Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында




НазваниеҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында
страница8/15
Дата конвертации20.11.2012
Размер1.8 Mb.
ТипДокументы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

2.4 «АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ

Тарих

Тарих - мектептегi оқу пәнi ретiнде жалпы негiзгi бiлiм беретiн мектептегi барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың өзегiн құрайды. Тарих ұлттық өзiндiк сана-сезiмдi және жас ұрпақты тәрбиелеудiң адамгершiлiк – этикалық нормаларын бекiтуге назар аударады.

Тарих ғылымы, пән ретiнде аса маңызды бiлiм саласына жатады. Өйткенi, ол бүкiл адамзаттың басынан өткiзген тарихын, тәжiрибесiн баяндайды. Тарихты бiлу әрбiр адамға қажет. Сонда ғана ол өзi өмiр сүрген қоғамдағы лайықты орнын, iстейтiн қызметiн, соларға байланысты туындайтын мiндеттердi, оларды орындау жолдарын дұрыс, дәл анықтайтын болады.

Тарихтың басқа оқу пәндерімен өзара әсері олардың барлығына ортақ логикалық таным әдістерін (талдау және жинақтау) қолдануды қарастырады. Сонымен қатар, тарихтың басқа гуманитарлық циклдағы оқу пәндерімен өзара байланысы картамен, мәтінмен жұмыс істеу, оқиғалар мен құбылыстардың жалпы және ерекше элементтерін айқындау сияқты оқытудың оларға ортақ әдіс- тәсілдері негізінде іске асады.

Қазiргi кезеңде мектепте тарихты оқыту көзқарасты өзгертумен сипатталады. Бұл өзгерiстердiң басты бағыттары :

- отандық тарихты оқытудың басымдылық рөлі;

- отандық тарихты әлемдiк даму контекстiнде оқыту;

- ұлттық өзіндік сананы қалыптастыру;

- тарихи білімнің тұлғалық бағдары, догматикалық нышандардан бас тарту;

- мектептік тарихи білімнің нәтижеге бағдарлануы, оқушының дайын білімді енжар алушыдан білімдік процестің белсенді субьектісіне айналуын талап ететін білімдік модельді қалыптастыруға бағытталуы;

- мектепте тарихты оқытуға біртұтас көзқарасты қалыптастыру, бұл тарихты оқып- үйренуге формациялық және өркениетттік тұрғыдан қарауды ұштастыруға негізделуі;

- формациялық тұрғыдан қарау тарихи даму кезеңдерінің сабақтығы мен ішкі байланыстарын бейнелейді, әлеуметтік- экономикалық процестердің логикасын түсінуге мүмкіндік береді. Өркениеттік тұрғыдан қарау, әр түрлі халықтар мәдениетінің өзара байланысы мен өзара ықпалын көрсетеді, салыстырмалы технологиялық әдісті кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Елеулі айырмашылықтары бола тұра, тарих- деректердің жалаң тіркемесі емес, нақтылы бір қоғамның даму процесі екендігі туралы түсінік екі келіске де ортақ екенін көреміз:

- үздiксiз бiлiм беру жүйесiндегi тарих пәнiнiң бiлiмдiк, танымдық және тәрбиелiк рөлiн күшейту;

- отандық білім жүйесін әлемдік білім кеңістігіне енгізу ауқымында оқушылардың гуманитарлық дайындығының деңгейін көтеру.

Тарихи білім берудің мақсаты- оқушылардың дүниетанымының негізі болатын тархи сананы, тарихи білімді құрметтеу мен сыйлау сезімін қалыптастыруға оқушылардың тарихи процесс желісін түйсінуіне, тарихтың мәдени- идеологиялық плюралистік идеясын, бұралаң жолын сезінуіне негіз жасау.

Мектепте тарихи бiлiм берудiң негiзгi мiндеттерi:

- адамзаттың ежелгi заманнан бүгiнгi күнге дейiнгi дамуының тарихи жолын, оның әлеуметтiк, рухани-адамгершiлiк тәжiрибесiн айшықтайтын жүйелi бiлiм алуы;

- оқушыларда тарихты оқып-үйренудiң көпөлшемдiлiгi және тарихи процестiң дамуының баламалы екендiгi туралы түсiнiк қалыптастыру;

- гуманизм мен адам құқықтарын құрметтеудiң озық дәстүрлерiн меңгерген құнды бағдарланған жеке тұлғаны тәрбиелеу;

- оқушылардың тарихи бiлiмдi шығармашылықпен қолдану, тарихи деректер мен жұмыс iстеу, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырмалы талдау негiзiнде ой елегiнен өткiзе бiлу дағдыларын қалыптастыру;

- оқушыларда қазақстандық патриотизмдi, азаматтық сезiмдi дамыту.

2010-2011 оқу жылында 5-9 сыныптарда тарих пәнiн оқытуды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010), сәйкес негізгі орта білім берудің типтік оқу жоспарына (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07. 2010ж. №367 бұйрығына) сәйкес жүргізіледі.

Тарихи білім беру қазіргі қазақ қоғамын демократияландыруда басымдылық маңызға ие болады, өйткені тарих ғылымы бүгінгі күннің ақиқатымен тығыз байланысты.

Білім берудің іс-әрекеттік сипаты тарихты оқытудың әдістерін ұйымдастыру формаларын қайта құруды талап етеді. Қайта құрудың мәні- оқушылардың өзіндік жұмысына басымдылық рөлін күшейту. Оқушылардың өзіндік жұмысы: ұжымдық жұмыстар, брэйнсторлинг, рөльдік ойын, дебаттар, жобаларды қорғау, портфельдер құрастыру, коллоквиумдар, сөздік пинг-понгтар, жазбаша жұмыстар (эссе, шығарма, рефераттар және басқалар) дайындау түрінде іске асырылады.

5 сыныптағы қатар жүретін пропедевтикалық курстар отандық және дүниежүзілік тарихы бойынша қарапайым түсініктер қалыптастыру міндетін орындауы тиіс. Бұл курстар кейбір жаңа ұғымдар мен терминдер, тарихи уақытты өлшеу негіздері, Қазақстан мен шетелдер тарихының жекелеген тарихи оқиғалар мен құбылыстары оқытылады.

5 сыныптағы пропедевтикалық курстар бойынша барлық материалды жүйелі түрде сипаттау талабы қойылмайды, алайда хронологиялық және логикалық бірізділік сақталуға тиісті.

Тарих пәні бойынша пропедевтикалық курстарды оқып үйренгенде оқушының өз халқының және жалпы қоғамның бір бөлігі ретінде сезінуін қалыптастыруға айрықша назар аударылуға тиісті.

Мектептегі тарихи білімнің жаңа мазмұны мен құрылымына сәйкес тарихтың жүйелі курсын оқу 6-сыныптан басталады. 6-9 сыныптарда тарих курстарының мазмұны оқу уақытының көлеміне, отандық және дүниежүзілік тарихты дәуірлеудің жаңа жүйесіне сәйкес анықталады.

Тарихи пәндерді оқытудың осы сатысында:

  • оқушыларда тарихи ойлаудың негіздері;

  • оқушыларда тарихи процестің негізгі ұғымдары, категориялары мен заңдары

туралы білім және тарихи таным теориясы бойынша түсініктер;

  • оқушылардың азаматтық ұстанымы, құндылық бағдары және сенімдері қалыптастырылуы қажет.

6-9 сыныптардағы тарих курстары отандық және дүниежүзілік тарихтың ежелгі дүниеден қазіргі заманға дейінгі барлық кезеңдерін қамтуы керек.
Адам. Қоғам. Құқық

9-сыныпқа арналған кiрiктiрiлген «Адам. Қоғам. Құқық» курсын оқытуға Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 09.07.2010ж № 367 бұйрығымен бекiтiлген негiзгi орта білім берудің типтік оқу жоспары бойынша 68 сағат уақыт бөлiнген. Бұл уақыттың 1/3-не жуығы құқықтанудың материалдарын оқытуға бөлiнедi. Курс құрамы 4 кiтаптан тұратын жаңа буын оқулығымен және оқу-әдiстемелiк кешенiмен (ОӘК) оқытылады. Негізгі мектептің 9-сыныбында пән жылына 68 сағатқа шақталған «Адам. Қоғам. Құқық» кіріктірілген курсы шеңберінде оқытылады. Құқықтану материалдары бұл курстың 1/3 бөлігін құрайды.

Оқу пәнінің мазмұны 9-сыныпта оқушыларының жас ерекшелігіне сәйкес, шығармашылық, денсаулық сақтау, тұлғалық-бағыт және құзыреттілік тұрғы негізінде орындалған, нәтижеге бағытталған, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті негізгі орта білім беру стандартында көрсетілген, білім алушылардың құзыреттілік жетістіктеріне бағытталған.
Өзін-өзі тану

«Өзін-өзі тану» оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін құраушылардың бірі болып табылады. Базистік оқу жоспарында өзін-өзі тану білімінің «Адам және қоғам» саласындағы міндетті пән ретінде бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлерінде оқыту көрсетілген.

Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан-дүниесін байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді. Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.

Мектепте өзін-өзі тануды оқыту төмендегідейі міндеттерді жүзеге асырады:

  • адамның өзіндік бейімділіктерін ашу және оның темпераментін, мінез-құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;

  • оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;

  • қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға құндылықтарын, алған білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру.

«Өзін-өзі тану» пәні рухани-адамгершілік білім беру бойынша өз алдына мынадай жалпы мақсаттар қояды:

  • өзінің өмірлік айқындамасын анықтау;

  • түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешу;

  • өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;

  • адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді, қамқор болу;

  • өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;

  • жасампаздықпен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту;

  • өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу және оған жауапты болу;

  • қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.

«Өзін-өзі тану» оқу пәнін Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінде оқыту ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010), сәйкес (ҚР Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. №367 бұйрығы) негiзiнде жүзеге асырылады.

«Өзін-өзі тану» пәнін оқытуға аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат бөлiнген. «Өзін-өзі тану» пәнін «Өзін-өзі тану» курсы бойынша біліктілікті арттыру және қайта даярлық курстарынан өткен пән мұғалімдері жүргізеді.

5-9 сыныптарда «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту Министрліктің Адамның үйлесімді дамуы институтымен бірге (Алматы, «Бөбек» ҰҒПББСО) дайындаған жалпы орта білім беретін мектептерге арналған оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады ( ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылдың 18 ақпанындағы № 71 бұйрығы).

Орта білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» 2010 жылдың 5 сәуіріндегі №152 бұйрығына, сонымен қатар осы аталған бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 және 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 бұйрықтарына сәйкес бекітілген «Өзін-өзі тану» оқу пәні бойынша оқу-әдістемелік кешендер пайдаланылатын болады.
Экономика және қаржылық сауаттылық негіздері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 536 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттырудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 22 шілдедегі № 353 бұйрығының негізінде 2009-2010 оқу жылында «Экономика және қаржылық сауаттылық негіздері» интеграцияланған оқу курсы енгізілді.

Берілген оқу курсын 5-9-сыныптарда оқып-үйрену үшін жарты оқу жылында аптасына 1 сағаттан немесе «Технология» (5-9 сыныптар) оқу пәнінің есебінен, бір оқу жылында 0,5 сағаттан уақыт бөлінеді.

Осы курс бойынша күнтізбелік жоспар құруда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 19 тамыздағы № 456 бұйрығымен бекітілген 4-11- сыныптарға арналған «Экономика және қаржылық сауаттылық негіздері» оқу бағдарламасы пайдаланылады.

Аталған сыныптарда берілген оқу курсы оқытып-үйретуде мына мәселелерге көңіл бөлінеді.

5 сынып

Экономика негіздері:

Экономика деген не? Қазақстан Республикасы – халықаралық саудаларға қатысушы ел, Экономиканы мемлекеттік тұрғыда реттеу.

Қаржылық сауаттылық:

Ақша тарихы, қаржы ұғымы, ақшаның түрлері, номинал, ҚР ұлттық валютасы, Қазақстандағы қаржылық инструменттер, ақша сақтау тәсілдері, отбасы мен мемлекеттің бюджеті ұғымы, банк ұғымы. Несие тарихы.

6 сынып

Экономика негіздері:

Балама құн. Қазақстан Республикасында бизнесті ұйымдастыру формалары. Тұтынушы сауаттылығы.

Қаржылық сауаттылық:

Сұраныс және ұсыныс заңы. Банктердің пайда болуы. Банк. Банк қызметтері: несие, депозит, займ, займ түрлері. ҚР банк жүйесі. Бизнес-жоспармен танысу. «Қаржылық қызметтер тұтынушылары» ұғымы. Банк саласының мамандықтары.

7 сынып

Экономика негіздері:

Экономикадағы үкіметтің рөлі. Халықаралық сауда. ҚР-дағы экспорт пен импорт. Экономикалық өсім және әлемдік экономикадағы проблемалар.

Қаржылық сауаттылық:

Бюджет. Бюджет жіктемесі. Бюджетті басқару. Кірістер. Шығыстар. ҚР қаржылық инструменттері. Бизнес-тарихтар. Салықтар.

8 сынып

Экономика негіздері:

Өндіріс. Өндіріс факторлары. Еңбек нарығы. Еңбек ресурстары. Маркетинг негіздері.

Қаржылық сауаттылық:

Еңбекақы. Ақша. Валюта. Ауыстыру. Инфляция. Қаржылық жинақтарды сақтау. Инвестициялар. Несие және оның түрлері. Несие алу. Несиелік тарих. Зейнеақы қорлары.

9- сынып

Экономика негіздері:

Қазақстан Республикасының экономикасы. Ресурстардың шектеулілігі және таңдау (сайлау) проблемалары.

Қаржылық сауаттылық:

Қаржылық қызметтер және қаржылық қызметті тұтынушылар. Банкілік есеп, төлем карталары, депозиты, несиелер, сейфте сақтау, Интернет-банкинг. Қаржылық салада тұтынушыларды қорғау.
2.5 «ӨНЕР» БІЛІМ САЛАСЫ
Музыка

«Музыка» пәнiн оқытудың мақсаты – оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру, әлемдік музыка мәдениетінің жауһарларымен, дәстүрлі және қазақ халқының қазіргі өнерімен танысу жолдары арқылы музыкалық мәдениетінің дамуы туралы көзқарастарын қалыптастыру; оқушылардың орындаушылық қабілетін қалыптастыру, тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту, өзінің өмірінде музыкалық дағдыларын қолдана білетін, өз Отаны-Қазақстан Респуликасын сүйюге және адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Пәнiнiң мiндеттерi: әр түрлі ұлттардың ұлттық мәдениетіне қызығушылығын және сыйластық сезімін тәрбиелеу, музыкалық мәдениеттің негізгі кәсіби жанрларын анықтау және тыңдау, әуезге эмоционалды үн қату қабiлетiн дамыту. Музыкалық мұраға деген қызығушылығын тәрбиелеу, музыка жайлы, музыкалық алғашқы мәлiметтерге ие болу, практикалық бiлiм, бiлiк, дағдыларды қалыптастыруда тыңдау, ән айту, музыкалық-ритмикалық қозғалыстарға, музыкалық аспаптарда ойнау, импровизациялай бiлуге, яғни музыкалық-шығармашылық компетенттiлiгiн қалыптастыру. Дәстүрлі қазақ музыкасының өткен және қазіргі замандағы халық өмірімен байланысы және оның композиторлық шығармашылығындағы рөлі туралы білім беру.

Пәннің басты мақсаты шығармашылық тәсіл және дамыта оқыту принциптерімен тығыз байланысты және сабақта әртүрлі музыкалық ойындарды, суырып салып айтуды, әуендер құрастыруды белсенді қолдануды жорамалдайды. Басқа өнер түрлері арқылы (сурет салу, билеу және пантомимо, ертегі мен өлең құрастыру) музыкалық әсерленуді көрсетуге пайдалануды ұсынады.

Музыка сабақтары оқушылардың музыкалық мәдениетті, халықтың бай рухани мұраларын игеруге қызығушылығын тудыруы тиіс. Музыкалық өнердің негізгі си-паттамаларын оның тарихи дамуында қарастыру оқушы-ларды орындау дәстүріне, халық музыкасының озық үлгілерінің үрпақтан үрпаққа берілуіне, жалғастығын табуына баулиды және бүл музыка сабағының мәнін анық-тайды.

2010-2011 оқу жылында «Музыка» пәнін оқыту ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010), сәйкес дайындалған негізгі орта білім берудің типтік оқу жоспары мен білім берудің типтік оқу бағдарламалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. №367 бұйрығы), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» 2010 жылдың 5 сәуіріндегі №152 бұйрығы, сонымен қатар осы аталған бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 және 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 бұйрықтары арқылы жүзеге асырылады.

Оқу уақытына бөлінген сағат санының кемуіне байланысты оқу материалын берудің негізгі логикасын сақтай отырып, кейбір жекелеген бөлімдерге бөлінген сағат санының қысқарған үлгісін ұсынамыз.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

Похожие:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми Кеңесінің 2010 жылғы 26 мамырдағы №5 хаттамасымен ұсынылған
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми Кеңесінің 2010 жылғы 26 мамырдағы №5 хаттамасымен ұсынылған
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы технология оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы химия оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дүниетану оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница