Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында




НазваниеҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында
страница6/15
Дата конвертации20.11.2012
Размер1.8 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

2.2. «МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА БІЛІМ САЛАСЫ
Математика

Негізгі орта білім беру деңгейінде «Математика» пәнін оқыту ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010), сәйкес дайындалған негізгі орта білім берудің типтік оқу жоспары мен білім берудің типтік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. №367 бұйрығы), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» 2010 жылдың 5 сәуіріндегі №152 бұйрығы, сонымен қатар осы аталған бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 және 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 бұйрықтары арқылы жүзеге асырылады.

«Математика» оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін құраушылардың бірі болып табылады.

Базалық бiлiмнiң негiзгi компонентi ретiндегi математиканың мәнi практикалық iс-әрекетте қолдану үшiн қажеттi, басқа оқу пәндерiн зерделеу үшiн, үздi.ксiз бiлiм беру жүйесiнде оқуды жалғастыру үшiн жеткiлiктi нақты математикалық бiлiмдi игерту арқылы оның адамзат өркениетiн, ғылыми-техникалық прогрестi дамытудағы, қазiргi ғылымдағы және өндiрiстегi рөлiмен, сондай-ақ өскелең ұрпақтың рухани ортасын қалыптастырудағы, олардың интеллектуалдық және басқа да сапаларын дамытудағы математикалық бiлiмнiң маңыздылығымен анықталады.

5-6-сыныптардағы математика курсы өзiнiң қолданбалы және практикалық айқын бағыттылығымен ерекшеленедi және кейiнгi сыныптарда оқытуды жалғастыруға қажеттi бiлiктердi ғана емес, оқушыларға өмiрде қажет болатын маңызды практикалық бiлiктердi қалыптастырып дамытуды көздейдi.

Сонымен бiрге 5-6-сыныптарда оқушылардың есептеу дайындықтарына басты назар аударылады, яғни бағдарламалық материалдарды игертуге бағытталған жұмыстарда ойша есептеу бiлiктерi қамтылуы тиiс. Сондықтан орнықты есептеу дағдыларын жеткiлiктi деңгейде қалыптастыру мұғалiмнiң негiзгi назарында болуы қажет.

Мәтiндi есептер оқытудың мақсаты және құралы ретiнде пайдаланылады. Мәтiндi есептердi теориялық материалдарды сапалы меңгертудi, олардың практикада қолдану бiлiктерiн дамытуды қамтамасыз етедi. Сондай-ақ, бөлшек, процент, пропорция және т.с.с ұғымдардың мағынасын түсiндiруге көмектеседi.

Мәтiндi есептердi шығару оқушыларды функцияны оқып-үйренуге дайындауда маңызды рөл атқарады. Мұнда баға, тауарлардың саны мен құны, жылдамдық, уақыт және жүрiлген жол және т.б. шамалардың арасындағы маңызды тәуелдiлiктер меңгертiледi. Мұндай есептердi шығаруда оқушылардың ойлау қабiлеттерi дамытылады, пәнге деген қызығушылықтары артады, төзiмдiлiкке, iзденiмпаздылыққа тәрбиеленедi. Есептер арқылы оқушылар қоршаған ортадағы математикалық тұрғыда сипатталатын фактiлер мен заңдылықтарды байқайды, нақты өмiрлiк жағдаяттарды символдық математикалық формаға ауыстыруға үйренедi. Бұл оқушылардың математикалық моделдi құру бiлiктерiн қалыптастырудың бастапқы кезеңдерiн құрайтын қолданбалы арифметиканың мәнi жөнiндегi түсiнiктерiнiң қалыптасуына көмектеседi, белгiлi алгоритмдердi қолдануға, нәтижелердi түсiндiруге мүмкiндiк жасайды. Соған байланысты мәтiн есептердi шығарудың арифметикалық тәсiлiне басымдылық берiледi.

Геометрия элементтерiн оқытып-үйретудiң негiзгi мiндетi – геометрияның жүйелi курсын оқып-үйренуге, басқа оқу пәндерiн оқып-үйренуде, күнделiктi өмiрде қарапайым геометриялық дағдыларды белсендi қолдануға оқушыларды дайындау.

7-9-сыныптарда оқытылатын алгебра курсы қолданбалы және практикалық сипатқа ие. Оқушылар әртүрлi математикалық есептермен қатар математикалық емес (ең алдымен сыбайлас оқу пәндер бойынша) есептердi шығаруда белсендi түрде қолданылатын математикалық аппараттың маңызды буынын құрайтын оперативтi бiлiктер мен дағдыларды меңгередi. Алгебра курсын оқытуда тиiстi бiлiктердiң қалыптастырылуы оларды ары қарай пайдалану және жаратылыстану-математикалық цикл пәндерiнде пайдалану табыстылығына тәуелдi. Соған байланысты алгебра курсын оқытуда оның оперативтiлiк бағыттылығы ескерiлуi тиiс. Жалпы алгебралық бiлiктер мен дағдыларды қалыптастыру барынша қиын және практикада даь айтарлықтай қиыншылықтар кездеседi. Сондықтан барлық оқушының жоғары дамыған техникасын жеткiлiксiз деңгейдегi жетiстiкпен қалыптастыруға ұмтылғанға қарағанда қарапайым мысалдардың көмегiмен берiк бiлiк пен дағдыларға қол жеткiзуге болады.

7-сыныпта алгебра курсы алғаш оқытылатындықтан математикалық тiл мен модель жөнiнде түсiнiк берiледi. Координаталық түзу және координаталық жазықтық ұғымы жүйеленедi. Масштаб жөнiнде түсiнiк берiледi.

Жалпы геометрия оқушылардың логикалық мәдениетiн дамытуға мүмкiндiк жасайды. Алгебра курсында шешу алгоритмi оқып-үйрену пәнi болса, ал геометрия курсында көптеген есептер өзiнiң шешуiнде оқушылардың өзiнен алгоритмдi құруды талап етедi. Есептер шығару барысында оның кезеңдерiн бөлiп көрсетiп, оларды жеке-жеке шығару керек. Мұндай iс-әрекет кез келген пән бойынша тапсырмаларды орындауда, сондай-ақ кез келген дәлелдi пiкiр айту үшiн де қажет.

7-8-сыныптарда геометриялық фигуралармен, олардың қасиеттерiмен (нүкте, түзу, жазықтық, жазық бұрыштар), геометриялық қатынастармен (тиiстiлiгi, қиылысуы, параллелдiгi және перпендикулярлығы, теңдiгi); геометриялық шамалармен (сызықтың ұзындығы, бұрыштардың шамалары) таныстырылады. Оның iшiнде үшбұрыштың теңдiгiне, бұрыштарының қосындысына, төртбұрыштарға басты назар аударылады.

Ықтималдық теориясы мен статистика элементтерi бойынша кездейсоқ оқиғаның салыстырмалы жиiлiгi мен ықтималдығы оқытылады.

9-сыныпта алгебра курсын оқытудың мақсаты қолданбалы есептердi математикалық моделдеудiң, оқушылардың функционалдық дайындықтарын жүзеге асырудың негiзгi құралдары ретiнде пайдалана отырып, теңдеулер мен теңсiздiктердi шешу аппаратын меңгерту болып табылады. Геометрия курсын оқыту мақсаты - жоғары сыныптарда сыбайлас пәндердi және стереометрия курстарын оқып-үйрену үшiн қажеттi жазықтықтағы геометриялық фигуралардың қасиеттерiн жүйелi оқытып-үйрету, оқушылардың кеңiстiктiк түсiнiктерiн қалыптастыру, логикалық ойларын дамыту.

Оқушылардың таңдауы бойынша оқу пәні ретіндегі математиканы оқыту, сондай-ақ оны факультативті сабақтарда тереңдетіп оқыту жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбынан басталуы мүмкін.

Мұғалiмге мектептiң (сыныптың) бағдарына сәйкес физика-математикалық, техникалық лицейлерде, гимназияларда, физиканы немесе математиканы тереңдетіп оқытатын сыныптарда өз жұмысын жүргізуі үшін “Просвещение – Қазақстан”, “Дрофа – Кітап” және т.б. оқу-әдістемелік құралдарды пайдалану ұсынылады.
Информатика

«Информатика» оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін құраушылардың бірі болып табылады.

Информатика курсы білім алушыларға осы курсты оқыту саласындағы іргелі білімдердің жеткілікті деңгейдегі толық көлемін беруді, оқушылардың ойлау, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды, ақпараттық қоғам өміріндегі информатиканың ролі туралы түсінігін қалыптастыру және жалпыадамзаттық құндылықты дамытуды, табиғатқа ғылыми көзқарасын, адамның дүниетанымдық көзқарасына алғы шарт болып табылатын әлеуметтік маңызды бағдарларын, түрлі мәселелерді шешуде алған білімін шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыруды көздейді.

Мектеп информатикасының мазмұнын дамыту келешегі оқушылардың ақпараттық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру бағытында информатиканың ғылыми зерттеу объектісінің кеңеюімен байланысты.

Информатика пәні оқушыларда әлемдік ақпараттық бейнені қалыптастыру мен компьютерлік техниканы және ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамытудың теориялық негізі болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық құралдардың жеделдетіп дамуына байланысты оларға сәйкес қолданбалы программалық құралдар, офистік программалар және т.б. өзгерістерін ескере отырып құрылады. Олардың көпшілігі информатиканы жоғарғы сыныптарда оқытудың мазмұнында ерекше мәнге ие. Сонымен бірге бұл мәселелерді ерте жастан бастап үйрету де қарастырылуда.

Мектептің білім мазмұнында информатиканы оқытудың жалпы мақсаттарын бөліп алуға болады:

– ақпараттық қоғам жағдайында оқушыларды жан-жақты даярлау;

– ақпараттық қоғам мен технологиялардың мүмкіндігіне бейімделген оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу;

– информатиканың ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану сияқты іргелі ұғымдарын оқушыларға меңгерту;

– әлемдік ғылыми бейнені қалыптастырудағы ақпараттық процестердің мәнін ашу және қазіргі қоғамның дамуындағы ақпараттық технология мен компьютерлік техниканың ролі;

– оқушыларды компьютерді оқу үрдісіне, бағдарлы бағытқа тиімді және ұқыпты пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру;

– мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ақпараттық-коммуникациялық технологияны енгізу үшін жағдай туғызу.

Бұл мақсаттарға жету келесі мiндеттердi шешу арқылы жүзеге асады:

ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру (ғылыми әлемдік бейнені құруда және оны тірі табиғатта, техникада, қоғамда ақпараттық үрдістердің мәні туралы біліммен қаруландыру; қоғамның дамуында, адам еңбегінің сипаты мен мазмұнын өзгертуде информатика мен есептеуіш техниканың мәні туралы білімдермен қамтамасыз ету);

оқушылардың ойлау қабілетін дамыту (жеке жағдайда, алгоритмдік, әрекеттік және модульдік-рефлексивтік ойлау қабілетін дамыту);

оқушыларды практикалық және бағдарлы бағыттарға даярлау (компьютермен жұмыс жасау принциптері, ақпаратты беру тәсілдері және түрлі мәселелерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық технологияның негізгі кезеңдері туралы білімдермен қамтамасыз ету; түрлі пәндік салаларда ақпараттық технологияны қолдану мен модельдеу және компьютерді түрлі практикалық міндеттерді шешуде сапалы, әрі тиімді құрал түрінде қолдану дағдыларын қалыптастыру).

Информатиканы оқытудың басты мiндеттерi негiзiнде оқу бағдарламасында нақты дидактикалық мiндеттер айқындалады, оның iшiнде оқушыларды бiлiммен қаруландыру тәсiлдерiн үйрету аса маңызды болып табылады.

2010-2011 оқу жылында негізгі орта білім беретін мектептiң 5-9-сыныптарында информатикадан бiлiм берудiң мiндеттерi Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010), (ҚР БҒМ 09.07. 2010 ж. № 367 бұйрық) сәйкес:

1. Негізгі орта білім берудің типтік оқу жоспары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07. 2010 ж. № 367 бұйрығы).

2. Негізгі орта білім берудің типтік оқу бағдарламалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010 ж. № 367 бұйрығы)

3. «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі № 152 бұйрығы, сонымен қатар осы аталған бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 және 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 бұйрықтары арқылы жүзеге асырылады.
2.3 «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ
Жаратылыстану

«Жаратылыстану» оқу пәні жалпы орта білім беру деңгейіндегі міндетті пәндердің қатарына жатады. Бұл жаратылыстану ғылымдарының табиғатты танып-білудегі, техника мен технологияның дамуындағы, өмір сүру сапасын жақсартудағы жетекші рөлімен анықталады. Жаратылыстану-ғылыми таным әдістерімен танысу, өз кезегінде қазіргі заманғы қоғамның әрбір әрбір мүшесіне қажетті сындарлы ой-өрістің дамуы, сөйлеу мәдениетінің қалыптасуы, жауапты дәлелдей алу сияқты сапалардың қалыптасуына ықпал етеді.

Кіріктірілген пән ретіндегі «Жаратылыстану» пәнінің мазмұнында физикадан, биологиядан, географиядан, химиядан және астрономиядан білімнің іргелі және қолданбалы аспектілері үйлеседі.

Жаратылыстану пәндері бойынша білім беруді кіріктірудің мақсаты табиғат туралы, оның материалдық бірлігі, тірі және өлі табиғаттың өзара байланысы, табиғаттағы құбылыстар мен процестердің өзара тәуелділігі туралы біртұтас түсінікті қалыптастыру болып табылады.

Оқу пәнінің нысаны – адам, қоршаған тірі және өлі табиғат, техника және технология, бұл объектілерді кіріктіре қарастыру оқушылардың әлем туралы, табиғаттың маңызды құраушысы ретіндегі және оған әрекет етуші саналы тіршілік иесі ретіндегі адам туралы біртұтас көзқарасын қалыптастырудың қажеттігінен туындайды.

Оқу пәнінің мақсаты оқушылардың материалдық дүниенің біртұтастығы және жүйелілігі туралы білімдерін қалыптастыру және оларды табиғатты зерттеуде қолданылатын жаратылыстану ғылымдары қолданатын тәсілдермен таныстыру болып табылады.

Оқу пәнінің міндеттері:

– оқушыларда дүниенің материалдығы туралы түсінік, табиғат объектілері мен құбылыстары, оның заңдылықтары мен заңдары туралы білім қалыптастыру;

– оқушылардың жүйелі ойлай алу негіздерін дамыту;

– бақылау, эксперимент, лабораториялық тәжірибелерді жүргізу біліктіліктерін дамыту;

– жаратылыстану пәндері бойынша оқу және күнделікті іс-әрекетке қажетті мәліметтер жинастыру үшін түрлі ақпарат көздеріне ізденіс жүргізе алуы;

– білім мен біліктіліктері негізінде экологиялық ойлауын қалыптастыру жатады.

Оқу пәні мазмұнын іріктеудің дидактикалық негіздері - «Жаратылыстану» оқу пәні бойынша мектептің негізгі сатысына арналған білім беру бағдарламасы оқушылар дайындығының жоспарланған нәтижелерін, білім мазмұнының міндетті минимумын, сондай-ақ, оқу процесін қамтамасыз етуге қойылатын негізгі талаптарды анықтайды.

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5 сыныбындағы ғылыми жаратылыстану білімдерінің мазмұны төмендегідей ұстанымдарға сәйкес құрылған:

- мақсаттар мен жоспарланған нәтижелерге сәйкес болуы;

- оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы;

-оқу пәні мазмұнының «Қоршаған әлем» курсы мазмұнымен сабақтастығы;

- тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін пропедевтикалық білім берудің практикалық бағыттылығын жүзеге асыру;

- білім беру мазмұнында Қазақстан табиғатының аймақтық ерекшеліктерінің көрініс табуы.

«Жаратылыстану» пәнінің пропедевтикалық деңгейдегі мазмұны табиғаттың ғылыми таным әдістерімен таныстырады; Әлем және Күн жүйесі, аспан денесі ретіндегі Жер және оның қозғалысы, формасы, беттік қабаты, магниттік қасиеттері; сондай-ақ атмосфера, гидросфера, литосфера және Жер планетасындағы адам туралы туралы жалпы түсінік береді; денелер мен заттар, олардың қасиеттері, физикалық және химиялық құбылыстар; тірі организмдердің құрылысы мен тіршілік әрекетінің ерекшеліктері туралы білімді қалыптастырады.

Негізгі орта білім берудің типтік оқу жоспарына сәйкес «Жаратылыстану» оқу пәнінің апталық оқу жүктемесі 5 сыныпта аптасына 2 сағатты барлығы 68 сағатты құрайды.

Негізгі орта білім беру деңгейінде «Жаратылыстану» пәнін оқыту ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010), сәйкес дайындалған негізгі орта білім берудің типтік оқу жоспары мен білім берудің типтік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. №367 бұйрығы), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» 2010 жылдың 5 сәуіріндегі №152 бұйрығы, сонымен қатар осы аталған бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 және 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 бұйрықтары арқылы жүзеге асырылады.

География

«География» оқу пәнінің мазмұнын жаратылыстану-ғылыми жүйелер, олардың өзара әрекеттесуі, табиғат құбылыстарын зерттеудің жаратылыстану-ғылыми әдістері, адамның жаратылыстану-ғылыми дүниетанымы мазмұндық желілері құрайды.

Мектептiң бiлiм беру жүйесiнде жас ұрпақты жан-жақты дамыту мен тәрбиелеуде: олардың жалпы мәдениетiн қалыптастыруда, тұлғаны шығармашылыққа тәрбиелеуде, өзiнiң табиғат пен қоғам алдындағы жауапкершiлiгiн сезiнуде, Жер бетiнде тiршiлiктi сақтауда география пәнi үлкен рөл атқарады.

«География» оқу пәнінің жалпы мақсаты – тұлғаны қалыптастыруда ғылыми-географиялық бiлiмнiң бiртұтастығын анықтау жалпы орта бiлiм беретiн мектептерде географиялық бiлiм беру мақсатын құруға, яғни жас ұрпақтың бойында Жер ноосферасының құрамдас бөлiгi ретiндегi бiртұтас географиялық бейне қалыптастыру болып табылады.

Географиялық бiлiм берудiң бұл мақсаты төмендегi:

- оқушылардың географиялық ойлауын қалыптастыруға, еркiн әрi шығармашылықпен ойлауына жағдай жасау;

- оқушыларға географиядан қазiргi дүние толқынына бағдарлануды меңгеруге көмектесетiн жүйелi бiлiм беру;

- оқушылардың бойында қоршаған ортаның алуан түрлiлiгiне, әртүрлi елдердiң өзiне тән ерекшелiктерiне қарай адамзат алдында тұратын күрделi проблемаларға қарамастан, қоршаған ортаның бiртұтастығы туралы түсiнiк қалыптастыру;

- оқушылардың сөйлеу-логикалық және бейнелi түрде ойлай алуын дамыту;

картографиялық сауаттылығының қалыптасуына жағдай жасау;

- оқушыны шынайылыққа тарту және ғылыми-географиялық танымдылық негiзiнде дүниедегi өз орнын анықтауға көмектесу тәрiздi мiндеттердi шешудi талап етедi.

Бұл мiндеттер «География» пәні бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 6-9 сыныптарында ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010), сәйкес дайындалған негізгі орта білім берудің типтік оқу жоспары мен білім берудің типтік оқу бағдарламалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. №367 бұйрығы), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» 2010 жылдың 5 сәуіріндегі №152 бұйрығы, сонымен қатар осы аталған бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 және 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 бұйрықтары арқылы жүзеге асырылады.

«География» оқу пәнінің білім мазмұнын анықтауда 6-9 сынып оқушыларының жас ерекшеліктері ескеріліп, оқыту үдерісінің тұлғалық-бағдарлану тәсілдері қарастырылды. Оқу материалдарының мазмұны орталықтандырылған тәсіл бойынша құрылған. Мұнда оқу материалдарының мазмұны білім оқушылардың алғашқы қабылдауынан толық меңгеруіне дейін кеңейтіліп, тереңдетіледі.

«География» оқу пәнінің мазмұны жаратылыстану-ғылыми жүйелер, олардың өзара әрекеттесуі, табиғат құбылыстарын зерттеудің жаратылыстану-ғылыми әдістері, адамның жаратылыстану-ғылыми дүниетанымы мазмұндық желілеріне сәйкес келесідей құрылым арқылы қарастырылады:

1. Жер туралы географиялық білімнің дамуы.

2. Жер табиғатының ерекшеліктері.

3. Жер шары халқы және халықтың табиғатты игеруі.

4. Жер – біздің ортақ үйіміз.

Жер туралы географиялық білімнің дамуы оқушылардың бойында география пәнінің ғылымдағы орны, рөлі, мақсаты мен міндеттері, географиялық зерттеулердің тарихи кезеңдері, қазіргі зерттеулер және олардың басты нәтижелері, картографиялық, кешенді физико-экономикалық-географиялық ұғымдар туралы түсініктер және оларды түрлі өмірлік жағдаяттарда қолдана алу біліктері қалыптасады.

Жер табиғатының ерекшеліктерінде оқушылар литосфера және Жер бедері, атмосфера және жер климаты, Дүниежүзілік мұхит – гидросфераның басты бөлігі, табиғат кешендері және табиғи зоналық ұғымдарымен танысып, жергілікті, аймақтық және дүниежүзілік жер табиғатының ерекшеліктерін оқып үйренеді.

Жер шары халқы және халықтың табиғатты игеруі оқушыларды Жер бетіндегі халықтар санымен, олардың орналасуымен, жер бетіндегі адамзат, нәсілдер, олардың сыртқы белгісіне қарай өзгешеліктерімен, қазіргі дүние жүзінің саяси картасымен, ондағы Қазақстанның орнымен, адамның Жерді игеруімен, шаруашылық түрлерімен, табиғат ресурстарымен таныстырады.

Жер – біздің ортақ үйіміз мазмұндық құрылымында оқушылар адам мен табиғаттың өзара қатынасы ұғымдарымен, табиғи және антропогендік факторлар нәтижесінде туындайтын экологиялық проблемалармен танысып, осы проблемалардың себеп-салдарына талдау жасау, оларды шешу үшін алған білімдерін қолдана ауы біліктері қалыптасады.

Оқу пәнінің базалық мазмұны бойынша 6-7 сыныптарда берілетін тараулардың тақырыптары әлемнің географиялық бейнесін сипаттайтын алғашқы физикалық-географиялық терминдер мен ұғымдар, жердің пайда болуының жалпы теориясы, Жер қозғалысының географиялық салдары, біртұтастық, саралану, даму қозғалысы (динамика), зоналық, зат айналымы, табиғаттың дамуы тәрізді географиялық қабық заңдылықтар туралы алғышқы түсінік береді.

8-9 сыныптарда әлемнің географиялық бейнесін сипаттайтын білім мазмұны кеңейтіліп, тереңдетіліп табиғат объектілерін жіктеу мен сипаттаудың принциптері, табиғи-аумақтық кешендер, қоғамды аумақтық ұйымдастыру, табиғаттың географиялық ерекшеліктері, Қазақстан және дүние жүзінің халықтары мен шаруашылығы, табиғи және антропогендік факторлар нәтижесінде туындайтын экологиялық проблемалардың себеп-салдары қарастырылады.

Оқу бағдарламасының базалық мазмұны мұғалімдерге оқушылардың теориялық білімі негізінде олардың практикалық тапсырмаларды орындау біліктерін қалыптастыруға көмектеседі. Оқу материалдарының практикалық жұмыстары бағалау, болжау, түсіндіру, сипаттау, анықтау, картадан көрсетіп, атап беру біліктерін қалыптастыруға бағытталған. Оқушылардың бағалау және болжай алу біліктерін қалыптастырушы практикалық жұмыстар жоғары сыныптарда басымырақ болады.

Практикалық жұмыстар жүйесі оқушылардың ғылыми-географиялық мазмұндағы табиғи құбылыстар, процестер, объектілер туралы түсініктерін күнделікті тұрмыстық немесе өмірлік жағдаяттармен байланыстыруға мүмкіндік береді. Ол практикалық-бағдарланған тапсырмалардың кешенді сипатын қамтиды, өйткені олар коммуникативтік, ақпараттық және проблемаларды шешу сияқты түйінді құзыреттіліктерді шешуді қамтиды.

Географиядан оқу пәнінің астрономия, физика, биология, химия және тарих пәндерімен пәнаралық кіріктіруді жүзеге асыру мүмкіндігі зор. Бұл бір жағынан оқушылардың географиялық білімін тереңдетуге, әсіресе табиғи процестер мен құбылыстарды, географиялық қабықтың байланыстарын оқып-үйренуге көмектеседі. Екінші жағынан – аралас пәндер бойынша қоғамдық және табиғи объектілер туралы географиялық білімін толықтырады.

Географияны оқыту жүйесінің басты құраушыларының бірі оқушылардың оқыту үдерісіне белсене араласуы болып табылады. Мұғалім оқушылардың оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырушы рөлін атқарады.

Географияны оқыту арнайы жабдықталған сынып бөлмесінде оқу-көрнекілік құралдармен (көрсетілімдік аспаптар мен стендтер, баспа құралдары, диапозитивтер, бейнефильмдер, бейнефрагменттер, техникалық оқыту және т.б.) жабдықталған жағдайда жүзеге асырылады.

Мектептің кітапхана қорында «География» оқу пәні бойынша тағайындалған нормативтер мен оқу-әдістемелік кешендер құрамына сәйкес қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттер болуы тиіс. Кiтапхана қоры мен ақпараттар базасын оқушылар пайдалана алатындай болуы керек.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Похожие:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми Кеңесінің 2010 жылғы 26 мамырдағы №5 хаттамасымен ұсынылған
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми Кеңесінің 2010 жылғы 26 мамырдағы №5 хаттамасымен ұсынылған
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы технология оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы химия оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дүниетану оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница