2012 жылдың бірінші жартыжылдығында сот төрелiгiн жүзеге асыру қорытындылары туралы




Скачать 127.74 Kb.
Название2012 жылдың бірінші жартыжылдығында сот төрелiгiн жүзеге асыру қорытындылары туралы
Дата конвертации20.11.2012
Размер127.74 Kb.
ТипДокументы


2012 жылдың бірінші жартыжылдығында сот

төрелiгiн жүзеге асыру қорытындылары туралы
Соттардың 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметiн талдау елдегi сот төрелiгiн жүзеге асырудың сапасы тұрақты екенін көрсетті.

БААТЖ деректері бойынша есепті кезеңде республиканың аудандық және оған теңестірілген соттарына барлығы 494 734 арыз бен іс, соның ішінде 298 631 азаматтық, 175 693 әкімшілік және 20 410 қылмыстық іс келіп түсті. Бұл 2011 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 50 106 іске немесе 11,3 %-ға артық (444 628 арыз бен іс, соның ішінде 281 275 азаматтық, 138 373 әкімшілік және 24 980 қылмыстық іс).

Есепті кезеңде 425 534 істі жүргізу аяқталды, бұл 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 13,5%-ға көп (374 892).

Бұл ретте 2011 жылдың бiрiншi жартыжылдығымен салыстырғанда қаралған азаматтық және әкiмшiлiк iстердiң саны көбейді, сонымен қатар қаралған қылмыстық iстердiң саны азайды.

Атап айтқанда, 2012 жылдың 1 жартыжылдығында соттар 246 061 азаматтық істі қарауды аяқтады, бұл 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 9,3%-ға көп (225 177). Шешім шығарылып 149 018 іс қаралды (2011 жылдың 1 жартыжылдығында – 138 984).

Балама әдістермен шешілген азаматтық істердің саны 5 145, соның ішінде 5 109 іс бойынша бітімгершілік келісім жасалды, 36 дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасалды (2011 жылдың 1 жартыжылдығында 4 872 бітімгершілік келісімі жасалды).

Есептік кезеңде 20 512 қылмыстық iс аяқталды, бұл 2011 жылдың бiрiншi жартыжылдығының көрсеткiшiнен 17%-ға төмен (24 713). 10 862 адамға қатысты 8 250 қылмыстық іс қаралып, үкім шығарылды, соның ішінде 179 адам ақталды (2011 жылдың 1 жартыжылдығында – 14 260 адамға қатысты 11 154 қылмыстық іс қаралып, үкім шығарылды, соның ішінде 216 адам ақталды).

Сотталғандардың саны 10 683 адам (2011 жылдың 1 жартыжылдығында – 14 044), соның ішінде 4 783 адам бас бостандығынан айыруға сотталды, 2 788 адамға бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындалды, 2 018 адам шартты түрде сотталды (2011 жылдың 1 жартыжылдығында 5 734 адам бас бостандығынан айыруға сотталды, 3 637 адам бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаға тартылды, 3 486 адам шартты түрде сотталды).

Есепті кезеңде бас бостандығынан айыруға сотталғандардың үлесі сотталғандардың жалпы санының 44,8%-ын құрайды, шартты түрде сотталғандардың үлесі 18,9%-ды құрайды (2011 жылдың 1 жартыжылдығында – бас бостандығынан айыруға сотталғандардың үлесі 40,8%, шартты түрде сотталғандардың үлесі 24,8%).

Сотталған кәмелетке толмаған адамдардың саны өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 15%-ға азайды (2011 жылы – 802, 2012 жылы -682). Осы ретте бас бостандығынан айыруға сотталған кәмелетке толмаған адамдардың үлесі 3,7%-ға азайды (18,1%-дан 14,4%-ға дейін).

Алқабилердің қатысуымен 142 іс қаралды, солардың ішінде 188 адамға қатысты 138 іс бойынша үкім шығарылды (2011 жылдың 1 жартыжылдығында 187 іс, соның ішінде 260 адамға қатысты 182 іс бойынша үкім шығарылды). Олардың ішінде 14 адам ақталды (2011 жылдың 1 жартыжылдығында – 12 адам).

Есепті кезеңде соттар қамауға санкция беру туралы, қамау мерзімін ұзарту туралы, бұлтартпау шарасының күшін жою және өзгерту туралы 9 642 өтiнiшті қарады, солардың ішінде 9 198 өтініш немесе 95,4%-ы қанағаттандырылды (2011 жылдың 1 жартыжылдығында – 8 877 өтініш қаралды, солардың ішінде 8 495 немесе 95,7 %-ы қанағаттандырылды).

Соттар қараған әкiмшiлiк iстердiң саны 2011 жылдың бiрiншi жартжылдығымен салыстырғанда 27,2%-ға көбейді және 158 961 iстi құрады (125 002). Әкiмшiлiк iстердiң артуы негізінен ұсақ бұзақылық туралы істердің көбеюіне байланысты (7 723 істен 16 747 іске дейін).

Есепті кезеңде 2011 жылдың бiрiншi жартыжылындағыдай барлық істердің іс жүргiзу заңнамасымен белгіленген мерзiмдерде қаралғанын атап өту керек.

Есепті кезеңде қаралған істердің жалпы санының өсуімен қатар күші жойылған және өзгертілген сот актілерінің саны да көбейді. Жоғары тұрған сатылар барлығы 4 123 сот актілерінің күшін жойды және өзгертті, бұл 2011 жылдың ұқсас мерзiмiмен салыстырғанда 17,4%-ға көп (3512).

Соның ішінде азаматтық істер бойынша 1 152 шешімнің күші жойылды, бұл шығарылған шешімдердің жалпы санының 0,8%-ын құрайды, 2 059 шешім өзгертілді немесе 1,4% (2011 жылдың 1 жартыжылдығында – 883 шешімнің күші жойылды немесе 0,6%, 1 617 шешім өзгертілді немесе 1,2%).

Қылмыстық істер бойынша 153 адамға қатысты немесе үкімдердің 0,7%-ының күші жойылды, 414 адамға қатысты (1,8%) үкімдер өзгертілді (2011 жылдың 1 жартыжылдығында 140 адамға қатысты немесе 0,5% үкімнің күші жойылды, 476 адамға қатысты немесе 1,7% өзгертілді).

Әкімшілік істер бойынша 160 қаулының күші жойылды немесе 0,1%, 185 қаулы өзгертілді немесе 0,1% (2011 жылдың 1 жартыжылдығында 184 қаулының күші жойылды немесе 0,1%, 212 қаулы өзгертілді немесе 0,2%).

Осылайша қабылданған сот актілерінің 98%-ы заңды әрі негізді деп танылып отыр.

Нормашығармашылық қызмет.

Жоғарғы Сот біркелкі сот практикасын қалыптастыру мақсатында сот практикасына бірқатар қорытулар жүргізді. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алу туралы даулар бойынша, қылмыстық заңның кері күшін қолдану бойынша, кәмелетке толмағандарға қылмыстық жаза тағайындау және оларды қылмыстық жауаптылықтан босату бойынша және т.б. Сот практикасын қорытудың нәтижесінде «Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы соттардың қолдануы туралы» нормативтік қаулының жобасы дайындалып, оны қабылдау ағымдағы жылдың 2 - жартыжылдығына жоспарланды.

Сот практикасының өзекті мәселелерін түсiндiру мақсатында екі нормативтік қаулы: іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы қолданудың кейбір басқа да мәселелері туралы; прокурордың, тергеу және анықтау органдарының іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне жасалған шағымдарды соттардың қарауы туралы (ҚІЖК-нің 109-бабы) шығарылды. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің қабылдануына және сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты нормативтік қаулыларға әке болуды анықтау және әке болуды тану фактілері жөніндегі сот практикасы туралы, соттардың балаларды тәрбиелеуге байланысты дауларды шешу кезінде заңды қолдануы туралы, соттардың некені бұзу туралы iстердi қараған кезде заңды қолдануы туралы, соттардың бала асырап алу туралы iстердi қарау кезiнде неке және отбасы туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы түзетулер енгiзiлді.

Мемлекет басшысы есептік кезеңде «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңға және «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің күші жойылды деп тану туралы» Заңға қол қойды. Осы түзетулер сот құрылысын одан әрі жетілдіруге, Жоғарғы Сот Кеңесінің рөлін арттыруға және соттардың тәуелсіздігінің кепілдігін нығайтуға бағытталған. Жаңартылған заңнамаға сәйкес, тәртіптік-біліктілік алқаларының институты таратылып, оның функциялары Сот жюриіне берілді.

Сонымен қатар, сот ісін жүргізуді одан әрі жетілдіруге және соттардың істерді қарау жеделдігін арттыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне істерді қараудың апелляциялық, кассациялық және қадағалау тәртібін жетілдіру, сенім деңгейін арттыру және сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң есептік кезең ішінде қабылданды. Заң істерді жаңадан сот қарауына жіберу институтын алып тастауды, апелляциялық сатыдағы сот актілерінің жария етілген күнінен бастап заңды күшіне енуін көздейді. Кассациялық іс жүргізу заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығын тексеруді көздейді. Бұл ретте, апелляциялық және кассациялық талқылау Жоғарғы Сотқа одан әрі жүгінудің міндетті шарты болуға тиіс.

Сот жүйесін одан әрі оңтайландыру мақсатында Жоғарғы Сот судьяларының штат саны 48 бірліктен 33 бірлікке дейін қысқартылды.

Соттарды әрі қарай мамандандыру жұмыстары жалғасуда. Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 ақпандағы Жарлығымен барлық өңірлерде және екі ірі елді мекенде 16 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот құрылды. Қазіргі кезде осы соттардың штаттары толықтырылды және олар жұмысқа кірісті.

Судьялардың жауапкершілігін күшейту, олардың судья әдебі нормаларын сақтау және олардың біліктілігін арттыру мәселелері.

Судьялардың қатарын судьяның жоғары атағына лайықты емес адамдардан арылту жұмыстары жалғастырылуда.

Есепті кезеңде теріс негіздер бойынша 1 судья Сот жюриінің қорытындысына байланысты қызметінен босатылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 2 шілдедегі Жарлығымен теріс негіздер бойынша 3 судья қызметінен босатылды, соның ішінде 1 адам Сот жюриінің қорытындысына байланысты, 2 адам судьяға қойылатын талаптарды орындамағаны үшін босатылды (2011 жылдың 1 жартыжылдығында 14, соның ішінде 3-еуі Сот жюриінің қорытындысы бойынша, 11-і судьяға қойылатын талаптарды орындамағаны үшін). 2 судьяға қатысты қылмыстық іс қозғалды (2011 жылдың 1 жартыжылдығында 2). 2 судья сотталды (2011 жылдың 1 жартыжылдығында 1 судья сотталды).

Есепті кезеңде судьялардың іс-әрекеттеріне жазылған 766 шағым қаралды. Бұл ретте 184 шағымда жазылған дәлелдер немесе 24%-ы расталды (2011 жылдың 1 жартыжылдығында – 773, соның ішінде 177 немесе 23%-ы расталды).

Есепті кезеңде Сот жюриі кәсіби жарамдылықты анықтау туралы 4 судьяға қатысты материалдарды қарады (2011 жылдың 1 жартыжылдығында - 3). Қараудың нәтижелері бойынша 2 судьяға (2011 жылдың 1 жартыжылдығында - 3) қатысты - кәсіби жарамсыздығына байланысты атқарып отырған қызметіне сай еместігі туралы, 2 судьяға қатысты – кәсіби біліктілігін арттыруы жөнінде шешім қабылданды.

Біліктілікті арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институтында 244 судья оқып шықты. Судьялар үшін тұрақты сот оқуын ұйымдастыру жүйесінде сот тәжірибесіне негізделген қашықтықтан оқыту курстары, облыстық және оған теңестірілген соттардың оқу орталықтарының негізінде ұйымдастырылған республикалық және аумақтық деңгейде өткізілетін оқу семинарлары маңызды рөл атқарады. Қашықтан оқыту жүйесі бойынша Жоғарғы Соттың судьялары лекция оқиды. Атап айтқанда, Ф. Эберт қорымен және Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілеттігімен бірлесіп, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар өкілдерінің, халықаралық және мемлекеттік емес ұйымдардың, әлеуметтік қызметкерлердің, психологтардың және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия өкілдерінің қатысуымен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың алғаш рет тағайындалған төрағалары үшін «Ювенальдық әділет және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттардың оның қалыптасуындағы рөлі» тақырыбына оқу семинары өтті.

Үздіксіз оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2012 – 2016 жылдарға арналған сот оқуы стратегиясы бекітілді. Осы бағдарламалық құжат судьялардың және сот жүйесі қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеруге бағытталған оқу іс-шараларының жетілдірілуіне ықпал ететін болады.

Халықаралық ынтымақтастық.

Мәскеуде (Ресей Федерациясы) Халықаралық заңгерлер одағы Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысының шеңберінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Халықаралық заңгерлер одағы төрағасының орынбасары лауазымына сайланды.

Ағымдағы жылдың сәуірінде (Пекин қ., Қытай Халық Республикасы) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы бастаған қазақстандық делегация Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Жоғарғы Сот Төрағаларының кезекті жетінші Кеңесінің жұмысына қатысты.

Жоғарғы Сотта Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Кеннет Фэйрфакс және Астанадағы USAID офисінің басшысы Бенджамин Чапман мырзалармен кездесті.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жергілікті соттардың судьялары мен қызметкерлері Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамының (GIZ) қолдауымен Берлин қаласына барып, соттардың жұмысымен танысып қайтты.

Жоғарғы Соттың Еуропалық Одақ жобасымен ынтымақтастығы шеңберінде Эстония және Франция мемлекеттерінің қылмыстық іс жүргізу заңнамасының реформаларымен танысу үшін Жоғарғы Сот делегациясы Эстония және Франция елдеріне барып келді.

Астанада Жоғарғы Соттың өкілдері «Қазақстан Республикасындағы құқық және сот реформасына көмек» атты Еуропалық Одақ Жобасының халықаралық сарапшылары – Париж қаласы Апелляциялық соты прокурорының орынбасары Лоик Геренмен (Франция), Беневенто қаласы Апелляциялық сотының прокуроры Джиованни Полчини Тартагалиа (Италия), Беневенто қаласының медиаторы Беневенто Фабио Панноне (Италия), ЕО Жобасы басшысының міндетін атқарушы Флавия Галанти мырзалармен кездесті. Кездесу барысында қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының реформалары талқыланды, сондай-ақ тәжірибе алмасылды.

Алматыда Жоғарғы Сот Қазақстан Республикасының Судьялар одағымен бірлесіп, ЕО Жобасының қолдауымен «Ювенальдық әділет. Сот, полиция, медицина, әлеуметтік және психологиялық қызметтердің мамандандырылуы, өкілеттіктердің ара-жігін ажырату және осы қызметтердің еуропалық практика негізіндегі өзара іс-қимылы» тақырыбында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарға жаңадан тағайындалған судьяларға арналған өңірлік семинар ұйымдастырды. Семинарды ЕО Жобасының сарапшысы, Францияның ювенальдық судьясы ретінде 10 жылдық тәжірибесі бар, ювенальды әділет мәселесі бойынша Париж қаласының Апелляциялық соты Бас прокурорының бірінші орынбасары Элизабет Катта өткізді. Семинардың жұмысына сондай-ақ әлеуметтік қызметкерлер/психологтар мен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелерінде маманданып жүрген адвокаттар қатысты.

Астанада Жоғарғы Сот Қазақстандағы БҰҰ-ның Даму бағдарламасымен бірлесіп судьялардың, құқық қорғау органдары өкілдерінің, әкімдіктердің және медиаторлардың қатысуымен «Қазақстанда медиация институтын енгізу» атты ақпараттық өңірлік семинар өткізді.

Соттардың ашықтығын және жариялылығын, сондай-ақ халықтың құқықтық сауатын жоғарылату мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл мақсатты түрде жүзеге асырылуда.

Жоғарғы және облыстық соттардың судьяларының және баспасөз қызметтерінің қатысуымен орталық және өңірлік деңгейде баспасөзде және электрондық басылымдарда 5 223 мақала жарияланды, теледидар мен радиода 1 540 бағдарлама мен сұхбат, 415 баспасөз конференциясы мен брифингтер, Жоғарғы Соттың, облыстық және оған теңестірілген соттардың Интернет-ресурстарында 3 370 мақала мен ақпарат жарияланды. Жоғарғы Соттың ресми өкілінің қатысуымен БАҚ үшін ай сайын брифингтер өткізілді. Бейнероликтер жасалды, олар «Қазақстан» және «Хабар» телеарналары арқылы көрсетілді, сондай-ақ «Қазақстан» телеарнасында «Қылмыс пен жаза» және «Астана» телеарнасында «Әйгілі іс» бағдарламаларының түсірілуін ұйымдастыру үшін тиісті көмек көрсетілді. Алдағы уақытта республикалық телеарналардың біреуінде «Сот практикасы» атты 25 телебағдарлама жасап тарату жоспарланып отыр.

Республика соттарының аса маңызды әрі пікір туғызған істерді қарауы туралы.

Ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығында соттардың өндірісінде пікір туғызған барлығы 511 іс, соның ішінде 284 қылмыстық, 157 азаматтық және 70 әкімшілік іс болды. Бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 56,8%-ға кем (2011 жылдың 2-ші жартыжылдығында – 1 182 іс, соның ішінде 310 қылмыстық, 862 азаматтық және 10 әкімшілік іс).

2011 жылдың 2-ші жартыжылдығының ұқсас көрсеткіштерімен салыстырғанда қылмыстық істердің саны 4%-ға азайды. Бұл ретте адам өлтіруге байланысты істердің саны 67 істен 59 іске дейін, сыбайлас жемқорлық қылмыстармен байланысты істердің саны 92 істен 57 іске дейін, есірткі және психотроптық заттардың ірі көлемінің айналымына байланысты істердің саны 43 істен 31 іске дейін азайды. Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстарға байланысты істердің саны 82 істен 90 іске дейін, қоғамдық-саяси тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты бұзуға қатысты істердің саны 9 істен 24 іске дейін, 1 миллион АҚШ долларынан астам сомада мемлекет қаражатын ұрлауға байланысты істердің саны 11 істен 16 іске дейін, қарудың заңсыз айналымына байланысты істердің саны 3 істен 4 іске дейін көбейді. Адамды ұрлауға, саудаға салуға байланысты істердің саны (3 іс) сол деңгейде қалды.

Азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде соттардың өндірісіндегі істер санының 5,5 есе кемігені байқалды. Істер санының 6,5 есе азаюы (830 істен 127 іске дейін) әлеуметтік-экономикалық заң бұзушылықтармен, соның ішінде азаматтардың еңбек құқықтарымен, жалақының төленбеуімен және жұмыстан жаппай шығарумен байланысты. Өткен кезеңмен салыстырғанда әкімшілік істердің саны 7 есе көбейді. Әкімшілік істер санының көбеюі ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Алматы қаласында рұқсат етiлмеген митингтерді өткізуге (48 іс), Жаңаөзен қаласында енгізілген төтенше жағдай кезiнде құқық тәртібін бұзуға итермелейтiн iс-әрекеттерді жасауға (14 іс), Атырау облысында заңсыз діни уағыз жүргізуге (5 іс) байланысты.

Есепті кезеңде БҰҰ Даму бағдарламасының тапсырысы бойынша мемлекеттік емес, коммерциялық емес ұйым - Құқықтық саясатты зерттеу орталығы 114 сотта тәуелсіз әлеуметтік сауалнама өткізді. Оның қорытындылары халықтың соттардың қызметіне тұтастай алғанда оң баға беретінін көрсетті. Есеп соттардың 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысын қорытындылауға арналған кеңейтілген кеңесте таныстырылды, БАҚ-та кеңінен жарияланды.

Экономикалық даму және сауда министрлігінің ақпараты бойынша «Сот тәуелсіздігі» көрсеткіші бойынша Дүниежүзілік экономикалық форумның Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексінің (бұдан әрі - ДЭФ БҚЖИ) 2012 жылғы рейтингінің деректері тек ағымдағы жылдың қыркүйегінде жарияланатын болады (Қазақстан 2011 жылы осы көрсеткіш бойынша ДЭФ БҚЖИ рейтингінде 111 орынды иеленді).

Жоғарғы Сот Төрағасы 2012 жылдың 1-ші жартыжылдығында сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындысы жөніндегі судьялардың кеңейтілген кеңесінде сот жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған мына негізгі міндеттерді:

  • сот төрелігін сапалы жүзеге асыруды қамтамасыз етуге және тиісінше істерді қарау кезінде заңдылықты бұзғаны үшін судьялардың жауапкершілігін күшейтуге байланысты халықтың сот жүйесіне сенімін арттыруды;

  • судьяларды мамандандыруды одан әрі дамытуға және кәсіби біліктілікті арттыруға бағытталған Сот оқуының 2012-2016 жылдарға арналған стратегиясын сапалы іске асыруды;

  • қазіргі талаптарға сай келетін электрондық сот төрелігін дамытуды;

  • дауларды шешудің, соның ішінде медиация институтын қолданудың халықтың сот төрелігіне қол жеткізуіне әкелетін баламалы тәсілдерін одан әрі кеңейтуді атап өтті.

Міне осылайша, Жоғарғы Сот Мемлекет басшысының сот төрелігінің тиімділігін жоғарылату және азаматтардың соттарға деген сенімін нығайту туралы судьялардың V-ші съезінде берген тапсырмаларын жүзеге асыру жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастыруда.

Қазақстан Республикасының

Жоғарғы Соты


Похожие:

2012 жылдың бірінші жартыжылдығында сот төрелiгiн жүзеге асыру қорытындылары туралы iconАтырау облысы соттарымен 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыстық істерді қараудағы сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі ақпарат
Атырау облысы соттарымен 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыстық істерді қараудағы сот төрелігін жүзеге
2012 жылдың бірінші жартыжылдығында сот төрелiгiн жүзеге асыру қорытындылары туралы iconҚарағанды облысы Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы
Арағанды облысының Дін істері департаментінде діни қатынастар мен конфессияаралық және этникааралық келісімді қамтамасыз ету саласындағы...
2012 жылдың бірінші жартыжылдығында сот төрелiгiн жүзеге асыру қорытындылары туралы icon2010 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша Жарма ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы
Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда барлық кәсіпорындар және есептік топтар бойынша өнеркәсіп өнімінің өндіріс көлемінің...
2012 жылдың бірінші жартыжылдығында сот төрелiгiн жүзеге асыру қорытындылары туралы iconЖeкe айыптау қылмыстық iстeрiн қараудағы сот тәжірибесін талдап қoрыту
Атырау облыстық сотының 2010 жылдың eкінші жартыжылдығындағы жұмыс жoспарына сәйкeс, осы жылдың бірінші жартыжылдығында жeкe айыптау...
2012 жылдың бірінші жартыжылдығында сот төрелiгiн жүзеге асыру қорытындылары туралы icon2011 жылдың 17 ақпандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі №151 қаулысымен бекітілген
Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын іске асыру туралы 2012 жылдың бірінші жартыжылдық...
2012 жылдың бірінші жартыжылдығында сот төрелiгiн жүзеге асыру қорытындылары туралы iconҚосымша 2012 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің стратегиялық жоспарын іске асыру туралы талдамалық анықтама
2012 жылдың бірінші жартыжылдығында сот төрелiгiн жүзеге асыру қорытындылары туралы iconАуданның 2012 жылдың І тоқсанының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
«Қалбатау насос сорғы жабдықтау зауыты» серіктестігінің өнеркәсіптік өнім көлемі былтырғы жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда...
2012 жылдың бірінші жартыжылдығында сот төрелiгiн жүзеге асыру қорытындылары туралы icon2012 жылға арналған «Саран қаласының ішкі саясат бөлімі» мм
Республикасы Прзиденті Н.Ә. Назарбаев «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру қорытындылары...
2012 жылдың бірінші жартыжылдығында сот төрелiгiн жүзеге асыру қорытындылары туралы iconҚызылорда облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат
Дін істері департаменті аймақтағы діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлесе бекітілген...
2012 жылдың бірінші жартыжылдығында сот төрелiгiн жүзеге асыру қорытындылары туралы iconСот билігін жүзеге асыру жұмысына қатысты азаматтардан жиналған қоғамдық пікірлері бойынша 2011 жылдың 3-ші тоқсанына талдау
Жамбыл облыстық соты кеңсесінің 2011 жылдың екінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарын орындау мақсатында осы талдау жасалды
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница