Темiр жол көлiгi туралы




НазваниеТемiр жол көлiгi туралы
страница3/8
Дата конвертации12.03.2013
Размер0.9 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8

3-тарау. ТЕМIР ЖОЛ КӨЛIГIНIҢ ҚАЖЕТIНЕ АРНАЛҒАН ЖЕР
ЖӘНЕ ҚОРҒАЛАТЫН АЙМАҚТАР

      18-бап. Темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жер

      1. Тасымалдаушыға немесе тасымал процесiне қатысушыларға өздерiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн жер пайдалануға немесе меншiкке берiлетiн жер темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жер болып табылады.

      2. Темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жерге мынадай темiр жолдарға және олармен технологиялық байланыстағы құрылғылар мен ғимараттарға:

       1) магистралдық жолдарға және олармен технологиялық байланыстағы құрылғылар мен құрылыстарға (темiр жол төсемi, көпiрлер, тоннельдер, виадуктер, сигналдық жабдықтар, қызметтiк-техникалық ғимараттар);

      2) кiрме жолдарға;

      3) энергетика, локомотив, вагон, жол және жүк шаруашылықтарының, сумен қамтамасыз ету және канализация ғимараттарымен, құрылыстарымен, қорғаныш және бекiткiш екпе ағаштарымен, арнаулы темiр жол көлiгiне қызмет көрсетуге арналған қызметтiк және басқа да объектiлерiмен бiрге темiр жол станцияларына;

      4) темiр жолдардың бөлiнген белдеулерi мен қорғалатын аймақтарына;

       5) концессия шарттары бойынша темiр жолдар мен темiр жол көлiгiнiң объектiлерiне бөлiнген жерлер жатады.

      3. Темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жер уәкiлеттi мемлекеттiк органдар белгiлеген қала құрылысын салу мен экология талаптарына, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес санитариялық және өзге де нормаларға сәйкес келуге тиiс.

      4. Тасымал процесiне қатысушы өздерiнiң кiнәсiнен қоршаған ортаға келтiрген зияны үшiн, сондай-ақ темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жердi тиiсiнше күтiп-ұстамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапты болады.
      Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР-ның 2008.07.05. N 66-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      19-бап. Темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жердi
              бөлу мен пайдалану тәртiбi

      1. Жер учаскелерiн беру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Жер учаскелерi темiр жолдар мен темiр жол станцияларын дамытудың жобалау-техникалық құжаттамасы мен бас схемаларына сәйкес, уәкiлеттi органмен келiсе отырып белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн нормативтер бойынша берiледi.

      3. Бөлiнген белдеудегi темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жердi пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына  сәйкес уәкiлеттi орган белгiлейдi.

      20-бап. Темiр жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтары

      1. Халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, сондай-ақ темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жерге бөлiнген белдеуге жанасатын жер учаскелерiндегi объектiлердi қауiпсiз пайдалану мақсатында, жер пайдаланудың ерекше жағдайларымен қорғалатын аймақтар белгiленедi, олардың шегiнде аймақтарды белгiлеу мақсаттарымен сыйыспайтын қызмет түрлерiне шек қойылады немесе тыйым салынады.

      2. Темiр жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтарына көлiк құрылыстарының, құрылғыларының және басқа объектiлерiнiң сақталуын, берiктiгiн әрi орнықтылығын қамтамасыз етуге қажеттi қорғаныш  орман аймақтары, жер учаскелерi, сондай-ақ темiр жол көлiгiне бөлiнген белдеуге жанасатын, сел қаупi, көшкiн қаупi және басқа да қауiптi жағдайлар болатын аймақтардағы және өңiрлердегi жер учаскелерi жатады.

      3. Темiр жол көлiгi қорғалатын аймақтарының жерi меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың иелiгiнен алынбайды және олар бұл жердi белгiленген шектеулердi сақтай отырып пайдаланады.

      21-бап. Қорғалатын аймақтардағы жерлердi пайдалануды
              шектеу

      1. Темiр жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтарында:

      1) темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жерге iргелес жатқан учаскенiң меншiк иесiнiң немесе оны пайдаланушының жазбаша келiсiмiнсiз тұрақты және уақытша сипаттағы құрылыс, монтаждау және тау-кен жұмыстарын жүргiзуге;

      2) көшкiннiң, шөгiндiнiң, сел тасқынының, сай-жыраның пайда болуына, сусымалы құмдардың, қар үйiндiлерiнiң, көшкiнiнiң туындауына, өзге де осындай зардаптарға әкелiп соғатын тәсiлдермен ағаштарды кесуге және өсiмдiк қабатын бұзуға тыйым салынады. K030477

      2. Қорғалатын аймақтар жерiнiң меншiк иелерi мен пайдаланушылары темiр жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтарындағы жерлердi пайдаланудың режимiн бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жауаптылықта болады.

4-тарау. ТЕМIР ЖОЛ КӨЛIГI ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

      22-бап. Темiр жол көлiгi қызметкерлерiнiң еңбек
              қатынастарын реттеу ерекшелiктерi

      1. Темiр жол көлiгi қызметкерлерiнiң еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, осы Заңмен, бас келiсiммен, салалық (тарифтiк) келiсiмдермен, еңбек және ұжымдық шарттармен реттеледi.

      2. Темiр жол көлiгiнiң поездар қозғалысына тiкелей байланысты қызметкерi кәсiби даярлығы мен денсаулығы жөнiнен уәкiлеттi орган белгiлейтiн талаптарға сай болуға тиiс.

      3. Темiр жол көлiгiнiң поездар қозғалысына тiкелей байланысты қызметкердiң жұмыс уақытының және демалыс уақытының есепке алынуының ерекшелiктерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.05.15 N 253, 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      23-бап. Темiр жол көлiгiнiң қызметкерiн жұмыстан
              шеттетудiң қосымша негiздерi

      1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген негiздемелерден басқа уәкiлеттi органның, магистралдық темiр жол желiсi операторының талап етуi бойынша жұмыс берушi мынадай жағдайларда:

      1) магистралдық темiр жол желiсi диспетчерлiк қызметiнiң, операторының тасымалдау процесi мен поездар жүрiсiн басқаруға байланысты нұсқауларын орындамағаны үшiн;

      2) жұмыс уақытының режимiн бұзғаны үшiн темiр жол көлiгiнiң қызметкерiн жұмыстан шеттетуге мiндеттi.

      2. Жұмыстан шеттетiлген кезеңге жалақы сақталмайды.
      Қызметкердi жұмыстан шеттету осыған негiз болған себеп анықталғанға дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылуы мүмкiн.
      Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.05.15. N 253 Заңымен.

      24-бап. Нысанды киiм (погонсыз) және айырым белгiлерi

      Темiр жол көлiгiнiң жолаушыларға, жүк жөнелтушiлерге және жүк алушыларға қызмет көрсетуге байланысты, сондай-ақ поездар қозғалысына тiкелей байланысты қызметкерлерiне жұмыс берушiнiң есебiнен тиiстi айырым белгiлерi бар нысанды киiм (погонсыз) берiлуге тиiс.
      Нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар темiр жол көлiгi қызметкерлерi лауазымдарының (кәсiптерiнiң) тiзбесiн, нысанды киiм (погонсыз) мен айырым белгiлерiнiң үлгiлерiн, оны киiп жүру тәртiбiн және онымен қамтамасыз етудiң нормаларын уәкiлеттi орган бекiтедi.
      Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

5-ТАРАУ.

      Ескерту. 5-тарау алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.05.08. N 414 Заңымен.

6-тарау. ТЕМIР ЖОЛ КӨЛIГI САЛАСЫНДАҒЫ ҚАУIПСIЗДIКТIҢ
ЖАЛПЫ ТАЛАПТАРЫ

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N 209 Заңымен.

      30-бап. Жалпы ережелер

      1. Темiр жол көлiгi, темiр жолдар, темiр жол станциялары, вокзалдар және темiр жол тасымалдарымен байланысты тасымалдау процесiне қатысушы өзге де объектiлер, сондай-ақ олардың өмiрлiк циклiнiң процестерi техникалық реттеу объектiлерi болып табылады.

      2. Тасымал процесiне қатысушылар техникалық регламенттер де белгiленген қауiпсiздiк талаптарын орындауға және адамның өмiрi мен денсаулығы, жолаушылардың жолда жүруi үшiн қауiпсiз жағдайларды, сондай-ақ магистральдық, станциялық және кiрме жолдардағы қозғалыс қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

      3. Темiр жол көлiгi саласындағы қауiпсiздiк адамның өмiрi мен денсаулығын сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға, тасымалдау процесiне қатысушылардың авариясыз жұмыс iстеуiне жағдайлар жасауға, магистральдық темiр жол желiсiн, темiр жолдың жылжымалы құрамын, құрылыстарды, жабдықтарды, механизмдер мен тетiктердi ақаусыз ұстауға, сондай-ақ болуы ықтимал авариялар салдарын жоюға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық iс-шаралар кешенiмен қамтамасыз eтiледi.

      4. Темiр жолдармен қиылысатын немесе оларға тiкелей жақын орналасқан газ, мұнай құбырларын, автомобиль жолдарын, электр берiлiсi желiлерiн және басқа да құрылыстар салу мен пайдалану кезiнде белгiленген нормативтердiң сақталмағаны үшiн, сондай-ақ аталған құрылыстарды пайдалану қауiпсiздiгi үшiн олардың меншiк иелерi мен иелерi ортақ жауаптылықта болады.
      Аталған құрылыстардың иелерi тасымал процесiне қатысушыларды және мемлекеттiк көлiк бақылау органдарын қозғалыс қауiпсiздiгiне қауiп-қатер төндiретiн аварияның немесе авариялық жағдайлардың туындағаны туралы дер кезiнде хабардар етуге мiндеттi.

      5. Қауiптi жүктердi жөнелтетiн жөнелтушi (жүк жөнелтушi) және қабылдайтын алушы (жүк алушы), сондай-ақ қауiптi жүктердi тасымалдайтын тасымалдаушы олардың қауiпсiз тасымалдануын қамтамасыз етуге мiндеттi, оларда авариялық жағдайларды және олардың салдарын жоюға қажеттi құралдар мен жұмылдыру бөлiмшелерi (оның iшiнде шарт бойынша) болуға тиiс.
      Қауiптi жүктердi тасымалдау процесiнде авариялық жағдайлар туындаған кезде тасымалдау процесiне қатысушылар аталған бөлiмшелердiң оқиға орнына жедел түрде жiберiлуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.29 N 209 Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      31-бап. Магистральдық инфрақұрылым объектiлерiн,
               құрылыстарды, темiр жол көлiгi жылжымалы құрамын,
               арнайы жылжымалы құрамын, конструкцияларын,
               жабдықтары мен мүкәммалын жобалау, өндiру,
               пайдалану, тасымалдау, сақтау, жөндеу және кәдеге
               жарату кезiндегi қауiпсiздiк талаптары

      1. Магистральдық инфрақұрылым объектiлерiн, құрылыстарын, темiр жол көлiгi жылжымалы құрамын, арнайы жылжымалы құрамын, конструкцияларын, жабдықтары мен мүкәммалын жобалау, өндiру, пайдалану, тасымалдау, сақтау, жөндеу және кәдеге жарату адамның өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасының және Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ететiн жағдайларда жүзеге асырылуы тиiс.
      2. Магистральдық инфрақұрылым объектiлерiн, темiр жол көлiгi құрылыстарын, жылжымалы құрамын, арнайы жылжымалы құрамын, конструкцияларын, жабдықтары мен мүкәммалын жобалау, өндiру, пайдалану, тасымалдау, сақтау, жөндеу және кәдеге жарату процестерi Техникалық пайдалану қағидасына, техникалық регламенттерге сәйкес жүзеге асырылуға тиiс.
      3. Магистральдық инфрақұрылым объектiлерiнiң, құрылыстарының, темiр жол көлiгi жылжымалы құрамының, арнайы жылжымалы құрамының, конструкцияларының, жабдықтары мен мүкәммалының жобалау, өндiру, пайдалану, тасымалдау, сақтау және жөндеу процестерiнде сақталуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар пайдалану құжаттамасында белгiленедi.
      Ескерту. 31-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

       31-1-бап. Темiр жол көлiгi мен жабдығын жобалау
                кезiндегi қауiпсiздiк талаптары

      Ескерту. 31-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.12.29 N 209 Заңымен, алып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      31-2-бап. Темiр жол көлiгi мен жабдығын өндiру кезiндегi
                қауiпсiздiк талаптары

      Ескерту. 31-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.12.29 N 209 Заңымен, алып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

       31-3-бап. Темiр жол көлiгi мен жабдығын пайдалану
               (монтаждау және жөндеу) кезiндегi қауiпсiздiк
                талаптары

      Ескерту. 31-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.12.29 N 209 Заңымен, алып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

       31-4-бап. Темiр жол көлiгi мен жабдығын тасымалдау және
                сақтау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары

      Ескерту. 31-4-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.12.29 N 209 Заңымен, алып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

       31-5-бап. Темiр жол көлiгi мен жабдығын кәдеге жарату
                және жою кезiндегi қауiпсiздiк талаптары

      Ескерту. 31-5-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.12.29 N 209 Заңымен, алып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

       32-бап. Жүру қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын
              тексеру

      1. Магистралдық, станциялық және кiрме жолдардағы жүру қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын тексерудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      Уәкiлеттi органның лауазымды адамдары мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде белгiленген үлгiдегi нысанды киiм (погонсыз) киюге, олардың қызметтiк куәлiктерi болуға тиiс.

       2. Лауазымдар (кәсiптер) тiзбесiн, лауазымдарға (кәсiптерге) қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес кәсiби даярлық деңгейiн, лауазымға (кәсiпке) қойылатын бiлiктiлiк талаптарын айқындау тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

      3. Тасымалдаушының және магистралдық темiр жол желiсi операторының кiрме жолдармен жүру қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың багажды, жүктi және жүк-багажды тиеу, түсiру жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асырған кездегi тексеруге қатысу тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      Ескерту. 32-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.07.09 N 596, 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      33-бап. Жүктердi және объектiлердi күзету

      1. Тасымалдаушы және магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы:

      1) тасымалдау кезiнде жүктердiң сақталуын;

      2) уәкiлеттi орган бекiтетiн тiзбеге сәйкес өздерiнiң қарауындағы темiр жол көлiгi объектiлерiнiң күзетiлуiн;

      3) темiр жол көлiгiнде өртке қарсы алдын алу жұмыстарының жүргiзiлуiн және өрт сөндiрудi қамтамасыз етуге мiндеттi.

      2. Темiр жол көлiгiмен тасымалдау кезiнде тасымалдаушы не жүк жөнелтушi жүктердiң тасымалдарын ұйымдастыру туралы шарт бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен әскерилендiрiлген күзетпен алып жүруге жататын жүктердiң күзетiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

      3. Жүк жөнелтушi, жүк алушы тасымалдау ережелерiнде белгiленген тiзбе мен тәртiпке сәйкес жүктердiң жекелеген түрлерiн өз өкiлдерiнiң (жолсерiктердiң) жолбасшылығы арқылы тасымалдауды қамтамасыз етуге мiндеттi.

      4. Жүк жөнелтушi, жүк алушы осы бапта көзделген тiзбеге енбейтiн жүктердi күзетудi және оларға жолбасшылық жасауды тасымалдау ережелерiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асыра алады.

      5. Темiр жол көлiгiнде қоғамдық тәртiптiң сақталуын және қылмысқа қарсы күрестi iшкi iстер органдары  қамтамасыз етедi. P050291
       Ескерту. 33-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596 Заңымен .

      34-бап. Ерекше жағдайларда жұмысты ұйымдастыру

      1. Тасымалдаушы, магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы мен тармақ иеленушi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөнiндегi шараларды шұғыл түрде қолдануға мiндеттi.
      Осы шараларды жүзеге асыру және қолдану үшiн оларда тiзбесiн уәкiлеттi орган айқындайтын материалдық және техникалық құралдардың қажеттi қоры болуға тиiс.

      2. Жұмылдыру дайындығын қамтамасыз етуге, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi 10-шараларды жүргiзуге, төтенше немесе соғыс жағдайы режимiн енгiзуге байланысты құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
      Ескерту. 34-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596 Заңымен .

      35-бап. Темiр жол көлiгiнiң ерекше жағдайлардағы
1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

Темiр жол көлiгi туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 17 қараша №1351, Астана, Үкімет Үйі Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу
«Темiр жол көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Темiр жол көлiгi туралы iconМагистралдық темір жол желісін пайдалану ережесін бекіту туралы
Темір жол көлiгi туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес Қазақстан...
Темiр жол көлiгi туралы iconТемiр жол көлiгiнiң және оған байланысты инфрақұрылымның кауiпсiздiгiне қойылатын талаптар
Темiр жол көлiгiнiң және оған байланысты инфрақұрылымның кауiпсiздiгiне қойылатын талаптар техникалық регламентiн бекiту туралы
Темiр жол көлiгi туралы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдарының қаржы есебін ұсыну ережелеріне 2-қосымша
Жалғасқан қызмет кезеңі ішіндегі пайда (залал) (30 жол + 40 жол + 50 жол 60 жол 70 жол 80 жол 90 жол + /-100 жол)
Темiр жол көлiгi туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 4 тамыздағы №792 Қаулысы
Жолаушыларды, багажды, жүктердi, жүк-багажды және пошта жөнелтiмдерiн темiр жол көлiгiмен, тасымалдау қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар...
Темiр жол көлiгi туралы iconТасымалдарды ұйымдастыру және (немесе) тасымалдаумен байланысты
Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы "Темір жол көлiгi туралы" Заңның 14-бабы 2 тармағының 7 тармақшасына сәйкес, тараптардың...
Темiр жол көлiгi туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 16 ақпандағы n 148 Қаулысы
...
Темiр жол көлiгi туралы iconӘдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
Жол қозғалысы туралы жүйелік түсінік. «жүргізуші-автокөлік-жол-қозғалыс ортасы» кешені. Жол қозғалысын ұйымдастыру мен қауіпсіздігі...
Темiр жол көлiгi туралы iconҚазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 ақпандағы n 410-iv заңы
Венада қол қою үшiн ашылған Жол белгiлерi мен сигналдары туралы конвенцияны толықтыратын Еуропалық келiсiмге Жол таңбалары туралы...
Темiр жол көлiгi туралы iconМагистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерiн көрсететiн табиғи монополиялар субъектiлерiнiң табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Азақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы n 384-НҚ Бұйрығы. Қазақстан...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница