Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы




Скачать 449.38 Kb.
НазваниеҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы
страница1/4
Дата конвертации20.11.2012
Размер449.38 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

БИОЛОГИЯ
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
6–9 сыныптар

Астана 2010

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

БИОЛОГИЯ
жалпы білім беретін мектептің 6–9 сыныптарына арналған
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Астана 2010

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген




Бағдарлама авторлары: Жұмағұлова Қ.Ә., Жүнісқызы К., Әлімқұлова Р. Ә., Сәтімбеков Р., Ізбасарова Р.Ш., Нарымбет Ж.А.


Жалпы білім беретін мектептің 6–9 сыныптарына арналған «Биология» оқу бағдарламасы. – Астана, 2010. – 34 б.



© Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім беру академиясы, 2010


І. ТҮСІНІК ХАТ
«Биология» оқу пәнінің 6-9 сыныптарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес дайындалды.

Мектепте оқытылатын биология мазмұны тіршіліктің үш деңгейі туралы білімді қамтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ тіршіліктің біртұтастығын, дүниенің ғылыми бейнесіндегі орнын, биологиялық үрдістер мен құбылыстардың мәнін саналы түсінуге аса қажет жалпы биологиялық заңдылықтармен оқушыларды ертерек таныстырып, мектептің негізгі сатысының өзінде-ақ олардың жалпы білімдік дайындығының толық болуын қамтамасыз етеді.

«Биология» оқу пәнінің жалпы мақсаты – тіршіліктің мәнін ең жоғарғы құндылық деп түсінетін биологиялық және экологиялық тұрғыдан сауатты тұлға дайындау; биологияны оқыту процесінде оқушылардың танымдық қызығушылықтарын және интелектуалды қабілеттерін дамыту және әлемдік көзқарастардың ғылыми негіздерін қалыптастыру, тірі табиғат нысандары туралы білімді өздігінен меңгеруді және оны тірі табиғат процестерін, құбылыстарын, заңдылықтарын түсіндіру және практикада қолдану үшін біліктіліктерін қалыптастыру болып табылады.

Биологиялық бiлiм берудiң бұл мақсаты төмендегi:

– ғылымның әлемдік бейнесін жалпы адамзаттық мәдениетттің компонентті ретінде қалыптастыру;

– тірі табиғаттың заңдылықтарын оқып білу үрдісінде, тірі нысандарды бақылау және биологиялық тәжіибелер жүргізуде танымдық қызығушылықтарын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

– экологиялық және жалпы мәдениетке, өзінің және өзгелердің денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, адам өмірі ең жоғарғы құндылық екендігін жетік түсінуге тәрбиелеу.

– биологияны оқыту барысында оқушылардың проблемаларды шешу, ақпараттық және коммуникативтік біліктерін қалыптастыруға жағдай жасау.

– оқушылардың ғылыми-жаратылыс танымдық білімін және өздігінен білім алуды жалғастыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету сияқты міндеттерді шешуді талап етеді.

6-9 сыныптарда «Биология» біртұтас курс ретінде оқытылып, оның мазмұны дидактиканың дәстүрлі ұстанымдарымен бірге, тіршілікті тұтас жүйемен қарастыратын және дамыта отырып оқыту идеясының тұжырымдамалық іргелі ұстанымдарына орай қазіргі заманғы биологиялық ғылыми білім жүйесі негіздерін тұтастай қамтиды. Мұның өзі білім мазмұнының функционалдық толықтығы ұстаныма сай келеді. Бұл, тірі табиғат, оның басты компоненттері, қасиеттері, оларды танып білудің ғылыми логикалық әдіс-тәсілдері мен адам мен ірі табиғат арасындағы әрекеттік қарым-қатынас туралы білім негізгі сатыдағы биологияның мазмұнын құрайды, сыныптан сыныпқа өткен сайын білімнің деңгейі көтеріліп, тереңдеп, күрделеніп отырады.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес «Биология» оқу пәні бойынша оқу жүктемесі:

6 сыныпта «Биология. Тірі ағзалар» аптасына 1,5 сағаттан, жылына 51 сағат;

7 сыныпта «Биология. Тірі ағзалардың көптүрлілігі» аптасына 2 сағаттан, жылына 68 сағат;

8 сыныпта «Биология. Адам және оның денсаулығы» аптасына 2 сағаттан, жылына 68 сағат;

9 сынып: «Биология. Жалпы биология негізі» аптасына 2 сағаттан, жылына 68 сағат;

Оқу пәнінің вариативті бөлігі білім беру деңгейіне сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың шегінен тыс білім беру мазмұнын айқындайтын білім беру бағдарламасын даярлауға бағытталған, мектептің мүмкіндігін және білім алушылар мен ата-аналардың талап-тілектерін ескере отырып, мұғалімдер таңдау сабақтарын құрастырады. Мысалы, «Медициналық биология», «Экология негіздері», «Ноосфера», «Қазақстан қорықтары», «Қазақстанның қызыл кітабы», және т.б.

ІІ. ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

6 сынып

(аптасына 1,5 сағат, барлығы 51 сағат)
Кіріспе (2 сағат)

Биология - тіршілік туралы ғылым. Тірі организмдер: өсімдіктер, жануарлар олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Тірі организмдерге тән ортақ қасиеттер. Тірі организмдердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

Қазақстандық және шеттелдік биолог - ғалымдар.

Өсімдіктер мен жануарларды қорғау (Қызыл кітап, қорықтар мен қорықшалар және т.б.)

Өсімдіктер (25 сағат)

Жасуша. Өсімдік ұлпалары (3 сағат)

Жасуша –организм тіршілігі мен құрылысының ең кіші өлшем бірлігі. Жасушаның ашылу тарихы. Ұлғайтқыш құралдар.

Өсімдік жасушасының құрылысы. Өсімдік ұлпаларына жалпы сипаттама, олардың ерекшеліктері, түрлері және атқаратын қызметі.

Өсімдіктің вегетативтік (өсу) мүшелері (14 сағат)

Тамыр және тамыр жүйесі. Тамыр бөлімдері (аймақтары). Тамыр түр өзгерістері. Өсімдіктің топырақ арқылы (минералды) қоректенуі, оған қатысатын ұлпалар мен мүшелер.

Минералды және органикалық тыңайтқыштар, олардың қолданылуы.

Өркендер мен бүршіктер. Өркеннің құрылысы. Сабақтың құрылысы мен түрлері. Сабақ бойымен қоректік заттардың қозғалуы. Сабақтың түрөзгерістері.

Жапырақ. Жапырақтың сыртқы құрылысы. Жапырақтың формалары. Жай және күрделі жапырақтар. Жапырақтың жүйкеленуі. Жапырақтың сабақта орналасуы.

Жапырақта, өсімдіктерде органикалық заттардың түзілуі. Фотосинтез. Фотосинтезге қажетті жағдайлар. Өсімдіктердің ғарыштық рөлі. Жапырақтың суды буландыруы. Өсімдіктердің ылғал және құрғақ климатқа бейімделуі. Жапырақтың түр өзгерістері.

Өсімдіктердің вегетативтік көбеюі.

Өсімдіктердің көбею (генеративті) мүшелері (8 сағат)

Гүлдің құрылысы. Дара жынысты және қос жынысты гүлдер. Гүл формуласы. Гүлшоғырлар. Олардың биологиялық маңызы. Гүлшоғырлардың түрлері. Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану. Ұрықтану.

Жемістер. Құрғақ және шырынды жемістер.

Тұқым, оның құрылысы және құрамы. Қосжарнақты және даражарнақты тұқымдар. Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар. Өскіннің түзілуі.

Өсімдіктің тыныс алуы. Өттектің сіңірілуі және тасымалдануы, көмірқышқыл газының бөлінуі. Өсімдіктің тыныс алуына әртүрлі жағдайлардың әсері.

Көгалдандыру. Ағаштар мен бұталарды отырғызу мерзімі, әдістері.
Қорытынды (1 сағат)

Көрсетілімдер:Кестелер: өсімдік организмі мен жасушаларының құрылысы, өсімдіктердің көбею тәсілдері және таралуы. Сызбанұсқалар: біржасушалы, көпжасушалы өсімдіктердің құрылысы, өсімдік ұлпалары, өсімдіктердің тіршілік әрекеттері. Өсімдіктердің кеппешөптері, табиғи өсімдік түрлері. Муляждар, модельдер.
Лабораториялық жұмыстар:

№1.Ұлғайтқыш әйнектің және микроскоптың құрылысы, олармен жұмыс істеу тәсілі, микропрепараттар дайындау.

№2.Өсімдіктің жасушалық құрылысы (пияз қабықшасы, өңі және бөлме өсімдіктерінің жапырақ өңі).

№3-4.Өсімдік ұлпалары (түзуші, жабын, негізгі, өткізгіш және бөлім шығарушы ұлпалар).

№5.Кіндік және шашақ тамыр жүйесі.

№6.Тамыр бөлімдері.

№7.Сабақтың ішкі құрылысы.

№8.Ағаш діңінің көлденең кесіндісінен жылдық сақинасын қарау.

№9.Жерасты өркендердің түрөзгерісі. Тамырсабақ, түйнек, пиязшық.

№10.Жапырақтардың ішкі құрылысы.

№11.Бөлме өсімдіктерін қалемшелеу.

№12.Гүл құрылысы.

№13.Жай және гүлшоғырлар.

№14.Құрғақ және шырынды жемістер.

№15.Қосжарнақты және даражарнақты тұқымдардың құрылысын қарау.
Практикалық жұмыстар:

Көрнекті материалдарды дайындау үшін өсімдіктерді жинау ережелерімен танысу.

Оқу-тәжірибе үлескісіндегі өнімді жинау. Топыраққа тыңайтқыштарды енгізу арқылы күзгі дайындық жұмыстарын жүргізу. Тыңайтқыштардың артық мөлшерінің тірі организмдерге кері әсері. Өсімдік организмі үшін жеке тыңайтқыштардың (азотты, форсфорлы, калилі микроэлементтердің) маңызы. Күздік тұқымдарды себу. Көп жылдық мәдени және бөлме өсімдіктерін күту. Бөлме өсімдіктерін қалемшелеу. Оқу-тәжірибе үлескісінде өсімдіктерді вегетативті жолмен көбейту.
Топсеруен:

№1.Өсімдіктердің көптүрлілігімен, маусымдық өзгерістермен, өсімдіктің тіршілік жағдайларымен, жемістер мен тұқымдардың таралу әдістерімен танысу. Өсімдіктерді жылыжайлар мен көктемелерде өсірумен таныстыру.

№2.Табиғи қоректену ортасында өсімдіктер мен өсімдік бірлестіктерін зерттеу.
Фенологиялық бақылау.

Табиғатты бақылауды ұйымдастыру. Табиғатта жүргізілген бақылаулар мен тәжірибелердің нәтижелерін күнделікті күнтізбеге белгілеу.
Жануарлар (22 сағат)

Жануарлар организмінің ерекшеліктері (1 сағат)

Жануарлардың тіршілік ортасы туралы жалпы ұғым. Жануарлардың қоршаған ортаға бейімделуі.

Біржасушалы жануарлар немесе қарапайымдар (3 сағат)

Біржасушалы жануарлардың таралуы мен мекен ортасы, олардың көптүрлілігі және жіктелуі. Жалғанаяқтылар (амеба, арцелла), талшықтылар

(жасыл эвглена, вольвокс), кірпікшелілер (кірпікшелі кебісше). Біржасушалы жануарлар құрылысы, тіршілік әрекеті (қозғалуы, қоректенуі, тыныс алуы, көбеюі және дамуы). Табиғаттағы және адам өміріндегі қарапайымдылардың маңызы.

Көпжасушалы жануарлар (13 сағат)

Жануарлар жасушасы. Ұлпалардың түрлері. Мүше және мүшелер жүйесі, организм.

Көпжасушалы жануарлардың құрылысы мен тіршілігі.

Қоректену. Көпжасушалы жануарлар үшін қоректік заттар – құрылыс материалы және энергия көзі.

Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың ас қорыту, тыныс алу, зәр шығару жүйелері.

Көпжасушалы жануарлардағы қан, лимфа және қан айналым жүйесі.

Қан, оның құрамы, қызметі. Қан клеткалары. Лимфа. Антиденелер. Иммунитет туралы түсінік. Табиғи және жасанды иммунитет. Омыртқасыз жануарлардың қан айналым жүйесі. Ашық қан айналым жүйесі. Тұйық қан айналым жүйесі.

Омыртқалы жануарлардың (балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер өкілдері мысалында) қан айналым жүйесі. Жүрек, оның құрылысы, қызметі. Артерия, вена қантамырлары: қылтамырлар. Үлкен қан айналым шеңбері. Кіші қан айналым шеңбері.

Көп жасушалы жануарлардың қозғалуы.

Тірек – қимыл жүйесі. Қозғалудың маңызы. Омыртқасыз жануарлардың қозғалуы (гидра, өзен шаяны, өрмекші, шұбалшаң, жүзім бөгет ұлуы, кальмар).

Омыртқалы жануарлардың (балық, бақа, жылан, құс, ит) қозғалуы. Тірек-қимыл жүйесінің құрылысы, қызметі.

Көпжасушалы жануарлардың көбеюі мен жеке дамуы.

Көбеюдің биологиялық мәні, маңызы, түрлері: жыныссыз және жынысты көбею.

Жыныс клеткалары, олардың құрылысы мен қызметі. Ұрықтану. Жануарлардың жеке дамуы (дамудың жалпы заңдылықтары және оларға мысалдар).

Даражынысты жануарлар және қосжыныстылық (гермофродитизм).

Омыртқасыз жануарлардың көбеюі (тұщы су гидрасы, шұбалшаң, өрмекші).

Бунақденелілердің толық түрленіп дамуы (көбелек мысалында). Шала түрленіп даму (шегіртке, таракан, инелік мысалында). Түрленіп дамудың түр сақталуындағы маңызы.

Омыртқалы жануарлардың көбею ерекшеліктері (балық, бақа, құс). Жұмыртқа жасуша – аналық жыныс жасушасы. Спераматозоид-аталық жыныс жасушасы. Ұрықтану. Ұрық.

Уылдырық шашу. Балықтардың өрістеуі. Кесірткенің, жыланның, тасбақаның жұмыртқа салуы. Құстардың жұмыртқа салуы. Балапан түрлері (ширақ және қызылшақа). Құстардың балапандарға қамқорлығы. Сүтқоректілердің даму ерекшеліктері. Организмдердің жеке дамуы, тіршілік ету мерзімі (жасы).

Жануарлардың мінез-құлығы (5 сағат)

Мінез-құлық және жүйке жүйесі. Омыртқасыз жануарлардың жүйке жүйесі (гидра, шұбалшаң мысалында). Жүйке түйіндері: нейромотор талшығы жүйке торлары. Организмнің тітіркенгіштігі, рефлекс туралы түсінік.

Омыртқалы жануарлардың жүйке жүйесі.

Балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер миының негізгі бөлімдері, олардың біртіндеп күрделенуі.

Жүйке жүйесі және сезім мүшелері. Жүйке жүйесінің құрылысы мен дамуы. Мінез-құлықтық ерекшеліктері (балапандарға «қамқорлық»). Қоғамдық бунақденелілер: ара, түкті ара, құмырсқа («еңбек бөлінісі», «тілдік қарым-қатынас»). Инстинкт. Шартты және шарттсыз рефлекстердің өзара үйлесімі. Қоныс аудару – түрді сақтауға бейімділік. Жануарлардың мінез-құлығы туралы білімді практикада қолдану.

Қорытынды (1 сағат)
Лабораториялық жұмыстар:
№1. Біржасушалы жануарлардың (кірпікшелі кебісше) дене пішінін, қозғалуын, тітіркенгіштігін микроскоппен немесе тұтқалы ұлғайтқыш қол әйнекпен бақылау, зерттеу.

№2. Кәдімгі тұщы су гидрасының сыртқы құрылысын, қозғалуын, қоректенуін, және тітіркенгіштігін бақылау, зерттеу.

№3. Шұбалшаң, тоспа ұлуы, бақ ұлуының сыртқы құрылысын (денесінің сақиналы болуын, ылғалды, кілегейлі шырышпен, бақалшақпен қапталуын, қозғалуын) зерттеу. Тоспа ұлуының су бетіне көтеріліп, мантия саңылауын ашуын бақылау, зерттеу.

№4. Аквариум балықтарының дене пішінін, жүзбе қанаттарының орналасуын, жүзуін, қоректенуін, шартты рефлексін бақылау, зерделеу.

№5. Сүтқоректілер мен құстардың сыртқы құрылысын зерттеу олардың қаңқа құрылысымен танысу.

Практикалық жұмыстар:
Қарапайымдарды қоректік ортада өсіру (кірпікшелі кебісше, тұщы су гидрасы).

Тірі табиғат бұрышындағы жануарларды күтіп-бағу (жем әзірлеу, тұрған орнын тазалау, күту).
Көрсетілімдер: Кестелер: Жануарлар жасушасының құрылысы, ұлпалардың түрлері; жасушалы және көпжасушалы жануарлардың құрылысы. Сызбанұсқалар: жануарлардың асқорытуы, тыныс алуы, қозғалуы, көбеюі және дамуы; жануарлар анотомиясы, физиологиясы, экологиясы туралы , диафильмдер, кинофильмдер; жануарлардың ылғалды препараттары, тұлыптар және нақ пішіндер.
Топсеруен:

1.Жылдың әртүрлі мезгіліндегі құмырсқа илеуіндегі тіршілікті бақылау (орналасқан жері, ұзындығы, биіктігі, кіруі, шығуы). Құмырсқа түрлері: жұмысшы, күзетші. Құмырсқа илеуінде кездесетін басқа жәндіктер.

2.Аралардың тіршілік әрекетін (көктемде, жазда, күзде) бақылау.

3.Жыл құстарын бақылау (құстардың үйірге жиналуы, ұшуға дайындық), олардың топтасып ұшуы
Жазғы тапсырма:

«Өсімдік» бөлімі бойынша:

1.Өсімдіктердің өсуі мен дамуын бақылау:

- өсімдіктердің өсуін бақылау;

- өсімдіктердің даму фазаларын анықтау.

2.Бақылау жүргізу және тәжірибе жасау:

- картоп түйнектерін көзшелері арқылы көбейту;

- өсімдіктерді қалемшелеу;

- өсімдіктердің өсуі мен дамуына тыңайтқыштардың әсері.

3.Өсімдіктерді қорғау іс-шараларына қатысу: көшет отырғызу, өсіру, оларды күту.
«Жануар» бөлімі бойынша:

1.Жануарларға:

- Ылғалды топырақтағы жауын құрттарына;

- Қоңыздардың жергілікті түрлеріне (май қоңызы, қоқыс қоңызы, қанқыз);

- Құмырсқа илеуіне;

- Жергілікті жыл құстарына;

- Үй жануарларына және т.б. бақылау жасау.

2.Жануарларды қорғау іс-шараларына, тірі табиғат бұрышындағы жануарларды күтіп-баптау жұмыстарына қатысу.
  1   2   3   4

Похожие:

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан респуликасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан респуликасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы алгебра оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы химия оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница