Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында




НазваниеҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында
страница14/15
Дата конвертации20.11.2012
Размер1.8 Mb.
ТипДокументы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Экономика және қаржылық сауаттылық негіздері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 536 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттырудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 22 шілдедегі № 353 бұйрығының негізінде 2009-2010 оқу жылында «Экономика және қаржылық сауаттылық негіздері» интеграцияланған оқу курсы енгізілді.

Берілген оқу курсын 10-11- сыныптарда оқып-үйрену үшін жарты оқу жылында аптасына 2 сағаттан немесе «Экономика» (5-9-сыныптар) оқу пәнін интеграциялау есебінен бір оқу жылында 1 сағаттан уақыт бөлінеді.

Осы курс бойынша күнтізбелік жоспар құруда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 19 тамыздағы № 456 бұйрығымен бекітілген 4-11- сыныптарға арналған «Экономика және қаржылық сауаттылық негіздері» оқу бағдарламасы пайдаланылады.

Аталған сыныптарда берілген оқу курсы оқытып-үйретуде мына мәселелерге көңіл бөлінеді.

10- сынып

Экономика негіздері:

Сұраныс және ұсыныс. Нарықтық тепе-теңдік. Өндіріс. Фирмалар. Бәсеке.

Қаржылық сауаттылық:

Бағалы қағаздар рыногы. Биржа. Қаржылық бизнес. Ақша және қаржылық институттар. Тұтынушы құқығын қорғаудағы мемлекеттің рөлі. Тұтынушы құқығын қорғау туралы заң. Сақтандыру. Бизнес-тарихтар.

11- сынып

Экономика негіздері:

Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік. ҚР бизнесті ұйымдастыру формалары. Бизнес-тарихтар. Менеджмент негіздері. Маркетинг негіздері.

Қаржылық сауаттылық:

Бастапқы капитал. Бизнес-жоспар. Бизнестегі инвестициялар. Қаржылық тәуекелдер. Қаржылық есептер. Салықтар. Қаржыны басқару. Бизнес-идеялар. Бизнесті сақтандыру. Қаржылық менеджмент
3.5 «ӨНЕР» БІЛІМ САЛАСЫ
Өнер

«Өнер» оқу пәні мектеп оқушыларын бейнелеу өнері (пластикалық өнер) және музыка саласынан әртүрлі өнер түрлерінің біріккен факторы болып қалатын, тарихи кезеңдердің көркемдік стилі болып табылатын көрнекті өнер шғармаларымен таныстырады. 10-11 сыныптарда оқытылатын «Өнер» оқу пәні оқушылардың «Бейнелеу өнері» және «Музыка» т.б. гуманитарлық пәндерден алған білімдерін жүйелейді және қорытындылайды, сонымен қатар өнер әлемі жайлы тұтас ұғымдарын, біліктіліктерін қалыптастыруды мақсат етіп қояды.

«Өнер» оқу пәнінің (отандық, шетелдік және заманауи көркем мәдениет) міндеттері оқушыларды сыныпішілік және мектеп өмірінен тыс сабақта да отандық және шетел өнер туындыларымен тікелей таныстыруға жағдай тудыра отырып білім беруге бағытталған, сонымен қатар мектеп оқушыларын өнер мазмұнын түсініп, көрермен, тыңдарман, оқырман ретінде қалыптасуға тәрбиелейді.

Осы мақсатта көркемдік мәдениеттің даму үрдісіндегі ең маңызды заңдылықтарды аша алатын білім, біліктіліктерді беру, өнер тілін меңгеруге, өз отанын сүюге, өнер мұраларын қастерлеуге және әлемдік өнер туындыларын ажырата білуге баса назар аударылады.

Отандық, шетелдік және заманауй мәдени мұраларды оқыту бағдарламалары мен әдістемесі оқушылардың негізгі мектепте әдебиет, тарих, бейнелеу өнері мен сәндік қолданбалы өнер, музыкадан алған білім, білік дағдыларын пайдалануды талап етеді, бұл өз кезегінде олардың бастауыш, негізгі мектепте оқыған материалдарын қортындылауға, тереңдетуге мүмкіндік береді.

«Өнер» оқу пәнінің негізгі идеясы қазақтың көркемдік мәдениетін құндылық құбылыс ретінде оқыту болып табылады. Курстың негізгі өзегі номадтар мұралары, Шығыс өнері, Батыс Европа мен Ресей халықтарының көркемдік мәдениеті мен өнерін әлемдік көркемдік жүйемен салыстыра отырып тұтастықта зерделеуге бағытталған. Бағдарлама ұстанымы оқушы тұлғасының өмірлік көзқарасының негізін құрайтын, оның өнегелі- эстетикалық тәрбиесіне әсер ететін әртүрлі өнер түрлерінің кешенді түрде қарастыру мақсатын көздейді. «Өнер» білімдік аймағының мазмұны қоршаған ортаны өзгертуге қабілетті шығармашы тұлға тәрбиелеуге бағытталған болуы тиіс.
3.6 «ТЕХНОЛОГИЯ» БІЛІМ САЛАСЫ
Технология

Оқу пәнінің мазмұны біртұтастық ұстанымына сай құрыла отырып, концентрлік тұрғыда дамиды. Оқу пәнінің құрылымы «жекеден жалпыға», «жақыннан алысқа» ұстанымдарына бағынады, оқу пәні арқылы білім алушылардың жеке өмірлік тәжірибесіне негізделген дүниенің қарапайым бейнесінен ғылыми дүниетанымдық бейнесіне өту арқылы қамтамасыз етіледі. Әртүрлі қызмет аймағында технологияға бағыттау біліктілігін қалыптастыру; еңбек нарығында тиімді өзіндік қызмет етуге және кәсіби білім беру жүйесінде білімін жалғастыруға дайындау.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта білім беру стандартындағы типтік білім мазмұны аясында мектептің мүмкіндігін және оқушылар мен ата-аналардың талап-тілектерін ескере отырып, таңдау тақырыптары ұсынылады.

Технологиялық білім берудің әдістері мен ұйымдастыру формалары:

Репродуктивті әдістер үлгі бойынша қызмет тәжірибесін қалыптастырады, есте сақтау қабілетін дамытады, технологиялық операцияларды орындау тәсілдеріне деген зейінін арттырады, педагогтің кәсіби іс-әрекетін қайталау дағдыларын қалыптастырады.

Белсенді оқыту әдістерін пайдалану барысында ұжымдық іс-әрекетінде оқушылардың теориялық және практикалық қызметін қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

Қызмет ойындары оқыту әдістер ретінде оқытуды жан-жақты интеграциялауды қамтамасыз етеді, кәсіпорындағы толық өндірістік-экономикалық процестердің мағынасын ашады.

Жобалау әдісін қолдану негізінде оқушылардың технологиялық дайындығын ұйымдастыру бұйым жасау барысында шығармашылық көзқарас білдіруге кәсіпкерлік тапқыштық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Жобалау әдісі – «идеядан бұйымға дейін» түсінігінде оқушылар технология сабағынан алынған білімдерін шығармашыл қолданып және қайта өңдеу әдістерінің кешенін қолданып жеке ақырғы бұйым алу. Оқу қызметінің репродуктивті түрінен өзіндік, ізденіс жұмыстарының түріне көшу оқу барысын ғылыми-зерттеу компонентіне ауысуды қамтамасыз етеді, әр-түрлі ақпараттармен және олардың көздерімен жұмыс істеу дағдыларын дамытады. Әр жобаның мақсаты мен міндеттеріне байланысты оқыту реті әртүрлі болуы мүмкін. Жобаны орындау ретінің бірнеше түрін ұсынамыз.

Бірінші түрі: Сұранысты зерттеу, міндетін анықтау.Алғашқы бірнеше идеяны ұсыну. Зерттеуді жүргізу (оның ішінде нарықты зерттеу), материалды таңдау мен дайындау тәсілін анықтау. Ақырғы идеяны талдау. Дайындау дағдысы мен іскерлігін үйрену. Үлгілі идеяны жүзеге асыру және оны дайындау. Бұйымды сынау және бағалау.

Екінші түрі: Бұйымның ұқсас бірнеше түрін талдау. Бұйымның кемшіліктерін анықтау. Бұйымның жаңа ұсынысын талдау, қысқаша міндетін анықтау. Адам факторын зерттеу. Дизайн-спецификациясын жасау (критерийлер тізімі) Ұсынған идеяның негізінде бөлшектеп талдау барысында дайындау дағдыларын дамыту үшін жаттығулар орындау. Бұйым дайындау. Бұйым дайындау технологиясын қолдану. Өзін өзі бағалау және бұйымды сынау процесінде бағалау.

Үшінші түрі: Материал таңдау (мысалы, өндірістің тастанды). Нақты материалды пайдалану үшін бірнеше алғашқы идеяларды ұсыну және үйрену. Бұйымға деген сұранысты зерттеу. Бірнеше идеяны бөлшектеп талдау және жүзеге асырылатын жолын талдау үшін қажетті қосымша ақпаратты анықтау. Келешекте зерттеулер жүргізу.Дизайн-спецификация жасау. Алғы идеяны талдап жүргізу. Бұйым жасау процесін жоспарлау. Бұйым жасау барысында өзгерістерді енгізе отырып дайындау. Бұйымды бағалау.

Сабақта төрт қызмет түрін пайдалану ұсынылады: жаттығу, дизайн-талдау, дизайн-жоба, дизайн-зерттеу.

2010-2011 оқу жылында «Технология» пәнін оқыту ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010), (09.07. 2010ж. №367 бұйрық) сәйкес сәйкес жалпы орта білім берудің типтік оқу жоспары мен білім берудің типтік оқу бағдарламалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. №367 бұйрығы), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» 2010 жылдың 5 сәуіріндегі №152 бұйрығы, сонымен қатар осы аталған бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 және 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 бұйрықтары арқылы жүзеге асырылады.
3.7«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ» БІЛІМ САЛАСЫ
Дене шынықтыру

Дене тәрбиесінің қазіргі тұжырымдамасына тән белгілердің бірі оқушының дене тәрбиесін ойдағыдай қалыптастырудың жағдайын анықтаушы есебінде білім беру бағытының рөлін арттыру жағына басымдық берілуде. Тренинг (немесе белсенді демалыс) сөзсіз басты болып табылатын оқушылар дене тәрбиесінің өзге де түрлерінің аясында дене шынықтырудың интеллектуалды компоненті қажетті болып табылады. Ұйымдасқан түрде өткізілетін, сондай-ақ, әсіресе дербес жүргізілетін жаттығу сабақтарының тиімділігі себепті-қажеттілік саласының қалыптасуына және осы интеллектуалды компоненттің басты құраушысы болып табылатын арнайы білімдердің деңгейіне тікелей тәуелді болып келеді. Сөйтіп, мұғалім әрбір кезеңнің басталуында сабақтың міндеттерін, қайсыбір қимыл-қозғалыстарды және оған сәйкес келетін жүктемелерді теориялық тұрғыдан негіздеу үшін уақыт бөлуі тиіс. Алайда, сабақтың өту тығыздығына қойылатын талаптарды есептей отырып, мұғалім пәнаралық байланыс жүйесін пайдалануы, әріптес пән мұғалімдерімен (бәрінен бұрын адам анатомиясы мен физиологиясы, валеология, биология, өмір қауіпсіздігі негіздері, алғашқы әскери даярлық, физика, химия, әдебиет және басқа пәндердің) бірлесе қайсыбір оқу пәндері тұрғысынан дене жаттығуларының сауықтыру мәнін сипаттайтын мысалдарды дайындауы керек. Дайындықтың әрбір түрі әдістемелік сабақ түрінде басталуы тиіс. Ол жеке тұлғаның қасиеттерін қозғалыс қабілеттерінің деңгейін көтеру, денені жетілдіруге қол жеткізу мақсатында дене шынықтыру мен спортта дербестікті дамытуға себепші болатын оқу, кәсіби және өмірлік мақсаттарға жету үшін дене шынықтыру-спортық қызметтің әдістері мен тәсілдері жөнінде түсініктерді кеңейтеді. Осында дене жаттығуларымен шұғылдану кезінде өзін-өзі бақылау әдістері жөнінде де білім беріледі.

«Дене шынықтыру» оқу пәні орта жалпы білімнің мемлекеттік білім беру стандартының маңызды компоненті есебінде «Дене шынықтырудың» білім беру саласына кіреді. Оқу пәнінің нысаны – пән арқылы дамитын және әлеуметтік ортамен өзара әрекет ететін дамып келе жатқан бала организмі. Дене шынықтыру» оқу пәні –бұл қазіргі қоғамның жалпы мәдениетінің бөлігі есебіндегі дене шынықтыру мен спорттық құндылығы туралы білімдер жүйесі. Ол дене және психикалық саулықты, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында қозғалыс белсенділігінің мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған. Пәннің мақсаты оқушыларда оңтайлы қозғалыс белсенділігіне қажеттілікті тәрбиелеу және өзінің дене және психикалық саулығын нығайтуға деген себептерді қалыптастыру болып табылады.

Оқу пәнінің міндеттері:

– дененің және психиканың дамуы мен оларды жетілдіру жөніндегі білім негіздеріне үйрету;

– сыртқы ортаның жағымсыз әсерлеріне организмнің қарсылығын арттыру үшін шынығу тәсілдеріне үйрету;

– оқушылардың жас және жыныстық ерекшеліктеріне сәйкес келетін деңгейге дейін организмінің функционалдық қабілеттерін арттыру;

– түрлі мақсатқа бағытталған дене жаттығуларын орындауда қозғалыс тәжірибесін бойға жинақтау және оның ауқымын кеңейту;

– денсаулықты нығайтуға қажеттілік пен оңтайлы қозғалыс белсенділігі үшін себептерді қалыптастыру.
Алғашқы әскери дайындық

Алғашқы әскери дайындық бойынша теориялық бiлiм дидактикалық материалдар мен техникалық оқу құралдарын қолдана отырып, сұбхат және әңгiмелесу түрiнде жүргiзiледi. Практикалық сабақтар қару-жарақ пен әскери – техникалық мүлiктердi, жеке қорғаныс құралдарын, аспаптар және басқа да жабдықтарды қолдана отырып, оқытылған материалдарды бекiтуге бағытталған.

Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы кіріспе сабақтан, әскери іс негізі тарауынан, азаматтық қорғаныс пен медициналық білім негіздерінен тұрады.

Кіріспе сабақты өткізуде жастарды әскери қызметке және Қазақстан Республикасын қорғауға дайындаудың маңызына, алғашқы әскери дайындық курсының оқу міндеттерін орындауға байланысты моральдық, психологиялық және дене күшін шоғырландырудың қажеттігіне ерекше қөңіл бөлінеді.

Әскери іс негіздері келесі тараулардан тұрады және алғашқы әскери дайындық білім беру бағдарламасының базалық бөлімі болып табылады:

– Қарулы Күштер Қазақстан Республикасының егемендігін қорғау күзетiнде;

– Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери жарғылары;

– Тактикалық дайындық;

– Атыс дайындығы;

– Саптық дайындық;

– Әскери топография.

Әскери іс негіздерін оқып-үйрету процесінде алғашқы әскери дайындықтың оқытушы-ұйымдастырушысы - үйренуші жастардың азаматтық қөзқарасын қалыптастыру, Қазақстан Республикасы егемендігін қорғау қажеттілігіне қөз жеткізу, әскери қызметке жауапкершілікпен қарауға саналы түрде даяр болуға үйрету міндеттерiн шешеді. Сабақта жастардың әскери анттың рөлі мен мәнін жете түсінуіне ықпал ету қажет, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, оның жауынгерлік дәстүрлеріне, әскер салалары мен түрлеріндегі қызмет атқару ерекшеліктеріне, әскери мамандыққа деген қызығушылығын дамыту керек, әскери білім алуға ынталандыра отырып, оларға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жарғылары – бұл Қарулы Күштердің тұрмыс–тіршілігін белгілейтін заңдар жинағы, сондай-ақ жарғы талаптарын орындау - әрбір әскери қызметшінің міндеті екендігі түсіндіріледі.

Тактикалық дайындық оқытудың негізгі тарауларының бірі болып табылады. Тактикалық дайындық бойынша сабақтардың барлық тақырыптары оқушыларды жалпы әскери ұрыс негіздерін оқып-үйренуге, ұрыста іс-әрекет жасай алуға, қарсыластың ұрыс машиналары мен жаяу әскерін жою үшін қарулар мен гранатты қолдана білуге бағытталған. Сабақ барысында үйренушілер қарулар мен гранаттарды қолдана білу техникасы бойынша дағдыларды меңгереді.

Тактикалық дайындық бойынша практикалық сабақтарды өткізу үшін винтовка макеттері, оқу автоматтары (пулеметтері), сондай-ақ оқу гранаттарына арналған сөмкелердің бар болуы қарастырылуы кажет. Оқушылар жергілікті жерде практикалық тәсілдер мен әрекетті орындауға ыңғайланып киінулері керек.

Атыс дайындығы бойынша сабақ өткізу кезінде басты назарды қару және оқ-дәрілермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шараларына аудару қажет. Сабақ барысында оқушылар атыс қаруының құрылымын, оны атысқа дайындау тәртібі мен ату ережелерін, қаруды күту және сақтауды үйренеді.

Саптық дайындық бойынша барлық сабақтар саптық дайындыққа арналған алаңда (плацта) өтеді. Практикалық сабақты өткізген кезде басты назар оқытушы-ұйымдастырушының оқушыларға саптық тәсілдерді тұтастай және үйренуі бойынша көрсетуіне, оқушылардың саптық тәсілдер мен жаттығуларды үйретілген элементтері бойынша көрсетуiне аударылады. Саптық элементтерді орындауын дағдыға айналдыру алғашқы әскери дайындықтың сыныптан тыс өтетін іс-шаралары кезінде де жалғастырылуы қажет.

Әскери топография бойынша сабақтар, оқушыларды бейтаныс жерде картасыз бағдарлана білуге, өз тұрған жерін анықтай алуға және компас көмегімен берілген азимут бойынша нысанаға қарай қозғалу маршрутын таңдай білуге үйретуді қарастырады.

Азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздері сабағы үйренушілерді бейбіт және соғыс уақытында Казақстан Республикасының халқын табиғи зілзала зардаптарынан, ірі апаттардан құтқару және қарсыласқа қазіргі кездегі жою құралдарын пайдалану, сонымен қатар төтенше жағдайлар туындаған аудандар мен ошақтарда құтқару және шұғыл көмек көрсету, апатты – қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, зақым және жарақат алған кездерде алғашқы медициналық көмек көрсетуді жүзеге асыратын іс-шараларымен таныстырады.

2010-2011 оқу жылында «Алғашқы әскери дайындық» пәнін оқыту ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010), (09.07. 2010ж. №367 бұйрық) сәйкес дайындалған жалпы орта білім берудің типтік оқу жоспары мен білім берудің типтік оқу бағдарламалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. №367 бұйрығы), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» 2010 жылдың 5 сәуіріндегі №152 бұйрығы, сонымен қатар осы аталған бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 және 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 бұйрықтары арқылы жүзеге асырылады.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Похожие:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми Кеңесінің 2010 жылғы 26 мамырдағы №5 хаттамасымен ұсынылған
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми Кеңесінің 2010 жылғы 26 мамырдағы №5 хаттамасымен ұсынылған
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы технология оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы химия оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дүниетану оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница