Жеке тұЛҒалар үшін қҰжаттар тізбесі жеке тұлғалар үшін алғашқы құжаттар тізбесі




НазваниеЖеке тұЛҒалар үшін қҰжаттар тізбесі жеке тұлғалар үшін алғашқы құжаттар тізбесі
страница1/18
Дата конвертации20.11.2012
Размер1.67 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ
Жеке тұлғалар үшін алғашқы құжаттар тізбесі

  1. №7 қосымшаға сәйкес қатысуға Өтінім; №8 қосымшаға сәйкес Сауалнама; №9а қосымшаға сәйкес Қарыз алушының (Тең қарыз алушының) ол туралы несие бюросына ақпарат беруге және несие бюросынан ол туралы ақпарат алуға келісімі – осы Регламентке қоса тіркелген нысан бойынша түпнұсқалар;

  2. Көшірме: жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, қарыз алушының (Тең қарыз алушының) салық төлеуші куәлігін (СТН), ШҚ/ФҚ басшысының, мүшелерінің, жеке кәсіпкер қарыз алушының (Тең қарыз алушының) жеке бас куәліктерінің;

  3. Өтінім берер алдындағы соңғы 12 айға банк шоты бойынша айдың басына және соңына кіріс және шығыс ақша қалдығын көрсете отырып, несие берешектерінің болуы (болмауы) туралы, шоттарының болуы туралы, айналымдар туралы Қызмет көрсетуші қаржы ұйымдарының (банктердің, лизингілік компаниялардың, несие серіктестіктері мен несие ұйымдарының) анықтамасы – түпнұсқа;

Егер несие берешегі болса, несие тарихы бойынша құжаттардың көшірмелері тапсырылады: несие желісін ашу туралы шарттар мен келісімдер, несие шарттары, лизинг шарттары, несие (лизинг) бойынша төлемдер кестесі, кепілзат шарттарының көшірмесі;

  1. Осы Регламентке қоса тіркелген № 10, 11, 12 және 13 қосымшаларға сәйкес нысан бойынша қаржылық есептілік, соңғы екі жыл бойынша және өтінім берер алдындағы айдың соңғы күнтізбелік күніне және осы Регламенттің №14 қосымшасына сәйкес талаптардың, міндеттемелердің, негізгі құралдар мен тауарлық-материалдық запастардың расшифровкасы – ШҚ/ФҚ басшысының (жеке кәсіпкердің) және бас бухгалтерінің (болса) мөрі мен қолтаңбасымен расталған түпнұсқалар;

  2. №15 қосымшада берілген талаптарға сәйкес жасалған бизнес-жоспар (ТЭН) және осы Регламентке қоса тіркелген нысан бойынша №16 қосымшаға сәйкес Ықтимал қарыз алушының Инвестициялық жобаны ортақ қаржыландыру құрылымы туралы анықтама – ШҚ/ФҚ (жеке кәсіпкер) қол қойған, мөрмен (болса) бекіткен түпнұсқалар;

  3. Құрылыстық-монтаж жұмыстары бойынша ірілендірілген (болжамды) есеп айырысу және ғимараттардың экспликациясы - түпнұсқа;

  4. Инвестициялық жобаны іске асыру үшін қажетті, Ықтимал қарыз алушы және жабдықтар мен асыл тұқымды малдың ықтимал жеткізушілері арасында келісілген бүкіл технологиялық жабдыққа берілген техникалық спецификациялардың және асыл тұқымды мал спецификациясының көшірмелері немесе түпнұсқалары;

  5. Ықтимал қарыз алушының кепілдіктік мүлігінің өтімділігін және жеткіліктілігін бағалау үшін қажетті құжаттар тізбесі осы Регламентке қоса тіркелген №17 қосымшаға сәйкес тапсырылады (көшірме).


Ескерту:

        1. Осы Регламент арқылы қамтылған құжаттардағы Ықтимал қарыз алушы мен Инвестициялық жоба туралы теріс ақпараттың болуы Ықтимал қарыз алушының өтінімін қабылдамауға немесе Инвестициялық жобаны қаржыландыру туралы шартты бұзуға (егер мұндай шарт жасалса) әкеліп соғуы мүмкін.

        2. Осы тізбеде берілген тиісті құжаттардың жай көшірмелерін жобаның несие сарапшысы (менеджер) салыстырып, растауға және келесідей жазу жазуға тиісті: «Түпнұсқамен салыстырылған. Көшірмесі дұрыс. _________несие сарапшысының (менеджердің) аты-жөні жазумен, лауазымы көрсетіле отырып жазылады, қолы ___________.».


Жеке тұлғалар үшін толық құжаттар тізбесі

  1. Нотариалды түрде куәландырылған көшірмелері: жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, қарыз алушының (Тең қарыз алушының) салық төлеуші куәлігінің (СТН), ШҚ/ФҚ басшысының, мүшелерінің, қарыз алушы/Тең қарыз алушы жеке кәсіпкердің жеке бас куәліктерінің;

  2. Салық органының ақырғы үш ай бойынша бюджетке және бюджеттен тыс қорларға берешектерінің болмауы немесе болуы туралы анықтама, бірінші басшының немесе оның орынбасарының қолы, аталмыш салық органының мөрі қойылған – түпнұсқа (егер салық органының анықтамасына басшы немесе оның орынбасары қол қоймаса, анықтамаға қол қойған тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттардың көшірмелері тапсырылады);

  3. «ҚазАгроҚаржы» АҚ-нан қаржыландыру алу туралы шешіммен ШҚ/ФҚ мүшелері жиналысының хаттамасы, мұндай қаржыландыру сомасын, сондай-ақ, меншікті ортақ қаржыландыру мөлшерін көрсете отырып – түпнұсқа;

  4. Тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (азаматтарды тіркеу кітабы);

  5. ШҚ/ФҚ (жеке кәсіпкердің) басшысының қолтаңбасы мен мөр оттискісінің (болса) үлгісі қойылған карточканың нотариалды түрде куәландырылған түпнұсқасы;

  6. Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жеке меншік құқығында немесе уақытша ақылы жер пайдалану құқығында жер телімін/-дерін беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімі, жер телімін/-дерін жалдау (сатып алу-сату) туралы шарт және жеке меншік құқығына немесе уақытша ақылы жер пайдалану құқығына акт, сонымен қатар жерге құқығын тіркеу туралы әділет органының берген анықтама көшірмесі;

  7. Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жеке меншік құқығында немесе уақытша ақылы жер пайдалану құқығында жер телімін/-дерін берген жергілікті атқарушы органның анықтамасы, ШҚ/ФҚ құрамы мен мүшелерін көрсете отырып;

  8. Соттарда дәрменсіздік (банкротқа ұшырау) туралы тергеу істерінің болмауы туралы, сонымен қатар Ықтимал қарыз алушы арызданушы, жауапкер ретінде болған істер туралы анықтама (еркін нысанда жасалған және ШҚ/ФҚ (жеке кәсіпкердің) бірінші басшымен қол қойылған және мөрімен (болса) расталған);

  9. Ықтимал қарыз алушының Инвестициялық жобаны ортақ қаржыландыруы үшін несие ұйымының немесе басқа субъектінің Ықтимал қарыз алушыға ақша ресурстарын беру ниеті туралы құжаттардың түпнұсқалары;

  10. Лицензияланатын кәсіпкерлік қызмет түрлерін жүзеге асыруға, тиісті жұмыстарды орындауға (егер қарыз алушы/кепіл беруші/Кепілгер жүзеге асыратын қызмет Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес лицензиялауға жататын болса) құқығын құптайтын нотариалды түрде куәландырылған лицензиялардың, рұқсат құжаттардың көшірмелері;

  11. Жұмыскерлердің білімі туралы дипломдардың, сондай-ақ, жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың нотариалды түрде куәландырылған көшірмелері;

  12. Ықтимал жеткізушілердің Инвестициялық жобаны іске асыру үшін технологиялық жабдықтар мен асыл тұқымды малдарды жеткізуге әзірлігін және нақты мүмкіндігін дәлелдейтін құжаттардың көшірмелері немесе түпнұсқалары, ықтимал жеткізілу мерзімін, монтаж жасалу мерзімін, сондай-ақ, құны мен ақы төлеу шарттарын көрсете отырып;

  13. Инвестициялық жобаны іске асыруға қажетті технологиялық жабдыққа монтаж жасау үшін Ықтимал қарыз алушының әзірлеген орынының жарамдығын растайтын технологиялық жабдық жеткізушісі берген құжаттардың көшірмелері немесе түпнұсқалары (егер жабдық монтажы қолдағы бар орындарда жасалатын болып жоспарланса);

  14. Статистикалық есептілік:

- егер жұмыскерлер саны 50 адамнан асатын болса – өткен 3 (үш) жыл бойынша 1-аш «Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының және шаруа (фермер) қожалықтарының қызметі туралы есеп» нысаны бойынша статистикалық есептілік тапсырылады – көшірме;

- егер Ықтимал қарыз алушы мал шаруашылығымен айналысатын болса, онда шаруашылықтың ветеринарлық-санитарлық амандығы туралы аудандық ветеринарлық инспектордың берген анықтамасының түпнұсқасы және малының (құсының) болуы туралы ауылдық округ Әкімінің анықтамасы, берілу мерзімі - өтінім берер алдында 1 ай бұрын;

- соңғы 2 (екі) жыл бойынша 10-аш «Жемшөп шығындары» нысаны бойынша статистикалық есептілік;

  1. Егер Ықтимал қарыз алушы мал шаруашылығымен айналысатын болса, онда шаруашылықтың ветеринарлық-санитарлық амандығы туралы аудандық ветеринарлық инспектордың берген анықтамасының түпнұсқасы және малының (құсының) болуы туралы ауылдық округ Әкімінің анықтамасы, берілу мерзімі - өтінім берер алдында 1 ай бұрын;

  2. Ықтимал қарыз алушының кепілдіктік мүлігінің өтімділігін және жеткіліктілігін бағалауға қажетті құжаттар тізбесі осы Регламентке қоса тіркелген №17 қосымшаға сәйкес тапсырылады;

  3. Инвестициялау сатысындағы құрылыс құнының техникалық-экономикалық негіздемесі, құрылыс құнының ірілендірілген сметалық есеп айырысулары, алдағы құрылыстық-монтаж жұмыстары мен шығын түрлерінің құрылымын толық көрсете отырып, негіздеменің бастапқы есеп-қисаптарды, тұтынылатын өндірістік қуаттарды (жабдық жеткізушілерінің қуатқа деген талаптарын ескере отырып) көрсете отырып, инженерлік желілер мен коммуникацияларға қатысты мәселелерді міндетті түрде сипаттап көрсету;

  4. Жергілікті атқарушы органдардың жобаны қолдау-хаттары;

  5. Ішінде техникалық сипаттама, осы Регламентке қоса тіркелген №18 Қосымшада берілген нысан бойынша ең кемінде 3 жеткізушіден келетін барабар комплектациядағы осыған ұқсас жабдықтың құны берілген жабдықтың бәсекелік парағы, коммерциялық ұсынымдарымен бірге;

20) Осы Регламентке қоса тіркелген №19 қосымшаға сәйкес жеткізушінің сауалнамасы.
Ескерту:

        1. Ықтимал қарыз алушы мен Инвестициялық жоба туралы теріс ақпараттың болуы Ықтимал қарыз алушының өтінімін қабылдамауға немесе Инвестициялық жобаны қаржыландыру туралы шартты бұзуға (егер мұндай шарт жасалса) әкеліп соғуы мүмкін.

        2. Осы тізбеде берілген тиісті құжаттардың жай көшірмелерін жобаның несие сарапшысы (менеджер) салыстырып, растауға және келесідей жазу жазуға тиісті: «Түпнұсқамен салыстырылған. Көшірмесі дұрыс. _________несие сарапшысының (менеджердің) аты-жөні жазумен, лауазымы көрсетіле отырып жазылады, қолы ___________.».

        3. Осы тізбеде көрсетілген нотариалдық растау бойынша тиісті талаптар қойылатын құжаттардың көшірмесі өтінім берілер алдында 1 ай бұрын нотариуспен расталуға тиісті. Егер осы Регламент талаптарымен құжат көшірмеде берілуі және нотариалды түрде расталуы мүмкін деп тура көрсетілмесе, онда аталмыш құжат түпнұсқада тапсырылады.

        4. Егер осы тізбеге сәйкес Ықтимал қарыз алушының бірінші басшысының қолы қойылуға тиісті құжаттарға басқа тұлға қол қойса, құжаттарға қол қойған тұлғаның өкілеттігін құптайтын сенімхат түпнұсқасын ұсыну қажет.

        5. Ықтимал қарыз алушының үлестес тұлғасы болған жағдайда, осы Тізбенің 23 тармағының 3), 4) тармақшаларында және 33 тармағының 2) тармақшасында көрсетілген үлестес тұлғалар бойынша құжаттарды ұсыну қажет, сондай-ақ:

- Нотариалды түрде куәландырылған көшірмелерді: мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің, құрылтайшылық шарттың және/немесе жарғының (барлық өзгертулерімен және толықтыруларымен бірге);

- Бірінші басшыларының және жарғылық капиталда 10% артық үлесі бар құрылтайшылардың немесе акциялардың 10% астамына ие акционерлердің жеке бас куәліктерінің және салық төлеуші куәлігінің (СТН);

- Статистикалық есептілік:

соңғы 2 (екі) жыл бойынша 1-аш «Ауыл шаруашылығы және шаруа (фермер) шаруашылықтарының қызметі туралы есеп» нысаны бойынша – статистикалық органның белгісі қойылған көшірме немесе аудандық (қалалық) статистика бөлімінің анықтамасы – түпнұсқа;

үлестес тұлға қызметін мал шаруашылығында жүзеге асырған жағдайда: соңғы 2 (екі) жыл бойынша және өтінім берер алдындағы 3 (үш) ай бойынша 24-аш «Мал шаруашылығының жағдайы туралы есеп» нысаны бойынша және соңғы 2 (екі) жыл бойынша 10-аш «Жемшөп шығындары» нысаны бойынша статистикалық есептілік;

үлестес тұлға қызметін өсімдік шаруашылығында жүзеге асырған жағдайда: соңғы 3 (үш) жыл бойынша 29-аш «Барлық жерлерден ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау туралы есеп» нысаны бойынша;

- егер өтініш берушінің үлестес тұлғасы жеке тұлға болса, жеке бас кулігінің және салық төлеуші куәлігінің (СТН) көшірмелері тапсырылады.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Похожие:

Жеке тұЛҒалар үшін қҰжаттар тізбесі жеке тұлғалар үшін алғашқы құжаттар тізбесі iconЖеке тұЛҒалар үшін қҰжаттар тізбесі жеке тұлғалар үшін алғашқы құжаттар тізбесі
Сауалнама; №9а қосымшаға сәйкес Қарыз алушының (Тең қарыз алушының) ол туралы несие бюросына ақпарат беруге және несие бюросынан...
Жеке тұЛҒалар үшін қҰжаттар тізбесі жеке тұлғалар үшін алғашқы құжаттар тізбесі iconЖеке тұЛҒалар үшін қҰжаттар тізбесі жеке тұлғалар үшін алғашқы құжаттар тізбесі
Сауалнама; №9а қосымшаға сәйкес Қарыз алушының (Тең қарыз алушының) ол туралы несие бюросына ақпарат беруге және несие бюросынан...
Жеке тұЛҒалар үшін қҰжаттар тізбесі жеке тұлғалар үшін алғашқы құжаттар тізбесі iconЖеке тұЛҒалар үшін қҰжаттар тізбесі жеке тұлғалар үшін алғашқы құжаттар тізбесі
Сауалнама; №9а қосымшаға сәйкес Қарыз алушының (Тең қарыз алушының) ол туралы несие бюросына ақпарат беруге және несие бюросынан...
Жеке тұЛҒалар үшін қҰжаттар тізбесі жеке тұлғалар үшін алғашқы құжаттар тізбесі iconЗАҢды тұЛҒалар үшін қҰжаттар тізбесі заңды тұлғалар үшін алғашқы құжаттар тізбесі
Сауалнама; №9 қосымшаға сәйкес Қарыз алушының (Тең қарыз алушының) ол туралы несие бюросына ақпарат беруге және несие бюросынан ол...
Жеке тұЛҒалар үшін қҰжаттар тізбесі жеке тұлғалар үшін алғашқы құжаттар тізбесі iconЗАҢды тұЛҒалар үшін қҰжаттар тізбесі заңды тұлғалар үшін алғашқы құжаттар тізбесі
Сауалнама; №9 қосымшаға сәйкес Қарыз алушының (Тең қарыз алушының) ол туралы несие бюросына ақпарат беруге және несие бюросынан ол...
Жеке тұЛҒалар үшін қҰжаттар тізбесі жеке тұлғалар үшін алғашқы құжаттар тізбесі iconЗАҢды тұЛҒалар үшін қҰжаттар тізбесі заңды тұлғалар үшін алғашқы құжаттар тізбесі
Сауалнама; №9 қосымшаға сәйкес Қарыз алушының (Тең қарыз алушының) ол туралы несие бюросына ақпарат беруге және несие бюросынан ол...
Жеке тұЛҒалар үшін қҰжаттар тізбесі жеке тұлғалар үшін алғашқы құжаттар тізбесі iconЗАҢды тұЛҒалар үшін қҰжаттар тізбесі заңды тұлғалар үшін алғашқы құжаттар тізбесі
Сауалнама; №9 қосымшаға сәйкес Қарыз алушының (Тең қарыз алушының) ол туралы несие бюросына ақпарат беруге және несие бюросынан ол...
Жеке тұЛҒалар үшін қҰжаттар тізбесі жеке тұлғалар үшін алғашқы құжаттар тізбесі iconЗАҢды тұЛҒалар үшін қҰжаттар тізбесі заңды тұлғалар үшін «Жемшөп өндірісін дамыту»
Заңды тұлғалар үшін «Жемшөп өндірісін дамыту» инвестициялық бағыты бойынша жемшөп дайындау, жемшөп тарату, жемшөп әзірлеу техникаларын...
Жеке тұЛҒалар үшін қҰжаттар тізбесі жеке тұлғалар үшін алғашқы құжаттар тізбесі icon1.Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру Қажеттік құжаттардың тізбесі
Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы тұрғылықты жері бойынша тіркеуде екенін растайтын азаматтарды тіркеу кітабын, құжат үшін мемлекеттік...
Жеке тұЛҒалар үшін қҰжаттар тізбесі жеке тұлғалар үшін алғашқы құжаттар тізбесі iconЗаңды тұлғалар үшін атауы, Жеке тұлғалар үшін таә
Алматы қ., Түркісіб ауданы, Ақан Сері көш Молдағалиев көш бұр., 16/5, 12 87017810808
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница