Қосымша Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы 2010 жылдың 11 айындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат




Скачать 81.37 Kb.
НазваниеҚосымша Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы 2010 жылдың 11 айындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат
Дата конвертации11.07.2014
Размер81.37 Kb.
ТипДокументы
Қосымша
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы 2010 жылдың 11 айындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ағымдағы жылдың 11 айында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша ұйымдастырушылық және практикалық кешенді шараларды жүзеге асырды.

Мемлекеттік материалдық резерв, өрт және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы заңнамалық базаны жетілдіру бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізілді, мына заңдар күшіне енді:

- 2010 жылғы 13 ақпандағы «Мемлекеттік материалдық резерв бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;

- 2010 жылғы 27 мамырдағы «Үшінші тұлғаларға іс-әрекеті қауіп төндірумен байланысты қауіпті өндірістік объектілері иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы»;

2011 жылғы қантардан бастап Мемлекет басшысы тәуекелдерді тәуелсіз бағалау жүйесін құруды қарастыратын және 6 ай өткеннен кейін қолданысқа енгізілетін «Өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң.

2010 жылдың 11 айында жекелей мақсатты индикаторларға жетудің, сонымен қатар төтенше жағдайлардан халықты қорғау дәрежесін көтеруге септігін тигізетін ауқымды инвистициялық жобаларды жүзеге асырудың мультипликативті тиімділігі мен стратегиялық мақсаттарының орындалу көрсеткішінің нәтижесі жоғары дәрежеде екендігі айқындалды:

- елді мекендерді, орман алқаптарын және Бурабай ұлттық табиғи паркін өрттен қорғауға арналған озық үлгідегі өрт сөндіру техникасымен және құрал-саймандармен жабдықталған Щучинск-Бурабай курорт аймағындағы үш өрт сөндіру депосының құрылысы аяқталды;

- ағымдағы жылдың 18 наурызында Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сырдария өзеніндегі Көксарай тасқынға қарсы су реттегішінің алғашқы кешені іске қосылды, ол өз кезегінде осы көктемде 920 млн. м3 тасқын суын жинауға мүмкіндік берді және Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан облыстарын жаппай су басудан сақтап қалды. Қазіргі кезеңде жыл сайын іс жүзінде осы облыстардың халқының жалпы саны 416 мың адам болатын 71 елді мекенін су басу қаупінен қорғады. Объекті құрылысының толық аяқталуы 2011 жылғы желтоқсанға жоспарланған;
- «Астана қаласын Есіл өзенінің тасқын суларының жайылуынан қорғау» кешенін жобалық қуатына шығару осы жылғы көктемде Астаналық су қоймасының толып кету нәтижесінде пайда болған 30 млн. м3 астам тасқын суды ұстап қалуға мүмкіндік бере отырып, Астана қаласының сол жағалауы мен қала маңын су басып қалу қаупінен сақтап қалды.

- салауатты өмір салтын және бұқаралық спортты дамыту бойынша міндеттерді іске асыру шеңберінде жүзу бассейнімен, жасанды жабынды футбол алаңымен, ойын, балуан және жаттығу залдарымен Астана қаласында ТЖМ бірінші спорт кешені пайдалануға берілді.

- «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ-мен бірлесіп 9 вагоннан тұратын мамандандырылған медициналық «Денсаулық» поезды пайдалануға берілді, онда клиникалық-биохимиялық зертхана, эндоскопия, рентген, УДЗ және басқа да кабинеттер орналасқан және жұмыс істейді. Бұл поезда ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы» АҚ дәрігерлері 13 мамандық бойынша алыс станциялар мен разьездерде тұратын халыққа, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккен тұрғындарға жоғары білікті медициналық көмек көрсететін болады. Жіберілген уақыттан бастап «Денсаулық» консультативтік-диагностикалық поезды Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Ақмола областарының халқына медициналық көмек көрсетті. Жұмыс қорытындысы бойынша «Денсаулық» консультативтік-диагностикалық поезды 3,4,5 сыныпты 57 станцияға және жақын жатқан елді мекенге медициналық көмек көрсетті. Дәрігерлер 23283 адамды; жас мамандар 39276 адамды (орта есеппен әр тексерілушіге 3 тексеруден); 7883 баланы және 4068 жас мамандар қарады. 6566 тісті тексеру, 441 кіші амбулаториялық операциялар, 2549 ауыз қуысын емдеу, 8678 УДЗ-ішкі органдарды зерттеу, 2098 ЭХО және бас сүекйті УЗДГ зерттеу, 6148 электрокардиография, 4435 флюорография, 1266 эзофагогастродуоденоскопия, 7676 клиникалық-биохимиялық зерттеулер жүргізілді. Маммологтар 622 әйелді тексерді.

Жоғары маңыздылығын ескере отырып тағы екі поезд жіберу жоспарланып отыр.

«Денсаулық» емдеу-диагностикалық поезды 2010 жылы 1-2 желтоқсанда Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Саммит іс-шараларын, 2011 жылғы VII Азия ойындарына дайындық пен өткізуді іс-шаралар жоспарына енгізді.

«Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы» Саммитін дайындауға және өткізуге 2010 жылы 1-2 желтоқсанда Астанада Министрлік мына іс-шаралар кешенін орындады:

Өнеркәсіп пен өрт кауіпсіздігін тұрғысына қорғалатын адамдар тұратын объектілер мен олар баратын жерлерді тексеру жүргізіліп, тиісті актілер жасалды;

Өрт кауіпсіздігі саласында

Жұмылдырылған объектілерді өрт қауіпсіздігі тұрғысына тексеру жүргізіледі. 85 қонақ үй , 56 мейрамхана, 4 өткізу орны және 4 қатынасу орны тексерілді.

Өрт қауіпсіздігі жағдайына тексеру кезінде жұмылдырылған объектілерде 957 өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушылық анықталды. Тұрақты бақылау барысында 200 бұзушылықтың жойылмағаны анықталды, олардың басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 161лауазымды тұлғаға 1 млн. 157 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Астана қаласының Мамандандырылған аймақаралық экономикалық сотына «Нестай», «Берлин», «Жеті Қазына» және «Олимп» қонақ үйлерінің жұмыс істеуін тоқтатуға талап-арыздар жіберілді.

Өрт қауіпсіздігі жағдайына тұрақты бақылау барысында 54 қонақ үйдің барлық өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтарды жоюға қол жеткізілді және техникалық әзірлік актілеріне қол қойылды.

«Бейбітшілік және келісім сарайы» МҚКК, «Қазақстан» орталық концерт залы, «Хан шатыр» ОСО және «Шабыт» өнер институтына жасалған бақылау тексерулері олардың қазіргі уақытта өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзбай жұмыс істеп жатқанын көрсетті.

Сонымен қатар өрт-техникалық тексеру барысында объектілердің техникалық және қызмет көрсетуші персоналдарына өрт туындаған жағдайдағы іс-қимылдар бойынша 1947 адамды қамтыған 221 нұсқаулық өткізілді.

Астана қаласын өртке қарсы қорғауды күшейту үшін Саммит кезінде саны 17 бірлік негізгі және арнайы өрт сөндіру техникасы мен 69 жеке құрамдағы адамы бар Қарағанды, Павлодар және Ақмола облыстарының мемлекеттік өртке қарсы қызмет күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында

ЕЫҚҰ іс-шараларын өткізуге жұмылдырылған объектілердің 18 лифт шаруашылығына тексеру жүргізілді, сондай-ақ «Астана энергия» АҚ, «ТЭЦ-1», «ТЭЦ-2», «Тәуелсіздік сарайы», «Шабыт» алдында берілген нұсқамаларын жою бойынша бақылау тексеруі жүргізілді.

«Компания Горгаз» ЖШС өнеркәсіп қауіпсіздігі жағдайына тексеру жүргізілді, нәтижесінде жауапты адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Казгазойл» ЖШС анықталған өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтар негізінде «LPG Дистребюшн» ЖШС астан филиалы заңды тұлғасына әкімшілік тәртіптік жаза қолданылды.

ҚР ТЖМ Астана, Алматы қалаларында және Алматы облысында 2011 жылғы VII қысқы Азия ойындарын өткізуге дайындық мақсатында Министрлік мына жұмыстарды жүргізді:

- 2011 жылғы VII қысқы Азия ойындарына дайындалу және өткізу кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің іс-шаралар жоспары әзірленді;

- ҚР ТЖМ құтқару бөлімшелерінің топтамасы құрылды (1439 жеке құрам, 213 бірлік техника, 3 тікұшақ);

- төтенше жағдай туындаған кезде өрт сөндіру-құтқару бөлімшелері жеке құрамының іс-қимылын пысықтау үшін оқу-жаттығулар өткізілді;

- жұмылдырылған объектілерде өрт пен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асырылды;

- 2011 жылғы 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығындағы кезеңде ҚР ТЖМ күштері мен құралдары қызметті өткерудің күшейтілген түріне ауыстырылды.

2010 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша ҚР ТЖМ жедел қызметі барлығы авариялық-құтқару жұмыстарына 64513 шығу болды, 8533 адам құтқарылды, төтенше жағдайлар аумағынан 10423 адам эвакуацияланды, 807 зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарында ТЖ аймағынан 12304 адам, оның ішінде ТЖМ-нің күшімен 4788 адам эвакуацияланды.

Жоғарыда аталған іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде мыналарға қол жеткізілді:

  • төтенше жағдайлар кезінде құтқарылған адамдар саны 15% ұлғайды (2010 жылы – 8533 адам, 2009 жылы – 5861 адам);

  • республиканың қауіпті өндірісінде жарақат алғандар саны 27 %, қаза болғандардың саны 28,5% төмендеді.

  • төтенше жағдайлар мен табиғи және техногендік сипаттағы жағдайлардан зардап шеккендердің жалпы саны 4% төмендеді (2010 ж. – 4651адам, 2009 ж. – 4750 адам).

  • өрттерден жалпы материалдық залалдар 4,2 % төмендеді.

  • бақылаудағы кәсіпорындарда өнеркәсіптік қауіпсіздік нормалары мен талаптарын бұзу саны 13,8% қысқарды (2009 жылғы 155542 бұзушылыққа қарсы 2010 жылы 134114).

ҚР ТЖМ 2010 жылы табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою бойынша бірінші кезекті жұмыстармен қамтамасыз ету үшін материалдық құндылықтар босатылды: Алматы облысына 267 млн. теңгеден астам сомаға және Шығыс Қазақстан облысына жалпы сомасы 219 млн. теңге шамасында (азық-түлік өнімдері, палаткалар, қыздыруға арналған пештер, дала ас үйлері, кереуеттер, төсек-орын жабдықтары, жылы киім, ыдыс, құрылыс және жанар-жағар май материалдары).

2010 жылы мемлекеттік материалдық резервтен Тәжікстан Республикасына, Ислам Ауған Республикасына, Молдова Республикасына ізгілік көмек көрсету үшін жалпы сомасы 13 млн. 82 мың 507 АҚШ долларына материалдық құндылықтар босатылды.

Гуманитарлық жүкке 7,5 мың тонна күріш жармасы, 1,6 млн. литрдан астам өсімдік майы, 60 тонна кір сабын, 100 палатка, 500 адамға арналған төсек-орын жабдықтары кірді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін және әлеуметтік-экономикалық ахуалдарға төтенше ден қою және тұрақтандыру саласындағы халықаралық қарым-қатынасты дамыту мақсатында Қырғыз Республикасына жанар-жағар май және құрылыс материалдары, азық-түлік өнімдері, гигиена құралдары түрінде 7 млн. 488 мың 105 АҚШ доллары сомасында ресми гуманитарлық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта жалпы сомасы 5 млн. 873 мың АҚШ долларына 230 мың тоннадан астам көмір түсіріліп жатыр. Қырғыз Республикасы жеткізілген көмірдің көлемі 2010 жылғы 3 желтоқсандағы жағдай бойынша 79 мың тоннаны құрайды.

Өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде, оның ішінде қауіпті өндірістік өрт қауіпті объектілер иелерінің жауапкершілігін қатаңдату жолымен қосымша шаралар қабылданды.

Есепті кезеңде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында Министрлік 10473 кәсіпорынның 60425 объектісіне тексеру жүргізілді, оның нәтижесінде 134114 техникалық қауіпсіздік ережелері мен нормаларын бұзу фактілері анықталды. Соған сәйкес 31 кәсіпорынның 6098 объектісінің жұмысы тоқтатылды, 2550 кәсіпорын басшыларына 77157,9 мың теңге сомасына айыппұл салынды. Өрт қауіпсіздігі саласында ТЖМ аумақтық органдарының бақылауындағы кәсіпорындар мен объектілерде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2010 жылдың 11 айында ауыр жағдайға әкеп соқтыратын жарақат 27%-ға, өлімге әкеп соқтыратын жарақат 28,5%-ға азайды.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өрт қаупі бар жағдайдағы 1534 объекті пайдалану тоқтатылды, 337212 бұзушылық анықталды. Өрт қауіпсіздігін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 27320 адам тартылды, оның ішінде 219,7 млн. теңге сомасына 25959 лауазымды тұлғаға айыппұл салынды. Сондай-ақ, өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі дабыл бойынша 55007 шығу, оның ішінде: өрттерге – 15907, авариялық-құтқару жұмыстарына -3972, өрт ретінде есепке алынбайтын жану жағдайларына – 34907, жалған шақыруларға – 225 шығу болды. Министрліктің Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің күштері жыл басынан 2503 адамды құтқарды.

ҚР ТЖМ Республикалық ТЖ және АҚ саласындағы басшылық құрамның біліктіліктерін арттыру курстарында 1052 адам оқыды, оның ішінде ҚР ТЖМ аумақтық органдарынан 346 адам оқыды.

2010 жылдың басынан республикалық, облыстық және аудандық БАҚ бойынша 43832 сөз сөйлеу, оның ішінде телидидардан – 12444, баспасөз беттерінде – 11965 және 19423 радио және дауыс зорайтқыш құралдармен сөз сөйленді.

1325 әдістемелік және көрнекті құрал, ұсыныстар мен де басқа насихаттау материалдары әзірленді (барлығы 242979 дана таратылды). Төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл жөнінде 1971 ақпараттық-анықтама стенді ресімделген. Халықпен 5150 жиылыс ұйымдастырылған, 133436 дәріс оқытылды, оның барысында техника қауіпсіздігі шараларына 695396 азамат оқытылды.

Қазіргі заманғы құтқарушының позитивті имиджін насихаттау және дамыту мақсатында ҚР ТЖМ 2008 жылдан бері ведомстволық «Пожарный и спасатель» журналын басып шығарады, қазіргі уақытта оның таралымы 13 мыңға жуық дананы құрайды.

Похожие:

Қосымша Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы 2010 жылдың 11 айындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат iconҚосымша Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы 2010 жылдың тоғыз айындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат
Азақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ағымдағы жылдың 9 айында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен...
Қосымша Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы 2010 жылдың 11 айындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат iconҚазақстан Республикасының Үкiметi мен Украина Министрлер Кабинетiнiң арасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардабын жою саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қою туралы
Республикасының Үкiметi мен Украина Министрлер Кабинетiнiң арасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардабын жою саласындағы...
Қосымша Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы 2010 жылдың 11 айындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат iconТөтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия туралы
Оса берiлiп отырған Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссияның құрамы бекiтiлсiн
Қосымша Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы 2010 жылдың 11 айындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат iconҰлан ауданының 2010 жылғы 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы Анықтама
...
Қосымша Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы 2010 жылдың 11 айындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат iconКатонқарағай ауданының 2009 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары туралы ақпарат
Ауданның 2009 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының талдау қорытындылары аудан экономикасының барлық...
Қосымша Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы 2010 жылдың 11 айындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат icon«2010 жылдың 11 айында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» мәселе жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Б. Жәмішевтің баяндамасы

Қосымша Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы 2010 жылдың 11 айындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат iconТөтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссиясының кезектен тыс отырысының
Төрағалық етті: Божко В. К. – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі, төраға
Қосымша Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы 2010 жылдың 11 айындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат iconАҚ ЖӘне тж бойынша оқУ-Әдістемелік әдебиеттерге шолу «АҚ және тж саласындағы Заңдар»
Осы Заң Қазақстан Республикасында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша қоғамдық қатынастарды...
Қосымша Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы 2010 жылдың 11 айындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат icon«2012 жылдың бірінші тоқсанына Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» ақпарат
Скемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы оңды динамикамен сипатталады
Қосымша Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы 2010 жылдың 11 айындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат iconҚызметiнде төтенше жағдайлар туындау қатерi жоғары ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы
Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 19 мамырдағы n 764 қаулысына сәйкес және төтенше жағдайлардың алдын алу мен iс-қимылдарға дайындалу...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница