1 тоқсан 2008 жылғы Тарбағатай ауданының әлеуметтік экономикалық дамуы туралы хабарлама




Скачать 47.22 Kb.
Название1 тоқсан 2008 жылғы Тарбағатай ауданының әлеуметтік экономикалық дамуы туралы хабарлама
Дата конвертации11.07.2014
Размер47.22 Kb.
ТипДокументы
1 тоқсан 2008  жылғы Тарбағатай ауданының әлеуметтік  экономикалық дамуы туралы хабарлама

Ауданның 2008 жылдың  қаңтар-наурыз  айларындағы  әлеуметтік - экономикалық  дамуын өткен  жылдың  тиісті  мерзімімен салыстырғанда,  оның  негізгі  көрсеткіштерінде   өсу  қарқыны  бар. 
1 сәуір 2008 жылға  ауданның  жалпы өндірілген ішкі өнімі  667,0  млн. теңгені құрап, 2006 жылдың тиісті кезеңімен  (616,2 млн.теңге)  салыстырғанда өсім  8,2 % болды.
Ауыл  шаруашылығы  өнімі  1 сәуір  2008 жылға 593,8  млн.теңгені құрап,  өткен жылдың тиісті мерзімімен (567,0 млн.теңге) салыстырғанда  өсім  4,7  % болды. 
1 сәуір 2008  жылға өнеркәсіп өнімі  қолданыстағы  бағамен  73,2  млн теңге, өткен  жылдың  тиісті мерзімінде 49,2 млн.теңге болып, өнім  өндіру  индексі  149,4  %  құрады.

Бюджеттің  орындалуы. 2008 жылдың 1 сәуірінде аудан  бюджетінің    кіріс жоспары  603481,0  мың теңге,  орындалуы 608586,0 мың теңге 100,8   % құрады. Оның  ішінде меншікті кіріс жоспары 58604,0 мың теңге,  нақтылы  орындалуы  63709,0  мың  теңге,  жоспар 108,7 % орындалды.  
2008 жылдың 1 сәуіріне бюджет бойынша шығындарды жабуға барлығы  604498,1 мың теңге қаралған, орындалғаны 584627,6 мың теңге, 96,7 % орындалды.
Субвенциялар  көлемі  1 сәуірге  2008 жылға  544877,0  мың теңге, 2007 жылғы  осы мерзімге  410076,0  мың теңге болып,  өсім  32,9 %  құрады.

Өнеркәсіп. Аудан   бойынша   өнеркәсіп   өнімі   қолданыстағы  бағамен  1 сәуір  2008 жылға 73,2 млн. теңгенің   өнімі   өндірілді.    Өнім  өндіру индексі  өткен жылдың  осы  мерзімімен салыстырғанда  149,4 %  орындалды.  Ауданның  жалпы ішкі өніміне  өнеркәсіптің  үлесі  11,0 %.
Барлық өнеркәсіп  өнімінің 4,7 млн. теңгесі (6,4 %) кен өндіру өнеркәсібі,   өңдеуші өнеркәсіп   53,0 млн. теңгені (72,4 %), электр энергиясын  және су таратын  кәсіпорындар 15,5 млн. теңгені ( 21,2 %)  құрады. 
Өндеуші  өнеркәсіп өнімінің 42,4 %  (22,5 млн.теңге)  балық   және балық  өнімдері  құрап, өнім  өндіру  индексі  95,9 %  болды.   Балық  аулау және өңдеумен    Зайсан балықшылары” ӨК, “Зайсан-Иртыш”, “КМЗ” және «Казрыба» ЖШС  айналысады.  
1 сәуір 2008  жылға  3,1  млн.теңгенің  ұн  өнімдері   өндіріліп, өнім  өндіру индексі 69,5 %  болды.  
Электр энергиясын  және  су  тарататын  кәсіпорындар  өнімі    15,5  млн.теңгені  құрап, өткен жылдың  осы  мерзімімен  салыстырғанда  өнім  өндіру  индексі  106,4 %  орындалды.

Ауыл шаруашылығы. Аудан экономикасы негізінен ауыл шаруашылығына, оның ішінде мал шаруашылығына негізделген.

Ауыл шаруашылығы саласында 2244 шаруашылық құрылым иелері бар, атап айтқанда, 2243 шаруа қожалығы, 1 өндірістік кооператив жұмыс істейді.
2008 жылдың 1 тоқсанында   өндірілген ет 2518 тонна немесе өткен жылдың тиісті мерзімімен  салыстырғандағы   103,2 %, сүт 5419 тонна, былтырғы жылмен салыстырғанда   109,4 %, жұмыртқа 294,1 мың дана немесе былтырғы жылмен салыстырғанда  109,5 % болды.
Мал шаруашылығы бойынша 2008 жылдың   1 тоқсанында өндірілген жалпы өнім 593,8 млн.тенге, өткен жылдың  тиісті  мерзімімен  салыстырғанда өсім 4,8  %  болды.
Мал тұкымын асылдандыру бағытында ауданда біршама жұмыстар атқарылды. Бүгінгі күні   20081 басы асыл тұқымды  қой  өсірілуде.
Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша «Көкжыра» ӨК базасында 400 бас ірі қараға арналған мал бордақылау алаңы ашылып, жұмыс істеуде.  Ақжар ауылдық округінен «Аяққы Тоқтамыс» шаруа  қожалығы және  «Балағазы-2» шаруа қожалығынан  мал бордақылау  алаңын ашуда жұмыстар ұйымдастырылуда.  Екпін,Құмгөл, Жәнтікей  ауылы округтерінен мал бордақылау  алаңын   ашатын  шаруа  қожалықтарының  тиісті  құжаттары әзірленуде.
Ірі қара малды  асылдандыру  үшін Ақсуат, Ақжар, Қызылкесік, Жетіарал ауылдық  округтерінен 4 қолдан ұрықтандыру пунктері  ашылып  жұмыс істеуде.

Шағын   кәсіпкерлік.     
Аудан көлемінде халықты күнделікті қажетті азық-түлік және басқа тауарлармен қамтамасыз етуде 1 сәуір 2008 жылға 351 сауда дүкені, 18 аптека, 23 АЗС, 34 қоғамдық тамақтандыру орыны (асхана, дәмхана, мейрамхана), 46 әртүрлі қызмет  көрсету орындары,  4 базар жұмыс істейді.  
2008 жылдың 1 тоқсанында  3  сауда дүкені, 1 қызмет көрсету орны іске қосылды.
2008  жылдың  1 тоқсанында  шағын  кәсіпкерлік субьектілерінің  саны    2418  құрап,  108,8 %  өсті. Шағын бизнес  саласындағы  жұмыспен қамтылған адамдар саны  3742 адамды  құрайды.
2008 жылдың  1 тоқсанында  аудан бюджетінің меншікті кірісі 63,7 млн. теңге болса, ондағы шағын және орта бизнестің үлесі 18,1 млн. теңге болып орындалып немесе кәсіпкерліктің үлес салмағы 28,3 % болды, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  113,3 % орындалды.

Әлеуметтік  сала
Білім.  Ауданда  38 орта, 1 гимназия, 1 негізгі, 10 бастауыш мектепке 10511 оқушы қамтылса, 58  даярлық сыныбына  797  бала қамтылды.
Аудан мектептері  толық мұғалім кадрлармен қамтамасыз етілген.  

Денсаулық сақтау
Аудандағы  елді мекеннің барлығы  дәрігерлік қызметпен қамтылған.  
Ауданда   4 аурухана, 19 ауылдық  дәрігерлік емхана, осы емханаларға бекітілген   2- ФАП,   30 ФП  және  6 ғимаратсыз мейірбике тұрғындарға қызмет көрсетеді.

Мәдениет және спорт
Бүгінгі күні аудан бойынша 21 кітапхана, 18 клуб және мәдениет үйлері халыққа қызмет көрсетуде.
1 сәуір 2008 жылға  кедейшілік деңгейінен төмен 4566 адам есепте тұрады, жыл басымен салыстырғанда (4935 адам) 369 адамға немесе  7,5 %  азайды.  
1 сәуір 2008 жылға жұмыссыздар саны 320 адам болып, жұмыссыздықтың денгейі 1,0 пайызды құрады.
2008 жылдың  1 тоқсанында 217 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жіберіліп,  4,3 млн. теңге төленді. Қоғамдық жұмыстар негізінен елді мекендерді көркейту, тазалық, құжаттармен жұмыс, мезгілдік жылу тағы басқа жұмыстарға жіберілді.
2008 жылдың 1 тоқсанында кәсіптік мамандыққа даярлауға 3 адам оқуға жіберілді, оларға 164,4 мың теңге төленді.
Есептегі мерзім ішінде жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған 44 адам әр түрлі саладағы жұмыстарға орналастырылды.
2008 жылдың 1 тоқсанында 52 жұмыс орны ашылып, оның ішінде 22 адам ауыл шаруашылығы саласына, 1 адам құрылыс және коммуналдық жұмыстарға, 2 адам білім және денсаулық сақтау, 4 адам саудаға, 23 адам басқа да экономикалық саладағы жұмыстарға жіберілді.

Тұрғын  үй  құрылысы 
Ауданда 1 сәуір 2008   жылға  жалпы  алаңы 80 шаршы метр 1 тұрғын үй пайдалануға берілді. 

Жолдар.
Жергілікті маңызы бар жолдардың жұмысын қамтамасыз етуге 2008 жылға жергілікті бюджеттен 88,3 млн.теңге, оның ішінде автомобиль жолдарының ағымдағы жөндеу, күтіп ұстау жұмыстарына 20,5 млн.теңге және жамылғылы жол бөліктерінің маршрутты жөндеу жұмыстарына 67,8 млн.теңге қаржы қаралды.

Сумен  қамтамасыз  ету.
«Таза су» бағдарламасын жүзеге асыруда жұмыстар атқарылуда.
Ақжар ауылындағы су құбыры жүйесін күрделі жөндеуден өткізуге жергілікті бюджеттен 40,1 млн. теңге,  оның ішінде 1 тоқсан 2008 жылға   13,0 млн.теңге қаралып,  игерілді.
Құйған ауылындағы  су  құбыры  жүйесін  күрделі  жөндеуден  өткізуге  жергілікті  бюджеттен  23,5 млн.теңге, оның ішінде 1 тоқсан 2008 жылға   10,0 млн.теңге қаралып,  игерілді.
Жамбыл ауылындағы  су  құбыры  жүйесін  күрделі  жөндеуден  өткізуге  жергілікті  бюджеттен  13,9 млн.теңге  қаралып, оның ішінде 1 тоқсан 2008 жылға   5,0 млн.теңге қаралып,  игерілді.
Көкжыра  ауылындағы  су  құбыры  жүйесін  жаңғыртуға  республикалық бюджеттен  2008  жылға  90,1 млн.теңге  бөлінді.

Абаттандыру, көгалдандыру   және  санитарлық  тазалық.  
Аббаттандыру мен көгалдандыруға 4,7 млн.теңге қаралып, оның ішінде 1 тоқсан 2008 жылға 0,2 млн.теңге қаралып, игерілді.  Жарықтандыруға 2,7 млн.теңге қаралып, оның ішінде 1 тоқсан 2008 жылға  1,4  млн.  теңге қаралып, игерілді. Санитарлық  тазалық  жұмыстарын  атқаруға  2,2  млн.  теңге  бөлініп, оның ішінде 1 тоқсан 2008 жылға 0,1 млн.теңге қаралып, игерілді. Жоспарланған  жұмыс  көлемі  атқарылуда. 

 

Похожие:

1 тоқсан 2008 жылғы Тарбағатай ауданының әлеуметтік экономикалық дамуы туралы хабарлама iconТарбағатай ауданының 1 қазан 2005 жылға әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
Тарбағатай ауданы негізінен аграрлық регионға жатады және экономика саласында дәстүрлі мал шаруашылығы дамыған, облыс бойынша мал...
1 тоқсан 2008 жылғы Тарбағатай ауданының әлеуметтік экономикалық дамуы туралы хабарлама iconБұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе
Ауданның 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы «27» тамыздағы...
1 тоқсан 2008 жылғы Тарбағатай ауданының әлеуметтік экономикалық дамуы туралы хабарлама iconЗайсан ауданының әкімі С. З. Зайнулдиннің ауданның 2012 жылғы І жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті баяндамасының тезистері
Ауданымыздың 2012 жылғы 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық үрдісінің негізгі бағыттары төмендегідей
1 тоқсан 2008 жылғы Тарбағатай ауданының әлеуметтік экономикалық дамуы туралы хабарлама iconЖарма ауданының 2011 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы Ақпарат
Ауданның экономика және әлеуметтік сала дамуының жалпы беталысы ағымдағы жылдың өткен кезеңімен салыстырғанда оң серпінде
1 тоқсан 2008 жылғы Тарбағатай ауданының әлеуметтік экономикалық дамуы туралы хабарлама iconМаңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2012 жылғы қаңтар – сәуірдегі қорытындылары туралы Ағымдағы жылы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы
Ы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларға,...
1 тоқсан 2008 жылғы Тарбағатай ауданының әлеуметтік экономикалық дамуы туралы хабарлама iconҰлан ауданының 2008 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы ҚОҒамдық-саяси ахуал
Ауданда «Ұлан жастары» қоғамдық бірлестіктері, ақсақалдар, ардагерлер, әйелдер және оралмандар кеңестері табысты жұмыс істейді
1 тоқсан 2008 жылғы Тарбағатай ауданының әлеуметтік экономикалық дамуы туралы хабарлама iconҰлан ауданының 2010 жылғы 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы Анықтама
...
1 тоқсан 2008 жылғы Тарбағатай ауданының әлеуметтік экономикалық дамуы туралы хабарлама iconШарбақты аудан әкімдігінің 2009 жылғы «28» қазандағы №228/8 қаулысына қосымша
Шарбақты ауданының 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық дамуының болжамы (одан әрі-Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы)...
1 тоқсан 2008 жылғы Тарбағатай ауданының әлеуметтік экономикалық дамуы туралы хабарлама iconАягөз ауданының 2005 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Аягөз ауданының 2005 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы экономикалық өсу тенденциясын көрсетеді
1 тоқсан 2008 жылғы Тарбағатай ауданының әлеуметтік экономикалық дамуы туралы хабарлама icon2011 жылғы қаңтар-маусымда Шемонаиха ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
Аудан экономикасында өнеркәсіп үлесі 50 құрайды. Салада 5000 адам немесе аудан экономикасында жұмыс істейтіндердің жалпы санынан...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница