Егінсу ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті округ тұрғындары!




Скачать 87.32 Kb.
НазваниеЕгінсу ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті округ тұрғындары!
Дата конвертации07.03.2013
Размер87.32 Kb.
ТипДокументы
Егінсу ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі

Құрметті округ тұрғындары!
Ауылдық округ әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру, кездесуін ашық деп жариялаймын!

Елбасының 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдарының жергілікті тұрғындар алдында атқарған жұмыстары жайындағы есебі» туралы Жарлығын іске асыру мақсатында, жыл сайын әкімдердің есеп беру кездесулері өткізіледі.

Бұл жұмыс тұрғындарды елде болып жатқан әлеуметтік – экономикалық, саяси реформалармен хабардар етуді жоғарлатуға бағытталған.

Бүгінгі менің есебіме аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бастығы Касенов Досымхан Ануарбекұлы қатысып отыр.

Жыл бойынша сіздермен әртүрлі сұрақтар бойынша бірнеше кездесулер өткізілді. Оларда проблемалық сұрақтар талқыланып, олардың шешілу жолдары қаралды. Бүгін біз соларды қорытындылаймыз. Былтырғы жылғы есеп беру кездесуде осы ауылдағы ауыз су мәселесі туралы сұрақ қойылған болатын. Бүгінгі күні ауылды сумен қамтамасыз ету жүйесін жөндеуге республикалық және облыстық бюджеттен 186 млн. теңге қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Сондай – ақ ауылда дәріхана жоқтығы туралы сұрақ көтерілген. Бұл мәселе облыс көлемінде оң шешімін тауып, бүгінгі күні Жанұзақ және Борсақ ауылдарындағы медициналық кызметкерлер тестілеуден өтіп, дәрі – дәрмек сату үшін сертификат алды. Ұлан ауылының медициналық қызметкері тиісті лицензияны алған соң, осында да , дәрі – дәрмек сататын пункт ашылады.

Ұлан ауылында Почта пункті аптасына 3 күн жұмыс істейді. Барлық төлем ақы, журнал газеттерге жазылу жұмыстары толық көлемде жүргізіледі.

Алматы тас жолынан Ұлан ауылына дейінгі жолды жөндеуге жоба жасалынып, экспертизадан өтті. 2012 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Ауылда электрик жоқ, бұл сұрақ толық көлемде әлі шешімін тапқан жоқ. Борсақ, Жанұзақ ауылдарының көшелерін жарықтандыруға 2012 жылға тапсырыс берілді.

Аудан, облыс орталығына қатынасу үшін автобус қажет. Бұның есебі жасалынып ауданаралық қатынас жасау үшін аудандық коммуналдық шаруашылық бөліміне сұраныс жасалынды.
Ауыл шаруашылығы
Округтің экономикалық негізгі бағыты – ауыл шаруашылығы болып табылады. Округ көлемінде ірілі – ұсақты 86 шаруа қожалығы, 2 ЖШС бар. Оларда барлығы 1897 бас ірі қара мал, олардың ішінде – 800 бас сиыр, 6155 бас қой, 1389 бас жылқы, 251 бас ешкі бар. Жеке қосалқы шаруашылықтарда 2189 бас ірі қара мал, олардың ішінде – 933 сиыр, 4664 бас қой, 467 бас жылқы, 800 бас ешкі бар.

Тұрғындармен барлығы – 463 тонна ет, 2764 тонна сүт, 128100 дана жұмыртқа өндірілді.

Шаруа қожалығымен – 328 тонна ет, 1800 тонна сүт өндірілді.

Ауылдағы «Көрпебай», «Бүркіт», «Жандос», «Тоғанас» шаруа қожалықтары облыс орталығындағы аудан көлемінде өткізілетін демалыс күнгі жәрмеңкелерге белсене қатысып, өз өнімдерін арзандатылған бағамен сатады.

Өткен қиын қыста осы шаруа қожалығының басшылары ауыл тұрғындарына жем, шөппен тегін көмек жасады.

Бүгін осы шаруашылықтардың басшыларына Е. Мурсалимовқа, Т. Ахметжановқа, М. Сулейменовке әкімшілік атынан ризашылығымызды білдіргіміз келеді.

Округте барлығы 76200 га жер учаскесі бар, оның ішінде – 9447 га егістік жер, шабындық – 3748 га, жайылым жерлер – 34641 га, орташа балл бонитет – 22.

Сондай – ақ картоп салу бойынша тапсырма да орындалды. 92 га жерге картоп егіліп, жақсы өнім алынды. Тұрғындардан сүт жинау «Шығыс сүт» жауапкершілігі шектеулі серіктестік арқылы жүргізілуде. Биылғы жылғы қысқа шөп толық көлемде жиналды.

Келген оралман ағайындарға 2780 га жер бөлініп беріліп суармалы арық тазаланып, су жіберіліп, осының арқасында картоптан мол өнім алынды. Осы жылы 2 ауылдық өндірістік кооператив ұйымдастырылды. Округ бойынша шағын кәсіпкерлікпен 13 адам шұғылданып халыққа игілікті істер атқаруда.

Ауылдық округ бойынша 2011 жылы салынған егістік көлемі және алынған өнім

Дәнді дақылдар

бидай

арпа

күнбағыс

картоп

көкөніс

шөп




100 га

250 ц

618,2 га

963 ц

500 га

1300 ц

94,7 га

3588 ц

7 га

735 ц

2633 га

11440 ц


Әлеуметтік сала.
2011 жылы ауылда 9 отбасы немесе 30 адам 150890 теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек алды. 39 отбасы немесе 83 адам 817581 теңге көлемінде балаларға арналған көмек алды. 32 отбасы 434642 теңге тұрғын үй жәрдемақысын алды.

Округ бойынша алты және одан да көп бала тәрбиелеп, өсірген 1 ана «Алтын алқа», 1 ана «Күміс алқа» белгілерімен марапатталып, тиісті жәрдемақыларын алып отыр.

Округте бір әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Ол 6 жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге көмек көрсетеді.

Жыл басынан 20 адам қоғамдық жұмысқа қатысты. Бүгінгі күні жұмыссыздар саны – 5 адам. 20 адамға 650227 мың теңге төленді.

Биылғы жылы 14 оралман механизатор курстарын оқып шықты.

«Жұмыспен қамту 2020» бірінші бағдарламасы бойынша шопырдың оқуына 2 адам, есепші 1 адам, малды ұрықтандырушы мамандығына 2 адам оқуға жіберілді.

Осы бағдарлама бойынша 4 бала колледждерде оқуға жолдама алды. Олар: Байбатыров Тимур, Асылханов Мейірбек Саратовка ауылындағы ауыл шаруашылық колледжіне, Кенжебекулы Ернар, Шайзатов Даният Өскемен қаласындағы Серікбаев атындағы ІТ колледжіне.

«Жұмыспен қамту 2020» екінші бағдарламасы бойынша 7 адам несие алуға өз өтініштерін және бизнес жобаларын тапсырды. Өкінішке орай 7 тапсырылған жобаның ішінде 1 жоба қабылданып 6 жобада кепілдікке қойылған мүлік құны жетпегендіктен қабылданбады.
Білім беру саласы.
Ауылдағы С.Аманжолов атындағы орта мектепте 135 оқушы оқиды. Онда 12 комплект сыныптары, 2 – жаңа технология, 1 – физика, 1 – химия, пәндік және 1 – мультимедиялық кабинеттер бар, 22 ұстаз қызмет етеді. Бірыңғай Ұлттық тестілеудің нәтижесі орташа 86,7 балды құрады.

1-4 сынып оқушылары мен аз қамтылған отбасының балалары толығымен ыстық тамақпен қамтылып, облыс әкімінің тапсырмасын орындау мақсатында, күнделікті балалардың рационына бал енгізілген.

Барлық мектептерде 1-4 сынып оқушылары мен аз қамтылған отбасының балаларына тегін тамақ беру ұйымдастырылған. Демеушілік жасап отырған азаматтар бар, олар – Сулейменов Мырзахан, Ахметжанов Турсынбек, Бухарбаев Қайрат, Кунафин Орал, Самарханов Нурбек, Азаматов Надір, Мухамадиев Құмарғазы, Сабырова Зинаят апай, Кумарбеков Бекболат ет, сүт, бал өнімдерімен көмек көрсетті.

Ауыл мектебінің қасында 20 орындық интернат жұмыс істейді. Бүгінгі күні онда 15 бала тұрып білім алуда. Интернат барлық жабдықтармен қамтылған.

Сондай-ақ 20 орындық шағын балалар орталығы жұмыс істеуде.

Сонымен осы жылы балалар үйінен 23 баланы асырап алуға ниет білдірген отбасылар болды. Қазіргі уақытта Жанұзақ ауылынан Ахметжанова Айтжан 2 қыз бала, Магауиянов Марат 1 ұл баланы қамқорлыққа алды.
Денсаулық саласы
Ауылда дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді. 5 медициналық мамандар тұрғындарға қызмет көрсетеді. Амбулатория ғимараты «Жол картасы» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өткен. Жыл көлемінде 12 нәресте дүниеге келген, қайтыс болған адамдар саны – 9.

Амбулаторияның басшысы – Шаямбекова Еркеш Сайдыгумаровна – ерінбей, күндіз-түні ауыл тұрғындарына көмегін көрсетеді.

Алдын ала емдеу жұмыстары және профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Кезекшілік ұйымдастырылған.

Салық
Округ бойынша тұрғындардан жер салық төлемі – 108637 теңге, мүлік салығы – 29680 теңге, біржолғы талондардан 54650 теңге жиналды. Салық жинау бойынша жоспар 2011 жылы 100 пайызға орындалды.
Көші – қон
Көшіп келген адамдардың саны – 65,

Көшіп кеткен адамдардың саны – 30.

Негізінен Қазақстанның ішіндегі оқу, жұмыс істеу үшін көшіп-қонулар.
Құқық қорғау
Округте учаскелік полиция қызметкері Заманбеков Айдар жұмыс істейді. Қызмет көрсету аумағында 1715 адам тұрады, Ұлан ауылында 1273 адам тұрады.

Жыл көлемінде 20 заңбұзушылықтар тіркеліп, олар бойынша 12 қылмыстық іс қозғалды.

Профилактикалық тіркеуде 54 адам тұр. Оның ішінде дәреже бойынша: – 53 адам ішімдікпен қиянат көретіндер;

- 1 адам мерзімнен бұрын шартпен босатылған.

2 адам 6 айдан 3 жылға дейінгі мерзімде араққорлықтан емделуге Өскемен қаласына жіберілді.

Ауылдық округте қоғамдық тәртіпті бақылау бойынша 7 адамнан құрылған 2 бірлестік ұйымдастырылған.
Азаматтардың арыз-өтініштерімен жұмыс
Барлық түскен арыз-өтініштер – 7, 2010 жылы –7.

  • жер мәселелері жөнінен – 7;

Арыз-өтініштер уақытында қаралып қойылған талап-тілектер шешімін тауып, арыз иелеріне хабарланады.
Ауылды көркейту және көгалдандыру.
Шығыс Қазақстан облысы әкімімен жарияланған 2 айлық санитарлық тазалық бойынша округте қыстай жиналған қоқыстарды жинау бойынша сенбіліктер және «Таза бейсенбі» күндері өткізілді. Бұл іс-шараларға «Тоғанас» шаруа қожалығының техникалары мен оралман ағайындардың шағын тракторлары жұмылдырылып, бұзылған ғимараттардың орындары тазаланып, тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

Мектептің, ескерткіштің маңайлары тазаланып, гүлзарлар жасалды, сонымен қатар 50 түп ағаш отырғызылып, қоршаулары боялды.

Бюджет
2011 жылғы ауылдық округтің әкімі аппаратының бюджеті 6545,0 мың. теңгені құрады, оның 6223,0 мың. теңгесі ауылдық округтің қызметін қамтамасыз ету үшін.

Ауылдық тазалығына бөлінді – 80,0 мың. теңге, көріктендіру жұмыстарына – 100,0 мың теңге, жарықтандыру – 142,0 мың теңге.

2012 жылдың бюджеті 9 млн. 874 мың теңге, оның ішінде көшелерді жарықтандыруға – 2 млн.750 мың теңге, тазалыққа – 100 мың теңге, көріктендіру жұмыстарына – 120 мың теңге бөлінді.

Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Қазақстан халқына жолдауында, Қазақстанның 2011 жылға арналған даму бағдарламасын, ғаламдық экономикалық және саяси ықпалды қайта бөлу мен тарихи кезеңдер ауыса бастаған күрделі уақытта ұсынды. Біздің дағдарыстан шынығып, ширап шығуымыз қажеттігіне көбірек көңіл аударды. Біз ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам бастық. Біз бүгінгі Жолдау арқылы мерейлі белестегі атқарған істерімізді қорытындылап, болашаққа бағдар жасадық. Әкімшілік осы жолдаудан туындаған міндеттерді облыс, аудан әкімінің берген тапсырмаларын жүзеге асыру үшін жыл басында жоспар құрып осы жоспарға байланысты жылдық жұмысты жүргізді. Осы атқарылған жұмыстарға ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесі және жастар ұйымы да қатысты.

2011 жылы саяси жаңалықтарға толы болды. Ол Қазақстан Республикасының Президентінің сайлауы.

ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі.

ҚР Сенат депутаттарын сайлау

2011 жылы еліміздің барлық халқы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығын атап өтті. «Туған жерге тағзым», «20 қайырымдылық іс» акциялары жыл бойы жүргізілді. Бұл акцияға белсене араласқан шаруа қожалық басшыларына, мектеп түлектеріне өз алғысымызды білдіреміз.

Біздің міндетіміз осы мерекені тұрғындардың тұрмыс деңгейін жақсартып, үлкен нәтижелерге қол жеткізіп, бейбітшілік өмірде қарсы алу жұмыстары жүргізілді.

Құрметті ауыл тұрғындары! Өздеріңізге белгілі, елімізде өткізілген Президентті сайлау кезінде округ тұрғындары өздерінің белсенділіктерін танытты, округ бойынша Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа 99 пайыздан жоғары дауыс берілді. Ол дегеніміз еліміздің тұрақтылығына, болашағына және бірлігіне дауыс берді деп түсінуге болады. Қазақстан еліміздің экономикасы, гүлденуі және біздің бейбіт өмір сүруіміз өзіміздің қолымызда.

2012 жылдың 15 қаңтар күні Мәжіліс сайлауымен бірге жергілікті мәслихаттардың сайлауы өткізіледі. Округтік сайлау учаскелік комиссиясы жұмыстарын істеуде. Осы алдымыздағы сайлауда өз белсенділіктеріңізді көрсетулеріңізді сұраймын.

Біздің алдымызда елімізді асқар асуларға бастайтын тарихи маңызы зор тағдырлы шешімдер қабылдау міндеті тұр. «Нұр Отан» партиясының XIV съезі жаңа кезеңге бетбұрыс бастауы болады деп үміт артамыз.

Біздің қуатымыз – бірлікте.

Біз берік бірлігіміз бен бекем тірлігіміз арқылы ұланғайыр жетістікке қол жеткіздік.

Алдағы уақытта да иық тіресе жүріп, биік белестерді бірге бағындыра береміз.

Біздің бағытымыз айқын, болашағымыз жарқын.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын!

Похожие:

Егінсу ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті округ тұрғындары! iconЕгінсу ауылдық округінің 2010 жылы атқарылған жұмысы туралы округ әкімінің есебі Құрметті ауылдастар !
Ауылдық округі әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру, кездесуін ашық деп жариялаймын!
Егінсу ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті округ тұрғындары! iconАйыртау ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауыл тұрғындары!
Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі №1546 Жарлығына сәйкес жыл сайын Республика көлесінде осы мерзімде барлық деңгейдегі...
Егінсу ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті округ тұрғындары! iconБозанбай ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауылдастар!
Біз бүгін 2011 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылау және 2012 жылы жоспарланған іс- шараларды талқылау үшін кездесіп отырмыз
Егінсу ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті округ тұрғындары! iconАйыртау ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауыл тұрғындары!!!!
Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы 2005 жылғы 6 сәуірдегі №1546 Мемлекет басшысының...
Егінсу ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті округ тұрғындары! iconБозанбай ауылдық округі әкімінің тұрғындар алдындағы 2010 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі Құрметті ауылдастар!
Біз бүгін 2010 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылау және 2011 жылы жоспарланған іс – шаралар талқылау үшін кездесіп отырмыз
Егінсу ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті округ тұрғындары! iconТаврия ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі
...
Егінсу ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті округ тұрғындары! icon2011 жылға атқарылған жұмыстар туралы Новопокровка ауылдық округі әкімінің есебі. «ШҚо бородулиха ауданы Новопокровка ауылдық округі әкімінің аппараты»
Мм жұмысы ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, Қр конституциясын,...
Егінсу ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті округ тұрғындары! iconҚұрметті Төлеген Тоқтаров ауылдық округінің тұрғындары және қонақтары! ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2005ж 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы ұйымдастырушының жетекшілерінің халыққа есеп беру кездесулерін жүргізу туралы»
Төлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылғын жұмыстары туралы есебі
Егінсу ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті округ тұрғындары! iconКеңсай ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар жөніндегі есебі
Округ аумағындағы 4 мектепте 454 оқушы білім алуда, олардың 189 тұрақты ыстық тамақпен қамтылған. Биылғы жылы Жарсу орта мектебінің...
Егінсу ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті округ тұрғындары! iconАзовое ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі
Округтың жалпы көлемі 56493 га құрайтын үш елді мекеннен құралған,адам саны 1037
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница