Ұлан ауданының әкімі Б. С.Үйсімбаевтың 2009 жылда атқарылған жұмыстар туралы тұрғындар алдындағы есебі және ауданның 2010 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы




Скачать 251.26 Kb.
НазваниеҰлан ауданының әкімі Б. С.Үйсімбаевтың 2009 жылда атқарылған жұмыстар туралы тұрғындар алдындағы есебі және ауданның 2010 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы
страница1/3
Дата конвертации11.07.2014
Размер251.26 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3
Ұлан ауданының әкімі Б.С.Үйсімбаевтың 2009 жылда

атқарылған жұмыстар туралы тұрғындар алдындағы есебі және ауданның 2010 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы
1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Ауданның агроөнеркәсіп кешені 1195 ауылшаруашылық құрылымын біріктіреді, оның ішінде 1171 шаруа қожалықтары, 5 коммандиттік серіктестік, 16 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 2 өндіруші кооператив, 1 акционерлік қоғам.

Ұлан ауданының аумағы 962481 гектар жерді құрайды, ауыл шаруашылығына арналған жерлер 527877 гектар, оның ішінде: жайылымдар-323708 га, шабындықтар-35042 га, егістік-115551 га және 24686 гектар тыңайған жерлер.

2009 жылы 106 мың гектар айналымындағы егістіктің ауыл шаруашылық дақылдарының егістік алқабы 96894 гектарды құрады, ол 2008 жылмен салыстырғанда 7400 гектарға немесе 8,3% артық.

44369 гектарға астық дақылдары, 27252,8 гектарға күнбағыс, 1002 гектарға картоп, 244 гектарға көкөніс, 2014 гектарға азықтық жүгері, 22010 гектарға бір жылдық және көп жылдық шөп егілді.

Астық дақылдары барлық аумағында кондициялық және аудандастырылған тұқымдармен себілді, оның ішінде 1-2 класты тұқым 80 пайызды құрайды.

Аудан шаруашылықтарын жоғары сапалы және аудандастырылған тұқымдармен қамтамасыз ету үшін ауданда I, II және III репродукциялық тұқымдарын өндіретін 4 тұқым шаруашылықтары және 1 элиталық тұқым шаруашылығы жұмыс істеуде. Тұқым өндіретін шаруашылықтарда 2009 жылғы астықтан 4700 тонна бидайдың, 760 тонна күнбағыстың және 30 тонна көпжылдық шөптердің тұқымдары сатуға дайындалды. 2009 жылғы желтоқсан айында «АгроБам» ШҚ күнбағыс және дәнді дақылдардың тұқымдарын өндіретін элиталық тұқым шаруашылығының мәртебесіне ие болды.

2008 жылы ылғал үнемдеу технологиясы бойынша 20 мың гектарға ауыл шаруашылық дақылдары себілсе, 2009 жылы 35 мың гетарға себілді немесе тапсырма 100% орындалды. Ауданда жоғарыда аталған технологияны қолданатын шаруашылықтар: «Изумруд» ЖШС, «КХ Багратион ВВГ» ЖШС, «Калантаевский» ШҚ, «АгроБам» ШҚ, «Багратион» ШҚ, «Багратион –2» ШҚ, «Иртыш» ЖШС, «Украинское» ЖШС, «Степное» ШҚ, «Кзыл-суАгро» ЖШС және т.б.

2009 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін ауданның шаруашылықтарына республикалық бюджеттен 131,9 млн. теңге субсидия бөлініп игерілді. Сондай ақ, күнбағыстың егістік алаңы артқандықтан қосымша 19,6 млн. теңге субсидия игерілді.

Ағымдағы жылы минералдық тыңайтқыштардың құнын арзандатуға арналған бағдарлама бойынша барлығы 92 тонна минералдық тыңайтқыш сатып алынды.

2009 жылы 60,2 млн.теңгеге 8 дана ауыл шаруашылық техникасы алынды және картоп егісін молайту үшін «Екимбаев» шаруа қожалығы екінші шетелдік жаңбырлатқыш қондырғысын 20 млн. теңгеге сатып алды.

2009 жылы дәнді дақылдардың жалпы түсімі 65 мың тонна, 1 гектардан орташа алынған өнім 15 центнерді құрады, немесе 2008 жылмен салыстырғанда 6 есеге артық. Күнбағыстың жалпы түсімі 21 мың тонна, картоп 18 мың тонна және көкөніс 2 мың тонна.

Мал қыстатуға 230 мың тонна шөп дайындалды немесе тапсырма 148% орындалды, 6,3 мың тонна пішендеме, 49,3 мың тонна азықтық жүгері және 31,2 мың тонна сабан дайындалды.

Ұлан ауданының мал шаруашылығы көп салалы болып келеді. Сүтті, етті ірі қара шаруашылығы, қылшықты және жартылай қылшықты қой шаруашылығы, өнімді жылқы шаруашылығы, шошқа, құс, марал, түйе және ара өсіру шаруашылықтары ілгері дамыған. 2009 жылғы 1 желтоқсанға ауданда ірі қара мал- 45524 басты, қой және ешкі- 104654 басты, жылқы -13106 басты, шошқа- 7498 басты және құс- 912641 басты құрады. Қой және ешкі, жылқы малдарының саны 6,6 және 13,7 пайызға өсуі байқалады.

2009 жылғы 1 желтоқсанға 19777,7 тонна ет, 47355,6 тонна сүт, 15663,2 мың дана жұмыртқа өндірілді. Сүт өндіру 1,4 пайызға өскендігі байқалады.

2008 жылы ауданда 11 асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылық болған, ал 2009 жылы осындай мәртебеге тағы 5 шаруашылық ие болды, оның ішінде марал шаруашылығы «Багратион» ШҚ. Ауданда «Симменталь», «қазақтың ақ бас» ірі қара малы, «Еділбай» және «Байыс» тұқымды қой, «Жәбе» тұқымды жылқы және шошқаның «Ірі ақ» тұқымы тараған.

Асыл тұқымды мал басының үлесі барлық ірі қара малдың 7,8 пайызын, қойдың 11,1 пайызын, жылқының 12,1 пайызын және шошқаның 14,3 пайызын құрайды.

Асыл тұқымды шаруашылықтар 2009 жылы 265 бас ірі қара, 144 бас жылқы, 2748 бас қой және шошқадан 43 бас асыл тұқымды мал сатылған. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға 33,1 млн теңге субсидия бөлініп игерілді.

Бүгінгі күні ауданда ірі қара малды бордақылайтын 23 алаңшалар жұмыс істеп тұр. Соның ішінде бордақылаудағы мал саны 3993 бас. 3345 бас шошқа бордақылайтын 5 алаңша жұмыс істеуде. Осы құрылымдарда 613,3 тонна ірі қара малдың еті ; 205,9 тонна шошқа еті, барлығы 819,2 тонна ет өндірілді.

«Өскемен құс фабрикасы» акционерлік қоғамы республика бойынша ең ірі құс етін өндіруші. 2009 жылдың 11 айында 8265,1 тонна құс еті өндірілді. Өндірген ет үшін тиісті субсидия көлемі 574,8 млн. теңгені құрады.

Ауданда 1974 бас сауын сиыры бар 7 тауарлы-сүт фермасы жұмыс істеуде. Өткен жылдың 11 айында 3958,1 тонна сүт өткізілді. Субсидия көлемі 42,8 млн теңгені құрады.

Ірі қара малдардың өнімділік сапасын көтеру мақсатында ауданда 12 малды қолдан ұрықтандыру пункті құрылып, жұмыс істеуде.

Ауданда қазіргі уақытта 5 мал сою пункті жұмыс істейді, оның ішінде 2009 жылы маусым айында «Өскемен құс фабрикасы» АҚ негізінде қуаттылығы сағатына 4000 басты соятын құс сою зауыты іске қосылды.

2009 жылдың желтоқсан айында «Айтказина» ШҚ-ның негізінде мал сою цехі іске қосылды, ол үшін облыстық бюджеттен 10,0 млн. теңге несие бөлінді. 2010 жылдың 1 қаңтарына ауылдық округтерде есептік нөмірлері алынып, 10 мал сою алаңы іске қосылды. 4 мал сою алаңы дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Құнсыздану үрдістерін тежеу мақсатында және Өскемен қаласы мен Ұлан ауданы әкімдіктерінің ет жеткізу жөніндегі қол қойылған меморандумы негізінде, ауданның ауыл шаруашылық құрылымдары күнделікті «Жәрдем» базарының 8 сату орындарында және апта сайын өткізілетін жәрмеңкелерде ірі қара мал мен қой етін өткізеді. Бекітілген квота бойынша ауылшаруашылық малдарының еті Өскемен қаласының басқа да базарларына тапсырылады. 2009 жылы «Жәрдем», «Дина», «Арзан» және «Шығыс Таңы» базарларына 413 тонна ірі қара еті, 205,9 тонна шошқа еті, 14,25 тонна қой еті және 1,57 тонна жылқы еті өткізілді.

Ауданда 2 МТС жұмыс істейді: Айыртау ауылдық округінде «Колос» шаруа қожалығының негізінде құрылған «Уланская МТС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «ШҚ Ауыл шаруашылық колледжі» негізінде құрылған «УланАгросервис» машина технологиялық станциясы қызмет етеді.

Ұлан ауданында азық-түлік өнімдерін қайта өңдейтін 59 кәсіпорын тіркелген, оның ішінде 1 ірі және 2 орта.

Ауданның 23 елді мекендерінде 31 орталықтандырылған сүт жинау пункттері құрылды. Қазіргі уақытта 3 кенттен басқа барлық ауылдық округтерде сүт қабылданады.

Сүт өңдеу кәсіпорындарында өндірілген барлық өнім Шығыс Қазақстан облы-сының қалалары мен ауылдарындағы дүкендер жүйесінде және одан тыс жерлерде сатылады.

Ағымдағы 2010 жылы ауданның агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында жоспарланған :

- асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылық құру: ірі қара малдан-Аблакет, Бозанбай,Каменка; жылқыдан- Бозанбай,Каменка ауылдық округтерінде;

- Саратовка ауылдық округінде және Асубұлақ кентінде мал өлекселерін сақтайтын орын салу;

- Аблакет,Бозанбай ауылдық округтерінде ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау-өткізу кооперативін құру;

- Төлеген Тоқтаров ауылдық округінде су тұтынушылар кооперативін құру;

- Аблакет, Алмасай, Бозанбай және Егінсу ауылдық округтерінде жылыжай салу;

- 2010 жылы егістік алаңдарын қосым-ша 10% ұлғайту жоспарлануда;

- 2010 жылы «Екимбаев» ШҚ картоп тұқымын өндіретін элиталық тұқым шаруашылығы мәртебесін алуға әзірлік жұмыстарды аяқтау;

- суармалы жерлер аумағын 450-500 гектарға ұлғайту;

- Егінсу, Гагарин ауылдық округтерінде наубайхана салу.

2. КӘСІПКЕРЛІК

2009 жылғы 4 ақпанда Ұлан ауданы әкімінің орынбасарымен «Ұлан ауданының кәсіпкерлігін дамыту және қолдаудың 2009-2011 жылдарға арнал-ған іс-шаралар жоспары» бекітілді.

Аталған іс-шаралар жоспары бес бағыттан тұрады, ол: шағын кәсіпкерлік қызметінің құқықтық шарттарын жетілдіру, кәсіпкерлікті дамытудағы кедергілерді жою; шағын кәсіпкерлікті қаржы-кредиттік және инвестициялық қолдау; индустриялық-инновациялық бағыттағы шағын кәсіпкерлікті дамыту, бәсекеге қабілеттілігін арттыру; шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымын дамыту; шағын кәсіпкерлікке оқыту, ақпараттық қамтамасыз ету және насихаттау.

2010 жылдың 1 қаңтарына салық басқармасының мәліметінің негізінде аудан бойынша 2085 шағын кәсіпкер субъектісі тіркелген, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 3 % артық.

Тіркелген 2085 шағын кәсіпкерлік субъектісінің 97-і заңды тұлғалар, 817-і жеке кәсіпкер, 1171-і шаруа қожалықтары.

2009 жылы 30 жаңа кәсіпкерлік субъектісін ашу жоспарланып, бүгінгі күні 44 субъекті ашылды. Олар: 12 дүкен, 6 кафе, 10 шаштараз, 4 аяқ киім жөндеу пункті, 1 шағын наубайхана, 3 шиномонтаждық пункт, 2 фото ателье, тұрмыстық техника жөндеу пункті, асфальт шығаратын зауыт, гранитті қайта өңдеу цехы, құрылыс материалдарын өндіру цехы, кондитерлік цех, ветеринарлық аптека, екі демалу базасы.

Ауданға 83,4 млн.теңге инвестиция тартылды. Кіші кәсіпкерлік субъектілерінде 97 жұмыс орны ашылды. Барлығы жаңа құрылған кәсіпкерлік субъектілерінен түскен салық 1108,7 мың теңгені құрады. Ауданда кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын «Ұлан ауданының кәсіпкерлер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі құрылып, жұмыс істей бастады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерді қаржылай қолдау мақсатында несиелеу жұмыстары «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры және жергілікті несиелеу ұйымдары арқылы жүргізілуі жоспарланған. Олар: «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Көмек» ШНҰ, «НС Айыртау несие» ЖШС.

Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру үшін бүгінгі күнге мемлекеттік меншіктегі пайдаланылмайтын объектілерді шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүлікті жалға алуға немесе сенімді басқаруға беру жөніндегі және жер учаскелерін беру жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

2009 жылдың 1 қарашасына кәсіпкер-лерге 3 ғимарат комиссия шешімімен өтіп, ШҚО қаржы басқармасына жіберілді. Және барлығы 35 га жер учаскелері берілді.

Өнеркәсіп кәсіпорындарының, соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатындардың қа-тысуымен облыстық және аудан-дық деңгейде жәрмеңкелер, көр-мелер өткізіледі. Ауданымызда ауылшаруашылық өнімдерінің баға-ларын тұрақтандыру мақсатында әр сенбіде демалыс күн жәрмеңкесі ұйымдастырылып, барлығы 49 рет өткізілді.

Осы жәрмеңкелерде ет 450-500 теңгеден, сүт 50 теңгеден, сәбіз 35 теңгеден, қырыққабат 35 теңгеден, картоп 30 теңгеден, бал 800 теңгеден, өсімдік майы 140 теңгеден және әр түрлі жармалар төменгі бағамен сатылды.

Жыл басынан өткізілген демалыс жәрмеңкелерінде 34,2 тонна сиыр еті, 7,0 тонна қой еті, 2,5 тонна жылқы еті, 18,3 тонна картоп, 2,3 тонна сәбіз, 1,8 тонна қырыққабат, 4,6 тонна өсімдік майы, 1,8 тонна сүт және 1,5 тоннадан артық әртүрлі жармалар сатылды.

Аудандық әкімшілік және «Шығыс өнімдері» ЖШС арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Нәтижесінде «Шығыс өнімдері» ЖШС сауда павильонын орнатты, онда аудан шаруашылықтарының өнімдері 5-7 % ғана үстеме ақымен сатылады.

Нан өнімдерінің инфляциялық процестерін тежеп, наубайханаларды қолдау үшін 2009 жылдың қаңтарынан бастап облыстық тұрақтандыру қорынан 40 тонна 1 сортты ұн бөлініп берілді.

Ауданда «Казагромаркетинг» АҚ филиалы құрылып, АШКО маман-кеңесшісі агроөнеркәсіп кешенінің субъектілеріне консультативтік қызмет көрсетеді.

Сонымен қатар шағын кәсіпкерлікті дамыту, мемлекеттік қолдау туралы сұрақтар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялануда.

Кәсіпкерлікпен айналысамын деген азаматтарды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы оқыту жүргізіледі. 2009 жылдың 1 қарашасына барлығы 79 адам оқуға жіберілді. Олар: 50-трактор-машинист, 6-газбендәнекерлеушілер, 9-шаштараз, 7-1С бухгалтер маманы, 3 аспаз маманы, 2 - сылақшы-сырлаушы, 1 - хатшы-референт мамандықтарына оқытылады. Сонымен қатар 2009 жылғы 13 қазанда Шығыс Қазақстан облысының әкімі және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арасында «Бизнес кеңесші» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша меморандум жасалды. Аталған бағдарлама Ұлан ауданында 2009 жылдың 19-20 қарашасында Мәдениет үйінде тегін екі күндік тренинг–оқыту арқылы жүргізілді. Тренинг–оқытудың мақсаты халыққа кәсіпкерлікпен айналысу жолдарын көрсету және оны тиімді дамыту әдістерін үйрету болып отыр.

2010 жылы шағын және орта бизнес субъектілері бойынша өндіріс орындары, зауыттар, цехтардың ашылуы жоспарланып отыр.

«АЛТАЙ TREVEL ТУР» ЖШС жобалық құны 50,0 млн. теңгені құрайтын керамзит зауытын ашуды жоспарлауда.

«Өскемен полиэтилен трубаларын шығаратын зауыты» диаметрі 500мм. полиэтилен трубаларын шығару зауытының үшінші линиясын іске қосуды жоспарлауда инвестиция жоба құны 50,0 млн. теңгені құрайтын.

«Остметал ЛТД » ЖШС жобалық құны 30,0 млн. теңгені кұрайтын металлопрокат цехы мен құю алаңын іске қосады.

«Украинка » ШҚ жобалық құны 905,0 млн. теңгені құрайтын 1000 басқа арнал-ған тауарлы-сүт фермасы салынады.

Құс етін өндіруді жылына 20000 тоннаға жеткізу үшін өндірісті кеңейту, жобалық құны 2455,0 млн. теңге «Өскемен құс фабрикасы » АҚ.

Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру үшін бүгінгі күнге мемлекеттік меншіктегі пайдаланылмайтын объектілерді шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүлікті жалға алуға немесе сенімді басқаруға беруді және жер учаскелері берілуін ұлғайту.

3. БЮДЖЕТ

Ұлан ауданының 2009 жылғы бюджеті меншікті кірісінің түсімі бойынша 104,0 пайызға орындалды. Меншікті кіріс түсімі болжамдағы сомадан 18134,8 мың теңге артық түсті.

2008 жылмен салыстырғанда меншікті кіріс түсімі 10531,0 мың теңгеге артық түсіп, өсім 2,3 пайызды құрады.

Салықтық және салықтық емес түсімдердің есептелген түсімдері 100%-ға орындалуы қамтамасыз етілді.

2010 жылғы 1 қаңтарға аудандық бюджетке төленетін мезгілінде төленбеген салық бойынша берешек жоқ.

2010 жылғы 1 қаңтарға аудандық бюджеттің шығыс бөлігі 99,5 пайызға орындалды. Игеру сомасы 2127127,9 мың теңгені құрады.

2009 жылғы 1 қаңтарға аудандық бюджеттің шотында 25748,3 мың теңге қалдық қалды. Оның ішінде: 18134,8 мың теңге-меншікті кіріс түсімнің асыра орындалуынан; 1618,5 мың теңге- коммуналдық меншікті сатудан түсетін болжамнан артық түскен түсімдер; 11007,0 мың теңгеге бюджеттік қаражаттың игерілмеуі, оның 1000,0 мың теңгесі ауданның жергілікті атқарушы орган резервінің сұратылмаған сомасы, 5012,0 мың теңге 80 пәтерлік үйдің құрылысына облыстық бюджеттен бөлінген трансферт, ТСС- ны қайта есептесуден‚ құрылыс бөлімінде Ұлан ауылында су ќұбырын ќайта жаңарту сметалық жоба ќұжаттамасының болмауынан 646,0 мың теңге, білім беру бөлімінде Бозанбай ауылындағы орта мектепті жөндеуге ЖСҚ-на мемлекеттік сатып алуды кеш өткізгендіктен 3940,0 мың теңгесі.

Бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақылары толық қөлемде төленді.

4. БІЛІМ БЕРУ

Ауданда мектепке дейінгі білім беру жүйесінің өсуіне қол жеткізілді. Қазіргі уақытта 28 шағын орталық жұмыс істейді, соның ішінде 3-уі 2009 жылы ашылды.

Ауданда 35 білім беру мекемелері жұмыс атқаруда, мұнда 4647 оқушы білім алады, соның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - 57.

Білім беру мекемелерінде оңтайлан-дыру жұмысы жүргізілді, Бетқұдық ауылындағы шағын комплектілі мектеп жабылды. Электрлік жылытуға 3 мектеп ауыстырылды. Осы шаралардан күтілетін үнемдеу 2,6 млн теңгені құрайды.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге 11-сыныптың 457 түлегінің 355-і қатысты. ҰБТ-ң қорытындысы бойынша орташа балл 71,3 құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 5,6 балға жоғары (65,7). Ең жоғары балды Молодежный орта мектебінің оқушысы Аубакирова Нұржамал және екі оқушы үздік аттестат Асубұлақ орта мектебі - Аубакирова Қымбат және Сигаева Ғалиябану алды.

Жоғары оқу орындары мен колледждерге тегін оқытуға 164 түлек түсті, бұл 2008 жылға қарағанда 54 оқушыға көп. Облыс әкімінің гранты бойынша жоғары оқу орындарына әртүрлі мамандықтарға 15 түлек жіберілді.

1-4 сынып оқушылары мен аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды ыстық тамақпен қамту мәселесі толығымен шешілді. Ыстық тамақпен қамтуға 2009 жылы 17795,0 мың. теңге бөлінді.

Бүгінгі күні 12-жылдық оқытуға көшу жұмыстары жүргізіліп жатыр, 3248,0 мың теңгеге мектеп жиһаздары алынды.

Ауданның 35 мектебі интернет жүйесіне қосылған (100%). 9 мектептің спутниктік жүйесі бар, бұған 2009 жылы 3850,0 мың теңге бөлінген.

Жыл сайын жаз уақытында оқушылар қала сыртындағы жалға алынатын лагерлерде демалады, биылғы жылы 210 бала демалды. Жалпыға білім беру қорынан 2100,0 мың теңге бөлінді.

Төменгі Тайынтыдағы қала сыртындағы «Царская долина» лагерінің мәселесі шешілді. Осы жылы стационарлық балалар лагері ғимаратын сатып алу жоспарлануда, осы мақсатқа аудандық бюджеттен 40,0 млн. теңге бөлу қарастырылған.

2009 жылы білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатымен:

- 7 объектінің күрделі жөндеу жұмыстарына 17, 9 млн. теңге бөлінді;

- 4 мектептің жылыту жүйелері жөнделді, 1 мектептің төбесі жөнделді;

- материалдық-техникалық базасын нығайтуға – 42,7 млн. теңге. Балаларды мектепке жеткізуге арналған 4 арнайы автокөлік, пәндік және мультимедиялық кабинеттер, жасына сәйкес мектеп жиһаздары, интерактивтік жабдықтар, асханаларға технологиялық жабдықтар және шағын орталықтарға арналған жабдықтар алынды.

Оқулықтар алуға бюджеттен 15,2 млн. теңге жұмсалды.

Аудан бойынша білім беру бюджетінің жалпы көлемінен бала бақшалар бюджеті - 3,3 % құрайды.

Педагогтарды әлеуметтік қорғау Бағдарламасы жұмыс істеуде: ауылды жерлерде бюджеттік педагог қызметкерлерге 25 % қосымша үстемеақы төленеді, жыл сайын жергілікті бюджеттен білім беру мекемелерінің мамандарына көмір сатып алу үшін жылына - 1168,0 теңге көлемінде жәрдемақы төлеу қарастырылған,

2009 жылы бір лауазымдық еңбек ақы мөлшерінде еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысы төленді, бұл 36,7 млн теңгені құрады.

Аудан мектептеріне 29 жас маман келді, оның ішінде 15-іне 70 АЕК көлемінде көтерме ақы төленді.

1 мұғалімге Привольный ауылында пәтер бөлінді.

712 педагог тегін медициналық қараудан өтті.

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргі-зуге 49806,0 мың теңге қарастырылған, соның ішінде республикалық бюджеттен - 35189,0 мың теңге және жергілікті бюджеттен - 14617,0 мың. теңге.

Оның 49803,2 мың теңге игерілді, үнемдеу 2,8 мың теңгені құрайды.

Ауданның 17 мектебінде 24 түрлі жұмыстар жүргізілді.

124 жұмыс орындары ашылды, соның ішінде жұмыспен қамту мекемесінің жолдамасы бойынша 108 адам жұмыспен қамтылды. Жұмысшылардың орташа еңбекақысы 28000 мың теңгеден 35000 теңгеге дейін өсті.
  1   2   3

Похожие:

Ұлан ауданының әкімі Б. С.Үйсімбаевтың 2009 жылда атқарылған жұмыстар туралы тұрғындар алдындағы есебі және ауданның 2010 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы iconҰлан ауданының әкімі С. Т. Төленбергеновтің 2011 жылдың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2012 жылға міндеттері туралы есебі
Сіздерге 2011 жылда атқарылған жұмыстар туралы ой бөлісіп, алдағы жұмыстар туралы бөліскім келеді
Ұлан ауданының әкімі Б. С.Үйсімбаевтың 2009 жылда атқарылған жұмыстар туралы тұрғындар алдындағы есебі және ауданның 2010 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы iconRegion2. htm Ұлан ауданының 2009 жылға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
...
Ұлан ауданының әкімі Б. С.Үйсімбаевтың 2009 жылда атқарылған жұмыстар туралы тұрғындар алдындағы есебі және ауданның 2010 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы iconБұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе
Ауданның 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы «27» тамыздағы...
Ұлан ауданының әкімі Б. С.Үйсімбаевтың 2009 жылда атқарылған жұмыстар туралы тұрғындар алдындағы есебі және ауданның 2010 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы iconҰлан ауданының әкімі С. Т. Туленбергеновтың ауданның 2012 жылғы 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі бюджет
Ауданның бюджеті 2012 жылы 3203,8 млн теңгені құрады, соның ішінде трансферттер көлемі 2485,3 млн теңге, меншікті кірістің көлемі...
Ұлан ауданының әкімі Б. С.Үйсімбаевтың 2009 жылда атқарылған жұмыстар туралы тұрғындар алдындағы есебі және ауданның 2010 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы icon2009 жылдың алты айына ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы 2009 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің тапсырмаларын, «Қазақстан 2030»
Елбасымыздың жіті бақылауында тұрған Республика Үкіметінің әлемді жайлаған экономикалық дағдарысты еңсеруге арналған шараларын іске...
Ұлан ауданының әкімі Б. С.Үйсімбаевтың 2009 жылда атқарылған жұмыстар туралы тұрғындар алдындағы есебі және ауданның 2010 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы iconҚұрметті ақтөбеліктер! Қазақстан Республикасы Президентінің «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының тұрғындармен есепті кездесулерін өткізу туралы»
Ақтөбе қаласының әкімі А. Б. Мұхамбетовтің тұрғындар алдындағы «Ақтөбе қаласының 2010 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары...
Ұлан ауданының әкімі Б. С.Үйсімбаевтың 2009 жылда атқарылған жұмыстар туралы тұрғындар алдындағы есебі және ауданның 2010 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы icon2009 жылдың 1 тоқсанына арналған Ұлан ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы
Оған ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының алға басқандығы, партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен өзара қарым-қатынасы ықпал...
Ұлан ауданының әкімі Б. С.Үйсімбаевтың 2009 жылда атқарылған жұмыстар туралы тұрғындар алдындағы есебі және ауданның 2010 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы iconКурмин ауылының әкімі М. Ж. Тулькинның ауылдың 2011 жылғы әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары бойынша тұрғындар алдындағы есебі
Елбасының Қазақстан халқына Дағдарыстан дамуға атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру болып табылады. Елді мекендегі...
Ұлан ауданының әкімі Б. С.Үйсімбаевтың 2009 жылда атқарылған жұмыстар туралы тұрғындар алдындағы есебі және ауданның 2010 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы icon2008 жылы округтың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2009 жылға арналған перспективалары
Петровка селолық округі әкімі С. Некібаевтің “2008 жылы округтың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2009 жылға арналған...
Ұлан ауданының әкімі Б. С.Үйсімбаевтың 2009 жылда атқарылған жұмыстар туралы тұрғындар алдындағы есебі және ауданның 2010 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы iconЗайсан ауданының әкімі С. З. Зайнулдиннің ауданның 2012 жылғы І жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті баяндамасының тезистері
Ауданымыздың 2012 жылғы 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық үрдісінің негізгі бағыттары төмендегідей
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница