Кіріспе зерттеу жұмысының өзектілігі. Ғылымның уақыт тынысымен дамуы тілге де ықпалын тигізеді. Тың ізденістерге жол ашады. Қазiргi кезеңде «тiл мен мәдениет, этнос»




Скачать 494.42 Kb.
НазваниеКіріспе зерттеу жұмысының өзектілігі. Ғылымның уақыт тынысымен дамуы тілге де ықпалын тигізеді. Тың ізденістерге жол ашады. Қазiргi кезеңде «тiл мен мәдениет, этнос»
страница3/5
Дата конвертации20.11.2012
Размер494.42 Kb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5

2.3 Заттанған сындардың семантикалық топтары. Екінші бөлімнің бұл тармағында заттанған сындардың жалпы мағыналық топтары сараланады. Заттанған сын есімдер мағынасы жағынан әр алуан болып келеді. Жалпы тіл біліміндегі заттануға қатысты зерттеу еңбектердің бірқатарында заттанған сөздерді мағынасына қарай топтау белгілі бір дәрежеде орын алған. Бұл ретте А.А.Потебня, А.Б.Перльмуттер, А.И.Судакова, И.Ф.Протченко, А.А.Аймурзаева, М.С.Малаева сынды зерттеушілердің еңбектерін атауға болады. Аталған зерттеушілердің кейбірі өз еңбектерінде заттану мәселесіне қатысты өз көзқарастырын білдіре отырып, заттанған сөздерді бірнеше мағыналық топқа бөліп көрсетуге болатындығын үстірт қана атап өтсе, енді біреулері заттанған сөздердің басым көпшілігінің адамға қатысты болып келетіндігін нақты анықтап берген. Көптеген зерттеушілер адамға қатысты заттанған сын есімдерді ғана іштей мағыналық топтарға бөлумен шектеліп отырған. Қолдағы көркем шығармалардан, мерзімді баспалардан, сөздіктерден жинақталған тілдік деректерден адамға қатысты заттанып қолданылған сын есімдердің басым екендігі аңғарылып отыр. Сонымен бірге қолда бар тілдік деректер заттанған сын есімдерді басқа да мағыналық топтарға жіктеуге мүмкіндік береді.

«Адам» мағынасын беретін заттанулар. Қазақ тілінде заттанған сын есімдердің басым көпшілігі адам мәнінде жұмсалады. Бұл жерде адам сөзі жалпы ұғым ретінде танылады. Мысалы, Әрбір жаманның қылығына күлсең, оған рахаттанып күлме … (Абай). Тие берді тыйылмай, Теңдік қайда нашарға (І.Жансүгіров) деген сөйлемдердегі жаман, нашар сын есімдері заттанып, адам мәнінде жұмсалып тұрғаны түсінікті. Осы сөздер жалпы мағынаны білдіруі жағынан бір топқа жатқанымен, ішкі мағыналық реңкті танытуы жағынан ерекшеленеді.

Адам мағынасын беретін заттануларды жинақтай, топтай келе, олардың он үш түрлі ішкі мағыналық тобы анықталды:

1) Адамды сырт келбетіндегі ерекше бір белгісімен атау.

а) адамды киген киіміне байланысты атау (бөрікті, етікті, шапанды, тымақты). Мысалы: Жердегі жыртық бөрікті жалт қарады (М.Мағауин).

ә) адамды дене бітіміндегі, кескін-келбетіндегі бір ерекшелігімен атау (ару, сұлу, тапал, қысқа, дәу, ұзын, қара, сары, семіз, жуан т.б.). Мысалы: Танаулап қасқа тұмсық қара жетті (Ғ.Мұстафин).

б) адамды бет-әлпетіндегі көзге ерекше көрінерлік бір белгісімен атау (жирен сақалды, қырма сақалды, қара мұртты т.б.). Мысалы: Жирен сақалды әлгіде келе жатқан бағдарын кілт өзгертіп, жүзін қазан шұңқырдың түстік бетіне қарай бұрды (А.Мекебаев). Кейде адамның бет пішініндегі бір айрықша белгісіне оның өңі, түсі қоса қабаттасып та заттанулар жасалып отырады: Жанәділге салпы ауыз қара қарсы жүрді (І.Есенберлин)

в) адамды дене бітіміндегі физиологиялық бір кемістігімен атау (ақсақ, соқыр, қитар, мылқау, таз, саңырау, керең т.б.). Мысалы: Сақау мен саңырау кездескендей, ымдасып сөйлессе де, қарсылығы жоқ, жуас момын қазақ жігіттерін қалаған (Ғ.Мүсірепов).

2) Адамды жас ерекшелігіне қарай атау. Бұндай заттанулар тілде онша көп емес, бірақ күнделікті сөйлеу тілінде қолданылу жиілігі жағынан болсын, тілде таралу аясы жағынан болсын өте белсенді болып келеді. Олар: қарт, шал, бала, жас, кәрі, үлкен, кіші, кәрі-жас, үлкен-кіші т.б. Мысалы, Кәрі-жасының ерінбейтін еңбекшілдігін жаратамын (Ә.Нұршайықов).

3) Адамды туыстық қатынасына байланысты атау. Кейбір сын есімдер заттанып, адамның туыстық қатынасын білдіреді. Оларды іштей екі топқа бөлуге болады:

а) ересектерге қатысты туыстық ұғымдарды білдіретін сын есімдердің заттануы. Оларға мына сөздер мысал бола алады: жақын, жақын-жаран, жақын-жуық, жақын-жұрағат, жат, жат-жақын, туыс, ағайын, ерлі-зайыпты, ағалы-інілі, бөтен, бауырлас, аталас, туыстас т.б. Мысалы, Ағалы-інілілердің арасындағы әлі сыртқа шықпаған шиеленісті тұтату үшін әдейі істеп отыр екен (Ж.Молдағалиев).

ә) туыстық қатынасты білдіретін заттанулардың енді бір тобы балаға қатысты болып келеді. Олар көбіне баланың отбасындағы санына, жас ерекшелігіне қарай заттанып қолданылады (үлкені, кішісі, тұңғышы, кенжесі, жалғызы т.б.) Мысалы, Құнанбай өз басы бір шешеден жалғыз, бәйбішенің жалғызы (М.Әуезов). Үлкені бар, кішісі бар өңшең қара сирақ қашан да шуылдасып жатады (С.Мұратбеков). Кейде ұсақ, қара домалақ сын есімдерінің де әредік заттанып, ұсақ балалар, қара домалақ балалар деген заттық ұғымда жұмсалатындығы кездеседі. Мысалы, Бәтима ұсақтарына бір уыстан бауырсақ беріп, ауыз үйге айдап тастады (Ғ.Мұстафин). Сол сияқты, кейбір сын есімдер ауыспалы мағынада заттанып, балаға қатысты қолданылады да, олар балаға көз, тіл тимесін деген ырымға негізделеді. Мысалы, Тағы бір жаманың дүниеге келгелі отыр екен, құдай амандығын берсін солардың (Ғ.Қайырбеков). Бұл сөйлемдегі жаман сөзі өзінің негізгі сындық мағынасында заттанып тұрған жоқ, бала деген ауыспалы, келтірінді мағынада тұр. Ендеше, оның осы заттық мағынасы дәл осы қолданыста ашыла түседі. Көбіне балаға қатысты заттанып қолданылатын сөз – тентек сөзі. Бұл сөз заттанғанда, жағымсыз мәннен гөрі еркелету мәніне ие болады: Молдеке, енді мына шал әкесін шығындатып, той жасатып жатқан тентектің атын қойып беріңіз (Ғ.Мүсірепов).

4) Адамды жағымды-жағымсыз қылығымен, жақсылы-жаманды қасиетімен атау: момын, ашқарақ, ұятсыз, екіжүзді, жақсы, жаман, бейкүнә, сараң, еріншек, арам, адал, сұм, қорқақ, мазасыз, сыйымсыз, тыйымсыз, қу т.б. Мысалы, Әкеңді өңкей пысықтар, бұзықтар қоршаған екен (Ғ.Мұстафин). Бұндай заттанулар саны жағынан өте көп екені анық болып отыр.

5) Адамды оның бойында белгілі бір қабілеттің бар-жоқтығымен байланыстыра атау: өнерлі, өнерсіз, дарынды, дарынсыз, талантты, талантсыз, білімді, білімсіз, жігерлі, жігерсіз т.б. Мысалы, Білімдімен дос болсаң, сасқанда ақылын айтар, Білімсізбен дос болсаң, топ ішінде бетің қайтар (Мақал).

6) Адамды әлеуметтік жағдайына қарай атау: күшті, әлсіз, малды, малсыз, бай, аш, тоқ, кедей, жалаңаш, жуан, жарлы, мықты т.б. Мысалы, Ырғызбай жағынан келген он бес қыстауды азулы мықтылар басқанын бір есітті (М.Әуезов).

7) Адамды физиологиялық жағдайына, денсаулығына байланысты атау: тірі, өлі, ауру, сау, жаралы, науқас, сырқат, есуас т.б. Мысалы, Ауғанбек есіме түсті де, тірілерден бұрын соған амандасқым келді (Б.Нұржекеев).

8) Адамды мінген көлігімен немесе қолданған құралының атымен байланыстыра атау. Бұлар көбіне заттанған қатыстық сын есімдер болып келеді: атты, аттылы, арбалы, мылтықты, көлікті, көліксіз және тағы басқалар. Мысалы, Ылғи көліктілер бастары қайқайып-қайқайып жан-жаққа кетіп барады (Ж.Нәжімеденов).

9) Адамды отбасының жағдайымен байланыстыра атау: үйлі, үйсіз, балалы, баласыз, жетім, жесір, жалғызбасты, бойдақ, егіз, ұялас т.б.

Мысалы, Мына көрші ауылданмын, жалғызбастымын (Т.Дәуренбеков).

10) Адамды қоғамдағы қозғалыстарға, саяси ұйымдарға қатысы жағынан атау: ақтар, қызылдар, оңшылдар, солшылдар, саясатшылдар т.б. Бұндай заттанулардың барлығы дерлік түбегейлі заттанып, атаулық мәнге ие болуы нәтижесінде терминдік сипат алып кеткен. Мысалы, Ақтардың қызылдарға үлкен қарсылық жасаймын деген жері – Бурабай тауы еді (С.Мұқанов).

11) Адамды тұрғылықты жерімен астастыра атау: қалалықтар, далалықтар, ауылдықтар, қарағандылықтар, жаманшұбарлықтар т.б. Мысалы: Қарағандылықтар үшін бұл – тосын жайт еді (Газет материалынын).

12) Адамды ішкі психологиялық күйімен, сезім дүниесімен байланыстыра атау: ғашық, сүйікті, ардақты, зарлы, мұңлы, арманды, армансыз, қайғысыз т.б. Мысалы, Күндіз-түні егілген жаспен еңіреген зарлылар арысын тастап кетерлік дәрмен де таба алмас еді (М.Әуезов).

13) Адамды басқа бір адаммен жақындық, ортақтық белгілеріне қарай атау: қадірлес, сыйлас, дәмдес, сырлас, құрдас, көңілдес, мұңдас, пікірлес, сыныптас т.б. Мұндай заттанулар тілде молынан ұшырасады. Мысалы, Бір күн дәмдеске – қырық күн сәлем (Мақал).

Адам мәнін беретін заттанулар көркем әдебиет тілінде де, ауызекі сөйлеу тілінде де молынан ұшырасады, оның себебін түрліше түсіндіруге болады: сөз қайталаудан қашу, сөзге экспрессивтік – эмоциялық реңк үстеу, ойды ықшамдап тез жеткізу, оқырман назарын адамның айрықша бір белгісіне, қасиетіне аударту және т.б. Адам мәніндегі заттанған сөздер ғылыми еңбектерде қолданылмайды, өйткені ғылыми стильге нақтылық, дәлдік, айқындық тән болып келеді. Ал, публицистикалық стильден бұл мәндегі заттануларды жиі кездестіруге болады, бұлардың тиісті жерде қолданылуына еш шектеу қойылмайды.

«Мал» мағынасын беретін заттанулар. Тіліміздегі бірсыпыра сын есім сөздер заттанып, мал ұғымында қолданылады. Әсіресе, жылқы малына қатысты заттанулар өте жиі кездеседі:

1) Жылқыны оның түр-түсімен байланыстыра атау: күрең, торы, құла, баран, қылаң, жирен, шабдар т.б. Мысалы, Мен манағы жатаған жиренмен жерден күміс алуға түсемін (Ғ.Мүсірепов).

2) Жылқыны ерекше бір белгісінің, қасиетінің атымен атау: асау, жүйрік, қасқа, төбел, жорға, бойдақ, мәстек, шолақ, бесті, шабан, жарау т.б. Мысалы, Бір өзгеше салтанаты – осы жігіттердің бәрі де жорға мініпті (М.Әуезов). Кейде жылқы малының түр-түсін білдіретін сын есім мен оның айрықша бір белгісін білдіретін сын есім сөздер тіркесіп келіп, заттанып қолданылады: торы шолақ, көк мәстек, ырсылдақ қара, құла бесті, бурыл шабан т.б. Мысалы, Жәмпейістің жирен қасқасы ойнақши, қайқаңдай жорғалап, тізгінін берік ұстамаса бетімен лағып кететін (С.Мұқанов).

Қолда бар тілдік материалдарды сұрыптағанда, мал мағынасын беретін заттанулардың басым көпшілігі жылқы малына қатысты болып келетіндігі анықталып отыр. Сонымен бірге, қара сын есімінің де заттанып, жалпы ірі қара мал (жылқы, сиыр, түйе) ұғымында жиі қолданылатындығы белгілі. Мысалы, Елу ауылдың мың жарымдай қойы мен барлық ірі қарасы шетінен жан сақтап, аман қалды (М.Әуезов).

Ұсақ малға байланысты заттанып қолданылатын сөздер тілде сирек ұшырасады. Тілдегі тұсақ (қой), аналық (қой), тоқал (ешкі), марқа (қозы), арамза, ақсақ-тоқсақ, жаман-жәутік сынды санаулы сөздер ғана заттанып қой, ешкі тәрізді ұсақ мал мағынасында қолданылады. Мысалы, Бірақ қазаққа он ірі қарадан бір тұсақ төледі не, жүз тұсақтан бір ірі қара төледі не, бәрібір емес пе? (І.Есенберлин). Бұл топтағы заттанулардың да біразы түбегейлі заттану нәтижесінде аталым деңгейіне жеткен.

«Ит-құс және хайуанаттар» мағынасын беретін заттанулар. Бұл мағынадағы заттанулар тілімізде онша көп емес. Оларға: тазы, құмай, қаншық, бөрі, тағы, қорқау, көкжал, ұялас, бұралқы тәрізді сөздер жатады. Мысалы, Бағанадан бері сойылған қойдың қанынан дәметіп отырған ұяластар да, өздеріне соққы тигендей мал қораға жып етіп кіріп кетті (С.Жүнісов). Бұл топтағы заттанулардың басым көпшілігі аталым ретінде танылып, сөздіктерде беріліп жүр. Сонымен қатар, авторлық жеке қолданыстарда да кейбір сын есімдер заттанып, осы аталып отырған мағынада (хайуанат мағынасында) жұмсалады. Мысалы: Жолдаяқ, Бөрібасар, Бөрібасар! – деп Құнанбай үйінің көп сары-аласын ұран шақырғандай ғып өре тұрғызған (М.Әуезов).

Нақтылы «зат, нәрсе» мағынасын беретін заттанулар. Тіліміздегі біраз сын есімдер заттанып, қандай да бір жанды-жансыз зат аталымы ретінде де жұмсала береді. Бұндай заттануларды да өз алдына жеке топтап қарастыруға болады. Бұлардың көпшілігі – толық заттанып, аталым ретінде танылған сөздер. Сондықтан да олар зат, нәрсе ұғымында үнемі қолданыла алады. Оларға мынадай сөздер жатады: көк (шөп), киіттік (құдаға беретін бұйым), кештік (ас), түстік (ас), кір (жуылатын зат), кір-қоқыр (тастайтын қоқыс), сүр (ет), тәтті (тәтті, дәмді тағам, кәмпит) және т.б. Мысалы, Қыстан сақтап шыққан сүрлерін әкелді (М.Әуезов). Дәмі қайтпас, бұзылмас тәтті бар ма? (Абай).

Нақтылы зат, нәрсе мағынасын беретін заттанған сын есімдерді де іштей бірнеше топқа жіктеуге болады:

1) Ас, тамақ мағынасын беретін заттанулар: кештік, түстік, сүр, тәтті, ақ, көжелік т.б. Мысалы, Жоқ, мен бала болсам да, көжелікке зар күнді ұмытпаппын (С.Шаймерденов).

2) Киім, бұйым мағынасын беретін заттанулар: киіттік, ескі-құсқы, андай-мұндай, ұсақ-түйек т.б. Мысалы, Ұсақ-түйек салатын қораптың қақпағына бір қыздың суретін жапсырыпты (Ж.Кәрменов).

3) Табиғи және жасанды зат атауын беретін заттанулар: көк, тақыр, шалғын, оттық, соқпақ, шабындық, жабағы, жуынды, еттік т.б. Мысалы, Қар кетіп, көк алғаш тебіндеп шығып, жер дегди бастағанда Құнанбай Қарқаралыдан шығып, Тобықтыға қайтты (М.Әуезов).

«Нақтылы зат, нәрсе» ұғымын беретін заттанулардың басым көпшілігі жеке аталым ретінде тілде қалыптасқан, олардың заттық мағыналары сөздіктерде беріліп жүр. Сонымен қатар тілімізде зат, нәрсе мағынасында белгілі бір қаламгер қаламынан туындаған заттанулар да, жалпыхалықтық сипатқа ие болған заттанулар да кездеседі.

Дерексіз мағынаны беретін заттанулар. Тіліміздегі кейбір сын есімдер заттанып, дерексіз зат ұғымында қолданылады. Мысалы, қарыз (іс), жөн (іс), сұмдық (оқиға), анық-танық (дерек), қараңғы (түн), жарық (сәуле), суық (түсті), ыстық (күн, температура), қызық (думан) т.б. Мысалы, Соларға Байсал әуелі жай ғана жөн айтты (М.Әуезов). Жеке авторлық қолданыстарда да кейде сын есімдер заттанып, абстракт мағынада жұмсалады. Мысалы, Анау толқынданған қара шаш тұрған жерде ондай ұсақтар түк емес (Ғ.Мүсірепов).

Жалпы алғанда, тілдегі заттанған сын есімдерді бес үлкен мағыналық топқа жіктеп көрсетуге болатындығы, олардың өзі іштей бірнеше ұсақ мағыналық топтарға жіктелетіндігі анықталды.
Қорытынды
Заттанған сындарды сөзжасамдық және функционалдық сипатта қарастырған еңбекте төмендегідей ойтүйіндеулері жасалды:

• Заттану арқылы тілде жаңа аталымдар жасалады. Аталымдардың жасалуына тілдегі ықшамдалу заңдылығы мен сөздің ішкі мағыналық құрылымындағы өзгеріс ықпал етеді.

• Заттанған сындардан жасалған аталымдар ұлттық таныммен ұштасып жатады.

• Заттану арқылы жасалған аталымдар тілде бірден қалыптаспаған, олар тілде орныққанға дейін даму үдерістерінен өткен.

• Заттанған сындардың заттану дәрежелері әр түрлі болады.

• Қазақ тілінде сөзжасам деңгейіне жетпеген, бірақ заттық мағыналары жалпыхалықтық сипат алған заттанулар бар. Оларда сындық ұғым мен заттық ұғым астасып жатады, тілде өте жиі қолданылады.

• Мәтіндік (жағдаяттық) және жеке қаламгер қолданысындағы заттанулар көлемі жағынан мол болғанымен, қолданылу, тілде танылу аясы шектеулі.

• Кейбір сын есімдер бірнеше мағынада заттанады. Оған сөз мағынасының дамуы мен сын есімдердің бірнеше белгісінің уәж ретінде таңдалуы себеп болады.

• Толық заттанған сындар да, уақытша заттанған сындар да зат есімнің морфологиялық көрсеткіштерін қабылдауға икемді келеді. Олар септеледі, тәуелденеді, көптік жалғауын қабылдау арқылы көптік мағынаны береді.

• Бір сын есімнің заттануынан тілде кейде жаңа аталым жасалса, кейде жалпыхалықтық сипаттағы заттану жасалады. Енді бірде ол сын есімнің заттануы қолданыстық деңгейде, белгілі бір мәтіннің аясында қалып жатады.

• Сапалық сындар мен қатыстық сындардың заттануында ұқсастық, айырмашылық белгілер бар. Сапалық сындардың басым бөлігі қолданыста заттануға бейім болса, қатыстық сындардың заттануынан тілде біршама зат аталымы жасалған.

• Заттанған сындар семантикасына қарай топтастырылып жіктеледі, олардың өзі іштей ұсақ мағыналық топтарға сараланып кетеді.

Қорытындылай келгенде, сындардың заттануына адамның эмоциялары, экстралингвистикалық білімі, тұрмыстық тәжірибесі, кей жағдайда кездейсоқ түсініктер түрткі болып жатады. Адам тәжірибесі арқылы жинақталған білім қорындағы ақпараттардың өзара алмасуы танымдық үдерістермен байланысты.
1   2   3   4   5

Похожие:

Кіріспе зерттеу жұмысының өзектілігі. Ғылымның уақыт тынысымен дамуы тілге де ықпалын тигізеді. Тың ізденістерге жол ашады. Қазiргi кезеңде «тiл мен мәдениет, этнос» iconКаталог элективных дисциплин специальности 5В050900 «Финансы»
Материалдық және рухани мәдениет элементтерiнiң өзара байланысы. Тiлдiң, жазбаның, өнердiң, ғылымның қалыптасуы. Қазақстан мәдениетiнiң...
Кіріспе зерттеу жұмысының өзектілігі. Ғылымның уақыт тынысымен дамуы тілге де ықпалын тигізеді. Тың ізденістерге жол ашады. Қазiргi кезеңде «тiл мен мәдениет, этнос» iconКелісілді федоров ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы М. Б. Қойшығұловқа 2009 ж бекітемін
Р конституциясын басшылыққа алып, өз жұмысын жүзеге асыратын болады. Кітапхана жұмысының басты мақсаты – бұл оқырмандардың тарихқа,...
Кіріспе зерттеу жұмысының өзектілігі. Ғылымның уақыт тынысымен дамуы тілге де ықпалын тигізеді. Тың ізденістерге жол ашады. Қазiргi кезеңде «тiл мен мәдениет, этнос» iconБәсекенің бәсі артпақ М. Шығаева, академик
...
Кіріспе зерттеу жұмысының өзектілігі. Ғылымның уақыт тынысымен дамуы тілге де ықпалын тигізеді. Тың ізденістерге жол ашады. Қазiргi кезеңде «тiл мен мәдениет, этнос» iconКіріспе Зерттеу жұмысының көкейкестілігі
Республикасы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында. Міне, мынадай мақсатқа жету білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-...
Кіріспе зерттеу жұмысының өзектілігі. Ғылымның уақыт тынысымен дамуы тілге де ықпалын тигізеді. Тың ізденістерге жол ашады. Қазiргi кезеңде «тiл мен мәдениет, этнос» iconӘдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
Жол қозғалысы туралы жүйелік түсінік. «жүргізуші-автокөлік-жол-қозғалыс ортасы» кешені. Жол қозғалысын ұйымдастыру мен қауіпсіздігі...
Кіріспе зерттеу жұмысының өзектілігі. Ғылымның уақыт тынысымен дамуы тілге де ықпалын тигізеді. Тың ізденістерге жол ашады. Қазiргi кезеңде «тiл мен мәдениет, этнос» iconҒылым мен білімнің дамуы өткізген тарих пәні мұғалімі: Мансурова Қ. Б
Білімділік: X-XII ғасырларда ғылымның дамуын, көрнекті ғылымдар жайлы кеңінен мағлұматтар бере отырып, олардың еңбектерінің тарихы...
Кіріспе зерттеу жұмысының өзектілігі. Ғылымның уақыт тынысымен дамуы тілге де ықпалын тигізеді. Тың ізденістерге жол ашады. Қазiргi кезеңде «тiл мен мәдениет, этнос» iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдарының қаржы есебін ұсыну ережелеріне 2-қосымша
Жалғасқан қызмет кезеңі ішіндегі пайда (залал) (30 жол + 40 жол + 50 жол 60 жол 70 жол 80 жол 90 жол + /-100 жол)
Кіріспе зерттеу жұмысының өзектілігі. Ғылымның уақыт тынысымен дамуы тілге де ықпалын тигізеді. Тың ізденістерге жол ашады. Қазiргi кезеңде «тiл мен мәдениет, этнос» iconКiрiспе зерттеу тақырыбының өзектілігі
Кейбiр жағдайларда, әсiресе, бюджеттiк несие мен банктiк несиелер экономикасы мәселесінде қаржының тұрақталған нысандарға берiлуi...
Кіріспе зерттеу жұмысының өзектілігі. Ғылымның уақыт тынысымен дамуы тілге де ықпалын тигізеді. Тың ізденістерге жол ашады. Қазiргi кезеңде «тiл мен мәдениет, этнос» iconТәрбие жұмысының жағдайын бақылау
Колледжде денсаулықты сақтау жұмысын ұйымдастыру мен денсаулық мәселерін зерттеу
Кіріспе зерттеу жұмысының өзектілігі. Ғылымның уақыт тынысымен дамуы тілге де ықпалын тигізеді. Тың ізденістерге жол ашады. Қазiргi кезеңде «тiл мен мәдениет, этнос» iconУспен ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің
Успен ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің миссиясы – мәдениет саласында сапалы және қол жетімді қызметтер көрсету;...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница