Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009




Скачать 482.65 Kb.
НазваниеАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009
страница1/4
Дата конвертации04.03.2013
Размер482.65 Kb.
ТипАвтореферат
  1   2   3   4


ӘОЖ 378.14:004 Қолжазба құқында

НҰРПЕИСОВА СӘУЛЕ АБДРАХМАНҚЫЗЫ

Жаңа ақпараттық технология жағдайында студенттердің

өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру

13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика

және білім тарихы, этнопедагогика

Педагогика ғылымдарының кандидаты

дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2009

Жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің педагогика кафедрасында орындалған

Ғылыми жетекшісі педагогика ғылымдарының докторы

Бейсенбаева А.А.
Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының докторы

Джусубалиева Д.М.,
педагогика ғылымдарының кандидаты

Халықова К.З.

Жетекші ұйым Абылай хан атындағы

Қазақ Халықаралық қатынас және

әлем тілдері университеті


Диссертация 2009 жылдың 10 маусым сағат 10.00 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.05.01 диссертациялық кеңесінде қорғалады. Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы 13, 2-қабат, мәжіліс залы


Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Қазбек би 30, 3-қабат
Автореферат 2009 жылдың 8 мамыр таратылды




Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы Ә.Н. Көшербаева

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Респуликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Барлық Қазақстандықтардың өсіп өркендеуі мемлекет саясатының басты мақсаты» (6.02.2008) Жолдауында «... қазіргі өмірге cай білім алу мен алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалану мүмкіндігін жасау» туралы атап көрсетілген. Осыған байланысты жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды қолдану, бір жағынан, оқу әрекетін нәтижелі ететін, екінші жағынан, мамандарды дайындау сапасын көтеруге басты себеп болатын инновациялық процесс. Сол сияқты, Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты қазіргі ғылым мен техниканың даму беталысы, автоматтандырылған ақпараттық орта, мамандардың да заман талабына сай болуын қажет етеді. Сондықтан жоғары оқу орындарының білім беру процесіндегі студенттердің өзіндік жұмыстарының үлесін көбейту, олардың білімді меңгеру барысында жаңа ақпараттық оқыту технологияларын қолдануына мол мүмкіндік беру педагогикалық процестің маңызды міндеті болмақ.

Бүгінгі ақпаратпен толықтырылған білім беру ортасының оқу процесін электрондық қорларды жоғары дәрежеде құрылымдалған және көрнекіленген электрондық оқулықтар мен пәннің оқу-әдістемелік кешендерін (жаңа ақпараттық коммуникативтік және Интернет-конференциялар жағдайындағы бірлескен танымдық іс-әрекет және т.б.) қолдана отырып, сапалы ұйымдастыру жөнінде айтарлықтай педагогикалық тәжірибелер жинақталған. Алайда, ақпараттандыру әрекетіндегі ең маңызды мәселелердің біріне студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру бүгінгі қоғамның нарықты экономиканың қойылып отырған талаптарына сәйкес тұлғалық-бағдарлық, құзіреттілік-іс- әрекеттік жаңа тұрғыдан қарастыруды талап етеді. Өйткені жоғары білімнің сапасын арттыру аспектілерінің бірі студенттердің құзіреттілік белсенділігін және өз бетімен білім алуға деген икемдігін арттыруға себеп болатын әрекет − студенттердің өзіндік жұмысы. Сол себепті, студенттердің танымдық дербестіктерінің сапасын жоғарылататын ақпараттық оқыту технологияларын жетілдіру негізіндегі өзіндік жұмыстар жоғары білімнің құрылымдық-мазмұндық реформалануымен тікелей байланысты.

Осы орайда психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау негізінде студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың алуан тәсілдері өз бетімен оқу әрекетін қалыптастыра білу, дербес түрдегі танымдық әрекетті жетілдіру мәселелері әртүрлі аспектіде зерттелгендігін көрсетті: «өзіндік жұмыс», «дербес танымдық әрекет», «дербестік» ұғымдары туралы көзқарастар (Б.П. Есипов, П.И. Пидкасистый және т.б.); әдіснамалық тұрғыда (В.П. Беспалько, Б.С. Гершунский, және т.б.); тұлғаның танымдық және шығармашылық әрекетін белсендіру (В.Я. Ляудис, А.В. Усова және т.б.), тұлғаның қалыптастыру барысындағы дербестігінің орны мен рөлі (М.Н. Скаткин, С.И. Архангельский және т.б.); білім беру жүйесін ақпараттандыру мәселелері мен студенттердің өзіндік жұмыстарының негізгі сипаттары (А.М. Алтайцев, Е.В. Филимонова, Ю.С. Брановский және т.б.), студенттердің өзіндік жұмысын жетілдіру мәселелері (В.И. Ермолаева, А.В. Конышева , Н.А. Волгина және т.б.); тұлғаның дербестігін студенттік шақта жетілдірудің маңызы мен қажеттілігі жөніндегі мәселелер (И.А. Зимняя, Д.Б. Эльконин, С.А. Гашенко т.б.); компьютерлендіру мәселелерін психологиялық-педагогикалық тұрғыда (М.Е. Бершадский, Брунер Джером С., Л.М. Веккер және т.б.); компьютерлік оқыту бағдарламалары және автоматты оқыту жүйелері негізіндегі оқыту (Н.Ф. Талызина, Е.П. Полат, И.Г. Захарова және т.б.).

Қазақстандық педагогтар бұл мәселені әртүрлі аспектілерде: теория мен практиканың өзара байланыс мәселесі (Н.Д. Хмель, Хан Н.Н., Т.С. Сабыров, А.А. Бейсенбаева, Р.К. Төлеубекова, Қ.К. Жампеисова, Г.Т. Хайруллин, А.А. Саипов және т.б.); студенттердің өзіндік жұмысына берілетін уақытты (В.В. Трифонов және т.б.); тарихи-педагогикалық тұрғыда (А.Н. Ильясова, А.Н. Көшербаева, Б.Қ. Әбдіғұлова және т.б.); кәсіби білімді инновациялық тәсілмен ұйымдастыру, студенттердің белсенділігін арттыру және студенттердің өзіндік жұмыстарының оқу материалын игеру барысында өз бетімен білім алуға ынталандыру қабілетін жетілдіру (А.Е. Абылкасымова, М.С. Молдабекова, М.Ә. Құдайқұлов, К.А. Жусупова, Н.Б. Жаманқұлова және т.б.); ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері және электрондық оқулықтарды даярлау (Г.К. Нургалиева т.б.); қашықтықтан оқыту жағдайындағы студенттердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, компьютер арқылы дербес оқыту (Д.М. Джусубалиева, Ж.А. Караев, Ж.Ү. Кобдикова, Ж.Ы. Сардарова, К.З. Халыкова және т.б); дидактикалық бағдарламалы оқыту материалдарын дайындаудың педагогикалық ұстанымдарын ашу (В.Н. Агеев т.б.) және де студенттерді ақпараттық технология құралдарын қолдануға әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету (Е.Ы. Бидайбеков, Г.А. Абдулкаримова т.б.); жоғары техникалық оқу орны студенттеріне кәсіби техникалық бағыттылықты қалыптастырудың дидактикалық негіздерін (Ш.А. Абдраман, О. Сыздық және т.б.); болашақ инженерлердің ғылыми технологиялық даярлығы (Мұсабеков О.Ү және т.б.); компьютерлік технологияларды қолдану мәселелері (Қ.К. Шалғынбаева, Д. Омарова, С.Н. Кубентаева, М.Г. Соколова, Л.А. Шкутина, А.А. Амирханова, Г.А. Ахметова, С.М. Кеңесбаев және т.б.) қарастырған.

Жоғарыда айтылып өткен ғылыми жұмыстардың талдауынан шығатын қорытынды, біздің зерттеуімізде алынған проблема бүгінгі күнге дейін әлі де толық шешімін таппағандығын көрсетті. Өйткені, бұл аталған еңбектердің ешқайсысында студенттердің өзіндік жұмыстарын жаңа ақпараттық технологиялар арқылы ұйымдастыру мәселесі нақты да терең зерттеліп, ғылыми тұрғыда дәлелденбеген. Қазірдің өзінде білім беру әрекетінде практика жүзінде оқыту процесінің классикалық құрылымы сақталып, оқытудың дәстүрлі әдіс-тәсілдері басымдық көрсетуде, сондықтан дидактикалық инновация мен компьютерлік оқыту технологияларының мүмкіндіктерін пайдаланудың жеткіліксіз деңгейде екенін байқадық. Оның себебі, бүгінгі жаңа ақпараттық технологиялар жағдайында студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мәселелерін теория мен практикада ғылыми педагогикалық тұрғыда зерттеген арнайы жұмыстардың жоқ екендігі анықталды.

Сонымен қазіргі жаңа қоғамның сұранысына сәйкес Қазастанның педагогика ғылымындағы әлемдік стандартқа сай білім алу қажеттіліктері студенттердің өзіндік жұмыстарының жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жетілдіру деңгейіне тікелей байланыстылығы мен бұл мәселенің теориялық тұрғыда толық зерттелмеуі арасындағы қарама-қайшылықтың орын алғандығын байқадық. Осы қарама-қайшылықтан пайда болған жаңа ақпараттық технологияларды оқу процесінде қолдану әрекетінде, қандай педагогикалық шарттар болуы қажет деген сұрақ бізге зерттеу мәселесін анықтап, тақырыпты «Жаңа ақпараттық технология жағдайында студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру» деп таңдауымызға себеп болды.

Зерттеу нысаны: жоғары оқу орынындағы педагогикалық процесс.

Зерттеу пәні: студенттердің өзіндік жұмысын жаңа ақпараттық технологиялар жағдайында ұйымдастыру.

Зерттеудің мақсаты: жаңа ақпараттық технологиялар жағдайындағы студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруды теориялық және ғылыми-практикалық тұрғыда негіздеу.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер студенттердің өзіндік жұмыстарын жаңа ақпараттық технология жағдайында ұйымдастырудың мазмұны мен құрылымын және педагогикалық мәнін ашатын құзіреттілік-іс-әрекеттік теориялық тұрғыдағы негізі меңгеріліп, біздің ұсынып отырған құрылымдық-мазмұндық моделі жүзеге асырылса, онда жаңа ақпараттық технологиялар негізінде ұйымдастырылған студенттердің өзіндік жұмыстары тиімді болады, өйткені оның педагогикалық шарттары анықталады.

Зерттеудің міндеттері:

  • зерттеу мәселелеріне байланысты шетелдік және отандық ғылыми әдебиеттерді талдау арқылы «студенттердің өзіндік жұмысын қазіргі жаңа ақпараттық технологиялар негізінде ұйымдастыру» ұғымының педагогикалық мәнін нақтылау;

  • жаңа ақпараттық технологияны қолдану барысындағы студенттердің өзіндік жұмысының құрылымдық-мазмұндық моделін жасау;

  • студенттердің жаңа ақпараттық технологиялар арқылы өзіндік жұмысын ұйымдастырудың шарттарын анықтау;

  • бүгінгі әлемдік және отандық тәжірибеде қолданыс тапқан жаңа ақпараттық технологиялардың жетістіктерін ескере отырып, «Студенттердің өзіндік жұмыстарын электронды интерактивті білім беру қорларының кешені арқылы ұйымдастыру» бағдарламалық жобасын дайындау және оның сапалығын тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексерістен өткізу.

Жетекші идея: студенттердің өзіндік жұмыстарын жаңа ақпараттық технологиялар негізінде ұйымдастыру әлеуметті-белсенді, бәсекелесуге барынша қабілетті, құзіретті түрде жетілген, дербес тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері: таным теориясы; жүйелілік, тұлғалық-бағдарлық, құзіреттілік-іс-әрекеттік теориялары, интерактивтік оқыту технологиялар теориясы; студенттердің өзіндік жұмыстарына байланысты психологиялық-педагогикалық және ақыл-ой әрекетін қалыптастырудың кезеңдік теориясы, ғылым мен практиканы интеграциялау теориясы, жоғары оқу орындарының тұтас педагогикалық процесс теориясы.

Зерттеу көздері: Білім беру аумағындағы ресми құжаттар мен нормативтік материалдар; зерттеу проблемасы бойынша отандық және шетел (философ, психолог, педагог) ғалымдарының студенттердің өзіндік жұмыстары мен ақпараттандыру саласындағы диссертациялық зерттеу еңбектері; жоғары оқу орындарының мемлекеттік жалпы білім беру стандарты, типтік және жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламалары, техникалық пәндердің оқу-әдістемелік кешендері, компьютерлік оқыту бағдарламалары, педагогикалық және әдістемелік пәндерден оқулықтар мен оқу құралдары; оқытушылардың қазіргі ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жинақтаған озық тәжірибелері және диссертанттың жоғары оқу орындарындағы студенттермен жұмыс істеген 18 жылдық педагогикалық тәжірибелері.

Зерттеу әдістері: теориялық – студенттердің өзіндік жұмысы, ақпараттық технологиялар жөніндегі философиялық, психологиялық және педагогикалық әдебиеттерді зерделеу және оларға талдау жүргізу; ақпараттық технологиялар негізінде ұйымдастырылған студенттердің өзіндік жұмыстарының сапалық бағалаудың аналитикалық тәсілі; эмпирикалық − техникалық жоғары оқу орындарының өзіндік жұмыс тәжірибесін зерделеу, озат педагогикалық тәжірибені жинақтау және талдау; жеке әңгімелесу, психологиялық-диагностикалық тестілеу, пікірталас, жазбаша сұраққа жауап алу; эксперименттік − тәжірибелік эксперимент жұмыстары; студенттердің өзіндік бағалау, өзін-өзі бақылау әдістері; педагогикалық бақылау және педагогикалық эксперимент өткізу; оны компьютерлік сапалық және сандық талдау; алынған нәтижені көрнекі түрде көрсету қолданылды.

Зерттеудің негізгі кезеңдері. Ғылыми зерттеу бір-бірімен байланысты үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңде (2002–2003 жж.) зерттеу тақырыбы нақтыланып, студенттердің өзіндік жұмыстары ақпараттық оқыту мәселелері жөніндегі отандық және шетелдік басылымдар, ғылыми әдебиеттер сарапталынды; зерттеу мақсаты, міндеттері, қарама-қайшылықтары айқындалып, «студенттердің өзіндік жұмысын қазіргі жаңа ақпараттық технологиялар негізінде ұйымдастыру» ұғымының мәні ашылып, студенттердің жаңа технологияны қабылдау, анықтау әрекеттерінің тәжірибелік-эксперимент жұмыстары арқылы деңгейлері анықталып, студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды.

Екінші кезеңде (2004–2006 жж.) зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі айқындалып; сол арқылы анықтау және қалыптастыру эксперименттері ұйымдастырылып, ақпараттық технологиялар жағдайындағы студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру барысындағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыстары жүргізіліп, оның құрылымдық-мазмұндық моделі құрастырылып, өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері анықталды; құрастырушы эксперимент болашақ маманның өндіріске барар алдындағы пәнаралық байланыс негізіндегі білімін, іскерлігін, дағдысын жетілдіруді көздеп, оның кәсіби қызметі мен міндетін анықтайтын оқу-өндірістік, технологиялық және диплом алдындағы практикалық жобалау жұмыстарының қорытындылары алынды; сонымен қатар компьютерлік үлгілендіру, жаңа ақпараттық технологияларды оқу процесінде қолдану арқылы студенттердің өзіндік құзіреттілік-іс-әрекеттік тұрғыда ғылыми-әдістемелік бағытта берілетін әдістемелік ұсыныстар жүйеленді; «Студенттердің өзіндік жұмыстарын электронды интерактивті білім беру қорларының кешені арқылы ұйымдастыру» бағдарламалық жобасы дайындалып, жүзеге асырылды.

Үшінші кезеңде (2007–2009 жж.) зерттеу материалдары жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы ұйымдастырылған студенттердің өзіндік жұмыстарының өңделген, толықтырылған бағдарламасы қалыптастыру эксперименті жүзінде жоғары оқу орындары практикасына енгізілді; бақылау мен қорытынды эксперимент жүргізілді; алынған нәтижелер талданып, қорытындыланды; негіздері нақтыланып, тұжырымдар жасалынды; диссертация мазмұны толықтай өңделіп, рәсімделді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:

  • шетелдік және отандық ғылыми әдебиеттерді талдау негізінде «студенттердің өзіндік жұмысын қазіргі жаңа ақпараттық технологиялар негізінде ұйымдастыру» ұғымының педагогикалық мәні мен мағынасы нақтыланды;

  • жаңа ақпараттық технологиялар жағдайындағы студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды;

  • студенттердің жаңа ақпараттық технологиялар арқылы өзіндік жұмысын ұйымдастырудың шарттары анықталды;

  • «Студенттердің өзіндік жұмыстарын электронды интерактивті білім беру қорларының кешені арқылы ұйымдастыру» бағдарламалық жобасы дайындалып, оның сапалығы тәжірибелік-эксперимент жұмыстары арқылы дәлелденді.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

  • «студенттердің өзіндік жұмыстарын электронды интерактивті білім беру қорларының кешені арқылы ұйымдастыру» бағдарламалық жобасы;

  • «студенттердің өзіндік жұмыстарын схематехникалық Elektronics Workbench бағдарламасы негізінде үлгілендіру» курсы;

  • деңгейлік тапсырмалар жүйесі;

  • студенттердің өзіндік жұмыстарынан компьютерлік тестік сұрақтары бар пәннің оқу-әдістемелік кешені;

  • студенттердің өзіндік жұмыстарын «Электротехника» пәні негізінде Elektronics Workbench схематехникалық үлгілендіру бағдарламасын қолдану арқылы жүргізуге арналған әдістемелік құрал мен нұсқаулар дайындалып, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы мен Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль жолдары университетінің оқу үрдістеріне енгізілді.
  1   2   3   4

Похожие:

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconДиссертация авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009
...
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясында орындалды

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009
Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010
Түркістан қаласы мен агломерациясының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1867-2009 жж.)
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты Қазақтан Республикасы Алматы, 2009
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница