Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті




Скачать 347.38 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
страница3/3
Дата конвертации16.03.2013
Размер347.38 Kb.
ТипДокументы
1   2   3


Ескерту: * суландыру кезеңінде эндоскоптардың вирусты, бактериялы (туберкулезден басқа) және саңырауқұлақты (кандидозалар) жұқпа кезіндегі дезинфекциялауы іске асырылады;

** суландыру кезеңінде эндоскоптардың вирусты, бактериялы (туберкулезді қоса алғанда) және саңырауқұлақты (кандидозалар) жұқпа кезіндегі дезинфекциялауы іске асырылады;

Иілмелі эндоскоптарға арналған медициналық құралдарды стерилизациялау алдындағы тазартумен қатар жүргізілетін дезинфекциялау тәртібі

7 кесте


Өңдеу кезеңдері

Өңдеу тәртібі




Жұмыс ерітіндісінің концен-трациясы

(препарат бойынша), %

Жұмыс ерітіндісі-нің темпера-турасы, ОС

Ұстау/өңдеу уақыты, мин

Бұйымдарды жұмыс ерітіндісіне толығымен матыру және бұйым арналары мен қуыстарын ерітіндімен толтыру

3,0*

18 кем емес

15

4,0**

Суландыру іске асырылған ерітіндіде әр бұйымды жуады:

· сыртқы үстіңгі бетті щетка немесе мата (мәрлі) салфетканың көмегімен жуады;

· ішкі ашық арналарды шприцтің көмегімен жуады.

Матыру кезеңінде қолданылған ерітіндінің концентрация-сына сәйкес

Дәл сондай



2

1

Ағын ас суымен шаю (арналарды шприц немесе электрлісору құралының көмегімен шаю керек)

Мөлшерленбейді


5

Дистилденген сумен шаю (арналарды шприц немесе электрлісору құралының көмегімен шаю керек)

Мөлшерленбейді


0,5


Ескерту: * суландыру кезеңінде эндоскоптардың вирусты, бактериялы (туберкулезден басқа) және саңырауқұлақты (кандидозалар) жұқпа кезіндегі дезинфекциялауы іске асырылады;

** суландыру кезеңінде эндоскоптардың вирусты, бактериялы (туберкулезді қоса алғанда) және саңырауқұлақты (кандидозалар) жұқпа кезіндегі дезинфекциялауы іске асырылады;
Медициналық құралдар мен эндоскопқа арналған құралдарды ультрадыбысты қондырғыларда стерилизациялау алдындағы тазартумен қатар жүргізілетін дезинфекциялау тәртібі

8 кесте


Өңдеу кезеңдері

Өңдеу тәртібі

Жұмыс ерітіндісінің концен-трациясы

(препарат бойынша), %

Жұмыс ерітіндісі-нің темпера-турасы, ОС

Ұстау/өңдеу уақыты, мин

Құрал-жабдықтарды ультрадыбысты өңдеу*:

• ілгекті жерлері, арналары немесе қуысы жоқ бұйымдар (пинцеттер, скальпельдер, қатты құймалы тіс борлары, алмазды дискілер), амальгамасы бар айналардан басқа;

• ілгекті жерлері, арналары немесе қуысы бар бұйымдар (қайшы, корнцангылар, қысқыштар және т.б.) стоматологиялық қысқыштардан басқа;

• стоматологиялық қысқыштар және амальгамасы бар айналар;

• эндоскоптарға арналған құралдар.

3,0

18 кем емес

10

15

20

Қондырғыдан тыс ағын ас суымен шаю

Мөлшерленбейді

3

Қондырғыдан тыс дистилденген сумен шаю

Мөлшерленбейді

0,5

Ескерту: * құралдарды зат ерітіндісінде ультрадыбысты өңдеу кезеңінде вирусты, бактериялы (туберкулезді қоса алғанда) және саңырауқұлақты (кандидозалар, дерматофитиялар) жұқпа кезіндегі дезинфекциялауы іске асырылады;
5. Сақтық шаралары
39. 18 жастан асқан тұлғаларға ғана затпен жұмыс жасауға рұқсат етіледі.

40. Жұмыс ерітіндісін әзірлеу барысында қолға резеңке қолғап, ал көзге қорғаныс көзілдірігін кию керек. Объектілерді дезинфекциялау кезінде қолға резеңке қолғап кию керек.

41. Бөлмелердегі үстіңгі беттердің дезинфекциясын адамдар болған кезде және тыныс алу органдарын сақтайтын құралдарды қолданбай-ақ жасауға болады. 42. Жұмыс ерітіндісін әзірлеу барысында заттың теріге және көздің сілемейлі қабығына тиюін болдырмау қажет.

43. Химиялық заттарға айтарлықтай жоғары сезімділігі бар және созылмалы аллергиялық аурулармен ауыратын тұлғаларға затпен жұмыс жасауға тыйым салынады.

44. Суландыру әдісімен үстіңгі беттерді өңдеу кезінде жеке қорғаныс құралдарын қолдану қажет: қолды – резеңке қолғаппен, тыныс алу органдарын – «В» маркалы патроны бар РПГ-67 немесе РУ-60М типтес әмбебап шаңтұтқышпен, көзді – тұмшалы көзілдірікпен. Дезинфекция (суландыру әдісі) аяқталғаннан кейін бөлмеде ылғалды жинау жүргізіп, бөлмені желдету керек.

45. Өңдеу жұмысын жүргізу барысында міндетті түрде жеке гигиена ережелерін сақтау қажет. Жұмыс аяқталғаннан кейін дененің ашық жерлерін (бет, қол) сумен сабындап жуу керек.

46. «Экобриз-концентрат» затын дәрі-дәрмек препараттарынан бөлек, балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау қажет.
6. Кездейсоқ уланғанда алғашқы көмек беру шаралары.
47. Сақтық шаралары сақталмағанда жоғары тыныс алу органдарының, көздің және тері жабынының тітіркенуі мүмкін.

48. Тыныс алу органдарының тітіркену белгілері байқалғанда затпен жұмыс жасауды тоқтату керек, зардап шеккен адамды дереу таза ауаға немесе басқа бөлмеге шығару керек, ал бөлмені желдету керек. Ауыз бен мұрын-жұтқыншақты сумен шаю керек. Қажет болған жағдайда дәрігерге барған жөн.

49. Зат асқазанға түскенде зардап шеккен адамға активтендірілген көмірдің үгітілген 10-20 таблеткасын бірнеше стақан сумен ішкізу керек. Асқазанды шаймау керек. Қажет болған жағдайда дәрігерге барған жөн.

50. Зат көзге тиіп кеткенде дереу! көзді 10-15 минут бойы сумен жуып, натрий сульфацилінің 30% ерітіндісін тамызу керек және шұғыл түрде дәрігерге бару қажет.

51. Зат теріге тиген кезде затты сумен шайып кетіріп, теріге жұмсартатын крем жағу керек.

7. Тасымалдау және сақтау
52. «Экобриз-концентрат» затын өндірушінің бірегей қаптамасында, көліктің әр түрінде әрекет ететін жүкті тасымалдау және зат пен ыдыстың сақталуына кепілдік беретін ережелеріне сәйкес Ресей аумағында әрекет ететін көліктің барлық түрімен (-200С-ден +350С-ге дейінгі температурада),тасымалдауға рұқсат етіледі.

53. Затты жабылатын ыдысқа салып, күннің көзі түспейтін салқын жерде, қыздырғыш аспаптар мен ашық оттан алыс, 00С-ден 350С-ге дейінгі температурада, азық-түліктен және дәрі-дәрмек препараттарынан бөлек, балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау қажет.

54. Зат кездейсоқ ағып кеткенде немесе төгіліп қалғанда оны арнайы киім, резеңке фартук, резеңке етік және жеке қорғаныс құралдарын киіп жинау керек: қол терісіне – резеңке қолғап, көзге – қорғаныс көзілдірігі, тыныс алу органдарына – «В» маркалы патроны бар РПГ-67 немесе РУ-60М типтес әмбебап шаңтұтқыш.

Төгіліп қалған затты сұйықтықты ұстап қалатын затпен (шүберек, ағаш үгітіндісі, құм, силикагель) адсорбтап, пайдаға асыруға жібері керек. Зат қалдықтарын сумен шайып жіберу керек. Затты канализациялық жүйеге тек араластырылған күйде ғана төгуге болады.

55. Қоршаған ортаны қорғау шаралары: араластырылмаған заттың ағынды, жер бетіндегі немесе жер асты сулары мен кәрізге түсуін болдырмау қажет.

8. Сапаны бақылаудың физикалық-химиялық және талдамалық әдістері

56. Бақылауға алынған көрсеткіштер мен нормалар

56.1. Сапа көрсеткіштері бойынша аталмыш зат 15 кестеде келтірілген нормалар мен талаптарға сәйкес болуы керек.

«Экобриз-концентрат» дезинфекциялайтын затының сапа көрсеткіштері

9 кесте

№ р/р

Көрсеткіш атауы

Нормасы

7.2.1

Сыртқы пішіні, түсі

Түссізден сары түске дейінгі мөлдір сұйықтық

7.2.2

Иісі

Ерекше

7.3.

Заттың 1%-ының сутегі иондары концентрациясының көрсеткіші, рН

10,0 + 1,0

7.4.

Төртеселік аммаоний тұздарының массалық үлесі (қосынды түріндегі), %

8,8 + 0,9

7.5.

Алкиламиннен алынған заттың массалық үлесі , %

11,6 + 1,5


56.2. Сыртқы пішіні мен иісін анықтау

56.2.1. «ЭКОБРИЗ концентрат» затының сыртқы пішінін көзбен шолу арқылы анықтайды. Ол үшін түссіз шыныдан жасалған ішкі диаметрі 30-32 мм түтіктің ортасына дейін зат құйылады және оны өтетін немесе шағылысқан сәуледе қарайды.

56.2.2. Иісі органолептикалық тұрғыда анықталады.

56.3. Заттың 1% ерітінідісінің сутегі иондары (рН) концентрациясының көрсеткішін анықтау.

Сутегі иондары концентрациясының көрсеткіші (рН) «Тұрмыстық химия тауарлары. Сутегі иондары көрсеткішінің белсенділігін анықтау әдістері» МЕСТ Р 50550-93 сәйкес потенциометриялық әдіспен анықталады.

56.4. Төртеселік амоний қоспаларының (қосынды түріндегі) құрамын анықтау.

56.4.1. Жабдық, реактивтер және ерітінділер:

МЕСТ 24104-88 бойынша жалпы мақсатта қолданылатын өлшеудің ең жоғары шегі 200г құрайтын, дәлдігі 2 класты зертханалық таразылар;

бюретка 1-1-2-25-0,1 МЕСТ 29251-91 бойынша;

тегістелген тығыны бар колба Кн-1-50 МЕСТ 25336-82 бойынша;

тамшуырлар 4(5)-1-1, 2-1-5 МЕСТ 20292-74 бойынша;

цилиндрлар 1-25, 1-50, 1-100 МЕСТ 1770-74 бойынша;

мөлшерлі колбалар 2-100-2 МЕСТ 1770-74 бойынша;

натрийдің лаурилсульфаты (додецилсульфат) ТУ 6-09-64-75 бойынша;

«Мерк» (Германия) фирмасы шығарған құрамында 99,0% кем емес негізгі заты бар 1-сулы цетилпиридиний хлориді немесе осы тәріздес квалификациялы реактив;

көк түсті Эозин-метиленді индикаторы (Май-Грюнвальд бойынша), ч. маркалы, ТУ МЗ 34-51 бойынша;

хлороформ МЕСТ 20015-88 бойынша.

сұрқышқылды натрий, х.ч. немесе ч.д.а. маркалы, МЕСТ 4166-76;

көмірқышқыл натрийі х.ч. немесе ч.д.а. маркалы, МЕСТ 83-79;

хлорлы калий, х.ч. немесе ч.д.а. маркалы, МЕСТ 4234-77;

дистилденген су МЕСТ 6709-72 бойынша.

56.4.2. Талдау жасауға дайындық жұмыстарын жүргізу

56.4.2.1. Натрий лаурилсульфатының 0,005 н. су ерітіндісін әзірлеу.

Сыйымдылығы 100см3 мөлшерлі колбаның ішінде дистилденген суға 0,150г натрий лаурилсульфатын ерітіп, су көлемін белгіге дейін жеткізу керек.

56.4.2.2. Құрғақ индикаторлық қоспаны әзірлеу.

Көк түсті Эозин-метиленді индикаторды 1:100 қатынаспен калий хлоридімен араластырып, фарфорлы ыдыста мұқиятты түрде езеді. Құрғақ индикаторлық қоспаны тығыз жабылатын қақпағы бар бюксте бір жыл бойы сақтайды.

56.4.2.3. Цетилпиридиний хлоридінің 0,005 н. су ерітіндісін әзірлеу.

Сыйымдылығы 100см3 мөлшерлі колбаның ішінде дистилденген суға 0,179г цетилпиридиний хлоридін ерітіп, су көлемін белгіге дейін жеткізу керек.

56.4.2.4. Карбонатты-сульфатты буфер ерітіндісін әзірлеу.

Құрамында рН 11 бар карбонатты-сульфатты буферлі ерітінді сыйымдылығы 1дм3 мөлшерлі колбада 100г сұрқышқылды натрий мен 10г көмірқышқыл натрийді дистилденген суда ерітіп, су көлемін белгіге дейін жеткізу керек.

56.4.2.5. Натрий лаурилсульфаты ерітіндісінің түзету коэффициентін анықтау.

Дайындалған ерітіндінің түзету коэффициентін 0,005 н. натрий лаурилсульфаты ерітіндісімен хлорид цетилпиридиний ерітіндісін екіфазалы титрлеу әдісімен анықтайды.

Сыйымдылығы 50см3 мөлшерлі колбаға хлорид цетилпиридинийінің 10см3 ерітіндісін, хлороформның 10см3 құйып, 30-50мг құрғақ индикаторлық қоспаны қосады және 5см3 буферлі ерітіндіні құяды. Колбаны тығынмен жауып, ерітіндіні араластырады. Цетилпиридиний ерітіндісін натрий лаурилсульфаты ерітіндісімен титрлейді. Титранттың кезекті мөлшерін қосқаннан кейін колбадағы ерітіндіні араластырады. Титрлендірудің соңында хлороформ қабатының қызғылт түсі көк түске ауысады. Натрий лаурилсульфаты ерітіндісінің К түзету коэффициентінің мәнін келесі формула бойынша есептейді:



мұндағы Vцп – 0,005 н. хлорид цетилпиридиний ерітіндісінің көлемі, см3;

Vдс – 0,005 н. титірлендірілуге жіберілген натрий лаурилсульфаты ерітіндісінің көлемі, см3.

56.4.2.6. Талданатын зат ерітіндісін әзірлеу.

Талданатын «ЭКОБРИЗ» затының 0,0002г дәлдікпен өлшенген 0,8г-1,2г мөлшерін сыйымдылығы 100см³ мөлшерлі колбаға ауыстырып, дистилденген сумен белгіге дейін жеткізеді.

56.4. 3. Талдау жүргізу.

Конус тәрізді колбаға, я болмаса тығыз жабылатын тығыны бар сыйыидылығы 50см3 цилиндрге 10см3 «ЭКОБРИЗ» затынан алынған ерітіндіні құяды (1.2.6.п қара), 10см3 хлороформ, 30-50мг құрғақ индикаторлық қоспаны қосып, 10см3 буферлік ерітінді құяды. Алынған екіфазалы жүйені натрий лаурилсульфаты ерітіндісімен титрлейді. Титранттың кезекті мөлшерін қосқаннан кейін колбадағы ерітіндіні араластырады. Титрлендірудің соңында хлороформ қабатының қызғылт түсі көк түске ауысады.

56.4.4. Нәтижелерді өңдеу.

Төртеселік аммоний қоспаларының (Х) массалық үлесі пайызбен келесі формула бойынша есептелінеді:

,

мұндағы 0,00177 – нақты концентрациялы натрий лаурилсульфаты ерітіндісінің 1см3 сәйкес келетін төртеселік аммоний қоспаларының (Х) массасы, С (С12Н25SO4Nа) = 0,005 моль/дм3 (0,005 н.), г;

Vчас – титірлендірілуге жіберілген натрий лаурилсульфаты ерітіндісінің көлемі, С (С12H25SO4Na) = 0,005 моль/дм3 (0,005 н.), см3;

К – С концентрациялы натрий лаурилсульфаты ерітіндісінің ерітіндісінің түзету коэффициенті (С12Н25SO4Na) = 0,005 моль/дм3 (0,005 н.);

m – талданатын сынаманың массасы, г.

V1 – «ЭКОБРИЗ» затының мөлшері ерітілген көлем (100 см3);

V2 – титрлеуге таңдалынып алынған талданатын ерітіндінің аликвотты бөлігі (10 см3)


Талдау нәтижесі ретінде екі анықтаманың орташа арифметикалық нәтижесін алады, олардың арасындағы абсолюттік алшақтық рұқсат етілген 0,5%-ға тең алшақтықтан аспауы тиіс.

Сенімді ықтималдылық 0,95 тең болғанда талдау нәтижесінің рұқсат етілген салыстырмалы жиынтық ағаттығы +3%. Талдау нәтижесі үтірден кейінгі бірінші ондық белгіге дейін дөңгелектенеді.

56.5. Алкиламиннен алынған заттың массалық үлесін анықтау.

56.5.1. Өлшеу құралдары, реактивтер және ерітінділер:

МЕСТ 24104-2001 бойынша жалпы мақсатта қолданылатын өлшеудің ең жоғары шегі 200г құрайтын, дәлдігі 2 класты зертханалық таразылар;

стақан В-1-150 немесе В-2-150, МЕСТ 25336- 82;

бюретка 1-2-25-0,1, МЕСТ 20292-74;

Кн 1-100-29/32 колбалары, МЕСТ 25336-82;

тұз қышқылы, С(НСl) эквивалентті молярлық концентрация ерітіндісі;

0,1 моль/дм3 (0,1 н), стандарт-титр, ТУ 2642-001-07500602-97;

бромкрезолды жасыл индикатор, ТУ 6-09-4530-77, 20% этил спиртіндегі 0,1% ерітінді.

56.5.2. Талдау жүргізу.

Заттың 0,0002г дәлдікпен өлшенген 3г мөлшерін сыйымдылығы 100см³ мөлшерлі колбаға ауыстырып, 30см3 дистилденген су, 3-5 тамшы индикатор ерітіндісін қосып, концентрациясы С(НСl) 0,1моль/дм3 (0,1 н) тұз қышқылының ерітіндісімен титрлейді. Титірлеуді 1см3 порциясымен жасайды, ал эквиваленттік нүкте маңында көк түстің сарғылт-жасыл түске ауысқанына дейін 0,1см3 порциясымен жасайды.

56.5.3. Нәтижелерді өңдеу.

Алкиламиннен алынған заттың (Х) массалық үлесін %-бен келесі формула бойынша есептейді:

Х = ;

мұндағы 0,00998 – нақты концентрациялы тұз қышқылы ерітіндісінің 1см3 сәйкес келетін алкиламиннен алынған заттың массалық үлесі,

С(НСl) 0,1 моль/дм3 (0,1 н), г;

V – С(НСl) 0,1 моль/дм3 концентрациялы тұз қышқылы ерітіндісінің көлемі,

объем раствора соляной кислоты концентрации точно

(0,1 н), титрлеуге таңдалып алынған талданатын сынама мөлшері, см3;

M – зат мөлшерінің массасы, г.

Есептеу нәтижесі бірінші ондық белгіге дейін дөңгелектенеді.

Талдау нәтижесі ретінде екі анықтаманың орташа арифметикалық нәтижесін алады, олардың арасындағы абсолюттік алшақтық рұқсат етілген 0,5%-ға тең алшақтықтан аспауы тиіс.

Сенімді ықтималдылық Р=0,95 болғанда талдау нәтижесінің рұқсат етілген салыстырмалы жиынтық ағаттығы ±5%.

1   2   3

Похожие:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті icon«Бекітемін» Комитет төрағасы – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж. Бекшин
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті басшыларының 2012 жылғы 3-4...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті icon62538С сериялы, Диана 35 жалған препарат туралы ақпарат: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті «Байер каз»
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті «Байер каз» жшс ұсынған ақпаратқа...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
О. М. Хильченко әзірленген («Мир дезинфекции» аақ). «Миродез мусс» дезинфекциялау затын талдаудың «Физикалық-химиялық және талдамалық...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница