Атақты ұшқыш Иван Кожедубтың атын асқақтатып, есімін әйгілеген және оның ұшағын ұрысқа дайындаған сол қазақ қызы кім еді? Оның өзіміздің көкшелік батыр қыз екенін біз білеміз бе




Скачать 41.74 Kb.
НазваниеАтақты ұшқыш Иван Кожедубтың атын асқақтатып, есімін әйгілеген және оның ұшағын ұрысқа дайындаған сол қазақ қызы кім еді? Оның өзіміздің көкшелік батыр қыз екенін біз білеміз бе
Дата конвертации05.03.2013
Размер41.74 Kb.
ТипДокументы
...Атақты ұшқыш Иван Кожедубтың атын асқақтатып, есімін әйгілеген және оның ұшағын ұрысқа дайындаған сол қазақ қызы кім еді? Оның өзіміздің көкшелік батыр қыз екенін біз білеміз бе? Осы күнге дейін әйгілі ұшқыштың үш мәрте Кеңес Одағы Батыры атағын алса да, оның ерлігіне үлес қосқан қазақ қызының есімі неге ескерусіз қалды екен?!

Ұлы Жеңіс мерекесіне 67 жыл өтсе де, өзінің батыр қызының ерлігін лайықты бағалау елдіктің белгісі болса керек. Ел үшін қыршын жасында майданға өзі сұранып барған Мәдинаның ержүректігі мен қайсарлығы қалай да әділ бағаланып, оның есімі де елдік пен ерліктің өшпес өнегесі ретінде әспеттелуі керек.

Сұрапыл соғыстың оты тұтанғанда Мәдина 17 жастағы бойжеткен қыз еді. Майданға алғашқы лекте кеткен әке-ағаларын сағынғанда жанары жасқа толып, қаныпезер жаумен айқасамын деген қайсарлық оны әскери комиссариатқа жетелеп әкелген-ді.

Мені майданға жіберіңіз! – деді Мәдина әскери комиссарға. – Әке-ағаларымнан менің жаным артық емес шығар. Қанқұйлы жаудан бейбіт жатқан елімді қорғағым келеді!..

Талдырмаш қана жасөрім қыздың жанарынан от ұшқындап тұрғандай көрінді комиссарға. Бір жағынан ер азаматтардың өзі соғыс десе жүрегі дауалап бара алмай қиналысқа түскен шақта қаршадай қыздың соғысқа өзі сұранып келгенін көріп таңданды да.

Мәдина Ысқақова сол кезде 9-сыныпта оқитын. Бірақ 17 жасар бойжеткенді май-данға алмайтынын біліп, ол өзінің жасына тағы 4-5 жылды қосақтап айтты. Әскери комиссар қанша басу айтып, меселін қайтарса да, Мәдина алған бетінен қайтпай, қайсарлық танытты. «Бейбіт еліме лаң салған қарақшыларға кек оғын, қарғыс оғын атқым келеді менің», – деп одан сайын қатуланған Мәдинаның түр-әлпетін көрген әскери комиссардың жас қыздың ығына жығылудан басқа амалы қалмаған еді.

1942 жылдың мамыр айында ол майданға аттанып кетті. Артында жары мен үш бірдей ер баласы және қаршадай қызы – Мәдинасын соғысқа аттандырып зар жылаған анасы қалды. Енді соңғы үміті – қызынан да айырылып қаламын ба, деп қапаланған ананың жүрек наласы да, қапалы сөзі де, жанарынан тамған жас та Мәдинаны тоқтата алмады.

Алғашында ол Кемеров қаласындағы авиация мектебіне жолдама алды. Бәлкім, қаныпезер жауды аспаннан торуылдап, көк тұйғындай лаң салғысы келді ме екен?! Бір жағынан Мәдинаның үлкен ағасы Әбілқасен Балтық теңізіндегі ұрыстарда аты шыққан бомбалаушы ұшақтың ұшқышы еді. Аға жолын жалғастыруды мақсат та еткен шығар. Осы бойда ол әскери мектеп басшыларына өзінің ұшқыш болғысы келетінін айтып, жанталасқа түсірді. Жаумен тасада тұрып емес, бетпе-бет келіп, шайқасуды жөн көрді. Мүмкін, Мәдина ұшқыштық жолға түссе, қыздардан шыққан тұңғыш батыр атанар ма еді?! Әттең...

Әйтсе де, ұшқыштық жолдың қиындығын айтып, әрең көндірген мектеп басшылығы Мәдинаға ұшқыш механигі де болып та жаумен күресуге болатынын айтты. Сөйтіп Мәдина аталған әскери мектептің екі жылдық оқу бағдарламасын 6 айдың ішінде аяқтап шықты.

Міне, жаудың алғы шебіне де жақындады. Батыс майданында жаудың тегеуірінді шабуылдарына тойтарыс беріп, әуеден ұрыс салған атақты Батыр ұшқыш Иван Кожедубтың эскадрилиясында әскери міндетін атқаруға кірісті. Әскери мектепті үздік бітірген Мәдинаны бірден Иван Кожедуб өзінің механигі етіп бекітті.

Кейіннен белгілі болғанындай, осы Иван Кожедуб аспанға 330 рет көтеріліп, жаудың 62 ұшағын құртып, талай бекінісіне атой салып, осы ерлігі үшін үш мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды. Демек, батыр ұшқыштың ерлік істеріне Мәдинаның да сүбелі үлес қосқаны анық. Майданға өзі сұранып барып, осылай атағы жер жарған ұшқыштың ұшағын ұрысқа баптаған қазақ қызының есімі асқақтауы керек.

«Шынында да мен өзімнің майдан жолым жөнінде жазған кітабымда көптеген майдандас жолдастарым туралы айта алған жоқпын. Бірақ та олардың батырлықтары осы күнге дейін есімде. Сондай-ақ, сол кездегі жас қыздардың жауапкерші-лікпен істеген ерліктері атап айтарлықтай», деген екен Кеңес Одағының Батыры, авиацияның генерал-полковнигі Иван Кожедуб өзінің бір естелігінде.

Сол батыр қыздардың қатарында Мәдина Ысқақова да бар. Соғысты Мәдина Прага қаласында аяқтап, 1945 жылғы Жеңіс парадына да қатысты. Ал, соғыстан кейінгі жылдары туған жер төсіне оралып, Айыртау ауданындағы Бірлестік ауылында еңбек етті.

Батыр жерлесіміз жайлы ақындар да, жазушылар да қалам тербегені анық. Солардың бірі айыртаулық ақын, марқұм Бекболат Махметов өзінің «Қыз бен
майдан» поэмасында кеңінен толғайды.
Поэмада:

Күн де туды қан майданға баратын,

Ұшақ мініп, жаудан кегін алатын.

Тез арада ойран салса армансыз,

Емдейтіндей жүрегінің жарасын.

Истребитель бүркемеде сап түзеп,

Айналаға қойылыпты сақ күзет.

Біреулері ұшып жатыр аспанға,

Жөндеушілер қалды оларға бақ тілеп.

Әр ұшқышпен қыздар тегіс танысты,

Жастар жағы жымыңдаса қалысты.

Ал Мәдина көк жүзіне тесіле,

Қиындығын міндетінің жаны ұқты.

Кожедубқа қойды оны бекітіп,

Шын қуанды бұл шешімді есітіп.

Қас Батырдың аспандағы ерлігі,

Фашистерді қоятын-ды шошытып, – делінеді.

Міне, Ұлы Жеңіс мерекесіне де биыл 67 жыл толып отыр. Кешегі күндері ел шетіне жау тигенде, асыл азаматтармен бірге, қаршадай Мәдина сияқты қыздарымыз да қолына қару алды. Оның 20-ға толмаған жасында еш қорықпай, жанын шүберекке түйіп, жаумен бетпе-бет шайқасуға аттануының өзі ерлік. Біз бүгін сол Батыр апамыздың есімін лайықты бағалап, өшпес жолын өнеге етуіміз керек-ақ. Анау бір жылдары Батыр қызға қаламыздың елеусіз бір көшесінің атын берді деп естіп едік. Бірақ, әлі күнге дейін ол көше жайлы ешкімнің білмейтіні өкінішті-ақ. Сұрапыл соғыстың қайнаған ошағында Иван Кожедуб сияқты батыр ұшқыштың ұшағын баптаған жанға неліктен Батыр атағын бермеске.

Тәуелсіз ел болып, елдігімізді нығайтып жатқан шақта осындай батыр апаларымыздың ерлігін паш етуіміз абзал болар еді. Әйтпесе, сан жылдар бойы қара-
пайым өмір сүріп, өмірден өткен батыр майдангерге бір сәт тағзым етіп, құрмет көрсету қажет те шығар. Оған Ресейдің биік мәртебесі емес, өзіміздің тәуелсіз еліміздің Халық Қаһарманы атағы берілсе, бұл қазақ қыздарының да қайсарлық пен батырлықтың биік шыңына көтерілгендігін көрсетер еді.

Похожие:

Атақты ұшқыш Иван Кожедубтың атын асқақтатып, есімін әйгілеген және оның ұшағын ұрысқа дайындаған сол қазақ қызы кім еді? Оның өзіміздің көкшелік батыр қыз екенін біз білеміз бе icon«Дарын» секциясы Орындаған: Абақанова Гүлім
Айтарымыз, біз қазақ халқына еңбегін сіңірген ғалымдарды білуіміз керек сол себепті нақты Мұхтарбай Өтелбаевтің өмір жолына тоқталдық....
Атақты ұшқыш Иван Кожедубтың атын асқақтатып, есімін әйгілеген және оның ұшағын ұрысқа дайындаған сол қазақ қызы кім еді? Оның өзіміздің көкшелік батыр қыз екенін біз білеміз бе iconӨЛЕҢге тоқтамайды шал дегенiң
Ақмола облысы жерiнде Азат темiр жол станциясының маңында 1748 жылы дүниеге келген. Әкесi Құлеке қазақ-қалмақ соғысының атақты батырларының...
Атақты ұшқыш Иван Кожедубтың атын асқақтатып, есімін әйгілеген және оның ұшағын ұрысқа дайындаған сол қазақ қызы кім еді? Оның өзіміздің көкшелік батыр қыз екенін біз білеміз бе iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Тіл сабағы Тақырыбы: «Ана тілім ардағым»
Мақсаты: Қазақ тілі фестивалі аясында өткізілетін негізгі іс шаралар барысын таныстыру. Қазақ тілі туралы және оның қоғамдағы алатын...
Атақты ұшқыш Иван Кожедубтың атын асқақтатып, есімін әйгілеген және оның ұшағын ұрысқа дайындаған сол қазақ қызы кім еді? Оның өзіміздің көкшелік батыр қыз екенін біз білеміз бе iconҚазақ өлеңінің асқар белі
Бауыржан батыр мен Мәлік батыр осының бәрі ақынды қазақ ұлы ел басына күн туған шақта кім болып танылмақ деген толғанысқа тарту....
Атақты ұшқыш Иван Кожедубтың атын асқақтатып, есімін әйгілеген және оның ұшағын ұрысқа дайындаған сол қазақ қызы кім еді? Оның өзіміздің көкшелік батыр қыз екенін біз білеміз бе iconОтты күндер шежіресі
Біздің отбасымыз өзіміздің дарынды жерлесіміз, қазақ әдебиетінің классигі, марқұм Әбу Сәрсенбаевтың шығармаларын сүйіп оқиды. Әрине,...
Атақты ұшқыш Иван Кожедубтың атын асқақтатып, есімін әйгілеген және оның ұшағын ұрысқа дайындаған сол қазақ қызы кім еді? Оның өзіміздің көкшелік батыр қыз екенін біз білеміз бе iconҚазақ Әдебиетіндегі даналық Үрдіс г.Ә.Өтетілеуова, Г.Ә. Мұраталиева Ыбырайым Сүлейменов атындағы №37 қазақ орта мектебі, Тараз қ
Даналық- философияның түпкі мәні. Даналықтың не екенін Сократтан сұрауға тура келеді. Оның ойынша, даналық деген дүниені, өзіңді...
Атақты ұшқыш Иван Кожедубтың атын асқақтатып, есімін әйгілеген және оның ұшағын ұрысқа дайындаған сол қазақ қызы кім еді? Оның өзіміздің көкшелік батыр қыз екенін біз білеміз бе iconМ. Жұмабаев айтқандаай «Мен жастарға сенемін!»
Тәжікстан үкіметі түрік сериалдарына тиым салғанын хабарлаған еді. Сол хабарды оқып, біздің елде де тиым болса ғой деп ойладым. Қәзіргі...
Атақты ұшқыш Иван Кожедубтың атын асқақтатып, есімін әйгілеген және оның ұшағын ұрысқа дайындаған сол қазақ қызы кім еді? Оның өзіміздің көкшелік батыр қыз екенін біз білеміз бе iconМұсылманды Жәннатқа жетелейтін себептер ﴿فَمَنْ زُحْزِحَ عَنِ النَّارِ وَأُدْخِلَ الجَنَّةَ فَقَدْ فَازَ﴾ «Кімде-кім Тозақтан құтқарылып, Жәннатқа кіргізілер болса, шын мәнінде жеңіске жетті»
Барлық мақтау мен мадақ Аллаһқа тән әрі Аллаһ елшісіне, оның отбасына және оның соңынан жақсы түрде ерушілерге салауаттар мен игі...
Атақты ұшқыш Иван Кожедубтың атын асқақтатып, есімін әйгілеген және оның ұшағын ұрысқа дайындаған сол қазақ қызы кім еді? Оның өзіміздің көкшелік батыр қыз екенін біз білеміз бе iconҚазақ тілі № Тақырыбы: Сөз және оның мағынасы Мақсаты
Мақсаты: Сөз және оның мағынасы туралы 2-кластағы алған білімін қайталап, еске түсіре отырып, жаттығулар орындау; сөздік қорын, ауызша...
Атақты ұшқыш Иван Кожедубтың атын асқақтатып, есімін әйгілеген және оның ұшағын ұрысқа дайындаған сол қазақ қызы кім еді? Оның өзіміздің көкшелік батыр қыз екенін біз білеміз бе icon«Үш негіз және оның дәлелдері» жолдауының түсіндірмесі Дайындаған
Біл [3], саған Аллаһтың мейірімі жаусын [4], бізге төрт мәселені үйрену парыз [5]!
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница