Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында




НазваниеҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында
страница11/15
Дата конвертации20.11.2012
Размер1.8 Mb.
ТипДокументы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Умумий билим бериш мәһкимилириниң 10- 11- синипларда «Уйғур тили» вә «Уйғур әдәбияти» пәнлирини оқутуш алаһидиликлири һәққидә

Жәмийәтниң һәр хил саһалирида болуватқан өзгиришләр маарип саһасиниму чәттә қалдурмиди. Һазирқи вақитта әхбарат, мәлуматларниң наһайити тез өзгириши, һәр хил милләтләр мәдәнийитиниң жипсилиши, илим-пән, мәдәний, ижтимаий-сәясий, ихтисатниң тәрәққияти, шундақла билим бериш сүпитини ашуруп, дуниявий стандартларға тәңләштүрүлүши, 12 жиллиқ билим бериш жәрияниға көчүши мунасивити билән билим бериш парадигимисиниң өзгиришигә елип кәлди.

Йеңи билим бериш парадигмисиниң асасий вәзипилириниң бири – елимизниң ихтисадий тәрәққиятиға өз үлүшини қошалайдиған, һәртәрәплимә тәрәққий әткән, саватлиқ, риқабәтчиликкә қабил, салаһийәтлик, инсан ретидики изгү хисләтлиригә егә пухрани тәрбийләштин ибарәттур.

Бу вәзипини изчил рәвиштә әмәлгә ашуруш билим мәзмунини оқутуш жәриянида, заманивий оқутуш технологияләрни пайдилиништа әң алди билән оқуғучиниң шәхсий өзгичилигини әскә елип, өз билимини һаятта учришидиған һәр хил муәммаларни йешишта пайдилинишини билидиған шәхсни тәрбийиләш көздә тутулған.

Шуниңға бағлиқ салаһийәтләрни қелиплаштуруш мәхситидә, йәни Қазақстан Жумһурийитиниң дөләтлик умумий мәжбурий билим бериш стандартида бәлгүләнгән күтүлидиған нәтижиләргә қол йәткүзүш мәхситидә профиллиқ оқутуш оқуғучиниң хаһишиға, қабилийитигә қарап икки йөнилиш билән әмәлгә ашурулиду: ижтимаий-гуманитарлиқ вә тәбиий-математикилиқ.

Аталған йөнилишләргә дифференциацияләнгән, шәхскә йүзләнгән йосунда тәйярланған программилар базислиқ оқутуш жүклимисини инавәткә алған һалда тәйярланған.

2010-2011 – оқуш жилида Уйғур мәктәплириниң жуқури басқучида «Уйғур тили» вә «Уйғур әдәбияти» пәнлирини оқутуш Қазақстан Жумһурийитиниң Билим вә пән Министриниң 09.07.2010ж. №367 буйруғи билән тәстиқләнгән Қазақстан Жумһурийитиниң Дөләтлик Умумий Мәжбурий Билим Бериш Стандарти, шундақла 09.07. 2010-жилиниң. №367 буйриғи билән тәстиқләнгән программилириға асаслиниду.

Йеңи 2010-2011- оқуш жилида Қазақстан Жумһурийитиниң Билим вә пән Министриниң 5 апрель 2010 жилиниң №152 буйруғи (2010 жылғы 9 апрель №160 буйриғи, 2010 жылғы 1 июнь №268 буйриғи)билән тәстиқләнгән дәрисликләр вә оқуш-методикилиқ қураллар билән оқутулиду.
3.2. «МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ
Математика

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарда математиканы оқыту «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия» курстары арқылы жүзеге асырылады. Бұл курстардың негiзгi ерекшелiктерi адамның ақыл-ойын дамытуға, математикамен адам қызметi саласы ретiнде таныстыруға, қазiргi қоғамды еркiн бағдарлану үшiн қажеттi бiлiм мен бiлiктердi қалыптастыруға арнайы бағдарлау болып табылады. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы оқушының логикалық ойлауын қалыптастыруда, ғылыми ойлаудың негізі болатын сынау, жалпылау, талдау және синтез жасау немесе сөйлеу сапасы болатын ойды қысқа да нұсқа, айқын жеткізе білу және тағы да басқа сапаларды қалыптастыруда математиканың алатын орны ерекше.

Мектеп бағдарламасына енгізілген тақырыптар оқушылардың жалпы мәдени деңгейін арттыруға ерекше ықпал етеді. Сондықтан, таңдалған мысалдың мазмұны оқушылардың білім деңгейі мен өмірдегі тәжірибе деңгейіне де сәйкес болғаны дұрыс. Осы жерде оқушылардың қоршаған ортаға сын көзбен қарап, кейбір құбылыстарды бақылап, зерттеп, өздері үшін мәліметтерді жинақтап, оларды қарапайым кестелер ретінде, қатар ретінде көрнекі жаза білуі, қарапайым диаграмма, график түрінде көрсете білуі осы пәнді оқығанда қорытынды біліктілікке жататын негізгі компоненттер болып табылады.

Бұл компоненттер мектеп бітірген оқушыларға, біріншіден, оқуын басқа білім ошақтарында жалғастыруы үшін керек болса, екіншіден, күнделікті өмірде газеттерде, журналдарда, жарнамаларда және теледидарда халыққа ұсынылатын ақпараттар негізінен кестелер, дөңгелек және тіктөртбұрышты диаграммалар және графиктер арқылы берілетіні белгілі.

Математика курстарының осы бағыттағы мазмұны дәледеудi қажет ететiн теориялық көптеген фактiлердiң қарастырылуымен, теоремалардың қатаң дәлелдеулерiнiң аз мөлшерде және олардың негiзiнен нақты пайымдаулар түрiнде берiлуiмен сипатталады, олар көбiнесе көрнекi түсiнiкке негiзделiп түсiндiрiледi, ал тапсырмалардың қиындығы қарапайым деңгеймен шектеледi. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы аталған курстардың дәстүрлi кейбiр бөлiмдерi жалпылама түрде (түсiнiктер деңгейiнде, дәлелдеусiз) оқытылады.

Математиканы оқыту барысында оқушының өзі таңдаған кәсіптік бағыттағы мазмұнды есептерді шығару математикалық білімді өмірмен ұштастыруға, алған білімдерін еңбекпен байланысты іс-әрекеттермен қолдана білуге көмектеседі. Есептердің мазмұнында теориялық немесе практикалық маңызы бар сұрақ туатын қандай да бір болмасын жағдай баяндалады. Есептер мақсаты оқушыларды алған білімдерін практикада қолдануға үйрету және әрі қарай дамыту болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін кәсіптік мазмұнды математикалық есептерді қарастыру, оларды шығарудың әдіс-тәсілдерін үйрету, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру қажет. Есеп шығару барысында кейбір кәсіптік ұғымдардың мағынасы ашылып, нақтыланады, оның ескерілмей жатқан жаңа бір қырлары байқалады.

Қандай да бір материалды сабақта пайдаланудың әдістемелік шарттарына сәйкес оқу үрдісінде бұқаралық ақпарат құралдарындағы материалдарды пайдаланудың бірден-бір негізгі шарты - құжаттардың мазмұны мектеп математикасының бағдарламалық материалымен тығыз байланыста болуы.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы сыныптарда математиканы оқыту оқушыларға математиканы белгiлi бiр деңгейде меңгеруiн талап ететiн кез келген оқу орындарында таңдаған мамандықтары бойынша бiлiмдерiн жалғастыруға қажеттi мүмкiндiктермен қамтамасыз етуi қажет.

Саналы түрде өз бағытын таңдап алған 10-11 сынып оқушыларына математиканы оқытуда қарастырылатын қандай да бiр нақты жағдаяттың математикалық моделi нақты үдерістер мен құбылыстарды зерделеуде пайдаланылады. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы мектептер мен сыныптарға арналған математика курсы әлемнiң бiртұтас бейнесiн қалыптастыруға, жалпы ғылыми және интеллектуалдық бiлiктердi меңгертуге мүмкiндiк бередi. Жаратылыстану-математикалық пәндердi оқып-үйрену үшiн математиканы оқыту барысында қарастырылатын теориялық мәселелердi зерттеу мен есептер шығарту аппараттарының маңызы зор.

10-11сыныптардағы жаратылыстану-математикалық бағыттағы математика курсында ықтималдық-статистикалық желi өз жалғасын табады. Бұл желiде жаратылыстану ғылымдары үшiн маңызды болып саналатын стохастикалық сипаттағы құбылыстарды зерттеу аппараты кеңейе түседi. Кездейсоқ шамалар ұғымы енгiзiледi.

Математиканы оқыту барысында мазмұнды есептерді шығару математикалық білімді өмірімен ұштастыруға, алған білімін еңбекпен байланысты іс-әрекеттермен қолдана білуге көмектеседі. Есептердің мазмұнында теориялық немесе практикалық маңызы бар сұрақ туатын қандай да бір болмасын жағдаят баяндалады. Осы тұрғыда кәсіптік мазмұнды математикалық есептерді қарастыру, оларды шығарудың әдіс-тәсілдерін үйрету, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру қажет. Есеп шығару барысында кәсіптік ұғымдардың мағынасы ашылып, нақтыланады, оның ескерілмей жатқан жаңа бір қырлары байқалады. Мұндай есептерді пайдалануда есептің мазмұнына, алынған жауабына мұғалімнің берген түсініктемесі оқушының кәсіптік, өмірлік, практикалық ойлауын қалыптастырудың негізгі құралы болып табылады.

Математикалық теория мен практиканы ұштастыруда есептердің атқаратын рөлі зор. Сабақта шығарылатын есептердің әрбірі өтілген тақырып мазмұнын аша алуы, ол тақырыпты қайталауға, оны кәсіптік қолдануға мүмкіндік беруі керек. Мұның бәрі мұғалімнен берілетін есептерге мұқият талдау жасауды талап етеді.

Жоғарғы сыныптарда математиканы оқыту кезінде мектептің оқу жоспарына таңдалған бағдарға сәйкес қолданбалы курстарды енгізу қажет. Ондай курстарды мынандай тақырыптарда ұйымдастыруға болады: «Тамаша теңсiздiктер», «Экономикадағы математикалық әдiстер», «Математикалық процестердi моделдеу», «Функциялар әлемдiк құбылыстарды тану және сипаттау құралы ретiнде» және т.б.

Оқушылардың таңдауы бойынша оқу пәні ретіндегі математиканы оқыту, сондай-ақ оны факультативті сабақтарда тереңдетіп оқыту жалпы білім беретін мектептің 7 сыныбынан басталуы мүмкін.
Информатика

Еліміздегі білім беруді жаңарту үрдістерінің басты бағыттарының бірі бәсекелестікке қабілетті білім беру өрісін құруды меңзейтін мектептің жоғары сатысындағы бағдарлы оқыту болып табылады. Оның нормативті бағыттары білім берудің Мемлекеттік стандартында белгіленіп көрсетілген (2010 ж.) және де онда 11 жылдық мектептің жоғары сыныптарында бағдарлы бағытта оқытуға кезеңмен көшу ескерілген болатын. 2010-2011 оқу жылдарында бағдарлы оқыту оқушылар қалаулары бойынша қоғамдық-гуманитарлық немесе жаратылыстану-математикалық бағыттарының бірін таңдай алады.

Типтік оқу жоспарында 10-11-сыныпта жаратылыстану-математикалық бағытта информатиканы оқытуға аптасына 1 сағат (10-11-сыныптарда информатиканы 2 жылда оқытуға барлығы 68 сағат), қоғамдық-гуманитарлық бағытта аптасына 1 сағат (10-11- сыныптарда информатиканы 2 жылда оқытуға барлығы 68 сағат) бөлінген. Кез келген бағдарлап оқытуда информатикаға және оның қолданыстарына қызығушылық танытқан оқушыларға мектеп таңдау курстарын ұйымдастыру арқылы информатикаға бөлінген сағат санын арттыра алады.

Жалпы орта білім беретін мектептiң 10-11-сыныптарында информатикадан бiлiм беру Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010 ), (ҚР БҒМ 09.07. 2010 ж. № 367 бұйрығы) сәйкес:

1.Жалпы орта білім берудің типтік оқу жоспарлары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07. 2010ж. № 367 бұйрығы).

2. Жалпы орта білім берудің типтік оқу бағдарламалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07.2010ж. № 367 бұйрығы).

3. «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі № 152 бұйрығы, сонымен қатар осы аталған бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 және 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 бұйрықтары арқылы жүзеге асырылады.

Информатиканы тереңдетіп оқығысы келетін оқушылардың саны жеткілікті көп болған жағдайда мектеп базистік оқу жоспарында бағдарлы курстарға бөлінген сағат саны есебінен информатиканы оқытуға бағдарлы деңгейде бөлінген 1 сағатқа аптасына қосымша 2 сағат қоса алады. Оқушылардың білім деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкес деңгейлер үшін білім беру стандартымен анықталады.

Жоғары сыныптарда информатиканы оқыту кезінде мектептің оқу жоспарына таңдау курстарын енгізу қажет. Бұл келесі мазмұндағы таңдау курстары болуы мүмкін: «Объектілі-бағдарланған программалау тілі», «ЭЕМ операторы», «Компьютерде іс-қағаздарын жүргізуші», «Компьютерлік графика», «Web-дизайн», «Ақпараттық жүйелер», «Flash-программалау» және т.б.

Оқушылардың таңдауы бойынша оқу пәні ретіндегі информатиканы оқыту, сондай-ақ оны факультативті сабақтарда тереңдетіп оқыту жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбынан басталуы мүмкін.

Жоғарыда аталған оқу бағдарламалары мен оқулықтар информатиканы оқыту үшін негізгі материалдар болып табылады. Сонымен бірге оқу үрдісінде информатика пәнін тереңдетіп, не факультативтік сабақ ретінде оқыту үшін қосымша оқу құралдары қолданылады. Бағдарлы мектептерде, физика-математикалық және техникалық лицейлерде, физика мен математиканы тереңдетіп оқытатын мектептерде «Арман-ПВ - 2008», «НЦИ - 2008», «Атамұра-2005», «Аруна Ltd - 2008» және т.б. баспалардан шыққан қосымша оқулықтар мен электрондық оқу құралдарын қолдануға болады.

Информатиканы оқыту бағдарламаларын арнайы жабдықталған мультимедиялық кабинетте және жалпы қолданылатын оқу-көрнекілік құралдар мен жабдықтар, қолданбалы программалық құралдар, мультимедиялық электрондық оқулықтар, виртуальды лабораториялар және т.б. бар болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

Мектептің кітапхана қорында «Информатика» оқу пәні бойынша тағайындалған нормативтер мен оқу-әдістемелік кешендер құрамына сәйкес қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттер болуы тиіс. Кiтапхана қоры мен ақпараттар базасын оқушылар пайдалана алатындай болуы керек.
3.3 «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ
География

Жалпы орта білім беру деңгейіндегі (10-11 сыныптар) географияны оқытудың негізгі мақсаты мен міндеттері оқушылардың табиғи, әлеуметтік және экономикалық факторлар туралы білімін толықтыру мен тереңдетудің қажеттілігі; болашақ кәсіби іс-әрекеттері үшін оқушылардың географиялық білім мен географиялық талдау әдістерін меңгеруді негіздеудің маңыздылығы болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін білім беру бағдарламасындағы оқу материалдарының орналасуы орталықтандырылған әсіл бойынша құрылуы тиіс. Мұнда бір объектіні оқу жай қайталана бермейді, оның мазмұнында берілетін білім оқушылардың алғашқы қабылдауынан толық меңгеруіне дейін кеңейтіліп, тереңдетіледі.

Географиялық бiлiм беру төмендегi:

- әлемнің географиялық бейнесін түсіну және соған лайық бағдарлану үшін жергілікті жерден бастап аймақтық деңгейге дейінгі қазіргі географиялық кеңістіктің алуан түрлілігін нақтылы мысалдар арқылы таныту;

- Қазақстан және әлемдік географиялық кеңістікте болып жатқан табиғи, экологиялық, экономикалық, әлеуметтік, геосаяси үрдістердің ерекшеліктері мен даму қарқынын түсіндіру;

- Қазақстан және әлем кеңістігі көлеміндегі қазіргі даму кезеңіндегі табиғат пен қоғамның өзара әсерін, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты тиімді пайдаланудың маңызын, орнықты даму мәселелеріне географиялық тұрғыда қатынас жасауды оқып үйрету;

- Қазақстан және әлем кеңістігінде өтіп жатқан ғаламдық және жергілікті жердегі өзгерістердің қазіргі саяси, экономкалық және әлеуметтік мәселелерге қатысты мәні мен даму қарқынын түсіндіру;

- табиғи және әлеуметтік факторларға, адамның тұратын жердің географиялық жағдайларына бейімделуіне байланысты халықты және шаруашылықты орналастырудың заңдылықтарын білу;

- әлеуметтік-экономикалық жүйесі әртүрлі елдерде өндіргіш күштерді аумақтық ұйымдастыру заңдылықтарын түсіндіру;

- саяси топтардың, экономикалық одақтың, халықаралық экономикалық еңбек бөлінісінің және аймақтық кикілжіңдердің дүниежүзілік саясат пен экономикаға әсерін екере отырып, қазіргі дүниедегі басты саяси және экономикалық өзара қарым-қатынасты түсіндіру;

- Қазақстанның геосаяси орнымен, табиғатымен, халқымен, шаруашылығымен, экономикалық аудандарымен, табиғатты пайдалану ерекшеліктерімен және олардың өзара тәуелділігімен қоса Қазақстан географиясын терең де жан-жақты оқып үйрену;

- қазіргі кезеңдегі Жер туралы географиялық білімнің дамуымен таныстыру;

- оқушылардың түрлі географиялық ақпарат көздерімен өз бетінше жұмыс жасау: ақпараттарды алу, оны жеткізу, талдау жасау, оны географиялық сұрақтарға жауап беру және тапсырмаларды орындау үшін қолдана алу біліктерін дамыту;

- оқушылардың халықаралық қатынас «тілі» ретінде географиялық картаны (атласты) географиялық ақпарат көзі ретінде қолдана алу біліктерін жетілдіру;

- қазіргі ақпараттық технологияларды қолдана алу, қажетті компьютерлік сауаттылықты меңгеру біліктерін дамыту мен алғашқы географиялық үлгілеу және болжамдау дағдыларын қалыптастыру;

- жергілікті жердегі табиғи, табиғи-техногенді және әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерге қарай бағдарлана алу және оларға бақылау жасау мен зерттеу жүргізе алу біліктерін жетілдіру;

- алған географиялық білімін өндірістік және күнделікті тұрмыстық іс-әрекетте қолдана алу біліктерін жетілдіру тәрiздi мiндеттердi шешудi талап етедi.

Бұл мiндеттер 10-11 сыныптарда ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010) сәйкес:

1. Жалпы орта білім берудің типтік оқу жоспарлары. Оқытудың қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. №367 бұйрығы).

2. Жалпы орта білім берудің типтік оқу бағдарламалары. Оқытудың қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-сатематикалық бағыттары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. №367 бұйрығы).

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» 2010 жылдың 5 сәуіріндегі №152 бұйрығы, сонымен қатар осы аталған бұйрыққа өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 және 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 бұйрықтары арқылы жүзеге асырылады.

Жоғары сыныптарды географиялық білім берудің маңызды міндеттерінің бірі оқушылардың болашақ мамандық таңдаудағы өзіндік анықталуына педагогикалық қолдау көрсету болып табылады.

Жалпы орта білім беру деңгейіндегі «География» оқу пәнінің құрылымы мен мазмұны:

- жоғары сыныпта оқушыларға географиялық білім беруде оқушылардың психофизиологиялық қызығушылқтары мен қабілеттерінің ескерілуі;

- оқу пәнінің мазмұны мен құрылымының тұлғаға бағдарлануы;

- оқытудың мазмұндық және процессуалдық бірлігінің сақталуы сияқты дидактикалық ұстанымдарға сәйкес құрылды.

Осындай дидактикалық ұстанымдарға сәйкес жоғары сыныптардағы оқу мазмұны келесідей реттілікпен құрастырылды:

- оқу бағдарламасында тұлғаның өзіндік әлеуетінің дамуына ықпал етуші танымдық-дамытушылық қызметінің қамтылуы;

- оқушылардың географиялық процестер мен құбылыстарға зерттеу жүргізе алу дағдыларын қалыптастырушы танымдық-оқыту қызметіңің қамтылуы;

- білім мен тәрбиенің бір-біріне тәуелділігін және оқушылардың қоршаған ортаға қатынасын білдіретін тәрбиелік қызметіңің қамтылуы;

- қазіргі өзгермелі дүниеде тұлғаның өз бетінше шешім қабылдауына жағдай жасайтын әлеуметтік-адаптациялық қызметіңің қамтылуы;

- аумақтық (өлкетанумен қоса), кешенді, тарихи, типологиялық, проблемалық және конструктивті тәсілдер оқушылардың географиялық ойлауын қалыптастыруға негіз болады.

«География» оқу пәні ретінде, табиғат, қоғамның материалдық өмірінің және қазіргі дүние бейнесінің заңдылықтарын танып білудегі химиялық, биологиялық, физикалық және басқа да білім салаларымен тығыз байланысты күшейтуге жағдай жасайды.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы география пәні оқу материалдарының мазмұнына болашақ ұрпақтың географиялық сауаттылығын, географиялық мәдениетін көтеруге ықпал ететін маңызды білім мен біліктіліктер енгізілген. Жаратылыстану-математикалық бағытта оқушылардың географиялық мәдениетін қалыптастырушы білім, біліктіліктермен қатар, олардың білімін ары қарай жалғастыруға және кәсіби мамандыққа даярлауға қажетті білім мен оқушылардың жеке тұлғалық іс-әрекетіне көп көңіл бөлінген.

Жаратылыстану-математикалық бағытта географияны оқыту оқушылардың бойында біртұтас дүниетанымдық ұстанымды дамытуға бағытталған, сондай-ақ оқушылардың жоғары деңгейдегі жалпы мәдениетті және өз бетінше және кәсіби бағытын анықтайтын білім, дағды жүйелерін меңгеруге талпыныс жасауын қолдайды.

Географиялық білім мазмұны география ғылымының негізгі категорияларын қарастыруға, мектептің бастауыш сатысында алған алғашқы географиялық мәліметтерді теориялар шеңберінде жүйелеуге бағытталған және де оқушыларды географиялық білімнің дамуымен, оның қазіргі ғылымдағы орнымен және рөлімен таныстырады.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт шеңберіндегі географияны оқыту табиғат пен қоғамның біртұтастығы теориясын қалыптастыруға, адам мен табиғат арасындағы үйлесіміділік қатынастарындағы географияның рөлін түсінуге бағытталған.

Жаратылыстану-математикалық бағыт шеңберіндегі географияны оқыту жалпы білім берудің маңыздылығын ескере отырып, мазмұны бүгінгі күнгі жетекші географиялық ғылым мен географиялық проблемалар жан-жақты тереңдетіліп беріледі.

Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11 сыныптарындағы географияның мазмұнын айқындауда және оқу материалын іріктеуде мынадай тәсілдер мен ұстанымдар басшылыққа алынды:

- негізгі мектептегі география курсының мазмұнымен сабақтастықтың сақталуы және 10-11 сыныптардағы географиялық білімнің үздіксіз сипат алуы;

- елтану бағыты арқылы географияның біртұтастығы ұстанымының жүзеге асырылуы және географияның жеке салаларының интеграциялануы;

- оқу мазмұнында бірізділіктің сақталынуы, әлемдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси құбылыстарды түсіндіруде кеңістіктік ұстанымдардың енгізілуі;

- қазіргі заман географиясының күрделі мәселелерінің Қазақстан Республикасы мысалында түсіндірілуі;

- географияның пәндік мүмкіндіктерін пайдаланып, оқушыларды ақпараттандырылған қоғамда өмір сүруге бағдарлау.

10 сыныпта оқытылатын «География. Дүние жүзіне жалпы шолу. ТМД елдері» курсында негізгі мектептегі табиғат пен қоғам заңдылықтары жайлы географиялық білім күрделі теориялық деңгейде қорытындыланады және ТМД елдеріне шолу беріледі. Курс мазмұнын айқындаудағы негізгі тәсіл – пән ішілік және пәнаралық интеграцияны жүзеге асыру. 10 сыныптағы курс мазмұны «Жалпы географиялық заңдылықтар», «Дүние жүзінің жалпы сипаттамасы» және «ТМД елдері» білім жүйелері жиынтығынан тұрады. «Жалпы географиялық заңдылықтар” бөлімі оқушылардың физикалық географиядан алған білімдерін қорытындылайды әрі географиялық қабықтың құрамдас бөліктері арасындағы өзара байланыстар жайлы біртұтас ғылыми ұғымды қалыптастырады. Бұл өз тарапынан оқушылардың дүниежүзілік шаруашылықты оқып-үйренуі кезінде табиғат пен адамзат қоғамы арасындағы өзара қарым-қатынас пен байланыстың сипатын ашуы мен оны терең түсінуіне алғышарт болып табылады. «Дүние жүзінің жалпы сипаттамасы» бөлімінде ең алдымен саяси картаның қалыптасу кезеңдері мен елдердің қазіргі топтамасына, дүние жүзіндегі тарихи-географиялық аймақтарға сипаттама беріледі. Соңғы бөлім Қазақстан құрамына кіретін ТМД елдеріне елтану бағытында сипаттама беруге арналған. Әрбір елге сипаттама беру сол елдің Қазақстанмен сыртқы экономикалық байланысын көрсететін мысалдарымен қорытындыланады.

11 сыныпта оқытылатын «Дүние жүзіне аймақтық шолу» курсында тарихи-географиялық аймақтар мен жеке елдерге елтану бағытында сипаттама беріледі. Сипаттама Еуропаның жоғары дамыған елдерінен басталып, Аустралия мен Мұхит аралдары елдеріне жалпы шолумен аяқталады. Елдерге сипаттама беру барысында халықаралық нарықта өзіндік орны бар жетекші елдерге толық сипаттама беріліп, ол елдердің Қазақстанмен экономикалық интеграция мәселелеріне ерекше ден қойылған. Соңғы бөлім адамзаттың ғаламдық проблемаларын айқындау мен оны шешудің жолдарына тоқталады.

Географияны оқыту арнайы жабдықталған сынып бөлмесінде оқу-көрнекілік құралдармен (көрсетілімдік аспаптар мен стендтер, баспа құралдары, диапозитивтер, бейнефильмдер, бейнефрагменттер, техникалық оқыту және т.б.) жабдықталған жағдайда жүзеге асырылады.

Мектептің кітапхана қорында «География» оқу пәні бойынша тағайындалған нормативтер мен оқу-әдістемелік кешендер құрамына сәйкес қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттер болуы тиіс. Кiтапхана қоры мен ақпараттар базасын оқушылар пайдалана алатындай болуы керек.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Похожие:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми Кеңесінің 2010 жылғы 26 мамырдағы №5 хаттамасымен ұсынылған
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми Кеңесінің 2010 жылғы 26 мамырдағы №5 хаттамасымен ұсынылған
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы технология оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы химия оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дүниетану оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница