ҚОҒамдық білім негіздері




Скачать 149.12 Kb.
НазваниеҚОҒамдық білім негіздері
Дата конвертации20.11.2012
Размер149.12 Kb.
ТипДокументы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

ҚОҒАМДЫҚ БІЛІМ НЕГІЗДЕРІ



ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
11 сынып
жаратылыстану-математикалық бағыт

Астана 2010

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

ҚОҒАМДЫҚ БІЛІМ НЕГІЗДЕРІ



жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 11 сыныпқа арналған
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


Астана 2010

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген

Бағдарлама авторлары: Ибраева А.С., Жусанбаева Г.М., Локтионова С.Н., Қасымова А.К.

Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағыттағы

11 сыныпқа арналған «Қоғамдық білім негіздері» оқу бағдарламасы.– Астана, 2010. – 13 б.

© Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім беру академиясы, 2010

І. ТҮСІНІК ХАТ
«Қоғамдық білім негіздері» пәні оқушының адамзат өмірінің әрқилы жақтарын оның күрделі құрылған жүйеде, өмір сүруін қамтамасыз ететін, өзара іc әрекетін, қоғамның дамуын біртұтас алғанда және оның жеке мүшелерін әлеуметтік негізгі құрылымын игеру арқылы және оның механизмдерінің қызметін ғылыми тұрғыдан көруге бағытталған. «Қоғамдық білім негіздері» оқу пәнін оқыту оқушылардың адамгершілік- өмірлік ұстанымын қалыптастырып, азаматтық жауапкершілігін арттыру арқылы өз отанының патриоты болуына көмектеседі. Қоғамдық сана, қоғамдық байланыстар және қарым-қатынастар саласындағы адамзаттың, қоғамның және өркениеттің даму заңдылықтары туралы ғылыми және тәжірибелік білім.

Мақсаты - қоғам алдында жауапты және белсенді, қоғамдық құбылыстарды саналы және сауатты түрде талдай білетін, демократиялық құндылықтарды және ұлттық ұстанымды бойына сіңірген, әлеуметті-мәдениетті,экономикалық және құқықтық өз-ара әрекетке дайын және отанының, әлемнің әлеуметтік өміріне белсене қатысатын азаматты қалыптастыру.

  • әлеуметтік қызмет үрдісінде қажет, ақпаратты бойына жинаған, алдын болжай алатын және жан-жақты шешім қабылдай білетін дағдыларды оқушы бойын сіңіру.

  • жалпы әлемдік және ұлттық мәдениет негізіндегі қоғамдық құндылықтарды бойларына меңгерту.

  • қоршаған әлемге дұрыс адамгершілік ұстанымдарды, құндылықтарды бойына дарытып өз үлесін қосатын жеке тұлғаны қалыптастыру.

Жоғарыда аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендігідей міндеттер қойылады:

  • қоғамдық білім негіздерін оқушы бойында қоғамдық сана мен тәртіптік қағиданы, заңдылықты ретіндегі міндеттілік деп қалыптастыру;

  • қоғамдық өмірде, өзара іс-әркетте өзінің пікірін, қарым- қатынасын қалыптастыру;

  • қоғамдық үрдістерді қоғамдық тұрғыда талдау талдау үшін қажетті маңызды басымдылықтар туралы мәлімет беру;

  • қоғамдық құбылыстарға, оқиғаларға, жеке тұлғаларға қатысты әділ, нақты өзінің пікірін, жауапкершілігін қалыптастыру;

  • меңгерген қоғамдық біліміне, нақты өмір жағдайларындағы, тәжірибелік үдерістеріне сүйене отырып, қоғамдық ой-пікірлерге қатысушылардың ұстанымын дұрыс түсіне білу дағды- біліктілігін қалыптастыру;

  • кез-келген уақытта, кез- келген жердегі қоғам қайраткерлерінің қоғамдық қызметін салыстыра біліге сипаттауға және олардың іс- әрекетінің бейнесін бағалауға үйрету, сондай-ақ қоғам үшін маңызды қайраткерлерге қатынасын ауызша және жазбаша түрде білдіру дағдысын қалыптастыру;

  • әр түрлі қоғамдық жүйелерді, салыстыра отырып, талдай білу дағдысын қалыптастыру;

  • қоғамдық үдерістерді жалпы түрде алып талдау дағдысын жетілдіру;

  • адамзат пен азаматтардың қоғамдық өмірін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі жайлы түсінік қалыптастыру, сондай-ақ отандық қоғамдық үрдерістің ұлттық мәдениетті дамытудағы ролін қалыптастыру.

  • Оқушылардың маңызды оқу материалдарын орындауға бағытталған қызметін белсендіру.


Пән бойынша оқу жүктемесі

Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының типтік оқу жоспарына сәйкес «Қоғамдық білім негіздері» оқу пәні бойынша оқу жүктемесі:

11 сыныпта аптасына - 2сағат, оқу жылында- 68 сағат құрайды

Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі

Таңдау және қолданбалы курстардың бағдарламасының мазмұнын құрғанда оқушының таңдауына және ата- аналардың талап- тілектері ескерілуі керек.

Мұндай курстардың тақырыптар әр түрлі: «Саяси қайраткерлер»,

«Қазақстан халықтарының рухани байлықтары», «Ойлау мәдениеті», «Оқушылардың өз бетінше білім алуы», «Әлем қандай ғажайып», «Әлемдік көркемсурет мәдениетінің тарихы», «Ақша тарихы», банки және әлемдік экономика», «Еңбек- байлықтың көзі», «Қазіргі менеджмент және маркетинг», «Жарнама. Кешегі мен бүгінгі», « Есептеу әлеміндегі адам» және т.
II.ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ

11-сынып

(аптасына 2сағат, жылына 68сағат)

Кіріспе (1сағат)

1- тақырып

Әлемдегі адам (9сағат)

Адам мәселесі. Адамның мәні, Адамның шығу тегі туралы түсінік. Адам өмірі және оның мәні.

Адамның қалыптасуы туралы философиялық көзқарастар. Әлемнің ғылыми философиялық сипаттамасы. Философияның негізгі мәселесі. Материалистік және идеалистік.

Материя туралы түсінік. Қозғалыстың философиялық мәні. Қозғалыс түрпаттары. Шексіздік және дүниенің шексіздігі.

Философиядағы сана мәселесі. Сана туралы түсінік. Сананың құрылысы. Сана және ақыл. Ойлау және тіл. Сана және санасыздық.

Адамның дүниені танып білуі; бақылау, сезіммен және ұтымды қабылдау. Дүниені танып білудегі түрлі көзқарастар. Таным обьектісі мен субьектісі. Ғылыми таным: теория ғылыми таным формасы ретінде.

Ақиқат – таным теориясының басты мәселесі. Ақиқат оның критерийлері: ақиқаттың обьективтілігі, нақтылығы; абсолют және салыстырмалы ақиқат. Адасу. Қоғамдық практика. Ақиқаттығ критерийі ретінде.

Даму туралы ғылым. Диалектика. Материалдық дүние дамуының жалпылама заңдылықтары. Диалектика заңы.
2- тақырып Қоғам және оның дамуы (6 сағат)

Социология пәні оның басқа ғылымдармен байланысты фунциялары. Соцуим туралы түсінік Ежелгі дәуір ойшылдары адам және қоғам жөнінде: Конфуций, Платон, Аристотель. Орта ғасырлар және жаңа дәуір ойшылдары адам және қоғам жөнінде: Қорқыт Ата, Әл-Фараби, Т.Гоббс, Г.Гегель. Әділетті қоғам моделі. Еңбек қоғамы. Француз социалистерінің әділетті қоғам туралы. Әскери қоғам. Өнеркәсіптік қоғам. Қоғам туралы марксистік ғылым. Ашық қоғам. Оқшауланған қоғам. Қоғам сұранысы Қоғамның көптүрлігі.

Қоғамның даму заңдылықтары. Даму критерийлері. Даму факторы. Қоғам дамуының статистикалық мәліметтері. Қоғамдық прогресс және регресс. Эволюция. Әлеуметтік революциялар. Қоғамдық тарихи үрдіс: заңдылықтары мен тенденциялары.

Қазақ ойшылдары адам және қоғам жөнінде: Асан Қайғы, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Ш.Уәлиханов, Абай, Ә.Бөкейханов, М.Шоқай және басқалар.

ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыс және демократиялық ойдың дамуы. С. Торайғыров, Ә. Бөкейханов, М. Шоқай, А. Байтұрсыновтың көзқарастары мен идеялары. Алаш қайраткерлерінің көзқарастары.
3- тақырып Өркениет (16сағат)

Өркениеттер. Өркениет құндылықтар және идеялар жүйесі ретінде. Тарихқа өркениетті келіс. Өркениеттерді саралау: Шығыс және Батыс өркениеттері; аграрлы, индустриялы және постиндустриялы қоғамдар. Шығыс өркениеттері: орнықтылығы, әлеуметтік-құрылымдық ерекшеліктері. Шығыс адамының дүниетанымы. Араб өркениеті. Батыс өркениеттері: ежелгі грек өркениеті; эллин мәдениетінің таралуы, ежелгі римдік өркениет. Батыс адамының дүниетанымы. Азаматтық құндылықтар. Еуропалық феодализм. Индустриялы өркениетке көшу. Капиталдың пайда болуы. Қайта өрлеу дәуірінің құндылықтары. Еуропалық парламентаризм.

Шығыс пен Батыс ортасында. Ресей: даму ерекшеліктері. Славян-түркі байланыстары. Алтын Орда — Русь қатынастары: прогрессивтік нышандар. Түркі өркениеті: сипаты, шаруашылық жүргізуі. Түркі халықтарының дүниежүзілік мәдениетке қосқан үлесі. Номадизм — түркі өркениетінің бір тармағы: әлеуметтік-адамгершілік құндылықтар. Прогрестің баяу жүруінің себебі.

Индустриялыдан кейінгі қоғамға өту. Қоғамдық даму жолдары мен формаларының көп түрлілігі. Дүниежүзілік қауымдастық: мемлекеттер, діндер, тілдер. Қазіргі өркениеттердің ерекшеліктері. Ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП) — қазіргі замандық өркениеттің мазмұнын айқындаушы фактор. ҒТП-нің қоғам дамуына әсері. ҒТП және материалдық өндіріс. Қазіргі заманның ғаламдық проблемалары: ұлтаралық және мемлекетаралық қатынастар, соғыс және бейбітшілік мәселелері; "Солтүстік-Оңтүстік" мәселелері, экологиялық апат қаупі және оны сейілту шаралары. Дүниежүзілік қауымдастықтың даму жолдары және болашағы. Қазіргі дүние жүзінің тұтастығы. Ғаламдастыру.

Қазақстан - дүниежүзілік қауымдастықтың құрамдас бөлігі. Жаңарулар өрісіндегі Қазақстан: әлемдік интеграцияға төте араласу, реформаның мазмұны және бағыттары, өтпелі кезеңнің қайшылықтары. Реформалар жағдайындағы адам факторы.
4- тақырып. Қоғам және экономика( 6 сағат)
Адам өмірінің материалдық жағы. Қоғамның материалдық қамтамасыздығы. Экономиканың мәні және оның қоғам өміріндегі рөлі. Менеджмент. Маркетинг. Нарықтық экономика жағдайындағы тауар өндірісі. Нарық және мемлекет. Адамның материалдық құндылықтарды игеруі.

Қазақстан экономикасында нарықтық қатынастардың қалыптасуы. Нарықтық экономика үлгілері. Өтпел кезеңнің қиындықтары. Экономикалық дағдарыс. Тұтынушылардың құқығын қорғау.

Табиғи ресурстарды және оларды тиімді пайдалану. Капитал. Қаржы-несие саясаты. Ұлттық жиынтық өнім. Бюджет. Салықтар және салық саясаты. Салық төлеушілер.

Макрэкономикалық көрсеткіштер. Бюджет.қалыптасуы мен пайдалануы.

Көлеңкелі экономика: пайда болуы, салдары, онымен күрес әдістері.

Әлемдік экономикалық интеграцияда Қазақстанның орны. Ұлттық экономиканың болашағы.

5- тақырып Қоғам өмірінің әлеуметтік дамуы. (3сағат)

Қоғамның әлеуметтік құрылымның өзгеруі. Әлеуметтік таңдау. Орта тап- тұрақтылық кепілі. шағын және орта бизнесті дамыту. Тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз ету. Өмірлік деңгей. Тіршілік минимумы. Әлеуметтік орнықтылық. Әлеуметтік жауапкершілік. Өмір салты.

Қала мен ауыл. Кенттену мәселелері. Демография: санаттары. Демографиялық саясат және оның мәні. Қазіргі Қазақстанның демографиялық жағдайы мен оның болашағы. Қазақстандық халық
6- тақырып Қоғам өмірінің саяси аясы (12сағат)
Саясаттың қоғам өмірінде алатын орны. Саяси құрылымы оның функциялары. Саяси қатынастар. Саяси жүйенің түрлері. Саясат және мемлекет.

Азаматтық қоғам: белгілері, құрылымы, болашағы. Азаматтық қоғамның мемлекетпен қарым- қатынасы.

Саяси сана: оның түрлері және қызметі. . Саяси жетекші және бұқара. Саяси мәдениет. Бұқараның саяси санасы. Саяси еркіндіктер мен құқықтар. Саяси діл. Идеология. Плюрализм. Бұқаралық ақпарат құралдарының саяси сананы өсіруде атқаратын рөлі.

Демократияның тарихи формалары, әр түрлі тұжырымдар және моделі. Демократияны қалыптастыру шарттары. Демократияның ұстанымдары. Билік органдары жүйесінің демократия тұсындағы іс- әрекеті.

Демократиялық сайлау. Сайлаудың жариялығы. Сайлау комиссиясының құру ұстанымдары. Сайлау комиссиясында партия мен қозғалыс өкілдері. Азаматтық-саяси қатысу. Сайлаушы. Сайлаушының дауысының мәні мен ролі. Саяси менталитет. Азаматтардың мемлекеттік саясатқа әсері.

Қазақстан Республикасы- демократиялық мемлекет. Демократиялық қоғам құрылымының алғы шарттары. қазақстандық

Парламентаризмнің дамуы.

Саяси элита: түрлері, кадрларды таңдау мен іріктеу. Саяси лидер оның функциялары.
7- тақырып Қоғам өмірінің мәдени-рухани аясы (6 сағат)
Мәдениет қоғамдық құбылыс. Мәдениеттің анықтамасы. Рухани мәдениеттің сипаттамасы. Қазақстан қоғамының мәдени дамуының динамикасы. Қазіргі Қазақстанның мәдениеті: ғылым, білім, көркем өнер. Мәдениеттің алдында тұрған проблемалар. Қазіргі замандық қоғам мәдениетінің даму динамикасы. Қазақтың ұлттық мәдениеті: ерекшелігі, дәстүр жалғастығы, эстетикалық сана мәселелері. Қазақстан халықтарының мәдениеті: мәдени қоғамдар. Дін мәдениеттің бір формасы ретінде. Дін және саясат. Дін және жастар. Мораль: негізгі ұстанымдары, практикалық бағдары, реттеуші мүмкіндігі. Моральдық қатынастар. Қоғамның моралі. Ұлттық мораль. Тұлғааралық қатынастар. Қақтығыстар және олардың шешілуі. Адам және ұжым. Іскерлік этикет.

Қазақстан халықтарының мәдениеті: мәдени қоғам. Тәуелсіз қоғам жағдайында мәдени- рухани қайта өрлеу. Мәдениетті дамытудағы екі қарама қарсы тенденциялар және олардың себептері. Ұлттардың рухани тұрмыс. Руханилықтың мәні, Көркем өнердың тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруда алатын орны.

ІІІ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

11-сынып оқушылары:

«Адам» мазмұндық желісі бойынша:

  • Адам, табиғат, әлем, матералистік, идеалистік, дуалистік, онтология, гносеология, материя, қозғалыс, уақыт, кеңістік, сана, таным, тілі, ойлау ақиқат, даму, диалектика терминдерін білу.

  • Адам қызметі түрлерін және қызметке құлшыныс тудыратын факторларды атау.

  • Адам бойындағы табиғи және әлеуметтік нышандарға, адамның интеллектуалдық және тәни мүмкіндіктеріне сипаттама беру.

  • Танымның обьектісі мен субьектісі, танымның сезімдік және ұтымды қабылдауы, ғылыми, ғылыми емес танымдарды салыстыру

  • Сыртқы критерийлерді ескере отырып, қоғам құндылықтарын багалау.


"Қоғам " тақырыбы бойынша:

  • Қоғамға динамикалық жүйе ретінде, тұлғаға тарих субъектісі ретінде, тарихтағы халық бұқарасының рөліне, қоғамның барлық өмір аяларының ара байланыстарына, ғаламдық проблемалардың мәніне, қоғам және табиғат диалектикасына, экологиялық проблемалардың ғаламдық сипатына және қазіргі кезеңде олардың шиеленісуіне, экологиялық дағдарыстың табиғи тепе-теңдіктің бұзылуын сипаттай алады;

  • Қоғамдық дамудың мәнін, көпнұсқалылығын және қарама-қайшылықтылығын; мәдениеттер мен өркениеттердің арақатынасын, қазіргі қоғамдағы негізгі жалпыадамзаттық жетістіктер мен құндылықтарға, қоғамдық реформалардың маңызына, экологиялық саясаттың негізгі бағыттарына, қоршаған ортаны қорғау шараларының тиімділігіне, әлеуметтік еркіндіктің шарттарын, әлеуметтік саясаттың нәтижелерін талдай алады.

"Қоғам өмірінің экономикалық аясы" бойынша:

  • Еңбек өнімділігі, бағалы қағаздар, жекешелендіру, инфляция, экономикалық тиімдылық, ұлттық жиынтық өнім, ұлттық табыс, бюджет, инвестиция. Тіршілік минимумының өлшемдерін, экономикалық өрлеу факторларын атай біледі;

  • Экономикаға жүйе ретінде, экономикалық мүдделердің мазмұнына, экономикалық қызмет субъектісі ретіндегі кәсіпорынға, өндіріс факторы ретіндегі капиталға, нарықтың мәніне, нарықтың тұрпаттарына және олардың өзара байланысына, жұмыс күшінің құрылымы мен сапасына, қаржы-кредит саясатын, қазіргі замандық нарық жағдайындағы бәсеке мен монополияны, экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын, экономикалық қатынастар жүйесіндегі адамның жағдайын, экономикалық өмірдегі мемлекеттің рөлін, экономиканы мемлекет тарапынан реттеу әдістерін сипаттай алады.

«Қоғам дамуының әлеуметтік аясы» бойынша:

  • әлеуметтік құрылымның негізгі элементтерін, әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын, өмірлік деңгейдің өлшемдерін, әлеуметтік қайшылықтардың түрлерін, өмір салтының мазмұнын; әлеуметтік еркіндіктің мәнін және оның шекараларын; әлеуметтік қайшылықтардың түрлерін және әлеуметтік саясаттың өзара байланысын сипаттай алады.

"Қоғам өмірінің саяси аясы" тақырыбы бойынша:

  • Саяси ойлау, саяси сана, саяси харизма, саяси эволюция, саяси элита, саяси қақтығыс, консенсус, саяси норма, саяси модениет, саяси діл, идеология; Азаматтық қоғамның белгілерін, оппозицияның рөлін, халықаралық саяси ұйымдарды атай біледі.

  • Саяси жүйенің құрылымы мен қызметіне; саяси үрдіске әрекетпен қосылу ретіндегі саясатқа араласуға; саяси сана мен саяси төртіптің өзара әрекеттесуіне; саяси қақтығыстар және оларды шешу құралдарына; саяси оппозицияның мәніне; саяси реформалардың шарттарына, мақсаттарына және құралын сипаттай біледі.

  • Саяси қақтығыстардың мәнін, себептерін және оларды шешу жолдарын; саяси элитаның рөлін, саяси жетекші мен бұқараның рөлін; демократиялық қоғам құрудың алғышарттарын және әлеуметтік-экономикалық жағдайларын талдап түсіндіреді.

"Қоғам өмірінің мәдени-рухани аясы" тақырыбы бойынша:

  • Мәдени құндылықтар, ұлттық мәдениет, мәдени дәстүрлер, тұлғааралық қатынастар;Қазіргі замандық қоғамда білімнің даму ерекшеліктерін, ғылымның дамуының аса маңызды заңдылықтарын атай біледі;

  • Қоғамның және тұлғаның рухани құндылықтарды жасау, меңгеру және өткізіп беру жолдарына; рухани аяның негізгі элементтерін және олардың арасындағы байланыстарға; мәдениеттегі жаңалық пен жалғастықтың ара байланысына; ғылымдағы ажырату мен кіріктіруді сипаттай біледі.

  • "Мәдениет" және "өркениет" ұғымдарының арақатынасын, мәдени диалог ұғымын, мәдениетті жасау заңдылықтарын, мәдени саясаттың негізгі бағыттарын, рухани мәдениеттің негізгі элементтерінің байланыстарын, мәдениеттегі элиталық пен бұқаралықтың өзара байланысын, қоғамдық мораль мен іскерлік этикет арасындағы байланысты талдап түсіндіреді.

  • Сыртқы критерийлерді ескере отырып, өнердің қоғамдық маңыздылығын, қоғамдағы адамның қызметін реттеудегі мәдениеттің рөлін, тұлғааралық қатынастарды орнатудағы жүздесу мәдениетінің рөлін бағалайды.

IV. ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қоғамдық білім негіздері оқу пәнінің мазмұны мемлекеттік жалпыға міндетті негізгі орта білім беру стандартының Адам және қоғам» білім саласы бойынша берілген мазмұндық желілерге, сәйкес құрылады. Тұлғаға-бағдарланған білім беру жағдайында оқу үдерісін ұйымдастырудың маңызды ерекшелігі бағдарламада берілгендей білім беруді күтілетін нәтижелерге бағдарлау болып табылады. Бұл мәселе мемлекеттік жалпыға міндетті негізгі орта білім беру стандартындағы оқыту сапасын көтеру мен оқушыларды тәрбиелеу талаптарымен келісіліп қойылған.

Қоғамдық білім негіздері 11 сыныптарға арналған оқу бағдарламасы оқу пәні бойынша берілген міндетті мазмұн көлемін сақтай отырып, оны оқытудың түрлі тәсілдерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Оқу бағдарламасының базалық мазмұны мұғалімдерге оқушылардың теориялық білімі негізінде олардың практикалық тапсырмаларды орындау біліктерін қалыптастыруға көмектеседі.. Оқушылардың бағалау және болжай алу біліктерін қалыптастырушы практикалық жұмыстар жоғары сыныптарда басымырақ болады.

«Адам және қоғам» пәнінің ерекшелігі оның оқушылардың алған білімдерін жинақтаушы, қорытушы қызметіне сай, өзге пәндерде өтілетін материалдармен тығыз байланысты болып отырғандығында.

Біз қамтып отырған материал қоғам және гуманитарлық циклде енетін пәндермен ғана емес, жаратылыстану және дәл ғылымдармен, еңбек және өнер тобына енетін пәндермен тығыз байланыста болуы керек.

Пәнаралық байланыс білімнің толықтығын, тереңдігін қамтамасыз етуге әсерін тигізеді. Дидактикалық талаптардың негізгілерінің бірі болып табылатын білімнің тұтастығы да осы пәнаралық байланыста жүзеге асырылады.

«Адам және қоғам» пәнінің бағдарламасына енгізілген материалдардың ішіндегі өзге пәндерде берілетін білімдермен асы тығыз байланысты болып отыратындары, философиялық экологиялық мәселер көрсетілген тақырыпты болып табылады. Мысалы: Әлем құрылысы, Уақыт және кеңістік, Жер мәселелерін оқушылар физика пәнінде және қазақ әдебиеті пәнінен меңгерген фольклор, ертегілер, аңыздар сияқты қазақ ұлтының рухани мұраларының да материалдарын толық естеріне түсіріп қазақ сана-сезімінде адам және қоғам мәселелерінің қалыптасуын игере алады. Ал ХХ ғасыр әдебиетін оқығанда Абай және оның дарынды шәкірттерінің (Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Сұлтанмахмұт Торайғыров т.с.с.) мемлекет, саясат, тіл, өнер, білім туралы көзқарастары кеңінен қолданылады.

Адам қоғамының пайда болуы мен дамуына байланысты адам мен табиғат арасындағы байланыстарға қатысты мәселелер биология пәнінде өтілетін «Жануарлар әлемінің эволюциясы», «Табиғи қауымдастық» (8-сынып), «Көбею және даму» (9-сынып), «Эволюция ілімі», «Органикалық дүниенің дамуы», «Адамның пайда болуы» (10-сынып).

Қоғамның дамуына қатысты мәселелер дүниежүзі және Қазақстан тарихы пәнінде көптеген материалдарда көрсетілген. Бұл пәнде өткен, алғашқы қауымдық құрылыс, ру, тайпа, халық, ұлт, христиан және ислам діндерінің пайда болуы, және 9 сыныпта өткен құқықтану пәніндегі мемлекет, азаматтық қоғам, мемлекеттің функциялары сияқты материалдар басқа аспектілерде қолданылды.



Похожие:

ҚОҒамдық білім негіздері iconҚОҒамдық білім негіздері
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
ҚОҒамдық білім негіздері iconҚОҒамдық білім негіздері
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
ҚОҒамдық білім негіздері iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 3 қарашадағы №511 бұйрығы Жалпы білім беретін мектептерде «Дінтану негіздері»
Жалпы білім беретін мектептердің 9-сыныбына арналған «Дінтану негіздері» үлгілік білім беретін оқу бағдарламасын бекіту туралы
ҚОҒамдық білім негіздері iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
«Медициналық білім негіздері», «Жас ерекшеліктері анатомиясы, физиологиясы, гигиенасы», «Мамандыққа кіріспе»
ҚОҒамдық білім негіздері iconКертаева г. М. Педагогикалық деонтология негіздері қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Педагогикалық деонтология негіздері: оқу құралы. / Кертаева Ғ. – Павлодар, 2011. – 298 бет
ҚОҒамдық білім негіздері iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Математиканы оқытудың теориялық негіздері мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
ҚОҒамдық білім негіздері iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қҰҚЫҚтану негіздері
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
ҚОҒамдық білім негіздері iconДінтану пәнінен оқулықтар тізімі
Дінтану негіздері: жалпы білім беретін мектептердің 9-сыныбына арналған оқулық./ Ғ. Есім, А. П. Әбуев. – Алматы: Білім, 2010. – 312...
ҚОҒамдық білім негіздері iconҒылыми-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде бекітілген Х аттама № 2012 ж. 6М01150 – «Экономика және құқық негіздері»
Мемлекеттік жалпы білім беретін стандартқа сәйкес «6М011500 – Экономика және құқық негіздері» мамандығы бойынша құрастырылған. Бағдарлама...
ҚОҒамдық білім негіздері iconФ кгму 4/3-03/02 пп кгму 4/02
Силлабус «Маркетинг және менеджмент негіздері» пәні бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница