Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы




Скачать 449.38 Kb.
НазваниеҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы
страница2/4
Дата конвертации20.11.2012
Размер449.38 Kb.
ТипДокументы
1   2   3   4

7 сынып

Тірі организмдердің көптүрлігі

(Барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағат)
Кіріспе (2 сағат)

Органикалық дүние патшалығына жалпы сипаттама (бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар).

Прокариоттар және эукариоттар. Жүйелеу пәні, оның міндеттері. Жүйелеу ғылымының негізін салушылар. Жүйелік топтар. Түрлердің көптүрлілігі – бірлестік тұрақтылығының кепілі және табиғат құндылығы. Табиғаттағы түрлердің көптүрлілігін қорғау.

Бактериялар, вирустар және саңырауқұлақтар (7 сағат)

Бактериялар патшалығы (3 сағат)

Бактериялардың, олардың құрылысы және тіршілік әрекеттері. Бактериялардың биологиялық ерекшеліктері. Бактериялардың көбеюі. Бактериялардың жіктелуі. Бактериялар: фотосинтетиктер, селбесушілер, паразиттер, сапрофиттер. Бактериялардың табиғаттағы және адам өміріндегі және биосферадағы рөлі. Бактерияларды биотехнологияларда пайдалану. Ауру тудыратын бактериялар, олармен күресу жолдары. Бактериялардың пайда болу туралы болжамдар. Цианобактериялар (көк-жасыл балдырлар), олардың құрылысы және тіршілік әрекеттері. Азотфиксациялаушы, селбесуші, цианобактериялар. Цианобактериялардың экологиясы. Цианобактериялардың маңызы.

Көрсетілім. Бактериялардың жіктелуінің, бактерияның қатысуымен қоректену тізбегінің; табиғаттағы зат алмасудың сызбанұсқалары.

Зертханалық жұмыс.

№1. Бактерияларды сүттен жасалған тағамдардан (айран, қатық, қаймақ) немесе қияр мен орамжапырақтың тұздығынан және алдын ала дайындалған пішен таяқшаларынан қарау.

Вирустар (1 сағат)

Вирустардың биологиясы. Вирустардың құрылысы мен көбеюі. Вирустардың көптүрлілігі.Ауру тудыратын вирустар. Өсімдіктердің вирустық аурулары. Вирустың шығу тарихы.

Саңырауқұлақтар патшалығы ( 3 сағат)

Саңырауқұлақтар. Саңырауқұлақтардың биологиясы. Саңырауқұлақтардың көбеюі. Төменгі және жоғары сатыдағы саңырауқұлақтар. Саңырауқұлақтардың жіктелуі. Саңырауқұлақтардың негізгі топтары: зигоспоралы, аскомицеттер, базидиомицеттер. Олардың құрылысы мен тіршілік ерекшеліктері. Зең саңырауқұлақтары және ашытқылар. Паразитті саңырауқұлақтар. Қалпақшалы саңырауқұлақтар. Патогендік саңырауқұлақтар. Паразит саңырауқұлақтардан өсімдіктерді қорғау әдістері. Биотехнологияларда саңырауқұлақтарды пайдалану. Саңырауқұлақтардың дәрілік қасиеті. Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар. Саңырауқұлақтардан уланудың алдын алу. Саңырауқұлақтарды қорғау. Саңырауқұлақтар эволюциясы.
Көрсетілімдер:

«Саңырауқұлақтардың құрылысы және тіршілік ерекшеліктері» кестесі, оқу фильмдері. Саңырауқұлақтардың нақпішіндері, жемісті және қалпақшалы саңырауқұлақтардың табиғи нысандары.
Зертханалық жұмыстар:

№1.Зең және ашытқы саңырауқұлақтың құрылысын микроскоппен зерттеу.

№2.Қалпақшалы саңырауқұлақтың құрылысымен танысу. Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарды анықтау.
Практикалық жұмыстар:

Ауылшаруашылық егістерді паразит саңырауқұлақтардан қорғау әдістерін білуге және саңырауқұлақтарды дұрыс жинауға үйрету;

Жергілікті жерде өсетін саңырауқұлақтар түрлерімен және олардың табиғаттағы және адамдардың шаруашылық іс-әрекетіндегі рөлімен танысу мақсатында табиғатқа топсеруенге шығу.
Өсімдіктердің көптүрлілігі (өсімдіктер патшалығы) (24 сағат)

Өсімдіктердің жалпы сипаттамасы (1 сағат)

Өсімдіктердің көптүрлілігі. Өсімдік организмінің дамуы. Автотрофты организмдер. Өсімдіктердің жіктелуі. Өсімдіктердің шығу тегі. Өсімдіктердің биосферадағы және экожүйедегі рөлі. Өсімдіктерді қорғау.

Төменгі сатыдағы өсімдіктер ( 4 сағат)

Балдырлар (3 сағат)

Балдырлардың жалпы сипаттамасы. Балдырлардың құрылыс ерекшеліктері, қоректенуі, көбеюі. Балдырлардың жіктелу принциптері. Жасыл балдырлар бөлімі. Біржасушалы балдырлар және олардың өкілдері. Көпжасушалы балдырлар. Қызыл және қоңыр балдырлар. Балдырлардың жасанды себінділері. Балдырлардың табиғаттағы және ауыл шаруашылығындағы маңызы.

Қыналар (1 сағат)

Қыналардың сыртқы және ішкі құрылысы, көбеюі. Қыналар – селбесуші организмдер. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің экожүйедегі рөлі, олардың биотехнологияда, өндірісте және медицинада қолданылуы.

Жоғары сатыдағы өсімдіктер (19 сағат)

Жоғары сатыдағы өсімдіктердің көптүрлілігі (1 сағат)

Жоғары сатыдағы өсімдіктердің негізгі белгілері. Экожүйедегі жоғары сатыдағы өсімдіктердің рөлі, олардың практикалық маңызы. Өсімдіктердің көптүрлілігін қорғау.

Мүк тәрізділер (2 сағат)

Мүктердің құрылысы және тіршілік ерекшеліктері. Мүктердің көптүрлілігі. Олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.
Қырықбуынтәрізділер, плаунтәрізділер, папоротниктәрізілер

(2 сағат)

Қырықбуындардың, плаундардың (сушырмауықтардың) құрылысы және тіршілік ерекшеліктері. Қырықбуындар мен плаундардың өкілдері. Олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Папоротник тәрізілердің өкілдері, олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

Жалаңаштұқымдылар (1 сағат)

Жалаңаштұқымдылардың құрылысы және тіршілік ерекшеліктері. Жалаңаштұқымдылардың өкілдері (шырша, қарағай, майқарағай, балқарағай). Олардың шығу тегі, табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы. Қазақстанның сирек кездесетін және жойылып бара жатқан қылқанды өсімдіктері. Оларды қорғау.

Жабықтұқымды (гүлді) өсімдіктер (1 сағат)

Жабықтұқымды өсімдіктердің жалпы сипаттамасы. Жабықтұқымды өсімдіктердің көптүрлілігі. Қазақстанда сирек кездесетін және жойылып бара жатқан гүлді өсімдіктерге сипаттама, оларды қорғау.

Даражарнақты өсімдіктер ( 2 сағат)

Астықтұқымдастар. Лалагүлділер. Олардың өкілдері.

Қосжарнақты өсімдіктер (7 сағат)

Кретгүлділер, раушангүлділер, бұршақтұқымдастар, күрделігүлділер, бұршақ, құлқайыр гүлділер, асқабақтар, алқалылар, асирагүлділер тұқымдастары.

Өсімдік эволюциясының негізгі кезеңдері. Мәдени өсімдіктер

(3 сағат)

Мәдени өсімдіктердің көптүрлілігі. Дәнді, майлы, техникалық дақылдар, дәрілік өсімдіктер, жеміс-жидектер, көкөністер. Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары. Мәдени өсімдіктерді көбейту және өсіру жағдайлары.
Көрсетілімдер:

Өсімдіктердің кеппе шөптері, слайдтар, диафильмдер, оқу фильмдері, макеттер, муляждар, өсімдік және өсімдік ұлпаларының микро препараттары.
Лабораториялық жұмыстар:

№1.Біржасушалы және көпжасушалы жіп тәрізді балдырларды микроскоп көмегімен қарап зерделеу.

№2.Жасыл мүк, қырықбуын, және папоротниктің құрылысымен танысу.

№3.Қылқан жапырақты өсімдіктердің (жергілікті өкілдер мысалында) қылқаны мен бүрінің құрылысымен танысу.

№4.Өсімдік түрлерін екі үш өкілі мысалында құрылысына тән белгілерді анықтау.Анықтауышпен жұмыс істеп үйрену.

№5.Бір үйлі және екі үйлі өсімдіктердің құрылысын (кеппе шөпке қарап) салыстыру.

№ 6. Жергілікті мәдени өсімдіктер мен дәрілік өсімдіктерді анықтау.
Практикалық жұмыстар:

Мектеп жанындағы оқу-тәжірибелік үлескісіндегі өсімдіктерді бақылау. Бөлме өсімдіктерін күтіп баптау. Өсімдіктерді отырғызу.
Топсеруен:

Өсімдіктер мен өсімдіктер бірлестігін табиғи жағдайда зерттеу. Туған өлкедегі өсімдік түрлерімен танысу. Қоршаған орта факторларының өсімдіктер бірлестігіне тигізетін әсерін зерттеу. Жылыжайларда өсетін өсімдіктердің өсіру әдістерімен танысу.
Жануарлар патшалығы (34 сағат)

Жануарлар патшалығына жалпы сипаттама (1 сағат)
Жануарлардың құрылысы мен тіршілік әрекетінің ерекшеліктері, олардың басқа тірі организмдерден айырмашылығы. Жануарлардың биосферадағы рөлі. Жануарлардың жіктелуі: біржасушалы және көпжасушалы, омыртқасыздар және омыртқалы жануарлар. Жануарлардың шығу тегі.
Омыртқасыз жануарлар (13 сағат)

Біржасушалы немесе Қарапайымдар патшалығы ( 2 сағат)
Біржасушалы жануарларға жалпы сипаттама. Біржасушалы жануарларды жүйелеу. Қарапайымдар типі: саркоталшықтылар, инфузориялар, споровиктер. Қарапайымдардың құрылыс ерекшеліктері, мекен ортасы, тіршілік әрекеттері, қоректенуі, көбеюі. Олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

Көржасушалы организмдер патшалық тармағы (1 сағат)

Көпжасушалы жануарлардың жалпы сипаттамасы. Көпжасушалы организмдердің жүйеленуі.
Ішекқуыстылар типі (2 сағат)

Ішекқуыстыладың өкілдері: гидралар, сцифоидтер, полиптер. Олардың негізгі ерекшеліктері, олардың көптүрлілігі, биосферадағы және экожүйедегі рөлі.

Жалпақ құрттар типі (1 сағат)

Жалпақ құрттадың өкілдері, олардың көптүрлілігі: кірпікшелі құрттар, сорғыш құрттар және таспа құрттар.
Жұмыр құрттар типі (Нематодтар) (1 сағат)

Жұмыр құрттардың өкілдері: ақ сұлама, острица, трихинелла, филлярия. Жұмыр құрттардың құрылысы, тіршілік әрекеті, көбеюі және дамуы.

Буылтық құрттар типі (1 сағат)

Сақиналы құрттадың негізгі өкілдері: азқылтанды және көпқылтанды құрттар, сүліктер.
Моллюскалар типі: Моллюскалардың негізгі өкілдері: бауыраяқтылар, қосжақтаулылар және басяқтылар. Моллюскалардың экологиясы, олардың табиғаттағы рөлі.
Буынақтылар типі (2 сағат)

Буынақтылардың көптүрлілігі: шаянтәрізділер, өрмекшітәрізділер, жәндіктер. Буынаяқтылардың тіршілік ортасына бейімделуі. Олардың көбеюі, дамуы. Буынақтылардың экологиясы, олардың табиғаттағы рөлі.
Тікентерілер типі (1 сағат)

Тікентерілерінің құрылысы және тіршілік ерекшеліктері. Тікен терілерінің көптүрлігі: теңіз жұлдыздары, теңіз кірпілері, голотуриялар. Тікентерілерінің экологиясы, олардың табиғаттағы рөлі.
Хордалылар (Омыртқалылар) типі (20 сағат)

Хордалыларға жалпы сипаттама (1 сағат)
Хордалы жануарлардың жіктемесі. Бассүйексіздер, қабықтылар және омыртқалылар типтері. Ланцетниктің құрылысы, тіршілік ерекшеліктері және шығу тегі. Омыртқалы жануарлардың табиғаттағы рөлі.
Балықтар класы (2 сағат)

Шеміршекті және сүйекті балықтар. Балықтардың құрылысы, тіршілік ерекшеліктері, көбеюі және дамуы.

Шеміршекті балықтар. Шеміршекті балықтардың өкілдері: акулалар, скаттар, химералар.

Сүйекті балықтар Сүйекті балықтардың жүйеленуі. Сүйекті балықтардың негізгі кластары: шеміршекті-сүйекті, қостынысты, саусаққанатты және сәулеқанатты балықтар. Балықтардың экологиясы, олардың табиғаттағы рөлі. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан балықтарды қорғау.
Қосмекенділер класы (2 сағат)

Қосмекенділердің құрылысы, тіршілік ерекшеліктері, көбеюі және дамуы. Қосмекенділердің көптүрлігі: аяқсыз, құйрықты және құйрықсыз. Қосмекенділердің шығу тегі, олардың табиғаттағы рөлі. Қосмекенділердің экологиясы. Қазақстанда таралған қосмекенділерге сипаттама. Қазақстанда сирек кездесетін және жойылып бара жатқан қосмекенділерін қорғау.
Бауырымен жорғалаушылар класы (2 сағат)

Бауырымен жорғалаушылардың құрылысы, тіршілік ерекшеліктері, көбеюі және дамуы. Бауырымен жорғалаушылардың өкілдері: қабыршақтылар (жыландар, кесірткелер, хамелеондар), қолтырауындар (қолтырауындар және аллигаторлар), тасбақалар және тұмсықбастылар (гаттерия). Бауырымен жорғалаушылардың экологиясы. Қазақстанда сирек кездесетін және жойылып бара жатқан бауырымен жорғалаушыларды қорғау.
Құстар класы (3 сағат)

Құстардың құрылысы, тіршілік ерекшеліктері, көбеюі және дамуы. Құстардың экологиясы мен көптүрлігі: дала және шөл құстары, су және су жағасы құстары, батпақ құстары, күндізгі және түнгі жыртқыш құстар. Орман құстары, жер беті құстары және қырсыз төстілер, пингвиндер, жыл құстары. Құстардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Құстар экологиясы. Қазақстанда сирек кездесетін және жойылып бара жатқан құстарды қорғау. Құс шаруашылығы - мал шаруашылығының бір саласы. Үй құстарының негізгі тұқымдары.
Сүтқоректілер класы (5 сағат)

Сүтқоректілерге жалпы сипаттама. Сүтқоректілердің құрылысы және тіршілік ерекшеліктері. Сүтқоректілердің көбеюі және дамуы. Сүтқоректілердің экологиялық топтары: жер беті, жер асты, су және ұшқыш сүтқоректілері. Жыртқыштар, жұптұяқтылар, тақтұяқтылар, кемірушілер, қолқанаттылар, ескекаяқтылар. Сүтқоректілердің шығу тегі. Сүтқоректілердің экологиясы. Қазақстанда сирек кездесетін және жойылып бара жатқан сүтқоректілерді қорғау.
Үй және ауылшаруашылық жануарлары (5 сағат)

Үй жануарларының шығу тегі. Үй жануарларының қолға үйрету орталықтары. Жануарлар селекциясының әдістері. Үй жануарларының көптүрлілігі.

Қой шаруашылығы және оның салалары. Қазақстандағы қой шаруашылығының негізгі бағыттары. Қазақстанда өсірілетін негізгі қой қолтұқымдары.

Жылқы шаруашылығы. Қазақстанда өсірілетін жылқы қолтұқымдары.

Түйе шаруашылығы. Қазақстанда өсірілетін түйе қолтұқымдары: қазақ, қалмақ монғол.

Мал шаруашылығы. Қазақстанда өсірілетін негізгі ірі мал қолтұқымдары.

Мал шаруашылығының салалары; омарта, жібек көбелегін, үй қоянын, бұғы, шошқа және терісі бағалы аң өсіру шаруащылықтары.

Қорытынды (1 сағат)
Көрсетілімдер:

Қарапайымдардың, ішекқуыстылардың, құрттардың, моллюскалардың, балықтардың, қосмекенділердің, бауырымен жорғалаушылардың, құстардың, сүтқоректілердің суреттері. Шаяндардың, өрмекшітәрізділердің, жәндіктердің ылғалды препараттары. Жәндіктердің коллекциялары. Муляждар, моделдер, ылғалды препараттар, микропрепараттар, слайдтар, оқу фильмдері т.б.

Зертханалық жұмыстар:

№1.Кірпікшелі кебісшенің құрылысы мен қозғалуы.

№2.Тұщы су гидрасының сыртқы құрылысы, тітіркендіргіштігі, қозғалуы.

№ 3. Шұбалшаңның сыртқы құрылысы.

№ 4. Ұлулардың сыртқы құрылысы.

№ 5. Өзен шаянының және жәндіктердің сыртқы құрылысы.

№ 6. Балықтардың сыртқы құрылысы.

№ 7. Бақаның сыртқы құрылысы және қаңқасы.

№8. Құстардың сыртқы құрылысы мен қаңқасы.

№9. Сүтқоректілердің құрылысы мен қаңқасы.
Практикалық жұмыстар:

Әртүрлі жануарлардың сыртқы құрылысына қарап түрін анықтау. Тірі табиғат бұрышындағы жануарлардың тіршілігіне бақылау жасау. Оларды күтіп-баптау. Жануарларды қорғау шараларын жүргізу.
Топсеруен:

Жануарлардың алуантүрлігін, олардың бірлестіктердегі тірі организмдермен және қоршаған ортамен байланысын, маусымдық құбылыстардың тіршілікке әсерін зерттеу үшін табиғатқа, ұлттық саябаққа, қорықтарға, қорықшаларға және өлкетану мұражайларына топсеруен.
Жазғы тапсырмалар:

1.Жергілікті өсімдіктерге фенологиялық бақылау.

2.Жергілікті өсімдіктердің түрлерін анықтау.

3.Әр топ өсімдіктерінің кеппе шөптерін жасау.

4.Бақылау күнделігін жасау.

5.Құмырсқалардың, аралардың және т.б. топтарындағы тіршілігін бақылау.

6.Балықтардың, қосмекенділердің аквариумдағы және табиғи сулардағы көбеюі мен өсуін бақылау.

7.Құстардың табиғи бірлестіктердегі тіршілігін бақылау.

8.Үй және жабайы жануарлардың мінез-құлқын бақылау.
8 сынып
Адам және оның денсаулығы

(Барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағат)
Кіріспе (2 сағат)

Адам организмінің қызметі мен құрылысын оқытудың әдістері. Анатомия мен физиология ғылымдарының қысқаша тарихы. Салауатты өмір сүру туралы ұғым. Адамның тірі ағзалар жүйесінде алатын орны. Адамның шығу тегі мен тарихи даму кезеңдері. Адамның әлеуметтік тұлға ретіндегі ерекшеліктері. Кемел адам және оның денсаулығы. Денсаулық - адам өмірінің басты көрсеткіші. Адам табиғатын зерттейтін ғылымдардың кіріктірілуі. Гуманистика ғылымы туралы қазіргі көзқарастар.
Адам – биологиялық түр ретінде (58 сағат).

Адам ағзасының құрылысы мен қызметіне жалпы шолу (6 сағат)
Адам организмінің жасушалық құрылысы. Жасуша органоидтары. Жасушаның химиялық құрамы. Адам организміндегі ұлпалар: эпительиалды, дәнекер, жүйке, бұлшық ет. Ұлпалардың құрылысы мен қызметі. Ұлпаларға тән ерекшеліктер. Мүшелер және мүшелер жүйесі. Адам ағзасының біртұтастығы, биологиялық жүйе.
1   2   3   4

Похожие:

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан респуликасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан респуликасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы алгебра оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы химия оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница