Кодексіне (бұдан әрі Бюджет кодексі) сәйкес «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы»




Скачать 152.66 Kb.
НазваниеКодексіне (бұдан әрі Бюджет кодексі) сәйкес «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы»
Дата конвертации16.03.2013
Размер152.66 Kb.
ТипКодекс



Мемлекеттік органдарға

(тізім бойынша)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі) сәйкес «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 292-ө Өкiмiмен және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 6 маусымдағы № 544 қаулысымен бектіліген Нәтижеге бағдарланған бюджеттi енгiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспарымен қоғамдық сектор үшін Халықаралық қаржылық есептлік стандарттарына сәйкес (бұдан әрі – ҚСХҚЕС) мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі жүйесін реформалау және есептеу әдісімен бойынша кезеңді іс-шаралар жүргізеді.

«Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жетілдіру жөніндегі 2009-2013 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 шілдедегі № 318 бұйрығымен мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебі жүйесін реформалаудың негізгі кезеңдері анықталған.

Министрлік мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша және ҚСХҚЕС сәйкес мемлекеттік мекемелердің Бюджет кодексінің 245-бабымен анықталған мерзім - 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап есептеу әдісіне көшу бойынша кезеңді жұмысты жүзеге асырады.

Әдіснамалық негіз

Әдіснамалық негізді әзірлеуді қамтитын бірінші кезең өткізілді. Қазіргі уақытта мынадай нормативтік құқықтық актілер бекітілді, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелді, БАҚ-да жарияланды және Министрліктің сайтында (www.minfin.kz, «ҚСХҚЕС» бөлімі) орналастырылды:

- «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 25 тамызда №6443 тіркелді;

- «Есеп саясатын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі №444 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 22 қыркүйекте №6505 тіркелді;

- «Қазақстан Республикасы мемлекеттік мекемелері үшін бухгалтерлік құжат нысандарының альбомын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 тамыздағы №390 бұйрығы;

- «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарын жүргізу жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 29 маусымда №6314 тіркелді;

- «Қаржылық есептілік нысандары мен жасау және ұсыну қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 8 шілдедегі №325 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 26 шілдеде №6352 тіркелді;

- «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 25 маусымдағы №303 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 19 шілдеде №6339 тіркелді;

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тексерiлетiн субъектiлерге қойылатын талаптарды белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау құзыреттерiн қайта қарау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 5 шiлдедегi №452-IV Заңы, онда Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді;

- «Мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілігін жасау және ұсыну қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 27 ақпандағы №89 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 29 шілдедегі №387 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылғы 15 тамызда №7131 тіркелді;

- «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамызда № 423 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылғы 22 қыркүйекте №7197 тіркелді;

- «Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 95 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 27 сәуірдегі № 219 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылғы 20 мамырда №6965 тіркелді.

Бағдарламалық өнім

Мемлекеттік мекемелердің жаңа әдіснама бойынша бухгалтерлік есепті бағдарламалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша есептеу әдісіне көшу бағдарламасын ойдағыдай іске асыру мақсатында Министрлік бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес әзірленген бағдарламалық өнімді мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты мекемелерде пайдалану қажеттігі туралы, ал бағдарламалық өнім болған кезде есептеу әдісі бойынша бухгалтерлік есепті ұйымдастыру бойынша жаңа талаптарға сәйкес пысықтау қажеттігі туралы 2011 жылғы 19 қыркүйектегі №ДМБУА-3/16217 хат жіберді.

Пилоттық жоба

ҚСХҚЕС сәйкес бухгалтерлік есеп ұйымының есептеу әдісіне көшуі бойынша 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап «пилоттық» бағдарламаны өткізуі реформаның келесі кезеңі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 30 қарашадағы №599ь бұйрығымен «пилотқа» енгізілген бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тізбесі бекітілген, оған бес министрлік пен екі өңір кіреді: Қаржы министрлігі, Көлік және коммуникация, білім және ғылым, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы министрліктері және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері – Ақмола және Қарағанды облыстарының әкімдіктері.

«Пилотты» ұйымдастыру және өткізу мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрі «2011-2015 жылдарға арналған ҚСХҚЕС-ке сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікке көшу бойынша іс-шаралар жоспары» (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары)2011 жылғы 2 қарашада бекітілді.

Іс-шаралар жоспарының 1 және 2-тармақтарымен қазынашылықтың аумақтық бөлімшелерінде және облыстық, аудандық (қалалық) әкімдіктер жанында ҚСХҚЕС-ке сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікке көшу (2012-2013 жылдары) бойынша мемлекеттік мекемелерге консультативтік көмек көрсету үшін облыстар және Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінің Қаржы басқармаларының мамандарын тарта отырып, жұмыс топтарын құру көзделген.

Жұмыс топтарының тізімдері Министрліктің www.minfin.kz сайтында «Қоғамдық сектор үшін қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары» /Жаңалықтар/ Қазақстан республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық бөлімшелерінде ҚСХҚЕСенгізу бойынша жұмыс тобын құру туралы баспасөз релизі бөлімінде орналастырылған.

Қызметкерлерді оқыту

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовтің 2011 жылғы 14 наурыздағы №20-25/1353 тапсырмасын орындау үшін республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне «пилоттық» бағдарламаға енетін мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлерін ҚСХҚЕС сәйкес бухгалтерлік есептің жаңа әдіснамасына және есептеу әдістеріне оқытып үйрету өткізу қажеттігі туралы хаттар жіберілді.

Жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес есептеу әдісі бойынша бухгалтерлік есептің жаңа әдіснамасына мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлерін оқытып үйрету реформа жүргізудің маңызды факторы болып табылатынын ескере отырып, мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлерін бухгалтерлік есептің жаңа әдіснамасына үйрету бойынша ақпарат ұсыну туралы бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне сұрау салына отырып, бұрын 2011 жылғы 12 қыркүйекте №ДМБУА-3/15723, 2011 жылғы 12 қыркүйекте №ДМБУА хаттармен жіберілген. Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлерін оқыту мониторингі бойынша жұмыс «пилоттық» бағдарлама кезеңінде тоқсан сайынғы негізде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 шілдедегі № 624 қаулысына сәйкес «Қаржы жүйесі органдарының мамандарын даярлау мен қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы» АҚ (бұдан әрі «Орталық» АҚ) құрылды.

«Орталық» АҚ бухгалтерлік, оның ішінде мемлекеттік мекемелердің «пилоттық» қызметтеріне оқыту бойынша жауапты орындаушы болып табылады. «Орталық» АҚ мына мекенжай бойынша орналасқан: Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 10 үй, «Номад» Бизнес-Орталығы, телефондар (7172) 79-17-12, 79-17-79, сайт мекенжайы: www.ecmf.kz, электрондық почта мекенжайлары: ecmf@ecmf.kz, amralina_m@ecmf.kz, makarova_s@ecmf.kz.

Мемлекеттік мекемелердің есептеу әдістемесіне көшуі

Мемлекеттік мекемелерді бухгалтерлік есепке алу шоттарының жаңа жоспарына көшу схемасына байланысты «пилоттық» бағдарламаға енген мемлекеттік мекемелердің есептеу әдістемесіне көшуі кезінде есептеу тәсілі бойынша қаржылық есептілікке көшетін бухгалтерлік балансына осы күнге 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кассалық әдістеме бойынша бухгалтерлік есептің деректері бойынша дайындалған бюджеттік есептіліктің 1-нысаны балансының сальдосын ауыстыру жүзеге асырылады. Кіріспе балансқа ұзақ мерзімді активтер мен қорларды есепке алу баптары бойынша кезеңнің басталуына «Ұзақ мерзімді активтердің қозғалысы туралы есеп» 5-б.н және тиісінше «Жылдың басына» 3-н 5б бағаны бойынша және «Есепті жылдың басына қалдықтар» 3-н.6 бағаны бойынша ғана толтырылған «Қорлардың қозғалысы туралы» 6-н бюджеттік есептілік нысандары қоса берілуі тиіс. Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарына көшу схемасы «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығымен құрылған Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттары жоспарының 2-қосымшасында келтірілген.

Бухгалтерлік есепке алуды есептеу тәсілімен жүргізу бойынша мемлекеттік мекемелердің көшу рәсімі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі №444 бұйрығымен бекітілген Есепке алу саясатының 25 «Көшу ережелері» бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.

Деректерді кейінге қалдыру кезінде активтер мен міндеттемелер ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болып қайта сыныпталады.

Осылай, дебиторлық және кредиторлық берешек ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді берешектерді есепке алу шоттары бойынша қайта сыныптауға жатады. Бұрын «Құндылығы аз тез тозатын заттар» бабы бойынша есепке алынған активтер қысқа мерзімді активтерді (қорларды) есепке алу баптары және ұзақ мерзімді активтерді (басқа негізгі құралдарды) есепке алу баптары бойынша қайта сыныптауға жатады. Шығыстар шоттарының сальдосы 5220 «Алдыңғы жылдардағы қаржы нәтижесі» шотының дебетіне ауыстырылады. 201 «Ғылыми әзірлемелерге арналған шығыстар», 212 «Өзге қаражат есебінен күрделі салымдарға арналған шығыстар», 216 «Күрделі салымдарға арналған өзге қорлар есебінен шығыстар» активтерді мойындау критерийлерін сақтау кезінде 2410 «Аяқталмаған құрылыс және күрделі салымдар» шотына ауыстырылады, басқа жағдайларда 5220 «Алдыңғы жылдардағы қаржы нәтижесі» шотының дебетіне ауыстырылады.

Іс-шаралар жоспарына сәйкес республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ҚСХҚЕС пен есептеу әдісіне сәйкес «пилоттық» бағдарламаға енгізілген мемлекеттік мекемелердің шоғырландырылған бастама балансын Қазынашылық комитетіне ұсынады, ал жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік мекемелердің шоғырландырылған бастама балансын бюджетті атқару бойынша жергілікті уәкілетті органдарға ұсынады.

Пилоттық мемлекеттік мекемелер (бұдан әрі – пилоттық меммекемелер) бастама балансты республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне және қазынашылықтың аумақтық органдарына 2012 жылғы 12 наурызға дейін, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шоғырландырылған бастама бухгалтерлік баланстарын 2012 жылғы 26 наурызға дейін Қазынашылық комитетіне ұсынады.

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне ұсынылатын мемлекеттік мекеменің бастапқы балансына бухгалтерлік баланстың баптарын ауыстыру мен жабу бойынша шоттардың және түсіндірме жазбаның жаңа жоспарына көшу схемасымен пилоттық меммекеменің жұмыс кестесі қоса беріледі.

2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «пилоттық» жобаға кіретін мемлекеттік мекемелер республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар белгілеген мерзімде есептіліктің екі жиынтығын бір мезгілде ұсынады:

- кассалық әдіс бойынша дайындалған бірінші жиынтық «Мемлекеттік мекемелермен және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 27 ақпандағы № 89 бұйрығына сәйкес есептіліктің балансын және барлық нысандарын қамтиды;

- есептеу әдісі бойынша дайындалған екінші жинақ «Қаржылық есептілікті жасау және ұсыну нысандары мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 8 шілдедегі №325 бұйрығына және «Қаржылық есептілікті жасау және ұсыну нысандары мен қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 2011 жылғы 29 шілдедегі № 387 бұйрығымен бекітілген «Ұзақ мерзімді активтердің қозғалысы туралы есеп» 5-б н., «Қорлар қозғалысы туралы есеп» 6-н. сәйкес нысан бойынша кіріспе бухгалтерлік балансты ғана (қосымшасыз) қамтиды.

Пилоттық мемлекеттік мекемелер 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкес кассалық әдіс бойынша бір мезгілді және жаңа қағидаларға сәйкес есептеу әдісі бойынша бухгалтерлік есептің параллелді енгізілуін қамтамасыз етеді.

Пилоттық мемлекеттік мекемелер «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін (бұдан әрі - Ереже) және «Есеп саясатын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 444 бұйрығымен бекітілген Есеп саясатын 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап басшылыққа алады.

Жаңа Ереже барлық мемлекеттік мекемелер үшін біртұтас болып табылатын Есеп саясатымен іс-жүзінде қолданылуы міндетті болып анықталатын есеп объектілерін бағалау мен есепке алудың барлық баламалы әдістерін егжей-тегжейлі сипаттауды қамтиды. Есеп саясатына өзгерістер мен толықтырулар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен енгізіледі.

Мәселен, негізгі қаражатты есепке алу бойынша Ережеде негізгі қаражатты кейіннен есепке алу үшін екі модель көзделген: іс жүзіндегі өзіндік құны бойынша есепке алу моделі мен асыра бағаланған құны бойынша есепке алу моделі, оның ішінде бекітілген Есеп саясаты шеңберінде іс жүзіндегі шығындар бойынша есепке алу моделін қолдана отырып, негізгі қаражатты есепке алудың бірыңғай тәртібі пайдаланылуы тиіс.

Есептеу әдісін қолдану жағдайында негізгі құралдың құны белгіленген нормалар мөлшерінде амортизацияны ай сайын есептеу арқылы шығыстар құрамында тануға жатады. Ұзақ мерзімді активтер бойынша тозудың жылдық нормалары «Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 95 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 27 сәуірдегі №219 бұйрығымен бекітілген.

Есептеу әдісі – операциялар мен басқа да оқиғалар іс жүзіндегі түсімдер немесе ақша қаражатын төлеуге қарамастан орын алған есепті кезеңде олардың жасалған фактілері бойынша танылатын бухгалтерлік есеп әдісі.

Мәселен, есептеу әдісі бойынша бағалы қағаздардағы қаржылық инвестициялар, содай-ақ білім беру нысанындағы инвестициялар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайту бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің балансындағы активтер құрамын тануға жатады.

Пилоттық мемлекеттік мекемелер бухгалтерлік есептің мемориалдық-ордерлік нысаны жөніндегі есептеу әдісі бойынша бухгалтерлік есепті жүргізеді.

Есептеу әдісі бойынша 22 мемориалдық ордер – жинақтаушы ведомстволар, оның ішінде мемлекеттік мекемелердің шығыстары мен кірістерін есепке алу үшін қосымша 8 мемориалдық ордерлер №15, №16, №17, №18, №19, №20, №21, №22 көзделген.

Мемлекеттік мекемелерде есептеу әдісі бойынша талдамалық есеп «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомымен анықталған есепке алу кітабы жүргізіледі.

Талдамалық есепті жүзеге асыру үшін ауыспалы кезеңде Бас – журнал екі кітабы жүргізіледі. Болашақтағы кезеңдердің кірістері бойынша № 460 н. және болашақтағы кезеңдердің шығыстары бойынша № 461 н. жүргізіледі. Негізгі құралдардың карточкалары жаңа түгендеу нөмірлері көрсетіліп толтырылады.

Қызметкерлердің демалыс күндері бойынша резервті анықтау кезінде Ережені басшылыққа алған жөн. Болашақтағы кезеңдердің кірістері мен шығыстарын есепке алу Ереженің 14-бөліміне сәйкес анықталады.

Бірінші қаржылық нәтиже 2012 жылғы 1 шілде кезеңіндегі жағдай бойынша анықталады.

2012 жылғы бірінші жарты жылдықтағы есептілік

Бірінші жарты жылдықтың нәтижелері бойынша, 2012 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша пилоттық мемлекеттік мекемелер есептіліктің екі жиынтығын республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері белгілеген мерзімде ұсынады:

- кассалық әдіс бойынша дайындалған бірінші жиынтық балансты және есептіліктің барлық нысандарын «Мемлекеттік мекемелермен және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 27 ақпандағы № 89 бұйрығына сәйкес қамтиды;

- есептеу әдісі бойынша дайындалған қаржылық есептіліктің екінші жиынтығы бухгалтерлік балансты (қосымшалармен: қаржы қызметінің нәтижелері туралы есеп, таза активтердегі/капиталдағы өзгерістер туралы есеп), активтер мен міндеттемелердегі өзгерістер туралы есепті; қаржыландыру көздері бойынша мемлекеттік мекеме шоттарындағы ақша қозғалысы туралы есепті, «Қаржылық есептілікті жасау және ұсыну нысандары мен ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 8 шілдедегі № 325 қаулысына сәйкес қаржылық есептілікке түсіндірме жазбаны қамтиды. Қаржылық есептілік жиынтығына «Мемлекеттік мекемелермен және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 27 ақпандағы № 89 бұйрығына» өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Қаржы министрінің 2011 жылғы 29 шілдедегі № 387 бұйрығымен бекітілген «Ұзақ мерзімді активтердің қозғалысы туралы» 5-б н. ұсынылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 27 ақпандағы № 89 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелермен және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну ережесінің 20-1-тармағының нормалары «пилоттық» бағдарламаға енгізілген мемлекеттік мекемелерге ғана қолданылады.

2012 жылғы бірінші жарты жылдық үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоғырландырылған қаржылық есептілігі

«пилоттық» жобаға кіретін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің 2012 жылғы 1 шілдедегі жағдайы жөніндегі бірінші жарты жылдықтың нәтижелері бойынша тоқсандық шоғырландырылған есептіліктің екі жиынтығы ұсынылады:

- «Мемлекеттік мекемелермен және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 27 ақпандағы № 89 бұйрығына сәйкес кассалық әдіс бойынша дайындалған бірінші жиынтық;

- «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 25 маусымдағы № 303 бұйрығына сәйкес есептеу әдісі бойынша дайындалған қаржылық есептіліктің шоғырландырылған екінші жиынтығы бухгалтерлік балансты (қосымшалармен: қаржы қызметінің нәтижелері туралы есеп, таза активтердегі/капиталдағы өзгерістер туралы есеп), активтер мен міндеттемелердегі өзгерістер туралы есепті; қаржыландыру көздері бойынша мемлекеттік мекеме шоттарындағы ақша қозғалысы туралы есепті, қаржылық есептілікке түсіндірме жазбаны қамтиды. Қаржылық есептілік жиынтығына «Мемлекеттік мекемелермен және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 27 ақпандағы № 89 бұйрығына» өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Қаржы министрінің 2011 жылғы 29 шілдедегі № 387 бұйрығымен бекітілген «Ұзақ мерзімді активтердің қозғалысы туралы» 5-б н. ұсынылады.

Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері үшін шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсыну мерзімін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері үшін бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар белгілейді.

Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органға шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынады.

Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынады.

«Пилоттық» бағдарламаның уақтылы өтуіне жауапкершілік республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жүктеледі.

Ақпараттық қолдау

Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласында өткізілген реформа мен нормативтік құқықтық база туралы барлық қажетті ақпарат, сұрақтарға жауаптар Министрліктің www.minfin.kz сайтындағы «Қоғамдық секторға арналған Халықаралық қаржылық есептілік стандарты» бөлімінде тұрақты негізде шұғыл орналастырылады.


Вице-министр Б. Шолпанқұлов


Ерназарова З.А.

71-73-49; z_ernazarova@minfin.kz

Мемлекеттік органдардың тізімі
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі;

2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;

3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;

4) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;

5) Ақмола облысы Әкімі аппараты;

6) Ақмола облысы Қаржы басқармасы;

7) Қарағанды облысы Әкімі аппараты;

8) Қарағанды облысы Қаржы басқармасы;


Похожие:

Кодексіне (бұдан әрі Бюджет кодексі) сәйкес «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» iconКодексіне (бұдан әрі Бюджет кодексі) сәйкес «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін iске асыру жөнiндегi шаралар туралы»
Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі) сәйкес...
Кодексіне (бұдан әрі Бюджет кодексі) сәйкес «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» iconҚазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы
Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын iске асыру жөнiндегi негiзгi бағыттардың (iс-шаралардың)...
Кодексіне (бұдан әрі Бюджет кодексі) сәйкес «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» iconАзаматтарға патриоттық тәрбие беру жөнiндегi республикалық кеңес туралы
Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудiң 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi...
Кодексіне (бұдан әрі Бюджет кодексі) сәйкес «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» iconҚазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудiң 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы
Азақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудiң 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы Қазақстан...
Кодексіне (бұдан әрі Бюджет кодексі) сәйкес «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» icon«Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамытудың» 2004-2008
Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi №903 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға...
Кодексіне (бұдан әрі Бюджет кодексі) сәйкес «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» iconОрал қаласы №28-2 13 желтоқсан 2010 жыл 2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-iv бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан...
Кодексіне (бұдан әрі Бюджет кодексі) сәйкес «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» iconЖалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі
Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі Бюджет кодексі) 42-бабына сәйкес әзірленді және үш жылдық кезеңге арналған және олар өзгерген...
Кодексіне (бұдан әрі Бюджет кодексі) сәйкес «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» iconТехникалық инспекция саласында мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы
Азақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi...
Кодексіне (бұдан әрі Бюджет кодексі) сәйкес «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» iconТехникалық инспекция саласында мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы
Азақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi...
Кодексіне (бұдан әрі Бюджет кодексі) сәйкес «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» iconТехникалық инспекция саласында мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы
Азақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница