Бекітілген «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (мемлекеттік орган)




НазваниеБекітілген «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (мемлекеттік орган)
страница1/7
Дата конвертации20.11.2012
Размер0.99 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2010 жылғы «30» желтоқсан

№ 345 қаулысымен

БЕКІТІЛГЕН

«Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (мемлекеттік орган)

(мемлекеттік орган атауы)

2011-2015 жылдарға арналған

(жоспарлы кезең)

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ

1-бөлім. Миссиясы және пайымдауы.
Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) миссиясы - облыс тұрғындарының әлеуметтік көңіл-күйін қадағалау, азаматтық қоғам институттарын дамыту мен қолдау, жастарды белсенді ету және аймақтың ақпараттық кеңістігінің бәсекелестік қабілетін көтеру жолымен қоғамдық-саяси тұрақтылықты, ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайтуға бағытталған мемлекеттің ішкі саясатын тиімді жүзеге асыру болып табылады.
Ішкі саясат басқармасының пайымдауы – аймақтағы атқарушы билік пен жалпы жұртшылықты еліміздің 2020 жылға дейінгі даму Стратегиясын және Елбасының жыл сайынғы Жолдауларын түсіндіріп, насихаттау және іске асыруға жұмылдыру.

2-бөлім. Тиісті салалар қызметінің ағымдағы жағдайын және даму үрдістерін талдау
Қазіргі таңда облыстық ішкі саясат басқармасы Орал қаласы және аудандық ішкі саясат бөлімдерімен, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, аймақтағы қоғамдық-саяси ахуалды талдау, мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам институттарымен өзара қарым-қатынасының дамуы бойынша жұмыстарын жолға қойып, облыс тұрғындарын ақпараттандырудың көп деңгейлі жүйесін қалыптастырды.

Мемлекеттік органдардың бірігіп жұмыс істеуінің нәтижесінде аймақта тұрақты қоғамдық-саяси ахуал сақталып, облыс тұрғындары мемлекеттің жүргізіп отырған саясатын қолдауда.

Сонымен қатар ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еліміздің 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары мен 2010 жылғы 29 қаңтардағы Жолдауында ішкі саясат саласында қойған жаңа міндеттері аталған салада тың жолдарды іздеуді талап етеді.

Бұл орайда ішкі саясат басқармасының жұмысы бірқатар тенденциялармен ерекшеленіп, келесі қоғамдық-саяси оқиғалармен жалғасын табады:

Біріншіден, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығы, Қазақстанның Ислам конференциясы ұйымында төрағалық етуі, VІІ қысқы Азия ойындары, әлемдік және дәстүрлі діндер съезі, Азаматтық форумдар, Қазақстан Республикасы Президенті және Парламенттік сайлаулары.

Екіншіден, соңғы кезде республиканың медиа-нарығында орын алып отырған бәсекелестіктің өршуі мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындайтын аймақтық масс-медиалардың бәсекеге қабілеттігін арттыруды талап етеді.

Стратегиялық бағыт 1. Аймақтағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

1. Сала іс-қимылының негізгі даму параметрлері.

Облыста 9 саяси партияның филиалдары, 27 ұлттық мәдени орталықтар (ҰМО немесе этномәдени бірлестіктер), 80 діни бірлестік, 300-ден аса үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ), 7 кәсіподақ ұйымдары және 105 бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс жасайды.

Сала табыстары мен жетістіктері.

Жергілікті жерде қоғамдық-саяси ахуалдың мониторинг жүйесі құрылды.

Қоғамдық-саяси жағдайды, дінаралық және ұлтаралық ахуалды зерттеу, тұрғындардың мемлекет жүргізіп отырған саясатқа, мемлекеттік рәміздерге қатынасын, мемлекеттік саясаттың басымды бағыттары туралы мәліметтерінің деңгейін саяси күштердің орналасуын білу, жастар мәселелері бойынша жыл сайын 10 әлеуметтік зерттеулер жүргізіледі, оған 12 мыңнан аса адам қамтылады.

Мемлекеттік рәміздерді насихаттау және жаңа стандарттарға сай алмастырудың мақсатты жұмыстары халықты патриоттық тәрбиелеумен ұштастыра жүргізілді. Ағымдағы жылы мемлекеттік рәміздердің 87%-ы жаңартылды.

Мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам институттарымен қарым-қатынасын дамыту үшін әр түрлі «диалогтық алаңшалар» қызмет атқарады:

- Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы;

- Облыс әкімдігі жанындағы ҮЕҰ ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңес;

- Облыс әкімдігі жанындағы жастар ісі бойынша Кеңес;

- Облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес;

-Саяси партиялар филиалдарының қатысуымен ішкі саясат басқармасы жанындағы саяси клуб;

- «Нұр Отан» ХДП жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық Кеңес.

Аймақтық бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарлары дайындалып, жүзеге асуда:

- 2008-2010 ж.ж. арналған Батыс Қазақстан облысы ҮЕҰ мемлекеттік қолдаудың аймақтық бағдарламасы;

- 2008-2010 ж.ж. арналған Батыс Қазақстан облысы жастар саясатының аймақтық бағдарламасы;

- 2007-2009 ж.ж. арналған Қазақстан Республикасында діни сенімдерді қамтамасыз ету және мемлекет-дін қатынастарын жетілдіру Бағдарламасының іс-шаралар Жоспары.

Ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша мемлекеттік органдардың қызметтерін әдістемелермен қамтамасыз ету жұмысы ұйымдастырылды.

2. Негізгі проблемаларды талдау.

Бірінші. Азаматтық қоғамды әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге және шешім қабылдау үрдісіне тартуды одан әрі кеңейту қажеттілігі орын алып отыр.

Екінші. Мемлекеттік билік органдары тарапынан қолдау және ынтымақтастық негізіндегі ауылдық ҮЕҰ-лардың қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешудегі әлсіздігі мен төменгі рөлі.

3. Сыртқы және ішкі негізгі факторларға баға.

Бүгінгі таңдағы жағдай бойынша елдегі конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету ісінде қоғамдық санада дін атын жамылған жалған ұйымдардың кездесуі орын алуда. Бұл өз кезегінде халықтың діни сауатын одан әрі аша түсуді және осы саладағы заңнамалық талаптарды сақтауды талап етеді.

Демократиялық мемлекеттің басымды міндеттерін ескере келе, азаматтық қоғам мен биліктің арасындағы тең деңгейлі қатынасын, мемлекет пен ҮЕҰ өзара әрекеттестігі тетіктерін одан әрі жетілдіру талап етіліп отыр. Үшінші сектордың қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешу ісіне кең көлемді араласуы қажет. Ақпараттық-насихаттық және әр түрлі «диалогтық алаңшаларды» дамыту арқылы тұрғындардың мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарымен терең хабардар болуын одан әрі қамтамасыз ету маңызды. Елдің Стратегиялық басымдықтарын дамытуда және оған қажетті заңнамалық, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастыру-әдістемелік базасын нығайтуда қоғамдық институттарды кеңінен қатыстыру.

Стратегиялық бағыт 2. Аймақтағы ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Инфрақұрылымдық саланың жағдайы

2010 жылдың 1 қаңтарына облыста барлығы 105, оның ішінде 91 басылым (82 газет, 9 журнал) және 14 электрондық бұқаралық ақпарат құралдары (9 телеарна, 3 кабелді телеарна, 2 радио канал) тіркелген.

Тіркелген бұқаралық ақпарат құралдарының 32-сі қоғамдық-саяси тақырыптарды, 30-ы жарнамалық ақпаратты бағытта, 11 ғылыми - әдістемелік, 6 көңіл көтеру, 5 танымдық, 4 жастар, 1 кәсіпкерлікті дамыту, 1 діни, 1 экология бағытында жұмыстанады.

Облыс аумағында телерадиохабарлардың таралу көлемінің пайыздық көрсеткіштері мынадай: «Қазақстан» РТРК» АҚ – 99,52% , «Хабар» - 98,44%, «Ел арна» - 86,39%, «Евразия» - 72,95%.

Саланың жетістіктері мен табыстары

БАҚ-дың деңгейі өсіп, мерзімдік басылымдар мен телевизиялық өнімдердің сапасы артты, мұндай тенденцияның бір көрсеткіші – облыстағы БАҚ –дың саны мен таралымының өсуінде (БАҚ-тың саны 2008 жылы 99-дан 2009 жылы 105-ке ұлғайды, сәйкесінше таралым көлемі 64800-ден 74600-ге көбейді). Өз интернет сервистері бар БАҚ саны өсті (2008 жылы 5 болса, 2009 жылы 12-ге жетті).

Өткен жылдармен салыстырғанда әртүрлі электронды БАҚ түрлі жанрлық бағыттағы өнімдердің санын ұлғайтты. (2008 жылы 6 болса, 2009 жылы 9-ға жетті).

Саланың ағымдағы және перспективалық проблемалары

1. Қазақстандықтар арасында әлеуметтік оптимизмді қалыптастыру аясында мемлекеттік ақпараттық саясаттың тиімділігін арттыру үшін:

- аймақтық БАҚ-тар мемлекеттің даму Стратегиясы және мемлекет тарапынан әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену мақсатында өткізіліп жатқан мемлекеттік саясатты ақпараттық қолдау жұмыстарын кеңейту және оның сапасын арттыру;

- журналист қауымы тарапынан этикалық нормалар мен ақпарат саласындағы заңдардың сақталуын, БАҚ-тың құқықтық мәдениетін арттыруын қамтамасыз ету қажет.

2. Ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін:

- мемлекеттік электронды БАҚ-дың болашақтағы дамуы;

- мемлекеттік БАҚ-ғы ұйымдастырушылық және кадрлармен қамтамасыз ету мақсатындағы шараларды қолға алу;

- мемлекеттік БАҚ-ды әртарапты модернизациялау;

- бұқаралық ақпарат құралдарының үндесе дамуына қолдау көрсету қажет.

Сандық телевиденияны қолданысқа енгізу туралы

Сандық спутниктік телевиденияны қолданысқа енгізу жөнінде Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен Қазақстан Республикасының байланыс және ақпарат министрлігі арасында меморандумға қол қойылды.

Жергілікті бюджеттен 2011 жылға «Кателко» АҚ облыстық телерадиобағдарламаның сигналдарын облыс орталығынан Алматы қаласына дейін жеткізу және облыс тұрғындарына тарату үшін кететін шығындарды өтеу үшін қаржы қарастырылған.


Стратегиялық бағыт 3. Жастардың дамуына жағдай жасау және оларды елдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне белсенді тарту.

Сала инфрақұрылымының жағдайы

Батыс Қазақстан облысында 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың саны 171,8 мың адамды құрайды, бұл барлық облыс халқының 28,0 %-ы.

Жастардың әлеуметтенуі мен өзекті проблемаларымен айналысатын 63 жастар қоғамдық бірлестігі ресми түрде тіркелген. Мемлекеттің қоғамдық бірлестіктермен өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етуде облыс әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі облыстық Кеңесі жүзеге асырады.

Саланың жетістіктері мен табыстары

Облыста 2008-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарлама аясында жастар саясаты белсенді іске асырылуда. Нәтижесінде жастардың әлеуметтік-құқықтық бастамаларын жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасалған; жастардың әлеуметтік маңызды бастамалары іске асырылуда; жастар арасында қазақстандық патриотизм деңгейі көтерілді.

Студент жастар мен оқушыларды жазғы демалыс кезінде уақытша жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында студенттік құрылыс және «Жасыл Ел» еңбек жасақтары облыстық штабының жұмысы ұйымдастырылған.

ҚР «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын іске асыру шеңберінде мемлекетіміздің аумағында ұқсастығы жоқ жас отбасыларға арналған «Тұрғын үй - жастарға» атты жобасы іске асырылуда, оның мақсаты жастарды қол жетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету.

Қазіргі таңда Орал қаласында білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар үшін қалалық қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру мәселесі шешілді.

Жастардың проблемаларын шешуге бағытталған жобаларды жүзеге асыру және оларды қоғамдық өмірге тарту мақсатында жыл сайын әлеуметтік маңызды жобалар конкурсы өткізіліп отырады.

Облыста «Самал», «Заңғар», «Өркен» жастар мерзімді басылымдары, «Жайық жастары», «Жас толқын» жастар телебағдарламалары көрсетіледі.

Саланың ағымдағы және перспективалы мәселелері

Жастар арасындағы өзекті проблемалар ретінде сапалы білім алу, жұмыспен және тұрғын үймен қамтылу мәселелері қала береді.

Соңғы жылдары жастар ұйымдары санының өскеніне қарамастан, тек 30%-ы ғана белсенділік танытып отыр. Жастар ұйымдарының іс-шараларына қатысқан жастар тек 40%-ды ғана құрап отыр.

Жастар саясатын аймақта жүзеге асыруды тиімді үйлестіру үшін, кадрлық, ғылыми және ақпараттық қамтамасыз ету жеткіліксіз.

Бұл мәселелерді шешу үшін:

1. Жастарды дамыту және оларды еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді тарту үшін жағдайлар жасау;

2. Жастардың азаматтық белсенділігін, қазақстандық патриотизмді, рухани және интеллектуалдық даму деңгейін арттыру;

3. Жастар бірлестіктері қызметін ақпараттық қамтамасыз ету қажет.

3-бөлім. Стратегиялық бағыттары, мақсаты, міндеттері, мақсатты индикаторлары, іс-шаралар және нәтижелердің көрсеткіштері

3.1.Стратегиялық бағыттары, мақсаты, міндеттері, мақсатты индикаторлары, іс-шаралар және нәтижелердің көрсеткіштері
Стратегиялық бағыт 1. Аймақта қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

Мақсат 1.1. Ұлттық бірлікті қамтамасыз ету және қазақстандық отансүйгіштікті нығайту.

Аталған мақсатқа жету үшін бағытталған бюджеттік бағдарламаның коды 001

Мақсатты индикаторлар

(жетістікке жетудің қорытынды мерзімін көрсету)

Ақпарат

көзі

соның ішінде аралық мәнді көрсету

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

Өлшем бірлігі

2009

(есеп)

2010

(ағымдағы жоспар)

2011

жыл

2012

жыл

2013

жыл

2014

жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. Облыс тұрғындарының қоғамдық санасында мемлекеттің даму Стратегиясын және мемлекеттік саясатты қолдау деңгейі

Әлеуметтік сұрау

%

73,0

75,0

78,0

78,0

80,0

82,0

85,0


Міндет 1.1.1. Облыс тұрғындарының қоғамдық санасында мемлекеттік саясатты қолдау деңгейін көтеру, аймақта ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайту, діни сенім мен бостандықты қамтамасыз ету.


Тікелей нәтиже көрсеткіштері

Ақпарат

көзі

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2009

(есеп)

2010

(ағымдағы жоспар)

2011

жыл

2012

жыл

2013

жыл

2014

жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. Конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты оң бағалайтын тұрғындардың үлесі

Әлеуметтік сұрау

%

75,0

75,0

77,0

79,0

80,0

82,0

85,0

2. Этникааралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты оң бағалайтын тұрғындардың үлесі

БҚО ІСБ жылдық есебі

%

82,0

82,0

85,0

87,0

88,0

89,0

90,0

3. Ел бірлігі Доктринасын жүзеге асыру аясында толеранттық құндылықтарды және ұлтаралық келісімді насихаттау барысындағы іс-шараларда қамтылған ересек халықтың үлесі

Әлеуметтік сұрау

%

30,0

33,0

35,0

37,0

38,0

39,0

40,0

4. Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде халықтың ақпараттану дәрежесі

Әлеуметтік сұрау


%


62,0

65,0

70,0

73,0

78,0

83,0

85,0

5. ҚР-да тұратын барлық ұлттардың мәдениеті мен дәстүрін сақтауға және дамытуға бағытталған әлеуметтік-маңызды жобалардың саны

БҚО ІСБ жылдық есебі

Бірл.

2

2

2

3

4

5

5


Тікелей нәтиже көрсеткіштеріне жетуге бағытталған шаралар


Жоспарлы кезеңдегі іске асыру мерзімі*

2011

2012

2013

2014

2015

1

2

3

4

5

6

1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты келесі бағыттар бойынша жүзеге асыру: «Қоғамдық келісімді нығайту», «Мәдениет пен өнерді дамыту»


Х


Х


Х


Х


Х

2. Ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту тақырыптарында дөңгелек үстелдер өткізу


Х



Х


Х


Х


Х

3. Діни тақырыптарда дөңгелек үстелдер, конференциялар, кездесулер ұйымдастыру және өткізу


Х



Х


Х


Х


Х

4. Облыстық «Қазақстан-Орал» телеарнасының бағдарламаларына қатысу және облыстық баспасөз беттерінде ұлтаралық және конфессияаралық келісімді насихаттайтын жарияланымдарды шығаруды ұйымдастыру


Х



Х


Х


Х


Х

5. Жалпы білім беретін мектептердің дінтану пәні мұғалімдері үшін облыстық біліктілікті арттыру институтында курстар ұйымдастыру және өткізу



Х



Х


Х


Х


Х

6. Облыс әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің жұмыстарына қатысу

Х

Х

Х

Х

Х

7. Орал қаласындағы жоғарғы, арнаулы орта оқу орындарының студенттері, мектеп жасындағы оқушылар, олардың ата-аналары, облыс аудандары мен елдімекен тұрғындары, мемлекеттік қызметшілер, әскерге жаңадан шақырылғандар және бас бостандығынан айырылған азаматтар арасында діни эстремизмнің алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу


Х



Х


Х


Х


Х

8. Облыстағы діни бірлестіктердің қызметіне мониторинг жасау


Х


Х


Х


Х


Х

9. Діни мейрамдарды ұйымдастыру мен өткізуге көмек көрсету

Х

Х

Х

Х

Х


  1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Бекітілген «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (мемлекеттік орган) icon«Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже жалпы ережелер «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті»
«Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік орган) (бұдан әрі Департамент) облыстық бюджеттен...
Бекітілген «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (мемлекеттік орган) iconАтырау облысы Ішкі саясат басқармасы туралы ереж е жалпы ережелер
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі Басқарма) ішкі саясат саласында мемлекеттік саясат пен мемлекеттік...
Бекітілген «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (мемлекеттік орган) icon«Орал қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже І. Жалпы ережелер «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі»
«Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» (мемлекеттік орган) мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) ішкі саясат саласында мемлекеттік саясатты...
Бекітілген «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (мемлекеттік орган) icon«Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
Ағымдағы ахуалдың талдауы және Қостанай облысы ішкі саясат саласының даму тенденциялары
Бекітілген «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (мемлекеттік орган) icon«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 3 шілдедегі №4/49-V, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде...
Бекітілген «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (мемлекеттік орган) iconКодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
«Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі қосымшаға сәйкес бекітіліп, жаңа редакцияда мазмұндалсын
Бекітілген «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (мемлекеттік орган) icon«Шығыс Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
«Шығыс Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі «Басқарма») сәулет және қала құрылысы...
Бекітілген «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (мемлекеттік орган) icon«Зайсан ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Зайсан ауданы ішкі саясат бөлімінің функционалдық мүмкіндіктері және болуы мүмкін тәуекел
Бекітілген «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (мемлекеттік орган) icon«Катонқарағай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Катонқарағай ауданының ішкі саясат бөлімінің миссиясы және ертеңгі күнді пайымдауы
Бекітілген «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (мемлекеттік орган) iconБекітілген батыс Қазақстан облысы
Миссия: Батыс Қазақстан облысының жерлерін ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру және жер ресурстарын қорғау жөніндегі мемлекеттік...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница