Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы




НазваниеҚазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
страница1/11
Дата конвертации09.03.2013
Размер1.34 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11



Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің

2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы №101 қаулысы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 8 ақпандағы

101 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің

2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
1-бөлім. Миссиясы мен пайымдауы
Миссиясы

Туризм, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқаруды және салааралық, өңіраралық үйлестіруді қамтамасыз ету.

Пайымдауы

Қазақстанның халықаралық туристік қоғамдастыққа Орталық Азия өңіріндегі туризмнің көшбасшысы ретінде бірігуі және бәсекеге қабілетті спорттық ұлтты қалыптастыру.
2-бөлім. Туризм және спорт салаларының қазіргі жағдайы мен даму

үрдісін талдау
2009 жылы министрліктің қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасын, Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007 – 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007 – 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын орындауға бағытталды.

1-стратегиялық бағыт. Қазақстанды Орталық Азия өңірінің туризм орталығына айналдыру.

Реттелетін саланың немесе қызмет аясы дамуының негізгі параметрлері.

Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007 – 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың бірінші жылының қорытындысы бойынша туристік қызмет көрсеткіштерінің тұрақты өсу үрдісінің сақталғаны байқалады. Алайда, 2009 жылы туристік саланың даму серпіні туризм индустриясы көрсеткіштерінің тұрақсыз өсуімен сипатталады. Мәселен, 2009 жылдың қорытындысы бойынша 2008 жылмен салыстырғанда келушілердің саны 3,9 %-ға көбейді, шығу туризмі саны 22,3 %-ға артты (6413,9 мың теңге), алайда ішкі туризмнің көлемі 5,3 %-ға төмендеді және 4 028,1 мың адамды құрады. Бұл ретте, келу туризмі 8,3%-ға төмендеді және 4329,8 мың адамды құрады.

Көрсетілген туристік қызметтердің жалпы көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 0,4 %-ға төмендеді және 65,7 млрд. теңгені құрады. 2008 жылғы тиісті көрсеткіштің өсуін 2007 жылмен салыстырғанда 22,4 %-ды (53,8 млрд. теңгеден 66,0 млрд. теңгеге дейін) құрады.

Негізгі көрсеткіштердің төмендеуі әлемдік экономикадағы жағдаймен түсіндіріледі.

Келу туризмі статистикасының деректері мұндай көрсеткіштердің сапар мақсаты бойынша, оның ішінде бос уақыт пен демалу бойынша бөлу ретінде, 2008 жылмен салыстырғанда 19,8%-ға немесе 1541 адамға төмендегенін көрсетеді. Сонымен қатар, сатылған жолдамалардың саны 3 242 бірлікке немесе - 44 % қысқарды.

Есепті кезеңде 1203 туристік фирма және туристік қызметпен айналысатын 73 жеке кәсіпкер 369,1 мың келушіге қызмет көрсетті, бұл экономикадағы әлемдік жағдайдың салдарынан 2008 жылмен салыстырғанда 25,7 %-ға кем.

Жалпы алғанда туристік индустрия субьектілерінің туристік қызметінен түскен табыс 2009 жылы 82,6 млрд. теңгені құрады.

Республикада жұмыс істеп тұрған 1235 қонақ үй шаруашылығы кәсіпорны 2306,1 мың адамға 48 249,6 млн. теңгеге қызмет көрсетті. Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша орналастыру объектілерінде 30 831 нөмір бар және олардың бір мезгілдегі сыйымдылығы 67 807 жатын орынды құрайды.

Елде қазақстандық және шетелдік азаматтардың әр түрлі туристік қызметтерге деген сұраныстарын қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы аса тиімді және бәсекеге қабілетті туристік кешеннің жұмыс істеуі үшін жағдай жасалып жатыр. Қазақстан Республикасында туризмнің материалдық-техникалық базасын дамытуға инвестиция тарту үшін шарттар анықталды.

Туризм және спорт салалары аясында ерлер мен әйелдердің тең құқығы және тең мүмкіндіктері олардың өзіндік ерекшеліктері есепке алына отырып, табысты іске асып жатқандығын атап өткен жөн: туризм индустриясында туристік ұйымдардың басшылығында және қызмет көрсету аясында әйелдер көбірек еңбекпен қамтылған (барлық еңбекпен қамтылғандар санының 98 %-ға жуығы). Спортта әдетте ерлер көш бастап жүрген спорт түрлерін әйел азаматтар белсенді игеріп жатыр.

Негізгі проблемаларды талдау

Бұдан басқа, бүгінде шешілуі көзделген мақсатқа – Қазақстанды Орталық Азия өңіріндегі туризм орталығына айналдыруға қол жеткізуге мүмкіндік беретін бірқатар проблемалық мәселелер бар.

  1. Туристік және көліктік инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы

Қонақ үйлерді, пансионаттарды, демалыс үйлері мен базаларын қоса алғанда, орналасу объектілерінің, сондай-ақ санаторийлік-курорттық мекемелердің материалдық базасы жоғары дәрежеде моральдық және физикалық тозғандығымен сипатталады. Бүгінгі таңда туризм ауқымы, туристер үшін ұсынылатын тұратын жерлердің түрлері, сапасы халықаралық талаптарға сай емес.

  1. Сервистің төмен деңгейі және Ұлы Жібек жолының қазақстандық бөлігінде танымал тарихи орындарға жетудің қиындығы қазақстандық та, шетелдік те туристерді қызықтырмайды. Біздің тарихи мұрамыздың туристік бағдарларларын халықаралық насихаттау мен жылжыту да сапалы түрде қайта қарауды талап етеді.

Туризмді дамыту көлік инфрақұрылымының жағдайымен тікелей байланысты болғандықтан, әуе және темір жол жолаушы тасымалы географиясының шектеулілігі, ішкі және сыртқы туристердің топтық сапарлары үшін көліктің барлық түріне жол жүру билеттеріне жеңілдіктер жүйесінің болмауы едәуір проблемаға айналып отыр.

3. Кадрларды даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың төмен деңгейі және туризмнің ғылыми базасының болмауы.

Туризмді дамытуға кедергі жасайтын негізгі проблемалардың бірі қызмет көрсететін салада мамандандырылған туристік кадрлардың болмауы болып табылады. Бұл туризм индустриясы объектілерінде білікті мамандардың болмауы проблемасына ғана емес, сонымен қатар туристік сала үшін кадрлар даярлау сапасына да қатысты.

4. Туристік индустрияда ұсынылатын қызметтердің төмен сапасы.

Бұл проблема жоғарыда аталған мәселемен өзара байланысты, өйткені қызмет көрсету саласындағы төмен сапа туризм индустриясы объектілерінде көрсетілетін қызметтер сапасының төмендеуіне әкеледі. Бұған басқа, бұл Қазақстанда туристік визаларды ресімдеу мерзіміне, шетелдік туристерді тіркеу рәсімдеріне, кедендік және паспорттық бақылауға қатысты.

5. Туризм елі ретінде Қазақстанның жеткіліксіз деңгейдегі тартымдылығы.

Елдің оң туристік имиджін ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жүйесіз сипатта, туризм жөніндегі көрмелерге қатысу мемлекеттің жарнамалық қызметінің тиімділігін толық өлшемде қамтамасыз етпейді. Осы уақытқа дейін туристерді тартуда Қазақстан үшін бірінші басымдықты нарықтар болып табылатын елдер – Германияда, Ұлыбританияда, Оңтүстік Кореяда туристік өкілдіктер (шетелдердегі мекемелер жанынан туризм бөлімдерін) ашу және олардың жұмыс істеу мәселесі шешілмей отыр. Сонымен қатар, жыл сайын орасан көп туристерді қабылдайтын, туризм саласында дамыған елдердің (Франция, Испания, Германия) тәжірибесі аталған мәселені шешу қажеттігін растап отыр.

Ішкі және сыртқы факторларды бағалау

Қазақстан туризмінің әлемдік туристік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігінің қалыптасқан деңгейі сақталған жағдайда, отандық туристік нарықты дамыту мүмкіндігі тұрмыс деңгейін жақсарту және халықтың еңбекпен қамтылуын арттыру, сапалы туристік қызметтерге деген артып келе жатқан сұранысты қанағаттандыру және елде туризмді тұрақты дамытуға жағдай жасау үшін жеткіліксіз болады.

Туристік саланың дамуына негізінен сыртқы фактор, оның ішінде әлемдік экономиканың жағдайы, құқықтық реттеу, ел ішіндегі және сыртқы экономикалық және саяси жағдайлар және т.б. ықпал етеді.

Бүгінгі күні туристік саланы дамыту үшін Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі – ҮИИДМБ) («Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы) негіз болып табылады.

ҮИИДМБ шеңберінде Қазақстан Республикасының туристік индустриясының перспективалық бағыттарын дамытудың 2010 – 2014 жылдарға арналған салалық бағдарламасы әзірленді.

Сонымен қатар, саланың дамуына ішкі факторлар да әсер етеді, оған кадрлық саясатты (кадрларды даярлау және қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру, еңбекті ұйымдастыру) отандық туристік өнімнің кәсіби маркетингін жатқызуға болады.

Бүгінгі күні туристік сала үшін кадрларды даярлау жоғары, жоғары білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің деректеріне сәйкес 11 мамандық және 33 біліктілік бойынша 77 ТжКБ (техникалық және кәсіптік білім беру) оқу орындары бар.

Министрліктің әлемнің жетекші телеарналарында жарнамалық бейнероликтерді жүргізу, ақпарттық турларды өткізу арқылы Қазақстан туризмін ақпарттық насихаттау жөніндегі тұрақты жұмысы қазақстандық туристік өнімге жоғары сұранысты қамтамасыз ете алмайды. Осы бағытта туроператорлардың шетелдерден туристерді тарту жөнінде күшейтілген жұмыстары қажет, бұл тек келу туризмі туристердің ағынының тұрақтылығын қамтамасыз етіп қоймай, туристік саланың кірістілігін арттырады.

2-стратегиялық бағыт. Халықтың дене тәрбиесі жүйесін жаңғырту және Қазақстандық спорттың әлемдік спорт аренасындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі 2009 жылы 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарды іске асыру бойынша халықаралық стандарттар талаптарына жақындау және елде бұқаралық спортты дамыту мақсатында спорт инфрақұрылымын одан әрі дамытуға және республика спортының материалдық-техникалық базасын жақсартуға бағытталған бірқатар ұйымдастыру шараларын жүзеге асырды.

Бүгінгі күні дене шынықтыру мен спортпен жүйелі түрде айналысатын барлық жастағы халықтың қамтылуы 16% немесе 2 486 823 адамды құрайды және 2008 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 0,4%-ға артты, соның ішінде 6-дан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер 9,0% (232885 бала) құрайды және 2008 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 6971 балаға (0,5%) артты. Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерінің саны 39 адамға артты, бұл аталған көрсеткіштің 2008 жылмен салыстырғанда 10%-ға өсуін қамтамасыз етті. Жоспарланған көрсеткішті орындау – дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын мүгедектердің үлес салмағын 6,0 %-ға арттыру қамтамасыз етілді, бұл 12 808 адамды құрайды. Аталған көрсеткіш 2008 жылмен салыстырғанда 0,5%-ға көбейді.

2009 жылы спорт ғимараттарының саны бүкіл республика бойынша 30 330 бірлікті құрады, олардың ішінде 19 445 бірлік ауылдық жерде орналасқан. Бұл 2008 жылмен салыстырғанда 483 бірлікке (1,6%) артық, оның ішінде:

жүзу бассейндерінің саны 24 бірлікке артты (2008 жылы - 198, 2008 жылы - 222);

2009 жылы 1500 және одан да көп орынды трибуналары бар 4 стадион салынды (2008 жылы – 242, 2009 жылы - 246);

спорт залдарының саны 165 бірлікке көбейіп, 2008 жылы 6 834 бірлік болса, 2009 жылы 6 999 бірлікті құрады;

22 бірлікке теннис корты көбейді, егер 2008 жылы олардың саны - 241 болса, 2009 жылы - 263-ті құрады;

2009 жылы хоккей корты 61 бірлікке көбейді, егер 2008 жылы олардың саны - 311 болса, 2009 жылы - 372-ні құрады.

Астана және Алматы қалаларында 7-қысқы Азия ойындарын дайындау және өткізу шеңберінде заманауи спорт объектілері салынатын болады.

Республикада 11 өңірлік спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат жұмыс істейді, оларда 2833 болашағы бар оқушы оқиды. Өңірлерде жоғары нәтижелерге жету үшін жағдай жасаған.

Барлық облыс орталықтарында және Астана мен Алматы қалаларында 17 олимпиада резервін даярлау орталығы бар, онда 1128 спортшы спорттық шеберліктерін көтереді.

Республикада 8 мамандандырылған олимпиадалық даярлау орталығы жұмыс істейді, оларда 1002 спортшы спорт шеберлігін шыңдайды және орталық спортшыларын 95 %-ы Қазақстан құрамы командасының негізгі, жастар немесе жасөспірімдер құрамаларында өнер көрсетеді.

Пекинде өткен XXIX жазғы Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы әртүрлі дәрежеде 13 медаль, соның ішінде 2 алтын, 4 күміс және 7 қола медаль иеленді, ресми емес есепте жалпы командалық 29 орынды иеленді.

2010 жылы қазақстандық спортшылар Ванкуверде (Канада) өткен XXI қысқы Олимпиада ойындарына қатысты. Он екі жылдық үзілістен кейін қысқы Олимпиадада күміс медаль иеленілді. Ойындарда Қазақстан Республикасының құрама командасын спорттың 8 түрінен 37 спортшы таныстырды. Жалпы командалық есепте Қазақстан 25 орынды алды. Олимпиадаға қатысу қорытындылары бойынша әлемнің мықты спортшыларының ондығына 7 қазақстандық атлет кірді.

Қазақстандық спортшылар 2009 жылғы Әлем чемпионаттарында алғаш рет 6 алтын және 6 қола медальге қол жеткізді.

Негізгі проблемаларды талдау

Дамудың оң үрдістерімен қатар, отандық спорттың дамуын тежеп отырған проблемалар да бар:

  1. Материалдық-техникалық базаның және спорт инфрақұрылымының төмен деңгейі

  1. қазіргі жұмыс істеп тұрған олимпиадалық даярлық орталықтары мен олимпиадалық резервті даярлау орталықтарындағы жоғары жетістіктер спортында өзіндік материалдық-техникалық базасы жоқ;

  2. ауылда спортты дамыту проблемасы, ең алдымен материалдық-техникалық базаның жоқтығынан айрықша өткір болып тұр. Ауылдық жерлердегі 4308 спорт залының 3650-і жалпы білім беру мектептерінде орналасқан және оқу сабақтарын өткізу үшін пайдаланылады. Спорт ғимараттарының тек 12,0 %-ында ғана барлық халықтың дене шынықтырумен айналысуына мүмкіндік бар.

Спорттық ғимараттардың ғана емес, сонымен бірге ұйымдарда, оқу орындарында, халықтың тұратын жері мен бұқаралық демалыс орындарында спорттық мүкәммал мен жабдықтың да жетіспеуі сезіледі. Республикалық олимпиадалық даярлық орталықтары мен өңірлік олимпиадалық резервті даярлау орталықтарының өзіндік спорттық базалары жоқ. Спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың және жоғары спорт шеберлігі мектептерінің спорттық базалары да талаптарға сәйкес келмейді.

Жоғары спорт шеберлігі мектептерінің проблемалары да осындай - оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру жеткілікті қаржыландырылмайды, соның салдарынан жоспарланған жарыстар мен жиындарды өткізуге, үй-жайларды жалдауға қаражат жетіспейді.

Жұмыс істеп тұрған спорт ғимараттарының басым көпшілігі техникалық пайдалану жөніндегі жетілдірілген нормативтер мен талаптарға, халықаралық регламенттерге және жарыстар мен оқу-жаттығу процесін өткізу қағидаларына сәйкес келмейді.

2. Бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортының нашар дамуы

Бүгінгі күнге дейін салалық спорт клубтарын құру мәселелері шешілген жоқ. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің желісі қазіргі уақытта республиканың мектеп жасындағы балаларының 9,5%-ының ғана айналысуына мүмкіндік тудыра алады. Төмен деңгейдегі материалдық-техникалық база, сапалы спорттық мүкәммал мен жабдықтың болмауы спорт резервін жоғары деңгейде дайындауды ұйымдастыруға мүмкіндік бермейді.

Халықтың тұрғылықты жері бойынша жұмыс дұрыс жолға қойылмаған, жеткіншіктер клубтарының желісі жеткіліксіз дамыған, қарапайым спорт алаңдары мен тұрғылықты жерлерде және бұқаралық демалыс орындарында спорт ғимараттары дерлік жоқ. Ауылда спортты дамыту проблемасы ерекше өткір болып отыр. Инфрақұрылымның дамымағандығына байланысты ауылда спортпен айналысатын балалар мен жеткіншектердің саны жалпы республикалық көрсеткіштен екі есе төмен. Қазіргі бар спорт объектілері республика халқының көпшілігі үшін қолжетімсіз болып қалып отыр. Сонымен бірге азаматтардың өздерінің дене шынықтырумен және спортпен жүйелі айналысуға белсене қатыспау мәселесі де өзекті болып қалып отыр.

3. Қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін ғылыми базасының болмауы, білікті мамандар тапшылығы.

  1. спорт саласында білікті мамандардың өткір жетіспеуі байқалады. Жоғары шеберлік спортында республиканың жетекші жаттықтырушыларының көпшілігі орта жаста, ал олардың орнын толық ауыстыратын мамандар жоқ. Сонымен қатар, ауылдық жерлердегі жалпы білім беру мектептерінің 3%-ының дене шынықтыру мұғалімдері жоқ, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің оқытушылық құрамының 30%-ының арнаулы білімі жоқ;

  2. ауылдық жерде спорт бойынша әдіскерлер жоқ. Талдау көрсеткендей, 6998 кентте барылығы 597 әдіскер жұмыс істейді, ол 8,5%-ды құрайды.

  3. спорттық ғимараттарды техникалық пайдалану мамандары жоқ, жоғарғы оқу орындары түлектерінің дайындық деңгейі қазіргі заманғы талаптарға жауап бермейді.

Спорт саласы жоғары бәсекелі болып табылады және оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру, спортшылардың функционалдық және физикалық мүмкіндіктерін арттыру, оларды оңалту және қалыпқа келтіру әдістемесіндегі қазіргі заманғы барлық жаңа әзірлемелер стратегиялық материалдар болып табылады, оларды басқа елдерден иеленуі мүмкін емес.

Бүгін біздің жаттықтырушылар Бүкілодақтық дене шынықтыру ғылыми-зерттеу институты 1983 1985 жылдары әзірлеген бағдарламалар мен әдістемелер бойынша жұмыс істейді. Әлемдік аренадағы спортшылар бәсекелестігінің артуына байланысты спорт бойынша мамандардың одан әрі әдістемелік және практикалық қызметі, сонымен қатар бұқаралық спортты және жоғары жетістіктер спортын жалпы дамыту елде өзінің ғылыми базасын құрмай қиынға түседі. Сол себепті республиканың спорт мектептерінде спорт түрлерінен бірыңғай оқу бағдарламаларын енгізу мүмкін болмай отыр, ал ол спорт резерві мен халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлаудың жүйелі жолын қамтамасыз етуге кедергі келтіреді.

Ішкі және сыртқы факторларды бағалау

Ел ішіндегі жағдайды бағалау халықаралық аренада қазақстандық спортшылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін елдегі халықтың дене тәрбиесі жүйесі мен спорттың дамуын жетілдіруді куәландырады, бұл нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, саланың материалдық-техникалық базасын нығайту мен дамытуға мүмкіндік береді.

Қазіргі факторлық жағдайларды бағалау мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесін, оқушылар мен оқу орындары студенттерінің дене тәрбиесін, халық арасында дене шынықтыру-бұқаралық қозғалысын, мүгедектер арасында дене дайындығы мен спортты, спорт резервін және халықаралық дәрежедегі спортшыларды жетілдіру, дене шынықтыру мен спортты насихаттау жөніндегі шаралардың қабылданғанын растап отыр.

Дене шынықтыру мен спорттың даму жағдайына бірқатар ішкі факторлар, негізінен әлеуметтік-экономикалық және жаһанданумен байланысты факторлар әсер етеді. Ішкі факторларды қарастыруда мына негізгі аспектілерді көрсетуге болады: халықтың дене шынықтыру белсенділігін жеткіліксіз реттеу, бұл спорт орталықтарында демалуға төленетін жоғары бағалар және спорт ғимараттары санының шектеулілігімен түсіндіріледі. Балалар, жеткіншектер және үлкен адамдардың арасында дене шынықтыру және спорт жеткіліксіз насихатталады. Сонымен қатар, саланы дамытуға сыртқы факторлардың әсері әлем аренасында артып жатқан спортшылар бәсекесінен көрінеді, бұл отандық спортшылардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін уақтылы шараларды қабылдауды талап етеді.

Сонымен қатар, дене шынықтыру мен спортты дамытудың халықаралық тәжірибесі төмендегінін растайды.

1978 жылғы Халықаралық дене тәрбиесі және спорт хартиясына сәйкес кейінгі енгізілген толықтырулармен бірге әр ел әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылысының ерекшеліктеріне байланысты саланы дамытуды мемлекеттік реттеуді анықтайды, атап айтқанда қандай да бір белгілер бойынша кемсітусіз бұқаралық спортпен айналасуға қол жеткізу және спорт ғимараттарының желісін құру.

Мәселен, жақын және алыс шет елдерде саланың даму тәжірибесі мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: бұқаралық спорт, жоғары жетістіктер спорты, мүгедектер спорты, спорт инфрақұрылымының дамуы, мамандар даярлау.

Мысалы, Ресей Федерациясында бес жылдық кезеңге спорт объектілерінің құрылысы, бұқаралық қозғалысты дамыту, жоғары дәрежелі спортшыларды дайындау және т.б. жөнінде мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың бірлескен шараларының кешендерін көздейтін саланы дамытудың федералдық нысаналы бағдарламасы бекітіледі. Мысалы, инфрақұрылымды дамытуға 3 000-нан астам спорт және көпфункционалды спорт залдарының, 1 000 спорт орталықтарының құрылысы кіреді. Ресейде және ТМД елдерінде де бірінші кезектегі мемлекеттік міндеттер болып дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтардың үлесін көбейту, спорт инфрақұрылымымен қамсыздандыру, спортшылардың спорттық шеберліктерін өсіру болып табылады.

Әзірбайжанның спорт объектілерінің қарқынды құрылысы арқылы бұқаралық спортты дамытудағы оң тәжірибесін атап өткен жөн.

Дамыған елдерде халықтың дене шынықтыру-сауықтыру ғимараттарымен қамтылу көрсеткіші 80-100%-ды құрайды. Еуропа елдерінде бұқаралық спорт мемлекеттік спорт саясатының басымдығы болып табылатынын атап өту қажет. Атап айтқанда, Германияда халықты спортпен айналысуға тарту үшін жергілікті спорт ұйымдарының құзырындағы 80% жерлерге әртүрлі спорт ғимараттары құрылысына көңіл бөлінеді. Көптеген елдерде практикада мемлекеттік лотереядан спорттық ұйымдардың бюджетіне түсімнің біршама үлесі байқалады.

Сондай-ақ баршаға арналған спорттың қаржылық ресурс көздері ретінде кәсіпкерлікті дамыту тән. Осы бағытта спорттық қызмет көрсетудің капиталды көп қажет ететінін ескере отырып, осы салада коммерциялық ұйымдарды ұйымдастыру жоғары бастапқы капиталды талап етеді. Осы мақсатта тек табысы жоғары халықтың спортпен айналысу қажеттілігін қамтамасыз етуді болдырмау үшін мемлекет тікелей немесе жанама түрде спорттық коммерциялық ұйымдардың қызметіне қатысады.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Похожие:

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 30 желтоқсан №1732 Астана, Үкімет Үйі «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы»
«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Туризм, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқаруды және салааралық,...
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасында Білім және ғылым министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы 2008 жылғы...
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Туризм, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқаруды және салааралық,...
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы icon2011 жылғы 23 желтоқсан №1584 Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің...
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 30 желтоқсан №1722 Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы»...
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы icon№ исх: 1736 от: 30. 12. 2011 Қазақстан Республикасы
Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы icon«Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Мазмұны
Ағымдағы жағдайды және ШҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы қызметінің даму тенденциясын талдау
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Азақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 сәуірдегі қауылысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница