен қалыптасады;

  • экономикалық жоспарлау жоспарлы құжаттарды дәстүрлі жолмен әзірлейтіндіктен олардың көбісі кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын талдауда жарамсыз.

Жоспарлау дегеніміздің өзі - кәсіпорынның проблемаларын алдын ала болжай отырып, асығыстық шешімге жол бермеу. Жоспарлау шешім қабылдаудың ерекше түрі ретінде барлық кәсіпорынның қызметін тұтастай қамтиды. Жоспарлаудың негізгі мақсаты - кәсіпорыннын өндірістік-қаржылық операцияларындағы қызметін анықтау, уақыт бойынша және кәсіпорынның бөлімшелері бойынша оны нақтылау, алдыға қойған мақсаттарды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қаржы көздерін және ресурстардың қажетті мөлшерін анықтау.

Бюджеттендіру - бүді кәсіпорын бөлімшелерінің қызметін келісіп басқарудын жеке-жеке тарамдарға бөлінген жүйесі. Бюджеттендірудің шешуші сәтіне үйлестіру, адрестік және шығынды бағалау жатады. Бюджеттендіру бюджет жүйесіне негізделеді.

Бюджет - кәсіпорынныц қаржылық, инвестициялық, шаруашылық (операциялық) қызметтерінен түскен қаражат пен шығынды көрсететін операциялық қаржы жоспары.

Ол басшылардың сандық жобаларын сәйкестендіріп, нақтылайтын кәсіпорын қызметінің және дамуының жоспарын сандық тұрғыдан білдіреді; кәсіпорын қандай нұсқалар арқылы пайда түсіре алады деген сауалға жауап береді.

Бюджетті қолдану мына артықшылықтарды қалайды:

  1. Стратегиялық тұрғыдан да, тактикалық тұрғыдан да жоспарлау өндіріс ахуалын бақылауға көмектеседі.

  2. Бюджет басқарушылық бақылаудың құрамдық бөлігі болып табылады, тұтас ұйымның және оның бөлімшелерінің қызмет нәтижелерін бағалаудын объективті негізін қалайды.

  3. Бюджет кәсіпорынның әр түрлі бөлімшелерінің қызметтерін үйлестіру құралына қызмет етеді.

  4. Бюджет - жауапты орталықтардың жоспарды қалай орындағанын бағалайтын бағаның негізі: менеджерлердің жұмысы бюджетті орындау туралы есеп беру бойынша бағаланады; бюджет деректерімен нақты нәтижелерді салыстыру менеджерлердің қызметін қай салаға бұру керек екенін көрсетеді.

5. Бюджеттің көмегімен ауытқудың талдауы жасалады.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Похожие:

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ инженерлік – техникалық Академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
ОӘК Қазақ инженерлік- техникалық академиясының оқу- әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ инженерлік – техникалық Академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
ОӘК Қазақ инженерлік- техникалық академиясының оқу- әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ инженерлік – техникалық Академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
ОӘК Қазақ инженерлік- техникалық академиясының оқу- әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ инженерлік – техникалық Академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
ОӘК Қазақ инженерлік- техникалық академиясының оқу- әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ инженерлік – техникалық Академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
ОӘК Қазақ инженерлік- техникалық академиясының оқу- әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ инженерлік – техникалық Академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік-техникалық академиясы «БАҒалау және бизнес» кафедрасы
«050908 Бағалау» мамандықтарына Мемлекеттік Білім Стандарттарына сәйкес және Білім және Ғылым Министрлігі жанындағы 06. 06. 2006...
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ инженерлік – техникалық Академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ инженерлік – техникалық Академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
Жуматаева Бақытжамал Әшімқызы, аға оқытушы, «Құрылыстағы бухгалтерлік есеп» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ инженерлік – техникалық Академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ инженерлік – техникалық Академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
«Жерді бағалау және жер кадастры» оқу-әдістемелік кешен оқу жоспары мен пәннің талаптарына сәйкес құрастырылған және пәнді оқып білуге...
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ инженерлік – техникалық Академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
Бұл бағдарлама «Маркетинг» пәнін оқитын экономикалық мамандықтардың студенттері үшін бастапқы бастауышы болып табылады
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ инженерлік – техникалық Академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
СОӨЖ және сож тапсырмалар жүйесінің мақсаты, білімді жетілдіру және нақты талдау жасау, тариха және қазіргі кездегі жағдайларды,...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница