Темiр жол көлiгi туралы




НазваниеТемiр жол көлiгi туралы
страница8/8
Дата конвертации12.03.2013
Размер0.9 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8

11-тарау. АКТIЛЕР, КIНӘ ҚОЮ, ТАЛАП ҚОЮ

      89-бап. Кiнә қоюдың шарттары мен тәртiбi

      1. Тасымалдаушыға тасымалдау шартынан туындайтын кiнә қоюға жолаушының, жөнелтушiнiң (жүк жөнелтушiнiң), алушының (жүк алушының) құқығы бар.
      Меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде вагондарға, контейнерлерге иелiк ететiн тұлға вагондар, контейнерлер жоғалған, бүлiнген жағдайларда тасымалдаушыға кiнә қоюға құқылы.
      2. Жеке немесе заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тасымалдау шарты бойынша кiнә қою құқығы бар тұлғалардың атынан кiнә қоя алады.
      3. Өтiнiш берушiде кiнә қою құқығы бар екендiгiн куәландыратын құжаттар кiнә қоюға қоса берiлуге тиiс.
      4. Өтiнiш берушiнiң талаптарын растайтын мына құжаттар түпнұсқа түрiнде кiнә қоюға қоса берiлуге тиiс:
      1) жолаушының өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы талап қойылған жағдайда – жол жүру құжаты (билет) және жазатайым оқиға туралы акт;
      2) жолаушылар поезының жөнелтiлуi кiдiртiлген немесе ол кешiгiп келген, жол жүргенi үшiн төлемдi қайтару туралы талап қойылған жағдайда – жол жүру құжаты (билет);
      3) багажды, жүк-багажды жоғалтқан, жеткiзiп беру мерзiмiн бұзған, багажды, жүк багажды тасымалдағаны үшiн тасымалдау ақысын қайтару туралы талап қойылған жағдайда – багаждың, жүк-багаждың түбiртегi;
      4) багаж, жүк-багаж жетiспеген, бұзылған (бүлiнген) жағдайда – багаж, жүк-багаж түбiртегi мен коммерциялық акт;
      5) жолаушыны, багажды, жүк-багажды тасымалдағаны үшiн тариф дұрыс қолданылмаған, багаждың, жүк-багаждың салмағы қате анықталған, тасымалдау төлемдерiн айқындау кезiндегi есептеуде қате жiберiлген жағдайларда – жол жүру құжаты (билет), багаждың, жүк-багаждың түбiртегi;
      6) жүк түгелдей жоғалған жағдайда – жүктiң келiп түспегенi туралы межелi станцияның белгiсi қойылған жүктi қабылдау туралы түбiртек және жөнелтiлген жүктiң саны мен құнын растайтын құжат;
      7) жүк жетiспеген, бұзылған (бүлiнген) жағдайда – темiр жол көлiгi жүкқұжаты, межелi станция берген коммерциялық акт және жөнелтiлген, жетiспеген, бұзылған (бүлiнген) жүктiң саны мен құнын растайтын құжаттар.
      Жүк жөнелтушi мен жүк алушы арасындағы есеп айырысу нормаланған және iс жүзiндегi ылғалдылық ескерiле отырып, жүргiзiлетiн жүк жетiспеген жағдайда, кiнә қоюға жүктi жөнелту және беру кезiндегi оның ылғалдылығын растайтын құжаттар қоса берiледi.
      Жүктi беру кезiнде оның бағасын арзандату немесе сортын төмендету жүргiзiлген жүк бұзылған (бүлiнген) жағдайда кiнә қою актiсiне сараптама актiсi қоса берiледi;
      8) жүктi жеткiзiп беру мерзiмдерi бұзылған жағдайда – темiр жол көлiгi жүкқұжаты;
      9) тариф артық төленген жағдайда – темiр жол көлiгi жүкқұжаты немесе жүктi тасымалдауға қабылдау туралы түбiртек және төленгенiн растайтын құжаттар;
      10) тасымалдау орындалмаған жағдайда – тасымалдаушының жүктi қайтарғаны туралы белгiсi қойылған жүктi тасымалдауға қабылдау туралы түбiртек;
      11) жүк тасымалдаумен байланысты алымдар мен айыппұлдар артық төленген жағдайда – олардың есептелгенiн және төленгенiн растайтын құжаттар;
      12) тасымалдаушы заңды немесе жеке тұлғаларға тиесiлi немесе олар жалға алған вагондарды, контейнерлердi жоғалтқан, зақымдаған жағдайда – межелi станциядағы тасымалдаушының вагондардың, контейнерлердiң жеткiзiлмегенi туралы белгiсiмен жүктi тасымалдауға қабылдау туралы түбiртек, техникалық паспорттар мен оларға меншiк құқығын немесе жалға алынғанын растайтын құжаттар.
      5. Бiр кiнә қоюда осы бапта көрсетiлген әртүрлi жағдайлар бойынша талаптар бiрiктiрiлмеуi тиiс.
      Жүктiң жоғалғаны, жетiспеуi, бүлiнгенi немесе бұзылғаны үшiн кiнә қою әрбiр жөнелтiлiм бойынша жеке қойылады.
      Бiр атаудағы, бiр станцияда бiр ғана жүк жөнелтушi бiр межелi станцияға бiр жүк алушының мекенжайына жөнелткен жүктер бойынша тасымалдауды ресiмдеу кезiнде тасымалдаушы олар бойынша бiр коммерциялық акт жасаған жүк жөнелтiлiмдерi тобы бойынша бiр кiнә қоюды ресiмдеуге рұқсат етiледi.
      Маршруттық немесе топтап тасымалданған жүктер бойынша кiнә қою коммерциялық актiде көрсетiлген вагондар санына қойылады.
      Жүктi жеткiзу мерзiмi асып кеткен кезде олар бiр тәулiк iшiнде келсе, бiрнеше жүк жөнелтiлiмiн бiр кiнә қоюда бiрiктiруге рұқсат етiледi.
      Ескерту. 89-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      89-1-бап. Кiнә қоюды ресiмдеу

      1. Кiнә қоюда мынадай мәлiметтер көрсетiледi:
      1) кiнә қоюшы өтiнiм берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты немесе толық атауы, почталық деректемелерi, оның жасалған күнi;
      2) олардың негiзiнде кiнә қойылған мән-жайлар;
      3) өтiнiм берушiнiң талаптары, кiнә қойылған сома және оның есептеулерi, банктiк деректемелерi;
      4) кiнә қоюға қоса берiлетiн құжаттардың, сондай-ақ басқа да дәлелдемелердiң тiзбесi.
      2. Жеке тұлғадан келген кiнә қоюға өтiнiш берушi оның жеке басын куәландыратын құжаттың және салық төлеушi куәлiгiнiң көшiрмесiн қоса берiп, қол қояды.
      Заңды тұлғадан келген кiнә қою мөрмен куәландырылады және оған ұйымның басшысы немесе ол өкiлеттiк берген тұлға қол қояды.
      3. Жүк жөнелтушiге жүктiң қабылданғаны туралы түбiртек және жүк алушыға жүкқұжат электрондық деректер алмасу жүйесi арқылы берiлген жағдайда, өтiнiш берушi жөнелтiлiм нөмiрiн, жүктiң тасымалдауға қабылданған күнiн және тасымалдаушының ақпараттық жүйелерiндегi электрондық досьесiнiң тiркеу деректерiн көрсетедi.
      Ескерту. Заң 89-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      90-бап. Кiнә қоюдың мерзiмдерi

      1. Тасымалдау шартынан туындайтын кiнәнi тасымалдаушыға талап қою мерзiмi iшiнде қоюға болады.
      Кiнә қою мерзiмдерi мыналарға қатысты:

      1) багаждың, жүктiң, жүк-багаждың жоғалғаны үшiн шығынды өтеуге - жеткiзiп беру мерзiмi аяқталғаннан жетi тәулiк өткеннен кейiн;

      2) багаждың, жүктiң, жүк-багаждың жетiспеушiлiгi, бұзылғаны (бүлiнгенi), жеткiзiп беру мерзiмiнiң өтiп кеткенi үшiн шығынды өтеуге - берiлген күннен бастап;

      3) багаж, жүк, жүк-багаж тасымалына артық төленген тасымал төлемдерiн қайтаруға - берiлген күннен бастап;

      4) багаж бен жүк-багажды жеткiзiп беру мерзiмi өтiп кетуiне - берiлген күннен бастап;

      5) жүк тасымалына қабылданған өтiнiмдi орындамағаны үшiн айыппұл өндiрiп алуға - өтiнiмдi орындау үшiн тасымалдау ережелерiнде белгiленген мерзiм аяқталған соң есептеледi.
      Өзге жағдайларда - талап қоюға негiз болған оқиға туындаған күннен бастап есептеледi.

      1-1. Почтамен жөнелту үшiн кiнә қою почтамен жөнелтiлген күн немесе тасымалдаушының қолына берiлген күн кiнә қойылған күн болып есептеледi.
      Егер кiнә қоюды берудiң соңғы күнi жұмыс iстемейтiн күнге дәл келсе, кiнә қоюды берудiң соңғы күнi одан кейiнгi жұмыс күнi болып есептеледi.

      2. Тасымалдаушы, егер кiнә қою мерзiмi өтiп кетуiнiң себебiн дәлелдi деп таныса, қойылған кiнәнi белгiленген мерзiм өткеннен кейiн де қарауға құқығы бар.
      Ескерту. Заң 90-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      91-бап. Кiнә қоюды қараудың тәртiбi мен мерзiмдерi

      1. Кiнә қою ол алынған күннен бастап бiр ай мерзiмде қаралуға тиiс.
      Қараудың нәтижесi туралы тасымалдаушы өтiнiш берушiнi жазбаша нысанда хабардар етедi.
      2. Кiнә қоюға жауапта:
      1) жауап берiлетiн кiнә қоюшы өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты немесе толық атауы, почталық деректемелерi, жауап берiлетiн кiнә қоюдың күнi;
      2) кiнә қою толық немесе iшiнара танылған жағдайда, танылған сома және кiнә қоюды қанағаттандыру тәсiлi;
      3) кiнә қою толық немесе iшiнара қабылданбаған жағдайда, кiнә қоюдан бас тартуды негiздейтiн, тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер мен құжаттарға сiлтеме жасалып, бас тартудың дәлелдерi;
      4) жауапқа қоса берiлген құжаттар мен өзге де дәлелдемелердiң тiзбесi көрсетiледi.
      3. Кiнә қою толық сомада қанағаттандырылған жағдайда өтiнiш берушi ұсынған құжаттарды тасымалдаушы қайтармайды.
      Кiнә қою толығымен немесе iшiнара қабылданбаған жағдайда, өтiнiш берушiге кiнә қоюға қоса берiлген құжаттар, сондай-ақ егер өтiнiш берушiде олар жоқ болса, бас тартуды негiздейтiн құжаттар жiберiлуге тиiс.
      4. Егер өтiнiш берушi берген кiнә қою осы Заңның талаптары бұзылып ресiмделсе, онда осындай кiнә қою қайтарудың себептерi көрсетiлiп, тасымалдаушыға келiп түскен күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей өтiнiш берушiге қайтарылады. Осындай кiнә қоюды қайтару оны қанағаттандырудан бас тарту болып табылмайды.
      5. Жүк жоғалған және бүлiнген жағдайда кiнә қоюды қанағаттандыру кезiнде өтелуi тиiс сома оның сатушының шотында көрсетiлген немесе шартта көзделген бағасы, ал шот болмаған немесе шартта баға көрсетiлмеген кезде – салыстырмалы мән-жайлар кезiнде әдетте осыған ұқсас тауарлар үшiн алынатын баға негiзге алынып айқындалады.
      Тасымалдаушы залалды өтеумен қатар, жоғалған, жетiспейтiн, бүлiнген немесе зақымдалған жүктiң тасымалданғаны үшiн өндiрiп алынған тасымалдау төлемақысын, егер осы төлемақы жүктiң құнына енгiзiлмеген болса, қайтарады.
      Егер жүк тасымалдауға оның құны жарияланып тапсырылса, онда ол жоғалған жағдайда, тасымалдаушы залалды – жарияланған құны мөлшерiнде, ал iшiнара жоғалған жағдайда – жүктiң жоғалған бөлiгiне барабар құнының мөлшерiнде өтейдi.
      6. Егер кiнә қоюды қарау кезiнде жүктiң мекенжайы ауыстырылса, не жүк жөнелтушiнiң немесе бастапқы жүк алушының өтiнiшi бойынша басқа жүк алушыға берiлсе, кiнә қою оған жүк берiлген жүк алушыны немесе оның өтiнiшi бойынша жүктiң мекенжайы ауыстырылған немесе жүк берiлген тұлға көрсетiлiп, қайтарылады.
      Ескерту. 91-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      92-бап. Актiлер

      1. Тасымалдарды жүзеге асырған кезде тасымалдаушының, жөнелтушiнiң (жүк жөнелтушiнiң), алушының (жүк алушының), экспедитордың немесе жолаушының мүлiктiк жауапкершiлiгi үшiн негiз болатын мән-жайлар коммерциялық актiлермен немесе жалпы нысандағы актiлермен куәландырылады.
      Коммерциялық актiнiң және жалпы нысандағы актiнiң нысандары, сондай-ақ оларды жасау ережелерi тасымалдау ережелерiмен белгiленедi.

      2. Тасымалдаушы багажды, жүктi, жүк-багажды берген кезде мына мән-жайларды:

      1) нақты атауының, сондай-ақ салмағы мен орын санының тасымалдау құжаттарында көрсетiлген деректерге сәйкес келмеуiн;

      2) бұзылуын (бүлiнуiн);

      3) тасымалдау құжаты жоқ багажды, жүктi не жүк-багажды немесе багажсыз, жүксiз не жүк-багажсыз тасымалдау құжатын тапқанын;

      4) тасымалдаушыға ұрланған багажды, жүктi немесе жүк-багажды қайтарғанын;

      5) жүк беру туралы құжаттарды ресiмдегеннен кейiн жиырма төрт сағат iшiнде тасымалдаушының түсiретiн (жүктен босататын) орынға жүктi бермегенiн куәландыру үшiн коммерциялық акт жасауға мiндеттi. Бұл жағдайда коммерциялық акт жүк алушының талабы бойынша ғана жасалады;

      6) багажды, жүктi немесе жүк-багажды өткiзуге бергенiн куәландыру үшiн коммерциялық акт жасауға мiндеттi.
      Тасымалдаушы тасымалдау құжаттарына коммерциялық акт жасалғандығы туралы белгi соғуға мiндеттi.

      3. Жалпы нысандағы актiлер осы баптың 2-тармағында көзделмеген мән-жайларды куәландыру үшiн жасалады.

      4. Актiнi жасауға қатысатын тараптардың оған қол қоюдан бас тартуға құқығы жоқ. Актiнiң мазмұнымен келiспеген жағдайда тараптардың онда өз пiкiрлерiн жазуға құқығы бар.

      5. Дұрыс емес ақпараты бар коммерциялық актiнi жасаған немесе оған қол қойған адамдар Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жауаптылықта болады.
      Ескерту. 92-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 596 Заңымен .

      93-бап. Талап қою мерзiмi

      1. Тасымалдаушыға тасымалдаудан туындайтын талап қою ол кiнә қоюды қанағаттандырудан толық не iшiнара бас тартқан жағдайда немесе тасымалдаушыдан қойылған кiнәға оны қарау мерзiмi өткен соң жауап алынбаған жағдайда жасалуы мүмкiн.

      2. Жүк, почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау шарты бойынша талап қою мерзiмi - бiр жыл, жолаушыны, багажды, жүк-багажды тасымалдау шарты бойынша - алты ай.

      3. Талап қою мерзiмi талап қоюға негiз болған оқиға орын алғаннан кейiнгi келесi күннен басталады.
      Ескерту. 93-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

12-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР

      94-бап. Ақпарат, қызметтiк iс қағаздарын жүргiзу және
              байланыс

      1. Тасымалдаушы жолаушыларға, жөнелтушiлерге (жүк жөнелтушiлерге), алушыларға (жүк алушыларға) тасымалдау жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер туралы қажеттi және дұрыс ақпарат беруге мiндеттi.
      Темiр жол станцияларында, вокзалдарда, поездарда және жолаушыларға, жөнелтушiлер (жүк жөнелтушiлер) мен алушыларға (жүк алушыларға) қызмет көрсетiлетiн басқа да орындарда ақпарат мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде берiледi, сондай-ақ жергiлiктi халықтың мүддесiн ескере отырып, басқа тiлдерде де берiлуi мүмкiн.

      2. Жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж тасымалдау құнын өзгерту туралы мәлiметтер оларды енгiзуден кем дегенде он күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      3. Темiр жол көлiгiнде қызметтiк iс жүргiзу мен байланыс қазақ және орыс тiлдерiнде жүргiзiледi.
      Поездар қозғалысын жүзеге асыру кезiнде уәкiлеттi орган бекiткен терминдер пайдаланылады.

      4. Темiр жол көлiгiндегi тасымалдау құжаттары және халықаралық хабарлар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының нормаларымен белгiленген тiлдерде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 94-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      94-1-бап. Есепке алу және есептiлiк

      Локомотивтiк тартқыштың, вагондардың, контейнерлердiң операторлары және тасымалдаушылар жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, жүктердi тасымалдау және тасымалдау кезiнде жылжымалы құрамды пайдалану туралы уәкiлеттi орган белгiлеген есепке алу және есептiлiктi ұсыну тәртiбiн сақтауға мiндеттi.
      Ескерту. Заң 94-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      95-бап. Темiр жол көлiгiндегi есепке алу-есеп
              беру уақыты

      1. Темiр жол көлiгiнде уәкiлеттi орган белгiлейтiн бiрыңғай есепке алу-есеп беру уақыты қолданылады.

      2. Халықаралық қатынаста есепке алу-есеп беру уақыты Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен белгiленедi.

      96-бап. Осы Заңды қолдану тәртiбi

      Осы Заң оны қолданысқа енгiзгеннен кейiн туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады. Осы Заңды қолданысқа енгiзгенге дейiн туындаған құқықтық қатынастар бойынша Заң өзi қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн туындайтын құқықтар мен мiндеттемелерге қолданылады.

      97-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзуге байланысты
              заңдарды қолдану

      Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн қабылданған темiр жол көлiгi саласындағы қатынастарды реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер осы Заңға қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi
1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

Темiр жол көлiгi туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 17 қараша №1351, Астана, Үкімет Үйі Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу
«Темiр жол көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Темiр жол көлiгi туралы iconМагистралдық темір жол желісін пайдалану ережесін бекіту туралы
Темір жол көлiгi туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес Қазақстан...
Темiр жол көлiгi туралы iconТемiр жол көлiгiнiң және оған байланысты инфрақұрылымның кауiпсiздiгiне қойылатын талаптар
Темiр жол көлiгiнiң және оған байланысты инфрақұрылымның кауiпсiздiгiне қойылатын талаптар техникалық регламентiн бекiту туралы
Темiр жол көлiгi туралы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдарының қаржы есебін ұсыну ережелеріне 2-қосымша
Жалғасқан қызмет кезеңі ішіндегі пайда (залал) (30 жол + 40 жол + 50 жол 60 жол 70 жол 80 жол 90 жол + /-100 жол)
Темiр жол көлiгi туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 4 тамыздағы №792 Қаулысы
Жолаушыларды, багажды, жүктердi, жүк-багажды және пошта жөнелтiмдерiн темiр жол көлiгiмен, тасымалдау қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар...
Темiр жол көлiгi туралы iconТасымалдарды ұйымдастыру және (немесе) тасымалдаумен байланысты
Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы "Темір жол көлiгi туралы" Заңның 14-бабы 2 тармағының 7 тармақшасына сәйкес, тараптардың...
Темiр жол көлiгi туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 16 ақпандағы n 148 Қаулысы
...
Темiр жол көлiгi туралы iconӘдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
Жол қозғалысы туралы жүйелік түсінік. «жүргізуші-автокөлік-жол-қозғалыс ортасы» кешені. Жол қозғалысын ұйымдастыру мен қауіпсіздігі...
Темiр жол көлiгi туралы iconҚазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 ақпандағы n 410-iv заңы
Венада қол қою үшiн ашылған Жол белгiлерi мен сигналдары туралы конвенцияны толықтыратын Еуропалық келiсiмге Жол таңбалары туралы...
Темiр жол көлiгi туралы iconМагистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерiн көрсететiн табиғи монополиялар субъектiлерiнiң табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Азақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы n 384-НҚ Бұйрығы. Қазақстан...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница