Аудандық және оған теңестірілген соттар судьяларының 2011 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы жүктемесі туралы




Скачать 382.91 Kb.
НазваниеАудандық және оған теңестірілген соттар судьяларының 2011 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы жүктемесі туралы
страница1/4
Дата конвертации03.11.2012
Размер382.91 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4
Аудандық және оған теңестірілген соттар судьяларының

2011 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы жүктемесі туралы

ақпарат (әр өңір бойынша жеке-жеке)

Ағымдағы жылғы қаңтар–ақпан айларында республиканың аудандық және оған теңестірілген соттары (бұдан әрі – аудандық (қалалық) соттар) 96734 істі (51673 азаматтық іс, 38328 әкімшілік іс, 6733 қылмыстық іс) және 8372 қылмыстық іс бойынша материалдарды қарады.

Қаралған 51673 азаматтық істің ішінен санаттар бойынша алғанда бұйрық арқылы іс жүргізіліп 8931 іс қаралды, бұл 17 %-ды құрайды. Некені бұзу туралы қаралған істер – 5213 немесе 10%. Тұрғын үй мен коммуналдық қызметтер үшін ақы өндіру туралы істер – 6723 немесе 13%. Міне осылайша, қаралған істердің 40%-ы қарау кезінде қиындық туғызбайтын істер.

Соның ішінде мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар 6311 істі жүргізуді аяқтады немесе бұл республика бойынша аяқталған істердің жалпы санының 12%-ы.

Барлық аудандық (қалалық) соттардағы нақты судьялар санын (1564 судья*) ескере отырып есептегенде орташа республикалық жүктеме әрбір судьяға шаққанда айына 31 істі құрады.
Азаматтық істерді қарайтын судьялардың нақты санын (1126 судья) ескере отырып есептегенде аудандық (қалалық) соттар судьяларының жалпы орташа жүктемесі айына 23 азаматтық істі құрады. Бұл ретте 31209 іс шешім шығарылып қаралды, бұл барлық қаралған істердің 60%-ын құрайды. Аудандық (қалалық) соттар судьяларының шешім шығарып қаралған істер бойынша орташа жүктемесі 14 істі құрайды.

Әкімшілік істерді қарайтын судьялардың нақты санын (574 судья) есептегенде аудандық (қалалық) соттар судьяларының жалпы орташа жүктемесі аталған кезеңде айына 33 әкімшілік істі құрайды.

Қылмыстық істер мен материалдарды қарайтын судьялардың нақты санын (786 судья) есептегенде аудандық (қалалық) соттар судьяларының жалпы орташа жүктемесі көрсетілген кезеңде айына 4,3 қылмыстық іс пен 5,3 материалды құрады. Осы ретте үкім шығарылып 2915 іс қаралды, бұл 43%-ды құрайды. Жалпы юрисдикциядағы аудандық соттар, қылмыстық істерді қарауға мамандандырылған қалалық соттар, қылмыстық істер жөніндегі соттар судьяларының үкім шығарылып қаралған қылмыстық істер бойынша жалпы орташа жүктемесі 2 істі құрайды.

_________

* жүктілікке байланысты демалыста болған және өкілеттігі тоқтатылған судьялардан басқа

Аталған жалпы мәліметтерді өңірлер бойынша алып қарағанда аудандық соттар судьяларының жүктемесі мынадай болды
Астана қаласы (судьялардың нақты саны 77).

Қаланың аудандық соттары 6156 істі қарады (3455 азаматтық, 229 қылмыстық, 2472 әкімшілік істер). Әр судьяның бір айдағы орташа жүктемесі қылмыстық істер бойынша 40 іс пен 8 материалды құрайды.

Қаланың аудандық соттары судьяларының азаматтық істер бойынша орташа жүктемесі айына 31,4 істі құрайды, соның ішінде шешім шығарылып қаралғаны 20 іс. Бұл осы кезеңдегі республика бойынша орташа жүктемеден сәл артық (тиісінше 23 және 14 іс).

Осындай жағдайда бір айдағы ең көп жүктеме Алматы аудандық сотының судьяларында, демек 46 іс (14 судья). Осы ретте шешім шығарылып қаралған істер бойынша жүктеме 27,6 істі құрайды. Бұйрық тәртібімен 5 іс қаралған.

Ең аз жүктеме кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта – 6,3 іс, оның ішінде 5 іс шешім шығарылып қаралған (2 судья азаматтық істі қараған), Есіл аудандық сотында 19 іс, оның ішінде 9,6 іс шешім шығарылып, 5,4 іс бұйрық тәртібімен қаралған (6 судья).

Қаланың аудандық соттары судьяларының қылмыстық істер бойынша орташа жүктемесі айына 5,2 істі құрады, оның ішінде 3,3 іс үкім шығарылып қаралған, бұл да республика бойынша орташа жүктемеден сәл артық (тиісінше 4,3 және 2).

Ұсынымдарды, шағымдар мен өтініштерді ҚІЖК-нің 109-бабының тәртібімен қарау және қамауға алу үшін санкция беру бойынша судьялардың орташа жүктемесі айына 8 материалды құрайды.

Қылмыстық істер бойынша ең көп жүктеме № 2 Алматы аудандық сотында – барлығы 9 іс, оның ішінде 5 іс үкім шығарылып қаралған, сондай-ақ осы сотта әр судьяға 13 материалдан келеді (6 судья).

Кәмелетке толмағандарың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот ең аз жүктемемен жұмыс істеді – мұнда әр судьяға үкім шығарылып қаралған 0,5 істен және 2,3 материалдан келеді (қылмыстық істерді 2 судья қараған), № 2 Есіл аудандық сотында – барлығы 4,8 іс, оның ішінде қаралып үкім шығарылған іс 3-еу және 5,5 материал (3 судья).

Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған сот судьяларының орташа жүктемесі қаралып үкім шығарылған 1 істі құрайды, осы соттар материалдарды қарамаған.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот судьяларының әкімшілік істер бойынша жүктемесі әр судьяға шаққанда 150 істі құрайды (8 судья), бұл республика бойынша осы кезеңдегі орташа жүктемеден (33) анағұрлым артық.

Астана қаласы бойынша мәліметтерді талдау судьялар жүктемесінің бірдей емес екенін көрсетті. Мысалы, Есіл аудандық сотында бір судьяның орташа айлық жүктемесі 19 іс, оның ішінде 5,4 іс бұйрық тәртібімен қаралған (6 судья). Ал Алматы аудандық сотында жұмыс істейтін 14 судья екі ай ішінде 46 істі қараған, Сарыарқа аудандық сотында 33 іс қаралған (14 судья).

Міне осылайша, мәліметтер 2011 жылғы қаңтар-ақпанда Есіл аудандық сотындағы, № 2 Есіл аудандық сотындағы, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттағы судьялар жүктемелерінің қаланың басқа аудандарындағы осындай соттармен салыстырғанда анағұрлым төмен екенін көрсетті.
Алматы қаласы (судьялардың нақты саны - 119).

Қаланың аудандық соттарының бүкіл қараған істері мынадай: азаматтық істер – 4437, оның ішінде қаралып шешім шығарылғаны 2725 іс, қылмыстық істер 458, оның ішінде қаралған 255 іс бойынша 332 адамға қатысты үкім шығарылған, әкімшілік істер – 3812. Әр судьяның ай сайынғы жалпы орташа жүктемесі 36,6 істі және қылмыстық іс бойынша 7 материалды құрайды.

Аудандық соттар судьяларының азаматтық істер бойынша ай сайынғы орташа жүктемесі 26,4 істі құрайды, оның ішінде шешім шығарылып қаралғаны 16 іс, бұл республика бойынша осы кезеңдегі жүктеме деңгейінде (тиісінше 23 және 14 іс).

Ең көп жүктеме № 2 Әуезов аудандық сотының (38 аяқталған іс, оның ішінде 18 іс бойынша шешім шығарылған) (9 судья), экономикалық соттың (36 және 28) (15 судья), № 2 Алмалы аудандық сотының (36 және 26) (8 судья). судьяларында.

Ең аз жүктеме қаржылық соттың (0,2 аяқталған іс) (3 судья), кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттың (6,8 және 6) (5 судья), Түрксіб аудандық сотының (12 және 4,5) (5 судья)судьяларында.

Аудандық соттар судьяларының қылмыстық істер бойынша орташа жүктемесі айына 5,6 істі құрайды, оның ішінде қаралған 3 іс бойынша үкім шығарылған, бұл республика бойынша осы кезеңдегі жүктеме деңгейінен сәл артық (4,3 және 2 іс).

Соттардың жазаны орындау мәселелері бойынша ҚІЖК-нің 109-бабының тәртібімен ұсынымдарды, шағымдар мен өтініштерді қарауы және қамауға алу үшін санкция беруі бойынша судьялардың орташа жүктемесі айына 7 материалды құрайды.

Істер мен материалдар бойынша ең көп жүктеме Алатау аудандық сотының (14 іс, оның ішінде 7,5 іс бойынша шешім шығарылған, 10 материал) 2 судья), Түрксіб аудандық сотының (8 және 4 іс, 10 материал) (3 судья), № 2 Жетісу аудандық сотының (7 және 3 іс, 12 материал) (4 судья)судьяларында.

Ең аз жүктеме кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттың (3 және 1,6 іс, материалдар жоқ) (5 судья), қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың (3,3 және 3 іс, материалдар жоқ) (6 судья) , № 2 Бостандық аудандық сотының (3,5 және 2,3 іс, 5 материал) (6 судья) судьяларында.

Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік соты судьяларының жүктемесі 237 істі құрайды (8 судья), бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен анағұрлым жоғары, ал кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот судьяларының (5 судья) жүктемесі айына 2,4 іс, бұл керісінше аз.

Қала бойынша судьялар жүктемелерінің бірдей емес екені байқалады.

Мысалы, ең көп жүктеме экономикалық соттың судьяларында (15 судья) – 36,4 іс, оның ішінде қаралған 28,4 іс бойынша шешім шығарылған, № 2 Алмалы аудандық сотында (8 судья) – 36 іс, оның ішінде қаралған 26 іс бойынша шешім шығарылған. Ал Жетісу аудандық соты судьяларының (6 судья) жүктемесі небәрі 18 іс, оның ішінде қаралған 11 іс бойынша шешім шығарылған. Бұл осы сотта 2 судьяның орны бос тұрған кездегі жағдай.

Сондай-ақ қаржылық сот судьяларының да (3 судья) жүктемелері төмен – қаралған 1 іс бойынша шешім шығарылған, ал кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттың судьялары бар болғаны 12 істі қараған (6,8 азаматтық, 2,9 қылмыстық, 2,4 әкімшілік іс).
Ақмола облысы (судьялардың нақты саны - 88).

Облыстың барлық аудандық (қалалық) соттары қараған істердің көлемі мынадай: азаматтық істер – 2440, оның ішінде қаралған 1398 іс бойынша шешім шығарылған, қылмыстық істер – 506, оның ішінде 161 іс бойынша 203 адамға қатысты үкім шығарылған, әкімшілік істер – 2162. Әр судьяның ай сайынғы жалпы орташа жүктемесі 29 істі және қылмыстық істер бойынша 9 материалды құрайды.

Аудандық соттар судьяларының азаматтық істер бойынша орташа жүктемесі айына 20 істі құрайды, оның ішінде 11,5 іс шешім шығарылып қаралған, бұл республика бойынша орташа жүктемеден төмен (23 және 14).

Ең көп жүктеме Степногорск қалалық сотының (69 аяқталған іс және 19,5 іс бойынша шешім шығарылған) (азаматтық істі қарайтыны 3 судья) , Ерейментау (44,5 және 19,5) (азаматтық істі қарайтыны 1 судья) , Бурабай (40 және 28) (азаматтық істі қарайтыны 3 судья) аудандық соттарының судьяларында.

Ең аз жүктеме Егіндікөл аудандық сотының (4,5 және 3) (азаматтық істі қарайтыны 1 судья), Жақсы ауданы № 2 аудандық сотының (5,5 және 1,5) (азаматтық істі қарайтыны 1 судья), Жарқайың (7 және 2,8) (азаматтық істі қарайтыны 2 судья) аудандық соттарының судьяларында.

Аудандық соттар судьяларының қылмыстық істер бойынша орташа жүктемесі айына 6 істі құрайды, оның ішінде қаралған 2 іс бойынша үкім шығарылған, бұл республика бойынша осы кезеңдегі жүктеме деңгейімен шамалас.

Қылмыстық істер бойынша қаралған материалдар жөнінде судьялардың орташа жүктемесі айына 9 материалды құрайды (республика бойынша орташа жүктеме – 5,3).

Істер мен материалдар бойынша ең көп жүктеме Аршалы аудандық сотының (15 аяқталған іс және үкім шығарылып қаралған 3 іс, 36 материал) (1 судья), Көкшетау қалалық сотының (12,5 және 4 іс, 20 материал) (қылмыстық істі қарайтыны 4 судья), Ақкөл аудандық сотының (12,5 және 5 іс, 11,5 материал) (2 судья) судьяларында.

Ең аз жүктеме Егіндікөл аудандық сотының (1,3 аяқталған іс, 1 материал) (2 судья), Еңбекшілдер аудандық сотының (1,8 аяқталған және қаралған істер, 4,3 материал) (2 судья), Целиноград (2,2 және 1 іс, 1,7 материал) (қылмыстық істі қарайтыны 3 судей) аудандық соттарының судьяларында.

Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған сот судьяларының орташа жүктемесі айына 1,8 аяқталған істі және үкім шығарып қаралған 1,5 істі құрайды, осы соттар материалдарды қараған жоқ.

Аудандық соттар судьяларының әкімшілік істер бойынша орташа жүктемесі 19 істі құрайды, бұл республика бойынша орташа жүктемеден (33) аз.

Осы ретте Бурабай аудандық мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары 62 істі (2 судья) , Көкшетау қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 60 істі қарады (4 судья) , бұл да көп емес.

Аудандық және оған теңестірілген соттар судьяларының жүктемелеріне жасалған талдау, тұтастай алғанда, өңір судьяларының әр айдағы орташа жүктемесінің істі сапалы әрі уақытында қарауға мүмкіндік беретін деңгейде екенін көрсетті.

Сонымен қатар, жекелеген аудандарда судьялардың жүктемесі облыстың басқа аудандарына қарағанда жоғары.

Мысалы, Аршалы аудандық соты судьяларының (штат бойынша 2 судья, 1 бос орын) орташа жүктемесі айына 78,5 істі құрайды (15 қылмыстық, 27 азаматтық, 36 әкімшілік іс).

Ал Целиноград аудандық соты судьяларының (штат бойынша 5 судья) жүктемесі небәрі 15 істі (2 қылмыстық, 8 азаматтық, 5 әкімшілік іс), Бұланды аудандық соты судьяларының (штат бойынша 4 судья) жүктемесі 21 істі құрайды (3 қылмыстық, 10 азаматтық, 8 әкімшілік іс).
Атырау облысы (судьялардың нақты саны 53).

Аудандық (қалалық) соттар қараған істердің көлемі мынадай: азаматтық істер – 1415, оның ішінде қаралып шешім шығарылғаны 804 іс, қылмыстық істер - 235, оның ішінде қаралған 103 іс бойынша 130 адамға қатысты үкім шығарылған, әкімшілік істер – 2176. Әр судьяның облыс бойынша ай сайынғы жалпы орташа жүктемесі 36 істі және қылмыстық іс бойынша 2,5 материалды құрайды.

Аудандық соттар судьяларының азаматтық істер бойынша ай сайынғы орташа жүктемесі 20 істі құрайды, оның ішінде шешім шығарылып қаралғаны 11 іс, бұл республика бойынша орташа жүктемеден аз (23 және 14).

Ең көп жүктеме № 1 Атырау қалалық сотының (29 аяқталған іс және қаралған 16 іс бойынша шешім шығарылған) (14 судья), Индер аудандық сотының (27,3 және 21,5) (2 судья), Жылыой аудандық сотының (20 және 7,5) (4 судья) судьяларында.

Ең аз жүктеме Қызылқоға (6 және 3,8) (2 судья), Исатай (3,8 және 2,8) (2 судья) аудандық соттарының судьяларында.

Аудандық соттар судьяларының қылмыстық істер бойынша орташа жүктемесі айына 4 істі құрайды, оның ішінде қаралған 2 іс бойынша үкім шығарылған, бұл республика бойынша осы кезеңдегі жүктемемен бір деңгейде (4,3 және 2).

Соттардың жазаны орындау мәселелері бойынша ҚІЖК-нің 109-бабының тәртібімен ұсынымдарды, шағымдар мен өтініштерді қарауы және қамауға алу үшін санкция беруі бойынша судьялардың орташа жүктемесі айына 2,5 материалды құрайды (республика бойынша орташа жүктеме 5,3).

Істер мен материалдар бойынша ең көп жүктеме № 2 Атырау қалалық сотының судьяларында (7,8 аяқталған іс және оның ішінде қаралған 3,6 іс бойынша үкім шығарылған, 6,8 материал) (8 судья).

Ең аз жүктеме қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соттың (1,3 аяқталған және қаралған істер) (3 судья), Қызылқоға аудандық сотының (1,5 және 0,3) (2 судья) судьяларында.

Аудандық соттар судьяларының әкімшілік істер бойынша орташа жүктемесі 47 істі құрайды. Ең көп жүктеме Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының (134) (5 судья), Махамбет аудандық сотының (47) (1 судья)судьяларында. Ең аз жүктеме Мақат (13) (3 судьи), Қызылқоға (17) (2 судья) аудандық соттарының судьяларында.

Біркелкі жүктеме белгілеу үшін судьяларды бір соттан екіншісіне ауыстыру мәселесін зерделеу қажет деп санаймыз. Мысалы, істер бойынша ең көп орташа жүктеме Индер аудандық сотының судьяларында. Мұнда бір судьяға (штат бойынша 2 судья) 54 істен келеді. Ал Мақат аудандық сотының (штат бойынша 3 судья) бір судьясына айына 23 істен келеді.
Алматы облысы (судьялардың нақты саны – 102)

Облыстың аудандық (қалалық) соттары 5288 іс пен материал (2638 азаматтық іс, 2194 әкімшілік іс, 456 қылмыстық іс) қараған. Жалпы орташа жүктеме әрбір судьяға айына 26 іс пен қылмыстық іс бойынша 8,6 материалды құрады.

Азаматтық істер бойынша облыстың аудандық (қалалық) соттары судьяларының орташа жүктемесі айына 16 істі, оның ішінде 9 іс – шешім шығарумен қаралған, яғни республика бойынша орташа жүктемеден (тиісінше 23 және 14 іс) төмен.

Азаматтық істер бойынша ең көп жүктеме әрбір судьяға айына мынадай соттарда кездеседі:

Қарасай аудандық сотында – 52 іс, оның 7 ісі сырттай іс жүргізу тәртібінде және 10 ісі бұйрық арқылы іс жүргізу тәртібінде қаралған (азаматтық істі қарайтыны 3 судья). Сонымен қатар шешім шығарумен қаралған істер бойынша жүктеме 32 істі құрайды.

Талғар аудандық сотында – 50 іс, оның 7,8 ісі сырттай іс жүргізу тәртібінде және 13 ісі бұйрық арқылы іс жүргізу тәртібінде қаралған (4 судья). Сонымен қатар шешім шығарумен қаралған істер бойынша жүктеме 20 істі құрайды.

Ең аз жүктеме Райымбек ауданының №2 аудандық сотында – 3,5 іс, оның 2 ісі шешім шығарумен қаралғаны (2 судья), Көксу аудандық сотында – 5,5 іс, оның 3,7 ісі шешім шығарумен қаралғаны (3 судья), Кербұлақ аудандық сотында – 5,5 іс, оның 3,8 ісі шешім шығарумен қаралғаны (2 судья), Кербұлақ ауданының №2 аудандық сотында -5,5 іс, оның 4 ісі шешім шығарумен қаралғаны (1 судья) байқалады.
  1   2   3   4

Похожие:

Аудандық және оған теңестірілген соттар судьяларының 2011 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы жүктемесі туралы iconБекітілген аудандық, облыстық және оларға теңестірілген соттар судьяларының жоғары тұрған соттарда тағылымдамадан өту
Блыстық және оларға теңестірілген соттар судьяларының жоғары тұрған соттарда тағылымдамадан өту қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан...
Аудандық және оған теңестірілген соттар судьяларының 2011 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы жүктемесі туралы iconОблыстық және оған теңестірілген соттардың оқу орталықтары туралы үлгі ереже
Ереже) облыстық және оған теңестірілген соттардың оқу орталықтарының (бұдан әрі – облыс сотының оқу орталығы) мәртебесін, негізгі...
Аудандық және оған теңестірілген соттар судьяларының 2011 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы жүктемесі туралы iconТасқала аудандық мәслихатының 2011 жылғы 30 наурыздағы №32-2
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы, 1995 жылғы 28 сәуірдегі Ұлы Отан соғысының қатысушылары...
Аудандық және оған теңестірілген соттар судьяларының 2011 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы жүктемесі туралы iconҚазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы
Республикасындағы соттар қызметiнiң тәртiбiн және судьялардың мәртебесiн белгiлейтiн заңдар
Аудандық және оған теңестірілген соттар судьяларының 2011 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы жүктемесі туралы icon«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы»
Республикасындағы соттар қызметiнiң тәртiбiн және судьялардың мәртебесiн белгiлейтiн заңдар
Аудандық және оған теңестірілген соттар судьяларының 2011 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы жүктемесі туралы iconА н ы қ т а м а 2008-2009-шы жылдарда Жамбыл облысының аудандық және
Жамбыл облысының аудандық және оған теңестірілген соттарында көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын...
Аудандық және оған теңестірілген соттар судьяларының 2011 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы жүктемесі туралы iconАқтөбе облысының 2012 жылғы қаңтар- маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы талдама анықтамасы 1
...
Аудандық және оған теңестірілген соттар судьяларының 2011 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы жүктемесі туралы iconҚарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының базалық соты туралы ережесі
Базалық әкімшілік соттың біліктілікті арттыру бағдарламасы әкімшілік соттар судьялары мен әкімшілік істерді қарайтын аудандық соттар...
Аудандық және оған теңестірілген соттар судьяларының 2011 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы жүктемесі туралы iconҚазақстан Республикасының Статистика Агенттігі Ақтөбе облысының Статистика департаменті
Сөйтіп, сауда жасайтын кәсіпорындардың тауарларды өткізу көлемі 2012 жылғы қаңтар-ақпан 19158,9 млн теңге құрады немесе 2011 жылғы...
Аудандық және оған теңестірілген соттар судьяларының 2011 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы жүктемесі туралы icon«Қазақстан Республикасы сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық талдау жүйесі» бағдарламасы бойынша облыстық және оған теңестірілген соттарда іс қағаздарын электрондық тәсілмен жүргізу жөніндегі нұсқаулық
Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының облыстық және оған теңестірілген сотының кеңсесінде (бұдан әрі сот) іс қағаздарын жүргізуді...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница