ҚРӘМ №5251 30. 06. 2008ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен




НазваниеҚРӘМ №5251 30. 06. 2008ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
страница1/4
Дата конвертации16.03.2013
Размер0.55 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4
ҚРӘМ № 5251 30.06.2008ж.тіркелді
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН

ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН РЕТТЕУ МЕН

ҚАДАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІ
БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

Алматы қаласы

2008 жылғы «26» мамыр

№ 77



Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы
өзгерістер мен толықтырулар:

1.ҚҚА № 115 22.08.2008ж.

2.ҚҚА № 243 29.12.2008ж.

3.ҚҚА № 26 27.02.2009ж.

4.ҚҚА № 136 07.07.2009ж.

5.ҚҚА № 262 29.12.2009ж.

6.ҚҚА № 40 29.03.2010ж.

7.ҚҚА № 93 25.06.2010ж.
«Бағалы қағаздар рыногы» туралы 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 89-бабының 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулы мақсаты үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) арнайы қаржы компаниясы – секьюритилендірудің бір немесе бірнеше мәмілесін жүзеге асыру, сондай-ақ бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялау үшін «Секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылып отырған заңды тұлға;

2) арнайы кәсіпорын (Special purpose vehicle) – шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған, қызметінің жалғыз түрі өзінің жеке құрылтайшысының (қатысушысы, акционері) – осы немесе басқа мемлекеттің заңды тұлғасының кепілдігіне, оның ішінде борыштық бағалы қағаздар шығару және орналастыру жолымен қаржы тарту болып табылатын заңды тұлға;

3) борыштық бағалы қағаз – шығарылым шарттарымен белгіленген мөлшер мен мерзімде оның иесінің эмитенттен алатын негізгі борыш сомасы құқығын растайтын бағалы қағаз;

4) жергілікті атқару органдарының облигациялары – республика дәрежесіндегі қаланың, астананың жергілікті атқару органдары шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;

5) индекстік қор – активтері осы инвестициялық қор үшін базалық болып табылатын белгілі бір қор индексінің өкілдік тізіміне кіретін ұқсас қаржы құралдарынан тұратын инвестициялық қор;

6) индекстің өкілдік тізімі – параметрлері қор биржасының сол не басқа индикаторларын есептеу мақсатында пайдаланылатын бағалы қағаздар тізімі;

6-1) исламдық бағалы қағаздар – исламдық жалға алу сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттары;

7) қаржылық емес ұйым - қаржылық ұйым болып табылмайтын ұйым («Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалғандай);

8) қор биржасының ресми тізімі (ресми тізім) – қор биржасының енгізілуі және болуы белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиісті бағалы қағаздар мен бағалы қағаздар эмитенттерінің тізімі;

9) листингтік компания – бағалы қағаздары ресми тізімге енгізілген заңды тұлға;

10) маркет-майкер – қор биржасы маркет-майкер ретінде таныған және қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес бағалы қағаздар бойынша баға белгілеуді тұрақты хабарлап отыру және қолдау көрсету жөнінде өзіне міндеттеме қабылдаған қор биржасының мүшесі;

11) ресми тізім секторы – белгіленген талаптарға сәйкес келетін эмиссиялық бағалы қағаздар енгізілген қор биржасының ресми тізімінің бөлігі;

12) рұқсат беру бастамашысы – бастамасымен бағалы қағаздар қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне енгізілетін (рұқсат берілетін) эмитент не қор биржасының мүшесі;

13) сауда алаңы – ресми тізімге енгізілген (қор биржасында айналымға жіберілген) қаржы құралдарының жекелеген түрлерімен мәмілелер жасалатын қор биржасының бағдарламалық - техникалық кешенінің бөлігі;

14) үлестік бағалы қағаз – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда мүліктің белгілі бір үлесіне оның иесінің құқығын растайтын бағалы қағаз;

15) эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау – эмитенттің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңында белгіленген тәртіпте бекітілген қайта құрылымдау жоспары және «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіпте бекітілген оңалту жоспары негізінде іске асыратын әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдастырушы-техникалық және басқа да іс-шаралары мен рәсімдерінің кешені.

1-1. Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне енгізілетін (кіретін) эмитенттердің қаржылық есептілігіне аудитті жүргізетін аудиторлық ұйымдар Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына қаржы құралдарын кіргізу үшін, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес келеді.

2. Қор биржасының ресми тізіміне Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздар, соның ішінде базалық активі Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған мемлекеттік емес бағалы қағаздар болып табылатын туынды бағалы қағаздар енгізіледі (рұқсат беріледі).

Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногы айналысына шетел мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес шығарылған мемлекеттік емес бағалы қағаздарына және қор биржасының ресми тізіміне енгізілген (рұқсат берілген) халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына рұқсат беріледі.

Қор биржасының ресми тізімі келесі секторлардан тұрады:

1) акциялар;

2) борыштық бағалы қағаздар;

3) инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары;

4) депозитарлық қолхаттар;

5) халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары;

6) мемлекеттік бағалы қағаздар;

7) туынды бағалы қағаздар:

8) исламдық бағалы қағаздар.

Қор биржасының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің секторлары бөлек санаттарға және шағын санаттарға бөлінеді.

Қор биржасының ішкі құжаттарында, осы тармақта көрсетілген ресми тізімнің секторларынын басқа, қосымша секторлардың қызмет етуі қарастырылуы мүмкін.

3. «Акциялар» секторы үш санатқа бөлінеді: бірінші (ең жоғарғы) санат, екінші (ең жоғарғы) санат және үшінші (ең жоғарғы санатынан кейінгі) санат.

4. Эмитент акцияларын қор биржасының ресми тізімінің бірінші санаты (ең жоғарғы) бойынша «акциялар» секторына енгізу және онда қалдыру үшін аталған бағалы қағаздар мен олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

  1. эмитентті мемлекеттік тіркеу оның акцияларын ресми тізімге енгізу туралы арыз берген күнге дейінгі үш жыл ішінде жүзеге асырылған. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитентті құруды жүзеге асырып отырған ұйымның (ұйымдардың) мерзімі үшін сынақ жасалуы мүмкін.

Егер қор биржасының ішкі құжаттарында жүз пайыздық акциялары мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін қызмет ету мерзіміне қойылатын талап кем дегенде үш жыл болған жағдайда, осы тармақтың 4) және 6) тармақшаларында белгіленген талаптар осы ұйымдардың нақты қызмет ету мерзіміне байланысты қолданылады;

2) эмитент қаржылық есептілікті қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (International Financial Reporting Standards) (бұдан әрі – ҚЕХС) немесе Америка Құрама Штаттарында қолданылатын стандарттарға (International Accepted Accounting Principles) (бұдан әрі – АҚШ ҚЕС) сәйкес жасайды;

3) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасы танитын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне енетін аудиторлық ұйымдардың бірі жүзеге асырады;

4) рұқсат беру бастамашысы мыналардар кем емес уақыттағы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің қаржылық есептілігін ұсынады:

егер акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай өткеннен кейін берілген болса, аяқталған соңғы үш қаржы жылынан;

егер акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай ішінде берілген болса, аяқталған соңғы қаржы жылының алдындағы аяқталған жүйелі үш қаржы жылынан.

Рұқсат беру бастамашысы соңғы берген аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған, эмитенттің қаржылық есептілігін жасау күнінен бастап акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтінішті беру күніне дейін алты айдан аспауы тиіс.

Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылының қаржылық есептілігі жасалған күннен бастап акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есепті береді;

5) эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептілік күніне жасалған қаржылық есептілігіне сәйкес оның жарғылық капиталынан кем бола алмайды. Бұл ретте эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күнге жасалған қаржылық есептілікке сәйкес тиісті қаржы жылына бекітілген республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – айлық есептік көрсеткіш) сегіз миллион бес жүз алпыс мың еселенген мөлшерінен кем емес соманы құрайды.

Акциялар қор биржасының ресми тізімінің осы санатында болған кезде мыналардың:

қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген меншікті капитал жеткіліктілігі бойынша пруденциалдық нормативті сақтаған жағдайда қаржы ұйымының;

қаржы ұйымы болып табылмайтын эмитенттің меншікті капиталының айлық есептік көрсеткіштің сегіз миллион бес жүз алпыс мың еселі мөлшердегі баламалы сомасының жетпіс пайызына тең, бірақ аудиторлық есеппен расталған, соңғы есептік күнгі қаржылық есептілікке сәйкес эмитенттің жарғылық капиталынан төмен емес шамаға дейін төмендеуіне жол беріледі.

Осы санаттағы акциялар сауда-саттығы ашылған күннен бастап алты ай өткен соң қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес анықталатын осы акциялар эмитентінің рыноктық капиталдандырылуы айлық есептік көрсеткіштің сегіз миллион бес жүз алпыс мың еселенген мөлшерінен кем емес соманы құрауға тиіс.

Осы тармақшаның бесінші абзацының талаптары ресми тізімге артықшылықты акцияларды енгізу жағдайында қолданылмайды;

6) акция эмитентінің таза табысы соңғы үш жылдың әрқайсысында эмитенттің аудиторлық есебімен расталған соңғы есепті күніне жасалған қаржылық есептілігіне сәйкес айлық есептік көрсеткіштің сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшерінен кем емес соманы құрайды.

Акциялар қор биржасының ресми тізімінің осы санатында болғанда, жылына айлық есептік көрсеткіштің сексен бес мың алты жүз еселі мөлшерінен кем емес баламалы сомасын құрайтын, аудиторлық есеппен расталған, соңғы есептік күнгі қаржылық есептілікке сәйкес соңғы үш жылдың ең болмағанда екі жылында акциялар эмитентінің таза кірісі бар болуына жол беріледі.

Эмитент осы тармақшаның бірінші абзацында белгіленген таза пайданың мөлшері бойынша талаптарды орындамаған жағдайда оның акциялары, егер эмитенттің операциялық қызметінен түскен қаражаттарының таза ағымы оның аудиторлық есеппен расталған қаржы есептілігіне сәйкес әрбір соңғы үш жылда оң болса, осы санатқа көрсетілген талаптар ескерілмей енгізіледі;

7) еркін айналымдағы акциялар саны аталған акциялар саудасы ашылған күннен бастап алты ай өткен соң орналасқан осы типтің (эмитент сатып алғандарды, ауыртпалық салынғандарды және(немесе) оқшауланғандарды қоспағанда) акцияларының жалпы санының кем дегенде он пайызын, аталған акциялар саудасы ашылған күннен бастап бір жыл өткен соң – он бес пайызын және аталған акциялар саудасы ашылған күннен бастап екі жыл өткен соң жиырма бес пайызын құрайды.

Еркін айналымдағы акциялар санына «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына сәйкес акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғасы болып табылатын тұлғаларға тиесілі акциялар кірмейді.

Акцияларының елуден астам пайызы мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы компанияларға тиесілі ұйымдар үшін акцияларын ресми тізімге енгізу күніне еркін айналымдағы акциялар саны бойынша талап осы акциялар сауда-саттық ашылған күннен бастап алты ай өткен соң орналасқан акциялар санының кем дегенде бес пайызын, аталған акциялар сауда-саттық ашылған күннен бастап бір жыл өткен соң – он пайызын құрайды;

Еркін айналымдағы акциялар санын есептеу осы эмитенттің жай және артықшылық берілген акциялары бойынша бөлек жүзеге асырылады;

8) Қазақстан Республикасының резиденті акционерлік қоғамдарына қатысты – эмитент акционерлерінің жалпы жиналысымен бекітілген корпоративтік басқару кодексінің болуы.

Қазақстан Республикасының резидент еместеріне қатысты – корпоративтік басқару кодексінің болуы немесе заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында қарастырылған тәртіпте бекітілген мазмұны бойынша ұқсас өзге құжаттың болуы, егер заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында оның болуы қарастырылса;

9) акцияларды ресми тізімнің осы санатына енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің біреуі аталған акциялар бойынша оған маркет-мейкер мәртебесін тағайындау туралы өтініш беруі тиіс, ал олардың осы санатта болуы кезінде маркет-мейкердің болуы міндетті болып табылады;

10) эмитенттің құрылтай құжаттарында және/немесе бағалы қағаздарды шығару проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (тапсыру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы.

5. Эмитент акцияларын қор биржасының ресми тізімінің екінші (ең жоғарғы) санаты бойынша «акциялар» секторына енгізу және оларды онда қалдыру үшін аталған бағалы қағаздар мен олардың эмитенті келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:

1) эмитентті мемлекеттік тіркеуі оның акцияларын ресми тізімге енгізу туралы өтініш беру күнінен ден кем дегенде екі жыл бұрын жүзеге асырылған. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылған ұйымның (ұйымдардың) бар болу мерзімі есепке алынуы мүмкін.

Егер қор биржасының ішкі құжаттарында акцияларының жүз пайызы мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін бар болу мерзіміне екі жылдан кем талап қойылса, онда осы тармақтың 4) және 6) тармақшаларында белгіленген талаптар осы ұйымдардың нақты бар болу мерзіміне байланысты қолданылады;

2) эмитент қаржылық есептілігін ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес әзірлейді;

3)
  1   2   3   4

Похожие:

ҚРӘМ №5251 30. 06. 2008ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен iconҚРӘМ №5316 29. 09. 2008ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Жылжымайтын мүлік қорларының активтерін құрайтын қаржы құралдарының тізбесін нақтылау мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын...
ҚРӘМ №5251 30. 06. 2008ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен iconҚРӘМ №4209 25. 04. 2006ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы...
ҚРӘМ №5251 30. 06. 2008ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен iconҚРӘМ №6156 09. 04. 2010 ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
Республикасының 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын...
ҚРӘМ №5251 30. 06. 2008ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен iconҚРӘМ №5755 20. 08. 2009ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық...
ҚРӘМ №5251 30. 06. 2008ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен iconҚРӘМ №5256 11. 07. 2008ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ
Кредиттік бюролардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын...
ҚРӘМ №5251 30. 06. 2008ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен iconҚРӘМ №5538 09. 02. 2009ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Згерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 23 қазандағы Заңының 1-бабының 6-тармағының 18 тармақшасын...
ҚРӘМ №5251 30. 06. 2008ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен iconҚРӘМ №3870 04. 10. 2005ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
Республикасы Заңының 12-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау...
ҚРӘМ №5251 30. 06. 2008ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен iconҚРӘМ №5231 05. 06. 2008ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Екінші деңгейдегі банктердің банктік кепілдіктер мен кепілдемелерді беру ережесін бекіту туралы
ҚРӘМ №5251 30. 06. 2008ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен iconҚРӘМ №4175 04. 04. 2006ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ
«Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы» Заңның 12-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан...
ҚРӘМ №5251 30. 06. 2008ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен iconҚРӘМ №4175 04. 04. 2006ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница