Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында




НазваниеҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында
страница9/15
Дата конвертации20.11.2012
Размер1.8 Mb.
ТипДокументы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

«Музыка» пәні бойынша оқу материалының тақырыптық бөлінуі

Негізгі орта білім беру деңгейі

( Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)

Сыныптар бойынша оқу материалының

тақырыптық бөлінуі


Сағат саны

5 сынып

Қазақ халқының музыкасы

8

Шығыс Азия және Кавказ халықтарының музыкасы

3

Қазақ халқының вокалдық музыкасы

6

Еуропа халықтарының музыкасы

4

Қазақ халқының аспаптық музыкасы

5

Африка мен Америка халықтарының музыкасы

2

Қазақ ұлттық би өнері

2

Қазақ музыкасының әдебиетпен байланысы

4

6 сынып

Қазақтың кәсіби музыкасының қалыптасуы

5

Қазақстан композиторларының аспаптық музыкасы

5

Қазақстан композиторларының оркестрге арналған шығармалары

3

XIX –XX ғасырға дейінгі шетел композиторларының музыкасы

5

Қазақстан композиторларының вокалды музыкасы

4

ХІХ-ХХ ғасырлардағы шетел композиторларының музыкасы

5

Қазақстандағы опера өнері

4

Қазақстандағы балет және киномузыка

3


Бейнелеу өнерi

«Бейнелеу өнерi» пәнiн мектепте оқытудың негiзгi мақсаты - оқушылардың өнер шығармалары мен әлемдi бейнелi қабылдаудағы дербес шығармашылық қабiлетiн дамыту; сезiмдiк – эмоционалды өрiсiн тереңдету және байыту; көркемдiк-шығармашылық қабiлеттерiн қалыптастыру болып табылады. Жалпы орта білім беретін мектептің негізгі орта білім беретін деңгейіндегі «Бейнелеу өнерi» пәнiнiң негiзгi функциясы мектеп оқушыларын көркем-эстетикалық тұрғыдан бiлiм берiп тәрбиелеуден, оның табиғи көркем шығармашылық қабiлеттерiн дамытуға мүмкiндiк беруден көрiнедi.

5-6 сынып оқушыларына арналған «Бейнелеу өнерi» пәнiнiң оқу-тәрбиелiк мiндеттерi:

- оқушылардың көркемдiк шығармашылық қабiлеттерiн және ой-қиялын, көрермендiк-бейнелi ойлауын, дербес шығармашылық iс-әрекетiн қалыптастырып, дамыту;

- композиция, түстану, тепе-теңдiк, көлем, перспектива заңдылықтарын, түс-жарық және орындау техникасының әртүрлiлiгiн бiлуге қажеттi алғашқы бiлiктiлiктердi, яғни өнер саласы бойынша компотенттiлiгiн қалыптастыру;

- оқушылардың кеңiстiктiк ұғымын, шындықты көркем-бейнелi қабылдауын, оның әсемдiгi мен түстiк байлығын түсiнiп, реңдiк сезiмдiк қабылдауын дамытуды қалыптастыру; Отандық және әлемдiк көркем мәдениет мұраларын сақтауға, көбейтуге баулу.

Мектептің негізгі орта білім беру деңгейінде бейнелеу өнерінің мазұны бойынша композиция, кескіндеме, графика, мүсін, сәндік қолданбалы өнер бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларының практикалық негізі қаланады.

2010-2011 оқу жылында «Бейнелеу өнері» пәнін оқыту ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010), сәйкес дайындалған негізгі орта білім берудің типтік оқу жоспары мен білім берудің типтік оқу бағдарламалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. №367 бұйрығы), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» 2010 жылдың 5 сәуіріндегі №152 бұйрығы, сонымен қатар осы аталған бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 және 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 бұйрықтары) арқылы жүзеге асырылады.

«Бейнелеу өнері» пәні бойынша оқу материалының тақырыптық бөлінуі

Негізгі орта білім беру деңгейі

( Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)


Мазмұны

Сыныптар бойынша

сағат саны

Барлығы

5-сынып

6-сынып

Сурет

8

9

17

Кесіндеме

9

8

17

Композиция

7

7

14

Сәндік өнер

6

6

12

Мүсін өнері

4

4

8

Барлығы

34

34

68


2.6 «ТЕХНОЛОГИЯ» БІЛІМ САЛАСЫ
Еңбекке баулу

«Еңбекке баулу» оқу пәні негізгі орта білім беру деңгейінде оқытылады және «Өнер және технология» білім беру саласына енеді. «Технология» оқу пәнінің нысаны оқушының көркем безендіру, бейнелеу, құрастыру сияқты негізгі көркемдік әрекеттері арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін дамытады. Еңбекке баулу тұлғаның эмоционалды-құндылық және сенсорлық мәдениетін дамытып, қоршаған орта мен өнердегі әсемдікті көру, бағалау және оларды өз қолымен жасау қабілеттіліктерін арттырады.

Оқушыларды техника мен технологияның даму бағыты, жаңа материалдар, еңбек және тұрмыс мәдениеті, өндірістік процестердің автоматтандырылуы, компьютерлендірілуі мен экологияландыруымен қоса қазіргі өндірістің технологиялық процестерімен таныстыруға бағытталған «Технология» білім беру аймағы жалпы білім берудің міндетті компоненттері болып табылады.

«Еңбекке баулу» оқу пәнінің жалпы мақсаты - жас ұрпақты әлеуметтік белсенділікке, өндіріс пен қоғамның арасындағы байланысын түсінуі сонымен қатар қоршаған ортаға технологияның әсерін білу, технологиялық сауаттылығын қалыптастыра отырып, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, қоғамның арасындағы байланысын түсінуі сонымен қатар қоршаған ортаға технологияның әсерін білуге тәрбиелеу болып табылады.

«Еңбекке баулу» пәніне жалпы кіріктірілген нысандары ретінде келесілер қарастырылады: материалдар, құралдар мен жабдықтар, техника мен технология, технологиялық процесс, жоба.

Оқу пәнінің міндеттеріне:

- оқушы тұлғасының, әлеуметтік және кәсіби қалыптасу проблемаларын түсіну негізінде өзіндік саналылығы мен өмірлік тәжірибесінің бірлігі арқылы қабілеттерін дамыту;

- оқыту процесін ұйымдастыруға денсаулық сақтау көзқарастарын қамтамасыз ету;

- технологиялық жүйелік ойлау қабілетін қалыптастыру;

- жобалық қызметті ұйымдастыру, графикалық мәдениетін қалыптастыру, технологиялық және техникалық қызмет аймағында сұранысқа сәйкес қолданбалы міндеттерін шеше білуін қалыптастыру жатады.

Оқу пәнінің мазмұны біртұтастық ұстанымына сай құрыла отырып, концентрлік тұрғыда дамиды. Оқу пәнінің құрылымы «жекеден жалпыға», «жақыннан алысқа» ұстанымдарына бағынады, оқу пәні арқылы білім алушылардың жеке өмірлік тәжірибесіне негізделген дүниенің қарапайым бейнесінен ғылыми дүниетанымдық бейнесіне өту арқылы қамтамасыз етіледі. Әртүрлі қызмет аймағында технологияға бағыттау біліктілігін қалыптастыру; еңбек нарығында тиімді өзіндік қызмет етуге және кәсіби білім беру жүйесінде білімін жалғастыруға дайындау.

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізгі ережелерінің Типтік оқу жоспарында «Еңбекке баулу» оқу пәніне 5-9 сыныптарда оқу жылында 68 сағат, аптасына 2 сағат көлемінде уақыт бөлінген.

2010-2011 оқу жылында «Еңбекке баулу» пәнін оқыту ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010), сәйкес дайындалған бастауыш білім берудің типтік оқу жоспары мен білім берудің типтік оқу бағдарламалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. №367 бұйрығы), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» 2010 жылдың 5 сәуіріндегі №152 бұйрығы, сонымен қатар осы аталған бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 және 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 бұйрықтары арқылы жүзеге асырылады.
2.7 «ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ
Дене шынықтыру

"Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру стандарттарына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010), сәйкес (09.07.2010 жылғы ҚР БҒМ №367 бұйрығы) , "Дене шынықтырудың" білім беру саласындағы негізгі мақсаты денсаулықты нығайту, білім, өмірлік маңызды қозғалыс біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру, адамгершілік, еңбек және эстетикалық тәрбиенің міндеттеріне сәйкес жеке тұлғаны үйлесімді дамыту болып табылады.

5-9 сыныптарда «Дене шынықтыру» оқу пәнінің міндеттері:

– өмірлік маңызды қозғалыс дағдыларын, танымдық-қозғалыс белсенділігін арттыруды қалыптастыруға себепкер болатын дене жаттығулардың негізгі түрлерімен оқушыларды таныстыру;

– қимыл-қозғалыс мәдениетін қалыптастыру мен денсаулықты нығайтуға бағытталған қозғалыс іс-әрекеті және дене жаттығуларының негізгі түрлерін оқушылардың меңгеруіне көмектесу;

– дене тәрбиесі мен салауатты өмір саласындағы білімді қалыптастыру;

– бұқаралық спорттың маңызды негізін құрайтын жаттығулар техникасын жетілдіру есебінен дене қасиеттерін тәрбиелеу.

Әр сыныптағы оқу жүктемесінің көлемі аптасына 3 сағатты, оқу жылы ішінде 102 сағатты құрайды және топтардағы оқушылар саны 10-12 ден кем болмаған жағдайда 5-9 сыныптарда ер балалар мен қыз балалар бөлек оқытылады (ҚР БҒМ-нің 2008ж. 02.09. №489 бұйрығы).

Сабақтарда бәрінен бұрын іс жүзінде педагогикалық міндеттердің барлық көлемін қамтитын оқу мақсаттары жүзеге асырылады. Дайындайтын және жетектейтін сипаттағы, сондай-ақ денені арнайы шынықтыратындай жаттығуларға үйрету технологиясын бөлек-бөлек және жүйелі түрде құрастыру қажет. Оқушыға білікті түрде жәрдем көрсетілу тиіс. Білім беру міндеттерін жүзеге асырудың практикалық құрылымы ретінде қателерді көрсету мен түсіндіру, қателерді жою жолдары ұстаздың оқушымен жүргізетін жеке жұмысының тиімділігін қамтамасыз етеді, өзінің білімін көтеруге ынталандыру секілді көп нәрсеге себепкер болады.

Дене тәрбиесінің базалық мазмұнын сапа тұрғысынан жаңарту сабақ берудің дидактикалық, себептілік және адамгершілік-эстетикалық негіздерін одан әрі нығайтуды, дене тәрбиесін жетілдіру мақсатында оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып, дамытуды көздейді.

Бағдарламаның өзгермелі мазмұны оқушылардың тұратын жерлерінің ерекшеліктерін, мектептің материалдық базасын, мұғалім мүмкіндіктерін және оқушылардың қызығушылықтарын ескере отырып құрылған. Сондай-ақ оқушылармен жеке сабақтар өткізу мәселесі де қарастырылған. Бағдарлама материалдарының өзгермелі бөлігін жаңарту мұғалімдерді сабақтың көлемі мен тақырыптың мазмұнын кеңейте түсуге, оқушыларға функционалды ықпал етудің оңтайлы стратегиясын жасауға, дамыта оқытудың және оқу процесін жетілдірудің танымдық мәнін түсіндіруге бағыттайды.

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің 5-9 сыныптарында «Дене тәрбиесі» пәні 2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі орта жәнее жалпы орта білім беру стандарттарына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010),сәйкес негізгі орта білім берудің типтік оқу жоспары мен білім берудің типтік оқу бағдарламалары (09.07.2010 жылғы ҚР БҒМ №367 бұйрығы) арқылы жүзеге асырылады.
3. ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ

ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
3.1 «ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ САЛАСЫ

Қазақ тiлi

Білім мазмұнында оқушының өзіндік ойлау қабілеттерін, жеке көзқарастарын дамытуға тірек болар негізгі өзекті тауып, барлық ұғым-түсініктерді соған сәйкестендіре жүйелеу қандай маңызды болса, сабақта, сабақтан тыс ұйымдастырылатын оқу үдерісінде баланың білімді өздігінен меңгеруіне, өзіне деген сенімділігін арттыруға, әр түрлі өмір жағдаяттарына дұрыс жол табатындай қажетті іскерліктерді қалыптастыруға бағытталатын жұмыстарды үйлестіре жүргізудің де мәні соншалықты үлкен.

Жалпы орта білім беретін мектепте 10-11 сыныптар – бағдарлы сыныптар деп саналады.

Орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағдарлы сыныптарында «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – тілдік сезімі және шешен сөйлеу мәдениеті қалыптасқан, сөз сапалары мен шешендік стильдің тілдік белгілерін меңгерген, өзіндік көзқарасы мен ой тұжырымдарын қатысымдық нормаларға сай жеткізе алатын, қоғамдық сала бойынша ғылыми-зерттеу қабілеті дамыған тұлға қалыптастыру.

Орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағдарлы сыныптарында «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – өз ісінде сөз мәдениеті нормаларын меңгерген, көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті қалыптасқан, әр түрлі жағдаяттардағы пікірталастарда кәсіби көзқарасын, өзіндік пайымдауларын дәйектей алатын, азаматтық көзқарасы жетілген тұлға қалыптастыру.

Жоғарыда атап өтiлгендей, бұл кезеңде сөз мәдениетiнiң екiншi басқышын – сөз шеберлiгiн жетiлдiруге басымдылық берiледi. Бейінді мектепте өмiрге қажеттi тiлдiң функционалды жүйелерiне сай сөз саптауға машықтандыру барысында қазақ тiлiнiң грамматикалық жүйесi туралы негiзгi сатыда алған бiлiмдерi кеңейтiлiп отырады. Мысалы, сөз әдебiне қатысты материалдар фонетикалық, лексикалық, синтактистiк бiлiмдерiн жаңғырта отырып меңгерiлсе, жазба тiл мәдениетiне арналған тақырыптарда орфография мен пунктуация, стильдер туралы ұғымдарға көбiрек назар аударылады. Ал, шешендiкке баулу тiл тарихына, әлеуметтiк лингвистикаға байланысты бiлiмдерге негiзделiп отырды.

Сөз әдебi, әдетте, ауызша және жазбаша сөйлеу тiлi мәдениетiмен тұтастықта танылатындықтан, ол айналасындағылармен табыса бiлуге табан тiрей отырып, қарым-қатынастың әлеуметтiк-тұрмыстық және ресми-iскерлiк секiлдi түрлерiне қарай сараланды. Осы қатынас түрлерiнiң мақсатына қарай тiлдiң қолданыс аясының өзiндiк ерекшелiктерiне көңiл аударылды. Ал, жазба тiл мәдениетi аясында, негiзiнен, iс-қағаздары стилi мен оқушылардың шығармашылық бағыттағы жазба жұмыстарының үлгiлерi топтастырылды.

Осы тақырыптар бойынша берiлетiн бiлiм мен iскерлiк-дағдылардың шығармашылық бағытта кең өрiстеуiне 11-сыныпта шешендiкке баулу арқылы мүмкiндiк туғызылады. Себебi шешендiк өнерге қойылатын талаптар тiлдiк талғам негiзiнде айқындалады да, практикалық жүйеде нақтыланып отырылады. Шешендiктiң тарихы, ұлттық шешендiк өнердiң ерекшелiктерi, ғылым ретiнде қалыптасуы, шешендiк сөздiң түрлерi жөнiнде берiлген арнайы тақырыптарға негiздей отырып, шешендiкке қажеттi бiлiм, дағды көлемдерi анықталады.

Сонымен, 10-11-сыныптардағы қазақ тiлiнiң бағдарламасында негiзiнен, тiлдiң танымдық, коммуникативтiк, кумулятивтiк, экспрессивтiк, т. б. қызметтерiмен қатар әрi өзара бiрлiкте меңгерту көзделдi. Бiлiм мазмұнын анықтауда, оқу материалдары жүйелiлiк, коммуникативтiк, белсендiлiк, практикалық бағыттылық, тiл қызметтерiн бiртұтастықта меңгерту, теория мен практиканы өзара байланыста меңгерту, қоғамдық қажеттiктi ескеру, интеграция т. б. ұстанымдар басшылыққа алынды.

Пән бойынша оқу бағдарламасына қосымша мектептің, сыныптың ерекшеліктеріне орай «Стиль және сөз бедері», «Этнолингвистикалық атаулар сыры» «Сөз мәдениеті негіздері», «Ауызша тіл мәдениеті», «Жазбаша тіл мәдениеті», «Мәтін және стиль», «Шешендік сөйлеудің тәсілдері» сияқты факультатив курстарын ұйымдастыруға болады.

Жалпы орта бiлiм беретiн мектептiң 10-11 сыныптарында қазақ тілінен бiлiм берудiң мiндеттерi Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010), (09.07. 2010ж. №367 бұйрық) сәйкес:

1. Жалпы орта білім берудің типтік оқу жоспарлары. Оқытудың қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары. (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07. 2010ж. №367 бұйрығы).

2. Жалпы орта білім берудің типтік оқу бағдарламалары. Оқытудың қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары. (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. №367 бұйрығы), сонымен қатар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» 2010 жылдың 5 сәуіріндегі №152 бұйрығы, сонымен қатар осы аталған бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 және 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 бұйрықтары арқылы жүзеге асырылады.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

Похожие:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми Кеңесінің 2010 жылғы 26 мамырдағы №5 хаттамасымен ұсынылған
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми Кеңесінің 2010 жылғы 26 мамырдағы №5 хаттамасымен ұсынылған
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы технология оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы химия оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дүниетану оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница