Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында




НазваниеҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында
страница4/15
Дата конвертации20.11.2012
Размер1.8 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

«Бейнелеу өнері» пәні бойынша оқу материалының тақырыптық бөлінуі

Бастауыш білім беру деңгейі

(Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)


Оқу материалы

Сыныптар бойынша жылдық сағаттар

1 сынып

2 сынып

3 сынып

4 сынып

Кесіндеме

12

12

11

12

Графика

6

6

6

6

Сәндік қол өнер

12

12

9

11

Мүсін

4

4

4

3

Сәулет өнері

-

-

4

2

Барлығы

34

34

34

34

1.6 «ТЕХНОЛОГИЯ» БІЛІМ САЛАСЫ
Еңбекке баулу

«Еңбекке баулу» оқу пәні бастауыш білім беру деңгейінде оқытылады және «Технология» білім беру саласына енеді. «Еңбекке баулу» оқу пәнінің нысаны оқушының көркем безендіру, бейнелеу, құрастыру сияқты негізгі көркемдік әрекеттері арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін дамытады. Еңбекке баулу тұлғаның эмоционалды-құндылық және сенсорлық мәдениетін дамытып, қоршаған орта мен өнердегі әсемдікті көру, бағалау және оларды өз қолымен жасау қабілеттіліктерін арттырады.

«Еңбекке баулу» оқу пәні әртүрлі өнер түрлері мен көркемдік әрекеттер мазмұнының кешені. Оқушылар «Еңбекке баулу» сабағында әртүрлі өнер шығармаларын көріп, қабылдау, зерделеумен қатар, дербес көркемдік шығармашылық әрекеттермен айналысады. Оқу материалына халықтық дәстүрлі және заманауи сәндік қолданбалы өнердегі ұлттық мәдени мұралар тәжірибесі негіз болып табылады. Мектептің бастауыш деңгейінде еңбекке баулу пәнінің басты мақсаты - оқушылардың еңбекке деген оң көзқарастарын қалыптастыру.

Бұл мақсат мынадай міндеттерді анықтайды:

- еңбекке баулу сабағында оқушылар жұмыс орнында материалдар мен құралдарды дүрыс орналастырып қоя білуге үйрету;

- жұмыста қолданылатьш материалдарды үнемді жұсауға үйрету;

- әртүрлі бүйымдарды дайындау барысында эстетикалық талғамын қалыптастыру, оларды құастыруға жөне безендіруге үйрету;

- сәнді-қолданбалы қолөнер туралы түсінік қалыптастыру.

Бастауыш білім беру деңгейінде оқытылатын «Еңбекке баулу» оқу пәнінің мақсаты – оқушының көркемдік шығармашылық әрекеттерін әсемдікті көру, қабылдау арқылы қалыптастыру, бейнелеу, безендіру, құрастыру сияқты көркемдік іс-әрекеттеріне қажетті дағдылары мен шеберліктерін шыңдау болып табылады. «Еңбекке баулу» оқу пәнінің міндеттері:

- бейнелеу өнерінің түрлерімен (сәндік-қолданбалы өнер, кескіндеме, сурет (графика), мүсіндеу және сәулет өнері) таныстыру;

- оқушыларды әсемдікті бақылау, көру, зерделеу, эстетикалық сезімде әсерлену арқылы сурет салу, мүсін жасау, жапсырмалау және құрастыру сияқты көркемдік әрекеттеріне баулып, үйрету;

- оқушыларға әртүрлі материалдармен (қағаз, бояу, мата, ермек саз, табиғи материалдар және заманауи технологиялық материалдармен және т.б.) жұмыс жасаудың техникалық тәсілдерін меңгерту;

- көркем еңбек сабағында қолданатын арнайы терминдермен және ұғымдармен таныстыру.

Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізгі ережелерінің Типтік оқу жоспарында «Еңбекке баулу» оқу пәніне 1-4 сыныптарда оқу жылында 68 сағат, аптасына 2 сағат көлемінде уақыт бөлінген.

2010-2011 оқу жылында «Еңбекке баулу» пәнін оқыту ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010 ) сәйкес дайындалған бастауыш білім берудің типтік оқу жоспары мен білім берудің типтік оқу бағдарламалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. №367 бұйрығы), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» 2010 жылдың 5 сәуіріндегі №152 бұйрығы, сонымен қатар осы аталған бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 және 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 бұйрықтары арқылы жүзеге асырылады.
1.7 «ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ
Дене шынықтыру

«Дене шынықтыру» оқу пәні ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының маңызды компоненті есебінде «Дене шынықтыру» білім беру саласына кіреді. Оқу пәнінің нысаны – пән арқылы дамитын және әлеуметтік ортамен өзара әрекет ететін баланың дамып келе жатқан организмі.

«Дене шынықтыру» оқу пәні – бұл дене шынықтыру қызметі, оқушылардың дене және психикалық саулығын сақтау туралы білімдер жүйесі.

Осы пәннің іс жүзіндегі мақсаты – қозғалыс белсенділігінің заңдылықтары, дене дамуының, жеке гигиенаның ережелері, дене және психикалық саулықты нығайту мен салауатты өмір салты қағидаларына үйрету жөніндегі білімге ие болу.

Пәннің мақсаты оқушылардың физикалық, психикалық және моральдық саулығын нығайту, ақыл-ой және физикалық қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін дамытуда кешенді тұрғы негізінде жеке тұлға қалыптастыру.

Оқу пәнінің міндеттері:

- бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі мен оның тарихы туралы және олардың денсаулығын нығайту, күн тәртібін ұйымдастыру, организмді шынықтыру, жеке гигиенаны сақтаумен байланысты қарапайым білімдерді қалыптастыру;

- оқушы ағзасының функционалдық жай-күйінің деңгейін көтеру;

- қозғалыс қасиеттерін дамыту;

- қозғалыс дағдыларын меңгеру, жүйке жүйесі мен тұтас организмді дамытуға көмектесу;

- сенсомоторлық дамуды жандандыру, оңтайлы тұлға мен негізгі қозғалыстарға ұқсас қимылдарды қалыптастыру.

Табиғи көркемдік қағидасы өсіп келе жатқан организм үшін дамытатын оңтайлы қозғалыс ортасын қалыптастыруды және балалардың қозғалыс белсенділігіне сұранысты қанағаттандыруды қамтамасыз етуді қарастырады

Практикаға бағыт ұстану қағидасы қимыл-қозғалыс дамуының кезеңдік және соңғы мақсатын сипаттайтын оңтайлы ұқсас қимылды меңгеруді көздейді. Баланың жүйке жүйесі мен психикасын қалыптастыруға тән дамудың негізгі факторларын іске асыру қарастырылады. Бірінші кезекте ілесетін, үйлестіретін бір жағынан көздің, мойын еттерінің сенсорлық ақпараттарды қабылдаудағы құлақтың және екінші жағынан қолдардың, дене бөліктерінің, беттің, еріннің, қимылмен жауап қайтарғандағы тілдің қозғалыстарын дамыту жатады.

Оқу пәнінің мазмұнын іріктеу педагогикалық тәсілдерге негізделген:

- жеке адамға бағытталған тәсіл бала организмінің функционалдық мүмкіндіктеріне сәйкес келетін дене жүктемелерін мөлшерлеуді көздейді;

- әрекет ету тәсілі бала қозғалыс арқылы дамитындығын қарастырады;

- денсаулықты сақтау тәсілі үйрету процесінде баланың денсаулығын міндетті түрде сақтауды қарастырады.

2. НЕГІЗГІ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ

ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 «ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ САЛАСЫ

Қазақ тiлi

Жалпы білім беретін мектептің негізгі орта деңгейіндегі «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты - ана тілінің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінген, мәтіндегі тілдің қызметін жүйелі тани білетін, әдеби тіл нормаларын меңгерген, рухани мұраны қастерлейтін, қарым-қатынастық біліктілігі дамыған дара тұлғаның дамуына мүмкіндік беру.

Жалпы білім беретін мектептің негізгі орта деңгейіндегі «Қазақ тілі» пәнін оқытудың міндеттері екі бағыт бойынша белгіленді:

Танымдық бағыт бойынша:

  • оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру;

  • тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіндіру;

  • оқушының тілін дамыту, тілдік, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру;

  • мәтін арқылы танымдық қызығушылығын арттыру;

  • оқушылардың логикалық ойлауын қалыптастыру;

  • мәтіннің тілдік және танымдық қызметін меңгерту.

Практикалық бағыт бойынша:

  • оқушыларға әдеби тіл нормаларына сай дұрыс сөйлеу дағдыларын меңгерту;

  • тілдік жағдаяттарға лайық дұрыс қарым-қатынас жасаудың амал-тәсілдерін үйрету;

  • оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру;

  • сөйлесім әрекетіне қажетті заңдылықтар мен талаптарды меңгерту;

  • оқушылардың тілдік-эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.

«Қазақ тілі» оқу пәні ретінде жалпы орта білім беретін мектептің негізгі орта деңгейінде топтамалық, сабақтастық, жүйелілік ұстанымдары негізінде оқытылады, қазақ тілі білімінің салалары бойынша ғылыми-теориялық білім беріледі. Мәтіннің қызметі танытылады. Мұнда негізінен тілдік білім арқылы оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру көзделеді. Мәтіндер арқылы танымы кеңейтіледі, тілі дамытылады. Сонымен қатар, олардьң тіл мәдениетін игеруіне көңіл бөлінеді. Мектептің негізгі орта деңгейінде оқытылатын «Қазақ тілі» пәнінде тілдің танымдық сипаттары мен коммуникативтік, эстетикалық қызметтері бірлікте танытылады.

Негізгі орта деңгейде тілдің ойлаудың формасы, танымдық әрекеттің негізгі құралы ретіндегі қызметімен қатар адамның өзін-өзі тануы мен өзгені тануының, қоғамдық құбылыстар мен қоршаған ортаны, сондай-ақ табиғат құбылыстарын танып білуінің бірден бір қайнар көзі екенін пайымдауға үйрету мақсат етіледі.

Қазақ тiлi сабағы баланың ой-өрiсiн өсiрiп, оған тiлдiң ұлттық мәдени мұра, тiршiлiктiң өзегi, танымның көзi екендiгiн сезiндiруi қажет. Бұл оқу материалдарының, жалпы бiлiм мазмұнының iшкi байланыстарынан туындап, оқушының шығармашылық бағыттағы жұмыстарымен ұштасқанда жүзеге асырылады. Оқушының таным деңгейi оның сөйлеу тiлiне, сөздердi орынды қолданып, сөйлемдi дұрыс құрастыру, ойын жеткiзе бiлу iскерлiгiне тiкелей тәуелдi. Сол себепті «Қазақ тілінің» білім мазмұнын меңгертудің функционалдық-прагматикалық және қатысымдық-әрекеттік аспектілерін күшейтуге басымдылық беріліп отыр.

Негiзгi орта мектептерде бiлiм нәтижесi ретiнде оқушының сөз мәдениетiн қалыптастыруды көздейтiн қазақ тiлi пәнiнiң бiлiм мазмұны сөз мәдениетiнiң екi деңгейіне сәйкестендiрiлiп құрылды. Бұл бағыттағы бiлiм-бiлiктер 5 сыныптағы тiл бiлiмiнiң сөз туралы ұғым қалыптастыратын лексикасынан бастау алып, 11-сыныпта сөз мәдениетiнiң жоғары сатысы деп саналатын шешендiкпен тәмамдалатын бiртұтас логикалық құрылымның жүзеге асуы барысында тиянақталады.

5–8 сыныптардың бағдарламасы ана тiлiнiң қызметi, қазақ тiлiнiң қоғамдық рөлi туралы кiрiспе тақырыптан әрi қарай әдеби тiл және мәтiннен басталады да, әдеби тiлдiң жазу мен сөйлеудегi мәнi, мәтiндер бойынша ауызша әдеби тiл мен жазбаша әдеби тiлдiң ерекшелiктерi аңғартылып, мәтiннiң түрлерiне тiлдiк талдау (лингвистикалық) жүргiзу үйретiледi.

9 сынып – негiзгi орта деңгейдің қорытындылаушы сыныбы. Сондықтан мұнда 5-8 сыныптар аралығында меңгертiлген барлық бiлiм, бiлiктер сөз қолданысы аясында, стиль түрлерiмен бiртұтастықта және сабақтастықта кеңейтiледi. Бұл сыныптағы ең негiзгi саланың бiрi – қазақ тiлiнiң стилистикасы. Тарау бойынша берiлетiн бiлiм мен бiлiктiлiктер тiл мәдениетiмен тығыз бiрлiкте қамтылады.

Қазақ әдеби тiлiнiң стильдерiнiң: ауызекi сөйлеу, көркем әдебиет, ресми iс-қағаздар, публицистикалық және ғылыми стильдердiң өзiндiк ерекшелiктерi, қолданыс аясы туралы нақты бiлiм берiледi. Стильдiң түрлерiн оқытқанда олардың ортақ белгiлерi мен әрқайсысының өзiне тән ерекшелiктерiн ашу мiндеттелiнедi. Сондықтан стильдiң түрлерi мынадай төрт белгiсiне қарай нақты ажыратылып игертiлуi шарт: әр стильдiң қолданылатын орны; әрқайсысының жеке мақсаты; әрбiрiнiң стильдiк сипаты; әр стильде жиi қолданылатын тiлдiк құралдар.

Осы бiрiздiлiктi сақтай отырып түсiндiру оқушының стиль туралы бiлiмi мен бiлiгiнiң сапасын арттыруға оң ықпал етерi сөзсiз.

Оқушының жазба тiл сауаттылығын жетiлдiру мақсатына сәйкес қорытындылаушы сыныптың соңғы тарауы пунктуацияға арналған. Тыныс белгiлерi сөйлем iшiндегi және сөйлем соңындағы деп ажыратыла келе оқушының жазба тiл сауаттылығын шыңдауға мүмкiндiктi молайтады.

Негізгі орта білім беретін мектептiң 5–9 сыныптарында қазақ тілінен бiлiм берудiң мiндеттерi Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010 ), (09.07. 2010ж. №367 бұйрық) сәйкес:

1. Негізгі орта білім берудің типтік оқу жоспары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07. 2010ж. №367 бұйрығы).

2. Негізгі орта білім берудің типтік оқу бағдарламалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. №367 бұйрығы), сонымен қатар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» 2010 жылдың 5 сәуіріндегі №152 бұйрығы, сонымен қатар осы аталған бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 және 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 бұйрықтары арқылы жүзеге асырылады.
Қазақ әдебиетi

«Қазақ әдебиеті» пәні оқушылардың оқырмандық мәдениетін жетілдіруді, қазақ халқының әдеби мұралары туралы жүйелі түсінік беруді және әлем әдебиеті үлгілерімен таныстыруды, ізгілік, адамгершілік, әсемдік, отансүйгіштік және іскерлік құндылықтарын шәкірт бойына сіңіруді көздейді.

«Қазақ әдебиеті» оқу пәнінің білім мазмұнын қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілері, ежелгі дәуір әдебиеті үлгілері, XVIII ғасыр әдебиеті, жыраулар поэзиясы, XIX ғасыр әдебиеті, XX ғасыр әдебиетіндегі көркем шығармалар, әдебиеттің тектері мен жанрлары, (эпос, драма, лирика) және әдеби-теориялық ұғымдар құрайды.

Бұл сыныптарды қазақ әдебиетінен берілетін білім мазмұнында оқылған шығармадағы ой қазығы, сюжеті, композициясы, жанрлық сипаты, кейіпкерлері, ондағы халықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер көрінісі, табиғат суреті шығармадағы адамгершілік мәселелер, сөз қолданыстар зерделеніп, оқушыны қызықтыратын оқиғалар жайлы пікір алмасуға кең орын беріледі. Оларды өзіндік ой талғамдарын айтуға, шығармашылық жұмысқа тартуға жол салынады. Оқушылар әдеби білім мазмұнын кейіпкерлер мен оқиға арасындағы өзара байланысты, кейіпкерлердің жан-дүниесін, кейіпкер характерін тани отырып меңгереді. Оқу пәні оқушылардың оқырмандық мәдениетін жетілдіруді, қазақ халқының әдеби мұралары туралы жүйелі түсінік беруді және әлем әдебиеті үлгілерімен таныстыруды, ізгілік, адамгершілік, әсемдік, отансүйгіштік және іскерлік құндылықтарын шәкірт бойына сіңіруді көздейді.

«Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсатысөз өнерін адамзаттың көркем тарихы ретіндегі мәдени мұра, ұлттық құндылық деп бағалап, құрметтей алатын елжанды азамат тәрбиелеу; оқушыларға әдеби туындылар арқылы көркемдік, интеллектуалдық, адамгершілік тәрбие беру; оқырмандық талғам мәдениетін қалыптастыру; әдеби шығармада бейнеленген құбылысты көркемдік тұрғыда қабылдауға қажетті білім, білік, дағдыларды меңгерген, алған білім негіздерін өмірлік жағдайларда қолдана білетін жеке тұлға қалыптастырып дамыту.

«Қазақ әдебиеті» оқу пәнінің міндеттері:

- оқушыларға төл әдебиеттің ұлттық сипатын, ондағы халықтың әдет-ғұрып, салт-санасының көрінісін, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін, көркем туындының идеялық-адамгершілік мәнін түсіндіру;

- көркем шығармадағы мазмұн мен форма тұтастығын, тарихи-әдеби мәліметтердің негізін және әдебиет теориясын меңгерту;

- көркем шығарманы эмоционалды қабылдауға, бейнелі және зерделі ойлауға және қаламгердің көзқарасын түсінуге машықтандыру;

- оқушылардың ішкі жан әлемін рухани-адамгершілік құндылықтармен байытып, көркемдік талғамын кеңейту және оқырмандық мәдениетін қалыптастыру, көркем шығармаларды өз бетінше іздеп, қызығып оқуға дағдыландыру ;

- оқушының өзіне сенімді түрде жұмыс істеуіне бағыт беріп, өз ойын еркін, шешен жеткізе алуға баулу;

- әдеби-теориялық білімін сауатты қолдана алу құзыреттілігін қалыптастыру, ауызша және жазбаша тілін дамыту;

- қазақ әдебиетінен алған білім мен тәрбиенің нәтижесін өз өмірлеріне қолдана алуға үйрету.

Қазақ әдебиеті оқу пәні мынадай ұстанымдар арқылы жүзеге асады:

  • коммуникативтілік – қазақ тілінің коммуникациясының ауызша және жазба түрлерін қолдана білу;

  • оқушының жеке тұлғасына, оның шынайы қажеттіліктері мен мүддесіне, әлеуметтік-мәдени, жеке даму бағдарламасына, яғни тұлғалық-бағдарлық бағыттылығы;

  • оқытудың әрекеттік негізі ұстанымы – жеке, топтық және ұжымдық оқыту формаларын басым пайдалану;

  • когнитивтік (саналы) үйрету ұстанымы - вербалдық және пәндік маңызынан тұратын оқушы әлемінің картинасын қалыптастыру, қойылған міндетті өз бетімен шешу және қарым-қатынас барысында сәйкес құралды таңдап алу үдерісін саналы түрде басқара білу;

  • лингвомәдени ұстаным – оқушынының өзара байланысты коммуникативтік және әлеуметтік-мәдени дамуы, Қазақстан халықтары және әлемдік қауымдастық мәдениетімен қауыштыру;

  • өзін-өзі ұйымдастыра білу және өзін көрсете білу ұстанымы оқушылардың өзіндік белсенділігінің пайда болуына, әлеуметтік мәдени өзара әрекеттестікке және өзін-өзі жүзеге асыруға дайындығын көтеру.

Оқу бағдарламасында білім мазмұнын ізгілендіру, адамгершілік-эстетикалық, мәдени-тарихи құндылықтарды, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді таныту, оқушылардың тілдік қорын байыту, әдеби білімнің жүйелігі мен үзіліссіздігі, сабақтастығы, білім мазмұнының тарихилық сипаты және пәнаралық, пәнішілік байланыс сияқты ұстанымдар басшылыққа алынған.

Негізгі орта мектептің білім мазмұны арқылы оқушылар халықтың ұлттық рухын, дүниетанымын, әдет – ғұрып, салт-дәстүрлерін мәдени мұра ретінде танып біледі. Халық ауыз әдебиетін оқып-үйрену оқушының рухани жетілген әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуына, халқының өткені мен бүгінін салыстырып, ой елегінен өткізе алуына және ұлттық мәдени мұраларды құрметтей білуіне көмектеседі. Бұл сыныптарда оқушылар көркем мәтінді нақышына келтіріп, мәнерлеп оқу, мазмұнын айтып беру, мәтінді мазмұнына қарай бөлімдерге бөлу, жоспар жасау тәрізді білім дағдыларына жаттығады. Жекелеген үзінділердегі теңеу, эпитет, кейіптеу, метафоралардың жай түрлерін, ертегінің баяндалу тілін бала ұғымына сәйкестендіре түсіндіру оқытудың басты ерекшелігі болады.

ХІХ-ХХ ғасырдағы әдебиеттің үш тегі лирика, эпос және драмалық шығармаларды және әлем әдебиетінің кейбір үздік шығармаларын оқытуда оқушылардың әдеби білім аясын кеңейту қарастырылады. Бұл сыныптарда әдеби көркем шығармаларды талдауға ерекше назар аударылады.

Орта мектептегі «Қазақ әдебиеті» пәнін қазіргі талаптарға сай оқытуда оқушылардың өзіндік ерекшеліктері, қызығушылықтары басты назарда болады. Сол себепті пәнді оқытуда баланың танымдық ой-өрісін, эстетикалық талғамын, шығармашылық ойлауын дамытуға, қатысымдық іскерліктерінің шыңдалуына оң ықпал ететін оқыту әдіс-тәсілдері таңдап алынуы қажет.

«Қазақ әдебиеті» пәнін оқытуда оқушының коммуникативтiк құзыреттіліктерін арттыру, тiл және көркем сөз туралы дүниетанымын кеңейту, ғаламның шындық болмысын таныту және олардың функционалдық сауаттылығы мен прагматикалық қабiлеттерiн жетiлдiру басты нысан болуы қажет. Пәнді оқытуда тәуелсіз еліміздің төл әдебиетін ұлттық құндылық ретінде бағалап қабылдауға үйрету және оқушылардың сөз өнерi негiзiнде сөйлеу шеберлiгiн арттыру қарастырылады.

Көркем шығармалар арқылы оқушылардың танымдық әрекетін дамытып, олардың өз әрекетін өзі бақылай алуының қалыптастыру, олардың өзіндік қабілеті мен ерекшеліктерін ескере отырып үйлесімді психологиялық ахуал тудыруға мүмкіндік жасау маңызды. Сыныпта және сыныптан тыс жұмыстар күрделі тапсырмаларды шешуге, өздік жұмыстарды орындауға бағытталып ұйымдастырылуы қажет. Шығармашылық жұмыстар әр түрлі тапсырмаларды өздігінен орындау білігін қалыптастыруды нысана тұтып, оқытудың қай түрі болмасын оқушы құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етері сөзсіз.

Тұтастай алғанда «Қазақ әдебиеті» пәнінің оқушыларды тәрбиелеу мен дамытудағы рөлі аса ауқымды. Міндетті оқытылатын әдеби білім мазмұнымен ғана шектелмей, сонымен бірге қосымша әдеби шығармаларды оқуға дағдыландыру оқушылардың нәтижелі білім алуының барлық мүмкіндіктерін көрсетпек.

Сыныптан тыс және қосымша оқуға ұсынылған әдеби-көркем шығармаларды өздігінен оқи отырып, оқушылар шығарманы көркемдік тұтастықта талдаудың жолдарын, амал-тәсілдерін меңгереді, әдебиеттің өнер түрлерімен (бейнелеу, сәулет, саз, мүсін, театр, кино т.б.) байланысын түсіндіре алады, көркем шығармадағы негізгі ойды автордың көзқарасы мен замана шындығы тұрғысынан анықтай алады, шығармашылық бағытта ізденіске түсіп, шығарма бойынша ой толғау, пікірнама, сыни мақала жаза білуге үйренеді.

Көркемөнер ретінде әдебиет өзінің оқырмандарына дүниенің сан алуын сырларын ашады. Әдеби шығармалардан ләззаттану, қанағат табу арқылы көркем әдебиетті оқудың мәні сөз өнерінің адам сезіміне әсер ету құдіретінің сырларын танып білу екендігіне оқушылардың көздерін жеткізу ұстаздың парызы. «Қазақ әдебиеті» пәнін қазіргі талаптарға сай оқыту әдістемелік жүйенің өзіндік ерекшеліктерінің бірі болып табылады.

Пәнді оқытуды тереңдету, оқушылардың қызығушылықтарын ескеру мақсатында факультатив сабақтарын ұйымдастыруға болады. Мысалы, «Абайтану», «Ежелгі дәуір әдебиеті», «Мұқағалитану», «Сөз өнері», «Көркем шығармаларды талдау», «Тіл шеберлігі» т.б. Орта білім беру жүйесінде «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытуды ұйымдастыру ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптары бойынша жүзеге асады.

Негізгі орта білім беру деңгейінде «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытуды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010 ), (09.07. 2010ж. №367 бұйрық) сәйкес:

1. Негізгі орта білім берудің типтік оқу жоспары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07. 2010ж. №367 бұйрығы).

2. Негізгі орта білім берудің типтік оқу бағдарламалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. №367 бұйрығы), сонымен қатар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» 2010 жылдың 5 сәуіріндегі №152 бұйрығы, сонымен қатар осы аталған бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 және 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 бұйрықтары арқылы жүзеге асырылады.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Похожие:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми Кеңесінің 2010 жылғы 26 мамырдағы №5 хаттамасымен ұсынылған
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми Кеңесінің 2010 жылғы 26 мамырдағы №5 хаттамасымен ұсынылған
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы технология оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы химия оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дүниетану оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница